Об утверждении Правил осуществления взаимодействия администратора с уполномоченным органом и иными лицами электронным способом

Приказ Первого заместителя Премьер-Министра Республики Казахстан – Министра финансов Республики Казахстан от 29 апреля 2020 года № 432. Зарегистрирован в Министерстве юстиции Республики Казахстан 30 апреля 2020 года № 20534.

      В соответствии с пунктом 13 статьи 12 Закона Республики Казахстан от 7 марта 2014 года "О реабилитации и банкротстве" ПРИКАЗЫВАЮ:

      1. Утвердить прилагаемые Правила осуществления взаимодействия администратора с уполномоченным органом и иными лицами электронным способом.

      2. Признать утратившими силу:

      1) приказ Заместителя Премьер-Министра Республики Казахстан – Министра финансов Республики Казахстан от 6 мая 2014 года № 208 "Об утверждении Правил участия временного администратора, реабилитационного, временного и банкротного управляющих электронным способом в процедурах реабилитации и банкротства" (зарегистрирован в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов под № 9482, опубликован 2 июля 2014 года в информационно-правовой системе "Әділет");

      2) приказ Министра финансов Республики Казахстан от 5 марта 2015 года № 155 "О внесении изменений в некоторые приказы Заместителя Премьер -Министра Республики Казахстан – Министра финансов Республики Казахстан" (зарегистрирован в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов под № 10689, опубликован 4 мая 2015 года в информационно-правовой системе "Әділет").

      3. Комитету государственных доходов Министерства финансов Республики Казахстан в установленном законодательством порядке обеспечить:

      1) государственную регистрацию настоящего приказа в Министерстве юстиции Республики Казахстан;

      2) размещение настоящего приказа на интернет-ресурсе Министерства финансов Республики Казахстан;

      3) в течение десяти рабочих дней после государственной регистрации настоящего приказа в Министерстве юстиции Республики Казахстан представление в Департамент юридической службы Министерства финансов Республики Казахстан сведений об исполнении мероприятий, предусмотренных подпунктами 1) и 2) настоящего пункта.

      4. Настоящий приказ вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Первый Заместитель Премьер-Министра
Республики Казахстан-Министр финансов
А. Смаилов

  Приложение
к приказу Первого Заместителя
Премьер-Министра Республики
Казахстан-Министра финансов
Республики Казахстан
от 29 апреля 2020 года № 432

Правила осуществления взаимодействия администратора с уполномоченным органом и иными лицами электронным способом

Глава 1. Общие положения

      1. Настоящие Правила осуществления взаимодействия администратора с уполномоченным органом и иными лицами электронным способом (далее – Правила) разработаны в соответствии с пунктом 13 статьи 12 Закона Республики Казахстан от 7 марта 2014 года "О реабилитации и банкротстве" (далее – Закон) и определяют порядок осуществления взаимодействия администратора с уполномоченным органом и иными лицами электронным способом.

      2. В настоящих Правилах используются основные понятия:

      1) информационно-коммуникационная сеть – совокупность технических и аппаратно-программных средств обеспечения взаимодействия между информационными системами или между составляющими, а также передачи информационных ресурсов;

      2) информационная система – система уполномоченного органа, предназначенная для хранения, сбора, обработки, поиска, распространения, передачи и предоставления информации с применением аппаратно-программного комплекса;

      3) личный кабинет – автоматизированное рабочее место пользователя системы;

      4) пользователь системы – временный администратор, реабилитационный, временный и банкротный управляющие, участвующие в процессах сбора, обработки, хранения, передачи, предоставления, поиска и распространения электронных документов;

      5) электронный документ – документ, в котором информация (сведения) предоставлена в электронно-цифровой форме и удостоверена посредством электронной цифровой подписи;

      6) электронная цифровая подпись – набор электронных цифровых символов, созданный средствами электронной цифровой подписи и подтверждающий достоверность электронного документа, его принадлежность и неизменность содержания.

Глава 2. Порядок осуществления взаимодействия пользователя в реабилитационной процедуре и процедуре банкротства электронным способом

      3. Взаимодействие пользователя с уполномоченным органом и иными лицами электронным способом осуществляется посредством информационной системы через личный кабинет пользователя.

      4. Пользователь для получения доступа к личному кабинету получает электронную цифровую подпись (далее – ЭЦП) в соответствии с Законом Республики Казахстан от 7 января 2003 года "Об электронном документе и электронной цифровой подписи".

      5. После получения доступа пользователь направляет запрос в уполномоченный орган и получает от него информацию (сведения), касающуюся проведения реабилитационной процедуры и процедуры банкротства в форме электронных документов.

      6. Электронные документы пользователем представляются в уполномоченный орган по информационно-коммуникационной сети не позднее четырех часов последнего дня срока, установленного Законом для их сдачи.

      7. Уполномоченный орган с момента принятия информационной системой электронных документов незамедлительно направляет пользователю электронное уведомление о принятии или непринятии информации (сведения).

      8. К функциям уполномоченного органа относится принятие и обработка электронного документа от пользователя, подписанного ЭЦП.

      9. Пользователь:

      1) представляет в уполномоченный орган электронные документы;

      2) обеспечивает безопасность своего рабочего места, с которого производится обмен электронными документами;

      3) обеспечивает сохранность личного закрытого ключа ЭЦП, принимает все возможные меры для предотвращения его утери, раскрытия, искажения и несанкционированного использования;

      4) в течение одного рабочего дня уведомляет уполномоченный орган обо всех случаях и подозрениях несанкционированного использования или искажения своего закрытого ключа ЭЦП.

Глава 3. Заключительные положения

      10. Программное обеспечение для составления и представления информации (сведений) электронным способом и обновление данного программного обеспечения размещаются бесплатно на интернет-ресурсе уполномоченного органа на постоянной основе не позднее, чем за двадцать пять рабочих дней до наступления срока представления информации (сведений).

      Программное обеспечение представляется с приложением инструктивного материала по его установке.

      11. Материально-техническое обеспечение пользователем осуществляется самостоятельно.

      12. До создания информационной системы пользователем информация (сведения) о ходе проведения представляется в уполномоченный орган и иным лицам в порядке, установленном Законом.

Әкімшінің уәкілетті органмен және өзге де тұлғалармен өзара іс-қимылды электрондық тәсілмен жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Бірінші орынбасары - Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2020 жылғы 29 сәуірдегі № 432 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2020 жылғы 30 сәуірде № 20534 болып тіркелді.

      "Оңалту және банкроттық туралы" 2014 жылғы 7 наурыздағы Қазақстан Республикасы Заңының 12-бабының 13-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған Әкімшінің уәкілетті органмен және өзге де тұлғалармен өзара іс-қимылды электрондық тәсілмен жүзеге асыру қағидалары бекітілсін.

      2. Мыналардың:

      1) "Оңалту және банкроттық рәсімдерінде уақытша әкімшінің, оңалтуды, уақытша және банкроттықты басқарушылардың электрондық тәсіл арқылы қатысу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2014 жылғы 6 мамырдағы № 208 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9482 тіркелген, 2014 жылғы 2 шілдеде "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған);

      2) "Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Орынбасары - Қазақстан Республикасының Қаржы министрінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 5 наурыздағы № 155 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10689 тіркелген, 2015 жылғы 4 мамырда "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.

      3. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;

      3) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
Бірінші Орынбасары -
Қаржы министрі
А. Смаилов

  Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
Бірінші орынбасары -
Қаржы министрінің
2020 жылғы 29 сәуірдегі № 432
бұйрығына қосымша

Әкімшінің уәкілетті органмен және өзге де тұлғалармен өзара іс-қимылды электрондық тәсілмен жүзеге асыру қағидалары

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Әкімшінің уәкілетті органмен және өзге де тұлғалармен өзара іс - қимылын электрондық тәсілмен жүзеге асыру қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) "Оңалту және банкроттық туралы" Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 7 наурыздағы Заңы (бұдан әрі - Заң) 12-бабының 13-тармағына сәйкес әзірленген және әкімшінің уәкілетті органмен және өзге де тұлғалармен өзара іс-қимылды электрондық тәсілмен жүзеге асыру тәртібін айқындайды.

      2. Осы Қағидаларда негізгі ұғымдар пайдаланылады:

      1) ақпараттық- коммуникациялық желі - ақпараттық жүйелер арасындағы немесе құрамдастар арасындағы өзара іс-қимылды, сондай-ақ ақпараттық ресурстарды беруді қамтамасыз етудің техникалық және аппараттық-бағдарламалық құралдарының жиынтығы;

      2) ақпараттық жүйе - аппараттық-бағдарламалық кешенді қолдана отырып, ақпаратты сақтауға, жинау, өңдеуге, іздестіруге, таратуға, беруге және ұсынуға арналған уәкілетті органның жүйесі;

      3) жеке кабинет - жүйені пайдаланушының автоматтандырылған жұмыс орны;

      4) жүйені пайдаланушы - электрондық құжаттарды жинау, өңдеу, сақтау, беру, ұсыну, іздеу және тарату процестеріне қатысатын уақытша әкімші, оңалтуды, уақытша және банкроттықты басқарушылар;

      5) электрондық құжат - ақпарат (мәліметтер) электрондық-цифрлық нысанда берілген және электрондық цифрлық қолтаңба арқылы куәландырылған құжат;

      6) электрондық цифрлық қолтаңба - электрондық цифрлық қолтаңба құралдарымен жасалған және электрондық құжаттың дұрыстығын, оның тиесілілігін және мазмұнының өзгермейтіндігін растайтын электрондық цифрлық нышандар терімі.

2- тарау. Оңалту және банкроттық рәсімдеріне пайдаланушының электрондық тәсілмен өзара іс-қимылды жүзеге асыру тәртібі

      3. Пайдаланушының электрондық тәсілмен уәкілетті органдармен және өзге де тұлғалармен өзара іс-қимылды пайдаланушының жеке кабинеті арқылы ақпараттық жүйенің көмегімен жүзеге асырылады.

      4. Пайдаланушы жеке кабинетке қол жеткізу үшін "Электрондық құжат және электрондық цифрлық қолтаңба туралы" Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 7 қаңтардағы Заңына сәйкес электрондық цифрлық қолтаңба (бұдан әрі - ЭЦҚ) алады.

      5. Рұқсатты алғаннан кейін пайдаланушы уәкілетті органға сұраныс жолдап оңалту рәсімін және банкроттық рәсімін жүргізуге қатысты ақпаратты (мәліметтерді) электрондық құжаттар нысанында одан алады.

      6. Пайдаланушы электрондық құжаттарды ақпараттық-коммуникациялық желі жөніндегі уәкілетті органға оларды тапсыру үшін Заңмен белгіленген мерзімнің соңғы күнінің төрт сағатынан кешіктірмей ұсынады.

      7. Уәкілетті орган электрондық құжаттардың ақпараттық жүйесі қабылдаған сәттен бастап пайдаланушыға ақпаратты (мәліметтерді) қабылдау немесе қабылдамау туралы электрондық хабарлама жібереді.

      8. Уәкілетті органның функцияларына ЭЦҚ қойылған пайдаланушыдан электрондық құжатты қабылдау және өңдеу жатады.

      9. Пайдаланушы:

      1) уәкілетті органға электрондық құжаттарды ұсынады;

      2) электрондық құжаттармен алмасу жүргізілетін өзінің жұмыс орнының қауіпсіздігін қамтамасыз етеді;

      3) ЭЦҚ жеке жабық кілтінің сақталуын қамтамасыз етеді, оның жоғалуын, ашылуын, бұрмалануын және рұқсатсыз пайдаланылуын болдырмау үшін барлық мүмкін шараларды қабылдайды;

      4) бір жұмыс күні ішінде уәкілетті органға өзінің ЭЦҚ-ның жабық кілтін рұқсатсыз пайдаланудың немесе бұрмалаудың барлық жағдайлары мен күдігі туралы хабарлайды.

3-тарау. Қорытынды ережелер

      10. Ақпаратты (мәліметтерді) электрондық тәсілмен жасауға және ұсынуға арналған бағдарламалық қамтамасыз ету және осы бағдарламалық қамтамасыз етуді жаңарту ақпаратты (мәліметтерді) ұсыну мерзімі басталғанға дейін жиырма бес жұмыс күнінен кешіктірмей тұрақты негізде уәкілетті органның интернет - ресурсында тегін орналастырылады.

      Бағдарламалық қамтамасыз ету оны орнату бойынша нұсқаулық материал қосымшасымен ұсынылады.

      11. Пайдаланушы материалдық-техникалық қамтамасыз етуді дербес жүзеге асырады.

      12. Пайдаланушы ақпараттық жүйені құрғанға дейін оңалту рәсімі мен банкроттық рәсімін өткізу барысы туралы ақпаратты (мәліметтер) уәкілетті органдар мен өзге де тұлғаларға Заңмен белгіленген тәртіпте береді.