Оңалту және банкроттық рәсімдерінде уақытша әкімшінің, оңалтуды, уақытша және банкроттықты басқарушылардың электрондық тәсіл арқылы қатысу қағидаларын бекіту туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2014 жылғы 6 мамырдағы № 208 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2014 жылы 5 маусымда № 9482 тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Бірінші орынбасары - Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2020 жылғы 29 сәуірдегі № 432 бұйрығымен

      Ескерту. Күші жойылды – ҚР Премьер-Министрінің Бірінші орынбасары – ҚР Қаржы министрінің 29.04.2020 № 432 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      "Оңалту және банкроттық туралы" 2014 жылғы 7 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңы 12-бабының 14-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған Оңалту және банкроттық рәсімдерінде уақытша әкімшінің, оңалтуды, уақытша және банкроттықты басқарушылардың электрондық тәсіл арқылы қатысу қағидалары бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Салық комитеті (А.С. Жұмаділдаев) заңнамамен белгіленген тәртіпте:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігіне мемлекеттік тіркеуін және бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануын;

      2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің ресми интернет-ресурсында жариялануын қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрық оның алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасы


Премьер-Министрінің орынбасары -


Қазақстан Республикасының


Қаржы министрі

Б.Сұлтанов


  Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің Орынбасары –
Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің
2014 жылғы 5 мамырдағы
№ 208 бұйрығымен
бекітілген

Оңалту және банкроттық рәсімдерінде уақытша әкімшінің,
оңалтуды, уақытша және банкроттықты басқарушылардың электрондық
тәсіл арқылы қатысу қағидалары
1. Жалпы ережелер

      1. Осы Оңалту және банкроттық рәсімдерінде уақытша әкімшінің, оңалтуды, уақытша және банкроттықты басқарушылардың электрондық тәсіл арқылы қатысу қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) "Оңалту және банкроттық туралы" Қазақстан Республикасы Заңын іске асыру мақсатында және уақытша әкімшінінің, оңалтуды, уақытша және банкроттықты басқарушылардың оңалту және банкроттық рәсімдерінде электрондық тәсілмен қатысу тәртібін реттейді.

      2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:

      1) ақпараттық-коммуникациялық желі - ақпараттық жүйелер арасындағы немесе олардың құрамдастары арасындағы өзара іс-қимылды, сондай-ақ ақпараттық ресурстарды беруді қамтамасыз ететін техникалық және аппараттық-бағдарламалық құралдардың жиынтығы;

      2) ақпараттық жүйе - аппараттық-бағдарламалық кешенді қолдана отырып, ақпаратты сақтауға, өңдеуге, іздестіруге, таратуға, беруге және ұсынуға арналған жүйе;

      3) жеке кабинет – уақытша әкімшінің, оңалтуды, уақытша және банкроттықты басқарушылардың автоматтандырылған жұмыс орны;

      4) жүйені пайдаланушы – электрондық құжатты жинау, өңдеу, сақтау, беру, іздестіру және тарату процесстеріне қатысатын уақытша әкімші, оңалтуды, уақытша және банкроттықты басқарушылар;

      5) электрондық құжат – ақпарат электрондық цифрлық нысанда берілген және электрондық цифрлық қолтаңбамен куәландырылған құжат;

      6) электрондық-цифрлық қолтаңба - электрондық цифрлық қолтаңба құралдарымен жасалған және электрондық құжаттың дұрыстығын, оның тиесілігін және мазмұнының өзгермейтіндігін растайтын электрондық цифрлық нысандар терімі.

2. Оңалту және банкроттық рәсімдеріне пайдаланушының
электрондық тәсілмен қатысу тәртібі

      3. Пайдаланушының электрондық тәсілмен уәкілетті органдар мен басқа да мүдделі тұлғалармен өзара іс-әрекеті пайдаланушының жеке кабинеті арқылы ақпараттық жүйенің көмегімен жүзеге асырылады.

      4. Пайдаланушы жеке кабинетке рұқсат алу үшін электрондық цифрлық қолтаңба (бұдан әрі - ЭЦҚ) алады.

      5. Жеке кабинетке рұқсатты алғаннан кейін пайдаланушы электрондық құжаттар нысанында оңалту рәсімдер мен банкроттық рәсімдерді өткізуге қатысты ақпаратты (мәліметтерді) уәкілетті органға жібереді және одан алады.

      6. Пайдаланушы ЭЦҚ қол қойған электрондық құжат қағаз тасығышта қол қойылған құжатпен бірдей заңды күші бар деп танылады.

      7. Электрондық құжаттарды уәкілетті органға ақпараттық-коммуникациялық желі бойынша банкроттық туралы Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген мерзімнің соңғы күнінің жиырма төрт сағаттан кешіктірілмей пайдаланушы табыс етеді.

      8. Уәкілетті орган электрондық құжаттарды ақпараттық жүйесінен қабылдаған сәттен кешіктірмей пайдаланушыға ақпаратты қабылдағаны немесе қабылдамағаны туралы электрондық хабарламаны жіберуге тиіс.

      9. Пайдаланушының ЭЦҚ қол қойған электрондық құжатын қабылдау және өңдеу уәкілетті органның міндетіне жатады.

      10. Пайдаланушы:

      1) уәкілетті органға электрондық құжаттарды тапсырады;

      2) электрондық құжат алмасу жүргізілетін өзінің жұмыс орнының қауіпсіздігін қамтамасыз етеді;

      3) ЭЦҚ жабық жеке кілтінің сақталуын қамтамасыз етеді, оны ашуда, бұрмалауда, рұқсат етілмей қолдануға, жоғалудан алдын алу үшін ықтимал барлық шараларды қолданады;

      4) Өзінің ЭЦҚ жабық кілтін бұзған немесе рұқсат етілмей қолданғаны туралы барлық оқиғалар мен күдіктерді бір жұмыс күні ішінде уәкілетті органға хабарлайды.

3. Қорытынды ережелер

      11. Электрондық тәсілмен ақпаратты қалыптастыруға және ұсынуға арналған бағдарламалық қамтамасыз ету және осы бағдарламалық қамтамасыз етуді жаңартып отыру тұрақты негізде, ақпаратты ұсыну мерзімі басталғанға дейін жиырма бес жұмыс күнінен кешіктірмей уәкілетті органның интернет-ресурсында тегін орналастырылады.

      Ескерту. 11-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Қаржы министрінің 05.03.2015 № 155 бұйрығымен.

      12. Пайдаланушы материалдық-техникалық қамтамасыз етуді өзі жүзеге асырады.

      13. Пайдаланушы ақпараттық жүйені құрғанға дейін оңалту рәсімі мен банкроттық рәсімін өткізу барысы туралы ақпаратты уәкілетті органдар мен басқа да мүдделі тұлғаларға оңалту және банкроттық туралы Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіпте беріледі.

      Ескерту. 13-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Қаржы министрінің 05.03.2015 № 155 бұйрығымен.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады