О внесении изменений в приказ Министра национальной экономики Республики Казахстан от 27 ноября 2018 года № 84 "Об утверждении Правил кредитования/микрокредитования в городах и моногородах и Правил гарантирования по кредитам/микрокредитам, выдаваемым микрофинансовыми организациями/банками второго уровня в городах"

Приказ Министра национальной экономики Республики Казахстан от 9 апреля 2021 года № 39. Зарегистрирован в Министерстве юстиции Республики Казахстан 14 апреля 2021 года № 22541

      ПРИКАЗЫВАЮ:

      1. Внести в приказ Министра национальной экономики Республики Казахстан от 27 ноября 2018 года № 84 "Об утверждении Правил кредитования/микрокредитования в городах и моногородах и Правил гарантирования по кредитам/микрокредитам, выдаваемым микрофинансовыми организациями/банками второго уровня в городах" (зарегистрирован в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов Республики Казахстан за № 17810, опубликован от 14 декабря 2018 года в Эталонном контрольном банке нормативных правовых актов Республики Казахстан) следующие изменения:

      в Правилах кредитования/микрокредитования в городах и моногородах, утвержденных указанным приказом:

      пункт 6 изложить в следующей редакции:

      "6. Кредиты/микрокредиты для участников Программы для открытия микробизнеса выдаются после защиты бизнес проектов в рамках прохождения ими курсов обучения основам предпринимательства по проекту "Бастау Бизнес" или основ предпринимательства по первому направлению Программы, либо при наличии сертификата о прохождении курсов обучения основам предпринимательства в рамках Государственной программы поддержки и развития бизнеса "Дорожная карта бизнеса-2025", утвержденной постановлением Правительства Республики Казахстан от 24 декабря 2019 года № 968, в течение последних 24 месяцев с даты получения сертификата, предшествующих дате обращения участников Программы за кредитом/микрокредитом, за исключением действующих предпринимателей.

      Приоритетное право на получение кредитов/микрокредитов имеют участники Программы, получившие сертификат о завершении обучения (для допущенных к этапу защиты бизнес-планов) в проекте "Бастау Бизнес".";

      подпункт 12) пункта 12 изложить в следующей редакции:

      "12) оплаты любых договоров/контрактов/соглашений, в которых имеется информация о юридическом адресе и/или реквизитах банковского счета контрагентов, зарегистрированном/открытого в оффшорных зонах, предусмотренных в Перечне офшорных зон для целей банковской и страховой деятельности, деятельности профессиональных участников рынка ценных бумаг и иных лицензируемых видов деятельности на рынке ценных бумаг, деятельности акционерных инвестиционных фондов и деятельности организаций, осуществляющих микрофинансовую деятельность, утвержденном постановлением Правления Агентства Республики Казахстан по регулированию и развитию финансового рынка от 24 февраля 2020 года № 8 (зарегистрирован в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов за № 20095).";

      пункт 21 изложить в следующей редакции:

      "21. Организация микрокредитования ежемесячно в срок до 25 числа месяца, следующего за отчетным, представляет в МИО по вопросам предпринимательства и занятости (в электронном виде через портал/вручную) информацию по выданным кредитам/микрокредитам.

      АО "ФФПСХ" ежемесячно в срок до 25 числа месяца, следующего за отчетным, представляет в МИО по вопросам сельского хозяйства/предпринимательства/занятости (в электронном виде через портал/вручную) информацию по выданным кредитам/микрокредитам.

      Уполномоченный орган и уполномоченный орган по вопросам сельского хозяйства ежемесячно к 5 числу второго месяца, следующего за отчетным, представляет информацию по выданным кредитам/микрокредитам уполномоченному органу по вопросам занятости населения.";

      пункт 25 изложить в следующей редакции:

      "25. Организация микрокредитования осуществляет:

      1) мониторинг своевременного освоения средств БВУ и МФО;

      2) мониторинги целевого использования средств БВУ и МФО, а также целевого использования участниками Программы полученных кредитов/микрокредитов;

      3) мониторинг своевременного финансирования БВУ и МФО участников Программ за счет средств, высвобождаемых от погашения ранее выданных кредитов/микрокредитов.

      АО "ФФПСХ" осуществляет мониторинги эффективности (создание новых постоянных рабочих мест) и целевого использования участниками Программы полученных кредитов/микрокредитов профинансированных АО "ФФПСХ". При этом по каждому профинансированному проекту участника Программы ведется отдельное кредитное досье, в котором хранятся документы, подтверждающие целевое использование средств участниками Программы.".

      2. Департаменту развития предпринимательства в установленном законодательном порядке обеспечить:

      1) государственную регистрацию настоящего приказа в Министерстве юстиции Республики Казахстан;

      2) размещение настоящего приказа на интернет-ресурсе Министерства национальной экономики Республики Казахстан;

      3) в течение десяти рабочих дней после государственной регистрации настоящего приказа в Министерстве юстиции Республики Казахстан представление в Юридический департамент Министерства национальной экономики Республики Казахстан сведений об исполнении мероприятий, предусмотренных подпунктами 1) и 2) настоящего пункта.

      3. Контроль за исполнением настоящего приказа возложить на курирующего вице-министра национальной экономики Республики Казахстан.

      4. Настоящий приказ вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Министр национальной экономики
Республики Казахстан
А. Иргалиев

      "СОГЛАСОВАН"
Министерство труда
и социальной защиты населения
Республики Казахстан

"Қалаларда және моноқалаларда кредит беру/микрокредит беру қағидаларын және Қалаларда микроқаржы ұйымдары /екінші деңгейдегі банктер беретін кредиттер/микрокредиттер бойынша кепілдік беру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2018 жылғы 27 қарашадағы № 84 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2021 жылғы 9 сәуірдегі № 39 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2021 жылғы 14 сәуірде наурызда № 22541 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫН:

      1."Қалаларда және моноқалаларда кредит беру/микрокредит беру қағидаларын және Қалаларда микроқаржы ұйымдары/екінші деңгейдегі банктер беретін кредиттер/микрокредиттер бойынша кепілдік беру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2018 жылғы 27 қарашадағы № 84 бұйрығына (Қазақстан Республикасының Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркелу тізілімінде № 17810 болып тіркелген, 2018 жылғы 14 желтоқсанда Қазақстан Республикасы нормативтiк құқықтық актілерiнiң эталондық бақылау банкiнде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қалаларда және моноқалаларда кредит беру/микрокредит беру қағидаларында:

      6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "6.Жұмыс істеп тұрған кәсіпкерлерді қоспағанда, бағдарламаға қатысушыларға арналған кредиттер/микрокредиттер микробизнес ашу үшін олардың "Бастау Бизнес" жобасы бойынша кәсіпкерлік негіздеріне немесе Бағдарламаның бірінші бағыты бойынша кәсіпкерлік негіздеріне оқыту курстарынан өтуі шеңберінде бизнес-жобаларды қорғағаннан кейін не Бағдарламаға қатысушылардың кредит/микрокредит алуға жүгінген күнінің алдында сертификат алған күннен бастап соңғы 24 ай ішінде Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 24 желтоқсандағы № 968 қаулысымен бекітілген "Бизнестің жол картасы-2025" бизнесті қолдау мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасының шеңберінде кәсіпкерлік негіздеріне оқыту курстарынан өткендігі туралы сертификаты болған кезде беріледі.

      "Бастау Бизнес" жобасында оқуды аяқтағаны туралы сертификат алған Бағдарламаға қатысушылар (бизнес-жоспарларды қорғау кезеңіне жіберілгендер үшін) кредиттер/микрокредиттер алудың басым құқығына ие.";

      12-тармақтың 12) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "12) Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің міндетін атқарушының 2010 жылғы 10 ақпандағы № 52 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6058 болып тіркелген) "Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы" Қазақстан Республикасы Заңының мақсаттары үшін Оффшорлық аймақтар тізбесінде және/немесе Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі басқармасының 2020 жылғы 24 ақпандағы № 8 қаулысымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 20095 болып тіркелген) бекітілген Банктік және сақтандыру қызметінің, бағалы қағаздар рыногының кәсіби қатысушылары қызметінің және бағалы қағаздар рыногында лицензияланатын басқа да қызмет түрлерінің, жинақтаушы зейнетақы қорлары мен акционерлік инвестициялық қорлар қызметінің мақсаттары үшін оффшорлық аймақтардың тізбесінде көзделген оффшорлы аймақтарда тіркелген/ашылған контрагенттердің заңды мекенжайлары және/немесе банк шотының деректемелері туралы ақпарат бар кез келген шарттарға/келісімшарттарға/келісімдерге ақы төлеу.";

      21-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "21. Микрокредит беру ұйымы ай сайын есепті айдан кейінгі айдың 25 күніне дейінгі мерзімде кәсіпкерлік және халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі ЖАО-ға берілген кредиттер/микрокредиттер бойынша ақпарат (портал арқылы электрондық түрде/қолма-қол) береді.

      "АШҚҚҚ" АҚ ай сайын есепті айдан кейінгі айдың 25 күніне дейінгі мерзімде ауыл шаруашылығы/кәсіпкерлік/жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі ЖАО-ға берілген кредиттер/микрокредиттер бойынша ақпарат (портал арқылы электрондық түрде/қолма-қол) береді.

      Уәкілетті орган және ауыл шаруашылығы мәселелері жөніндегі уәкілетті орган халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті органға берілген кредиттер/микрокредиттер бойынша ақпаратты ай сайын есепті айдан кейінгі айдың 5 күніне қарай береді.";

      25-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "25. Микрокредит беру ұйымы:

      1) ЕДБ және МҚҰ қаражатты уақтылы игеруін мониторингілеуді;

      2) ЕДБ және МҚҰ қаражатты мақсатқа сай пайдалануын, сондай-ақ Бағдарламаға қатысушылардың алынған кредиттерді/микрокредиттерді мақсатқа сай пайдалануын мониторингілеуді;

      3) бұрын берілген кредиттерді/микрокредиттерді өтеуден босатылатын қаражат есебінен ЕДБ және МҚҰ Бағдарламаға қатысушыларды уақтылы қаржыландыруын мониторингілеуді жүзеге асырады.

      "АШҚҚҚ" АҚ тиімділікті (жаңа тұрақты жұмыс орындарын құруды) және Бағдарламаға қатысушылардың "АШҚҚҚ" АҚ қаржыландырған алынған кредиттерді/микрокредиттерді мақсатты пайдалануын мониторингілеуді жүзеге асырады. Бұл ретте Бағдарламаға қатысушының әрбір қаржыландырылған жобасы бойынша жеке кредиттік дерекнама жүргізіледі, онда Бағдарламаға қатысушылардың қаражатты мақсатты пайдаланғанын растайтын құжаттар сақталады.".

      2. Кәсіпкерлікті дамыту департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      3) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтер ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
      Ұлттық экономика министрі А. Иргалиев

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Еңбек және халықты әлеуметтік

      қорғау министрлігі