БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған өзгерістер енгізілетін кейбір бұйрықтардың тізбесі бекітілсін.
2. Осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес кейбір бұйрықтардың күші жойылды деп танылсын.
3. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Заң департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді және оны Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің аппарат басшысына жүктелсін.
5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Ұлттық экономика министрі |
С. Жумангарин |
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Ұлттық экономика министрі 2025 жылғы 20 қаңтардағы № 3 бұйрығымен бекітілген |
Өзгерістер енгізілетін кейбір бұйрықтардың тізбесі
1. "Бюджет түсімдерін болжау әдістемесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 21 қаңтардағы № 34 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10322 болып тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Бюджет түсімдерін болжау әдістемесінде:
2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"2. Жоспарлы кезеңге арналған мемлекеттік бюджетке және Қазақстан Республикасының Ұлттық қорына түсетін түсімдерді болжау "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)" Қазақстан Республикасының Кодексіне (бұдан әрі – Салық кодексі), "Қазақстан Республикасындағы кедендік реттеу туралы" Қазақстан Республикасының Кодексіне, Бюджет кодексіне, "Қазақстан Республикасының мемлекеттік қаржысын басқарудың 2030 жылға дейінгі тұжырымдамасын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2022 жылғы 10 қыркүйектегі № 1005 Жарлығына және Қазақстан Республикасының басқа да нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес жүзеге асырылады.".
2. "Мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларын, оның ішінде концессиялық жобаларды консультациялық сүйемелдеу бойынша көрсетілетін қызметтер құнын айқындау әдістемесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 24 шілдедегі № 564 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11854 болып тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларын, оның ішінде концессиялық жобаларды консультациялық сүйемелдеу бойынша көрсетілетін қызметтер құнын айқындау әдістемесінде:
5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"5. Бір кезеңдік конкурс бойынша конкурстық құжаттаманы әзірлеу құнына техникалық тапсырманы, жобаның ТЭН-ін әзірлеуге немесе түзетуге арналған шығыстар кіреді.
Жобалық құжаттаманы дайындау бойынша жұмыс құнын, сондай-ақ үлгілік жоба болған жағдайда ЖСҚ байланыстыру бойынша шығыстарды есептеу "Құрылыстағы баға белгілеу бойынша нормативтік құжаттарды бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитеті төрағасының 2022 жылғы 1 желтоқсандағы № 223-НҚ бұйрығына сәйкес жүзеге асырылады.".
3. "Мемлекеттік органдардың қызметіне салалық (ведомстволық) функционалдық шолу жүргізу жөніндегі әдістемені бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2017 жылғы 27 ақпандағы № 84 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14941 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Мемлекеттік органдардың қызметіне салалық (ведомстволық) функционалдық шолулар жүргізу жөніндегі әдістемеде:
3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"3. Осы Әдістемеде мынадай терминдер қолданылады:
1) бастамашы – мемлекеттік органдардың функцияларын бәсекелес ортаға немесе өзін-өзі реттейтін ұйымдарға беру мақсатында қайта қарауға бастамашылық жасайтын мемлекеттік органдар, мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті органдар, Қазақстан Республикасы Ұлттық кәсіпкерлер палатасы.
2) конкурстық негізде орындаушы – бәсекелес ортаның сыртқы субъектілері – бәсекелестік жағдайында халыққа қызмет көрсетуді жүзеге асыратын жеке немесе заңды тұлғалар.
3) қолдаушы функциялар – ішкі әкімшілік-шаруашылық қызметті қамтамасыз етуге бағытталған функциялар, сондай-ақ мемлекеттік органның ішкі бақылау және бұқаралық ақпарат құралдары қызметтерінің функциялары;
4) мазмұны жағынан ұқсас функциялар – іс-қимылдарының мазмұндық жақындығы, тікелей нәтижелері, нысаналы топтары есебінен бір топқа біріктірілуі мүмкін функциялар;
5) мемлекеттік басқару жүйесін дамыту саласындағы уәкілетті орган (бұдан әрі – уәкілетті орган) – мемлекеттік органдардың қызметіне салалық (ведомстволық) функционалдық шолу жүргізуге жауапты орталық атқарушы орган;
6) нысаналы топ – функцияның тікелей нәтижесін алушы;
7) өзін-өзі реттейтін ұйымдарға функциялар беру (бұдан әрі – функцияларды беру) – экономикалық қызметтің немесе мамандықтың нақты түрінің қызметін реттейтін мемлекеттік функцияларды мемлекеттік органдардан өзін-өзі реттейтін ұйымдарға толығымен беру;
8) салалық функциялар – мемлекеттік органның мемлекеттік басқарудың тиісті аясында (саласында) мемлекеттік саясатты іске асыруға бағытталған функциялары;
9) тән емес функция – мемлекеттік органның қызметіне тән емес және бәсекелес ортаға, өзін-өзі реттейтін ұйымдарға беруге немесе алып тастауға жататын мына белгілердің біреуіне сәйкес келетін:
артық болып табылатын (мемлекеттік органның әкімшілік-басқарушылық процесінен алып тастау жұмыс сапасының төмендеуіне немесе мемлекеттік қызметті көрсетуге әкеп соқпайды);
қолдаушы болып табылатын;
негізгі болып табылатын, бірақ бұл ретте мемлекеттік реттеу шегінен шығатын, сондай-ақ осындай функцияны енгізу нәтижелері мен мақсаттары тиімсіз (рұқсат беру немесе хабардар ету тәртібі, мемлекеттік бақылау) функция;
10) тұрақты функциялар – мемлекеттік органдар өзінің бүкіл қызметі барысында жүзеге асыратын функциялар, яғни олар белгілі бір дәрежедегі міндеттерді шешуге бағытталған, әрдайым мемлекет алдында тұратын функциялар;
11) уақытша функциялар – қысқа мерзімді сипаттағы және белгілі бір міндет шешілгеннен кейін қолданысын тоқтататын функциялар;
12) функционалдық шолу – мемлекеттік органдардың функциялары мен штат санын оларды оңтайландыру тұрғысынан талдау құралы;
13) функцияларды аутсорсингілеу – мемлекеттік функциялардың жекелеген түрлерін жүзеге асыру жөніндегі мемлекеттік органдың функцияларын келісім шарт жасау арқылы бәсекелес ортаға беру;
14) функцияларды беру – стратегиялық, бақылау және қадағалау функцияларын қоспағанда, мемлекетке тән емес функцияларды мемлекеттік органдардан бәсекелес ортаға беру;
15) функцияларды процестік топтастыру – жеке алғанда толыққанды емес және бірыңғай іс-қимылдың дәйекті операцияларын білдіретін функциялардың топтарын іріктеу;
16) функцияларды семантикалық топтастыру – жеке алғанда толыққанды емес және бір тікелей нәтиженің кіші түрлерін қамтитын функциялардың топтарын іріктеу;
17) функцияларды синтаксистік талдау – зерттеліп отырған мемлекеттік орган функцияларының қолданыстағы (зерттеліп отырған мемлекеттік орган жұмыскерлеріне пікіртерім жүргізу барысында заңнамалық актілерде және зерттеліп отырған мемлекеттік орган, оның ведомстволары, аумақтық органдары туралы ережелерде қамтылған) тұжырымдарын мемлекеттік функцияны бірыңғай тұжырымдау стандартына сәйкестендіру;
18) функцияның тікелей нәтижесі – мемлекеттік органның функциясын іске асырудың тікелей нәтижесі;
19) хронометраждық жұмыстар – жедел жұмыстың жүйелі түрде қайталатын элементтері, сондай-ақ дайындау-қорытындылау жұмыстарының немесе жұмыс орнына қызмет көрсету жөніндегі жұмыстардың элементтері зерделенетін бақылаулардың түрі.";
9-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"1) Қазақстан Республикасы Президенті Әкiмшiлiгiнің, Қазақстан Республикасының Үкіметі Аппаратының тапсырмасы бойынша;";
75-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"75. Түгендеу жүргізу кезінде функциялар Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің 41-бабының 2-тармағына сәйкес стратегиялық, реттеуші, іске асыру және бақылау функцияларына бөлінеді.";
Мемлекеттік органдардың қызметіне салалық (ведомстволық) функционалдық шолулар жүргізу жөніндегі әдістемеге 21-қосымшада:
функциялар паспорты мынадай редакцияда жазылсын:
"
Нысан
№ ___/_____/_____/_____ ФУНКЦИЯЛАР ПАСПОРТЫ (мемлекеттік органның нөмірі/құрылымдық бөлімше/функция түрі/реттік нөмірі)
Мемлекеттік органның атауы: | |||
Құрылымдық бөлімше: Байланысатын тұлға: | |||
Құжат көзіне байланысты функцияның атауы: ҚР-ның тиісті нормативтік құқықтық актісінен функциялар мәтіні толық келтіріледі | мемлекеттік орган туралы ережеден | салалық Заңдардан және Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлықтарынан | өзге де нормативтік құқықтық актілерден (Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысынан, бұйрықтардан және тағы басқалары.) |
* Егер функция мемлекеттік көрсетілетін қызмет болып табылса, онда үшінші көзде Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізіліміне сәйкес атауы және көрсетілетін қызмет коды көрсетіледі (Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 31 қаңтардағы № 39/НҚ бұйрығы. (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 19982 болып тіркелген). ФУНКЦИЯ СИПАТТАМАСЫ (тиісті ұяшықта Х түрінде және өзге де ақпаратты қажет болған жағдайда көрсетіңіз)
1 | ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ӘКІМШІЛІК РӘСІМДІК-ПРОЦЕСТІК КОДЕКСІНЕ СӘЙКЕС ФУНКЦИЯНЫҢ ТҮРІ | |
1.1 | Стратегиялық функция болып табыла ма? | |
Жоспарлы құжаттарды әзірлеу, қабылдау, мемлекеттік жоспарлау жүйесін айқындау, халықаралық қатынастарды, ұлттық қауіпсіздік пен қорғаныс қабілеттілігін қамтамасыз ету жөніндегі функциялар стратегиялық функциялар болып табылады | ||
1.2 | Реттеуші функция болып табыла ма? | |
Мемлекеттік функциялардың іске асырылуын нормативтік құқықтық қамтамасыз ету, нормативтік құқықтық актілерді тіркеу және олардың орындалуына талдау жүргізу, мемлекеттік органдардың қызметін үйлестіру, мемлекеттік активтерді басқару жөніндегі функциялар реттеуші функциялар болып табылады | ||
1.3 | Іске асыру функциясы болып табыла ма?* | |
жоспарлы құжаттарды, нормативтік құқықтық актілерді орындауға, мемлекеттік органның жоспарлы құжаттарында көзделген мақсаттар мен міндеттерге қол жеткізуге, мемлекеттік қызметтер көрсетуге, оның ішінде рұқсаттарды, сондай-ақ оларға қосымшаларды беруге, ұзартуға, қайта ресімдеуге, жаңартуға және Қазақстан Республикасының заңнамасында рұқсаттарға, сондай-ақ оларға қосымшаларға қатысты көзделген басқа да әрекеттерді жүзеге асыруға бағытталған функциялар іске асыру функциялары болып табылады | ||
1.3.1 1.4 | * Функция мемлекеттік қызмет болып табыла ма? Бақылау функциясы болып табыла ма? | |
жеке және заңды тұлғалар, оның ішінде мемлекеттік мекемелер қызметінің нормативтік құқықтық актілерде белгіленген талаптарға, ал Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жағдайда, Қазақстан Республикасының заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің жарлықтарында және Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулыларында белгіленген талаптарға сәйкестігі тұрғысынан тексеру және бақылау жөніндегі функциялар бақылау функциялары болып табылады. |
2. ІС-ӘРЕКЕТТЕРІНІҢ ҰЗАҚТЫҒЫНА ЖӘНЕ ОРТАҚТЫҒЫ ДӘРЕЖЕСІНЕ БАЙЛАНЫСТЫ ФУНКЦИЯНЫҢ ТҮРІ
Тиісті ұяшықта Х түрінде және өзге де ақпаратты қажет болған жағдайда көрсетіңіз | уақытша іске асыру мерзімі көрсетіледі | тұрақты | тән емес * |
* Тән емес функция – мемлекеттік органның өз қызметіне тән емес және бәсекелес ортаға азаматтық қоғам институттарына беруге жататын, мынадай белгілердің біріне сәйкес келетін функциясы: артық болып табылады (мемлекеттік органның әкімшілік-басқару процесінен алып тастау жұмыс немесе мемлекеттік қызмет көрсету сапасының төмендеуіне алып келмесе); қолдайтын болып табылады (яғни ішкі әкімшілік-шаруашылық қызметті қамтамасыз етуге бағытталған, сондай-ақ ішкі бақылау қызметінің функциясы мен мемлекеттік органның бұқаралық ақпарат құралдарының функциясы); негізгі болып табылады, бірақ бұл ретте мемлекеттік реттеу шегінен тыс, сондай-ақ нәтижелері және осындай функцияларының енгізу нәтижелері мен мақсаты тиімсіз (рұқсат беру немесе хабарлама жасау тәртібі, мемлекеттік бақылау)
3. ФУНКЦИЯНЫ КІМ ОРЫНДАЙДЫ
мемлекеттік органның дербес бөлімшесі | |||||
атауы | |||||
штаты | |||||
функцияны нақты орындаушылардың саны | |||||
бірнеше бөлімшелермен бірлесіп | |||||
атауы | |||||
бөлімшелер саны | |||||
аты | |||||
функцияны нақты орындаушылардың саны | |||||
қатысу дәрежесі еркін нысанда (пайыздық қатынаста) | |||||
аумақтық органдармен бірлесіп | |||||
атауы | |||||
аумақтық органдар саны | |||||
штаты | |||||
функцияны нақты орындаушылардың жалпы саны | |||||
қатысу дәрежесі еркін нысанда | |||||
мемлекеттік органның ведомствосы | |||||
атауы | |||||
басқарманың атауы | |||||
штаты | |||||
функцияны нақты орындаушылардың саны | |||||
ведомстволық бағынысты ұйымдар: | |||||
Мемлекеттік мекеме | Республикалық мемлекеттік кәсіпорын | Республикалық мемлекеттік қазынашылық кәсіпорын | Акционерлік қоғам | Жауапкершілігі шектеулі серіктестік | |
атауы | |||||
мемлекеттің қатысу үлесі | |||||
штаты | |||||
функцияны нақты орындаушылардың саны | |||||
* Ұлттық экономика министрлігінің Табиғи монополияларды реттеу комитетінен қосымша ақпарат сұралады; | |||||
бәсекелес орта | |||||
атауы | |||||
беру тәсілі | |||||
штаты | |||||
функцияны нақты орындаушылардың саны. |
";
Мемлекеттік органдардың қызметіне салалық (ведомстволық) функционалдық шолулар жүргізу жөніндегі әдістемеге 24-қосымшада:
орындалатын жұмыстар хронометражы мынадай редакцияда жазылсын:
"Орындалатын жұмыстар хронометражы
Мемлекеттік органның құрылымдық бөлімшесінің функциялары | Келіп түсуі | Тапсырманың авторы | Бірлесіп орындаушылар (саны) | Орындаушының жауап жобасын қарауға және қалыптастыруға (бизнес-процестерді) жұмсаған уақыты | Іс-жүзінде орындалды | Құжатты орындауға (жабуға) жұмсалған жалпы уақыт | Мақсатты жұмсалмаған уақыт | ||
күні | уақыты | күні | уақыты | ||||||
2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 | |
Негізгі функциялар | |||||||||
1 | Әкімшілік реформаның негізгі бағыттарын қалыптастыру бойынша ұсыныстарды әзірлейді | ||||||||
Нормативтік құқықтық актілер әзірлеу | |||||||||
Нормативті құқықтық актілерді қарау | |||||||||
Президент Әкімшілігі, Үкімет Аппараты хаттарын қарау | |||||||||
қолданыстағы заңнаманы зерделеу | |||||||||
ағымдағы проблемаларды талдау | |||||||||
халықаралық тәжірибені талдау | |||||||||
Орталық мемлекеттік орган және жергілікті атқарушы органға ұсыныстар үшін сұрау салу дайындау | |||||||||
берілген ақпаратты талдау | |||||||||
жалпы ұсынымдар мен ұсыныстарды әзірлеу | |||||||||
талданған және ұсынылған ақпаратты қорыту | |||||||||
жауап жобасын қалыптастыру | |||||||||
жауап жобасын (ұсыныстарды) басшымен келісу | |||||||||
жауап жобасын (ұсыныстарды) пысықтау | |||||||||
жауап жобасын (ұсыныстарды) басшылықпен келісу | |||||||||
жауап жобасына (ұсыныстарға) қол қою | |||||||||
жіберу | |||||||||
телефонмен тілдесу | |||||||||
келісу үшін басқа кабинеттерге бару | |||||||||
кеңес ұйымдастыру | |||||||||
2 | ЖИЫНЫ |
Құрылымдық бөлімшенің басшысы
Орындаушы";
Мемлекеттік органдардың қызметіне салалық (ведомстволық) функционалдық шолулар жүргізу жөніндегі әдістемеге 25-қосымшада:
құрылымдық бөлімшелердің стандартты функцияларды орындауының еңбек сыйымдылығы нормативтері мынадай редакцияда жазылсын:
"
Нысан
жылғы кезеңдегі құрылымдық бөлімшелердің стандартты функцияларды орындауының еңбек сыйымдылығы нормативтері
№ р/с | Жұмыс атауы | Штат санының лимиті, бірл. | Жұмысты қайталау еселігі, Е | 2.02.15ж. бастап 26.02.15жадам/сағат нақты еңбек сайымдылығы нысаны | Адам/сағат нақты еңбек сайымдылығының mix/max жиынтық мәні | Нақты еңбек сыйымдылығының орташа жиынтық мәні, адам/сағатта (асыра орындалған/толық орындамаған сағаттар) | Бекітілген лимитті ескерек отырып, нақты адам/сағат жалпы саны | Нақты еңбек сайымдылығының жиынтық мәні мен бекітілген адам/сағаттағы жалып санының арасындағы айырма | Штат бірлігінің артықтығының/жетіспеушілігінің көрсеткіші | Оңтайлы штат санын есептеу, бірл. | ||
min | max | min | max | |||||||||
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 9 (7 | 10(/ сағ жұмыс істейтін адамдардың 11 *саны.) | 11 (9-10) | 12 (/ сағ жұмыс істейтін адамдардың 11/саны. Кезеңде | 13 (3-12) | ||
1 | Жарлық жобаларын қарау | * | * | * | * | * | ||||||
2 | Жарлық жобасын әзірлеу | * | * | * | * | * | ||||||
3 | Заң жобасын әзірлеу | * | * | * | * | * | ||||||
4 | Қаулы жобасын әзірлеу | * | * | * | * | * | ||||||
5 | Депутаттық сауалдарды қарау | * | * | * | * | * | ||||||
6 | Үкімет Аппаратының хаттарын қарау және жауап | * | * | * | * | * | ||||||
7 | Президент Әкімшілігі хаттарын қарау және жауабын дайындау | * | * | * | * | * | ||||||
8 | Орталық атқарушы орган хаттарын қарау және жауап | * | * | * | * | * | ||||||
9 | Жергілікті атқарушы орган хаттарын қарау | * | * | * | * | * | ||||||
10 | Заң жобасын қарау | * | * | * | * | * | ||||||
11 | Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулыларын қарау | * | * | * | * | * | ||||||
12 | ішкі хаттарды қарау | * | * | * | * | * | ||||||
13 | азаматтардың өтініштерін қарау | * | * | * | * | * | ||||||
14 | басқа ұйымдардың хаттарын қарау | * | * | * | * | * | ||||||
15 | Баяндамаларды, анықтамаларды, таныстырылым материалдарын дайындау | * | * | * | * | * | ||||||
16 | Кеңестер ұйымдастыру | * | * | * | * | * | ||||||
17 | Кеңестерге қатысу | * | * | * | * | * | ||||||
18 | Талдамалық есептерді дайындау | * | * | * | * | * | ||||||
19 | Танысуды талап ететін, бірақ жауап талап етпейтін хаттар | * | * | * | * | * | ||||||
20 | Құрылымдық бөлімшелердің өтініші бойынша кесте нысанында ақпарат дайындау | * | * | * | * | * | ||||||
21 | * | * | * | * | * | |||||||
22 | * | * | * | * | * | |||||||
ЖИЫНЫ | 8 | |||||||||||
Ескертпе: Түзету коэффиценті 1,52".
4. "Республикалық және облыстық маңызы бар қалалардың даму стратегияларын әзірлеу жөніндегі әдістемені бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2019 жылғы 11 қаңтардағы № 3 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 18174 болып тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Республикалық және облыстық маңызы бар қалалардың даму стратегияларын әзірлеу жөніндегі әдістемеде:
12-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"12. Стратегияны іске асыру Қазақстанның 2050 жылға дейінгі даму стратегиясының мақсаттарына қол жеткізуге бағытталатын болады.".
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Ұлттық экономика министрі 2025 жылғы 20 қаңтардағы № 3 бұйрығына қосымша |
Күші жойылған кейбір бұйрықтардың тізбесі
1. "Қалаларда және моноқалаларда кредит беру/микрокредит беру қағидаларын және Қалаларда микроқаржы ұйымдары/екінші деңгейдегі банктер беретін кредиттер/микрокредиттер бойынша кепілдік беру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2018 жылғы 27 қарашадағы № 84 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17810 болып тіркелген).
2. "Басым жобаларға кредит беру тетігінің шеңберінде ұсынылған қаражатты екінші деңгейдегі банктердің мақсатты пайдалануын талдау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушының 2019 жылғы 25 қаңтардағы № 10 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 18237 болып тіркелген).
3. "Қалаларда және моноқалаларда кредит беру/микрокредит беру қағидаларын және Қалаларда микроқаржы ұйымдары/екінші деңгейдегі банктер беретін кредиттер/микрокредиттер бойынша кепілдік беру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2018 жылғы 27 қарашадағы № 84 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2019 жылғы 11 маусымдағы № 53 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 18839 болып тіркелген).
4. "Қалаларда және моноқалаларда кредит беру/микрокредит беру қағидаларын және Қалаларда микроқаржы ұйымдары/екінші деңгейдегі банктер беретін кредиттер/микрокредиттер бойынша кепілдік беру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2018 жылғы 27 қарашадағы № 84 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы" және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің "Микрокредит беру бойынша субсидиялау шартының нысанын бекіту туралы" 2016 жылғы 8 қарашадағы № 470 және "Конкурстық іріктеу және бизнес-инкубаторлар қызметін қолдау қағидаларын бекіту туралы" 2018 жылғы 30 наурыздағы № 129 бұйрықтарының күші жойылды деп тану туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2019 жылғы 29 қазандағы № 87 бұйрығының 1-тармағы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 19535 болып тіркелген).
5. "Қалаларда және моноқалаларда кредит беру/микрокредит беру қағидаларын және Қалаларда микроқаржы ұйымдары/екінші деңгейдегі банктер беретін кредиттер/микрокредиттер бойынша кепілдік беру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2018 жылғы 27 қарашадағы № 84 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2021 жылғы 9 сәуірдегі № 39 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 22541 болып тіркелген).
6. "Басым жобаларға кредит беру тетігінің шеңберінде ұсынылған қаражатты екінші деңгейдегі банктердің мақсатты пайдалануын талдау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушының 2019 жылғы 25 қаңтардағы № 10 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2021 жылғы 14 сәуірдегі № 41 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 22560 болып тіркелген).
7. "Қалаларда және моноқалаларда кредит беру/микрокредит беру қағидаларын және Қалаларда микроқаржы ұйымдары/екінші деңгейдегі банктер беретін кредиттер/микрокредиттер бойынша кепілдік беру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2018 жылғы 27 қарашадағы № 84 бұйрығына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2021 жылғы 30 қыркүйектегі № 87 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 24599 болып тіркелген).
8. "Басым жобаларға кредит беру тетігінің шеңберінде ұсынылған қаражатты екінші деңгейдегі банктердің мақсатты пайдалануын талдау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушының 2019 жылғы 25 қаңтардағы № 10 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2022 жылғы 2 наурыздағы № 18 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 27033 болып тіркелген).
9. "Басым жобаларға кредит беру тетігінің шеңберінде ұсынылған қаражатты екінші деңгейдегі банктердің мақсатты пайдалануын талдау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушының 2019 жылғы 25 қаңтардағы № 10 бұйрығына өзгерістер енгізу" және "Бизнестің жол картасы 2020" бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдарламасы шеңберінде шағын кәсіпкерлік субъектілерін микрокредиттеу үшін микрокредит беру жөніндегі уәкілетті ұйым мен микроқаржы ұйымы арасында жасалатын үлгілік кредиттік шарт нысанын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 25 желтоқсандағы № 794 бұйрығының күші жойылды деп тану туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2022 жылғы 5 желтоқсандағы № 119 бұйрығының 1-тармағы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 30985 болып тіркелген).