Об определении размера и порядка оказания жилищной помощи в городе Костанае

Решение маслихата города Костаная Костанайской области от 9 февраля 2024 года № 80. Зарегистрировано в Департаменте юстиции Костанайской области 15 февраля 2024 года № 10142-10

      В соответствии со статьей 6 Закона Республики Казахстан "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан", статьей 97 Закона Республики Казахстан "О жилищных отношениях", Костанайский городской маслихат РЕШИЛ:

      1. Определить размер и порядок оказания жилищной помощи в городе Костанае согласно приложению 1 к настоящему решению.

      2. Признать утратившими силу некоторые решения Костанайского городского маслихата согласно приложению 2 к настоящему решению.

      3. Настоящее решение вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Председатель Костанайского городского маслихата О. Байгабулов

  Приложение 1
  к решению маслихата
  от 9 февраля 2024 года
  № 80

Размер и порядок оказания жилищной помощи в городе Костанае

      1. Жилищная помощь предоставляется за счет средств местного бюджета малообеспеченным семьям (гражданам) (далее – услугополучатель), постоянно зарегистрированным и проживающим в городе Костанае в жилище, которое находится на праве собственности как единственное жилище на территории Республики Казахстан, а также нанимателям (поднанимателям) жилища из государственного жилищного фонда и жилища, арендованного местным исполнительным органом в частном жилищном фонде, на оплату:

      расходов на управление объектом кондоминиума и содержание общего имущества объекта кондоминиума, в том числе капитальный ремонт общего имущества объекта кондоминиума;

      потребления коммунальных услуг и услуг связи в части увеличения абонентской платы за телефон, подключенный к сети телекоммуникаций;

      расходов за пользование жилищем из государственного жилищного фонда и жилищем, арендованным местным исполнительным органом в частном жилищном фонде.

      Расходы услугополучателя, принимаемые к исчислению жилищной помощи, определяются как сумма расходов по каждому из вышеуказанных направлений.

      2. Назначение жилищной помощи осуществляется государственным учреждением "Отдел занятости и социальных программ акимата города Костаная" (далее - услугодатель).

      3. Совокупный доход услугополучателя исчисляется услугодателем, в порядке, определяемом приказом Министра промышленности и строительства Республики Казахстан "Об утверждении Правил предоставления жилищной помощи" от 8 декабря 2023 года № 117 (зарегистрирован в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов под № 33763) (далее - Правила).

      4. Жилищная помощь определяется как разница между суммой оплаты расходов на управление объектом кондоминиума и содержание общего имущества объекта кондоминиума, в том числе капитальный ремонт общего имущества объекта кондоминиума, потребление коммунальных услуг и услуг связи в части увеличения абонентской платы за телефон, подключенный к сети телекоммуникаций, пользование жилищем из государственного жилищного фонда и жилищем, арендованным местным исполнительным органом в частном жилищном фонде, и предельно допустимым уровнем расходов услугополучателя на эти цели.

      Предельно допустимый уровень расходов к совокупному доходу услугополучателя установлен в размере пяти (5) процентов.

      При назначении жилищной помощи принимается норма площади в размере не менее 15 (пятнадцати) квадратных метров и не более 18 (восемнадцати) квадратных метров полезной площади на человека, но не менее однокомнатной квартиры или комнаты в общежитии.

      5. Выплата компенсации повышения тарифов абонентской платы за оказание услуг телекоммуникации социально защищаемым гражданам осуществляется в соответствии с приказом Министра цифрового развития, инноваций и аэрокосмической промышленности Республики Казахстан от 28 июля 2023 года № 295/НҚ "Об определении размера и утверждении Правил компенсации повышения тарифов абонентской платы за оказание услуг телекоммуникаций социально защищаемым гражданам" (зарегистрирован в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов под № 33200).

      6. Услугополучатель (либо его представитель в силу полномочия, основанного на доверенности, законодательстве, решении суда либо административном акте) обращается за назначением жилищной помощи один раз в квартал в некоммерческое акционерное общество "Государственная корпорация "Правительство для граждан" (далее – Государственная корпорация) или веб-портал "электронного правительства", согласно Правилам.

      Срок рассмотрения документов и принятия решения о предоставлении жилищной помощи либо мотивированный ответ об отказе со дня принятия полного комплекта документов от Государственной корпорации либо через веб-портал "электронного правительства" составляет 8 (восемь) рабочих дней.

      7. Жилищная помощь оказывается по предъявленным поставщиками счетам о ежемесячных взносах на управление объектом кондоминиума и содержание общего имущества объекта кондоминиума, в том числе капитальный ремонт общего имущества объекта кондоминиума согласно смете расходов и счетам на оплату коммунальных услуг за счет бюджетных средств услугополучателям.

      8. Назначение жилищной помощи осуществляется в пределах средств, предусмотренных в бюджете города на соответствующий финансовый год, услугополучателям.

      9. Выплата жилищной помощи услугополучателю осуществляется услугодателем через банки второго уровня путем перечисления начисленных сумм на лицевые счета получателей жилищной помощи или поставщиков услуг.

  Приложение 2
  к решению маслихата
  от 9 февраля 2024 года
  № 80

Перечень признанных утратившими силу некоторых решений Костанайского городского маслихата

      1. Решение Костанайского городского маслихата "Об утверждении Правил оказания жилищной помощи" от 9 февраля 2015 года № 291 (зарегистрировано в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов под № 5400).

      2. Решение Костанайского городского маслихата "О внесении изменений в решение маслихата от 09 февраля 2015 года № 291 "Об утверждении Правил оказания жилищной помощи" от 22 декабря 2015 года № 397 (зарегистрировано в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов под № 6136).

      3. Решение Костанайского городского маслихата "О внесении изменений в решение маслихата от 9 февраля 2015 года № 291 "Об утверждении Правил оказания жилищной помощи" от 3 июня 2016 года № 42 (зарегистрировано в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов под № 6511).

      4. Решение Костанайского городского маслихата "О внесении изменений в решение маслихата от 9 февраля 2015 года № 291 "Об утверждении Правил оказания жилищной помощи" от 27 января 2017 года № 104 (зарегистрировано в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов под № 6828).

      5. Решение Костанайского городского маслихата "О внесении изменений в решение маслихата от 09 февраля 2015 года № 291 "Об утверждении Правил оказания жилищной помощи" от 12 октября 2018 года № 292 (зарегистрировано в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов под № 8112).

      6. Решение Костанайского городского маслихата "О внесении изменений в решение маслихата от 9 февраля 2015 года № 291 "Об утверждении Правил оказания жилищной помощи" от 31 марта 2020 года № 465 (зарегистрировано в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов под № 9111).

      7. Решение Костанайского городского маслихата "О внесении изменений в решение маслихата от 9 февраля 2015 года № 291 "Об утверждении Правил оказания жилищной помощи" от 1 ноября 2021 года № 63 (зарегистрировано в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов под № 25143).

      8. Решение Костанайского городского маслихата "О внесении изменения в решение маслихата от 9 февраля 2015 года № 291 "Об определении размера и порядка оказания жилищной помощи в городе Костанае" от 14 июня 2023 года № 35 (зарегистрировано в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов под № 10031).

      9. Решение Костанайского городского маслихата "О внесении изменения в решение маслихата от 9 февраля 2015 года № 291 "Об определении размера и порядка оказания жилищной помощи в городе Костанае" от 2 ноября 2023 года № 62 (зарегистрировано в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов под № 10073).

Қостанай қаласында тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібін айқындау туралы

Қостанай облысы Қостанай қаласы мәслихатының 2024 жылғы 9 ақпандағы № 80 шешімі. Қостанай облысының Әділет департаментінде 2024 жылғы 15 ақпанда № 10142-10 болып тіркелді

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының Заңының 6-бабына, "Тұрғын үй қатынастары туралы" Қазақстан Республикасының Заңының 97-бабына сәйкес Қостанай қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Қостанай қаласында тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібі осы шешімнің 1-қосымшасына сәйкес айқындалсын.

      2. Қостанай қалалық мәслихатының кейбір шешімдерінің күші осы шешімнің 2-қосымшасына сәйкес күші жойылды деп танылсын.

      3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қостанай қалалық мәслихатының төрағасы О. Байгабулов

  Мәслихаттың
  2024 жылғы 9 ақпандағы
  № 80 шешімінің
  1-қосымшасы

Қостанай қаласында тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібі

      1. Тұрғын үй көмегі жергілікті бюджет қаражаты есебінен Қостанай қаласында тұратын, Қазақстан Республикасының аумағындағы жалғыз тұрғынжайы ретінде меншік құқығындағы тұрғынжайда тұрақты тіркелген және тұратын аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға) (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті алушылар), сондай-ақ мемлекеттік тұрғын үй қорынан берілген тұрғынжайды және жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалға алған тұрғынжайды жалдаушыларға (қосымша жалдаушыларға):

      кондоминиум объектісін басқаруға және кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға, оның ішінде кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күрделі жөндеуге жұмсалатын шығыстарға;

      коммуналдық қызметтерді және телекоммуникация желісіне қосылған телефон үшін абоненттік төлемақының өсуі бөлігінде байланыс қызметтерін тұтынуға;

      мемлекеттік тұрғын үй қорынан берілген тұрғынжайды және жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғынжайды пайдаланғаны үшін шығыстарды төлеуге беріледі.

      Көрсетілетін қызметті алушылардың тұрғын үй көмегін есептеуге қабылданатын шығыстары жоғарыда көрсетілген бағыттардың әрқайсысы бойынша шығыстардың жиыны ретінде айқындалады.

      2. Тұрғын үй көмегін тағайындау "Қостанай қаласы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесімен (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) жүзеге асырылады.

      3. Көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушының жиынтық кірісін "Тұрғын үй көмегін беру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 2023 жылғы 8 желтоқсандағы № 117 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 33763 болып тіркелген) (бұдан әрі – Қағида) айқындалған тәртіппен есептейді.

      4. Тұрғын үй көмегі кондоминиум объектісін басқаруға және кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға, оның ішінде кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күрделі жөндеуге жұмсалатын шығыстарды, коммуналдық қызметтерді және телекоммуникация желісіне қосылған телефон үшін абоненттік төлемақының өсуі бөлігінде байланыс қызметтерін тұтынуға, мемлекеттік тұрғын үй қорынан берілген тұрғынжайды және жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғынжайды пайдаланғаны үшін шығыстарды төлеу сомасы мен көрсетілетін қызметті алушылардың осы мақсаттарға жұмсайтын шығыстарының шекті жол берілетін деңгейінің арасындағы айырма ретінде айқындалды.

      Көрсетілетін қызметті алушының жиынтық кірісіне шығыстарының шекті жол берілетін деңгейі бес (5) процент мөлшерінде айқындалды.

      Тұрғын үй көмегін тағайындау кезінде бір адамға 15 (он бес) шаршы метрден кем емес және 18 (он сегіз) шаршы метрден артық емес, бірақ бір бөлмелі пәтерден немесе жатақханадағы бөлмеден кем емес аудан нормасы қабылданады.

      5. "Әлеуметтік қорғалатын азаматтарға телекоммуникация қызметтерін көрсеткені үшін абоненттік төлемақы тарифтерінің өсуін өтеу мөлшерін айқындау және қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 2023 жылғы 28 шiлдедегi № 295/НҚ бұйрығына сәйкес әлеуметтік қорғалатын азаматтарға телекоммуникация қызметтерін көрсеткені үшін абоненттік төлемақы тарифінің көтерілуіне өтемақы төлемі жүзеге асырылады (Нормативтік құқытық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 33200 болып тіркелген).

      6. Көрсетілетін қызметті алушы (немесе оның сенiмхатқа, заңдарға, сот шешiмiне не әкiмшiлiк құжатқа негiзделген өкiлi) Қағидаға сәйкес "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамына (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация) немесе "электрондық үкімет" веб-порталына тоқсанына бір рет жүгінеді.

      Құжаттарды қарау және тұрғын үй көмегін көрсету туралы шешім қабылдау немесе көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап беру мерзімі Мемлекеттік корпорациядан немесе "электрондық үкіметтің" веб-порталынан құжаттардың толық топтамасын алған күннен бастап 8 (сегіз) жұмыс күнін құрайды.

      7. Тұрғын үй көмегі көрсетілген қызметті алушыларға кондоминиум объектісін басқаруға және кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға, оның ішінде кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күрделі жөндеуге жеткізушілер ұсынған ай сайынғы жарналар туралы шоттарға және шығыстар сметасына сәйкес бюджет қаражаты есебінен көрсетіледі.

      8. Тұрғын үй көмегін тағайындау көрсетілетін қызметті алушыларға тиісті қаржы жылына арналған қала бюджетінде көзделген қаражат шегінде жүзеге асырылады.

      9. Көрсетілетін қызметті алушыға тұрғын үй көмегін төлеу есептелген сомаларды тұрғын үй көмегін алушылардың немесе қызмет көрсетушілердің жеке шоттарына екінші деңгейдегі банктер арқылы аудару жолымен жүзеге асырады.

  Мәслихаттың
  2024 жылғы 9 ақпандағы
  № 80 шешімінің
  2-қосымшасы

Қостанай қалалық мәслихатының күші жойылды деп танылған кейбір шешімдерінің тізбесі

      1. Қостанай қалалық мәслихатының "Тұрғын үй көмегін көрсету қағидасын бекіту туралы" 2015 жылғы 9 ақпандағы № 291 шешімі (Нормативтік құқытық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5400 болып тіркелген).

      2. Қостанай қалалық мәслихатының "Мәслихаттың "Тұрғын үй көмегін көрсету қағидасын бекіту туралы" 2015 жылғы 09 ақпандағы № 291 шешіміне өзгерістер енгізу туралы" 2015 жылғы 22 желтоқсандағы № 397 шешімі (Нормативтік құқытық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6136 болып тіркелген).

      3. Қостанай қалалық мәслихатының "Мәслихаттың "Тұрғын үй көмегін көрсету қағидасын бекіту туралы" 2015 жылғы 9 ақпандағы № 291 шешіміне өзгерістер енгізу туралы" 2016 жылғы 3 маусымдағы № 42 шешімі (Нормативтік құқытық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6511 болып тіркелген).

      4. Қостанай қалалық мәслихатының "Мәслихаттың "Тұрғын үй көмегін көрсету қағидасын бекіту туралы" 2015 жылғы 9 ақпандағы № 291 шешіміне өзгерістер енгізу туралы" 2017 жылғы 27 қаңтардағы № 104 шешімі (Нормативтік құқытық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6828 болып тіркелген).

      5. Қостанай қалалық мәслихатының "Мәслихаттың "Тұрғын үй көмегін көрсету қағидасын бекіту туралы" 2015 жылғы 09 ақпандағы № 291 шешіміне өзгерістер енгізу туралы" 2018 жылғы 12 қазандағы № 292 шешімі (Нормативтік құқытық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8112 болып тіркелген).

      6. Қостанай қалалық мәслихатының "Мәслихаттың "Тұрғын үй көмегін көрсету қағидасын бекіту туралы" 2015 жылғы 9 ақпандағы № 291 шешіміне өзгерістер енгізу туралы" 2020 жылғы 31 наурыздағы № 465 шешімі (Нормативтік құқытық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9111 болып тіркелген).

      7. Қостанай қалалық мәслихатының "Мәслихаттың "Тұрғын үй көмегін көрсету қағидасын бекіту туралы" 2015 жылғы 9 ақпандағы № 291 шешіміне өзгерістер енгізу туралы" 2021 жылғы 1 қарашадағы № 63 шешімі (Нормативтік құқытық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 25143 болып тіркелген).

      8. Қостанай қалалық мәслихатының "Мәслихаттың "Қостанай қаласында тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібін айқындау туралы" 2015 жылғы 9 ақпандағы № 291 шешіміне өзгеріс енгізу туралы" 2023 жылғы 14 маусымдағы № 35 шешімі (Нормативтік құқытық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10031 болып тіркелген).

      9. Қостанай қалалық мәслихатының "Мәслихаттың "Қостанай қаласында тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібін айқындау туралы" 2015 жылғы 9 ақпандағы № 291 шешіміне өзгеріс енгізу туралы" 2023 жылғы 2 қарашадағы № 62 шешімі (Нормативтік құқытық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10073 болып тіркелген).