"Қостанай қаласында тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібін айқындау туралы" мәслихаттың 2015 жылғы 9 ақпандағы № 291 шешіміне өзгеріс енгізу туралы

Күшін жойған

Қостанай облысы Қостанай қаласы мәслихатының 2023 жылғы 2 қарашадағы № 62 шешімі. Қостанай облысының Әділет департаментінде 2023 жылғы 3 қарашада № 10073 болып тіркелді. Күші жойылды - Қостанай облысы Қостанай қаласы мәслихатының 2024 жылғы 9 ақпандағы № 80 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Қостанай облысы Қостанай қаласы мәслихатының 09.02.2024 № 80 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      Қостанай қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. "Қостанай қаласында тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібін айқындау туралы" мәслихаттың 2015 жылғы 9 ақпандағы № 291 шешіміне (Нормативтік құқытық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5400 болып тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін:

      Көрсетілген шешімнің 1-қосымшасында 5-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

      "5. "Әлеуметтік қорғалатын азаматтарға телекоммуникация қызметтерін көрсеткені үшін абоненттік төлемақы тарифтерінің өсуін өтеу мөлшерін айқындау және қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 2023 жылғы 28 шiлдедегi № 295/НҚ бұйрығына сәйкес әлеуметтік қорғалатын азаматтарға телекоммуникация қызметтерін көрсеткені үшін абоненттік төлемақы тарифінің көтерілуіне өтемақы төлемі жүзеге асырылады (Нормативтік құқытық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 33200 болып тіркелген).".

      2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қостанай қалалық мәслихатының төрағасы О. Байгабулов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады