"Қостанай қаласында тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібін айқындау туралы" мәслихаттың 2024 жылғы 9 ақпандағы № 80 шешіміне өзгеріс енгізу туралы

Жаңа

Қостанай облысы Қостанай қаласы мәслихатының 2024 жылғы 27 желтоқсандағы № 141 шешімі. Қостанай облысының Әділет департаментінде 2024 жылғы 31 желтоқсанда № 10347-10 болып тіркелді

      Қостанай қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. "Қостанай қаласында тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібін айқындау туралы" мәслихаттың 2024 жылғы 9 ақпандағы № 80 шешіміне (Нормативтік құқытық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10142-10 болып тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін:

      көрсетілген шешімнің 1-қосымшасындағы 6-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

      "6. Көрсетілетін қызметті алушы (немесе оның сенiмхатқа, заңдарға, сот шешiмiне не әкiмшiлiк құжатқа негiзделген өкiлi) тұрғын үй көмегін тағайындау үшін Қағидаларға сәйкес "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамына (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация) немесе "электрондық үкімет" веб-порталына тоқсанына бір рет жүгінеді.

      "Тұрғый үй көмегін тағайындау" мемлекеттік қызметті көрсетуге қойылатын негізі талаптардың тізбесі Қағидаларға 2-қосымшада көрсетілген.".

      2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қостанай қалалық мәслихаты төрағасының өкілеттіктерін уақытша жүзеге асырушы А. Исмаилов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады