Мәслихаттың 2015 жылғы 09 ақпандағы № 291 "Тұрғын үй көмегін көрсету қағидасын бекіту туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған

Қостанай облысы Қостанай қаласы мәслихатының 2015 жылғы 22 желтоқсандағы № 397 шешімі. Қостанай облысының Әділет департаментінде 2016 жылғы 14 қаңтарда № 6136 болып тіркелді. Күші жойылды - Қостанай облысы Қостанай қаласы мәслихатының 2024 жылғы 9 ақпандағы № 80 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Қостанай облысы Қостанай қаласы мәслихатының 09.02.2024 № 80 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      "Тұрғын үй қатынастары туралы" Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуірдегі Заңының 97-бабына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6-бабына сәйкес Қостанай қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Мәслихаттың 2015 жылғы 09 ақпандағы № 291 "Тұрғын үй көмегін көрсету қағидасын бекіту туралы" шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5400 тіркелген, 2015 жылғы 17 наурызда "Наш Костанай" газетінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген шешіммен бекітілген Тұрғын үй көмегін көрсету қағидасындағы:

      2, 3, 4-тармақтар жаңа редакцияда жазылсын:

      "2. Тұрғын үй көмегін "Қостанай қаласы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалары бөлімі" мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі - уәкілетті орган) көрсетеді.

      Тұрғын үй көмегін тағайындау үшін көрсетілетін қызметті алушы "Халыққа қызмет көрсету орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының Қостанай облысы бойынша филиалының Қостанай бөліміне (бұдан әрі – ХҚКО) немесе www.egov.kz "электрондық үкіметтің" веб-порталына (бұдан әрі - портал) балама негізде өтініш береді және "Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 9 сәуірдегі № 319 бұйрығымен бекітілген "Тұрғын үй көмегін тағайындау" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 9-тармағында көрсетілген құжаттарды ұсынады.

      3. Уәкілетті орган тұрғын үй көмегін көрсету нәтижесін ХҚКО-ға құжаттар топтамасын тапсырған күннен бастап, сондай-ақ порталға өтініш берген кезде ұсынады - күнтізбелік 10 (он) күн.

      4. Тұрғын үй көмегі өтініш беру айынан бастап тағайындалады және көрсетілетін қызметті алушы өтініш жасаған ағымдағы тоқсанға көрсетіледі.";

      7-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

      "7. Көрсетілетін қызметті алушымен ұсынылған табыстардың сәйкессіздігі анықталған жағдайда мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алынған табыстар туралы мәліметтер есепке алынады.

      Артық төленген сомалар бюджетке қайтарылады, ал көрсетілетін қызметті алушы өз еркімен қайтарудан бас тартқан жағдайда, уәкілетті орган аударылған төлемдерді Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте төлетеді.".

      2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Сессия төрағасы, № 11 сайлау


округі бойынша депутаты

С. Сотников

Қостанай қалалық


мәслихатының хатшысы

Н. Халыков

      КЕЛІСІЛДІ

      "Қостанай қаласы әкімдігінің

      жұмыспен қамту және әлеуметтік

      бағдарламалары бөлімі" мемлекеттік

      мекемесінің басшысы

      __________________ С. Умаров

      22 желтоқсан 2015 жыл


      "Қостанай қаласы әкімдігінің

      экономика және бюджеттік

      жоспарлау бөлімі" мемлекеттік

      мекемесінің басшысы

      __________________ Н. Дорошок

      22 желтоқсан 2015 жыл



Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады