6. Алынып тасталды - ҚР Үкіметінің 13.03.2013 N 231 қаулысымен.
7. Қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкiметiнің кейбiр шешiмдерiнiң күші жойылды деп танылсын.
8. Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлiгi осы қаулыдан туындайтын қажетті шараларды қабылдасын.
9. Осы қаулы Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрлiгi туралы ереженің 2005 жылғы 1 қаңтардан бастап күшiне енетiн 10-тармағының сегізiншi абзацын, 11-тармағы 6) тармақшасының алтыншы және тоғызыншы абзацтарын, 12-тармағының 4), 5), 7) және 9) тармақшаларын қоспағанда, қол қойылған күнiнен бастап күшіне енедi.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Қазақстан Республикасы
Үкiметiнiң
2004 жылғы 29 қазандағы
N 1132 қаулысымен
бекiтiлген
Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік
қорғау министрлігі туралы
ереже
Ескерту. Ереже жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 13.03.2013 N 231 қаулысымен.
1. Жалпы ережелер
1. Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі (бұдан әрі – Министрлік) әлеуметтік-еңбек саласында басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.
2. Министрліктің ведомстволары – Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрлiгiнiң Көшi-қон комитетi және Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Бақылау және әлеуметтік қорғау комитеті бар.
3. Министрлік өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
4. Министрлік мемлекеттік мекеме ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде өз атауы бар мөрі мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.
5. Министрлік азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.
6. Министрліктің, егер Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес осыған уәкілеттік берілген болса, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.
7. Министрлік өз құзыретінің мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен Министрлік басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.
8. Министрліктің құрылымы мен штат санының лимиті Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес бекітіледі.
9. Министрліктің орналасқан жері: 010000, Астана қаласы, сол жағалау, Орынбор көшесі, № 8-үй, 6-кіреберіс, «Министрліктер үйі» әкімшілік ғимараты.
10. Мемлекеттік органның толық атауы – «Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі» мемлекеттік мекемесі.
11. Осы Ереже Министрліктің құрылтай құжаты болып табылады.
12. Министрліктің қызметін қаржыландыру республикалық бюджеттен жүзеге асырылады.
13. Министрлікке өзінің функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында кәсіпкерлік субъектілерімен шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.
Егер Министрлікке заңнамалық актілермен кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда осындай қызметтен алынған кірістер республикалық бюджеттің кірісіне жіберіледі.
2. Мемлекеттік органның миссиясы, негізгі міндеттері,
функциялары, құқықтары мен міндеттері
14. Министрліктің миссиясы: азаматтардың еңбек, жұмыспен қамту және әлеуметтік қамсыздандыру саласындағы конституциялық кепілдіктері мен құқықтарын қамтамасыз ету арқылы халықтың өмір сүру деңгейі мен сапасын арттыруға ықпал ету.
15. Міндеттері:
1) еңбек, оның ішінде еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау;
2) жұмыспен қамту;
3) әлеуметтік қамсыздандыру, оның ішінде зейнетақымен қамсыздандыру және міндетті әлеуметтік сақтандыру;
4) мүгедектерді әлеуметтік қорғау;
5) балалы отбасыларды әлеуметтік қолдау;
6) азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек көрсету;
7) арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету;
8) өз құзыреті шегінде халықтың көші-қоны саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру;
9) Қазақстан Республикасының заңнамасында Министрлікке жүктелген өзге де міндеттер саласындағы мемлекеттік саясатты қалыптастыру және іске асыру, салааралық үйлестіруді және мемлекеттік басқаруды жүзеге асыру.
16. Функциялары:
орталық аппараттың функциялары:
1) еңбек, халықты жұмыспен қамту, әлеуметтік қорғау саласындағы мемлекеттік саясатты қалыптастырады;
2) алынып тасталды - ҚР Үкіметінің 18.10.2013 № 1115 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
3) өзінің қызметі саласында халықаралық ынтымақтастықты жүзеге асырады;
4) еңбек, оның ішінде еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау; жұмыспен қамту; әлеуметтік қамсыздандыру, оның ішінде зейнетақымен қамсыздандыру және міндетті әлеуметтік сақтандыру; мүгедектерді әлеуметтік қорғау, оның ішінде медициналық-әлеуметтік сараптама саласында; өз құзыреті шегінде халықтың көші-қоны; балалы отбасыларды әлеуметтік қолдау; азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек көрсету; арнаулы әлеуметтік қызметтер саласындағы; сондай-ақ мүгедектігі бойынша, асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша және жасына байланысты берілетін мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақыларды; арнаулы мемлекеттік жәрдемақыны; жерасты және ашық кен жұмыстарында, еңбек жағдайлары ерекше зиянды және ерекше ауыр жұмыстарда істеген адамдарға берілетін мемлекеттік арнайы жәрдемақыны (бұдан әрі – мемлекеттік арнайы жәрдемақы); банкроттық салдарынан таратылған заңды тұлғалардың қызметкерлерінің өмірі мен денсаулығына келтірген зиянды өтеу жөніндегі төлемдерді капиталдандыру кезеңі аяқталғаннан кейін берілетін ай сайынғы төлемдерді; Семей ядролық сынақ полигонындағы ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен азаматтарға, саяси қуғын-сүргіндер құрбандарына арналған біржолғы ақшалай өтемақыны, жерлеуге берілетін біржолғы төлемді тағайындау және төлеу мәселелері бойынша нормативтік құқықтық актілерді әзірлейді, бекітеді;
5) еңбек, еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау мәселелері бойынша әдістемелік ұсынымдарды әзірлейді және бекітеді;
6) еңбек қауіпсіздігін және еңбекті қорғауды қамтамасыз ету саласында басқа мемлекеттік органдармен, сондай-ақ қызметкерлердің және жұмыс берушілердің өкілдерімен үйлестіруді және өзара іс-қимылды жүзеге асырады;
6-1) еңбек инспекциясы жөніндегі жергілікті органның қызметін үйлестіруді жүзеге асырады;
7) еңбек жөніндегі үлгі нормалар мен нормативтерді ауыстыру және қайта қарау тәртібін белгілейді;
8) қызметтеріне (тауарларына, жұмыстарына) тарифтерді (бағаларды, алым ставкаларын) мемлекеттік реттеу енгізілетін ұйымдарда еңбек нормаларын ұсыну, қарау және келісу тәртібін белгілейді;
9) қызметтеріне (тауарларына, жұмыстарына) тарифтерді (бағаларды, алым ставкаларын) мемлекеттік реттеу енгізілетін ұйымдардың қызметкерлеріне еңбекақы төлеу жүйесі бойынша параметрлерді ұсыну, қарау және келісу тәртібін белгілейді;
10) жұмыс берушінің қаражаты есебінен қызметкерлерге сүт, емдік-профилактикалық тағам, арнайы киім, арнайы аяқ киім және басқа да жеке қорғану құралдарын беру тәртібі мен нормаларын, сондай-ақ оларды ұжымдық қорғану құралдарымен, санитариялық-тұрмыстық үй-жайлармен және құрылғылармен қамтамасыз ету тәртібін әзірлейді;
11) біліктілік анықтамалықтарды және сипаттамаларды әзірлеу, қайта қарау, бекіту және қолдану тәртібін айқындайды;
12) экономикалық қызметтің әрқилы түрдегі ұйымдарының басшылары, мамандары мен басқа да қызметшілері лауазымдарының үлгі біліктілік сипаттамаларын келіседі;
13) тиісті қызмет салаларындағы уәкілетті мемлекеттік органдардың еңбек жөніндегі үлгі нормалары мен нормативтерін бекіту тәртібін белгілейді;
14) тиісті қызмет салаларының мемлекеттік органдары бекіткен еңбек жөніндегі үлгі нормалары мен нормативтерін келіседі;
15) әлеуметтік-еңбек саласы қызметінің еңбек жөніндегі үлгі нормалары мен нормативтерін бекітеді;
16) әлеуметтік-еңбек саласы қызметінің басшылары, мамандары мен басқа да қызметшілері лауазымдарының үлгілік біліктілік сипаттамаларын бекітеді;
17) оларда жұмыс істеу жұмыс уақытының қысқартылған ұзақтығына, жыл сайынғы ақылы қосымша еңбек демалысына және еңбекақының жоғарылатылған мөлшеріне құқық беретін өндірістердің, цехтардың, кәсіптер мен лауазымдардың тізімін, ауыр жұмыстардың, еңбек жағдайлары зиянды (ерекше зиянды) және (немесе) қауіпті жұмыстардың тізбесін айқындайды;
18) еңбек жағдайлары зиянды (ерекше зиянды) және (немесе) қауіпті жұмыстарда жұмыс істейтін қызметкер үшін жұмыс уақытының қысқартылған ұзақтығын, жыл сайынғы ақылы қосымша еңбек демалысын және еңбекақының жоғарылатылған мөлшерін беру тәртібін бекітеді;
19) Жұмысшылардың жұмыстары мен кәсіптерінің бірыңғай тарифтік-біліктілік анықтамалығын, жұмысшылар кәсіптерінің тарифтік-біліктілік сипаттамаларын, Басшылардың, мамандар мен басқа да қызметшілер лауазымдарының біліктілік анықтамалығын бекітеді;
20) мемлекеттік мекемелер мен қазыналық кәсіпорындардың қызмет салаларының барлығына ортақ мамандарының жекелеген лауазымдарының біліктілік сипаттамаларын бекітеді;
21) білім беру саласындағы уәкілетті мемлекеттік органмен бірлесіп ұлттық біліктілік шеңберін әзірлейді және бекітеді;
22) әлеуметтік-еңбек саласының салалық біліктілік шеңберін бекітеді;
23) кәсіби стандарттардың құрылымын, оларды әзірлеу, қайта қарау, сынақтан өткізу және қолдану тәртібін бекітеді;
24) әлеуметтік-еңбек саласы қызметкерлерінің кәсіби стандарттарын әзірлейді және бекітеді;
25) тиісті қызмет салалары ұйымдарының кәсіби стандарттарын келіседі;
26) Кәсіби стандарттар тізілімін жүргізудің нысанын бекітеді;
27) әлеуметтік әріптестік жүйесін реттеу жөнінде ұсыныстар әзірлейді;
28) экономика салаларының кадрларға қажеттілігін салалар, мамандықтар және өңірлер бөлінісінде айқындау әдістемесін әзірлейді және бекітеді;
29) ағымдағы бос орындар және болжамды жұмыс орындарының дерекқорына қосу үшін қажетті мамандықтар мен бос жұмыс орындары туралы мәліметтерді ұсынуға арналған нысандарды әзірлейді және бекітеді;
30) өндірістердің, жұмыстардың, пайдасына міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарының салымшылары меншікті қаражаты есебінен міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын төлеуді жүзеге асыратын, еңбек жағдайлары зиянды (ерекше зиянды) жұмыстармен айналысатын қызметкерлер кәсіптерінің тізбесін әзірлейді;
30-1) міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын жүзеге асыру қағидаларын әзірлейді;
30-2) бала бір жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты табысынан айырылған жағдайда Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан төленетін әлеуметтік төлемдерді алушыларға міндетті зейнетақы жарналарын субсидиялау қағидаларын әзірлейді;
30-3) салымшылардың (алушылардың) нақты енгізілген міндетті зейнетақы жарналарының, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарының сомаларына тиісті қаржы жылындағы инфляцияның деңгейін ескере отырып мониторингті жүзеге асырады;
30-4) зейнетақы төлемдерін алушыларға бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорындағы міндетті зейнетақы жарналарының, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарының нақты енгізілген міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары мөлшерінде сақталуы бойынша алушының зейнетақы төлемдеріне құқықты иеленуі кезіндегі инфляцияның деңгейін ескере отырып, мемлекет кепілдіктерін орындау қағидаларын әзірлейді;
30-5) Құрылымдық бөлімшелер мен ведомстволық бағынысты ұйымдардың өзара іс-қимыл тәртібі туралы нұсқаулықты әзірлейді және бекітеді;
31) Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталықтан (бұдан әрі – Орталық) төленетін зейнетақы төлемдерінің мөлшерін жыл сайын арттыру тәртібін әзірлейді;
32) Орталықтан төленетін зейнетақы төлемдерін бір жарым есе мөлшерде тағайындау үшін еңбек өтілін жеңілдікпен есептеу үшін сот-медициналық сараптамасын және патологиялық-анатомиялық диагностиканы жүзеге асыратын ұйымдардағы жұмыстар тізбесін әзірлейді;
33) толық маусым ішіндегі жұмыс зейнетақы тағайындау үшін бір жылғы жұмыс өтіліне есепке алынатын маусымдық өнеркәсіп салаларының тізімін әзірлейді;
34) Орталықтан төленетін зейнетақы төлемдерінің мөлшерін есептеу үшін өндірістердің, жұмыстардың, кәсіптердің, лауазымдар мен көрсеткіштердің № 1 тізімін әзірлейді;
35) салымшылардың (алушылардың) міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары бойынша дерекқорын қалыптастыру қағидаларын және міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарт жасасқан жеке тұлғалардың бірыңғай тізімін әзірлейді және бекітеді;
36) алынып тасталды - ҚР Үкіметінің 18.10.2013 № 1115 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
37) Орталықтан төленетін зейнетақы және әлеуметтік төлемдерді тағайындау және төлеу қағидаларын әзiрлейдi;
38) алынып тасталды - ҚР Үкіметінің 18.10.2013 № 1115 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
39) алынып тасталды - ҚР Үкіметінің 18.10.2013 № 1115 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
40) бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын есептеу, ұстап қалу (есебіне жазу) және аудару тәртібі мен мерзімдерін әзірлейді;
41) 2005 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша әлеуметтік жеке кодының және (немесе) салық төлеушінің тіркеу нөмірінің және (немесе) жинақтаушы зейнетақы қорларымен жасалған зейнетақымен қамсыздандыру туралы шартының болмауына байланысты тұрған жері белгісіз бұрынғы қызметкерлердің табыстарынан агенттер ұстап қалған және аудармаған міндетті зейнетақы жарналарын аудару қағидаларын әзірлейді;
42) алынып тасталды - ҚР Үкіметінің 18.10.2013 № 1115 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
43) бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан төленетін міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары есебінен қалыптасқан зейнетақы жинақтарынан зейнетақы төлемдерін жүзеге асыру қағидаларын және зейнетақы төлемдерінің мөлшерін есептеуді жүзеге асыру әдістемесін әзірлейді;
44) алынып тасталды - ҚР Үкіметінің 18.10.2013 № 1115 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
45) алынып тасталды - ҚР Үкіметінің 18.10.2013 № 1115 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
46) бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының Орталыққа салымшылармен (алушылармен) міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы жасалған және қолданысын тоқтатқан шарттар жөніндегі мәліметтерді электрондық құжат айналымын пайдалана отырып ұсынуы қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
46-1) зейнетақымен қамсыздандыру мәселелері бойынша кадрлар даярлауды және біліктілігін арттыруды ұйымдастырады;
47) әлеуметтік аударымдарды есептеудің және аударудың тәртібі мен мерзімін әзірлейді;
48) Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорының (бұдан әрі – Қор) басшы қызметкерлерін тағайындауға келісім береді;
49) Қазақстан Республикасының мемлекеттік бақылау және қадағалау туралы заңнамасында белгіленген тәртіппен Қордың қызметін ішкі бақылауды жүзеге асырады;
50) Қордың қаржылық орнықтылығын қамтамасыз ететін нормалар мен лимиттерді әзірлейді;
51) Қор активтерін инвестициялау үшін қаржы құралдарының тізбесін әзірлейді;
52) Қордың бағалы қағаздарға және басқа да қаржы құралдарына байланысты қызметті жүзеге асыру тәртібін әзірлейді;
53) Қор активтерінен алынатын комиссиялық сыйақының пайыздық мөлшерлемесінің шекті шамасын белгілеу туралы жыл сайын ұсыныс әзірлейді;
54) Қордан төленетін әлеуметтік төлемдердің мөлшерін есептеу (айқындау), тағайындау, қайта есептеу және арттыру қағидаларын әзірлейді;
55) еңбек ету қабілетінен айырылу және асыраушысынан айырылу жағдайларына, Қордан төленетін әлеуметтік төлемдердің мөлшерлерін арттыру туралы ұсыныс әзірлейді;
56) әлеуметтік төлемдер тағайындау жөніндегі уәкілетті органның, Орталықтың және (немесе) Қордың кінәсінен уақтылы алынбаған не толық алынбаған әлеуметтік төлемдер сомаларын төлеу қағидаларын әзірлейді;
57) мүгедектерді әлеуметтік қорғау және оңалту бойынша іс-шаралар жоспарын әзірлейді;
58) арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету стандарттарын әзірлейді;
59) әлеуметтік қызметкерлерге қойылатын біліктілік талаптарын әзірлейді және денсаулық сақтау және білім беру саласындағы уәкілетті органдармен келісім бойынша әлеуметтік қызметкерлерді аттестаттау тәртібін бекітеді;
60) арнаулы әлеуметтік қызметтерге қажеттілікті бағалау мен айқындау тәртібін әзірлейді және оларды денсаулық сақтау және білім беру саласындағы уәкілетті органдармен келісім бойынша бекітеді;
61) медициналық-әлеуметтік сараптаманы және мүгедектерді оңалтуды ұйымдастыру мен жүзеге асырудың жалпы қағидаттарын белгілейді;
62) арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету жүйесін әдістемелік қамтамасыз ету, оның ішінде арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету және халықты әлеуметтік қорғау саласындағы тәуекелдер дәрежесін бағалау жөнінде қызметті үйлестіруді жүзеге асырады (оның ішінде әдістемелік ұсынымдарды әзірлейді және бекітеді);
62-1) әлеуметтiк қызметтердi ғылыми-әдiстемелiк жағынан қамтамасыз ету жөнiндегi қызметтi үйлестiрудi жүзеге асырады;
63) облыс (республикалық маңызы бар қала, астана) деңгейінде жасалған салалық келісімдер мен өңірлік келісімдерді тіркеуді жүзеге асырады;
64) мемлекеттік еңбек инспекторларын аттестаттауды жүргізеді;
64-1) әлеуметтік-еңбек саласының кадрларын оқытуды және біліктілігін арттыруды ұйымдастырады;
65) Кәсіби стандарттар тізілімін жүргізуді жүзеге асырады;
66) алынып тасталды - ҚР Үкіметінің 18.10.2013 № 1115 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
67) еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау проблемалары бойынша ғылыми зерттеулер жүргізуді ұйымдастырады;
68) мемлекеттік мекемелердің мемлекеттік қызметші болып табылмайтын қызметкерлеріне және қазыналық кәсіпорындардың қызметкерлеріне еңбекақы төлеу; еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау; жұмыспен қамту; әлеуметтік қамсыздандыру, оның ішінде зейнетақымен қамсыздандыру және міндетті әлеуметтік сақтандыру; балалы отбасыларды әлеуметтік қолдау; азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек көрсету; мүгедектерді оңалту және арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету жүйелерін жетілдіру жөнінде ұсыныстар әзірлейді;
69) еңбек, еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау, жұмыспен қамту, әлеуметтік қамсыздандыру, мүгедектерді әлеуметтік қорғау, әлеуметтік көмек көрсету және арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органдардың, әлеуметтік қызметтердің жұмысын әдістемелік және ұйымдастырушылық үйлестіруді жүзеге асырады;
69-1) халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі аудандық (қалалық) және өңірлік комиссиялар туралы үлгі ережелерді әзірлейді және бекітеді;
70) еңбек нарығының бірыңғай ақпараттық базасын құру негізінде жұмыс күшіне сұраныс пен ұсынысты талдайды, болжам жасайды және халық пен Қазақстан Республикасының Үкіметін еңбек нарығының жай-күйі туралы хабардар етеді;
71) ішкі еңбек нарығын қорғау мақсатында инвестициялық келісімшарттар жобаларын қарауға қатысады;
72) Қазақстан Республикасының аумағында еңбек қызметін жүзеге асыру үшін шетелдік жұмыс күшін тартуға арналған квотаны облыстар, Астана және Алматы қалалары арасында Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген шекте және тәртіппен бөледі;
73) мүдделі органдармен бірлесе отырып, кадрларды даярлауға және оларды жұмысқа орналастыруға қажеттілікті айқындайды;
74) еңбек нарығының бірыңғай ақпараттық базасын қалыптастырады;
75) Қордың қаржылық орнықтылығын талдауды, бағалауды және бақылауды жүзеге асырады;
76) атаулы әлеуметтік көмек көрсету үшін өңірлерде ең төменгі күнкөріс деңгейінің нақты қалыптасқан шамасына негізделе отырып, кедейлік шегінің мөлшерін айқындайды;
77) халықтың мүгедектігінің деңгейі мен себептерін зерделейді;
78) өз құзыреті шегінде ерлер мен әйелдердің тең құқықтарын және тең мүмкіндіктерін қамтамасыз ету жөніндегі мемлекеттік саясатты іске асыруға қатысады;
79) өз құзыреті шегінде жеке және заңды тұлғалармен арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету мәселелері бойынша өзара іс-қимылды жүзеге асырады;
80) арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетудің түрлері мен нысандарын дамыту жөнінде ұсыныстар әзірлейді;
81) өз құзыреті шегінде халықтың көші-қоны саласындағы мемлекеттік саясатты іске асырады;
82) өз құзыреті шегінде халықтың көші-қоны мәселелері жөніндегі мемлекеттік органдардың қызметін ведомствоаралық үйлестіруді жүзеге асырады;
83) оралмандардың көшіп келу, ішкі көшіп-қонушылардың қоныс аудару квоталарын қалыптастыру, шетелдік жұмыс күшін тарту жөнінде ұсыныстар әзірлейді және Қазақстан Республикасының Үкіметіне енгізеді;
83-1) оралман мәртебесін беру тәртібін айқындайды;
84) оралмандардың көшіп келу, ішкі көшіп-қонушылардың қоныс аудару квоталарын облыстардың, республикалық маңызы бар қала мен астананың арасында бөледі;
85) халықтың көші-қоны саласындағы мемлекеттік саясатты қалыптастыру жөніндегі уәкілетті органға көші-қон процестері мониторингінің нәтижелерін ұсынады;
86) өз құзыреті шегінде көші-қон процестерін реттеу және мониторингілеу саласында шаралар жүйесін әзірлейді;
87) оралмандарды бейімдеу және кіріктіру орталықтары, уақытша орналастыру орталықтары қызметінің тәртібін айқындайды;
88) Қазақстан Республикасының заңдарында, Президентінің және Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де функцияларды жүзеге асырады.
Ведомстволардың функциялары:
1) еңбек, оның ішінде еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау; жұмыспен қамту; әлеуметтік қамсыздандыру, оның ішінде зейнетақымен қамсыздандыру және міндетті әлеуметтік сақтандыру; мүгедектерді әлеуметтік қорғау; балалы отбасыларды әлеуметтік қолдау; азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік қызмет көрсету, өз құзыреті шегінде халықтың көші-қоны саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру;
2) мемлекеттік базалық зейнетақы төлемін, мүгедектігі бойынша, асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша және жасына байланысты берілетін мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақыларды, Орталықтан және Қордан төленетін зейнетақы және әлеуметтік төлемдерді, бала бір жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты табысынан айырылған жағдайда әлеуметтік төлемдерді алушыларға бюджет қаражаты есебінен субсидияланатын міндетті зейнетақы жарналарының мөлшерін, арнаулы мемлекеттік жәрдемақыны, мемлекеттік арнайы жәрдемақыны, балалы отбасыларға берілетін мемлекеттік жәрдемақыны, банкроттық салдарынан таратылған заңды тұлғалардың қызметкерлерінің өмірі мен денсаулығына келтірген зиянды өтеу жөніндегі төлемдерді капиталдандыру кезеңі аяқталғаннан кейін берілетін ай сайынғы төлемді, Семей ядролық сынақ полигонындағы ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен азаматтарға, саяси қуғын-сүргіндер құрбандарына берілетін біржолғы ақшалай өтемақыны, жерлеуге берілетін біржолғы ақшалай төлемді тағайындау және оларды төлеуді қамтамасыз ету;
3) Орталықтан және Қордан төленетін зейнетақы және әлеуметтік төлемдерді тағайындау не тағайындаудан бас тарту туралы шешім қабылдау;
4) Орталықтан берілетін зейнетақы және әлеуметтік төлемдерді, Қордан төленетін әлеуметтік төлемдерді алушылардың саны мен сомасы туралы деректер жинауды ұйымдастыру;
5) Орталықтан және Қордан зейнетақы және әлеуметтік төлемдерді тағайындау және алу мәселелері жөнінде түсініктемелер беру;
6) өзінің бақылау және қадағалау функцияларын қамтамасыз ету үшін Орталықтан және Қордан төленетін зейнетақы және жәрдемақы төлемдерінің барлық түрлері бойынша қаржылық және өзге де есептілігінің тізбесін, нысандарын, оны ұсыну мерзімдерін айқындау;
7) өзінің бақылау және қадағалау функцияларын жүзеге асыру үшін Қор қызметі туралы мәліметтерді, сондай-ақ мемлекеттік органдар мен ұйымдардан қажетті мәліметтерді алу;
8) алынып тасталды - ҚР Үкіметінің 18.10.2013 № 1115 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
9) жер қойнауын пайдаланушылардың кадрлардағы жергілікті қамту бойынша, сондай-ақ кемсітпеушілік негізде қазақстандық кадрлардың еңбек жағдайлары мен еңбегіне ақы төлеуді қамтамасыз ету бойынша келісімшарттық міндеттемелерді орындауының мониторингін жүзеге асыруға қатысу;
10) алынып тасталды - ҚР Үкіметінің 18.10.2013 № 1115 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
10-1) еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласындағы мониторингті және тәуекелді бағалауды ұйымдастырады;
11) үш адамнан бес адамға дейін қайтыс болған топтық жазатайым оқиғаларды тергеп-тексеруді еңбек жөніндегі уәкілетті мемлекеттік орган, ал бес және одан да көп адам қайтыс болған кезде - Қазақстан Республикасының Үкіметі құрған комиссия жүргізеді;
12) басшы қызметкерлер мен жұмыс берушілерде еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғауды қамтамасыз етуге жауапты адамдарды оқытуға және олардың білімін тексеруге қатысу;
13) алынып тасталды - ҚР Үкіметінің 18.10.2013 № 1115 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
14) алынып тасталды - ҚР Үкіметінің 18.10.2013 № 1115 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
15) қызметкерлердің, жұмыс берушілердің және олардың өкілдерінің еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау мәселелері жөніндегі өтініштерін қарау;
15-1) жазатайым оқиғаларды тергеп-тексеру, рәсімдеу және тіркеу мәселелері бойынша жұмыс беруші, қызметкер мен мемлекеттік еңбек инспекторы арасындағы келіспеушіліктерді қарау;
16) көші-қон процестерінің мониторингін жүзеге асыру;
17) алынып тасталды - ҚР Үкіметінің 18.10.2013 № 1115 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
17-1) еңбекші көшіп-қонушылардың және этностық қазақтардың бірыңғай дерекқорын қалыптастыру және ішкі істер органдарының, ұлттық қауіпсіздік органының, Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің тиісті ақпараттық жүйелерімен өзара іс-қимылды қамтамасыз ету;
17-2) оралман мәртебесін беруден бас тарту туралы шағымдарды қарау;
18) «Мүгедек адамдардың орталықтандырылған дерекқоры», «Еңбекті қорғау» ААЖ дерекқорларын қалыптастыру, сондай-ақ «Е-собес», «Әлеуметтік көмек: АӘЖ, МБЖ», «Шетелдік жұмыс күші», «Еңбек нарығы», «Жұмыспен қамту» ААЖ сүйемелдеу;
19) медициналық-әлеуметтік сараптама жүргізу;
20) мүгедектік тобын, оның себептерін, мерзімін, мүгедектіктің басталған уақытын, еңбек қабілетінен айрылу дәрежесін, ағза функцияларының бұзылуы және тыныс-тіршілігінің шектелуі дәрежесіне қарай «мүгедек бала» санатын айқындау;
21) мүгедектерді оңалтудың жеке бағдарламаларын жасау және олардың іске асырылуын бақылау;
22) Қазақстан Республикасы еңбек заңнамасының, оның ішінде еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі талаптардың, халықты жұмыспен қамту, зейнетақымен қамсыздандыру, мүгедектерді әлеуметтік қорғау, міндетті әлеуметтік сақтандыру, арнаулы әлеуметтік қызметтер, сондай-ақ өз құзыреті шегінде Қазақстан Республикасының халықтың көші-қоны туралы заңнамасының сақталуына мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру;
22-1) еңбек қатынастарын реттеу және халықтың көші-қон саласындағы жергілікті атқарушы органдарды үйлестіруді және оларға әдістемелік басшылық жасауды жүзеге асыру;
22-2) еңбек инспекциясы жөніндегі жергілікті органның қызметін үйлестіру және қызметін тексеруді жүзеге асыру;
22-3) еңбек инспекциясы жөніндегі жергілікті органдардан еңбек қатынастары мәселелері бойынша қажетті ақпарат сұратуды жүзеге асыру;
22-4) үш адамнан бес адамға дейін қаза тапқан топтық жазатайым оқиғаларды тергеп-тексеру үшін комиссиялар құру;
23) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен өндірістегі жазатайым оқиғаларды тексерудің уақтылы және объективті жүргізілуін бақылау;
23-1) облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың бас мемлекеттік еңбек инспекторын тағайындауды келісу;
24) мемлекеттік базалық зейнетақы төлемінің, зейнетақы төлемдерінің; мүгедектігі бойынша, асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша және жасына байланысты берілетін мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылардың; арнаулы мемлекеттік жәрдемақының; мемлекеттік арнайы жәрдемақының; бала тууға және оның күтіміне берілетін жәрдемақылардың; саяси қуғын-сүргіндер құрбандарына, Семей ядролық сынақ полигонындағы ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен азаматтарға берілетін біржолғы ақшалай төлемнің; жерлеуге берілетін біржолғы ақшалай төлемінің; банкроттық салдарынан таратылған заңды тұлғалардың қызметкерлерінің өміріне немесе денсаулығына келтірген зиянды өтеу жөніндегі төлемдерді капиталдандыру кезеңі аяқталғаннан кейін Орталықтан берілетін ай сайынғы төлемнің; Қордан берілетін әлеуметтік төлемдердің уақтылы және толық төленуін бақылауды жүзеге асыру;
25) Орталықтан берілетін зейнетақы және әлеуметтік төлемдерді және Қордан төленетін әлеуметтік төлемдерді тағайындау үшін қажетті құжаттардың дұрыстығын тексеру;
26) өз құзыреті шегінде Қордың қызметін Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен инспекциялау;
27) Қазақстан Республикасының заңдарында, Президентінің және Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де функцияларды жүзеге асыру.
Ескерту. 16-тармаққа өзгерістер енгізілді - ҚР Үкіметінің 18.10.2013 № 1115 (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 20.03.2014 N 250 (01.01.2014 бастап қолданысқа енгізіледі); 26.03.2014 N 256; 21.05.2014 № 528 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулыларымен.
17. Министрліктің құқықтары:
1) мемлекеттік органдардан, ұйымдардан, олардың лауазымды адамдарынан Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен қажетті ақпарат пен материалдарды сұрату және алу;
2) өз құзыреті шегінде орындалуы міндетті нормативтік құқықтық актілер қабылдау;
3) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасында көзделген өзге де құқықтарды жүзеге асыру.
Министрліктің міндеттері:
1) Қазақстан Республикасының заңнамасын, жеке және заңды тұлғалардың құқықтары мен заңмен қорғалатын мүдделерін сақтау;
2) ведомстволардың, олардың аумақтық органдарының, сондай-ақ Министрліктің ведомстволық бағынысты ұйымдарының қызметін үйлестіру және бақылауды жүзеге асыру;
3) Мемлекет басшысының, Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің тапсырмаларын, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Үкіметінің тиісті жылдарға арналған заң жобалау жұмыстары жоспарларын уақытылы және сапалы орындауды қамтамасыз ету.
3. Мемлекеттік органның қызметін ұйымдастыру
18. Министрлікте басшылықты Министрлікке жүктелген міндеттердің орындалуына және оның функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болатын Министр жүзеге асырады.
19. Министрді Қазақстан Республикасының Президенті қызметке тағайындайды және қызметтен босатады.
20. Министрдің Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қызметке тағайындалатын және қызметтен босатылатын орынбасарлары болады.
21. Министрдің өкілеттігі:
1) еңбек, еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау, жұмыспен қамту, халықты әлеуметтік қорғау, зейнетақымен және әлеуметтік қамсыздандыру, міндетті әлеуметтік сақтандыру саласындағы саясатты қалыптастырады;
2) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген шекте салааралық үйлестіруді қамтамасыз етеді;
3) ведомстволардың құзыретін және өзге мемлекеттік органдармен өзара іс-қимыл тәртібін айқындайды;
4) өзінің қызметінде оның бақылауында болатын ведомстволардың басшыларын қызметке тағайындайды және қызметтен босатады;
5) Министрліктің құзыреті шегінде нормативтік құқықтық актілер қабылдайды;
6) Қазақстан Республикасының Парламентінде, өзге де мемлекеттік органдар мен ұйымдарда Министрліктің атынан өкілдік етеді;
7) ведомстволық бағынысты ұйымдардың қызметіне басшылықты жүзеге асырады;
8) ведомстволық бағынысты ұйымдардың басшыларын тағайындайды және босатады;
9) еңбек, жұмыспен қамту және әлеуметтік қамсыздандыру саласында кадрларға деген қажеттілікті айқындайды;
10) Министрлікте сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жасауға бағытталған шараларды қабылдайды және сыбайлас жемқорлыққа қарсы тиісті шаралар қабылдамағаны үшін дербес жауапты болады;
11) заңнамада белгіленген тәртіппен еңбек қатынастарының мәселелері өзінің құзыретіне жататын Министрліктің қызметкерлеріне тәртіптік жаза мен көтермелеу шараларын қолданады;
12) өзінің құзыретіне жатқызылған басқа да мәселелер бойынша шешімдер қабылдайды.
Министр болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес оны алмастыратын тұлға орындайды.
22. Бірінші басшы өз орынбасарларының өкілеттіктерін Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес белгілейді.
23. Министрліктің аппаратын Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес қызметке тағайындалатын және қызметтен босатылатын жауапты хатшы басқарады.
4. Мемлекеттік органның мүлкі
24. Министрліктің Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болуы мүмкін.
Министрліктің мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.
25. Министрлікке бекітілген мүлік республикалық меншікке жатады.
26. Егер Қазақстан Республикасының заңнамасында өзгеше белгіленбесе, Министрлік өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.
5. Мемлекеттік органды қайта ұйымдастыру және тарату
27. Министрлікті қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау
министрлігінің қарамағындағы ұйымдардың тізбесі
1. «Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталығы» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны.
2. «Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Республикалық естуді түзеу орталығы» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны.
3. «Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Республикалық эксперименттік протездеу орталығы» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны.
4. «Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Еңбекті қорғау жөніндегі республикалық ғылыми-зерттеу институты» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны.
5. «Жұмыспен қамту проблемалары жөніндегі ақпараттық-талдау орталығы» акционерлік қоғамы.
6. «Республикалық протездік-ортопедиялық орталық» акционерлік қоғамы.
7. «Мемлекеттік аннуитеттік компания» өмірді сақтандыру компаниясы» акционерлік қоғамы.
8. «Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры» акционерлік қоғамы.
Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау
министрлігі Бақылау және әлеуметтік қорғау комитетінің
қарамағындағы аумақтық органдардың тізбесі
1. Ақмола облысы бойынша Бақылау
және әлеуметтік қорғау департаменті Көкшетау қаласы.
2. Ақтөбе облысы бойынша Бақылау
және әлеуметтік қорғау департаменті Ақтөбе қаласы.
3. Алматы облысы бойынша Бақылау
және әлеуметтік қорғау департаменті Алматы қаласы.
4. Атырау облысы бойынша Бақылау
және әлеуметтік қорғау департаменті Атырау қаласы.
5. Шығыс Қазақстан облысы бойынша Бақылау
және әлеуметтік қорғау департаменті Өскемен қаласы.
6. Жамбыл облысы бойынша Бақылау
және әлеуметтік қамтамасыз ету
департаменті Тараз қаласы.
7. Батыс Қазақстан облысы бойынша Бақылау
және әлеуметтік қорғау департаменті Орал қаласы.
8. Қарағанды облысы бойынша Бақылау
және әлеуметтік қорғау департаменті Қарағанды қаласы.
9. Қызылорда облысы бойынша Бақылау
және әлеуметтік қорғау департаменті Қызылорда қаласы.
10. Қостанай облысы бойынша Бақылау
және әлеуметтік қорғау департаменті Қостанай қаласы.
11. Маңғыстау облысы бойынша Бақылау
және әлеуметтік қорғау департаменті Ақтау қаласы.
12. Павлодар облысы бойынша Бақылау
және әлеуметтік қорғау департаменті Павлодар қаласы.
13. Солтүстік Қазақстан облысы бойынша
Бақылау және әлеуметтік қорғау
департаменті Петропавл қаласы.
14. Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша
Бақылау және әлеуметтік қорғау
департаменті Шымкент қаласы.
15. Астана қаласы бойынша Бақылау
және әлеуметтік қорғау департаменті Астана қаласы.
16. Алматы қаласы бойынша Бақылау
және әлеуметтік қорғау департаменті Алматы қаласы.
Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау
министрлігінің және Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты
әлеуметтік қорғау министрлігі Көші-қон комитетінің
қарамағындағы мемлекеттік мекемелердің тізбесі
Ескерту. Тізбеге өзгерістер енгізілді - ҚР Үкіметінің 27.11.2013 № 1259; 21.05.2014 № 528 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулыларымен.
1. Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің «Әлеуметтік-еңбек саласы кадрларының біліктілігін арттыру курсы» мемлекеттік мекемесі.
2. Алынып тасталды - ҚР Үкіметінің 27.11.2013 № 1259 қаулысымен.
3. Алынып тасталды - ҚР Үкіметінің 27.11.2013 № 1259 қаулысымен.
4. Алынып тасталды - ҚР Үкіметінің 27.11.2013 № 1259 қаулысымен.
5. Алынып тасталды - ҚР Үкіметінің 27.11.2013 № 1259 қаулысымен.
Қазақстан Республикасы
Үкiметiнің
2004 жылғы 29 қазандағы
N 1132 қаулысымен
бекiтiлген
Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік
қорғау министрлігінiң мемлекеттік еңбек инспекторы туралы
Ереже
Ескерту. Ереже алынып тасталды - ҚР Үкіметінің 2009.07.03 N 1025 Қаулысымен.
Қазақстан Республикасы
Yкiметінің
2004 жылғы 29 қазандағы
N 1132 қаулысымен
бекiтiлген
Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау
министрлiгінiң аумақтық органдары - мемлекеттiк мекемелерiнiң
ТIЗБЕСI
Ескерту. Алынып тасталды - ҚР Үкіметінің 2007.11.30 N 1159 (қол қойылған күнінен бастап 30 күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.
Қазақстан Республикасы
Yкiметінің
2004 жылғы 29 қазандағы
N 1132 қаулысымен
бекiтiлген
Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтiк
қорғау министрлiгiнiң қарамағындағы ұйымдар
ТIЗБЕСI
Ескерту. Тізбе алынып тасталды - ҚР Үкіметінің 13.03.2013 N 231 қаулысымен.
Қазақстан Республикасы
Yкiметінің
2004 жылғы 29 қазандағы
N 1132 қаулысымен
бекiтiлген
Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік
қорғау министрлiгінiң Көші-қон комитетi туралы
Ереже
Ескерту. Алынып тасталды - ҚР Үкіметінің 2007.11.30 N 1159 (қол қойылған күнінен бастап 30 күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.
Қазақстан Республикасы
Yкiметінің
2004 жылғы 29 қазандағы
N 1132 қаулысымен
бекiтiлген
Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтiк
қорғау министрлiгi Көші-қон комитетiнiң құрылымы
Ескерту. Алынып тасталды - ҚР Үкіметінің 2007.11.30 N 1159 (қол қойылған күнінен бастап 30 күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.
Қазақстан Республикасы
Yкiметінің
2004 жылғы 29 қазандағы
N 1132 қаулысымен
бекiтiлген
Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік
қорғау министрлігі Көші-қон комитетiнiң аумақтық органдары -
мемлекеттiк мекемелерiнiң тiзбесi
Ескерту. Тізбе алынып тасталды - ҚР Үкіметінің 2010.09.30 № 1009 Қаулысымен.
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2004 жылғы 29 қазандағы
N 1132 қаулысымен
бекітілген
Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Бақылау және әлеуметтік қорғау комитетінің аумақтық органдары - мемлекеттік мекемелерінің тізбесі
Ескерту. Тізбе алынып тасталды - ҚР Үкіметінің 13.03.2013 N 231 қаулысымен.
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2004 жылғы 29 қазандағы
N 1132 қаулысымен
бекітілген
Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Көші-қон комитетінің қарамағындағы ұйымдардың тізбесі
Ескерту. Тізбе алынып тасталды - ҚР Үкіметінің 2010.09.30 № 1009 Қаулысымен.
Қазақстан Республикасы
Yкiметінің
2004 жылғы 29 қазандағы
N 1132 қаулысына
қосымша
Қазақстан Республикасы Yкiметінің
күші жойылған кейбiр шешімдерінің
тiзбесi
1. "Қазақстан Республикасы Көші-қон және демография жөнiндегi агенттігінің мәселелерi" туралы Қазақстан Республикасы Үкiметінің 1999 жылғы 21 шiлдедегі N 1020 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1999 ж., N 38, 319-құжат).
2. "Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрлiгiнiң мәселелерi" туралы Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2001 жылғы 20 шілдедегi N 983 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2001 ж., N 27, 340-құжат).
3. "Протездік-ортопедиялық саланы одан әрi жетiлдiру жөнiндегi шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметінің 2001 жылғы 5 қыркүйектегi N 1146 қаулысы 6-тармағының 2) тармақшасы.
4. "Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрлiгiнiң Жинақтаушы зейнетақы қорларының қызметiн реттеу жөнiндегi комитетін тарату туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметінің 2002 жылғы 17 маусымдағы N 662 қаулысының 3-тармағы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2002 ж., N 17, 195-құжат).
5. "Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлiгiнiң қызметіне байланысты жекелеген мәселелер" туралы Қазақстан Республикасы Үкiметінiң 2002 жылғы 28 маусымдағы N 704 қаулысымен бекiтiлген Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешімдерiне енгiзiлетiн өзгерiстер мен толықтырулардың 3-тармағы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2002 ж., N 20, 215-құжат).
6. "Қазақстан Республикасы Үкiметiнің 2001 жылғы 20 шiлдедегi N 983 қаулысына толықтырулар мен өзгерiс енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметінің 2003 жылғы 31 қазандағы N 1081 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2003 ж., N 42, 448-құжат).
7. "Қазақстан Республикасы Көші-қон және демография жөнiндегi агенттiгiнің кейбiр мәселелерi туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2004 жылғы 29 қаңтардағы N 98 қаулысының 2-тармағы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2004 ж., N 4, 54-құжат).
8. "Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2001 жылғы 20 шiлдедегi N 983 қаулысына толықтырулар мен өзгерiстер енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнің 2004 жылғы 2 сәуiрдегi N 379 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2004 ж., N 16, 202-құжат).
9. "Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Еңбектi қорғау жөнiндегi республикалық ғылыми-зерттеу институты" республикалық мемлекеттiк қазыналық кәсiпорнын құру туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2004 жылғы 13 тамыздағы N 854 қаулысының 5-тармағының 2) тармақшасы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2004 ж., N 30, 401-құжат).
|