"Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне салық салу және инвестициялық ахуалды жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының жобасы туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 21 ақпандағы № 79 қаулысы.

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне салық салу және инвестициялық ахуалды жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының жобасы Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің қарауына енгізілсін.

      Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
А. Мамин

  ЖОБА

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ЗАҢЫ Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне салық салу және инвестициялық ахуалды жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы


      1-бап. Қазақстан Республикасының мына заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      1. 2003 жылғы 20 маусымдағы Қазақстан Республикасының Жер кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2003 ж., № 13, 99-құжат; 2005 ж., № 9, 26-құжат; 2006 ж., № 1, 5-құжат; № 3, 22-құжат; № 11, 55-құжат; № 12, 79, 83-құжаттар; № 16, 97-құжат; 2007 ж., № 1, 4-құжат; № 2, 18-құжат; № 14, 105-құжат; № 15, 106, 109-құжаттар; № 16, 129-құжат; № 17, 139-құжат; № 18, 143-құжат; № 20, 152-құжат; № 24, 180-құжат; 2008 ж., № 6-7, 27-құжат; № 15-16, 64-құжат; № 21, 95-құжат; № 23, 114-құжат; 2009 ж., № 2-3, 18-құжат; № 13-14, 62-құжат; № 15-16, 76-құжат; № 17, 79-құжат; № 18, 84, 86-құжаттар; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 24, 146-құжат; 2011 ж., № 1, 2-құжат; № 5, 43-құжат; № 6, 49, 50-құжаттар; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; № 13, 114-құжат; № 15, 120-құжат; 2012 ж., № 1, 5-құжат; № 2, 9-құжат, 11; № 3, 27-құжат; № 4, 32-құжат; № 5, 35-құжат; № 8, 64-құжат; № 11, 80-құжат; № 14, 95-құжат; № 15, 97-құжат; № 21-22, 124-құжат; 2013 ж., № 1, 3-құжат; № 9, 51-құжат; № 14, 72, 75-құжаттар; № 15, 77, 79, 81-құжаттар; 2014 ж., № 2, 10-құжат; № 8, 44-құжат; № 11, 63, 64-құжаттар; № 12, 82-құжат; № 14, 84-құжат; № 19-I, 19-II, 96-құжат; № 21, 118, 122-құжаттар; № 23, 143-құжат; № 24, 145-құжат; 2015 ж., № 8, 42-құжат; № 11, 57-құжат; № 19-I, 99, 101-құжаттар; № 19-II, 103-құжат; № 20-IV, 113-құжат; № 20-VII, 115, 117-құжаттар; № 21-I, 124, 126-құжаттар; № 22-II, 145-құжат; № 22-VI, 159-құжат; 2016 ж., № 6, 45-құжат; № 7-II, 53, 56-құжаттар; № 8-II, 72-құжат; № 10, 79-құжат; 2017 ж., № 3, 6-құжат; № 4, 7-құжат; № 12, 34-құжат; № 14, 51, 54-құжаттар; № 23-V, 113-құжат; 2018 ж., № 9, 27-құжат; № 10, 32-құжат; 2019 ж., № 1, 4-құжат; № 2, 6-құжат; № 7, 37, 39-құжаттар; № 19-20, 86-құжат; 2019 жылғы 27 қарашада "Егемен Қазақстан" және "Казахстанская правда" газеттерінде жарияланған "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2019 жылғы 25 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңы; 2019 жылғы 29 қарашадағы "Егемен Қазақстан" және "Казахстанская правда" газеттерінде жарияланған "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік қызмет және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2019 жылғы 26 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңы; 2019 жылғы 30 желтоқсандағы "Егемен Қазақстан" және "Казахстанская правда" газеттерінде жарияланған "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы, мемлекеттік басқару жүйесін, бюджетаралық қатынастарды жетілдіру, кредиттеу және білім беру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2019 жылғы 27 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңы):

      1) 9-баптың 5-тармағының үшінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "Мемлекет мұқтажы үшін алып қойылған жерлерді, сондай-ақ екінші деңгейдегі банктердің кредиттік портфельдерінің сапасын жақсартуға маманданған, жалғыз акционері Қазақстан Республикасының Үкіметі болып табылатын ұйымға және дауыс беретін акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) елу және одан көп проценті екінші деңгейдегі банктердің кредиттік портфельдерінің сапасын жақсартуға маманданған, жалғыз акционері Қазақстан Республикасының Үкіметі болып табылатын ұйымға тиесілі жерлерді қоспағанда, ауыл шаруашылығы мақсатындағы, сондай-ақ елді мекеннің аумағы шегінде ауыл және орман шаруашылығын жүргізумен байланысты емес мақсаттарда пайдалану үшін ауыл шаруашылығында пайдаланылатын жер учаскесінің нысаналы мақсаты өзгертілген жағдайда, аталған жер учаскесінің меншік иесі жер учаскесінің өзгерген нысаналы мақсаты үшін Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген кадастрлық (бағалау) құны мен осы учаскенің бұрын мемлекеттен сатып алынған бағасы арасындағы айырмаға тең соманы бюджетке төлеуге міндетті.";

      2) 92-баптың 6-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "6. Кепіл мүлкін өндіріп алу нәтижесінде екінші деңгейдегі банктің, "Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 61-4-бабының 8-тармағында көрсетілген ұйымның, сондай-ақ 5-1-бабында көрсетілген ұйымның меншігіне қабылданған жер учаскесін екінші деңгейдегі банктен, "Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 61-4-бабының 8-тармағында көрсетілген ұйымнан, сондай-ақ 5-1-бабында көрсетілген ұйымнан мәжбүрлеп алып қоюды Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына сәйкес оларда жер учаскесіне меншік құқығы туындаған күннен бастап алты ай ішінде жүзеге асыруға болмайды.

      Жер учаскесін иеліктен шығару осы тармақтың бірінші бөлігінде көзделген мерзім өткеннен кейін жүзеге асырылмаған жағдайда жер учаскесін мәжбүрлеп алып қою осы Кодексте белгіленген тәртіппен жүзеге асырылады.

      Екінші деңгейдегі банк, "Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 5-1-бабында және 61-4-бабының 8-тармағында көрсетілген ұйым жер учаскесін иеліктен шығарған жағдайда, жаңа құқық иеленуші үшін игеру мерзімі осы баптың нормаларына сәйкес облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдары, аудандық маңызы бар қалалардың, кенттердің, ауылдардың, ауылдық округтердің әкiмдерi, ал арнайы экономикалық аймақ аумағында тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің жергілікті атқарушы органдары немесе арнайы экономикалық аймақтың басқару органы айқындайтын бастапқы мерзім ретінде белгіленеді.";

      3) 105-баптың 3-тармағы мынадай мазмұндағы үшінші бөлікпен толықтырылсын:

      "Осы тармақтың ережелері "Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 5-1-бабында көрсетілген ұйымға және дауыс беретін акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) елу және одан көп проценті "Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 5-1-бабында көрсетілген ұйымға тиесілі заңды тұлғаларға меншік құқығымен тиесілі жер учаскесіне қолданылмайды.";

      2. 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Бюджет кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2008 ж., № 21, 93-құжат; 2009 ж., № 23, 112-құжат; № 24, 129-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 7, 29, 32-құжаттар; № 15, 71-құжат; № 24, 146, 149, 150-құжаттар; 2011 ж., № 2, 21, 25-құжаттар; № 4, 37-құжат; № 6, 50-құжат; № 7, 54-құжат; № 11, 102-құжат; № 13, 115-құжат; № 15, 125-құжат; № 16, 129-құжат; № 20, 151-құжат; № 24, 196-құжат; 2012 ж., № 1, 5-құжат; № 2, 16-құжат; № 3, 21-құжат; № 4, 30, 32-құжаттар; № 5, 36, 41-құжаттар; № 8, 64-құжат; № 13, 91-құжат; № 14, 94-құжат; № 18-19, 119-құжат; № 23-24, 125-құжат; 2013 ж., № 2, 13-құжат; № 5-6, 30-құжат; № 8, 50-құжат; № 9, 51-құжат; № 10-11, 56-құжат; № 13, 63-құжат; № 14, 72-құжат; № 15, 81, 82-құжаттар; № 16, 83-құжат; № 20, 113-құжат; № 21-22, 114-құжат; 2014 ж., № 1, 6-құжат; № 2, 10, 12-құжаттар; № 4-5, 24-құжат; № 7, 37-құжат; № 8, 44-құжат; № 11, 63, 69-құжаттар; № 12, 82-құжат; № 14, 84, 86-құжаттар; № 16, 90-құжат; № 19-I, 19-II, 96-құжат; № 21, 122-құжат; № 22, 128, 131-құжаттар; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 2, 3-құжат; № 11, 57-құжат; № 14, 72-құжат; № 15, 78-құжат; № 19-I, 100-құжат; № 19-II, 106-құжат; № 20-IV, 113-құжат; № 20-VII, 117-құжат; № 21-I, 121, 124-құжаттар; № 21-II, 130, 132-құжаттар; № 22-I, 140, 143-құжаттар; № 22-ІІ, 144-құжат; № 22-V, 156-құжат; № 22-VI, 159-құжат; № 23-II, 172-құжат; 2016 ж., № 7-II, 53-құжат; № 8-I, 62-құжат; № 12, 87-құжат; № 22, 116-құжат; № 23, 119-құжат; № 24, 126-құжат; 2017 ж., № 4, 7-құжат; № 6, 11-құжат; № 9, 18-құжат; № 10, 23-құжат; № 13, 45-құжат; № 14, 51-құжат; № 15, 55-құжат; № 20, 96-құжат; № 22-III, 109-құжат; № 23-III, 111-құжат; № 23-V, 113-құжат; № 24, 115-құжат; 2018 ж., № 1, 2-құжат; № 7-8, 22-құжат; № 9, 31-құжат; № 10, 32-құжат; № 12, 39-құжат; № 14, 42-құжат; № 15, 47-құжат, 50; № 16, 55-құжат; № 19, 62-құжат; № 22, 82, 83-құжаттар; № 24, 93-құжат; 2019 ж., № 1, 4-құжат; № 5-6, 27-құжат; № 7, 37, 39-құжаттар; № 8, 45-құжат, № 15-16, 67-құжат; № 19-20, 86-құжат; 2019 жылғы 19 желтоқсанда "Егемен Қазақстан" және "Казахстанская правда" газеттерінде жарияланған "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне дене шынықтыру және спорт мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2019 жылғы 13 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңы; 2019 жылғы 30 желтоқсанда "Егемен Қазақстан" және "Казахстанская правда" газеттерінде жарияланған "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы, мемлекеттік басқару жүйесін, бюджетаралық қатынастарды жетілдіру, кредиттеу және білім беру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2019 жылғы 27 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңы):

      1) 22-бапта:

      2-тармақ мынадай мазмұндағы 3-2) тармақшамен толықтырылсын:

      "3-2) екінші деңгейдегі банктердің кредиттік портфельдерінің сапасын жақсартуға маманданған ұйымның осы Кодекстің 39-2-бабы 1-тармағының 3) тармақшасына сәйкес сатып алынған активтерді сатуынан түсетін түсімдерден;";

      3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "3. Мұнай секторы ұйымдарына:

      1) шикі мұнайды, газ конденсатын өндірумен айналысатын заңды тұлғалар;

      2) шикі мұнайды, газ конденсатын барлауға келісімшарттар жасасқан заңды тұлғалар;

      3) жер қойнауын пайдаланушы салық міндеттемесін орындау есебіне заттай нысанда берген пайдалы қазбаларды мемлекет атынан алушы жатады.

      Кезекті қаржы жылына мұнай секторы ұйымдарының тізбесін ағымдағы қаржы жылының 20 желтоқсанына қарай бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган және мұнай операцияларын жүргізу, келісімшарттар жасасу және орындау саласында мемлекеттік реттеуді жүзеге асыратын мемлекеттік орган бірлесіп бекітеді.";

      2) 154-1-бап мынадай мазмұндағы 3-тармақпен толықтырылсын:

      "3. Мемлекеттік-жекешелік әріптестіктің бірыңғай деректер базасын жүргізу үшін мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган Мемлекеттік-жекешелік әріптестікті дамыту орталығын тартады.".

      3. 2014 жылғы 5 шілдедегі Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2014 ж., № 18-I, 18-II, 92-құжат; № 21, 122-құжат; № 23, 143-құжат; № 24, 145, 146-құжаттар; 2015 ж., № 1, 2-құжат; № 2, 6-құжат; № 7, 33-құжат; № 8, 44, 45-құжаттар; № 9, 46-құжат; № 10, 50-құжат; № 11, 52-құжат; № 14, 71-құжат; № 15, 78-құжат; № 16, 79-құжат; № 19-I, 101-құжат; № 19-II, 102, 103, 105-құжаттар; № 20-IV, 113-құжат; № 20-VII, 115-құжат; № 21-I, 124, 125-құжаттар; № 21-II, 130-құжат; № 21-III, 137-құжат; № 22-I, 140, 141, 143-құжаттар; № 22-II, 144, 145, 148-құжаттар; № 22-III, 149-құжат; № 22-V, 152, 156, 158-құжаттар; № 22-VI, 159-құжат; № 22-VII, 161-құжат; № 23-I, 166, 169-құжаттар; № 23-II, 172-құжат; 2016 ж., № 1, 4-құжат; № 2, 9-құжат; № 6, 45-құжат; № 7-I, 49, 50-құжаттар; № 7-II, 53, 57-құжаттар; № 8-I, 62, 65-құжаттар; № 8-II, 66, 67, 68, 70, 72-құжаттар; № 12, 87-құжат; № 22, 116-құжат; № 23, 118-құжат; № 24, 124, 126, 131-құжаттар; 2017 ж., № 1-2, 3-құжат; № 9, 17, 18, 21, 22-құжаттар; № 12, 34-құжат; № 14, 49, 50, 54-құжаттар; № 15, 55-құжат; № 16, 56-құжат; № 22-III, 109-құжат; № 23-III, 111-құжат; № 23-V, 113-құжат; № 24, 114, 115-құжаттар; 2018 ж., № 1, 4-құжат; № 7-8, 22-құжат; № 9, 27-құжат; № 10, 32-құжат; № 11, 36, 37-құжаттар; № 12, 39-құжат; № 13, 41-құжат; № 14, 44-құжат; № 15, 46, 49, 50-құжаттар; № 16, 53-құжат; № 19, 62-құжат; № 22, 82-құжат; № 23, 91-құжат; № 24, 93, 94-құжаттар; 2019 ж., № 1, 2, 4-құжаттар; № 2, 6-құжат; № 5-6, 27-құжат; № 7, 36, 37-құжаттар; № 8, 45, 46-құжаттар; № 15-16, 67-құжат; № 19-20, 86-құжат; 2019 жылғы 27 қарашада "Егемен Қазақстан" және "Казахстанская правда" газеттерінде жарияланған "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2019 жылғы 25 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңы; 2019 жылғы 29 қарашада "Егемен Қазақстан" және "Казахстанская правда" газеттерінде жарияланған "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік қызмет және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2019 жылғы 26 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңы; 2019 жылғы 19 желтоқсанда "Егемен Қазақстан" және "Казахстанская правда" газеттерінде жарияланған "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне дене шынықтыру және спорт мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2019 жылғы 13 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңы; 2020 жылғы 5 қаңтарда "Егемен Қазақстан" және "Казахстанская правда" газеттерінде жарияланған "Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2019 жылғы 30 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңы):

      266-бап мынадай редакцияда жазылсын:

      "266-бап. Қазақстан Республикасының заңдарында төлемдер жүргiзу жөнінде белгiленген шектеулердi бұзу

      Дара кәсіпкерлердің немесе заңды тұлғалардың азаматтық-құқықтық мәміле бойынша басқа дара кәсіпкердің немесе заңды тұлғаның пайдасына төлемді бір мың айлық есептік көрсеткіштен асатын сомаға қолма-қол тәртіппен жүзеге асыруы – төлемдi жүзеге асырған тұлғаларға төлем сомасының бес пайызы мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.".

      4. 2015 жылғы 29 қазандағы Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік Кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2015 ж., № 20-II, 20-III, 112-құжат; 2016 ж., № 1, 4-құжат; № 6, 45-құжат; № 7-II, 55-құжат; № 8-I, 62, 65-құжаттар; № 8-II, 72-құжат; № 12, 87-құжат; № 23, 118-құжат; № 24, 124, 126-құжаттар; 2017 ж., № 9, 21-құжат; № 14, 50, 51-құжаттар; № 22-III, 109-құжат; № 23-III, 111-құжат; № 23-V, 113-құжат; № 24, 115-құжат; 2018 ж., № 10, 32-құжат; № 11, 37-құжат; № 14, 44-құжат; № 15, 46, 49, 50-құжаттар; № 19, 62-құжат; № 22, 82, 83-құжаттар; № 24, 94-құжат; 2019 ж., № 2, 6-құжат; № 5-6, 27-құжат; № 7, 37, 39-құжаттар; № 8, 45-құжат; № 15-16, 67-құжат; № 19-20, 86-құжат; 2019 жылғы 27 қарашада "Егемен Қазақстан" және "Казахстанская правда" газеттерінде жарияланған "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2019 жылғы 25 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңы; 2019 жылғы 29 қарашада "Егемен Қазақстан" және "Казахстанская правда" газеттерінде жарияланған "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік қызмет және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2019 жылғы 26 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңы; 2019 жылғы 31 желтоқсанда "Егемен Қазақстан" және "Казахстанская правда" газеттерінде жарияланған "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жер қойнауын пайдалану, газ және газбен жабдықтау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2019 жылғы 30 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңы):

      1) мазмұнында:

      100-баптың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "100-бап. Индустриялық қызметті мемлекеттік қолдау саласындағы уәкілетті орган және оның жеке кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау саласындағы құзыреті";

      242-баптың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "242-бап. Индустриялық қызмет ұғымы мен мазмұны";

      мынадай мазмұндағы 244-1-баптың тақырыбымен толықтырылсын:

      "244-1-бап. Өнеркәсіптік құрастыру туралы келісім";

      2) 90-6-бап мынадай мазмұндағы 1-1), 1-2), 1-3) және 20-1) тармақшалармен толықтырылсын:

      "1-1) бәсекелестікті дамытудың үлгілік стандарттарын бекітеді;

      1-2) бәсекелестікті дамыту стандарттарын орталық және жергілікті атқарушы органдармен келіседі;

      1-3) бәсекелестікті дамыту стандарттарының орындалуы туралы есептің нысанын бекітеді;";

      "20-1) мемлекеттік кәсіпорындардың, акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) елу процентінен астамы мемлекетке тиесілі заңды тұлғалардың және олармен үлестес тұлғалардың осы Кодекстің 192-бабының талаптарын сақтауына тексеру жүргізеді;";

      3) 100-баптың 2-тармағында:

      бірінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:

      "2. Индустриялық қызметті мемлекеттік қолдау саласындағы уәкілетті орган:";

      мынадай мазмұндағы 24-9), 24-10), 24-11), 24-12) және 24-13) тармақшалармен толықтырылсын:

      "24-9) Қазақстан Республикасының заңды тұлғаларымен көлік құралдарын өнеркәсіптік құрастыру туралы келісім жасасу қағидалары мен шарттарын, сондай-ақ оны өзгерту және бұзу үшін негіздерді және оның үлгілік нысанын әзірлейді және бекітеді;

      24-10) Қазақстан Республикасының заңды тұлғаларымен көлік құралдарына және (немесе) ауыл шаруашылығы техникасына құрамбөліктерді өнеркәсіптік құрастыру туралы келісім жасасу қағидалары мен шарттарын, сондай-ақ оны өзгерту және бұзу үшін негіздерді және оның үлгілік нысанын әзірлейді және бекітеді;

      24-11) Қазақстан Республикасының резиденттері – заңды тұлғаларымен бекітілген нысан бойынша көлік құралдарын өнеркәсіптік құрастыру туралы келісім жасасады;

      24-12) Қазақстан Республикасының резиденттері – заңды тұлғаларымен бекітілген нысан бойынша ауыл шаруашылығы техникасын өнеркәсіптік құрастыру туралы келісім жасасады;

      24-13) Қазақстан Республикасының резиденттері – заңды тұлғаларымен бекітілген нысан бойынша көлік құралдарына және (немесе) ауыл шаруашылығы техникасына құрамбөліктерді өнеркәсіптік құрастыру туралы келісім жасасады.";

      4) 130-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "2. Мемлекеттiк органдарға, осы Кодекстің 141-бабының 2 және 3-тармақтарында, 143-бабының 1-тармағында, сондай-ақ "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" (Салық кодексі) Қазақстан Республикасы Кодексінің 142-бабының 5-тармағында, 143-бабының 2-тармағында және 144-бабының 2-тармағында көзделген нормативтiк құқықтық актiлердi қоспағанда, кәсiпкерлiк субъектiлерiне тексерулер жүргiзу тәртiбi мәселелерi бойынша заңға тәуелдi нормативтiк құқықтық актiлерді қабылдауға тыйым салынады.";

      5) 140-бапта:

      3-тармақтың екінші және үшінші бөліктеріндегі "13)," деген сандар алып тасталсын;

      5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "5. Осы Кодекстің 192-бабын қоспағанда, монополияға қарсы орган жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнамасы талаптарының сақталуын бақылауды және қадағалауды жүзеге асыру кезінде туындайтын қатынастарға, осы Кодекстің 154-бабының 2 және 3-тармақтарын, 157-бабын қоспағанда, осы параграфтың күші қолданылмайды.

      Осы Кодекстің 192-бабының талаптарын қоспағанда, монополияға қарсы орган жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнамасы талаптарының сақталуына тексерулер жүргізу кезінде туындайтын қатынастар осы Кодекстің 20-тарауымен реттеледі.";

      6) 159-бап мынадай мазмұндағы 2-1-тармақпен толықтырылсын:

      "2-1. Өндірісті пайдалануға беру мерзімі бойынша инвестициялық келісімшарттың жұмыс бағдарламасына өзгерістер жұмыс бағдарламасының қолданысы ішінде үш реттен артық енгізілмейді.";

      7) 163-бап мынадай редакцияда жазылсын:

      "163-бап. Бәсекелестік саласындағы мемлекеттік саясат

      1. Бәсекелестік саласындағы мемлекеттік саясатты:

      1) бәсекелестікті дамытудың үлгілік стандарттары – монополияға қарсы орган бекітетін тиісті тауар нарықтарында, өңірлерде бәсекелестікті дамытудың нысаналы индикаторлары (нарық субъектілері санының өсуі, нарыққа кірудің әкімшілік кедергілерін төмендетуге бағытталған құқықтық актілерді бекіту және т. б.);

      2) бәсекелестікті дамыту стандарттары – бәсекелестікті дамытудың үлгілік стандарттарына сәйкес орталық және жергілікті атқарушы органдар бекітетін тиісті тауар нарықтарында, өңірлерде бәсекелестікті дамытудың нысаналы индикаторлары (нарық субъектілері санының өсуі, нарыққа кірудің әкімшілік кедергілерін төмендетуге бағытталған құқықтық актілерді бекіту және т. б.) құрайды.

      2. Монополияға қарсы орган монополияға қарсы орган айқындайтын тәртіппен орталық және жергілікті атқарушы органдардың бәсекелестікті дамыту стандарттарын бағалауды жүзеге асырады және орындау рейтингін қалыптастырады және Қазақстан Республикасының Президентіне және Қазақстан Республикасының Премьер-Министріне жіберілетін жекелеген тауар нарықтарындағы бәсекелестіктің жай-күйі және монополистік қызметті шектеу жөнінде қабылданатын шаралар туралы жылдық есепке бағалау нәтижелері мен рейтингті қамтиды.

      3. Орталық және жергілікті атқарушы органдар:

      1) бәсекелестікті дамыту стандартын әзірлейді және оны бәсекелестікті дамытудың үлгі стандарты бекітілген күннен бастап үш ай ішінде монополияға қарсы органмен келісім бойынша бекітеді;

      2) бәсекелестікті дамыту стандарттарының орындалуын қамтамасыз етеді;

      3) монополияға қарсы органға жыл сайын 1 наурыздан кешіктірмей монополияға қарсы орган бекітетін нысан бойынша бәсекелестікті дамыту стандарттарының орындалуы туралы есепті табыс етеді.

      4. Бәсекелестікті қорғау және монополистік қызметті шектеу саласындағы басшылықты, мемлекеттік монополияға жатқызылған қызметті бақылау мен реттеуді жүзеге асыратын мемлекеттік орган монополияға қарсы орган болып табылады.";

      8) 174-бап 11) тармақшасындағы "жасау сияқты әрекеттеріне тыйым салынады." деген сөздер "жасау;" деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 12) тармақшамен толықтырылсын:

      "12) үстем немесе монополиялық жағдайды теріс пайдалану фактісі анықталған жағдайда монополияға қарсы орган шығаратын нұсқаманы орындау үшін өзі бекіткен үстем немесе монополиялық жағдайға ие нарық субъектісі өткізетін тауарларға кемсітусіз қол жеткізу ережелерін сақтамау сияқты әрекеттеріне тыйым салынады.";

      9) 224-баптың 4-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "4. Қазақстан Республикасының бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнамасын бұзушылықтарды тергеп-тексеру нәтижелері бойынша қорытынды монополияға қарсы орган, басқа да мемлекеттік органдар және Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы өкілдерінің қатарынан монополияға қарсы орган қалыптастыратын монополияға қарсы комиссияның қарауына шығарылады.

      Монополияға қарсы комиссия туралы ережені монополияға қарсы орган бекітеді.

      Қазақстан Республикасының бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнамасын бұзушылықтарды тергеп-тексеру нәтижелері бойынша қорытындыны бекіту тергеп-тексеру аяқталған күннен бастап он бес жұмыс күнінен аспайтын мерзімде монополияға қарсы комиссияның шешімімен ресімделеді.";

      10) 226-баптың 1-тармағының 1) тармақшасы бесінші абзацтағы "қажеттігі туралы орындалуы міндетті нұсқамалар беруге;" деген сөздер "қажеттігі;" деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы алтыншы абзацпен толықтырылсын:

      "монополияға қарсы органмен келісу арқылы нарық субъектісінің үстем немесе монополиялық жағдайға ие нарық субъектісінің тауарларына кемсітусіз қол жеткізу қағидаларын бекіту туралы, оларды нарық субъектісінің интернет-ресурсында жариялау туралы орындалуы міндетті нұсқамалар беруге;";

      11) 242-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "2. Белгілі бір уақыт мерзімі ішінде іске асырылатын, технологиялар трансфертіне, жаңа өндірістерді құруға (жұмыс істеп тұрғандарын жетілдіруге) және (немесе) инновациялық қызметті жүзеге асыруға бағытталған іс-шаралар кешені, сондай-ақ өнеркәсіптік құрастыру туралы келісімдерді іске асыру индустриялық жоба болып табылады.";

      12) мынадай мазмұндағы 244-1-баппен толықтырылсын:

      "244-1-бап. Өнеркәсіптік құрастыру туралы келісім

      1. Көлік құралдарын және (немесе) олардың құрамбөліктерін, ауыл шаруашылығы техникасын және (немесе) олардың құрамбөліктерін өндіруді дамытуды ынталандыру мақсатында индустриялық қызметті мемлекеттік қолдау саласындағы уәкілетті орган Қазақстан Республикасының резиденттері – заңды тұлғаларымен көлік құралдарын өнеркәсіптік құрастыру туралы келісім, ауыл шаруашылығы техникасын өнеркәсіптік құрастыру туралы келісім, көлік құралдарына және (немесе) ауыл шаруашылығы техникасына құрамбөліктерді өнеркәсіптік құрастыру туралы келісім жасасады.

      2. Осы баптың 1-тармағында көзделген келісімдердің бірін жасасу заңды тұлғаның көлік құралдарын және (немесе) олардың құрамбөліктерін, ауыл шаруашылығы техникасын және (немесе) олардың құрамбөліктерін өндіру саласындағы индустриялық қызмет субъектісі болып табылатынын растау болып табылады.

      3. Осы баптың 1-тармағында көзделген келісімдерде белгіленген талаптардың сақталуын бақылау мақсатында индустриялық қызметті мемлекеттік қолдау саласындағы уәкілетті орган Қазақстан Республикасының резиденті – заңды тұлғасының осы Кодекстің 100-бабының 24-1, 24-9, 24-10-тармақтарына сәйкес осындай келісімдер шеңберінде өзіне қабылдаған міндеттемелерді орындауын тексеруді жүзеге асырады.

      4. Заңды тұлғаның осы баптың 1-тармағында санамаланған келісімдердің бірінің талаптарын орындамауы немесе тиісінше орындамауы бөлігінде бұзушылықтар анықталған жағдайда индустриялық қызметті мемлекеттік қолдау саласындағы уәкілетті орган осы келісімді біржақты тәртіппен бұзуға құқылы.";

      13) 281-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "2. Инвестицияларды мемлекеттiк қолдау инвестициялық преференциялар беру болып табылады.

      Пайдалы қатты қазбаларды өңдеу туралы келісім бойынша инвестициялық преференциялардың түрлері, шарттары және оларды беру тәртібі "Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы" Қазақстан Республикасының Кодексінде айқындалады.";

      14) 282-баптың 8-1-тармағының бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "8-1. Инвестициялар жөніндегі уәкілетті орган мемлекеттік меншіктен жер учаскелерін беру үшін жобаны инвестициялық деп айқындау тәртібін әзірлейді және бекітеді.";

      15) 284-баптың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "Инвестициялық басым жоба деп:

      заңды тұлғаның республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және инвестициялық преференцияларды беруге арналған өтінім берілген күнге қолданыста болатын айлық есептік көрсеткіштің кемінде екі миллион еселенген мөлшерінде инвестицияларды жүзеге асыруын көздейтін инвестициялық қызметтің жаңа объектісін құру, оның ішінде жаңа өндірістік объектілерді (фабрика, зауыт, цех) салу жөніндегі;

      заңды тұлғаның республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және негізгі құралдарды өзгерту үшін инвестициялық преференцияларды беруге арналған өтінім берілген күнге қолданыста болатын айлық есептік көрсеткіштің кемінде бес миллион еселенген мөлшерінде инвестицияларды жүзеге асыруын, оның ішінде өнім шығаратын жұмыс істеп тұрған өндірістік қуаттарды жаңартуды (реновациялау, реконструкциялау, жаңғырту) көздейтін жұмыс істеп тұрған инвестициялық қызмет объектілерін кеңейту және (немесе) жаңарту жөніндегі инвестициялық жоба түсініледі.";

      16) 286-бапта:

      1-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "2) арнайы инвестициялық жоба бойынша – қызметін арнайы экономикалық аймаққа қатысушы немесе еркін қойма иесі ретінде жүзеге асыратын не көлік құралдарын және (немесе) олардың құрамбөліктерін, сондай-ақ ауыл шаруашылығы техникасын және (немесе) олардың құрамбөліктерін өнеркәсіптік құрастыру туралы келісім жасасқан Қазақстан Республикасының заңды тұлғасына беріледі.";

      4-тармақта:

      бірінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:

      "4. Инвестициялық преференциялар заңды тұлға инвестициялық жобаны iске асырған кезде Қазақстан Республикасының Үкiметi бекiткен басым қызмет түрлерiнiң тiзбесiне қосылған қызмет түрлерi бойынша осы баптың 1-тармағының 1-тармақшасына сәйкес инвестициялық басым жобаға берiледi.";

      төртінші бөлікте "басым қызмет түрлерiнiң тiзбесiн қоса алғанда," деген сөздер алып тасталсын;

      мынадай мазмұндағы бесінші бөлікпен толықтырылсын:

      "Қажет болған жағдайда инвестициялық жоба бойынша қызмет түрін айқындауды инвестициялар жөніндегі уәкілетті орган экономикалық қызмет түрлерінің жалпы сыныптауышына сәйкес статистика жөніндегі уәкілетті органмен және (немесе) салалық мемлекеттік органмен келісу арқылы он жұмыс күні ішінде жүзеге асырады.";

      5-тармақтың 2) тармақшасы мынадай мазмұндағы бөлікпен толықтырылсын:

      "Тамақ және жеңіл өнеркәсіп салаларында инвестициялық қызметтің жаңа объектілерін құру кезінде заңды тұлға инвестицияларының мөлшері республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және инвестициялық преференциялар беруге арналған өтінім берілген күні қолданыста болған айлық есептік көрсеткіштің кемінде миллион еселенген мөлшерін құрайды.";

      5-1-тармақта:

      бірінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:

      "5-1. Арнайы инвестициялық жоба үшін инвестициялық преференцияларды қолданудың мақсаттары үшін осы баптың 1-тармағының 2) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының заңды тұлғасы мынадай шарттардың біріне сәйкес келуге тиіс:";

      3) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "3) Қазақстан Республикасының заңды тұлғасы көлік құралдарын және (немесе) олардың құрамбөліктерін, сондай-ақ ауыл шаруашылығы техникасын және (немесе) олардың құрамбөліктерін өнеркәсіптік құрастыру туралы келісім жасасады.";

      4) тармақша алып тасталсын;

      17) 287-бапта:

      1-тармақ мынадай мазмұндағы алтыншы бөлікпен толықтырылсын:

      "ЕАЭО СЭҚ ТН кодтарын келісу инвестициялар жөніндегі және кеден ісі саласындағы уәкілетті органдардың бірлескен бұйрығымен белгіленеді.";

      3-1-тармақтың 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "3) көлік құралдарын және (немесе) олардың құрамбөліктерін, сондай-ақ ауыл шаруашылығы техникасын және (немесе) олардың құрамбөліктерін өнеркәсіптік құрастыру туралы келісім жасасқан Қазақстан Республикасының заңды тұлғаларына арнайы инвестициялық келісімшарт тіркелген кезден бастап он бес жылдан аспайтын мерзімге беріледі.";

      18) 288-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "2. Мемлекеттiк заттай гранттарды осы Кодексте белгiленген тәртiппен инвестициялар жөніндегі уәкiлеттi орган мемлекеттiк мүлiктi басқару жөнiндегi уәкiлеттi органмен және (немесе) жер ресурстарын басқару жөнiндегi орталық уәкiлеттi органмен келiсу арқылы инвестициялық келiсiмшартқа сәйкес инвестициялық мiндеттемелер орындалған жағдайда уақытша өтеусiз пайдалануға не кейiннен меншiкке не жер пайдалануға өтеусiз ұсына отырып, уақытша өтеусiз жер пайдалану құқығымен бередi.";

      19) 291-баптың 3-тармағының екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "Құрылыс-монтаждау жұмыстарының және жабдықты сатып алудың іс жүзіндегі шығындары бойынша инвестициялық субсидияны төлеу оны растайтын құжаттар негізінде жүзеге асырылады, бірақ Қазақстан Республикасының заңнамасында айқындалған тәртіппен сараптаманың қорытындысы бар жобалау алдындағы құжаттамада көзделген шығындардың құнынан аспайды.";

      20) 292-бапта:

      1-тармақтың 5) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "5) егер инвестициялық преференциялар беруге арналған өтінімде мемлекеттік заттай грант көзделген жағдайда, өтiнiм берген Қазақстан Республикасының заңды тұлғасы сұратқан мемлекеттiк заттай гранттың мөлшерiн (құнын) және оны беру инвестициялар жөніндегі уәкілетті орган бекіткен нысан бойынша жергілікті атқарушы органмен алдын ала келiсiлгенiн растайтын құжаттар;";

      2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "2. Егер инвестициялық преференциялар беруге арналған өтінімде салықтар бойынша преференциялар және (немесе) инвестициялық субсидия беру көзделген жағдайда инвестор Қазақстан Республикасының сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы заңнамасына сәйкес жобалау алдындағы құжаттамаға және (немесе) жобалау құжаттамасына сараптаманың қорытындысын табыс етеді.";

      5. 2015 жылғы 31 қазандағы Қазақстан Республикасының Азаматтық процестік кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2015 ж., № 20-V, 20-VI, 114-құжат; 2016 ж., № 7-II, 55-құжат; № 12, 87-құжат; 2017 ж., № 1-2, 3-құжат; № 4, 7-құжат; № 8, 16-құжат; № 16, 56-құжат; № 21, 98-құжат; 2018 ж., № 10, 32-құжат; № 13, 41-құжат; № 14, 44-құжат; № 16, 53-құжат; № 24, 93-құжат; 2019 ж., № 2, 6-құжат; № 7, 36, 37-құжаттар; № 15-16, 67-құжат; 2019 жылғы 30 желтоқсанда "Егемен Қазақстан" және "Казахстанская правда" газеттерінде жарияланған "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне оңалту және банкроттық рәсімдерін, бюджет, салық заңнамасын және теміржол көлігі туралы заңнаманы жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2019 жылғы 27 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңы; 2019 жылғы 30 желтоқсанда "Егемен Қазақстан" және "Казахстанская правда" газеттерінде жарияланған "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы, мемлекеттік басқару жүйесін, бюджетаралық қатынастарды жетілдіру, кредиттеу және білім беру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2019 жылғы 27 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңы):

      1) мазмұнында:

      27-баптың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "27-бап. Азаматтық істердің мамандандырылған соттардың, мамандандырылған сот құрамдарының және Нұр-Сұлтан қаласы сотының соттылығына жатқызылуы";

      2) 27-баптың 4-тармағының бірінші бөлігі және екінші бөлігінің бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "4. Нұр-Сұлтан қаласының соты бірінші сатыдағы соттың қағидалары бойынша инвестициялық даулар бойынша азаматтық істерді, сондай-ақ инвестордың инвестициялық қызметіне байланысты инвесторлар мен мемлекеттік органдар арасындағы өзге де дауларды да:";

      3) 28-бап мынадай редакцияда жазылсын:

      "28-бап. Азаматтық істердің Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының соттылығына жатқызылуы

      Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының шешімдеріне және әрекеттеріне (әрекетсіздігіне), Референдумның орталық комиссиясының шешімдеріне және әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) дау айту туралы азаматтық істерді бірінші сатыдағы соттың қағидалары бойынша қарайды және шешеді.";

      4) 149-баптың 1-1-тармағындағы "және 28-бабының 2) тармақшасында" деген сөздер алып тасталсын;

      6. 2017 жылғы 25 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" кодексіне (Салық кодексі) (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2017 ж., № 22-I, 22-II, 107-құжат; 2018 ж., № 10, 32-құжат; № 11, 37-құжат; № 13, 41-құжат; № 14, 42, 44-құжаттар; № 15, 50-құжат; № 19, 62-құжат; № 22, 82, 83-құжаттар; № 24, 93, 94-құжаттар; 2019 ж., № 1, 2, 4-құжаттар; № 2, 6-құжат; № 5-6, 27-құжат; № 7, 37, 39-құжаттар; № 8, 45-құжат; № 15-16, 67-құжат; № 19-20, 86-құжат; 2019 жылғы 27 қарашада "Егемен Қазақстан" және "Казахстанская правда" газеттерінде жарияланған "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2019 жылғы 25 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңы; 2019 жылғы 29 қарашада "Егемен Қазақстан" және "Казахстанская правда" газеттерінде жарияланған "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік қызмет және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2019 жылғы 26 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңы; 2019 жылғы 31 желтоқсанда "Егемен Қазақстан" және "Казахстанская правда" газеттерінде жарияланған "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне теміржол көлігі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2019 жылғы 27 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңы):

      мазмұнында:

      26-баптың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "26-бап. Уәкілеттi мемлекеттік органдардың, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің, қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органның, жергілікті атқарушы органдардың, ұйымдар мен уәкілетті тұлғалардың салық органдарымен өзара іс-қимылы кезіндегі мiндеттерi";

      6-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "6-тарау. Салықтарды және (немесе) төлемақыларды төлеу бойынша салықтық міндеттемені орындау мерзімдерін өзгерту. Салықтық міндеттемені тоқтату негізі. Инвестициялық салық кредиті";

      мынадай мазмұндағы 49-1-баптың тақырыбымен толықтырылсын:

      "49-1-бап. Инвестициялық салық кредиті";

      50-баптың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "50-бап. Салықтарды және (немесе) төлемақыларды төлеу бойынша салықтық міндеттемені орындау мерзімін өзгерту немесе инвестициялық салық кредитін беру туралы шешім қабылдауға уәкілетті орган";

      мынадай мазмұндағы 51-1-баптың тақырыбымен толықтырылсын:

      "51-1-бап. Инвестициялық салық кредитін беру тәртібі мен шарттары";

      54-баптың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "54-бап. Кейінге қалдырудың, мерзімін ұзартудың және инвестициялық салық кредитінің қолданысын тоқтату";

      65-баптың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "65-бап Дара кәсіпкердің, жеке практикамен айналысатын адамның. қызметін тоқтатқан кезде салықтық міндеттемесін орындауы";

      4-бөлімнің тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "4-бөлім. Тексеру нәтижелеріне, деңгейлес мониторинг нәтижелеріне және салық органдары лауазымды адамдарының әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағым жасау";

      21-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "21-тарау. Тексеру нәтижелері, деңгейлес мониторинг нәтижелері туралы хабарламаға шағым жасау тәртібі";

      325-баптың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "325-бап. Өтеусіз алынған мүлік, жұмыстар, көрсетілетін қызметтер түріндегі кіріс";

      мынадай мазмұндағы 426-1-баптың тақырыбымен толықтырылсын:

      "426-1-бап. Жеке тұлғаларға электрондық нысанда қызмет көрсететін бейрезиденттің қосылған құн салығы бойынша салықтық міндеттемені орындау ерекшеліктері";

      455-баптың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "455-бап. Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің аумағынан комиссия (тапсырма) шарттары бойынша Қазақстан Республикасының аумағына тауарлар импорты кезінде қосылған құн салығын есептеу ерекшеліктері";

      470-баптың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "470-бап. Қазақстан Республикасының аумағында жүзеге асырылатын бензинді (авиациялық бензиндi қоспағанда), дизель отынын, газохолды, бензанолды, нефрасты, жеңіл көмірсулар қоспаларын және экологиялық отынды көтерме және бөлшек саудада өткiзуге жатқызу өлшемшарттары";

      504-баптың тақырыбы алып тасталсын;

      505-баптың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "505-бап. Елді мекендердің жеріне базалық салық мөлшерлемелері";

      514-баптың тақырыбы алып тасталсын;

      69-тараудың тақырыбы мынадай мазмұндағы 1-1-параграфпен толықтырылсын:

      "1-1-параграф. Жыл сайынғы міндетті тіркелген төлемақы";

      мынадай мазмұндағы 558-1-баптың тақырыбымен толықтырылсын:

      "558-1-бап. Жалпы ережелер";

      мынадай мазмұндағы 558-2-баптың тақырыбымен толықтырылсын:

      "558-2-бап. Төлемақы төлеушілер";

      мынадай мазмұндағы 558-3-баптың тақырыбымен толықтырылсын:

      "558-3-бап. Төлемақы мөлшерлемелері";

      мынадай мазмұндағы 558-4-баптың тақырыбымен толықтырылсын:

      "558-4-бап. Есептеу және төлеу тәртібі";

      656-баптың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "656-бап. Қазақстан Республикасының салық төлеушісі ретінде тіркелмеген бейрезидент-заңды тұлға Қазақстан Республикасына жіберген шетелдіктердің және азаматтығы жоқ адамдардың кірістеріне салық салу тәртібі";

      мынадай мазмұндағы 723-1-баптың тақырыбымен толықтырылсын:

      "723-1-бап. Жер қойнауын пайдалану құқығын жер қойнауын пайдаланудың лицензиялық режиміне қайта ресімдеу кезіндегі салықтық есепке алу ерекшеліктері";

      727-баптың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "727-бап. Аукцион нәтижелері бойынша берілетін лицензияларды қоспағанда, жер қойнауын пайдалануға арналған лицензиялар бойынша қол қою бонусын есептеу ерекшеліктері";

      бүкіл мәтін бойынша "деректерді тіркеу және (немесе) беру функциясы бар бақылау-касса машинасының, деректерді тіркеу және беру функциясы бар бақылау-касса машинасында, деректерді тіркеу және (немесе) беру функциясы бар бақылау-касса машиналары, деректерді тіркеу және (немесе) беру функциясы бар бақылау-касса машиналарымен, деректерді тіркеу және (немесе) беру функциясы бар бақылау-касса машиналарының, деректерді тіркеу және (немесе) беру функциясы бар бақылау-касса машиналарына, Деректерді тіркеу және (немесе) беру функциясы бар бақылау-касса машиналарынан" деген сөздер "деректерді тіркеу және беру функциясы бар бақылау-касса машинасының, деректерді тіркеу және беру функциясы бар бақылау-касса машинасында, деректерді тіркеу және беру функциясы бар бақылау-касса машиналары, деректерді тіркеу және беру функциясы бар бақылау-касса машиналарымен, деректерді тіркеу және беру функциясы бар бақылау-касса машиналарының, деректерді тіркеу және беру функциясы бар бақылау-касса машиналарына, деректерді тіркеу және беру функциясы бар бақылау-касса машиналарынан" деген сөздермен ауыстырылсын;

      3) 1-баптың 1-тармағында:

      5) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "5) бересі – Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен шағым жасалу кезеңінде шағым жасалатын бөлігінде тексеру нәтижелері туралы хабарламада және (немесе) деңгейлес мониторинг нәтижелері туралы хабарламада көрсетілген сомаларды қоспағанда, салықтардың және бюджетке төленетін төлемдердің, оның ішінде олар бойынша аванстық және (немесе) ағымдағы төлемдердің есептелген, есепке жазылған және мерзімінде төленбеген сомалары;";

      16) тармақшаның екінші бөлігінің сегізінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "төленген жарғылық капиталдың мүлікті бөлу жүзеге асырылатын қатысу үлесіне тиесілі, бірақ осы Кодекстің 228-бабының 7-тармағында көзделген тәртіппен айқындалатын, пайдасына мүлікті бөлу жүзеге асырылатын қатысушыда осындай қатысу үлесінің бастапқы құнынан аспайтын мөлшері;";

      мынадай мазмұндағы 17-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "17-1) Еуразиялық экономикалық одақтың кеден заңнамасы – Еуразиялық экономикалық одақтың Кеден кодексі туралы шартты, Еуразиялық экономикалық одақтың үшінші тараптармен халықаралық шарттарын және Еуразиялық экономикалық одақтың құқығын құрайтын актілерді қоса алғанда, Еуразиялық экономикалық одақ шеңберіндегі Еуразиялық экономикалық одақтың халықаралық шарттары;";

      52) тармақшадағы "оның ішінде бағдарламалық қамтылымды, сызбаны немесе модельді" деген сөздер "бағдарламалық қамтылымды, сызбаларды немесе модельдерді" деген сөздермен ауыстырылсын;";

      61) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "61) салықтық берешек – бересілер, сондай-ақ өсімпұл мен айыппұлдардың төленбеген сомалары. Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен шағым жасалу кезеңінде шағым жасалатын бөлігінде тексеру нәтижелері туралы хабарламада және (немесе) деңгейлес мониторинг нәтижелері туралы хабарламада көрсетілген өсімпұл сомасы, сондай-ақ әкімшілік жаза қолдану туралы қаулыда көрсетілген айыппұлдар сомасы салықтық берешекке қосылмайды;";

      67) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "67) тұлға – жеке тұлға және заңды тұлға; жеке тұлға – Қазақстан Республикасының азаматы, шетелдік немесе азаматтығы жоқ адам; заңды тұлға – Қазақстан Республикасының немесе шет мемлекеттің заңнамасына сәйкес құрылған ұйым (бейрезидент заңды тұлға). Осы Кодекстің мақсаттары үшін бейрезидент заңды тұлға – шет мемлекеттің заңнамасына сәйкес құрылған компания, әріптестік, ұйым немесе басқа да корпоративтік құрылым олар құрылған шет мемлекеттің заңды тұлғасы мәртебесіне ие ме, жоқ па, оған қарамастан дербес заңды тұлғалар ретінде қаралады.";

      мынадай мазмұндағы 76), 77), 78) және 79) тармақшалармен толықтырылсын:

      "76) өтелген қорлар – өндіру процесінде пайда болатын нақты ысыраптарды қоса алғанда, өндірілген және мемлекеттік баланстан есептен шығарылатын пайдалы қазбалар запастарының көлемі.

      77) "Астана" халықаралық қаржы орталығы органының ұйымы – "Астана" халықаралық қаржы орталығының қолданыстағы құқығына сәйкес тіркелген, қатысу үлесінің (дауыс беретін акцияларының) 50 және одан да көп проценті "Астана" халықаралық қаржы орталығына тікелей немесе жанама тиесілі заңды тұлға.";

      78) құрамында никотині бар өнім (темекісіз никотинді снюс) – құрамында никотин бар (пакеттерде, жастықшаларда, дорбашаларда немесе басқа қаптамаларда), толығымен немесе ішінара өсімдік және (немесе) басқа шикізаттан жасалған, басқа ингредиент қосылып немесе қосылмай жасалған, тұтынуға арналған өнім.

      79) электрондық сигареттерде пайдалануға арналған құрамында никотин бар сұйықтық – құрамында никотин бар және электрондық сигареттерде пайдалануға арналған (картридждердегі, резервуарлардағы және басқа да контейнерлердегі) оны қыздырылған кезде ішке тартуға арналған аэрозоль пайда болатын сұйықтық.";

      4) 3-бапта:

      3 және 4-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "3. Осы Кодекске салықтық әкімшілендіру, салықтық есептілікті белгілеу ерекшеліктері, салық төлеушінің (салық агентінің) жағдайын жақсарту бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізетін заңдар жылына бір реттен көп, бірақ ағымдағы жылғы 1 шілдесінен кешіктірмей қабылдануы және олар қабылданған жылдан кейінгі жылдың 1 қаңтарынан кейін қолданысқа енгізілуі мүмкін.

      4. Осы Кодекске жаңа салықты және (немесе) бюджетке төлемді белгілеу, мөлшерлемені арттыру, салық салу объектісінің және (немесе) салық базасының өзгеруі, салық төлеушілердің (салық агенттерінің) санаттарын ұлғайту, салықтар мен төлемдерді шегерудің немесе бюджетке төлеу жөніндегі жеңілдіктерді жою немесе азайту бөлігінде өзгерістер мен толықтырулар мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті орган әзірлейтін заңдармен енгізіледі.";

      мынадай мазмұндағы 6-тармақпен толықтырылсын:

      "6. Осы баптың 2 және 4-тармақтарының күші Қазақстан Республикасы Президентінің заң шығару бастамасы тәртібімен әзірленетін заң жобаларына қолданылмайды.";

      5) 11-баптың екінші бөлігі алып тасталсын;

      6) 13-баптың 1-тармағының 6) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "6) тексеру нәтижелері туралы хабарламаға, деңгейлес мониторинг нәтижелері туралы хабарламаға, салық төлеушінің (салық агентінің) тексеру нәтижелері туралы хабарламаға шағымын қарау қорытындылары туралы хабарламаға, сондай-ақ салық органдары лауазымды адамдарының әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағым жасауға;";

      7) 19-баптың 2-тармағы мынадай мазмұндағы 15) тармақшамен толықтырылсын:

      "15) Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздік органдарына "Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздік органдары туралы" Қазақстан Республикасының Заңында көзделген мақсаттарда және тәртіппен салық органдарының ақпараттық жүйесіне кіруге рұқсат беруге міндетті.";

      8) 22-бап мынадай мазмұндағы 14-тармақпен толықтырылсын:

      "14. Төлем карточкаларын пайдалана отырып, төлемдер қабылдауға арналған бақылау-касса машиналарын және жабдықтарды (құрылғыларды) қолданудың бұзылуы туралы ақпаратқа ие жеке және заңды тұлғалар өздеріне белгілі құқық бұзушылық фактілері туралы уәкілетті мемлекеттік органға хабарлауға құқылы.

      Төлем карточкаларын пайдалана отырып, төлемдер қабылдауға арналған бақылау-касса машиналарын және жабдықтарды (құрылғыларды) қолданудың бұзылу фактілерін хабарлаған адамға, бұл факт расталған жағдайда Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген тәртіппен сыйақы берілуі тиіс.

      Осы тармақтың екінші бөлігінің ережелері жасалған құқық бұзушылық туралы көрінеу жалған ақпартты хабарлаған адамдарға қолданылмайды. Бұл орайда, керінеу жалған ақпаратты хабарлаған адам Қазақстан Республикасы заңнамасына сәйкес жауапты болады.";

      9) 24-бапта:

      бірінші бөлікте:

      бірінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:

      "Екінші деңгейдегі банктер және банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдар:";

      3) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "3) уәкілетті органның сұрау салуы бойынша банктік шоттардың бар екендігі және олардың нөмірлері туралы, осы шоттардағы ақша қалдықтары және олардың қозғалысы туралы мәліметтерді, жеке немесе заңды тұлға мен екінші деңгейдегі банк, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйым арасында жасалған банк қызметтерін көрсетуді көздейтін шартқа қатысты өзге де ақпаратты, сондай-ақ өзге де мүліктің, оның ішінде металл шоттарда орналастырылған немесе шет мемлекеттiң уәкілетті органының Қазақстан Республикасының халықаралық шартына сәйкес жіберген сұрау салуында көрсетілген жеке және заңды тұлғалардың басқаруындағы өзге мүліктің бар екендігі, түрі және құны туралы мәліметтерді ұсынуға;";

      бесінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:

      "Екінші деңгейдегі банктер және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар ұсынатын мәліметтерді салық органдары Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен пайдаланады.";

      26-бапта:

      13-тармақтың 3) тармақшасындағы "160 еселенген ең төменгі жалақы мөлшері" деген сөздер "1882 еселенген айлық есептік көрсеткіш мөлшері" деген сөздермен ауыстырылсын;

      11) 30-бапта:

      3-тармақта:

      1) және 2) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:

      "1) тергеу судьясы, прокурор санкциялаған қағаз жеткізгіштегі не электрондық құжат нысанындағы уәжді сұрау салу негізінде Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген құзыреттері шегінде құқық қорғау органдарына және Қазақстан Республикасының Мемлекеттік күзет қызметіне ұсынады. Мұндай мәліметтерді тергеу судьясы, прокурор сұратқан жағдайда санкция талап етілмейді;

      2) егер салық төлеуші қаралатын іс бойынша тарап болып табылса, мұндай жағдайларда сот төрелігін іске асыру кезінде жіберілген өз өтініштері (өкімдер, талаптар, тапсырмалар, сұрау салу) негізінде сотқа және судьяларға;";

      14) тармақшадағы "мемлекеттік органдарға ұсынылады" деген сөздер "мемлекеттік органдарға" деген сөздермен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 15) тармақшамен толықтырылсын:

      "15) "Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік органдары, туралы" Қазақстан Республикасының заңында көзделген мақсаттарда және тәртіппен Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік органдарына ұсынылады.";

      7-тармақтың 2) тармақшасындағы "беру салықтық құпияны жария ету болып табылмайды." деген сөздер "беру;" деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 3) тармақшамен толықтырылсын:

      "3) сауда қызметін және сыртқы сауда қызметін реттеу саласындағы орталық мемлекеттік орган алған мәліметтерді:

      Қазақстан Республикасынан шығарылатын тауарларға қатысты арнайы қорғау, демпингке қарсы, өтемақы тергеп-тексерулерін жүргізу кезінде үшінші елдің және/немесе үшінші елдер одағының құзыретті органына;

      Қазақстан Республикасынан шығарылатын тауарларға қатысты өтемақы тергеп-тексеруі жүргізілген жағдайда Еуразиялық экономикалық одаққа және/немесе Еуразиялық экономикалық комиссияға мүше мемлекеттің құзыретті органына;

      Қазақстан Республикасының үшінші елдерге қатысты арнайы қорғау, демпингке қарсы және өтемақы шаралары туралы заңнамасына сәйкес тергеп-тексеру мақсаттары үшін Еуразиялық экономикалық комиссияға беру салықтық құпияны жария ету болып табылмайды.

      Мұндай ақпаратты беру Қазақстан Республикасының сауда қызметін реттеу туралы және үшінші елдерге қатысты арнайы қорғау, демпингке қарсы және өтемақы шаралары туралы заңнамасында көзделген тәртіппен және шарттарда жүзеге асырылады.";

      12) 36-бап мынадай мазмұндағы 5-1-тармақпен толықтырылсын:

      "5-1. Салықтарды, бюджетке төленетін төлемдерді төлеу жөніндегі салық міндеттемесін, сондай-ақ өсімпұлдар мен айыппұлдарды төлеу жөніндегі міндеттемені жеке тұлға республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және тиісті қаржы жылының 1 қаңтарында қолданыста болған 200 еселенген айлық есептік көрсеткіштен кем мөлшерде басқа жеке тұлға үшін ерікті түрде орындауы мүмкін.";

      13) 40-баптың 1-тармағының 1) тармақшасы мынадай мазмұндағы үшінші абзацпен толықтырылсын:

      "Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының активтерін қоспағанда, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне сенімгерлік басқаруға берілген мүлік;";

      14) 41-бапта:

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Мемлекеттік мекемелер мүлікті сенімгерлік басқаруға берген кезде, егер мүлікті сенімгерлік басқару шартында немесе мүлікті сенімгерлік басқаруды құру туралы актіде өзгеше белгіленбесе, мүлік салығы, жер салығы және көлік құралдары салығы бойынша салықтық міндеттемелер, "Электр энергетикасы туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 13-1-бабының 1-тармағына сәйкес электр желілеріне тікелей қосылған, энергия беруші ұйымдарға сенімгерлік басқаруға немесе өтеусіз пайдалануға берілген мемлекеттік заңды тұлғалардың шаруашылық жүргізу немесе оралымды басқару құқығындағы электр желілерін қоспағанда, сенімгерлік басқарушының орындауына жатады.";

      5-тармақта "халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына және" деген сөздерден кейін "(немесе)" деген сөзбен толықтырылсын;

      15) 48-бапта:

      2-тармақ мынадай мазмұндағы бөлікпен толықтырылсын:

      "Осы Кодекстің 30-тарауының мақсаттары үшін талап қоюдың өту мерзімі бес жылды құрайды.";

      3-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1) Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес субъектілердің осындай санатына жатқызылған ірі кәсіпкерлік субъектілерінің;";

      6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "6. Қызметін жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшартқа сәйкес жүзеге асыратын салық төлеушілер бойынша салық органы жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттың қолданылу кезеңі ішінде және жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттың қолданылу мерзімі аяқталғаннан кейін бес жыл бойы:

      үстеме пайда салығын;

      Қазақстан Республикасының өнімді бөлу бойынша үлесін;

      есептеу әдістемесінде мынадай көрсеткіштердің бірі: рентабельділіктің ішкі нормасы (РІН) немесе пайданың ішкі нормасы немесе R-фактор (кірістілік көрсеткіші) пайдаланылатын салықтарды және бюджетке төленетін төлемдерді есепке жазуға немесе олардың есептелген, есепке жазылған сомасын қайта қарауға құқылы.";

      9-тармақта:

      3) тармақшаның екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "салық төлеуші (салық агенті) Қазақстан Республикасының заңнамасында айқындалған тәртіппен тексеру нәтижелері туралы хабарламаға, деңгейлес мониторинг нәтижелері жөніндегі хабарламаға, сондай-ақ салық органдары лауазымды адамдарының әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) – шағым жасалатын бөлігінде шағым жасаған;";

      6) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "6) деңгейлес мониторингтің нәтижелері бойынша ұсынымдар табыс етілген күннен бастап деңгейлес мониторингтің нәтижелері бойынша шешім орындалғанға дейін;";

      12-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "12. Салықтың және бюджетке төленетін төлемнің, өсімпұлдың артық (қате) төленген сомасы, осы Кодекстің 108-бабында белгіленген жағдайды қоспағанда, осы баптың 2 және 3-тармақтарында белгіленген талап қоюдың өту мерзімі шегінде ағымдағы жыл және алдыңғы күнтізбелік жыл ішінде төленген сомалар мөлшерінде есепке жатқызуға және (немесе) қайтаруға жатады.";

      16) 49-бапта:

      9-тармақтың екінші бөлігінің 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "2) егер тұлғалар уәкілетті орган белгілеген тәуекелдерді басқару жүйесін қолдану нәтижесінде осы Кодекстің 136-бабының 4-тармағына сәйкес тәуекел дәрежесі төмен тұлғалар санатына жатқызылған жағдайда жүргізіледі.";

      10-тармақтың 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "3) тауарды порттық арнайы экономикалық аймақтың немесе логистикалық арнайы экономикалық аймақтың аумағынан Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына импорттаушы тұлға порттық арнайы экономикалық аймақтың қатысушысы немесе логистикалық арнайы экономикалық аймақтың қатысушысы болып табылған жағдайда жүргізіледі.";

      17) мынадай мазмұндағы 49-1-баппен толықтырылсын:

      "49-1-бап. Инвестициялық салық кредиті

      1. Инвестициялық салық кредиті салық төлеушілерге белгілі бір мерзім ішінде және белгілі бір шектерде кредит сомасын кейіннен кезең-кезеңмен төлей отырып, салық бойынша өз төлемдерін азайтуға мүмкіндік берілетін салық төлеу мерзімін өзгертуді білдіреді.

      Инвестициялық салық кредиті корпоративтік табыс салығы және/немесе мүлік салығы бойынша берілуі мүмкін.

      Инвестициялық салық кредиті үш жылға дейінгі мерзімге берілуі мүмкін.

      2. Инвестициялық салық кредитін алған салық төлеуші инвестициялық салық кредиті туралы келісімнің қолданылу мерзімі ішінде тиісті салық бойынша өз төлемдерін азайтуға құқылы.

      Салық төлемдерін азайтудың нақты тәртібі инвестициялық салық кредиті туралы жасалған келісімде айқындалады.

      3. Егер салық төлеуші зала шеккен болса, онда залалды ауыстыру осы Кодекстің 300-бабында айқындалған тәртіппен жүзеге асырылады. Бұл ретте инвестициялық салық кредитінің мерзімі ұзартылмайды.";

      18) 50-бап мынадай мазмұндағы 3-тармақпен толықтырылсын:

      "3. Инвестициялық салық кредитін беру туралы шешім ұйымның өтініші негізінде беріледі және инвестицияларды тарту жөніндегі мемлекеттік саясатты іске асыру саласында басшылықты жүзеге асыратын уәкілетті орган арасындағы белгіленген нысандағы келісіммен ресімделеді.

      Инвестициялық салық кредитін алу үшін инвестициялық келісім жасасу тәртібі мен шарттарын уәкілетті органмен және мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті органмен келісім бойынша инвестицияларды тарту жөніндегі мемлекеттік саясатты іске асыру саласындағы уәкілетті мемлекеттік орган айқындайды.

      Көрсетілген келісімнің көшірмесін уәкілетті органға берген күннен бастап күнтізбелік бес күннен кешіктірмей, оны салық төлеуші салық төлеушінің тіркеу есебіне қойылған жері бойынша салық органына жібереді.";

      19) 51-баптың 2-тармағының 7) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "7) салық төлеушінің есепке жазылған салықтардың және (немесе) төлемақылардың тексеру нәтижелері туралы хабарламада көрсетілген сомаларымен келісуі негіздерінің бірі болған кезде оларды төлеу мүмкіндігі кейiнге қалдыру немесе мерзiмiн ұзарту берілетін мерзім ішінде туындайды деп пайымдауға жеткілікті негіз болатын салық төлеушіге берілуі мүмкін. Осы тармақшаның ережелері салық төлеуші ретінде тіркелген күнінен бастап кейiнге қалдыруды немесе мерзiмiн ұзартуды беру туралы өтініш берген күнге дейінгі кезең кемінде бес жылды құрайтын салық төлеушілерге қолданылмайды.";

      20) мынадай мазмұндағы 51-1-баппен толықтырылсын:

      "51-1-бап. Инвестициялық салық кредитін беру тәртібі мен шарттары

      1. Инвестициялық салық кредиті салық төлеушілерге инвестициялық салық кредиті туралы жасалған келісім негізінде беріледі.

      2. Мынадай шарттардың біреуіне немесе бірнешеуіне сәйкес келсе:

      1) салық төлеуші осы Кодекстің 20-бөлімінде көзделген арнаулы салық режимін қолданса;

      2) салық төлеуші спирттің, алкоголь өнімінің, темекі бұйымдарының барлық түрлерін өндіруді және (немесе) өткізуді жүзеге асырса;

      3) салық төлеушіге салық салу осы Кодекстің 21 және 23-бөлімдеріне сәйкес жүзеге асырылса, салық төлеушілердің инвестициялық салық кредитін қолдануға құқығы болмайды.

      3. Инвестициялық салық кредиті туралы келісімде тиісті салық бойынша төлемдерді азайту тәртібі, келісімнің қолданылу мерзімі, келісімге сәйкес инвестициялық салық кредиті берілетін мерзімнен аспайтын мерзімде кредит сомасын өтеу тәртібі, міндеттемелерді қамтамасыз ету тәсілін, тараптардың жауапкершілігін көрсету көзделуге тиіс. Егер инвестициялық салық кредиті мүлік кепілімен берілсе, осы Кодекстің 52-бабында көзделген тәртіппен мүлік кепілі туралы шарт жасалады.

      Инвестициялық салық кредиті туралы келісімде оның қолданылу мерзімі ішінде салық төлеушінің сатып алуы инвестициялық салық кредитін беру үшін шарт болып табылған жабдықтарды немесе өзге де мүлікті өткізуге немесе басқа тұлғаларға иеленуге, пайдалануға немесе билік етуге беруге жол берілмейтін не осындай өткізу (беру) шарттары айқындалатын ережелер болуға тиіс.";

      21) 54-бап мынадай редакцияда жазылсын:

      "54-бап. Кейінге қалдырудың, мерзімін ұзартудың және инвестициялық салық кредитінің қолданылуын тоқтату

      1. Кейінге қалдырудың, мерзімін ұзартудың және инвестициялық салық кредитінің қолданылуы тиісті шешімнің немесе келісімнің қолданылу мерзімі өткеннен кейін тоқтатылады.

      2. Кейінге қалдырудың, мерзімін ұзартудың және инвестициялық салық кредитінің қолданылуы:

      1) салық төлеуші салықтардың және (немесе) төлемақылардың бүкіл сомасын белгіленген мерзім өткенге дейін төлеген;

      2) салық төлеуші салықтарды және (немесе) төлемақыларды төлеу бойынша кейінге қалдыру, мерзімін ұзарту және инвестициялық салық кредитін беру шарттарын бұзған;

      3) егер кейінге қалдыру немесе мерзімін ұзарту осы Кодекстің 51-бабы 2-тармағының 7) тармақшасында көзделген негіз бойынша берілсе, мұндай жағдайда – тексеру нәтижелері туралы хабарламада көрсетілген салықтарды және (немесе) төлемақыларды төлеу бойынша салықтық міндеттемені орындау мерзімін өзгерту туралы салық органының шешімінде көрсетілген мерзім ішінде тексеру нәтижелері туралы хабарламаға шағым берілген жағдайларда тоқтатылады, оның ішінде мерзімінен бұрын тоқтатылады. Осы тармақшада көзделген жағдай басталған кезде салықтарды және (немесе) төлемақыларды төлеу бойынша салықтық міндеттемені орындау мерзімін өзгерту туралы шешімнің қолданылуы салық органы тиісті шешім қабылдаған күннен бастап тоқтатылады.

      3. Салықтарды және (немесе) төлемақыларды төлеу бойынша салықтық міндеттемені орындау мерзімін өзгерту туралы шешімнің қолданылуын осы шешімді қабылдаған салық органы шешім қабылданған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде салықтарды және (немесе) төлемақыларды төлеу бойынша салықтық міндеттемені орындау мерзімін өзгерту туралы шешімнің күшін жою туралы хабарламаны салық төлеушіге жібере отырып тоқтатады.

      4. Инвестициялық салық кредиті туралы келісімнің қолданылуы тараптардың келісуі бойынша немесе сот шешімі бойынша мерзімінен бұрын тоқтатылуы мүмкін.

      5. Егер инвестициялық салық кредиті туралы келісімнің қолданылу мерзімі ішінде оны жасасқан салық төлеуші сатып алуы инвестициялық салық кредитін беруге негіз болған жабдықтарды немесе өзге де мүлікті өткізудің не басқа тұлғаларға иеленуге, пайдалануға немесе билік етуге берудің келісімде көзделген шарттарын бұзса, бұл салық төлеуші инвестициялық салық кредиті туралы келісім бұзылған күннен бастап есепті кезеңнен кейінгі салық кезеңі ішінде келісімге сәйкес бұрын төленбеген барлық салық сомасын, сондай-ақ көрсетілген келісім жасалғаннан бастап бұзылғанға дейінгі кезең үшін төлем күніне Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі белгілеген қайта қаржыландыру мөлшерлемесінің 1,25 еселенген мөлшерінде инвестициялық салық кредиті туралы келісім қолданысының әрбір күнтізбелік күні үшін есептелген тиісті өсімпұлды төлеуге міндетті.";

      22) 65-бап мынадай редакцияда жазылсын:

      "65-бап. Қызметі тоқтатылатын дара кәсіпкердің, жеке практикамен айналысатын адамның салықтық міндеттемесін орындау

      1. Дара кәсіпкер немесе жеке практикамен айналысатын адам қызметті тоқтату туралы шешім қабылданған күннен бастап бір ай ішінде өзінің орналасқан жеріндегі салық органына бір мезгілде:

      1) салықтық тексеру жүргізу туралы салықтық өтінішті;

      2) таратудың салықтық есептілігін ұсынады.

      2. Таратудың салықтық есептілігі қызметі тоқтатылатын дара кәсіпкер немесе жеке практикамен айналысатын адам төлеушісі және (немесе) салық агенті болып табылатын салықтардың, бюджетке төленетін төлемдердің түрлері және әлеуметтік төлемдер бойынша салықтық тексеру жүргізу туралы салықтық өтініш ұсынылған салықтық кезеңнің басынан бастап осындай өтініш ұсынылған күнге дейінгі кезең үшін жасалады.

      Егер кезекті салықтық есептілікті ұсыну мерзімі таратудың салықтық есептілігі ұсынылғаннан кейін басталатын болса, мұндай кезекті салықтық есептілікті ұсыну таратудың салықтық есептілігі ұсынылған күннен кешіктірілмей жүргізіледі.

      3. Қызметі тоқтатылатын дара кәсіпкер таратудың салықтық есептілігінде көрсетілген салықтарды, бюджетке төленетін төлемдерді және әлеуметтік төлемдерді төлеуді салық органына таратудың салықтық есептілігі ұсынылған күннен бастап күнтізбелік он күннен кешіктірмей жүргізеді.

      Егер таратудың салықтық есептілігінің алдында ұсынылған салықтық есептілікте көрсетілген салықтарды, бюджетке төленетін төлемдерді және әлеуметтік төлемдерді төлеу мерзімі осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген мерзім өткеннен кейін басталатын болса, онда төлеу (аудару) таратудың салықтық есептілігі ұсынылған күннен бастап күнтізбелік он күннен кешіктірілмей жүргізіледі.

      4. Қызметі тоқтатылатын дара кәсіпкердің немесе жеке практикамен айналысатын адамның салықтық өтінішін салық органы алғаннан кейін салықтық тексеру жиырма жұмыс күнінен кешіктірілмей басталуға тиіс.

      5. Қызметі тоқтатылатын дара кәсіпкердің немесе жеке практикамен айналысатын адамның салықтық берешегі Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген кезектілік тәртібімен көрсетілген жеке кәсіпкердің немесе жеке практикамен айналысатын адамның ақшасы, оның ішінде мүлкін өткізуден алынған ақшасы есебінен өтеледі.

      6. Егер қызметі тоқтатылатын дара кәсіпкерде немесе жеке практикамен айналысатын адамда салықтардың, бюджетке төленетін төлемдер мен өсімпұлдың артық төленген сомалары бар болса, онда көрсетілген сомалар қызметі тоқтатылатын дара кәсіпкердің немесе жеке практикамен айналысатын адамның салықтық берешегін өтеу есебіне осы Кодекстің 102-бабында айқындалған тәртіппен есепке жатқызылуға тиіс.

      Егер қызметі тоқтатылатын дара кәсіпкерде немесе жеке практикамен айналысатын адамда салықтардың, бюджетке төленетін төлемдер мен өсімпұлдың қате төленген сомалары бар болса, онда көрсетілген сомалар осы Кодекстің 103-бабында айқындалған тәртіппен есепке жатқызылуға тиіс.

      7. Қызметі тоқтатылатын дара кәсіпкерде немесе жеке практикамен айналысатын адамда салықтық берешек болмаған кезде:

      1) салықтардың, бюджетке төленетін төлемдер мен өсімпұлдың қате төленген сомалары осы Кодекстің 103-бабында айқындалған тәртіппен осы салық төлеушіге қайтарылуға жатады;

      2) салықтардың, бюджетке төленетін төлемдер мен өсімпұлдың артық төленген сомалары осы Кодекстің 101-бабында айқындалған тәртіппен осы салық төлеушіге қайтарылуға жатады;

      3) айыппұлдардың төленген сомалары осы Кодекстің 106-бабында айқындалған тәртіппен осы салық төлеушіге қайтарылуға жатады;

      4) кеден органдары алатын кедендік баждардың, салықтардың, кедендік алымдар мен өсімпұлдың бюджетке артық (қате) төленген сомалары Қазақстан Республикасының кеден заңнамасында айқындалған тәртіппен осы салық төлеушіге қайтарылуға жатады.

      8. Қызметі тоқтатылған дара кәсіпкердің немесе жеке практикамен айналысатын адамның салықтық міндеттемесі салықтық тексеру аяқталғаннан кейін және салықтық берешек, әлеуметтік төлемдер бойынша берешек, оның ішінде салықтық тексеру нәтижелері бойынша қалыптасқан берешек болмаған немесе олар осы Кодекстің 115-бабында белгіленген мерзімдерде өтелген кезде, орындалды деп есептеледі.

      9. Осы баптың 8-тармағына сәйкес дара кәсіпкерді немесе жеке практикамен айналысатын адамды салық органындағы тіркеу есебінен шығару күні салықтық міндеттеме орындалған күн болып табылады.

      10. Салық органы осы баптың 8-тармағына сәйкес салықтық міндеттеме орындалған күннен бастап үш жұмыс күнінен кешіктірмей, дара кәсіпкер немесе жеке практикамен айналысатын адам ретінде тіркеу есебінен шығаруды жүзеге асырады және уәкілетті органның интернет-ресурсында осындай салық төлеушілердің тіркеу есебінен шығарылғаны туралы ақпаратты орналастырады.

      11. Осы Кодекстің 115-бабында белгіленген мерзімдерде төленбеген салықтық берешектің, әлеуметтік төлемдер бойынша берешектің болуы дара кәсіпкер немесе жеке практикамен айналысатын адам ретінде тіркеу есебінен шығарудан бас тартуға негіз болып табылады.

      12. Осы баптың ережелері осы Кодекске сәйкес қызметті тоқтату кезінде салықтық міндеттемені орындау ерекшеліктерін қолданатын дара кәсіпкерлерге немесе жеке практикамен айналысатын адамдарға қолданылмайды.";

      23) 74-баптың 7-тармағының 7) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "7) шетелдіктің немесе азаматтығы жоқ адамның болатын жері – халықтың көші-қоны саласындағы заңнамаға сәйкес айқындалған шетелдіктің немесе азаматтығы жоқ адамның уақытша болатын жері деп танылады.";

      24) 75-баптың 2-тармағында:

      4), 5) және 6) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:

      "4) осы Кодекстiң 650-бабының 8-тармағына сәйкес салық агентi болып табылатын немесе осы Кодекстің 650-бабының 11-тармағына сәйкес табыс салығын есептейтін, осы Кодекстің 650-бабы 1-тармағының 3), 4) және 5) тармақшаларында көрсетілген акцияларды, қатысу үлестерiн сатып алатын (өткізетін) бейрезидент-заңды тұлға туралы мәліметтерді – осы Кодекстiң 650-бабы 1-тармағының 3), 4) және 5) тармақшаларында көрсетiлген, жер қойнауын пайдаланушы болып табылатын заңды тұлғаның орналасқан жерi бойынша енгізуді жүзеге асырады. Осы тармақшаның ережелері, егер осы Кодекстің 650-бабының 8-тармағына сәйкес салық агенті болып табылатын немесе осы Кодекстің 650-бабының 11-тармағына сәйкес табыс салығын есептейтін бейрезидент-заңды тұлға қызметін Қазақстан Республикасында салық төлеуші ретінде салық органдарында тіркелген тұрақты мекеме арқылы жүзеге асыратын болса, қолданылмайды.

      Егер осындай бейрезидент-заңды тұлға бағалы қағаздарды, активтер құнының 50 және одан да көп пайызын жер қойнауын пайдаланушылар болып табылатын екі және одан да көп тұлғалардың мүлкі құрайтын заңды тұлғадағы қатысу үлесін сатып алған (өткізген) жағдайда салық төлеушілердің мемлекеттік дерекқорына бейрезидент туралы мәліметтерді енгізуді уәкілетті органның орналасқан жеріндегі салық органы жүзеге асырады;

      5) осы Кодекстің 645-бабы 9-тармағының 8) тармақшасында, 654-бабының 7) тармақшасында белгіленген шарттар орындалмаған жағдайда, бағалы қағаздарды, қатысу үлестерін сатып алатын бейрезидент-заңды тұлға туралы мәліметтерді – бағалы қағаздары немесе қатысу үлестері сатып алынатын заңды тұлғаның орналасқан жері бойынша;

      6) осы Кодекстің 650-бабының 8-тармағына сәйкес салық агенті болып табылатын немесе осы Кодекстің 650-бабының 11-тармағына сәйкес табыс салығын есептейтін, осы тармақтың 4) тармақшасында көрсетілген мүлікті қоспағанда, Қазақстан Республикасында мүлік сатып алатын (өткізетін) бейрезидент-заңды тұлға туралы мәліметтерді – мүліктің орналасқан жері бойынша енгізуді жүзеге асырады. Осы тармақшаның ережелері, егер осы Кодекстің 650-бабының 8-тармағына сәйкес салық агенті болып табылатын немесе осы Кодекстің 650-бабының 11-тармағына сәйкес табыс салығын есептейтін бейрезидент-заңды тұлға қызметін Қазақстан Республикасында салық төлеуші ретінде салық органдарында тіркелген тұрақты мекеме арқылы жүзеге асыратын болса, қолданылмайды;";

      8), 9), 10) және 11) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:

      "8) қызметін осы Кодекстің 220-бабының 3-тармағына сәйкес бейрезиденттің тұрақты мекемесi ретінде қаралатын тәуелді агент арқылы жүзеге асыратын бейрезидент-заңды тұлға туралы мәліметтерді – тәуелді агенттің орналасқан (тұрғылықты, болатын) жері бойынша;

      9) қызметін осы Кодекстің 220-бабының 1-тармағына сәйкес бейрезиденттің тұрақты мекемесі ретінде қаралатын сақтандыру ұйымы немесе сақтандыру брокері арқылы жүзеге асыратын бейрезидент-заңды тұлға туралы мәліметтерді – сақтандыру ұйымының немесе сақтандыру брокерінің орналасқан жері бойынша;

      10) қызметін осы Кодекстің 220-бабының 1-тармағына сәйкес бейрезиденттің тұрақты мекемесі ретінде қаралатын бірлескен қызмет туралы шарт шеңберінде жүзеге асыратын бейрезидент-заңды тұлға туралы мәліметтерді – бірлескен қызмет туралы шартқа қатысушы-резиденттің орналасқан (тұрғылықты, болатын) жері бойынша;

      11) резидент-екінші деңгейдегі банктерде ағымдағы шоттарды ашатын бейрезидент-заңды тұлға туралы мәліметтерді – осындай резидент-банктің орналасқан жері бойынша енгізуді жүзеге асырады.";

      25) 76-бапта:

      1-тармақтың 3) тармақшасындағы "растайтын құжаттардың нотариат куәландырған көшірмелерін қоса бере отырып, тіркеу есебіне қою туралы салықтық өтінішті беруге міндетті." деген сөздер "растайтын құжаттардың;" деген сөздермен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 4) тармақшамен толықтырылсын:

      "4) бенефициарлық меншік иесі туралы мәліметтерді қамтитын құжаттың нотариат куәландырған көшірмелерін қоса бере отырып, салық төлеуші ретінде тіркеу есебіне қою туралы салықтық өтінішті беруге міндетті.";

      2-тармақтың 4) тармақшасындағы "хаттамасының нотариат куәландырған көшірмелерін қоса бере отырып, салық төлеуші ретінде тіркеу есебіне қою туралы салықтық өтінішті беруге міндетті." деген сөздер "хаттамасының;" деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 5) тармақшамен толықтырылсын:

      "5) бенефициарлық меншік иесі туралы ақпаратты қамтитын құжаттың нотариат куәландырған көшірмелерін қоса бере отырып, салық төлеуші ретінде тіркеу есебіне қою туралы салықтық өтінішті беруге міндетті.";

      4-тармақта:

      бірінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:

      "4. Осы Кодекстің 650-бабының 8-тармағына сәйкес салық агенті болып табылатын немесе осы Кодекстің 650-бабының 11-тармағына сәйкес табыс салығын есептейтін, Қазақстан Республикасында мүлікті сатып алатын (өткізетін) бейрезидент-заңды тұлға мүлікті сатып алғанға (өткізгенге) дейін салық төлеуші ретінде тіркелу үшін мүліктің орналасқан жеріндегі салық органына мынадай:";

      1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "1) бейрезидент-заңды тұлғаның құрылтай құжаттарының;";

      3) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "3) осындай құжат болған кезде салықтық тіркеу нөмірін (немесе оның аналогын) көрсете отырып, бейрезиденттің инкорпорация еліндегі салықтық тіркелуін растайтын құжаттардың нотариат куәландырған көшірмелерін қоса бере отырып, тіркеу есебіне қою туралы салықтық өтінішті ұсынуға міндетті.";

      5-тармақта:

      бірінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:

      "5. Қызметі осы Кодекстің 220-бабының 1 және 3-тармақтарына сәйкес бейрезиденттің тұрақты мекемесі ретінде қаралатын сақтандыру ұйымы (сақтандыру брокері) немесе тәуелді агент осындай бейрезидент-заңды тұлғаны салық төлеуші ретінде тіркеу үшін осы Кодекстің 220-бабының 10-тармағына сәйкес айқындалған қызметті жүзеге асыру басталған күннен бастап күнтізбелік отыз күн ішінде орналасқан жеріндегі салық органына мынадай:";

      2) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "2) өзі тұрақты мекемесі болып табылатын бейрезидент-заңды тұлғаның құрылтай құжаттарының;";

      4) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "4) бейрезидентте болған кезінде салықтық тіркеу нөмірін (немесе оның аналогын) көрсете отырып, өзі тұрақты мекемесі болып табылатын бейрезиденттің инкорпорация еліндегі салықтық тіркелуін растайтын құжаттың;";

      мынадай мазмұндағы 5) тармақшамен толықтырылсын:

      "5) бенефициарлық меншік иесі туралы мәліметтерді қамтитын құжаттың нотариат куәландырған көшірмелерін қоса бере отырып, тіркеу есебіне қою туралы салықтық өтінішті ұсынуға міндетті.";

      6-тармақта:

      бірінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:

      "6. Қызметі тұрақты мекеме құруға алып келетін резидентпен жасасқан бірлескен қызмет туралы шартқа қатысушы – бейрезидент-заңды тұлға салық төлеуші ретінде тіркелу үшін осы Кодекстің 220-бабының 10-тармағына сәйкес айқындалған, қызметті жүзеге асыру басталған күннен бастап күнтізбелік отыз күн ішінде бірлескен қызмет туралы шартқа қатысушы – бейрезидент-заңды тұлғаның орналасқан (тұрғылықты, болатын) жеріндегі салық органына мынадай:";

      2) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "2) бейрезидент-заңды тұлғаның құрылтай құжаттарының;";

      4) тармақшадағы "құжаттардың нотариат куәландырған көшірмелерін қоса бере отырып, тіркеу есебіне қою туралы салықтық өтінішті ұсынуға міндетті." деген сөздер "құжаттардың;" деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 5) тармақшамен толықтырылсын:

      "5) бенефициарлық меншік иесі туралы мәліметтерді қамтитын құжаттардың нотариат куәландырған көшірмелерін қоса бере отырып, тіркеу есебіне қою туралы салықтық өтінішті ұсынуға міндетті.";

      7-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "7. Резидент-банктерде ағымдағы шоттарды ашатын бейрезидент-заңды тұлға шот ашқанға дейін салық төлеуші ретінде тіркелуге міндетті. Салық төлеуші ретінде тіркелу үшін осындай бейрезидент банктің орналасқан жеріндегі салық органына осы баптың 4-тармағында белгіленген құжаттардың нотариат куәландырған көшірмелерін қоса бере отырып, тіркеу есебіне қою туралы салықтық өтінішті ұсынады.";

      8, 9, 10 және 11-тармақтар алып тасталсын;

      12 және 13-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "12. Осы Кодекстің 75-бабы 2-тармағының 4) тармақшасында көрсетілген бейрезидент-заңды тұлға Қазақстан Республикасының жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы заңнамасына сәйкес жер қойнауын пайдалану саласындағы құзыреті шегінде мемлекеттік реттеуді жүзеге асыратын уәкілетті мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдардың осы Кодекстің 650-бабы 1-тармағының 3), 4) және 5) тармақшаларында көрсетілген акцияларды, қатысу үлестерін бейрезиденттің сатып алуы туралы мәліметтері немесе осы баптың 4-тармағында белгiленген құжаттардың нотариат куәландырған көшiрмелерiн қоса бере отырып, осындай бейрезидент ұсынған тiркеу есебiне қою туралы салықтық өтiнiш негізінде салық төлеуші ретінде тіркелуге жатады.

      13. Осы Кодекстің 75-бабы 2-тармағының 5) тармақшасында көрсетілген бейрезидент-заңды тұлға салық төлеуші ретінде тіркелу үшін осы Кодекстің 645-бабы 9-тармағының 8) тармақшасында көрсетілген эмитент-заңды тұлғаның немесе резидент-заңды тұлғаның орналасқан жеріндегі салық органына осы баптың 4-тармағында белгіленген құжаттардың нотариат куәландырған көшірмелерін қоса бере отырып, тіркеу есебіне қою туралы салықтық өтінішті ұсынуға міндетті.";

      26) 77-баптың 1-тармағында:

      1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "1) жеке тұлғаның, шетелдіктің немесе азаматтығы жоқ адамның тіркеу деректеріне – Жеке сәйкестендіру нөмірлерінің ұлттық тізілімінің мәліметтері негізінде;";

      4) және 5) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:

      "4) осы Кодекстің 650-бабы 1-тармағының 3), 4) және 5) тармақшаларында көрсетілген, Қазақстан Республикасында жер қойнауын пайдалану құқығына ие тұлғаның орналасқан жері өзгерген кезде осы Кодекстің 650-бабының 8-тармағына сәйкес салық агенті болып табылатын бейрезидент-заңды тұлғаның тіркеу деректеріне – осындай бейрезидент-заңды тұлғаны салық төлеуші ретінде тіркеу есебіне қою туралы салықтық өтініштің немесе Қазақстан Республикасының жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы заңнамасына сәйкес жер қойнауын пайдалану саласындағы құзыреті шегінде мемлекеттік реттеуді жүзеге асыратын уәкілетті мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдардың осы Кодекстің 650-бабы 1-тармағының 3), 4) және 5) тармақшаларында көрсетілген акцияларды, қатысу үлестерін бейрезиденттің сатып алуы туралы мәліметтері негізінде;

      5) резидент-заңды тұлғаның орналасқан жері өзгерген кезде 75-баптың 2-тармағының 5) тармақшасында көрсетілген бейрезидент-заңды тұлғаның тіркеу деректеріне – Бизнес-сәйкестендіру нөмірлерінің ұлттық тізілімінің осындай резидент туралы мәліметтері негізінде;";

      7) және 8) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:

      "7) қызметін осы Кодекстің 220-бабының 3-тармағына сәйкес бейрезиденттiң тұрақты мекемесi ретінде қаралатын тәуелді агент арқылы жүзеге асыратын бейрезидент-заңды тұлғаның тіркеу деректеріне – тәуелді агенттің салық органына ұсынған салықтық өтініші негізінде;

      8) резидент-банкте ағымдағы шоты бар бейрезидент-заңды тұлғаның тіркеу деректеріне – банк хабарламасы негізінде өзгерістер мен толықтырулар енгізуді жүзеге асырады.";

      27) 78-бапта:

      1-тармақта:

      бірінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Салық органдары салық төлеушіні салық төлеушілердің мемлекеттік дерекқорынан сәйкестендіру нөмірлерінің ұлттық тізілімдерінің мәліметтері негізінде немесе салықтық өтініш бойынша мынадай себептермен:";

      11) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "11) банк хабарламасын алған күннен бастап алты ай ішінде резидент-банктерде ағымдағы шотты ашу мақсатында салық төлеуші ретінде тіркелген бейрезидент-заңды тұлғаның резидент-банктерде ағымдағы шоттары болмаған, сондай-ақ ағымдағы шоттарды ашуы туралы мәліметтері болмаған жағдайда резидент-банкте осындай бейрезидент-заңды тұлғаның ағымдағы шотының жабылуы бойынша алып тастайды.";

      2 және 3-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "2. Салық органы салық төлеушілердің мемлекеттік дерекқорынан осы Кодекстің 75-бабы 2-тармағының 3)-11) тармақшаларында көрсетілген тұлғаларды алып тастау мақсатында әділет органына:

      1) қызметін Қазақстан Республикасында филиал, өкілдік ашпай, тұрақты мекеме арқылы жүзеге асыратын бейрезидент-заңды тұлғаны – тіркеу есебінен шығару туралы салықтық өтініші негізінде;

      2) салық агенті болып табылатын, осы Кодекстің 650-бабына сәйкес табыс салығын есептейтін, мүлікті, акцияларды, бағалы қағаздарды, қатысу үлестерін сатып алатын (өткізетін) бейрезидент-заңды тұлғаны – тіркеу есебінен шығару туралы салықтық өтініші негізінде;

      3) Қазақстан Республикасында аккредиттелген, шет мемлекеттің дипломатиялық және оған теңестiрiлген өкiлдiгін, шет мемлекеттің консулдық мекемесін – сыртқы саяси қызметті жүзеге асыратын уәкілетті мемлекеттік органның Қазақстан Республикасында аккредиттелген, шет мемлекеттің дипломатиялық және оған теңестірілген өкілдігінің, шет мемлекеттің консулдық мекемесінің қызметін тоқтатуы туралы мәліметтері негізінде;

      4) осы Кодекстің 75-бабы 2-тармағының 8) тармақшасында көрсетілген бейрезидент-заңды тұлғаны – тәуелді агенттің тіркеу есебінен шығару туралы салықтық өтініші негізінде;

      5) резидент-банкте ағымдағы шоты бар бейрезидент-заңды тұлғаны – бейрезиденттің ағымдағы шотының жабылуы туралы банк хабарламасы негізінде тіркеу есебінен шығару туралы электрондық хабарлама жібереді.";

      3. Салық органдары осы баптың 2-тармағында көрсетілген бейрезиденттер туралы мәліметтер көрсетілген электрондық хабарламаны әділет органдарына тіркеу есебінен шығару туралы салықтық өтінішті, банк хабарламасын алған күннен бастап бір жұмыс күні ішінде ұсынады.";

      28) 79-баптың 4-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "4. Салық органдары салықтық өтінішті алған күннен бастап бір жұмыс күні ішінде жеке тұлғаны жеке практикамен айналысатын адам ретiнде тiркеу есебiне қоюды жүргізеді.";

      29) 80-баптың 5-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "5. Салық органы жеке практикамен айналысатын адамның тұрған жері туралы мәліметтерді өзгертуді тіркеу деректерін өзгерту үшін ұсынылған салықтық өтінішті алған күннен кейінгі бір жұмыс күні ішінде жүргізеді.";

      30) 82-баптың 4-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "4. Ең төмен айналым республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және тиісті қаржы жылының 1 қаңтарына қолданыста болатын айлық есептік көрсеткіштің 20 000 мың еселенген мөлшерін құрайды.

      Осы тармақтың бірінші бөлігінде белгіленген ең төмен айналымға оңайлатылған декларация негізінде арнаулы салық режимін қолданатын дара кәсіпкердің республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және тиісті қаржы жылының 1 қаңтарына қолданыста болатын айлық есептік көрсеткіштің 124 184 еселенген мөлшері шегіндегі, үш құрамбөлікті интеграцияланған жүйе міндетті түрде қолданыла отырып, қолма-қол ақшасыз есеп айырысу нысанында жасалған айналымдары қосылмайды.";

      31) 83-баптың 1-тармағының екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "Осы тармақтың бірінші бөлігі 2) тармақшасының ережесі:

      тәуекелдерді басқару жүйесі бойынша тәуекел деңгейі жоғарғы;

      Осы Кодекстiң 424-бабы 4-тармағында көзделген салықтық міндеттемелерді орындамаған салық төлеушілерге қолданылмайды.";

      32) 85-баптың 5-тармағы 1) тармақшасының екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "Осы баптың 4-тармағы 6) тармақшасының тоғызыншы және оныншы абзацтарында көрсетілген жағдайларда қосылған құн салығы бойынша тіркеу есебінен шығару туралы шешімді салық органы қосылған құн салығы бойынша тіркеу есебіне қойған күннен бастап үш жұмыс күнінен кешіктірмей шығарады;";

      33) 88-бапта:

      1-тармақтың 1) және 2) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:

      "1) бензинді (авиациялық бензиннен басқа), дизель отынын, газохолды, бензанолды, нефрасты, жеңіл көмірсулар қоспаларын, экологиялық отынды өндіруді;

      2) бензинді (авиациялық бензиннен басқа), дизель отынын, газохолды, бензанолды, нефрасты, жеңіл көмірсулар қоспаларын, экологиялық отынды көтерме және (немесе) бөлшек саудада өткізуін;";

      5-тармақтың бірінші бөлігінің үшінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "осы баптың 1-тармағының 2) тармақшасында көрсетiлген қызметтi жүзеге асыру кезінде – мұнай өнiмдерi базасын (резервуарды), автожанармай құю станциясына меншiк немесе жалға алу құқығын растайтын құжаттардың немесе автожанармай құю станциясын иеленушімен жасалған, оған сәйкес автожанармай құю станциясын иеленуші (сенім білдірілген өкіл) тапсырма шарты бойынша бензинді (авиациялық бензиннен басқа), дизель отынын, газохолды, және (немесе) бензанолды, бөлшек саудада өткізуді өтініш берушінің (сенім білдірушінің) атынан немесе оның тапсырмасы бойынша жүзеге асыратын тапсырма шартының не мұнай берушінің мұнай өнiмдерiн өндiрушiмен жасалған мұнайды қайта өңдеу шартының;";

      34) 95-баптың 2-тармағы алып тасталсын;

      35) 96-бапта:

      3-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1) мыналар:

      сатып алынған тауарлар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтер бойынша корпоративтік табыс салығын есептеу кезінде шығыстарды шегерімге жатқызу және қосылған құн салығын есепке жатқызу кезіндегі;

      жазып берілуі бойынша әрекетті (әрекеттерді) заңды күшіне енген сот актісімен немесе қылмыстық қудалау органының ақталмайтын негіздер бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеруді қысқарту туралы қаулысымен жеке кәсіпкерлік субъектісі іс жүзінде жұмыстарды орындамай, қызметтерді көрсетпей, тауарларды тиеп-жөнелтпей жасаған (жасалған) деп танылған шот-фактураның және (немесе) өзге құжаттың негізінде;";

      4-тармақтың екінші бөлігінің 2) тармақшасының үшінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "Бұл тәсіл Қазақстан Республикасының электрондық құжат және электрондық цифрлық қолтаңба туралы заңнамасына сәйкес салық органдарымен электрондық тәсілмен өзара іс-қимыл жасайтын салық төлеушіге қолданылады;";

      4-1-тармақтағы "бес" деген сөз "он" деген сөзбен ауыстырылсын;

      6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "6. Егер осы бапта өзгеше белгіленбесе, камералдық бақылау нәтижелері бойынша салық органдары анықтаған бұзушылықтарды жою туралы хабарламаны белгіленген мерзімде орындамау осы Кодекстің 118-бабына сәйкес салық төлеушінің банктік шоттары бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұруға алып келеді.";

      36) 97-баптың 5-тармағының төртінші абзацындағы "негізінде айқындаған салықтардың, бюджетке төленетін төлемдердің және әлеуметтік төлемдердің сомасы (оның ішінде ұлғайтылуға немесе азайтылуға жататын сома) салықтардың, бюджетке төленетін төлемдердің және әлеуметтік төлемдердің есепке жазылған сомасы болып табылады." деген сөздер "негізінде;" деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы бесінші абзацпен толықтырылсын:

      "салық төлеушінің (салық агентінің) деңгейлес мониторинг нәтижелері туралы хабарламаға шағымын қарау қорытындылары бойынша айқындаған салықтардың, бюджетке төленетін төлемдердің және әлеуметтік төлемдердің сомасы (оның ішінде ұлғайтылуға немесе азайтылуға жататын сома) салықтардың, бюджетке төленетін төлемдердің және әлеуметтік төлемдердің есепке жазылған сомасы болып табылады.";

      37) 100-баптың 1-тармағының 1) тармақшасындағы "бес" деген сөз "үш" деген сөзбен ауыстырылсын

      38) 101-бапта:

      1-тармақтың үшінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "Тіркеу алымдарының, жекелеген қызмет түрлерімен айналысуға лицензияларды, радиожиілік спектрін пайдалануға рұқсаттарды, азаматтық авиация саласындағы сертификаттарды беру үшін алынатын алымдардың, сыртқы (көрнекі) жарнаманы орналастырғаны үшін төлемақының, мемлекеттік баждың төленген сомалары – жүзеге асырылуы үшін осындай төлемдерді төлеу талап етілетін әрекеттерді жасамау (оның ішінде, салық төлеушінің тиісті құжаттарды бергенге дейін әрекеттер жасаудан бас тартуы нәтижесінде) фактісін тиісті уәкілетті мемлекеттік орган электрондық база арқылы және (немесе) қағаз жеткізгіштерде растаған жағдайда, артық төленген болып танылады.";

      3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "3. Салық органы салықтың, бюджетке төленетін төлемнің (есепке жатқызуға және қайтарылуға жатпайтын алымдар мен төлемақыларды қоспағанда), өсімпұлдың артық төленген (өндіріп алынған) сомаларын есепке жатқызуды және қайтаруды ұлттық валютада мынадай тәртіппен:

      тиісті салық, бюджетке төленетін төлем, өсімпұл бойынша жеке шоттарды жүргізу орны бойынша – осындай жеке шоттардың мәліметтері негізінде;

      жеке шоттар жүргізілмейтін бюджетке төленетін төлемдерді төлеу орны бойынша – тиісті уәкілетті мемлекеттік орган берген не алынған қағаз жеткізгіштерде және (немесе) электрондық база арқылы, жүзеге асырылуы үшін бюджетке төлемдерді төлеу көзделген әрекеттердің жасалмағанын растайтын салық төлеуші ұсынған құжаттардың негізінде жүргізеді.";

      4-тармақтың бірінші абзацындағы "он" деген сөз "бес" деген сөзбен ауыстырылсын;

      5-тармақтың 2) тармақшасының бесінші абзацындағы "дейін есепке жатқызуға және қайтаруға жатпайды." деген сөздер "дейін;" деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:

      "Қазақстан Республикасының жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы заңнамасында белгіленген, аукцион жеңімпазын айқындауға әсер еткен, аукцион өткізу қағидаларының бұзылуына байланысты аукцион жарамсыз деп танылған жағдайды қоспағанда, қол қойылған бонустың төленген сомасы есепке жатқызуға және қайтаруға жатпайды.";

      39) 102-бап мынадай мазмұндағы 4-1-тармақпен толықтырылсын:

      "4-1. Салық төлеуші келіскен жағдайда, электрондық байланыс арналары арқылы жіберілген салықтың, бюджетке төленетін төлемнің артық төленген (өндіріп алынған) сомасын есепке жатқызу салық төлеушінің өтінішінсіз бюджетке салықтық берешек болмаған кезде салықтың, бюджетке төленетін төлемнің тиісті түрі бойынша алдағы төлемдер есебіне жүргізіледі.";

      40) 103-баптың 3-тармағының үшінші абзацындағы "он" деген сөз "бес" деген сөзбен ауыстырылсын;

      41) 106-баптың 3-тармағындағы "он" деген сөз "бес" деген сөзбен ауыстырылсын;

      42) 107-баптың 2-тармағындағы "он" деген сөз "бес" деген сөзбен ауыстырылсын;

      43) 108-бапта:

      4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "4. Сот оның пайдасына іс бойынша тарап болып табылатын мемлекеттік мекемеден мемлекеттік бажды өндіріп алу туралы шешім шығарған салық төлеушіге мемлекеттік баждың сомасын қайтаруды салық органы салық төлеуші ұсынған салықтық өтініштің және заңды күшіне енген сот шешімінің негізінде жүргізеді.";

      5-тармақтағы "он" деген сөз "бес" деген сөзбен ауыстырылсын;

      44) 115-бапта:

      2-тармақтағы "және 10)" деген сөз бен цифр алып тасталсын;

      4-тармақтағы "5) – 12)" деген цифрлар "5), 6), 10), 11), 12)" деген цифрлармен ауыстырылсын;

      45) 118-баптың 5-тармағының екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "Бұл ретте осы баптың 1-тармағының 7) тармақшасында көзделген жағдайда шығарылған банктік шоттар бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру туралы өкiмнің күші:

      осы Кодекстің 96-бабында айқындалған тәртіппен камералдық бақылау нәтижелері бойынша салық органдары анықтаған бұзушылықтарды жою туралы хабарламаны салық төлеуші (салық агенті) орындамаған жағдайда жүзеге асырылатын жоспардан тыс салықтық тексеруді немесе камералдық бақылау нәтижелері бойынша салық органдары анықтаған бұзушылықтарды жою туралы хабарламада көрсетілген мәселелер мен салықтық кезеңдерді қамтитын салықтық тексеруді тағайындау туралы нұсқама табыс етілген күннен кейінгі бiр жұмыс күнiнен кешiктiрілмей;

      осы Кодекстің 96-бабының 4-1-тармағында көзделген салық төлеушінің (салық агентінің) шағымы келіп түскен күннен кейінгі бiр жұмыс күнiнен кешiктiрілмей жойылады және көрсетілген шағым қанағаттандырылмаған жағдайда жоғары тұрған салық органының және (немесе) уәкілетті органның жазбаша шешімі шығарылған және (немесе) сот актісі заңды күшіне енген күннен кейінгі бір жұмыс күнінен кешіктірілмей қайта басталады.";

      46) 120-бапта:

      1-тармақтың бірінші бөлігінің 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "2) салықтық мониторингке жататын салық төлеушіні қоспағанда, салық төлеушi (салық агентi) есепке жазылған салықтар және бюджетке төленетін төлемдер мен өсімпұлдар сомасы туралы, сондай-ақ бюджеттен қайтарылған және қайтаруға расталмаған қосылған құн салығының асып кету сомасы туралы мәліметтер қамтылған тексеру нәтижелерi туралы хабарламаға шағым жасаған жағдайда жүргiзедi.";

      2-тармақтың 2) тармақшасы "халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына және" деген сөздерден кейін "(немесе)" деген сөзбен толықтырылсын;";

      47) мынадай мазмұндағы 120-1-баппен толықтырылсын:

      "120-1-бап. Электронды нысанда шот-фактураның үзінді көшірмесін жасауды тоқтата тұру

      1. Камералдық бақылау нәтижелері бойынша салық органдары анықтаған бұзушылықтарды жою туралы хабарлама орындалмаған жағдайда – осы Кодекстің 96-бабы 2-тармағының бірінші бөлігінде көрсетілген мерзім өткен күннен бастап бес жұмыс күні өткен соң қосымша кұн салығы төлеушінің шот-фактураның электронды нысанда үзінді көшірмесін жасауды электрондык шот-фактуралар ақпараттық жүйесінде тоқтата тұру жүргізіледі.

      2. Электрондык шот-фактуралар ақпараттық жүйесінде электронды нысанда шот-фактураның үзінді көшірмесін жасауды жазуы тоқтата тұрған салық органы:

      1) камералдық бақылау нәтижелері бойынша салық органдары анықтаған бұзушылықтарды жою туралы хабарламаны орындауды;

      2) осы Кодекстің 96-бабында айқындалған тәртіппен, камералдық бақылау нәтижелері бойынша салық органдары анықтаған бұзушылықтарды жою туралы хабарламаны салық төлеуші орындамаған жағдайда жүзеге асырылатын жоспардан тыс салықтық тексеруді немесе камералдық бақылау нәтижелері бойынша салық органдары анықтаған бұзушылықтарды жою туралы хабарламада көрсетілген мәселелер мен салықтық кезеңдерді қамтитын салықтық тексеруді тағайындау туралы нұсқама табыс етілген бiр жұмыс күнiнен кешiктiрмей жаңарады.";

      48) 124-баптың 3-тармағы алып тасталсын;

      49) 128-бапта:

      2 және 3-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "2. Жеке тұлға салықтық берешегін өтемеген кезде салық органы осы Кодекстің 115-бабының 1-тармағында белгіленген тәртіппен жеке тұлғаға табыс етуге жататын салық бұйрығы табыс етілген күннен бастап бес жұмыс күнінен кешіктірмей, осындай салық бұйрығын Қазақстан Республикасының атқарушылық iс жүргiзу және сот орындаушыларының мәртебесі туралы заңнамасында айқындалған тәртіппен мәжбүрлеп орындау үшін аумақтығы бойынша тиісті әділет органына немесе Жеке сот орындаушыларының өңірлік палатасына жібереді.

      3. Салық бұйрығын шығарған салық органы:

      1) жеке тұлға мәжбүрлеп орындау үшін салық бұйрығы жолданғанға дейін салықтық берешегін өтеген жағдайда – салықтық берешегін өтеген күннен бастап бір жұмыс күнінен кешіктірмей;

      2) егер өтелмегені үшін салық бұйрығы шығарылған салықтық берешек салықтарды қате есептеу (есепке жазу) нәтижесінде туындаған жағдайда – салық төлеушінің жеке шотына түзетулер енгізілген күннен бастап бір жұмыс күнінен кешіктірмей;

      3) осы бапта белгіленген салық бұйрығын шығару тәртібі бұзылған жағдайда – осындай факт анықталған күннен бастап үш жұмыс күнінен кешіктірмей салық бұйрығының күшін жояды.";

      50) 132-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "2. Ірі салық төлеушілер мониторингі нәтижелерi бойынша бұзушылықтар мен алшақтықтар анықталған жағдайда уәкiлеттi орган бұл туралы ірі салық төлеушілер мониторингіне жататын салық төлеушiні хабардар етеді.";

      51) 140-баптың 6-тармағы алып тасталсын;

      52) 142-баптың 1-тармағында:

      мынадай мазмұндағы 3-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "3-1) жұмысты нақты орындамай, қызмет көрсетпей, тауарларды тиеп жібермей шот-фактуралардың үзінді көшірмесін жасау фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатқан салық төлеушілермен өзара есеп айырысу бойынша салықтық міндеттемелерін анықтау;";

      9) тармақшадағы "115" деген сандар "96" деген сандармен ауыстырылсын;

      13) тармақшада:

      бірінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:

      "13) бақылау-касса машиналарының және үш құрамбөлікті интеграцияланған жүйенің болуы мәселелері бойынша жүргізетін тексеру болып табылады.";

      екінші абзац алып тасталсын;

      53) 145-баптың 3-тармағының 5) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "5) жер қойнауын пайдалану құқығын жер қойнауын пайдаланудың лицензиялық режиміне қайта ресімдеу жағдайларын қоспағанда, жер қойнауын пайдалануға арналған келiсiмшарттың қолданылу мерзiмiнiң өтуiне байланысты;";

      54) 152-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "2. Тексерілетін кезеңге:

      салық төлеушінің осы Кодекстің 432-бабының 1 және 2-тармақтарын қолдануына байланысты өзі салықтық өтініште көрсеткен;

      егер осы тармақтың үшінші бөлігінде өзгеше белгіленбесе, қосылған құн салығының асып кету сомасын қайтару туралы талап көрсетіле отырып, қосылған құн салығы бойынша декларация тапсырылған салықтық кезеңді қоса алғанда, салық төлеуші қосылған құн салығының асып кету сомасын қайтару туралы талапты ұсынған салықтық кезеңнен басталған салықтық кезең кіреді.

      Егер осы баптың 3-тармағында өзгеше белгіленбесе, осы тармақта көрсетілген тексерілетін кезеңге салықтың осы түрі бойынша тексеру жүргізілмеген және осы Кодекстің 48-бабында белгіленген талап қоюдың өту мерзімінен аспайтын салықтық кезеңдер де кіреді.

      Қосылған құн салығының асып кету сомасын қайтарудың оңайлатылған тәртібін қолдануға құқығы бар салық төлеушілер үшін тексерілетін кезеңге қосылған құн салығы бойынша декларацияда көрсетілген, салық төлеушінің қосылған құн салығының асып кету сомасын қайтару туралы талабы қойылған салықтық кезең кіреді.";

      55) 155-баптың 1-тармағы мынадай мазмұндағы 7-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "7-1) Уәкілетті орган бекіткен тәртіпке сәйкес Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің Қазақстан Республикасының мемлекеттік шекарасы арқылы тауарларды өткізу кезінде әкімшілік құқық бұзушылық жасалғанын айғақтайтын тауарлар мен заттарды алып қою;";

      56) 166-бапта:

      2-тармақтың 6) тармақшасындағы "банктердің ақшалай есеп айырысуларына қолданылмайды." деген сөздер "банктердің;" деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 7) және 8) тармақшалармен толықтырылсын:

      "7) діни ұйымдардың;

      8) ортақ пайдаланылатын телекоммуникациялар желiсi жоқ жерлерде жүзеге асырылатын ақшалай есеп айырысуларды қоспағанда, Ұлттық пошта операторының ақшалай есеп айырысуларына қолданылмайды.";

      7-тармақтың 9) тармақшасындағы "Банктер және" деген сөздер алып тасталсын;

      57) 168-баптың 3-тармағындағы "немесе электрондық нысанда" деген сөздер алып тасталсын;

      58) 169-баптың 1-тармағының 2) тармақшасы алып тасталсын;

      59) 175-баптың 5-тармағының 4) тармақшасындағы "бұйрықтың" деген сөз "шешімнің" деген сөзбен ауыстырылсын;

      60) 177-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "2. Салық төлеуші (салық агенті) тексеру нәтижелері туралы хабарламаға, сондай-ақ деңгейлес мониторинг нәтижелері туралы хабарламаға сотқа шағым жасауға құқылы.";

      61) 190-баптың 6-тармағының екінші бөлігі "халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына және" деген сөздерден кейін "(немесе)" деген сөзбен толықтырылсын;

      62) 191-баптың 5-тармағының 1) және 2) тармақшалары "халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына және" деген сөздерден кейін "(немесе)" деген сөзбен толықтырылсын;

      63) 192-баптың 4 және 5-тармақтары "халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына және" деген сөздерден кейін "(немесе)" деген сөзбен толықтырылсын;

      64) 197-баптың 2-тармағы екінші бөлігінің бесінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "қайталама лизингке берілетін лизинг нысанасының құны лизинг шарты бұзылған күні төленген лизинг бойынша сыйақыны қоспағанда, лизингтік төлемдердің сомасына азайтылған бастапқы лизинг шарты бойынша лизинг нысанасының құнынан аспауы, қайталама лизинг шарты (шарттары) бойынша сыйақы мөлшерлемесінің мөлшері бастапқы лизинг шарты бойынша сыйақы мөлшерлемесінің мөлшерінен аспауы;";

      65) 204-баптың 2-тармағы мынадай мазмұндағы бөлікпен толықтырылсын:

      "Салық төлеуші жеке тұлғалардың салық нысандарына қол қоюына және растауына Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес бір реттік парольдерді пайдалана отырып жол беріледі.";

      66) 206-бапта:

      2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "2. Салықтық есептілік салық төлеушінің (салық агентінің) осы Кодексте белгіленген тәртіпке сәйкес ұсынылатын құжаты болып табылады, онда салық төлеуші (салық агенті), салық салу объектілері және (немесе) салық салуға байланысты объектілер туралы, активтер мен міндеттемелер туралы, сондай-ақ салықтық міндеттемелер мен әлеуметтік төлемдерді есептеу туралы мәліметтер қамтылады.

      Салықтық есептiлiк салықтардың, бюджетке төленетiн төлемдердiң түрлерi, әлеуметтiк төлемдер бойынша салықтық декларацияларды, есеп-қисаптарды, оларға қосымшаларды, тауарларды әкелу және жанама салықтарды төлеу туралы өтінішті, жалға алу (пайдалану) шарттарының тізілімін қамтиды. Салықтық есептiлiктің нысандарын және оларды жасау қағидаларын уәкiлеттi орган бекiтедi.

      Осы Кодекстің мақсатында тауарларды әкелу және жанама салықтарды төлеу туралы өтініш салық декларациясы болып табылады.";

      3-тармақта:

      бірінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:

      "3. Тауарларды әкелу және жанама салықтарды төлеу туралы өтінішті қоспағанда, салықтық есептілік мынадай түрлерге бөлінеді:";

      2) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "2) кезекті салықтық есептілік – бастапқы салықтық есептілік ұсынылғаннан кейін келесі салықтық кезеңдер үшін ұсынылатын салықтық есептілік;";

      67) 209-баптың 5-тармағының 10) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "10) осы Кодекстің 412-бабы 2-тармағының 1) тармақшасына сәйкес шот-фактуралар қағаз жеткізгіште жазып берілген жағдайда – салықтық кезең ішінде сатып алынған және өткізілген тауарлар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтер бойынша шот-фактуралардың тізілімдері қосылған құн салығы бойынша декларациямен қоса бір мезгілде ұсынылмаса;";

      68) 210-баптың 5-тармағының 1) тармақшасындағы "бес жұмыс күні ішінде;" деген сөздер "бір жұмыс күні ішінде" деген сөздермен ауыстырылсын;

      69) 212-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Салық төлеуші (салық агенті) тауарларды әкелу және жанама салықтарды төлеу туралы өтінішті қоспағанда, салықтық есептілікті электрондық нысанда ұсынған кезде оны ұсыну мерзімін ұзартуға құқылы.";

      70) 213-баптың 2-тармағындағы "үш жұмыс күні ішінде" деген сөздер "бір жұмыс күні ішінде" деген сөздермен ауыстырылсын;

      71) 217-бап мынадай мазмұндағы 2-1-тармақпен толықтырылсын:

      "2-1. Инвестициялық резидент жеке тұлға, егер ол ағымдағы салықтық кезеңде аяқталатын кез келген қатарынан он екi айлық кезеңде кемiнде күнтiзбелiк тоқсан күн (келу және кету күндерiн қоса алғанда) Қазақстан Республикасында болса, сондай-ақ инвестициялық салық резиденттігі бағдарламасына қатысу үшін өтініш жасаудың алдындағы соңғы жиырма жыл ішінде Қазақстан Республикасының азаматтығы тоқтатылған тұлға болып табылмаса, ол ағымдағы салықтық кезең үшін Қазақстан Республикасында тұрақты болған деп танылады.";

      72) 218-баптың 2-тармағы мынадай мазмұндағы 3-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "3-1) Халықаралық қаржылық орталықтың инвестициалық резиденті болып саналатын шетелдік азамат және азаматтылығы жоқ адам:

      азаматтығы жоқ тұлғаның нотариатте куәландырылған шетелдік паспорты немесе куәлігінің көшірмесі;

      Қазақстан Республикасына болу кезін растайтын құжаттың нотариатте куәландырылған құжаттар көшірмелері (визалар немесе өзге де құжаттар);

      Резиденттікті растайтын құжатты берген кезде тиісті кезеңге арналған алымды төлегенін дәлелдейтін құжаттың көшірмесі;

      Орталық Әкімшіліктің тиісті кезеңге ұсынылатын Орталық актісімен белгіленген нысанда берілетін Орталықтың инвестициялық салықтық бейрезидент бағдарламасы бойынша инвестицияны жүзеге асрғандығын растайтын хат;

      салықтық кезеңі көрсетілген салықтық резиденттілікті растай болуы қажет өтініш;

      Инвестициялық резидент болып табылатын шетелдік немесе азаматтығы жоқ адам инвестициялық салық резиденттігіне қатысу үшін өтініш жасаудық болғандығы Қазақстан Республикасының азаматтығы соңғы жиырма жылд тоқтатылған тұлға болып табылмайтындығы туралы уәкілетті орган берген хатты ұсынады. Осы тармақшаның мақсатына орай мұндай құжатта шетелдіктің шетелдік паспортының немесе азаматтығы жоқ адамның куәлігінің мәліметтері қамтылуға тиіс.";

      73) 220-баптың 10-тармағының екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "Осы тармақтың бірнеше шарттары болған жағдайда осы тармақта көрсетілген күндердің неғұрлым ерте кезеңі бейрезиденттің Қазақстан Республикасында қызметті жүзеге асыруы басталған күн болып танылады.";

      74) 223-бап мынадай мазмұндағы 4) және 5) тармақшалармен толықтырылсын:

      "4) жеңілдікті салық салынатын мемлекеттерде тіркелгендерді қоспағанда, бақыланатын шетелдік компаниялардың және бақыланатын шетелдік компаниялардың тұрақты мекемелерінің салық салынатын кірісі;

      5) жеңілдікті салық салынатын мемлекеттерде тіркелген бақыланатын шетелдік компаниялардың және бақыланатын шетелдік компаниялардың тұрақты мекемелерінің салық салынатын кірісі.";

      75) 224-баптың екінші бөлігі алып тасталсын:

      76) 225-баптың 2-тармағында:

      3) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "3) қатысушы, құрылтайшы алатын (алған), оның ішінде заңды тұлғаны тарату немесе жарғылық капиталды азайту кезінде, сондай-ақ заңды тұлға құрылтайшыдан, қатысушыдан осы заңды тұлғаға қатысу үлестерін немесе олардың бір бөлігін сатып алу кезінде мүлікті бөлу кезінде өзіне мүлікті бөлу жүзеге асырылатын қатысу үлесіне тура келетін төленген жарғылық капитал мөлшерінде, бірақ осындай қатысушының, құрылтайшының осы Кодекстің 228-бабының 7-тармағында көзделген тәртіппен айқындалатын осындай қатысу үлесінің бастапқы құнының сомасынан аспайтын мөлшерде бұрын енгізілген мүліктің орнына алатын (алған) мүліктің құны;";

      9), 10), 11), 21) және 25) тармақшалардағы "халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына және" деген сөздерден кейін "(немесе)" деген сөзбен толықтырылсын;

      17) тармақшадағы "Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы" Қазақстан Республикасының Заңына" деген сөздер "Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы" Қазақстан Республикасының Кодексіне" деген сөздермен ауыстырылсын;

      мынадай мазмұндағы 27) тармақшамен толықтырылсын:

      "27) өзіне қатысты сот шешімі бойынша қайта құрылымдау жүргізілген, дауыс беретін акцияларының 90 пайыздан астамы 2013 жылғы 31 желтоқсандағы жағдай бойынша ұлттық басқарушы холдингке немесе бұрын осындай банк болып табылған заңды тұлғаға тиесілі банктерге кредиттер (қарыздар) және (немесе) кешірілуге жататын борышы осындай заңды тұлғаның басқару органы 2019 жылғы 1 шілдеге дейін бекіткен Тізбеге қосылған және уәкілетті органға 2019 жылғы 1 тамыздан кешіктірілмей ұсынылған кредитке (қарызға) байланысты берешек бойынша ұйғарылған айыпақылар (айыппұлдар, өсімпұлдар).";

      77) 226-бапта:

      1-тармақтың 24) тармақшасы "халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына және" деген сөздерден кейін "(немесе)" деген сөзбен толықтырылсын;

      2-тармақтың екінші және үшінші бөлігі "халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына және" деген сөздерден кейін "(немесе)" деген сөзбен толықтырылсын;

      78) 227-баптың 3-тармағы "халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына және" деген сөздерден кейін "(немесе)" деген сөзбен толықтырылсын;

      79) 228-бапта:

      6-тармақта:

      он екінші абзацта "халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына сәйкес және" деген сөздерден кейін "(немесе)" деген сөзбен толықтырылсын;

      мынадай мазмұндағы бөлікпен толықтырылсын:

      "Тіркелген активтердің құрамынан шығып қалған, осы баптың 2-тармағының 4) тармақшасында көрсетілген активтердің бастапқы құны тіркелген активтердің құрамынан шығып қалған күнге қаржылық есептіліктің халықаралық стандарттарына және (немесе) Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік туралы заңнамасының талаптарына сәйкес айқындалған, қайта бағалау мен құнсыздануын есепке алмағанда, осындай активтердің баланстық құны болып табылады.";

      7-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "7. Мыналар:

      оны сатып алуға арналған іс жүзіндегі шығындардың, қатысу үлесін сатып алуға байланысты және оның құнын халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына және (немесе) Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы заңнамасының талаптарына сәйкес ұлғайтатын шығындардың жиынтығы, және (немесе)

      жарғылық капиталға салымның құны, оның ішінде егер қатысу үлесі жарғылық капиталға салым ретінде алынған жағдайда салымның құны, және (немесе)

      егер қатысу үлесі қайта ұйымдастыру нәтижесінде алынған жағдайда –беру актісінде немесе бөлу балансында көрсетілген құн, және (немесе)

      егер активтерді акционер (қатысушы, құрылтайшы) заңды тұлға таратылған немесе жарғылық капитал азайтылған, сондай-ақ заңды тұлға құрылтайшыдан, қатысушыдан осы заңды тұлғаға қатысу үлесін немесе оның бір бөлігін сатып алған, эмитент-заңды тұлға осы эмитент шығарған акцияларды акционерден сатып алған кезде мүлікті бөлу нәтижесінде алған жағдайда – мүлікті бөлу кезінде акционер, қатысушы, құрылтайшы алатын (алған), оның ішінде бұрын енгізілгеннің орнына алатын (алған) мүліктің, осындай мүліктің берілгенін растайтын және тараптардың қолдарымен куәландырылған құжатта көрсетілген қайта бағалау мен құнсыздану есепке алмастан, беруші тұлғаның бухгалтерлік есепке алуында көрсетілуге жататын (көрсетілген) беру күніндегі баланстық құны, және (немесе)

      егер қатысу үлесі өтеусіз алынған жағдайда – осы Кодекске сәйкес өтеусіз алынған мүліктің құны түрінде жылдық жиынтық кіріске қосылған құн қатысу үлесінің бастапқы құны болып табылады.";

      10-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "10. Осы баптың мақсаттары үшін жарғылық капитал:

      жарғылық капиталға салым ретінде, оның ішінде жарғылық капиталға қосымша салым ретінде берілген (алынған) активтің қабылдау-беру актісінде немесе активтің қабылданғанын және берілгенін растайтын өзге құжатта көрсетілген құны, оның құны, бірақ төлеу есебіне актив берілген (алынған) жарғылық капиталға салымның сомасынан аспайтын құны;

      жарғылық капиталға салым ретінде, оның ішінде жарғылық капиталға қосымша салым ретінде енгізілген (алынған), бірақ төлеу есебіне ақша берілген (алынған) жарғылық капиталға салымның сомасынан аспайтын ақша сомасы салығының құны болып табылады.";

      80) 229-бап мынадай мазмұндағы 7-тармақпен толықтырылсын:

      "7. Міндеттемелерді есептен шығарудан түсетін кіріске екінші деңгейдегі банктердің кредиттік портфельдерінің сапасын жақсартуға маманданатын, жалғыз акционері Қазақстан Республикасының Үкіметі болып табылатын ұйым есептен шығарған берешек бойынша міндеттемелердің мөлшерін азайту жатпайды.";

      81) 231-бапта:

      2-тармақ "халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына және" деген сөздерден кейін "(немесе)" деген сөзбен толықтырылсын;

      4-тармақтың екінші бөлігі "халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына сәйкес және" деген сөздерден кейін "(немесе)" деген сөзбен толықтырылсын;

      82) 232-бапта:

      3-тармақта:

      үшінші бөліктің екінші абзацындағы "берешектен тұратын борышқа қатысты қолданылады." деген сөздер "берешектен;" деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:

      "кредитке (қарызға) байланысты берешектен тұратын борышқа қатысты қолданылады.";

      төртінші бөлікте:

      бірінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:

      "Осы тармақ бір мезгілде мынадай шарттар орындалған кезде:";

      2) және 3) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:

      "2) кредит (қарыз) және (немесе) кредитке (қарызға) байланысты берешек бойынша борышкер осы тармақтың екінші бөлігінде көрсетілген банктің басқару органы немесе бұрын осындай банк болып табылған заңды тұлға 2019 жылғы 1 шілдеге дейін бекіткен және 2019 жылғы 1 тамыздан кешіктірілмей уәкілетті органға ұсынылған борышы кешірілуге жататын борышкерлер тізбесінде (тізбелерінде) көрсетілсе;

      3) кредит (қарыз) және (немесе) кредитке (қарызға) байланысты берешек бойынша борышты кешіру осы тармақтың екінші бөлігінде көрсетілген банктің басқару органы немесе бұрын осындай банк болып табылған заңды тұлға 2019 жылғы 1 шілдеге дейін бекіткен және 2019 жылғы 1 тамыздан кешіктірілмей, уәкілетті органға ұсынылған борышы кешірілуге жататын борышкерлер тізбесінде (тізбелерінде) көрсетілген сома шегінде жүргізілсе;";

      5-тармақта:

      7) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "7) екінші деңгейдегі банктің, ипотекалық ұйымның, микроқаржылық қызметті жүзеге асыратын ұйымының (кредиттік серіктестік пен ломбардты қоспағанда) бастапқы құжаттарына сәйкес кредит (қарыз, ипотекалық қарыз, ипотекалық тұрғын үй қарызы, микрокредит) бойынша талап ету құқығы басқаға берілген күні екінші деңгейдегі банк, ипотекалық ұйым, микроқаржылық қызметті жүзеге асыратын ұйым (кредиттік серіктестік пен ломбардты қоспағанда) басқаға беруді жүргізген кредит (қарыз, ипотекалық қарыз, ипотекалық тұрғын үй қарызы, микрокредит) бойынша талап ету құқығының құны мен екінші деңгейдегі банктің, ипотекалық ұйымның, микроқаржылық қызметті жүзеге асыратын ұйымының (кредиттік серіктестік пен ломбардты қоспағанда) борышкерден алуына жататын кредит (қарыз, ипотекалық қарыз, ипотекалық тұрғын үй қарызы, микрокредит) бойынша талап ету құны арасындағы терiс айырма бөлiгiнде екінші деңгейдегі банктің, ипотекалық ұйымның, микроқаржылық қызметті жүзеге асыратын ұйымының (кредиттік серіктестік пен ломбардты қоспағанда) кредит (қарыз, ипотекалық қарыз, ипотекалық тұрғын үй қарызы, микрокредит) бойынша талап ету құқықтарын Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы", "Жылжымайтын мүлік ипотекасы туралы" және "Микроқаржылық қызмет туралы" заңдарында көрсетілген заңды тұлғаларға беруі;"

      8) тармақшада:

      "қарыз" деген сөзден кейін ", ипотекалық қарыз, ипотекалық тұрғын үй қарызы" деген сөздермен толықтырылсын;

      "халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына және" деген сөздер кейін "(немесе)" деген сөзбен толықтырылсын;

      9) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "9) осы Кодекстің 250-бабының 1, 3-тармақтарына сәйкес провизиялар (резервтер) құру бойынша шығыстар сомасын шегеруге құқығы бар салық төлеушінің кредит (қарыз, ипотекалық қарыз, ипотекалық тұрғын үй қарызы) бойынша үмiтсiз берешекті және ол бойынша сыйақыны кешіруіне байланысты борышкерге қойылатын талап мөлшерін кредиттер (қарыздар, ипотекалық қарыз, ипотекалық тұрғын үй қарызы) бойынша үмiтсiз берешектің және олар бойынша сыйақының салықтық кезеңде кешірілген жалпы сомасының салықтық кезеңнің басындағы кредиттер (қарыздар, ипотекалық қарыздар, ипотекалық тұрғын үй қарыздары) бойынша негізгі борыш сомасына және олар бойынша сыйақыларға арақатынасының ең жоғары мөлшері шегінде азайту. Бұл ретте мұндай арақатынастың ең жоғары мөлшері 0,1 коэффициентке тең;";

      11) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "11) қайта ұйымдастыру нәтижесінде өзіне "Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 61-4-бабында көзделген операцияны жүзеге асырған банк қосылған, осы Кодекстiң 250-бабының 1-тармағына сәйкес провизияларды (резервтердi) құру жөнiндегi шығыстар сомасын шегеруге құқығы бар банктің 2018 жылғы 1 қаңтардағы жағдайы бойынша кредит (қарыз) бойынша үмітсіз берешекті және ол бойынша сыйақыны кешіруі.";

      83) 238-баптың 3-тармағы "халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына және" деген сөздерден кейін "(немесе)" деген сөзбен толықтырылсын;

      84) 239-бапта:

      бірінші бөлік "халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына сәйкес және" деген сөздерден кейін "(немесе)" деген сөзбен толықтырылсын;

      мынадай мазмұндағы бөлікпен толықтырылсын:

      "Осы бапта белгiленген талаптар сақталмаған кезде әлеуметтiк сала объектiлерiн пайдаланудан түсетiн кірістер мен шығыстарға салықтық есеп жалпыға бірдей белгіленген тәртіппен жүргiзiледi.";

      85) 241-бапта:

      1-тармақта:

      11) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "11) акционерлiк инвестициялық қорлар:

      Қазақстан Республикасының инвестициялық және венчурлық қорлар туралы заңнамасына сәйкес инвестициялық қызметтен алған және акционерлік инвестициялық қордың кастодианы ескерген;

      "Астана" халықаралық қаржы орталығының қолданыстағы құқығына сәйкес тіркелген инвестициялық қорлар алған және инвестициялық қордың кастодианы немесе басқарушы компаниясы ескерген инвестициялық кірістер;";

      25) тармақшадағы "кірістері алып тасталуға жатады." деген сөздер "кірістері;" деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 26) тармақшамен толықтырылсын:

      "26) зиянды өтеу резервін және сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру резервін көбейтуге бағытталған қаражат шегінде "Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қорының инвестициялық кірістері алып тасталуға жатады.";

      2-тармақтың 2) тармақшасындағы "төлейтін дивидендтер алып тасталуға жатпайды." деген сөздер "төлейтін;" деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 3) тармақшамен толықтырылсын:

      "3) Қазақстан Республикасындағы бейрезидент-заңды тұлғаның тұрақты мекемесі алған дивидендтер алып тасталуға жатпайды. Бұл ретте осы тармақшаның ережелері осы Кодекстің 645-бабының 9-тармағының 3), 4), 5) тармақшаларында айқындалған шарттар орындалған кезде дивидендтерге қолданылмайды.";

      86) 242-бапта:

      3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "3. Шегерiмдердi салық төлеуші өзінің кіріс алуға бағытталған қызметіне байланысты шығыстарды растайтын құжаттары болған кезде іс жүзінде жүргізілген осындай шығыстар бойынша жүргiзедi.

      Осы тармақтың бірші бөлімін қолдану мақсатында резиденттен тауарларды (жұмыстарды, көрсетілген қызметтерді) сатып алу, Салық кодексінің 412-бабының 13-тармағында қарастырылған жағдайларды қоспағанда, қосымша шот-фактураның элекрондық нысанда болуымен расталады.

      Халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына және (немесе) Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы заңнамасының талаптарына сәйкес айқындалатын болашақ кезеңдердің шығыстары өздері жататын салықтық кезеңде шегерiмге жатады.";

      4 және 5-тармақтарда "халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына және" деген сөздерден кейін "(немесе)" деген сөзбен толықтырылсын;

      87) 243-бапта:

      9-тармақтың үшінші бөлігіндегі "сомасы есепке алынады." деген сөздер "сомасы;" деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы төртінші бөлікпен толықтырылсын:

      "осы тармақтың екiншi бөлiгiнiң 2) және 3) тармақшаларында көзделген шегерiмдер есепке жатқызылатын қосылған құн салығының сомасы түзетiлуге жататын салық кезеңінде жүзеге асырылады.";

      10-тармақта:

      2) тармақшадағы "мөлшерде төлеген, жеке кәсіпкерлік субъектерінің мүшелік жарналары шегерімге жатады." деген сөздер "мөлшерде;" деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 3) тармақшамен толықтырылсын:

      "3) халықаралық ұйымдарға тиісті уәкілетті мемлекеттік органның өз құзыреті шегіндегі тапсырмасы бойынша және шешімі негізінде халықаралық ұйымдар белгілеген мөлшерде төлеген жеке кәсіпкерлік субъектілерінің мүшелік жарналары шегерімге жатады.";

      мынадай мазмұндағы бөлікпен толықтырылсын:

      "Осы тармақшаның ережелері осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген мүшелік жарналар есепті салық кезеңінде алдыңғы және (немесе) алдыңғыдан бұрынғы салық кезеңдері үшін төленген жағдайда да қолданылады.";

      15-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "15. Қазақстан Республикасының заңнамасында және (немесе) Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарда айқындалған тәртіппен тауардың фирмалық атауына және (немесе) тауар белгісіне (қызмет көрсету белгісіне) ие және (немесе) оны пайдаланатын (оның ішінде лицензиялық немесе қосалқы лицензиялық шарт (келісім) негізінде), тауарды өндіруді және (немесе) өткізуді жүзеге асыратын салық төлеуші осындай тауарға меншік құқығының бар-жоғына қарамастан, оны сату көлемін ұстап тұруға және (немесе) ұлғайтуға бағытталған қызмет бойынша шығыстарды шегерімге жатқызады.";

      88) 244-баптың 1 және 3-тармақтарының 1) тармақшасының бесінші абзацы алып тасталсын;

      89) 246-бапта:

      4-тармақтың екінші бөлігі "халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына сәйкес және" деген сөздерден кейін "(немесе)" деген сөзбен толықтырылсын;

      5-тармақтың 2) тармақшасы "халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына және" деген сөздерден кейін "(немесе)" деген сөзбен толықтырылсын;

      90) 248-бапта:

      1-тармақтың 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "3) банктік кредит (қарыз) шарттары бойынша және микрокредиттер беру туралы шарттар бойынша заңды күшіне енген сот шешімінің негізінде, Қазақстан Республикасының Үкіметі жалғыз акционері болып табылатын екінші деңгейдегі банктердің кредиттік портфельдерінің сапасын жақсартуға маманданған ұйымның талап ету құқықтары бойынша айыппұлдар мен өсімпұлды жылдық жиынтық кіріс құрамына қосуға байланысты және осы баптың 4-тармағына сәйкес есептелетін үш жыл ішінде қанағаттандырылмаған талаптар күмәнді талаптар болып танылады.";

      2-тармақтың 4) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "4) банктік кредит (қарыз) шарттары бойынша және микрокредиттер беру туралы шарттар бойынша заңды күшіне енген сот шешімі негізінде, Қазақстан Республикасының Үкіметі жалғыз акционері болып табылатын екінші деңгейдегі банктердің кредиттік портфельдерінің сапасын жақсартуға маманданған ұйымның талап ету құқықтары бойынша айыппұлдар мен өсімпұлды жылдық жиынтық кіріс құрамына қосуды жүзеге асырған тұлғада күмәнді талаптар шегерімге жатады.";

      91) 249-бапта:

      2-тармақ "халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына және" деген сөздерден кейін "(немесе)" деген сөзбен толықтырылсын;

      3-тармақта:

      бірінші абзац "халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына және" деген сөздерден кейін "(немесе)" деген сөзбен толықтырылсын;

      2) тармақша "халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына және" деген сөздерден кейін "(немесе)" деген сөзбен толықтырылсын;

      92) 250-бапта:

      1-тармақтың бірінші бөлігі:

      "халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына және" деген сөздерден кейін "(немесе)" деген сөзбен толықтырылсын;

      "Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі" деген сөздер "қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті орган" деген сөздермен ауыстырылсын;

      2-тармақта:

      екінші бөліктегі "Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң" деген сөздер "қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органның" деген сөздермен ауыстырылсын;

      үшінші бөлік "халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына және" деген сөздерден кейін "(немесе)" деген сөзбен толықтырылсын;

      3-тармақтың бірінші бөлігінің бірінші абзацында:

      "халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына сәйкес және" деген сөздерден кейін "(немесе)" деген сөзбен толықтырылсын;

      ""Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі" деген сөздер "қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті орган" деген сөздермен ауыстырылсын;

      5-тармақтың екінші бөлігі "халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына және" деген сөздерден кейін "(немесе)" деген сөзбен толықтырылсын;

      93) 252-баптың 1-тармағы төртінші бөлігінің екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "алынған жылы немесе алынған кезден бастап күнтізбелік 30 күн ішінде тарату қорын қалыптастыру үшін Қазақстан Республикасының аумағындағы кез келген екінші деңгейдегі банктегі арнайы депозиттік шотта орналастырылған жағдайда, жылдық жиынтық кіріске қосылмайды;";

      94) 257-баптың 1-тармағында:

      бірінші бөліктің 2) тармақшасы "халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына және" деген сөздерден кейін "(немесе)" деген сөзбен толықтырылсын;

      екінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:

      "Шегерімге, оның ішінде жұмыс берушінің жұмыскерді оқытуға, біліктілігін арттыруға және (немесе) қайта даярлауға жұмсаған іс жүзіндегі шығыстары жатады.";

      95) 258-баптың 2-тармағы екінші бөлігінің екінші абзацы "сәйкес" деген сөзден кейін "2018 жылғы 1 қаңтардан кейін" деген сөздермен толықтырылсын;

      96) 260-баптың 1-тармағы екінші бөлігінің 17) тармақшасындағы "қорғаныш жатады." деген сөздер "қорғаныш;" деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 18) тармақшамен толықтырылсын:

      "18) тотықтыруға арналған күкірт қышқылы жатады.";

      97) 264-бапта:

      4) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "4) заңды күшіне енген сот актісімен немесе қылмыстық қудалау органының ақталмайтын негіздер бойынша сотқа дейінгі тергеуді тоқтату туралы қаулысымен танылған, жеке кәсіпкерлік субъектісі іс жүзінде жұмыстарды орындамай, қызметтерді көрсетпей, тауарларды тиеп-жөнелтпей жасаған шот-фактура және (немесе) өзге құжат жазып беру жөніндегі әрекет (әрекеттер) бойынша шығыстар;"

      21) тармақшадағы "шығыстары шегерімге жатпайды." деген сөздер "шығыстары;" деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 22) тармақшамен толықтырылсын:

      "22) төлемнің мерзімділігіне қарамастан, азаматтық-құқықтық мәміле бойынша төлемі қосылған құн салығы ескеріле отырып, қолма-қол есеп айырысу арқылы жүргізілген және республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және төлемді жасау күніне қолданыста болатын айлық есептік көрсеткіштің 1 000 еселенген мөлшерінен асып кететін шығыстар шегерiмге жатпайды.";

      98) 266-бапта:

      1-тармақтың 1), 2) тармақшалары "халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына және" деген сөздерден кейін "(немесе)" деген сөзбен толықтырылсын;

      2-тармақтың 11) тармақшасы "халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына және" деген сөздерден кейін "(немесе)" деген сөзбен толықтырылсын;

      99) 268-баптың 2, 3, 4, 5, 6, 7, 12 және 16-тармақтары "халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына және" деген сөздерден кейін "(немесе)" деген сөзбен толықтырылсын;

      100) 270-баптың 2, 3 және 10-тармақтары "халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына және" деген сөздерден кейін "(немесе)" деген сөзбен толықтырылсын;

      101) 271-баптың 7-тармағы мынадай мазмұндағы бөлікпен толықтырылсын:

      "Осы тармақтың мақсатында жерасты суларын өндіруге арналған келісімшарт жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарт болып танылмайды.";

      102) 272-баптың 1-тармағының 2) тармақшасы "халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына және" деген сөздерден кейін "(немесе)" деген сөзбен толықтырылсын;

      103) 274-бапта:

      2-тармақ мынадай мазмұндағы бөлікпен толықтырылсын:

      "Осы тармақтың мақсатында жерасты суларын өндіруге арналған келісімшарт жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарт болып танылмайды.";

      3-тармақтың 1) тармақшасы "халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына және" деген сөздерден кейін "(немесе)" деген сөзбен толықтырылсын;

      104) 276-баптың 2-тармағындағы "халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына және" деген сөздерден кейін "(немесе)" деген сөзбен толықтырылсын;

      105) 280-баптың 1-тармағындағы "халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына және" деген сөздерден кейін "(немесе)" деген сөздермен толықтырылсын;

      106) 288-бапта:

      1-тармақтың 4) тармақшасының екінші бөлігі мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:

      "оқыту кезеңінде Қазақстан Республикасынан тыс жерде уақытша болған кезеңде оқытылатын адам науқастанып қалған жағдайда сақтандыру бойынша нақты өндірілген шығындар.";

      2-тармақтың 8) тармақшасының бірінші абзацындағы "9) және 11) тармақшаларында" деген сөздер "9) тармақшасында" деген сөзбен ауыстырылып, 8) тармақшаның төртінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "жер қойнауын пайдаланушылар (жер қойнауын пайдаланушы) болып табылатын тұлғалардың (тұлғаның) мүлкi осындай эмитент-заңды тұлға немесе қатысу үлесі өткізілетін осындай заңды тұлға активтерінің құнында немесе қатысу үлесі өткізілетін осындай консорциум қатысушылары активтерінің жалпы құнында осындай өткiзу күнiне 50 пайыздан аз болады деген шарттар бір мезгілде орындалған кезде резидент-заңды тұлға шығарған акцияларды немесе резидент-заңды тұлғаға немесе Қазақстан Республикасында құрылған консорциумға қатысу үлестерiн өткiзу кезінде резидент-заңды тұлға шығарған акцияларды немесе резидент-заңды тұлғаға немесе Қазақстан Республикасында құрылған консорциумға қатысу үлестерiн өткізуден туындаған залалдарға азайтылған құн өсімінен түсетін кірістер.";

      107) 290-бапта:

      2-тармақтың екінші бөлігінің 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "3) ғылым саласындағы уәкілетті орган аккредиттеген ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет субъектілері жүзеге асыратын ғылым (ғылыми зерттеулер жүргізуді, автордың ғылыми зияткерлік меншікті пайдалануын, оның ішінде өткізуін қоса алғанда), спорт (коммерциялық сипаттағы спорттық ойын-сауық іс-шараларынан басқа), мәдениет (жарғылық капиталына мемлекет жүз процент қатысатын ұйымдардың кәсіпкерлік қызметін қоспағанда, кәсіпкерлік қызметтен басқа), Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Тарих және мәдениет ескерткіштерінің мемлекеттік тізіміне енгізілген тарихи-мәдени мұра объектілері мен мәдени құндылықтарды сақтау (ақпарат таратуды және насихатты қоспағанда) бойынша қызметтер көрсету салаларындағы, сондай-ақ балаларды, қарттар мен мүгедектердi әлеуметтік қорғау және әлеуметтiк қамсыздандыру саласындағы қызмет;";

      3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "3. Осы Кодекстің мақсаттары үшін есепті салықтық кезеңде, сондай-ақ есепті салықтық кезеңнің алдындағы салықтық кезеңде мынадай:

      1) жұмыскерлер болып табылатын мүгедектердің орташа саны жұмыскерлердiң жалпы санының кемiнде 51 пайызын құрайды;

      2) жұмыскерлер болып табылатын мүгедектердiң еңбегiне ақы төлеу жөніндегі шығыстар еңбекке ақы төлеу жөніндегі жалпы шығыстардың кемiнде 51 процентін (есту, сөйлеу, сондай-ақ көру қабiлетiнен айырылған мүгедектер жұмыс iстейтiн мамандандырылған ұйымдарда – кемiнде 35 процентін) құрайды деген шарттардың біріне сай келетiн Қазақстан Республикасы мүгедектерінің қоғамдық бірлестіктері мен Қазақстан Республикасы мүгедектерінің қоғамдық бірлестіктері құрған ұйымдар да әлеуметтiк саладағы қызметті жүзеге асыратын ұйымдарға жатады.

      Бұл ретте осы тармақтың бірінші бөлігінде көзделген шартқа сәйкес келу:

      жаңадан құрылған (пайда болған) ұйымдар – есепті салық кезеңі үшін әділет органында тіркеу жүзеге асырылған;

      ұзақ мерзімді келісімшарт шеңберінде қызметін жүзеге асыратын ұйымдар – осындай келісімшарттың бүкіл қолданылу кезеңі ішінде айқындалады.

      Осы тармақта көзделген ұйымдардың табыстарына, егер табыстардың 90 проценті осындай ұйымның қызметкерлері болып табылатын мүгедектер өндірген (дайындаған) тауарларды өткізуден, жұмыстарды орындаудан, қызметтерді көрсетуден алынған (алынуға жататын) және алынған табыстарды осындай ұйымның қызметін жүзеге асыруға жіберген жағдайда салық салуға жатпайды.";

      108) 292-баптың 1-тармағы мынадай мазмұндағы 13), 14) және 15) тармақшалармен толықтырылсын:

      "13) меншікті активтердің жарғылық капиталына активтерді беру арқылы күмәнді және үмітсіз активтерді сатып алатын ұйымды дербес немесе банктермен бірлесіп құру, оларды басқару, оның ішінде сенімгерлік басқаруға беру, оларды иелену және (немесе) өткізу;

      14) банктерден және (немесе) бұрын банктер болып табылған заңды тұлғалардан сатып алынған және (немесе) алынған және халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына және Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік туралы заңнамасының талаптарына сәйкес активтер ретінде ескерілетін талап ету құқықтарын өтеу есебіне қабылданған мүлікті сату;

      15) талап ету тоқтатылған міндеттемелерді ішінара немесе толық есептен шығару.";

      109) 293-бапта:

      1 тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1) Қазақстан Республикасының халықаралық кеме тізілімінде тіркелген теңіз кемесімен жүк тасымалдауды жүзеге асыратын және (немесе)
бербоут-чартер, тайм-чартер, димайз-чартер шарттары бойынша қызметтерді ұсынатын;";

      2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "2. Осы баптың 1-тармағының 1) тармақшасында көрсетілген салық төлеуші Қазақстан Республикасының халықаралық кеме тізілімінде тіркелген теңіз кемесімен жүк тасымалдау және (немесе) бербоут-чартер, тайм-чартер, димайз-чартер шарттары бойынша көрсетілетін қызметтерді ұсыну жөніндегі қызмет бойынша және қызметтің басқа да түрлері бойынша корпоративтік табыс салығын есептеу мақсатында салық салу объектілерінің және (немесе) салық салуға байланысты объектілердің бөлек салықтық есепке алынуын жүргізеді.

      Қазақстан Республикасының халықаралық кеме тізілімінде тіркелген теңіз кемесімен жүк тасымалдау және (немесе) бербоут-чартер, тайм-чартер, димайз-чартер шарттары бойынша көрсетілетін қызметтерді ұсыну жөніндегі қызмет бойынша осы Кодекстiң 302-бабына сәйкес есептелген корпоративтік табыс салығы 100 пайызға азайтылуға жатады.";

      110) 294-бапта:

      1-тармақтың 1) тармақшасы мынандай редакцияда жазылсын:

      "1) осындай тұлға мынадай тұлғалардың бірі:

      Қазақстан Республикасы қосарланған салық салуды болғызбау және салықтарды төлеуден жалтаруға жол бермеу мәселелерін реттейтін халықаралық шарт жасасқан шет мемлекетте тіркелген немесе инкорпорацияланған немесе басқа да жолмен құрылған резидент емес заңды тұлғаны қоспағанда, осындай шет мемлекетте пайда салығының номиналдық мөлшерлемесі осы Кодекстің 313-бабының 1-тармағында көзделген Қазақстан Республикасындағы корпоративтік табыс салығының номиналдық мөлшерлемесінің 75%-нан көп болған жағдайда резидент емес заңды тұлға;

      Қазақстан Республикасы қосарланған салық салуды болғызбау және салықтарды төлеуден жалтаруға жол бермеу мәселелерін реттейтін халықаралық шарт жасасқан шет мемлекетте тіркелген немесе инкорпорацияланған немесе басқа да жолмен құрылған ұйымның өзге де нысанын қоспағанда, , осындай шет мемлекетте пайда салығының номиналдық мөлшерлемесі осы Кодекстің 313-бабының 1-тармағында көзделген Қазақстан Республикасындағы корпоративтік табыс салығының номиналдық мөлшерлемесінің 75%-нан көп болған жағдайда заңды тұлға құрмай кәсіпкерлік қызметін жүзеге асыратын ұйымның өзге де шетелдік нысаны (бұдан әрі – ұйымның өзге нысаны) болып табылғанда.

      Осы тармақшаны қолдану мақсатында, Қазақстан Республикасы қосарланған салық салуды болғызбау және салықтарды төлеуден жалтаруға жол бермеу мәселелерін реттейтін халықаралық шарт жасасқан, пайда салығының номиналдық мөлшерлемесі Қазақстан Республикасындағы корпоративтік табыс салығының номиналдық мөлшерлемесінің 75%-нан асатын елдер тізімін уәкілетті орган жыл сайын, ағымдағы жылдың 31 наурызына дейін бекітеді. Тізім бекітілген жылдың 1 қаңтарынан 31 желтоқсанына дейін қолданыста болады;";

      2-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "2) Қазақстан Республикасы қосарланған салық салуды болғызбау және салықтарды төлеуден жалтаруға жол бермеу мәселелерін реттейтін халықаралық шарт жасасқан шет мемлекетте тіркелген немесе инкорпорацияланған немесе басқа да жолмен құрылған, осындай шет мемлекеттегі пайда салығының номиналдық мөлшерлемесі осы Кодекстің 313-бабының 1-тармағында көзделген Қазақстан Республикасындағы корпоративтік табыс салығының номиналдық мөлшерлемесінің 75%-нен асқан жағдайда бақыланатын шетелдік компанияның тұрақты мекемесін қоспағанда, осы баптың 4-тармағының 2) тармақшасына сәйкес айқындалған, пайда салығының тиімді мөлшерлемесі 10 проценттен кем болатын шет мемлекетте тіркелген құрылымдық бөлімше немесе тұрақты мекеме бақыланатын шетелдік компанияның тұрақты мекемесі ретінде танылады.

      Бұл ретте осындай құрылымдық бөлімшені немесе тұрақты мекемені бір мезгілде осы баптың 1-тармағының бірінші бөлігінің 1) және 2) тармақшаларының шарттарына сай келетін тұлға құруға тиіс.

      Бұл ретте осы баптың 1 және 2-тармақтарында айқындалған шарттар бір мезгілде мынадай шарттарға сәйкес келетін бақыланатын шетелдік компанияларға және бақыланатын шетелдік компаниялардың тұрақты мекемелеріне қатысты қолданылмайды:

      1) бақыланатын шетелдік компания немесе бақыланатын шетелдік компанияның тұрақты мекемесі жеңілдікті салық салынатын мемлекеттерде тіркелмеген болса;

      2) әрбір бақыланатын шетелдік компанияның немесе бақыланатын шетелдік компанияның тұрақты мекемесі кірісінің жиынтық сомасы республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және салықтық кезеңнің бірінші күні қолданыста болатын айлық есептік көрсеткіштің 150 495 есе мөлшерінен аз болса.

      Осы тараудың мақсаттары үшін кірістің жиынтық сомасы осы Кодекстің 314-бабында белгіленген салық кезеңінің соңғы жұмыс күніндегі жағдай бойынша Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі белгілеген шетел валютасының қазақстандық теңгеге шаққандағы бағамы бойынша теңгемен қайта есептеледі.

      Салық кезеңінің соңғы жұмыс күні Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі белгілеген шетел валютасының қазақстандық теңгеге бағамы болмаған кезде, кірістің жиынтық сомасы салық кезеңінде бақыланатын шетелдік компанияның резиденттік елінің орталық банкі немесе бақыланатын шетелдік компанияның тұрақты мекемесі айқындаған еуроға қатысты валютаның соңғы кросс-бағамы қолданыла отырып, теңгемен қайта есептеледі.";

      4-тармақта:

      12) тармақшаның екінші және үшінші абзацтары мынандай редакцияда жазылсын:

      "бекітілген қаржылық есептілік бойынша, кейінге қалдырылған салықтарды қоспағанда, ағымдағы салықтық шығыс ретінде қарастырылатын, есептік кезеңдегі пайда салығы сомасының есептік кезеңдегі осы Кодекстің 297-бабы 3-тармағының 1) тармақшасына сәйкес айқындалатын салық салынғанға дейінгі қаржылық пайданың оң шамасына қатынасы ретінде есептелген;

      есептік кезеңдегі пайда салығының төленген сомасының есептік кезеңдегі осы Кодекстің 297-бабы 3-тармағының 1) тармақшасына сәйкес айқындалатын салық салынғанға дейінгі қаржылық пайданың оң шамасына қатынасы ретінде есептелген пйда салығының мөлшерлемесі.";

      мынадай мазмұндағы 16), 17), 18), 19), 20), 21) және 22) тармақшалармен толықтырылсын:

      "16) бекітілген қаржылық есептілік – бірінші басшының (немесе қаржылық есептілікке қол қою өкілеттігі бар тұлғаның) қолтаңбасымен расталған, бақыланатын шетелдік компания немесе бақыланатын шетелдік компанияның тұрақты мекемесі тіркелген елдің заңнамасында белгіленген стандартқа немесе қаржылық есептіліктің халықаралық стандарттарына сәйкес жасалған бухгалтерлік теңгерімді, кірістер мен шығындар туралы есепті, ақша қаражаттарының қозғалысы туралы есепті, капиталдағы өзгерістер туралы есепті, түсіндірме жазбаны (немесе басқа да құжатты) қамтитын бақыланатын шетелдік компанияның немесе бақыланатын шетелдік компанияның тұрақты мекемесінің қаржылық есептілігі;

      17) кірістердің жиынтық сомасы – бақыланатын шетелдік компанияның немесе бақыланатын шетелдік компанияның тұрақты мекемесінің есептік кезеңдегі бекітілген жеке шоғырландырылмаған қаржылық есептілігінде көрсетілген осындай бақыланатын шетелдік компанияның немесе бақыланатын шетелдік компанияның тұрақты мекемесінің барлық кірістерінің сомасы;

      18) пассив кірістер – пассив кірістер деп кірістердің мынадай түрлері түсініледі:

      дивидендтер;

      сыйақы түріндегі кірістер;

      құн өсімінен түсетін кіріс;

      роялти түріндегі кіріс;

      егер сақтандыру қызметі қызметтің негізгі түрі болмаса, сақтандыру қызметінен түскен кіріс;

      19) пассив кірістер үлесі – бақыланатын шетелдік компанияның немесе бақыланатын шетелдік компанияның тұрақты мекемесінің пассив кірістерінің бақыланатын шетелдік компанияның немесе бақыланатын шетелдік компанияның тұрақты мекемесі кірістерінің жиынтық сомасына деген ара қатынасы.

      Жеңілдікті салық салынатын мемлекетте тіркелген бақыланатын шетелдік компаниялардың немесе бақыланатын шетелдік компаниялардың тұрақты мекемелерінің пассив кірістерінің үлесі айқындалмайды;

      20) пайда салығының номиналдық мөлшерлемесі – корпоративтік табыс салығына барабар, резидент емес заңды тұлға немесе ұйымның өзге де нысаны алған кірістерге салынатын кіріс немесе пайда салығының немесе өзге де шетелдік салықтың тіркелген мөлшерлемесі, оның ішінде осындай резидент емес заңды тұлға немесе ұйымның өзге де нысаны тіркелген немесе инкорпорацияланған немесе құрылған мемлекеттегі шетелдік салық заңнамасында белгіленген қосымша үстемеақылардың және бюджетке төленетін басқа да қолданылатын міндетті төлемдердің қолданылатын мөлшерлемелері.

      Шет мемлекеттің салық салу жүйесі бірнеше салықтық деңгейді (оның ішінде, бірақ аталғандармен шектелмей, ұлттық, федералдық, кантондық, жергілікті, өңірлік пайда салықтары) көздеген жағдайда, пайда салығының номиналдық мөлшерлемесі тиісті табыс салықтарының сомасы немесе әр деңгейдегі пайда ретінде есептеледі. Бұл ретте жергілікті, өңірлік, кантондық пайда салықтарын қолдану үшін пайда салығының осындай номиналдық мөлшерлемесін есептеген кезде резидент емес заңды тұлға немесе ұйымның өзге де нысаны тікелей тіркелген немесе инкорпорацияланған немесе құрылған жердің өзі ескеріледі;

      21) аудит жүргізілген қаржылық есептілік – осы Кодекстің 297-бабының 3-тармағының 1) тармақшасында көрсетілген шарттарға сәйкес келетін, бақыланатын шетелдік компания немесе бақыланатын шетелдік компанияның тұрақты мекемесі тіркелген елдің ұлттық заңнамасына сәйкес не аудит жүргізілген қаржылық есептіліктің халықаралық стандарттарына сәйкес жасалған қаржылық есептілік;

      22) салық салынғанға дейінгі қаржылық пайда – тиісті кезеңдегі "Пайдалар және шығындар туралы есеп" қаржылық есептілігі нысанының "Салық салынғанға дейінгі пайда (шығын)" жолының оң шамасы.";

      111) 295-бап мынадай редакцияда жазылсын:

      "295-бап. Жалпы ережелер

      Бақыланатын шетелдік компанияның қаржылық пайдасы немесе бақыланатын шетелдік компанияның тұрақты мекемесінің қаржылық пайдасы екі рет салық салуға жатпайды.

      Қосарланған салық салу мынадай ережелерді қолдану:

      1) осы Кодекстің 296-бабына сәйкес салық салудан босату;

      2) осы Кодекстің 297-бабы 3-тармағының 1), 2) тармақшаларында көрсетілген шарттарға сәйкес келген жағдайда, бақыланатын шетелдік компанияның салық салынғанға дейінгі қаржылық пайдасын түзету;

      3) осы Кодекстің 297-бабының 4-тармағына сәйкес бақыланатын шетелдік компанияның салық салынғанға дейінгі қаржылық пайдасын азайту;

      4) осы Кодекстің 302-бабының 1-тармағының 1) және 2) тармақшаларына сәйкес есептелген резиденттің корпоративтік табыс салығынан шегеру немесе осы Кодекстің 303-бабының 4-тармағында айқындалған тәртіппен Қазақстан Республикасындағы корпоративтік табыс салығын төлеу есебіне жатқызу арқылы жойылады.";

      112) 296-баптың 1-тармағының 5) тармақшасындағы "салынған болса, бақыланатын шетелдік компанияның қаржылық пайдасы немесе бақыланатын шетелдік компанияның тұрақты мекемесінің қаржылық пайдасы Қазақстан Республикасында салық салудан босатылады" деген сөздер "салынған болса," деген сөздермен ауыстырылып мынадай мазмұндағы 6) тармақшамен толықтырылсын:

      "6) жеңiлдiктi салық салынатын мемлекеттерде тіркелгендерді қоспағанда, егер бақыланатын шетелдік компанияның немесе бақыланатын шетелдік компанияның тұрақты мекемесінің пассив кірістерінің үлесі 20 пайыздан аз болса, бақыланатын шетелдік компанияның қаржылық пайдасы немесе бақыланатын шетелдік компанияның тұрақты мекемесінің қаржылық пайдасы Қазақстан Республикасында салық салудан босатылады.";

      113) 297-бапта:

      1, 2 және 3-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Жеңiлдiктi салық салынатын мемлекеттерде тіркелгендерді қоспағанда, бақыланатын шетелдік компаниялардың немесе бақыланатын шетелдік компаниялардың тұрақты мекемелерінің осы баптың 2-4-тармақтарына сәйкес айқындалған жиынтық пайдасы жеңiлдiктi салық салынатын мемлекеттерде тіркелгендерін қоспағанда, бақыланатын шетелдік компаниялардың және бақыланатын шетелдік компаниялардың тұрақты мекемелерінің салық салынатын кірісі болып танылады және оған Қазақстан Республикасындағы корпоративтік немесе жеке табыс салығы салынады.

      Жеңiлдiктi салық салынатын мемлекеттерде тіркелген бақыланатын шетелдік компаниялардың немесе бақыланатын шетелдік компаниялардың тұрақты мекемелерінің осы баптың 2 және 3-тармақтарына сәйкес айқындалған жиынтық пайдасы жеңiлдiктi салық салынатын мемлекеттерде тіркелген бақыланатын шетелдік компаниялардың және бақыланатын шетелдік компаниялардың тұрақты мекемелерінің салық салынатын кірісі болып танылады және оған Қазақстан Республикасындағы корпоративтік немесе жеке табыс салығы салынады.

      2. Бақыланатын шетелдік компаниялардың немесе бақыланатын шетелдік компаниялардың тұрақты мекемелерінің жиынтық пайдасы мына формула бойынша айқындалады:

      П = П1 х Ү1 + П2 × Ү2 +...+ Пn х Үn, мұндағы:

      П – қаржылық пайдасы осы Кодекстің 296-бабына сәйкес салық салудан босатылатын бақыланатын шетелдік компанияларды немесе бақыланатын шетелдік компаниялардың тұрақты мекемелерін қоспағанда, барлық бақыланатын шетелдік компаниялардың немесе бақыланатын шетелдік компаниялардың тұрақты мекемелерінің жиынтық пайдасы;

      Ү1,2,...,n – резиденттің әрбір бақыланатын шетелдік компанияға тікелей, жанама, конструктивті қатысуының немесе тікелей, жанама, конструктивті бақылауының үлесі;

      П1,2,...,n – осы Кодекстің 296-бабы 1-тармағының 6) тармақшасына сәйкес салық салудан босатылған, мынадай формулалардың біріне сәйкес салық төлеушінің таңдауы бойынша айқындалатын бақыланатын шетелдік компанияның қаржылық пайдасын немесе бақыланатын шетелдік компанияның тұрақты мекемесінің қаржылық пайдасын қоспағанда, әрбір бақыланатын шетелдік компанияның немесе бақыланатын шетелдік компанияның әрбір тұрақты мекемесінің Қазақстан Республикасында салық салынуға жататын қаржылық пайдасының оң шамасы:

      П1, П2,..., Пn = Псд 1,2,…n – А1,2,…n – Ш1,2,…n немесе

      П1, П2,..., Пn = Псд1,2,…n * ПКҮ1,2,…n, мұндағы:

      Псд1,2,…n – әрбір бақыланатын шетелдік компанияның немесе бақыланатын шетелдік компанияның әрбір тұрақты мекемесінің есептік кезеңдегі салық салынғанға дейінгі қаржылық пайдасының оң шамасы;

      А1,2,…n – есептік кезеңде әрбір бақыланатын шетелдік компанияның салық салынғанға дейінгі қаржылық пайдасынан немесе бақыланатын шетелдік компанияның әрбір тұрақты мекемесінің салық салынғанға дейінгі қаржылық пайдасынан резиденттің осы баптың 4-тармағына сәйкес жүргізген азайту сомасы;

      ПКҮ1,2,…n – әрбір бақыланатын шетелдік компанияның немесе бақыланатын шетелдік компанияның әрбір тұрақты мекемесінің осы Кодекстің 294-бабы 4-тармағының 19) тармақшасына сәйкес айқындалатын пассив кірістерінің үлесі;

      Ш1,2,…n – әрбір бақыланатын шетелдік компанияның немесе бақыланатын шетелдік компанияның әрбір тұрақты мекемесінің есептік кезеңнің алдындағы қатарынан екі кезеңде туындаған шығынының сомасы. Бұл ретте азайтылған шығындар кейінгі кезеңдерде ескерілмейді.

      Бекітілген жеке шоғырландырылмаған қаржылық есептілікте көрсетілген шығын осы тармақ мақсаттарында көзделген шығын болып танылады.

      Бақыланатын шетелдік компанияның немесе бақыланатын шетелдік компанияның тұрақты мекемесінің шығыны:

      1) осы баптың 3-тармағы екінші бөлігінің 2) тармақшасына сәйкес есептелген осы бақыланатын шетелдік компанияның және (немесе) бақыланатын шетелдік компанияның осы тұрақты мекемесінің қаржылық пайдасын;

      2) басқа бақыланатын шетелдік компанияның немесе бақыланатын шетелдік компанияның басқа тұрақты мекемесінің салық салынғанға дейінгі қаржылық пайдасын;

      3) резиденттің салық салынатын кірісін азайтпайды.

      Жеңiлдiктi салық салынатын мемлекеттерде тіркелген бақыланатын шетелдік компанияның және (немесе) бақыланатын шетелдік компанияның тұрақты мекемесінің шығындарын пайдалануға резиденттің құқығы жоқ.

      3. Есептік кезеңде бақыланатын шетелдік компанияның салық салынғанға дейінгі қаржылық пайдасын немесе бақыланатын шетелдік компанияның тұрақты мекемесінің салық салынғанға дейінгі қаржылық пайдасын айқындау бақыланатын шетелдік компания тіркелген немесе бақыланатын шетелдік компанияның тұрақты мекемесі тіркелген елдің заңнамасында белгіленген стандартқа сәйкес немесе қаржылық есептіліктің халықаралық стандарттарына сәйкес жасалған бақыланатын шетелдік компанияның немесе бақыланатын шетелдік компанияның тұрақты мекемесінің бекітілген жеке шоғырландырылмаған қаржылық есептілігінің негізінде жүзеге асырылады.

      Резиденттің аудит жүргізілген қаржылық есептілік болған жағдайда ғана қаржылық есептіліктің халықаралық стандарттарына сәйкес жасалған бекітілген жеке шоғырландырылмаған қаржылық есептіліктің негізінде бақыланатын шетелдік компанияның немесе бақыланатын шетелдік компанияның тұрақты мекемесінің салық салынғанға дейінгі қаржылық пайдасын айқындауға құқығы бар.

      Егер бақыланатын шетелдік компания тіркелген мемлекеттің заңнамалық актілерінде еншілес (қауымдастырылған, бірлескен) ұйымдардың деректерін жеке шоғырландырылмаған қаржылық есептілік жасамай шоғырландыра отырып, шоғырландырылған қаржылық есептілік жасау бойынша міндеттеме белгіленсе және жеке шоғырландырылмаған қаржылық есептілік болмаған жағдайда, резидент мынадай сомаларды алып тастау арқылы есептік кезеңдегі бақыланатын шетелдік компанияның есептік кезеңдегі қаржылық есептілікте айқындалған қаржылық пайдасынан (шығынынан) мынадай түзетулер жүргізеді:

      1) бақыланатын шетелдік компанияның шоғырландырылған қаржылық есептілігі бойынша шоғырландырылған қаржылық пайдада (шоғырландырылған шығында) шоғырландырылған еншілес (қауымдастырылған, бірлескен) ұйымдардың есептік кезеңдегі қаржылық пайдасының (шығынының) сомалары.

      Еншілес (қауымдасқан, бірлескен) ұйымдардың есепті кезеңдегі қаржылық пайдасының (шығынының) сомасы оларды шоғырландыру кезінде алып тастаған жағдайда топішілік операциялардан қаржылық пайда (шығындар) сомасына ұлғайтуға (азайтуға) жататын есепті кезеңдегі бас компанияның шоғырландырылған қаржылық есептілігі бойынша шоғырландырылған қаржылық пайдадан (шоғырландырылған шығыннан) оларды шоғырландыру кезінде алып тасталады.

      Осы тармақшаға сәйкес бақыланатын шетелдік компанияның есепті кезеңдегі шоғырландырылған қаржылық есептілігінің деректерін түзету кезінде есепті кезеңде бухгалтерлік есепте танылған шоғырландырылған қаржылық есептілік бойынша шоғырландырылған қаржылық пайдада (шоғырландырылған шығында) көрсетілмеген еншілес (қауымдасқан, бірлескен) ұйымнан алынған немесе алынуға жататын дивидендтер бақыланатын шетелдік компанияның есепті кезеңдегі кірістеріне енгізілуге жатады.

      Осы тармақша мақсаттары үшін, егер салық салынғанға дейінгі қаржылық пайдада осындай кірістер қамтылатын болса, бақыланатын шетелдік компанияның немесе бақыланатын шетелдік компанияның тұрақты мекемесінің есептік кезеңдегі салық салынғанға дейінгі қаржылық пайдасынан осы Кодекстің 225-бабы 2-тармағының 2), 3), 9), 11) тармақшаларында көрсетілгендей кірістер алып тасталады.";

      мынадай мазмұндағы 3-1-тармақпен толықтырылсын:

      "3-1. Есептік кезеңнен кейінгі екінші жылдың 31 наурызына дейін резидентте бақыланатын шетелдік компанияның немесе бақыланатын шетелдік компанияның тұрақты мекемесінің бекітілген қаржылық есептілігі болмаған жағдайда, осындай есептік кезеңдегі бақыланатын шетелдік компанияның салық салынғанға дейінгі қаржылық пайдасының немесе бақыланатын шетелдік компанияның тұрақты мекемесінің салық салынғанға дейінгі қаржылық пайдасының сомасын резидент өз таңдауы бойынша мынадай тәртіптердің бірімен айқындайды:

      1) осы Кодекстің ережелеріне сәйкес салық салынатын кірісті айқындау тәртібіне ұқсас тәртіппен;

      2) салық салынғанға дейінгі қаржылық пайданың сомасы есептік кезеңдегі бақыланатын шетелдік компания кірісінің немесе бақыланатын шетелдік компанияның тұрақты мекемесі кірісінің сомасы мен 0,5 мөлшеріндегі коэффициенттің көбейтіндісі ретінде айқындалады. Кіріс сомасы есептік кезеңде бақыланатын шетелдік компанияның банктік шоттарына немесе бақыланатын шетелдік компанияның тұрақты мекемесінің банктік шоттарына келіп түскен ақша түсімдерін негізге ала отырып айқындалады.

      Бұл ретте түсімдердің мынадай түрлері:

      осы бақыланатын шетелдік компанияның немесе бақыланатын шетелдік компанияның тұрақты мекемесінің басқа банктік шоттарынан бақыланатын шетелдік компанияның немесе бақыланатын шетелдік компанияның тұрақты мекемесінің банктік шоттарына келіп түскен есептік кезеңдегі ақша түсімдері (ақшалай қаражаттың ішкі және банкаралық аударымдары);

      қарыздар бойынша төленетін сыйақыларды және өсімпұлды, айыппұлдарды қоспағанда, қарыз қаражатының түсімі және (немесе) қайтарылуы;

      ағымдағы салықтық кезеңде қайтару шартымен, ақша қаражаттарының қате есептелген түсімі;

      жарғылық капиталға салынған салым ретіндегі ақша қаражаттарының түсімі алып тасталуға тиіс.

      Резидент осы Кодекстің 315-бабының 4-тармағында белгіленген мерзімнен кейін бекітілген қаржылық есептілікті алған кезде бақыланатын шетелдік компанияның және (немесе) бақыланатын шетелдік компанияның тұрақты мекемесінің қаржылық пайдасының сомасын қайта есептеуге міндетті.

      Осы Кодекстің 294-бабының 4-тармағы 21) тармақшасының шарттарына сәйкес келетін құжаты болған кезде, салық төлеуші бақыланатын шетелдік компанияның немесе бақыланатын шетелдік компанияның тұрақты мекемесінің қаржылық пайдасының сомасын қайта есептеуге міндетті.";

      4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "4. Резиденттік растайтын құжаттары болған кезде бақыланатын шетелдік компанияның салық салынғанға дейінгі қаржылық пайдасын мынадай сомаларға азайтуға құқығы бар:

      1) мына формула бойынша айқындалатын азайту сомасы:

      А = ҚП × (К(1)/ЖКС), мұндағы:

      А – азайту сомасы;

      ҚП – бақыланатын шетелдік компанияның салық салынғанға дейінгі қаржылық пайдасының оң шамасы;

      К(1) – егер бақыланатын шетелдік компанияның салық салынғанға дейінгі қаржылық пайдасында осы тармақшада көрсетілген салық салынатын кірісті ескерілсе, филиалы, өкілдігі, тұрақты мекемесі арқылы бақыланатын шетелдік компанияның 20 проценттік мөлшерлеме бойынша Қазақстан Республикасындағы корпоративтік табыс салығы салынатын, Қазақстан Республикасындағы кәсіпкерлік қызметінен түскен, салық салынатын (салық салынуға жататын) кірісі;

      ЖКС – осы Кодекстің 294-бабы 4-тармағының 17) тармақшасына сәйкес айқындалған кірістердің жиынтық сомасы;

      2) мына формула бойынша айқындалатын азайту сомасы:

      А = ҚП × (К(2)/ЖКС), мұндағы:

      А – азайту сомасы;

      ҚП – бақыланатын шетелдік компанияның салық салынғанға дейінгі қаржылық пайдасының оң шамасы;

      К(2) – егер салық салынғанға дейінгі қаржылық пайда осы тармақшада көрсетілген кірісті ескере отырып айқындалған болса, тұрақты мекеме құрмай Қазақстан Республикасында қызметтер көрсетуден (жұмыстар атқарудан) түскен, бақыланатын шетелдік компания Қазақстан Республикасындағы көздерден алған, бұрын 20 пайыздық мөлшерлеме бойынша Қазақстан Республикасында төлем көзінен алынған корпоративтік табыс салығы салынған кіріс;

      ЖКС – осы Кодекстің 294-бабы 4-тармағының 17) тармақшасына сәйкес айқындалған кірістердің жиынтық сомасы;

      3) егер бақыланатын шетелдік компанияның салық салынғанға дейінгі қаржылық пайдасына осындай кіріс кіретін болса, осы Кодекстің 645-бабы 9-тармағының 3), 4), 5) тармақшаларына сай төлем көзінен алынатын корпоративтік табыс салығы салынбайтын Қазақстан Республикасындағы көздерден бақыланатын шетелдік компанияның алған дивидендтері;

      4) мына формула бойынша айқындалатын азайту сомасы:

      А = ҚП × (К(4)/ЖКС), мұндағы:

      А – азайту сомасы;

      ҚП – бақыланатын шетелдік компанияның салық салынғанға дейінгі қаржылық пайдасының оң шамасы;

      К(4) – егер бақыланатын шетелдік компанияның салық салынғанға дейінгі қаржылық пайдасы осы тармақшада көрсетілген кірісті ескере отырып айқындалған болса, бақыланатын шетелдік компанияның Қазақстан Республикасындағы көздерден алған, бұдан бұрын 20 проценттік мөлшерлеме бойынша Қазақстан Республикасында төлем көзінен алынатын корпоративтік табыс салығы салынған, осы тармақтың 1)-3) және 6) тармақшаларында көзделмеген басқа да кірістері;

      ЖКС – осы Кодекстің 294-бабы 4-тармағының 17) тармақшасына сәйкес айқындалған кірістердің жиынтық сомасы;

      5) шоғырландырылған топтың бірыңғай ұйымдық құрылымына кіретін бір бақыланатын шетелдік компанияның басқа бақыланатын шетелдік компаниядан алған дивидендтерінің сомасы. Бұл ретте бір бақыланатын шетелдік компанияның қаржылық пайдасы бұдан бұрын Қазақстан Республикасында басқа бақыланатын шетелдік компанияның қаржылық пайдасынан корпоративтік табыс салығы салынған (салынуға жататын) дивидентерді қамтуға тиіс және (немесе) осы баптың 4-тармағының 3), 6), 10) тармақшаларына немесе осы тармақшаға сай осындай басқа бақыланатын шетелдік компанияның қаржылық пайдасы азайтылуға тиіс және (немесе) осындай дивидендтер осы баптың 4-тармағының 7), 8), 9) тармақшаларына сай осындай басқа бақыланатын шетелдік компания алған құн өсімінен түскен кірістің есебінен құралған болға тиіс;

      6) шет мемлекетте тіркелген немесе инкорпорацияланған немесе басқа да жолмен құрылған, бақыланатын шетелдік компания болып табылмайтын, шоғырландырылған топтың бірыңғай ұйымдық құрылымына кіретін бейрезидент-заңды тұлғадан немесе заңды тұлға құрмай кәсіпкерлік қызметін жүзеге асыратын басқа да ұйым нысанынан бақыланатын шетелдік компанияның алған дивидендтерінің сомасы. Бұл ретте бақыланатын шетелдік компанияның қаржылық пайдасы мыналарды қамтуға тиіс:

      Қазақстан Республикасындағы көздерден тікелей алынған немесе шет мемлекетте тіркелген немесе инкорпорацияланған немесе басқа да жолмен құрылған, бақыланатын шетелдік компаниялар болып табылмайтын, өзге бейрезидент заңды тұлғалар немесе заңды тұлға құрмай кәсіпкерлік қызметін жүзеге асыратын басқа да нысанды ұйымдар арқылы алынған, осы Кодекстің 645-бабы 9-тармағының 3), 4), 5) тармақшаларына сай бұрын төлем көзінен алынған корпоративтік табыс салығы салынған не салынбауға тиіс дивидендтер,

      және (немесе) осындай дивидендтер шоғырландырылған топтың бірыңғай ұйымдық құрылымына кіретін, бұрын Қазақстан Республикасында корпоративтік табыс салығы салынған (салынуға тиіс) басқа бақыланатын шетелдік компанияның қаржылық пайдасынан төленуге (төленген болуға) тиіс;

      және (немесе) осындай дивидендтер осы баптың 4-тармағының 7), 8), 9) тармақшаларына сай осындай басқа бақыланатын шетелдік компания алған құн өсімінен түскен кірістің есебінен құралған болуға тиіс;

      7) мына формула бойынша айқындалатын азайту сомасы:

      А = ҚП × (К(7)/ЖКС), мұнда:

      А – азайту сомасы;

      ҚП – бақыланатын шетелдік компанияның салық салынғанға дейінгі қаржылық пайдасының оң шамасы;

      К(7) – бақыланатын шетелдік компанияның салық салынғанға дейінгі қаржылық пайдасы осындай кірістерді қамтитын болса, бұдан бұрын Қазақстан Республикасында төлем көзінен алынатын корпоративтік табыс салығы салынған Қазақстан Республикасындағы көздерден бақыланатын шетелдік компанияның сыйақылар түрінде және (немесе) құн өсімінен және (немесе) роялти түрінде алған кірістері;

      ЖКС – осы Кодекстің 294-бабының 4-тармағының 17) тармақшасына сәйкес айқындалған кірістердің жиынтық сомасы;

      8) мына формула бойынша айқындалатын азайту сомасы:

      А = ҚП × (К(8)/ЖКС), мұндағы:

      А – азайту сомасы;

      ҚП – бақыланатын шетелдік компанияның салық салынғанға дейінгі қаржылық пайдасының оң шамасы;

      К(8) – бір бақыланатын шетелдік компанияның қаржылық пайдасына осындай кіріс кіретін болса, бір бақыланатын шетелдік компанияның осы Кодекстің 645-бабы 9-тармағының 7) немесе 8) тармақшасының шарттарына сәйкес келетін Қазақстан Республикасы резидентінің құрылтайшысы болып табылатын басқа бақыланатын шетелдік компанияны сатудан алған, құн өсімінен түскен кіріс;

      ЖКС – осы Кодекстің 294-бабы 4-тармағының 17) тармақшасына сәйкес айқындалған кірістердің жиынтық сомасы;

      9) бақыланатын шетелдік компанияның салық салынғанға дейінгі қаржылық пайдасы осындай кірісті қамтитын болса, бақыланатын шетелдік компанияның Қазақстан Республикасындағы көздерден сыйақылар түрінде және (немесе) құн өсімінен және (немесе) роялти түрінде алған, осы Кодекстің 645-бабы 9-тармағының 6), 7), 8), 9) тармақшаларына сай төлем көзінен алынатын корпоративтік табыс салығы салынбайтын кірістері;

      10) салық салынғанға дейінгі қаржылық пайда осындай дивидендтерді қамтитын болса, бұрын Қазақстан Республикасында төлем көзінен алынатын корпоративтік табыс салығы салынған Қазақстан Республикасындағы көздерден бақыланатын шетелдік компанияның алған дивидендтері.

      Осы тармақтың ережелері жеңілдікті салық салынатын мемлекетте тіркелген бақыланатын шетелдік компанияға және (немесе) бақыланатын шетелдік компанияның тұрақты мекемесіне қатысты қолданылмайды.";

      16-тармақтың бірінші бөлігінің бірінші абзацы мынандай редакцияда жазылсын:

      "16. Резиденттің ақпаратты өз бетінше алуы мүмкін болмаған жағдайда, резиденттің Қазақстан Республикасының халықаралық шарты қолданылатын шет мемлекеттің құзыретті немесе уәкілетті органынан мынадай:";

      мынадай мазмұндағы 17-тармақпен толықтырылсын:

      "17. Салықтық бақылауды жүзеге асырған кезде орталық салық органы резиденттен бақыланатын шетелдік компанияның және (немесе) бақыланатын шетелдік компанияның тұрақты мекемесінің аудит жүргізілген қаржылық есептілігін сұратуға құқығы бар.

      Резидент сұрау салу жіберілген күннен бастап күнтізбелік бір жүз тоқсан күн ішінде аудит жүргізілген қаржылық есептілікті (міндетті түрде қазақ немесе орыс тіліне аударылған) ұсынуға міндетті.

      Бекітілген қаржылық есептіліктен алшақтық болған жағдайда, жоғарыда аталған құжатты алғаннан кейін салық органы бақыланатын шетелдік компанияның немесе бақыланатын шетелдік компанияның тұрақты мекемесінің қаржылық пайдасын қайта есептеуге құқылы.

      Жоғарыда көрсетілген мерзім өткен соң аудит жүргізілген қаржылық есептілік табыс етілмеген жағдайда салық органы осы баптың 3-1-тармағында белгіленген тәртіппен бақыланатын шетелдік компанияның немесе бақыланатын шетелдік компанияның тұрақты мекемесінің қаржылық пайдасын қайта есептеуге құқылы.

      Сұрау салу нысанын уәкілетті орган айқындайды.";

      114) 298-баптың 1 және 2-тармақтары мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Резидент бақыланатын шетелдік компанияға қатысу (бақылау жасау) туралы өтінішті есептік салықтық кезеңнен кейінгі жылдың 31 наурызынан кешіктірмей ұсынуға міндетті.

      Бақыланатын шетелдік компанияға қатысу (бақылау жасау) туралы өтініш есепті салықтық кезеңнің 31 желтоқсанындағы жағдай бойынша уәкілетті орган белгілеген нысан бойынша салық органына ұсынылады.

      Осы тармақтың ережелері осы Кодекстің 296-бабының 1-тармағы 1) тармақшасының талаптарына сай келетін резиденттерге қатысты қолданылмайды.

      2. Резидент бақыланатын шетелдік компанияға қатысу (бақылау жасау) туралы өтінішті тұрғылықты немесе орналасқан жеріндегі салық органына ұсынады.";

      115) 300-бапта:

      1-тармақ мынадай мазмұндағы бөлікпен толықтырылсын:

      "Жеңiлдiктi салық салынатын мемлекеттерде тіркелгендерін қоспағанда, бақыланатын шетелдік компаниялардың және бақыланатын шетелдік компаниялардың тұрақты мекемелерінің салық салынатын кірісі есептік кезеңде және есепті салықтық кезеңнің алдындағы қатарынан екі салықтық кезеңде туындаған, Қазақстан Республикасындағы кәсіпкерлік қызметтен келтірілген шығындар сомасына азайтылады. Осы Кодекстің 223-бабының 1), 4) тармақшаларында айқындалған салық салу объектілерінің есебінен ағымдағы және (немесе) алдыңғы кезеңдердегі ескерілген шығындар есепке алынбайды.";

      13-тармақтағы "10" деген цифр "14" деген цифрмен ауыстырылсын;

      116) 302-баптың 1-тармағы мынадай мазмұндағы үшінші-алтыншы абзацтармен толықтырылсын:

      "оған осы Кодекстің 313-бабының 1-1-тармағында белгіленген мөлшерлеме және осы Кодекстің 223-бабының 4) тармақшасында айқындалған, осы Кодекстiң 300-бабының 1-тармағының екінші бөлігіне сәйкес ауыстырылатын шығындар сомасына азайтылған салық салу объектісі көбейтіндісі қосылады,

      оған осы Кодекстің 313-бабының 1-1-тармағында белгіленген мөлшерлеме және осы Кодекстің 223-бабының 5) тармақшасында айқындалған салық салу объектісі көбейтіндісі қосылады,";

      117) 303-баптың 4-тармағының бірінші бөлігінің алтыншы абзацындағы "2) – 6)" деген цифрлар "1) –10)" деген цифрлармен ауыстырылсын;

      118) 305-бапта:

      2-тармақта:

      7) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "7) осы Кодекстің 293-бабы 3-тармағының шарттарына сәйкес келетін тауарлардың электрондық саудасын жүзеге асыратын салық төлеушілер;";

      8) тармақшадағы "төлеушілер орындамайды." деген сөздер "төлеушілер." деген сөзбен ауыстырылып мынадай мазмұндағы 9) тармақшамен толықтырылсын:

      "9) екінші деңгейдегі банктердің кредиттік портфельдерінің сапасын жақсартуға маманданатын, Қазақстан Республикасының Үкіметі жалғыз акционері болып табылатын ұйым орындамайды.";

      3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "3. Осы баптың 2-тармағы 1) тармақшасының мақсаттары үшін жылдық жиынтық кірісті айқындаған кезде мыналар есепке алынбайды:

      мемлекеттік ислам арнайы қаржы компаниясының осы Кодекстің 519-бабы 3-тармағының 6) тармақшасында көрсетілген жылжымайтын мүлікті және осындай мүлік орналасқан жер учаскелерін мүліктік жалдауға (жалға) тапсырудан және (немесе) өткізу кезінде алынған кірістері;

      осы Кодекстің 293-бабы 1-тармағының 4) тармақшасында көрсетілген ұйымдардың Қазақстан Республикасының кинематография туралы заңнамасына сәйкес ұлттық фильм деп танылған фильмді Қазақстан Республикасының аумағындағы кинозалдарда көрсетуді жүзеге асырудан түсетін кірістері;

      осы Кодекстің 293-бабы 1-тармағының 5) тармақшасында көрсетілген ұйымдардың Қазақстан Республикасының кинематография туралы заңнамасына сәйкес ұлттық фильм деп танылған, пайдалануға айрықша құқығы бар фильмді Қазақстан Республикасының аумағындағы кинозалдарда прокатқа беруден және көрсетуді жүзеге асырудан түсетін кірістері.

      осы Кодекстің 293-бабының 2-тармағында көрсетілген қызметтен алынған, Қазақстан Республикасының халықаралық кеме қатынасы тіркелімінде тіркелген теңіз кемесімен жүк тасымалдауды жүзеге асыратын салық төлеушінің кірістері;

      басым қызмет түрлерінен алынған осы Кодекстің 708-бабының 1, 2, 3-тармақтарында көрсетілген салық төлеушілердің кірістері.";

      119) 306-бап мынадай мазмұндағы 4-тармақпен толықтырылсын:

      "4. Салық төлеушi салықтық кезеңнің қорытындылары бойынша осы Кодекстің 30-тарауына сәйкес есептелген корпоративтік табыс салығын осы Кодекстің 315-бабының 4-тармағында белгіленген соңғы мерзімнен кейiнгі күнтізбелік он күннен кешiктiрмей төлейді.

      Осы тармақтың ережелері жеңілдікті салық салынатын мемлекеттерде тіркелген бақыланатын шетелдік компаниялардың және бақыланатын шетелдік компаниялардың тұрақты мекемелерінің салық салынатын кірісінен есептелген корпоративтік табыс салығына қатысты қолданылмайды.";

      120) 313-бап мынадай мазмұндағы 1-1-тармақпен толықтырылсын:

      "1-1. Осы Кодекстің 223-бабының 4), 5) тармақшаларында айқындалған салық салу объектілеріне 20 процент мөлшерлемесі бойынша салық салынуға жатады.";

      121) 319-баптың 2-тармағында:

      2) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "2) егер осы бапта өзгеше белгіленбесе, салық төлеушінің директорлар кеңесі немесе жоғары басқарушы орган болып табылмайтын өзге де басқарушы органы мүшесінің өзіне жүктелген басқару міндеттерін орындауға байланысты қызметтiк іссапарлары және (немесе) жол жүрулері (бұдан әрі – салық төлеушінің басқарушы органы мүшесінің жол жүруі), оның ішінде Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жұмыскерді оқыту, біліктілігін арттыру немесе қайта даярлау мақсатындағы iссапарлар кезiндегі:

      осы Кодекстің 244-бабы 1-тармағының 1), 2) және 4) тармақшаларында және 3-тармағының 1), 2) және 4) тармақшаларында белгіленген өтемақылар;

      Қазақстан Республикасының шегіндегі салық төлеушінің басқару органы мүшесінің іссапары және (немесе) сапары бойынша – салық төлеушінің басқару органы мүшесінің іссапарда және (немесе) сапарда болған күнтізбелік қырық күннен аспайтын кезең ішінде салық төлеушінің басқару органы мүшесінің іссапарда және (немесе) сапарда болған әрбір күнтізбелік күн үшін республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және тиісті қаржы жылының 1 қаңтарына қолданыста болатын айлық есептік көрсеткіштің 6 еселенген мөлшерінен аспайтын тәуліктік өтемақылар және сапарда болған уақытында салық төлеушінің басқару органының мүшесіне төленетін ақша сомасы;

      Қазақстан Республикасының шегінен тыс жердегі салық төлеушінің басқару органы мүшесінің іссапары және (немесе) сапары бойынша – салық төлеушінің басқару органы мүшесінің іссапарда және (немесе) сапарда болған күнтізбелік қырық күннен аспайтын кезең ішінде салық төлеушінің басқару органы мүшесінің іссапарда және (немесе) сапарда болған әрбір күнтізбелік күн үшін республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және тиісті қаржы жылының 1 қаңтарына қолданыста болатын айлық есептік көрсеткіштің 8 еселенген мөлшерінен аспайтын тәуліктік өтемақылар және сапарда болған уақытында салық төлеушінің басқару органының мүшесіне төленетін ақша сомасы;";

      9) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "9) жұмыс берушінің жұмыскерлердi Қазақстан Республикасындағы тұрғылықты (болатын) жерiнен жұмыс орнына дейiн және керi қарай жеткiзумен байланысты шығыстары;";

      мынадай мазмұндағы 10-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "10-1) Қазақстан Республикасының заңнамасында нысанды киімді кию және (немесе) қамтамасыз ету жөніндегі міндет белгіленген жағдайларда қызметкерге берілген нысанды киімнің құны;";

      23) және 24) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:

      23) мұндай тұлғаға кредит (қарыз, ипотекалық қарыз, ипотекалық тұрғын үй қарызы, микрокредит) берілгеннен кейін басталған мынадай:

      қарыз алушы-жеке тұлға соттың заңды күшiне енген шешiмi негiзiнде хабарсыз кеткен, әрекетке қабiлетсiз, әрекет қабiлетi шектеулi деп танылған немесе соттың заңды күшiне енген шешiмi негiзiнде ол қайтыс болды деп жарияланған;

      қарыз алушы-жеке тұлғаға I немесе II топтағы мүгедектiк белгiленген, сондай-ақ қарыз алушы-жеке тұлға қайтыс болған;

      асыраушысынан айырылған, жүктілігіне және босануына, жаңа туған баланы (балаларды) асырап алуына, бала бір жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты кірісінен айырылған жағдайларда "Міндетті әлеуметтік сақтандыру туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес әлеуметтік төлемдер алатын қарыз алушы-жеке тұлғаның көрсетілген төлемдерден басқа кірісі болмаған;

      қарыз алушы-жеке тұлғаның және банк (микроқаржы ұйымы, ипотекалық ұйым) алдында қарыз алушы-жеке тұлғамен бірлесіп ортақ немесе субсидиарлық жауапкершілікте болатын үшінші тұлғалардың өндіріп алуды қолдануға болатын мүлкі, оның ішінде ақшасы, бағалы қағаздары, немесе кірістері болмаған және Қазақстан Республикасының атқарушылық іс жүргізу және сот орындаушыларының мәртебесі туралы заңнамасына сәйкес сот орындаушысы оның мүлкін немесе кірістерін анықтау бойынша қолданған шаралар нәтижесіз болған жағдайда, сот орындаушысының банкке (микроқаржы ұйымына, ипотекалық ұйымға) атқарушылық құжатты қайтару туралы қаулысы заңды күшіне енген;

      ипотекалық шарт жасалған күнге негізгі міндеттемені толық қамтамасыз еткен кепілге салынған мүлік негізгі міндеттеме сомасынан төмен бағамен соттан тыс тәртіппен сауда-саттықта сатылған немесе кепілге салынған мүлік сатылғаннан кейін өтелмеген кредиттің (ипотекалық қарыздың, ипотекалық тұрғын үй қарызының, микрокредиттің) сомасына "Жылжымайтын мүлік ипотекасы туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес мұндай мүлік кепіл ұстаушының меншігіне өткен жағдайларда, Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына сәйкес кредит (қарыз, ипотекалық қарыз, ипотекалық тұрғын үй қарызы, микрокредит) бойынша, оның ішінде негізгі борыш, сыйақы, комиссия және айыпақы (өсімпұл, айыппұл) бойынша міндеттемелер тоқтатылған кездегі кіріс.

      Осы тармақшаның бірінші бөлігі бесінші, алтыншы абзацтарының ережелері:

      банктің (ипотекалық ұйымның, микроқаржы ұйымының) жұмыскеріне, банк (ипотекалық ұйым, микроқаржы ұйымы) жұмыскерінің жұбайына (зайыбына), жақын туыстарына, банкпен (ипотекалық ұйыммен, микроқаржы ұйымымен) өзара байланысты тарапқа берілген;

      талап ету құқығын басқаға беру және (немесе) борышты аудару жүргізілген кредит (қарыз, ипотекалық қарыз, ипотекалық тұрғын үй қарызы, микрокредит) бойынша міндеттемелердің тоқтатылуына қолданылмайды;

      24) банк (ипотекалық ұйым, микроқаржы ұйымы):

      негізгі борышты кешіру;

      сыйақы, комиссия, айыпақы (өсімпұл, айыппұл) бойынша берешекті кешіру;

      қарыз алушы үшін банктің, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымның, сондай-ақ коллекторлық агенттіктің сотқа берілетін талап қою арызынан алынатын мемлекеттік бажды төлеуі нәтижесінде мұндай адам алған кіріс түрінде берген кредит (қарыз, ипотекалық қарыз, ипотекалық тұрғын үй қарызы, микрокредит) бойынша Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына сәйкес міндеттемелер тоқтатылған кезде түзілген кіріс;";

      39) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "39) Жедел-іздестіру қызметі туралы" және "Қарсы барлау қызметі туралы" Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес құпия көмекшілерге төлемдер;";

      мынадай мазмұндағы 44) тармақшамен толықтырылсын:

      "44) бұрын жүзеге асырылған сатып алулар немесе алынған жұмыстар, көрсетілетін қызметтер үшін есептелген сома есебінен тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алу кезінде олардың құнын үнемдеуден түсетін материалдық пайда;";

      122) 322-бапта:

      1-тармақтың 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "3) осы Кодекстің 324-бабына сәйкес жұмыскердің материалдық пайда түріндегі кірістері.

      Салық төлеушінің директорлар кеңесінің немесе жоғары басқару органы болып табылмайтын өзге де басқару органының мүшесі алған (алуға жататын) кірісі де жұмыскердің салық салуға жататын кірісі болып танылады.";

      3-тармақта:

      1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "1) жеке тұлғаның салық агентінен азаматтық-құқықтық сипаттағы шарттар бойынша кірісі;";

      6) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "6) мүліктік кіріс;";

      мынадай мазмұндағы 7), 8) және 9) тармақшалармен толықтырылсын:

      "7) еңбекші резидент көшіп келушінің кірісі;

      8) жеке практикамен айналысатын тұлғаның кірісі;

      9) дара кәсіпкердің кірісі.";

      123) 323-баптың 1) және 2) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:

      "1) тауарлардың, бағалы қағаздардың, қатысу үлесінің және еңбек қатынастарының болуына байланысты жұмыс беруші жұмыскерге, сонымен қатар салық төлеушінің директорлар кеңесінің немесе жоғары басқару органы болып табылмайтын өзге де басқарушы органының мүшесіне, оған жүктелген басқарушылық міндеттерін орындауға байланысты меншігіне беруге жататын өзге де мүліктің (ақшадан басқа) құны. Мұндай мүліктің құны қосылған құн салығы мен акциздердің тиісті сомасы ескеріле отырып, мынадай мөлшерде айқындалады:

      мүліктің баланстық құны;

      мұндай мүліктің баланстық құны болмаған жағдайда, мүліктің жұмыскерге берілуіне негіз болған шартта немесе өзге құжатта айқындалған мүлік құны;

      2) еңбек қатынастарының болуына байланысты жұмыс берушінің жұмыскердің, сондай-ақ салық төлеушінің директорлар кеңесінің немесе жоғары басқару органы болып табылмайтын өзге де басқарушы органының мүшесінің, оған жүктелген басқарушылық міндеттерін орындауға байланысты пайдасына жұмыстарды орындауы, қызметтерді көрсетуі. Орындалған жұмыстардың, көрсетілген қызметтердің құны қосылған құн салығы мен акциздердің тиісті сомасы ескеріле отырып, жұмыс берушінің осындай жұмыстарды орындауға, қызметтерді көрсетуге байланысты шеккен шығыстары мөлшерінде айқындалады;";

      124) 324-баптың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1) жұмыскерге тауарларды өткізу кезінде – жұмыскерге өткізілген тауарлардың құны мен олардың баланстық құны немесе оларды сатып алу бағасы арасындағы теріс айырма;

      жұмыскерге жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді өткізу кезінде – жұмыскерге өткізілген жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің құны мен қосылған құн салығының және акциздердің тиісті сомасы ескеріле отырып, жұмыс берушінің осындай жұмыстарды орындауға, қызметтер көрсетуге байланысты шеккен шығыстарының жалпы сомасы арасындағы теріс айырма жұмыскердің салық салуға жататын, материалдық пайда түріндегі кірісі болып табылады.

      Осы тармақшаны қолдану мақсатында сатып алу бағасы Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік туралы заңнамасына сәйкес бухгалтерлік есепті жүргізбейтін салық төлеушілер қолданады;";

      125) 325-бап мынадай редакцияда жазылсын:

      "325-бап. Өтеусіз алынған мүлік, жұмыстар, көрсетілетін қызметтер түріндегі кіріс

      Өтеусіз алынған мүлік түріндегі кіріс қосылған құн салығы мен акциздердің тиісті сомасы ескеріле отырып, мынадай мөлшерде айқындалады:

      мүліктің баланстық құны;

      мұндай мүліктің баланстық құны болмаған жағдайда, мүліктің жеке тұлғаға берілуіне негіз болған шартта немесе өзге де құжатта айқындалған мүлік құны.

      Өтеусіз алынған жұмыстар және (немесе) көрсетілетін қызметтер түріндегі кіріс салық агентінің осындай жұмыстарды орындауға, қызметтерді көрсетуге байланысты шеккен шығыстары мөлшерінде қосылған құн салығы мен акциздердің тиісті сомасы ескеріле отырып, орындалған жұмыстар, көрсетілген қызметтердің құны түрінде айқындалады.";

      126) 326-бапта:

      1) тармақшаның үшінші абзацы алып тасталсын;

      4) тармақшадағы "тұлғаларға жүзеге асыратын төлемдер жатады." деген сөздер "тұлғаларға;" деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 5) тармақшамен толықтырылсын:

      "5) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен зейнетақы жинақтары бар қайтыс болған адамды жерлеуге біржолғы төлем түрінде жеке тұлғаларға жүзеге асыратын төлемдер жатады.";

      127) 330-баптың 1-тармағында:

      2) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "2) жеке тұлғаның Қазақстан Республикасының шегінен тыс жердегі көздерден алынған, осы Кодекстің 332-бабында көрсетілген мүлікті өткізуден алған кірісі;";

      4) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "4) дара кәсіпкер және (немесе) бірыңғай жиынтық төлемді төлеуші болып табылмайтын жеке тұлға мүлікті салық агенттері болып табылмайтын тұлғаларға мүліктік жалдауға (жалға) беруден алған кіріс;";

      128) 331-баптың 8-тармағының 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "2) Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттің аумағынан әкелінген механикалық көлік құралдары және (немесе) тіркемелер бойынша – Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттің аумағында механикалық көлік құралының және (немесе) тіркеменің сатып алынғанын растайтын шартта (келісімшартта) немесе өзге құжатта көрсетілген баға (құн) мен тауарларды әкелу және жанама салықтарды төлеу туралы өтінішінде көрсетілген және осы Кодексте айқындалған тәртіппен төленген қосылған құн салығы мен акциздің сомалары.";

      129) 339-бап мынадай редакцияда жазылсын:

      "339-бап. Бақыланатын шетелдік компания бойынша жалпы ережелер

      Бақыланатын шетелдік компанияның қаржылық пайдасына немесе бақыланатын шетелдік компанияның тұрақты мекемесінің қаржылық пайдасына екі рет салық салынбауға тиіс.

      Қосарланған салық салу мынадай ережелерді қолдану арқылы жойылады:

      1) осы Кодекстің 340-бабының 2-тармағына сәйкес салық салудан босату;

      2) осы Кодекстің 297-бабы 3-тармағының 1), 2) тармақшаларында көрсетілген шарттарға сәйкес келген кезде, бақыланатын шетелдік компанияға салық салынғанға дейінгі қаржылық пайдасын түзету;

      3) осы Кодекстің 340-бабының 3-тармағына сәйкес бақыланатын шетелдік компанияның салық салынғанға дейінгі қаржылық пайдасын азайту;

      4) осы Кодекстің 358-бабы 6-тармағының 1) және 2) тармақшаларына сәйкес резиденттің жеке табыс салығынан шегеру немесе осы Кодекстің
359-бабының 2-тармағында айқындалған тәртіппен Қазақстан Республикасындағы жеке табыс салығын төлеу есебіне жатқызу арқылы.";

      130) 340-бапта:

      2-тармақтың 5) тармақшасындағы "салынса, Қазақстан Республикасында салық салудан босатылады." деген сөздер "салынса;" деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 6) тармақшамен толықтырылсын:

      "6) егер жеңiлдiктi салық салынатын мемлекеттерде тіркелгендерді қоспағанда, бақыланатын шетелдік компанияның немесе бақыланатын шетелдік компанияның тұрақты мекемесінің пассивтік кірістерінің үлесі 20 пайыздан аз болса, Қазақстан Республикасында салық салудан босатылады.";

      3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "3. Резидент-жеке тұлғаның бақыланатын шетелдік компанияның салық салынғанға дейінгі қаржылық пайдасын немесе бақыланатын шетелдік компанияның тұрақты мекемесінің салық салынғанға дейінгі қаржылық пайдасын мынадай сомаларға азайтуға құқығы бар:

      1) мынадай формула бойынша айқындалатын азайту сомасы:

      А = ҚП × (К(1)/ЖКС), мұнда:

      А – азайту сомасы;

      ҚП – бақыланатын шетелдік компанияның салық салынғанға дейінгі қаржылық пайдасының оң шамасы;

      К(1) – егер бақыланатын шетелдік компанияның салық салынғанға дейінгі қаржылық пайдасында осы тармақшада көрсетілген салық салынатын кіріс ескерілсе, филиал, өкілдік, тұрақты мекеме арқылы бақыланатын шетелдік компанияның 20 проценттік мөлшерлеме бойынша Қазақстан Республикасында корпоративтік табыс салығы салынатын, Қазақстан Республикасындағы кәсіпкерлік қызметтен түскен, салық салынатын (салық салынуға тиіс) кірісі;

      ЖКС – осы Кодекстің 294-бабы 4-тармағының 17) тармақшасына сәйкес айқындалған кірістердің жиынтық сомасы;

      2) мынадай формула бойынша айқындалатын азайту сомасы:

      А = ҚП × (К(2)/ЖКС), мұндағы:

      А – азайту сомасы;

      ҚП – бақыланатын шетелдік компанияның салық салынғанға дейінгі қаржылық пайдасының оң шамасы;

      К(2) – егер салық салынғанға дейінгі қаржылық пайда осы тармақшада көрсетілген кіріс ескеріле отырып айқындалса, тұрақты мекеме құрмай Қазақстан Республикасында қызметтер көрсетуден (жұмыстар атқарудан) түскен, бақыланатын шетелдік компания Қазақстан Республикасындағы көздерден алған, бұдан бұрын 20 пайыздық мөлшерлеме бойынша Қазақстан Республикасында төлем көзінен алынған корпоративтік табыс салығы салынған кіріс;

      ЖКС – осы Кодекстің 294-бабы 4-тармағының 17) тармақшасына сәйкес айқындалған кірістердің жиынтық сомасы;

      3) егер бақыланатын шетелдік компанияның салық салынғанға дейінгі қаржылық пайдасы осындай кірісті қамтыған болса, осы Кодекстің 645-бабы 9-тармағының 3), 4), 5) тармақшаларына сәйкес төлем көзінен алынатын корпоративтік табыс салығы салынбайтын бақыланатын шетелдік компанияның Қазақстан Республикасындағы көздерден алған дивидендтері;

      4) мынадай формула бойынша айқындалатын азайту сомасы:

      А = ҚП × (К(4)/ЖКС), мұндағы:

      А – азайту сомасы;

      ҚП – бақыланатын шетелдік компанияның салық салынғанға дейінгі қаржылық пайдасының оң шамасы;

      К(4) – егер бақыланатын шетелдік компанияның салық салынғанға дейінгі қаржылық пайдасы осы тармақшада көрсетілген кіріс ескеріле отырып айқындалса, бақыланатын шетелдік компанияның Қазақстан Республикасындағы көздерден алған, бұдан бұрын 20 пайыздық мөлшерлеме бойынша Қазақстан Республикасында төлем көзінен алынатын корпоративтік табыс салығы салынған, осы тармақтың 1) – 3) және 6) тармақшаларында көзделмеген басқа да кірістері;

      ЖКС – осы Кодекстің 294-бабы 4-тармағының 17) тармақшасына сәйкес айқындалған кірістердің жиынтық сомасы;

      5) шоғырландырылған топтың бірыңғай ұйымдық құрылымына кіретін бір бақыланатын шетелдік компанияның басқа бақыланатын шетелдік компаниядан алған дивидендтерінің сомасы. Бұл ретте бір бақыланатын шетелдік компанияның қаржылық пайдасына бұдан бұрын Қазақстан Республикасында басқа бақыланатын шетелдік компанияның қаржылық пайдасынан корпоративтік табыс салығы салынған (салынуға жататын) дивидентер кіруі тиіс және (немесе) осы баптың 4-тармағының 3), 6), 10) тармақшаларына немесе осы тармақшаға сәйкес осындай басқа бақыланатын шетелдік компанияның қаржылық пайдасы азайтылған және (немесе) осындай дивидендтер осы баптың 4-тармағының 7), 8), 9) тармақшаларына сәйкес осындай басқа бақыланатын шетелдік компания алған құн өсімінен түскен кірістің есебінен құралған;

      6) шет мемлекетте тіркелген немесе инкорпорацияланған немесе өзге түрде құрылған, бақыланатын шетелдік компания болып табылмайтын, шоғырландырылған топтың бірыңғай ұйымдық құрылымына кіретін бейрезидент заңды тұлғадан немесе заңды тұлға құрмай кәсіпкерлік қызметтің өзге де ұйым нысанынан бақыланатын шетелдік компанияның алған дивидендтерінің сомасы. Бұл ретте бақыланатын шетелдік компанияның қаржылық пайдасы Қазақстан Республикасындағы көздерден тікелей не шет мемлекетте тіркелген немесе инкорпорацияланған немесе өзге түрде құрылған, бақыланатын шетелдік компаниялар болып табылмайтын, өзге бейрезидент заңды тұлғалар немесе заңды тұлға құрмай кәсіпкерлік қызметтің өзге де ұйым нысандары арқылы алынған, осы Кодекстің 645-бабы 9-тармағының 3), 4), 5) тармақшаларына сәйкес бұдан бұрын төлем көзінен алынатын корпоративтік табыс салығы салынған не салынбайтын осындай дивидендтерді, және (немесе) шоғырландырылған топтың бірыңғай ұйымдық құрылымына кіретін, бұдан бұрын Қазақстан Республикасында корпоративтік табыс салығы салынған (салынуға жататын) басқа бақыланатын шетелдік компанияның қаржылық пайдасынан төленуге жататын (төленген) осындай дивидендтерді;

      және (немесе) осы баптың 4-тармағының 7), 8), 9) тармақшаларына сәйкес осындай басқа бақыланатын шетелдік компания алған құн өсімінен түскен кірістің есебінен қалыптастырылған болуы тиіс осындай дивидендтерді қамтуы тиіс;

      7) мынадай формула бойынша айқындалатын азайту сомасы:

      А = ҚП × (К(7)/ЖКС), мұнда:

      А – азайту сомасы;

      ҚП – бақыланатын шетелдік компанияның салық салынғанға дейінгі қаржылық пайдасының оң шамасы;

      К(7) – егер бақыланатын шетелдік компанияның салық салынғанға дейінгі қаржылық пайдасы осындай кірісті қамтыған болса, бұдан бұрын Қазақстан Республикасында төлем көзінен алынатын корпоративтік табыс салығы салынған Қазақстан Республикасындағы көздерден бақыланатын шетелдік компания алған сыйақылар түріндегі және (немесе) құн өсімінен және (немесе) роялти түріндегі кірістері;

      ЖКС – осы Кодекстің 294-бабының 4-тармағының 17) тармақшасына сәйкес айқындалған кірістердің жиынтық сомасы;

      8) мынадай формула бойынша айқындалатын азайту сомасы:

      А = ҚП × (К(8)/ЖКС), мұндағы:

      А – азайту сомасы;

      ҚП – бақыланатын шетелдік компанияның салық салынғанға дейінгі қаржылық пайдасының оң шамасы;

      К(8) – егер бір бақыланатын шетелдік компанияның қаржылық пайдасы осындай кірісті қамтыған болса, бір бақыланатын шетелдік компания осы Кодекстің 645-бабы 9-тармағының 7) немесе 8) тармақшасының шарттарына сәйкес келетін Қазақстан Республикасы резидентінің құрылтайшысы болып табылатын басқа бақыланатын шетелдік компанияның өткізуінен алған құн өсімінен түскен кіріс;

      ЖКС – осы Кодекстің 294-бабы 4-тармағының 17) тармақшасына сәйкес айқындалған кірістердің жиынтық сомасы;

      9) егер бақыланатын шетелдік компанияның салық салынғанға дейінгі қаржылық пайдасы осындай кірісті қамтыған болса, бақыланатын шетелдік компания Қазақстан Республикасындағы көздерден алған, осы Кодекстің 645-бабы 9-тармағының 6), 7), 8), 9) тармақшаларына сәйкес төлем көзінен алынатын корпоративтік табыс салығы салынбайтын, сыйақылар түріндегі және (немесе) құн өсімінен және (немесе) роялти түріндегі кірістер;

      10) егер салық салынғанға дейінгі қаржылық пайдасы осындай дивидендтерді қамтыған болса, бұдан бұрын Қазақстан Республикасында төлем көзінен алынатын корпоративтік табыс салығы салынған бақыланатын шетелдік компания Қазақстан Республикасындағы көздерден алған дивидендтері.

      Осы тармақтың ережелері жеңiлдiктi салық салынатын мемлекеттерде тіркелген бақыланатын шетелдік компанияға және (немесе) бақыланатын шетелдік компанияның тұрақты мекемесіне қолданылмайды.";

      131) 341-баптың 1-тармағында:

      мынадай мазмұндағы 8-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "8-1) ашық пайларды және интервалдық инвестициялық пай қорларының пайларын өткізу кезіндегі құн өсімінен кіріс;";

      13) тармақшаның үшінші абзацындағы "түзету мөлшері көрсетілген" деген сөздер "түзетуді қолдану үшін" деген сөздермен ауыстырылсын;

      14) тармақшаның төртінші бөлігінің екінші абзацы алып тасталсын;

      23) тармақшаның төртінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "қайтыс болғаны туралы анықтама немесе қайтыс болғаны туралы куәлік болған кезде – жерлеуге арналған төлемдер.";

      41) тармақшадағы "шарты" деген сөз "шарттары" деген сөзбен ауыстырылсын;

      мынадай мазмұндағы 43-1) тармақшасымен толықтырылсын:

      "43-1) егер мұндай қаржылық пайда бұдан бұрын осы Кодекстің 340-бабына сәйкес Қазақстан Республикасында жеке табыс салығы салынған дивидендтерді қамтыған болса, бақыланатын шетелдік компаниядан алынған және қаржылық пайдадан немесе оның осы Кодекстің 340-бабы 3-тармағының 5) тармақшасына сәйкес бұдан бұрын азайтылған бөлігінен бөлінген дивидендтер;";

      52) тармақша алып тасталсын;

      мынадай мазмұндағы 53) тармақшамен толықтырылсын:

      "53) коммерциялық емес ұйыммен еңбек қатынастарында тұрмайтын және (немесе) қызметтерді көрсету, жұмыстарды орындау туралы шарт шеңберінде емес жеке тұлғаның жол жүруіне, тұруына және тамақтануына жарғылық мақсаттар мен міндеттерді іске асыру шеңберінде осы Кодекстің 289-бабының 1-тармағында айқындалған жеке тұлғаның мұндай ұйымның шығыстары түрінде алынған кірістері.";

      132) 343-баптың 4-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "4. Егер салық агенті жеке тұлғаның кірістен жеке табыс салығын ұстап қалу күнінен кеш өтініш жасауы себебінен жеке тұлғаның осындай кірісіне салықтық шегерімдерді қолданбаған болса, онда жеке тұлға осындай кірістен жеке табыс салығын ұстап қалуды жүргізген салық агентіне өтініш пен растайтын құжаттарды ұсынуға құқылы, соның негізінде салық агенті осы Кодекстің 48-бабының 2-тармағында көзделген талап қою мерзімі шегінде кірістерді қайта есептеу жүргізеді.";

      133) 350-баптың 3-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "3. Медицинаға арналған салықтық шегерім күнтізбелік жылға айқындалған айлық есептік көрсеткіштің 118 еселенген мөлшерінен аспайтын мөлшерде қолданылады.

      Бұл ретте медицинаға арналған салықтық шегерімнің және осы Кодекстің 341-бабы 1-тармағының 23) тармақшасына сәйкес жеке тұлғаның медициналық көрсетілетін қызметтерге (косметологиялықтан басқа) және (немесе) жұмыс берушінің сырқаттанған жағдайда ерікті сақтандыру шарттары бойынша қызметкердің пайдасына сақтандыру сыйлықақыларын төлеуге арналған шығыстарын жабу үшін кірісті түзетудің жалпы сомасы жиынтығында күнтізбелік жыл үшін айлық есептік көрсеткіштің 118 еселенген мөлшерінен аспауға тиіс.";

      134) 355-баптың 1-тармағындағы "оларға" деген сөз "оған (оларға)" деген сөздермен ауыстырылсын;

      135) 356-бапта:

      1-тармақта:

      екінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:

      "жұмыскердiң салықтық кезеңге есептелген, төлем көзiнен салық салынуға жататын кірістерінің сомасы,";

      төртінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:

      "осы Кодекстiң 341-бабының 1-тармағында көзделген, салықтық кезеңдегі кірістің түзету сомасы,";

      мынадай мазмұндағы 1-1-тармақпен толықтырылсын:

      "1-1. Осы баптың 1-тармағында айқындалған жұмыскердің салық салынатын кірісінің сомасы, егер жұмыскердің салықтық кезең үшін есептелген кірісі республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және тиісті қаржы жылының 1 қаңтарында қолданыста болған айлық есептік көрсеткіштің 25 еселенген мөлшерінен аспаса, 90 процентке азайтылады.";

      136) 358-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Жеке табыс салығы және әлеуметтік салық бойынша декларацияны салық агенті тұрған жердегі салық органдарына есепті кезеңнен кейінгі екінші айдың 15-күнінен кешіктірмей:

      салық агенттері, оның ішінде тіркелген шегерімді пайдалана отырып арнаулы салық режимін қолданатын салық агенттері;

      әлеуметтік төлем агенттері немесе төлеушілер, оның ішінде Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес өз пайдасына тапсырады.";

      137) 366-бапта:

      1-тармақтың сегізінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "осы Кодекстің 299 және 300-баптарында белгіленген корпоративтік табыс салығын есептеу мақсатында залалдарды ауыстыру тәртібіне ұқсас тәртіппен ауыстырылатын залалдар.";

      2-тармақта:

      төртінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:

      "осы Кодекстің 241-бабының 2-тармағының ережелерін ескере отырып, осы Кодекстің 241-бабының 1-тармағында белгіленген корпоративтік табыс салығын есептеу мақсатында жылдық жиынтық кірісті түзетуді айқындау тәртібіне ұқсас тәртіппен айқындалған, дара кәсіпкердің салықтық кезең үшін жиынтық түрде алынған кірісін түзету,";

      алтыншы абзац мынадай редакцияда жазылсын:

      "корпоративтік табыс салығын есептеу мақсатында осы Кодекстің 241-бабының 3-тармағында белгіленген жылдық жиынтық кірісті түзетуді айқындау тәртібіне ұқсас тәртіппен айқындалған, жеке кәсіпкердің салықтық кезең үшін жиынтық түрде алынған кірісін түзету.";

      138) 367-баптың 1-тармағы мынадай мазмұндағы 3) тармақшамен толықтырылсын:

      "3) осы Кодекстің 426-1-бабының 3-тармағында көрсетілген жеке тұлғаға электрондық нысанда қызмет көрсететін бейрезидент-заңды тұлғалар қосылған құн салығын төлеушілер болып табылады;";

      139) 372-баптың 5-тармағында:

      4) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "4) тапсырыс берушінің мердігерге дайын өнімді соңғысының дайындауы, қайта өңдеуі, құрастыруы (монтаждауы, орнатуы), жөндеуі және (немесе) объектілер салуы үшін алыс-беріс тауарларын тиеп-жөнелтуі. Тауарлар Еуразиялық экономикалық одақтың кеден аумағынан тыс жерде дайындалған, қайта өңделген, құрастырылған, жөнделген жағдайда, егер оларды әкету Еуразиялық экономикалық одақтың кеден заңнамасына және (немесе) Қазақстан Республикасының кеден заңнамасына сәйкес кедендік аумақтан тыс жерде қайта өңдеу кедендік рәсімінде жүзеге асырылса, көрсетілген тауарларды тиеп-жөнелту өткізу бойынша айналым болып табылмайды;";

      8) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "8) егер мұндай әкету Еуразиялық экономикалық одақтың кеден заңнамасына және (немесе) Қазақстан Республикасының кеден заңнамасына сәйкес уақытша әкету кедендік рәсімінде ресімделсе, шартта белгіленген талаптармен және мерзімдерде қайта әкелуге жататын тауарды көрмелер, басқа да мәдени және спорттық іс-шараларды өткізу үшін Еуразиялық экономикалық одақтың кеден аумағынан тыс жерге әкету;";

      13) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "13) дара кәсіпкер немесе жеке практикамен айналысатын тұлға болып табылатын жеке тұлғаның жеке мүлкін өткізуі;";

      29) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "29) қайырымдылық, демеушілік көмек, грант алушының оларды ұсыну шарттарын орындауы;";

      30) тармақшадағы "халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына және" деген сөздерден кейін "(немесе)" деген сөзбен толықтырылсын;

      140) 373-баптың 2-тармағының 5) тармақшасындағы "табылса, бейрезидент бейрезиденттен тауарларды, көрсетілетін қызметтерді сатып алу бойынша айналым болып табылмайды." деген сөздер "табылса" деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 6) тармақшамен толықтырылсын:

      "6) дара кәсіпкер бейрезиденттен алған, осы Кодекстің 426-1-бабында көрсетілген электрондық нысандағы қызметтер құнына қосылған құн салығының сомасы қосылса, бейрезиденттен тауарларды, көрсетілетін қызметтерді сатып алу бойынша айналым болып табылмайды.";

      141) 378-бапта:

      2-тармақтың 5) тармақшасындағы "тұлға", "тұлғаның" деген сөздер "салық төлеуші, салық төлеушінің" деген сөздермен ауыстырылсын;

      мынадай мазмұндағы 6-тармақпен толықтырылсын:

      "6. Осы баптың 2-тармағының ережелеріне қарамастан, осы Кодекстің 426-1-бабының 3-тармағында көрсетілген электрондық нысанда қызметтерді көрсететін бейрезидент-заңды тұлғаның өткізу орны осы Кодекстің 426-1-баптың 2-тармағында көрсетілген шарттардың бірі сақталған кезде Қазақстан Республикасы болып танылады.";

      142) 381-бапта:

      5-тармақтағы "халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына және" деген сөздерден кейін "(немесе)" деген сөзбен толықтырылсын;

      15-тармақта "Қалған жағдайларда," деген сөздер алып тасталсын;

      143) 385-бап мынадай редакцияда жазылсын:

      "385-бап. Салық салынатын импорттың мөлшері

      Салық салынатын импорттың мөлшеріне Қазақстан Республикасының трансферттік баға белгілеу туралы заңнамасы ескеріле отырып, Еуразиялық экономикалық одақтың кеден заңнамасына және (немесе) Қазақстан Республикасының кеден заңнамасына сәйкес айқындалатын импортталатын тауарлардың кедендік құны, сондай-ақ, импортқа арналған қосылған құн салығын қоспағанда, Қазақстан Республикасына тауарларды импорттау кезінде бюджетке төлеуге жататын салықтық, кедендік төлемдердің, арнайы, демпингке қарсы және өтемақы баждарының сомалары енгізіледі.";

      144) 387-бапта:

      2-тармақтағы "белгіленген жағдайды" деген сөздер "белгіленген жағдайларды" деген сөздермен ауыстырылсын;

      3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "3. Тікелей халықаралық теміржол-паром қатынасында және жүкті теміржол көлігінен су көлігіне ауыстырып тиеумен халықаралық теміржол-су қатынасында халықаралық тасымалды бірнеше тасымалдаушы жүзеге асырған жағдайда, тасымалдаушылар теміржол және су көлігімен жүзеге асыратын тасымал халықаралық тасымал деп танылады.";

      4-тармақтың 1) тармақшасының үшінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "халықаралық теміржол қатынасында, оның ішінде тікелей халықаралық теміржол-паром және жүкті теміржол көлігінен су көлігіне ауыстырып тиеумен халықаралық теміржол-су қатынасында – бірыңғай үлгідегі жүкқұжат;";

      145) 388-баптың 3-тармағында 4) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "4) азаматтық авиация саласындағы уәкiлеттi ұйым қызметшісінің шетелдiк авиакомпания әуе кемесiнiң рейстi жүзеге асыру фактiсiн және уәкiлеттi орган азаматтық авиация саласындағы уәкiлеттi органмен келiсу бойынша бекiткен нысан бойынша және тәртiппен өткiзiлген жанар-жағармай материалдарының (авиакомпаниялар бөлінісінде) мөлшерiн растайтын қорытындысы.

      Бұл ретте Еуразиялық экономикалық одақтың кеден заңнамасына және (немесе) Қазақстан Республикасының кеден заңнамасына сәйкес оларға қатысты кедендік ресімдеу және кедендік бақылау көзделмеген рейстер жүзеге асырылған жағдайларда азаматтық авиация саласындағы уәкiлеттi ұйымның қызметшісі осы тармақшада көзделген қорытындыны ұсынады.

      Осы тармақтың 3) тармақшасының ережелері осы Кодекстің 433-бабына сәйкес бақылау шоттарын пайдаланатын салық төлеушілерге қолданылмайды.";

      146) 394-баптың бірінші бөлігінде:

      16) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "16) ақылылық, мерзімділік және қайтарымдылық шарттарымен берілетін ақшалай нысандағы кредит (қарыз, микрокредит) беру;";

      38) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "38) бір мезгілде мынадай шарттар сақталған кезде:

      өткізілетін көлік құралының және (немесе) ауыл шаруашылығы техникасының, сондай-ақ олардың құрамбөліктерінің құрамына осы Кодекстің 399-бабы 1-тармағының 15) тармақшасына немесе 451-бабы 2-тармағының 4) тармақшасына сәйкес қосылған құн салығынан босатылатын бұрын әкелінген шикізат және (немесе) материалдар, сондай-ақ олардың құрамбөліктері кірсе;

      өткізілетін көлік құралының және (немесе) ауыл шаруашылығы техникасының, сондай-ақ олардың құрамбөліктерінің құрамындағы шикізатты және (немесе) материалдарды, сондай-ақ олардың құрамбөліктерін әкелуді көрсетілген көлік құралдарын және (немесе) ауыл шаруашылығы техникасын, сондай-ақ олардың құрамбөліктерін өткізетін заңды тұлға жүзеге асырса;

      көлік құралдары және (немесе) ауыл шаруашылығы техникасы, сондай-ақ олардың құрамбөліктері индустриялық қызметті мемлекеттік қолдау саласындағы уәкілетті орган мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органмен және уәкілетті органмен келісу бойынша бекіткен, өткізілуі қосылған құн салығынан босатылатын көлік құралдарының және (немесе) ауыл шаруашылығы техникасының, сондай-ақ олардың құрамбөліктерінің тізбесіне енгізілсе, көлік құралдарын және (немесе) ауыл шаруашылығы техникасын, сондай-ақ олардың құрамбөліктерін;";

      46) тармақшадағы "айналымдар қосылған құн салығынан босатылады" деген сөздер "айналымдар;" деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 47), 48), 49) және 50) тармақшалармен толықтырылсын:

      "47) қалалық (ауылдық), қала маңындағы, ауданішілік, ауданаралық (облысішілік қалааралық) қатынастарда автомобиль көлігімен жолаушылар мен багаждың әлеуметтiк маңызы бар тасымалдарын жүзеге асыру қызметтері.

      47) тармақшаның ережелерін қалалық (ауылдық), қала маңындағы, ауданішілік, ауданаралық (облысішілік қалааралық) қатынастарда автомобиль көлігімен жолаушылар мен багаждың әлеуметтiк маңызы бар тасымалдарын жүзеге асыру қызметтерін ғана көрсететін салық төлеушілер қолданады.

      48) егер осы баптың 43-1) тармақшасында өзгеше беліленбесе, бiр мезгiлде мынадай шарттар сақталған кезде:

      Қазақстан Республикасының арнайы экономикалық аймақтарының аумағында қызметін жүзеге асыратын ұйымдармен тауарларды жеткізуге арналған шарт (келісімшарт) болса;

      арнайы экономикалық аймаққа қатысушыға тауардың тиелгенін растайтын құжаттар болса;

      арнайы экономикалық аймақтың қатысушысы – сатып алушы тауарды алғанын растайтын құжаттар болса, арнайы экономикалық аймақтардың аумағында басым қызмет түрлерiн жүзеге асыру кезiнде өндiрiлетiн және өткiзiлетiн тауарларды;

      49) мынадай шарттар сақталған кезде көлік құралдарының және (немесе) ауыл шаруашылығы техникасының:

      - өткізуші заңды тұлға көлік құралдарын және (немесе) ауыл шаруашылығы техникасын өндірушінің уәкілетті өкілі болып табылады;

      - осы баптың 38) тармақшасына сәйкес көлік құралдары және (немесе) ауыл шаруашылығы техникасы өндірушіден қосылған құн салығынсыз сатып алынған.

      Осы тармақшаны қолдану мақсатында көлік құралдарын және (немесе) ауыл шаруашылығы техникасын өндірушімен жасалған мәміле шеңберінде уәкілетті өкіл тағайындаған және өндірушіден сатып алынған көлік құралдарын және (немесе) ауыл шаруашылығы техникасын өткізу кезінде қосылған құн салығынан босатуды қолданатын уәкілетті өкілдердің тізіліміне енгізілген заңды тұлға көлік құралдарын және (немесе) ауыл шаруашылығы техникасын өндірушінің уәкілетті өкілі болып танылады.

      Өндірушіден сатып алынған көлік құралдарын және (немесе) ауыл шаруашылығы техникасын өткізу кезінде қосылған құн салығынан босатуды қолданатын уәкілетті өкілдердің тізілімін және оның нысанын индустриялық-инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау саласындағы уәкілетті орган бекітеді.

      50) Қазақстан Республикасының аумағы арқылы Дүниежүзілік пошта одағына мүше басқа елдердің тағайындалған операторларының халықаралық пошта жөнелтімдерінің транзиті бойынша Дүниежүзілік пошта одағының актілеріне сәйкес бірыңғай құжаттармен ресімделген, тағайындалған оператордың көрсетілетін қызметтерін өткізу бойынша алымдар қосылған құн салығынан босатылады.";

      147) 396-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "2. Мыналарды:

      1) ақылы тұрақтарды (автотұрақтарды) орналастыру үшін берілген және (немесе) пайдаланылған жер учаскесін (жер үлесін) иелену және (немесе) пайдалану және (немесе) оған билік ету және (немесе) жалдау құқығын беруді;

      2) тұрғын ғимараттың тек қана тұрғын емес үй-жайлардан тұратын бөлігін өткізу кезінде жер учаскесін (жер үлесін) иелену және (немесе) пайдалану және (немесе) оған билік ету құқығын беруді;

      3) тұрғын ғимаратқа жатпайтын ғимарат (ғимараттың бөлігі) орналасқан жер учаскесін (жер үлесін) иелену және (немесе) пайдалану және (немесе) оған билік ету құқығын беруді, оның ішінде жер учаскесін (жер үлесін) жалға беруді (қосалқы жалға беруді) қоспағанда, жер учаскесiн (жер үлесін) иелену және (немесе) пайдалану және (немесе) оған билік ету құқығын беру және (немесе) жер учаскесiн (жер үлесін) жалға беру, оның iшiнде қосалқы жалға беру қосылған құн салығынан босатылады.";

      148) 397-баптың 2-тармағы мынадай мазмұндағы 18-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "18-1) "Астана" халықаралық қаржы орталығының қолданыстағы құқығына сәйкес тіркелген инвестициялық қорлардың операциялары және аталған қорларды басқару жөніндегі көрсетілетін қызметтер;";

      149) 399-баптың 1-тармағының 15) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "15) көлік құралдарын өндірушілерге қатысты – индустриялық қызметті мемлекеттік қолдау саласындағы уәкілетті органмен моторлы көлік құралдарын өнеркәсіптік құрастыру туралы келісім болса;

      ауыл шаруашылығы техникасын өндірушілерге қатысты – индустриялық қызметті мемлекеттік қолдау саласындағы уәкілетті органмен ауыл шаруашылығы техникасын өнеркәсіптік құрастыру туралы келісім болса;

      құрамбөліктерді өндірушілерге қатысты – индустриялық қызметті мемлекеттік қолдау саласындағы уәкілетті органмен құрамбөліктерді өнеркәсіптік құрастыру туралы келісім болса, инвестициялар жөніндегі уәкілетті органмен жасалған арнайы инвестициялық келісімшарт шеңберінде заңды тұлға еркін қойма кедендік рәсімімен орналастырған көлік құралдарының және (немесе) ауыл шаруашылығы техникасының құрамындағы шикізаттың және (немесе) материалдардың, сондай-ақ олардың құрамбөліктерінің;";

      150) 400-баптың 1-тармағында:

      1) тармақша мынадай мазмұндағы үшінші абзацпен толықтырылсын:

      "әуе көлігінде жол жүру фактісін растайтын құжатты жазып беру күніне қосылған құн салығын төлеуші болып табылатын өнім беруші шығарған сондай құжатта;";

      2) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "2) тауарлар импортталған жағдайда – Еуразиялық экономикалық одақтың кеден заңнамасына және (немесе) Қазақстан Республикасының кеден заңнамасына сәйкес ресімделген тауарларға арналған декларацияда, бірақ Қазақстан Республикасының бюджетіне төленген және кедендік рәсімнің шарттарына сәйкес қайтаруға жатпайтын салық сомасынан аспайтындай немесе тауарларды әкелу және жанама салықтарды төлеу туралы өтініште (өтініштерде), бірақ Қазақстан Республикасының бюджетіне төленген және қайтаруға жатпайтын салық сомасынан аспайтындай;";

      5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "5. Қосылған құн салығы бойынша есепке жатқызу салық төлеушіні қосылған құн салығы бойынша тіркеу есебінен алуына байланысты осы Кодекстің 369-бабы 1-тармағы бірінші бөлігінің 3) тармақшасында көрсетілген талаптар орындалғаннан кейін, қосылған құн салығы бойынша тарату декларациясы берілген салықтық кезеңде қосылған құн салығының асып кету сомасына азайтуға жатады.";

      151) 401-бапта:

      1-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "Күші жойылған шот-фактурада және түзетілген шот-фактурада көрсетілген айналым жасау күні ерекшеленетін және әртүрлі салық кезеңдеріне келетін жағдайларды қоспағанда, түзетілген шот-фактура жазып берілген жағдайда қосылған құн салығының сомасы күші жойылған шот-фактура бойынша осындай салық ескерілген салық кезеңінде ескеріледі.";

      2-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "2) Еуразиялық экономикалық одақтың кеден заңнамасына және (немесе) Қазақстан Республикасының кеден заңнамасына сәйкес жүргізілген кедендік ресімдеу күні немесе тауарларды әкелу және жанама салықтарды төлеу туралы өтініште осындай салық есептелген салықтық кезеңнің соңғы күні.";

      5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "5. Қосымша шот-фактура бойынша есепке жатқызылатын қосылған құн салығы осындай шот-фактураны жазып беру күні тура келетін салықтық кезеңде есепке алынады. Бұл ретте осы Кодекстің 419-бабының 1-тармағының төртінші бөлігінде көзделген қосымша шот-фактура бойынша қосылған құн салығының сомасы күші жойылған деп танылған қосымша шот-фактура жазылған күні келетін салық кезеңінде есепке алынады.";

      152) 403-бапта:

      1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "1) шот-фактураны және (немесе) өзге де құжатты жазып беру әрекетін (әрекеттерін) сот немесе қылмыстық қудалау органының ақталмайтын негіздер бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеруді тоқтату туралы қаулысымен жеке кәсіпкерлік субъектісі іс жүзінде жұмыстарды орындамай, қызметтерді көрсетпей, тауарларды тиеп-жөнелтпей жасады деп танылған мәміле (операция) бойынша;";

      153) 411-баптың 1-тармағының 2) тармақшасында:

      он екінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:

      "мақта-мата талшығын, мақта талшығын дайындау;";

      мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:

      "ашытқы өндіру;";

      154) 412-бапта:

      1-тармақта:

      мынадай мазмұндағы 7) тармақшамен толықтырылсын:

      "7) электрондық шот-фактуралар ақпараттық жүйесінің "Виртуалдық қойма" модулі арқылы электрондық шот-фактуралар жазып берілетін тауарлар өткізілген жағдайда, қосылған құн салығын төлеуші болып табылмайтын салық төлеушілер.";

      мынадай мазмұндағы бөлікпен толықтырылсын:

      "Осы тармақтың ережелері жеке тұлғаның, оның ішінде жеке кәсіпкер болып табылатын жеке тұлғаның немесе жеке практикамен айналысатын тұлғаның жеке мүлкін өткізу кезінде қолданылмайды.";

      2-тармақта:

      2) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "2) уәкілетті органның интернет-ресурсында техникалық қателер себебімен электрондық шот-фактуралар ақпараттық жүйесінде
шот-фактураларды жазып беру мүмкіндігінің болмауы туралы ақпарат расталған жағдайды қоспағанда, шот-фактура электрондық нысанда жазып беріледі.";

      екінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:

      "Техникалық қателер жойылғаннан кейін қағаз жеткізгіште жазып берілген шот-фактура техникалық қателер жойылған күннен бастап күнтізбелік он бес күн ішінде электрондық шот-фактуралардың ақпараттық жүйесінде енгізуге жатады.";

      5-тармақта:

      6) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "6) егер мұндай өткізу осы Кодекстің 11-бөлімінің ережелеріне сәйкес акциз салынатын объект болып табылса, акцизделетін тауарларды өткізген жағдайда, шот-фактурада акциздің сомасы қосымша көрсетіледі;";

      мынадай мазмұндағы 13) тармақшамен толықтырылсын:

      "13) мемлекеттік сатып алу туралы шарт бойынша тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді өткізген жағдайда – мемлекеттік сатып алу туралы шарттың күні мен нөмірі.";

      13-тармақта:

      бірінші бөліктің бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "13. Шот-фактураны жазып беру мынадай жағдайларда (осы баптың
1-тармағының 2), 5) және 7) тармақшаларында көзделген жағдайларды қоспағанда):";

      5) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "5) дара кәсіпкер немесе жеке практикамен айналысатын тұлға болып табылмайтын жеке тұлғаға тауар өтеусіз берілген, жұмыстар өтеусіз орындалған, қызметтер көрсетілген;";

      мынадай мазмұндағы бөлікпен толықтырылсын:

      "Осы баптың 1-тармағының 2), 5) және 7) тармақшаларында көзделген жағдайларда, салық төлеуші өткізілген тауарлар бойынша шот-фактураларды есеп айырысуы осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген шарттарға сәйкес келетін күнге жазып беруді жүргізуге құқылы.";

      155) 416-бап мынадай редакцияда жазылсын:

      "416-бап. Талаптары комиссия шартының талаптарына сәйкес келетін шарттар бойынша шот-фактураларды жазып беру ерекшеліктері

      1. Комиссия шартының талаптарына сәйкес келетін шарттармен тауарларды өткізу, жұмыстарды орындау, қызметтерді көрсету кезінде, егер комитент және (немесе) комиссионер қосылған құн салығын төлеушілер болып табылса, тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алушыға шот-фактураларды жазып беруді комиссионер жүзеге асырады.

      Комиссионер жазып беретін шот-фактурадағы тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді өткізу бойынша айналым мөлшері комиссионер тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алушыға өткізуді жүзеге асыратын олардың құны негізге алынып көрсетіледі.

      Комиссионер шот-фактураны:

      қосылған құн салығын төлеуші болып табылатын комитент комиссионерге жазып берген шот-фактураның деректерін ескере отырып жазып береді (бұл жағдайда комитент комиссионерге жазып берген шот-фактурада көрсетілген салық салынатын (салынбайтын) айналым сомасы комиссионер сатып алушыға жазып беретін шот-фактурадағы салық салынатын (салынбайтын) айналымға қосылады);

      қосылған құн салығын төлеуші болып табылмайтын комитент жазып берген тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің құнын растайтын құжаттың деректерін ескере отырып жазып береді (бұл жағдайда мұндай құжатта көрсетілген тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің құны комиссионер сатып алушыға жазып беретін шот-фактурадағы салық салынбайтын айналымға қосылады).

      Комитент комиссионерге жазып беретін шот-фактурадағы айналым мөлшері өткізу мақсатында комиссионерге ұсынылған тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің құны негізге алынып көрсетіледі.

      Комиссионер комитентке жазып беретін шот-фактурадағы айналым мөлшері комиссионердің комиссиялық сыйақысының сомасы және бейрезиденттен жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алу бойынша комиссионердің айналымы болып табылатын жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің құны негізге алынып көрсетіледі.

      2. Комитент комиссионердің атына осы Кодекстің 412-бабы 5-тармағы 2) және 3) тармақшаларының талаптарын орындау мақсатында комиссия шартының талаптарына сәйкес келетін шарттармен тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді өткізуге арналған шот-фактураны жазып берген кезде:

      өнім берушінің деректемелері ретінде "комитент" мәртебесі көрсетіле отырып, комитенттің деректемелері көрсетіледі;

      алушының деректемелері ретінде "комиссионер" мәртебесі көрсетіле отырып, комиссионердің деректемелері көрсетіледі.

      Осы Кодекстің 412-бабы 5-тармағы 2) және 3) тармақшаларының талаптарын орындау мақсатында тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді алушыға комиссионер шот-фактура жазып беру кезінде өнім берушінің деректемелері ретінде "комиссионер" мәртебесі көрсетіле отырып, комиссионердің деректемелері көрсетіледі.

      3. Комиссия шартының талаптарына сәйкес келетін шарттарда комитент үшін сатып алынған тауарларды комиссионер комитентке берген кезде,
сондай-ақ үшінші тұлға комиссионермен жасаған мәміле бойынша комитент үшін осындай үшінші тұлғаның жұмыстарды орындауы, қызметтерді көрсетуі кезінде комитент атына шот-фактуралар жазып беруді комиссионер жүзеге асырады.

      Егер комиссионер және (немесе) комиссионер комитент үшін тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алған адам қосылған құн салығын төлеушілер болып табылған жағдайда, осы тармақтың ережелері қолданылады.

      Комиссионер жазып беретін шот-фактурадағы тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді өткізу бойынша айналым мөлшері комиссия шартының талаптарында комитент үшін комиссионер сатып алған тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің құны ескеріле отырып көрсетіледі.

      Комиссионер шот-фактураны:

      қосылған құн салығын төлеуші болып табылатын үшінші тұлға комиссионерге жазып берген шот-фактураның деректерін ескере отырып жазып береді (бұл жағдайда үшінші тұлға комиссионерге жазып берген шот-фактурада көрсетілген салық салынатын (салынбайтын) айналым сомасы комиссионер комитентке жазып беретін шот-фактурадағы салық салынатын (салынбайтын) айналымға енгізіледі);

      қосылған құн салығын төлеуші болып табылмайтын үшінші тұлға жазып берген тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің құнын растайтын құжаттың деректерін ескере отырып жазып береді (бұл жағдайда комиссионердің бейрезиденттен жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алу бойынша айналымы болып табылатын жұмыстардан, көрсетілетін қызметтерден басқа, мұндай құжатта көрсетілген тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің құны комиссионер комитентке жазып беретін шот-фактурадағы салық салынбайтын айналымға енгізілед);

      комиссионердің бейрезиденттен жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алу бойынша айналымы болып табылатын тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің құнын растайтын құжаттың;

      тауарлар импорты жағдайында Еуразиялық экономикалық одақтың кеден заңнамасына және (немесе) Қазақстан Республикасының кеден заңнамасына сәйкес тауарлар декларацияларының немесе тауарларды әкелуге және жанама салықтарды төлеу туралы өтініштің деректерін ескере отырып жазып береді.

      Комиссионердің комиссиялық сыйақы сомасы және комиссионердің бейрезиденттен жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алу бойынша айналымы болып табылатын жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің құны комитентке жазып берілген шот-фактурада жеке жолдармен көрсетіледі. Бұл ретте, егер комиссионер қосылған құн салығын төлеуші болып табылмаса, сыйақы сомасы "ҚҚС-сыз" деген белгімен көрсетіледі.

      4. Осы Кодекстің 412-бабы 5-тармағы 2) және 3) тармақшаларының талаптарын орындау мақсатында комиссия шартының талаптарында комитент үшін сатып алынған тауарларға, жұмыстарға, көрсетілетін қызметтерге шот-фактураны комиссионер комитентке жазып берген кезде:

      өнім берушінің деректемелері ретінде "комиссионер" мәртебесі көрсетіле отырып, комиссионердің деректемелері көрсетіледі;

      алушының деректемелері ретінде "комитент" мәртебесі көрсетіле отырып, комитенттің деректемелері көрсетіледі.

      Осы Кодекстің 412-бабы 5-тармағы 2 және 3) тармақшаларының талаптарын орындау мақсатында тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді беруші болып табылатын үшінші тұлға комиссионерге шот-фактураны жазып берген кезде алушының деректемелері ретінде комиссионердің деректемелері көрсетіледі.

      5. Көрсетілген талаптарға, сондай-ақ осы Кодекстің 400-бабының талаптарына сәйкес жазып берілген шот-фактура, комиссия шарты бойынша комитенттің немесе тауарларды, жұмыстары, көрсетілетін қызметтерді сатып алушының қосылған құн салығының сомасын есепке жатқызуына негіз болып табылады.";

      156) 419-баптың 1 және 2-тармақтары мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Түзетілген шот-фактура бұрын жазып берілген шот-фактураға өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізу, тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді берушіні және (немесе) алушыны ауыстыруға әкеп соқпайтын қателерді түзету қажет болған жағдайда жазып беріледі.

      Түзетілген шот-фактура жазып берілген кезде бұрын жазып берілген шот-фактураның күші жойылады.

      Бұл ретте, егер бұрын жазып берілген шот-фактураға қосымша шот-фактуралар жазылса, мұндай бұрын жазылып берілген шот-фактураларға түзетілгендерін жазып берген кезде, қосымша шот-фактуралардың да күші жойылады.

      Бұл ретте күші жойылды деп танылған, жазып берілген қосымша шот-фактураларды қалпына келтіру үшін түзетілген шот-фактураға қосымша шот-фактура жазып беру қажет.

      2. Түзетілген шот-фактура:

      1) шот-фактураларды жазып беруге қойылатын, осы тарауда белгіленген талаптарға сәйкес келуге;

      2) мынадай ақпаратты:

      шот-фактура түзетілген болып табылатыны туралы белгіні;

      түзетілген шот-фактураның реттік нөмірі мен жазып берілген күнін;

      күші жойылатын шот-фактураның реттік нөмірі мен жазып берілген күнін қамтуға тиіс.";

      157) 420-баптың 3-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "3. Қосымша шот-фактура түзету сомасына айналым жасалған күннен ерте емес және осындай күннен кейін күнтізбелік он бес күннен кешіктірілмей жазып беріледі.";

      158) 424-баптың 4-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "4. Осы Кодекстiң 85-бабы 4-тармағында көзделген жағдайларда, салық органының шешімі бойынша тіркеу есебінен шығарылған салық төлеуші осындай есептен шығару жүргізілген айдан кейінгі айдың 15-і күнінен кешіктірмей орналасқан жері бойынша салық органына қосылған құн салығы бойынша тарату декларациясын ұсынуға міндетті. Тарату декларациясы салық төлеуші тіркеу есебінен шығарылған салықтық кезеңнің басынан бастап оны осындай есептен шығарған күнге дейінгі кезең үшін жасалады.";

      159) мынадай мазмұндағы 426-1-баппен толықтырылсын:

      "426-1-бап. Жеке тұлғаларға электрондық нысанда қызметтер көрсететін бейрезиденттің қосылған құн салығы бойынша салық міндеттемесін орындау ерекшеліктері

      1. Бейрезидент заңды тұлға жеке тұлғаларға өткізу орны Қазақстан Республикасы болып табылатын электрондық нысанда қызметтер көрсету кезінде қосылған құн салығын осындай қызметтерді өткізу жөніндегі айналымдар бойынша осы бапта белгіленген тәртіппен есептейді.

      2. Егер:

      сатып алушы жеке тұлғаның тұрғылықты жері Қазақстан Республикасы болып табылса;

      көрсетілетін қызметтерге ақы төлеу үшін сатып алушы жеке тұлға пайдаланатын банк шоты ашылған банктің немесе ол арқылы сатып алушы жеке тұлға көрсетілетін қызметтерге ақы төлеуді жүзеге асыратын электрондық ақша операторының орналасқан жері Қазақстан Республикасының аумағы болып табылса;

      сатып алушы жеке тұлғаның көрсетілетін қызметтерді сатып алу кезінде пайдаланылған желілік мекенжайы Қазақстан Республикасында тіркелсе;

      көрсетілетін қызметтерді сатып алу немесе оларға ақы төлеу үшін пайдаланылатын телефон нөмірі елінің халықаралық кодын Қазақстан Республикасы берсе көрсетілетін қызметтерді электрондық нысанда жүзеге асыру орны Қазақстан Республикасы болып табылады.

      3. Осы баптың мақсаттары үшін электрондық нысандағы қызметтерге:

      бағдарламалық қамтамасыз етуді (компьютерлік ойындарды қоса алғанда), деректер қорын интернет желісі арқылы, оның ішінде оларға жаңартуларды және қосымша функционалдық мүмкіндіктерді қоса алғанда, қашықтан қолжетімділікті беру арқылы пайдалануға құқық беру;

      интернет желісінде, оның ішінде интернет желісінде жұмыс істейтін бағдарламалық қамтылымды және деректер қорын пайдалана отырып жарнамалық қызметтер көрсету, сондай-ақ интернет желісінде жарнамалық алаң (кеңістік) ұсыну;

      интернет желісінде тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді), мүліктік құқықтарды сатып алу (өткізу) туралы ұсыныстарды орналастыру бойынша қызметтер көрсету;

      әлеуетті сатып алушылар туралы ақпаратты іздеу және (немесе) тапсырыс берушіге ұсыну бойынша қызметтер көрсету;

      сатушылар мен сатып алушылар арасында байланыстар орнату және мәмілелер жасасу үшін ақпараттық технологиялар мен жүйелерді пайдалана отырып жүзеге асырылатын техникалық, ұйымдастырушылық, ақпараттық және өзге де мүмкіндіктерді ұсыну бойынша интернет желісі арқылы қызметтер көрсету (әлеуетті сатып алушылар өз бағасын автоматтандырылған рәсім арқылы ұсынатын және тараптарға жіберілетін автоматты түрде құрылатын хабар арқылы сату туралы хабарланатын нақты уақыт режимінде интернет желісінде жұмыс істейтін сауда алаңын ұсынуды қоса алғанда);

      интернет желісінде коммерциялық немесе жеке қатысуды қамтамасыз ету және (немесе) қолдау, пайдаланушылардың электрондық ресурстарын (интернет желісіндегі сайттарды және (немесе) сайттар беттерін) қолдау, оларға желінің басқа пайдаланушыларының қолжетімділігін қамтамасыз ету, пайдаланушыларға оларды түрлендіру мүмкіндігін беру;

      осы ақпаратты ұсынған тұлғаның оған интернет желісі арқылы қолжетімділігі болған жағдайда, серверлік инфокоммуникациялық жабдықты (дата – орталықтар көрсететін қызметтерін) пайдалана отырып, ақпаратты электрондық нысанда сақтау және өңдеу;

      әлеуетті сатып алушылар туралы ақпаратты іздеу және (немесе) тапсырыс берушіге ұсыну бойынша қызметтер көрсету;

      ақпаратты ақпараттық жүйеде орналастыру үшін нақты уақыт режимінде есептеу қуатын беру;

      домендік атауларды ұсыну, хостинг қызметтерін көрсету;

      интернет желісінде ақпараттық жүйелерді, сайттарды әкімшілендіру бойынша қызметтер көрсету;

      интернет желісіндегі іздеу жүйелеріне қолжетімділікті ұсыну;

      интернет желісіндегі сайттарда статистиканы жүргізу;

      көрсетілетін қызметті сатып алушы деректерді енгізген кезде интернет желісі арқылы автоматты тәсілмен жүзеге асырылатын қызметтерді, деректерді іздеу, оларды сұрау салулар бойынша іріктеу және сұрыптау, аталған деректерді пайдаланушыларға ақпараттық-телекоммуникациялық желілер арқылы ұсыну (оның ішінде қор биржасының нақты уақыт режиміндегі мәліметтері, нақты уақыт режимінде автоматтандырылған аударуды жүзеге асыру) бойынша автоматтандырылған қызметтерді көрсету;

      интернет желісі арқылы электрондық кітаптарды (басылымдарды) және басқа да электрондық жарияланымдарды, ақпараттық, білім беру материалдарын, графикалық бейнелерді, музыкалық туындыларды, аудиовизуалды туындыларды, оның ішінде интернет желісі арқылы қарау немесе тыңдау арқылы пайдалану құқығын беру жатады.

      4. Электрондық нысандағы көрсетілетін қызметтерді өткізу бойынша айналым жасау күні осындай көрсетілетін қызметтер үшін төлем түскен күнтізбелік тоқсанның соңғы күні болып табылады.

      5. Салық салынатын айналым мөлшері қосылған құн салығын қоспай көрсетілген қызметтер құнының негізінде айқындалады.

      Электрондық нысандағы қызметтердің шетел валютасындағы құны электрондық нысандағы көрсетілетін қызметтер үшін төлем келіп түскен күннің алдындағы соңғы жұмыс күніне айқындалған валюталарды айырбастаудың нарықтық бағамы қолданыла отырып, Қазақстан Республикасының ұлттық валютасында қайта есептеледі.

      6. Бейрезиденттің жеке тұлғаларға көрсетілген электрондық нысандағы қызметтер бойынша шот-фактураларды жазып беруі талап етілмейді.

      7. Электрондық нысандағы қызметтер көрсету мақсаттары үшін пайдаланылған, бейрезидент сатып алған тауарлар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтер бойынша қосылған құн салығының сомасы Қазақстан Республикасының бюджетіне төленуге жататын қосылған құн салығын айқындау кезінде есепке жатқызылмайды.

      8. Қосылған құн салығының мөлшерлемесі 12 процентті құрайды және салық салынатын айналым мөлшеріне қолданылады.

      9. Күнтізбелік тоқсан қосылған құн салығы бойынша салық кезеңі болып табылады.

      10. Бейрезидент осы Кодекстің 424-бабының 1-тармағының ережелеріне сәйкес қосылған құн салығы бойынша декларацияны табыс етеді.

      11. Бейрезидент есепті салық кезеңінен кейінгі екінші айдың 25-ші күнінен кешіктірмей әрбір салық кезеңі үшін бюджетке төленуге жататын салықты төлеуге міндетті.";

      160) 427-бапта:

      1-тармақта:

      10) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "10) тірі ірі қара мал бойынша осы Кодекстің 367-бабы 1-тармағының 1) тармақшасында көрсетілген қосылған құн салығын төлеушілер, сондай-ақ олардың филиалдары қосылған құн салығын осы бапта айқындалған тәртіппен есепке жатқызу әдісімен төлейді.";

      2-тармақтың бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "2. Осы баптың қосылған құн салығын есепке жатқызу әдісімен төлеу бөлігіндегі ережелері осы Кодекстің 367-бабы 1-тармағының 1) тармақшасында көрсетілген қосылған құн салығын төлеуші, сонымен қатар олардың филиалдары әкелетін:";

      4-тармақта:

      екінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:

      "Қазақстан Республикасының аумағында ішкі тұтыну үшін тауарлар шығарылған күннен бастап осы Кодекстің 48-бабының 2-тармағында белгіленген талап қою мерзімі ішінде осы баптың 1 және 2-тармақтарында белгіленген талаптар бұзылған жағдайда, импортталатын тауарларға қосылған құн салығы Еуразиялық экономикалық одақтың кеден заңнамасында және (немесе) Қазақстан Республикасының кеден заңнамасында айқындалған тәртіппен және мөлшерде, импортталатын тауарларға қосылған құн салығын төлеу үшін белгіленген мерзімнен бастап өсімпұл есептеле отырып төленуге жатады.";

      үшінші бөліктің 3) тармақшасындағы "шығару осы бапта белгіленген талаптарды бұзушылық болып табылмайды." деген сөздер "шығару;" деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 4) тармақшамен толықтырылсын:

      "4) көрсетілген тауарды қалпына келтірудің мүмкін еместігін растайтын құжат болған кезде авария, апат және (немесе) ақаулық нәтижесінде тауардың шығуы (есептен шығарылуы) осы бапта белгіленген талаптарды бұзушылық болып табылмайды.";

      5-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "5. Импортталатын тауарларға қосылған құн салығы есепке жатқызу әдісімен төленген тауарларды Қазақстан Республикасының аумағында ішкі тұтыну үшін шығарылған күннен бастап осы Кодекстің 48-бабының 2-тармағында белгіленген талап қою мерзімі өткен соң өткізу импортталатын тауарларға қосылған құн салығын салуға жатпайды.";

      161) 428-бапта:

      1-тармақтың бірінші бөлігінің 10) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "10) тірі ірі қара мал бойынша осы Кодекстің 367-бабы 1-тармағының 1) тармақшасында көрсетілген қосылған құн салығын төлеушілер, сондай-ақ олардың филиалдары қосылған құн салығын осы бапта айқындалған тәртіппен есепке жатқызу әдісімен төлейді.";

      2-тармақтың бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "2. Осы баптың қосылған құн салығын есепке жатқызу әдісімен төлеу бөлігіндегі ережелері осы Кодекстің 367-бабы 1-тармағының 1) тармақшасында көрсетілген қосылған құн салығын төлеуші, сондай-ақ олардың филиалдары әкелетін:";

      3-тармақтың бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "3. Осы Кодекстің 367-бабы 1-тармағының 1) тармақшасында көрсетілген қосылған құн салығын төлеуші, сондай-ақ олардың филиалдары тауарларды әкелу және жанама салықтарды төлеу туралы өтінішпен бір мезгілде салық органына:";

      5-тармақта:

      екінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:

      "Қазақстан Республикасының аумағына тауарлар әкелінген күннен бастап осы Кодекстің 48-бабының 2-тармағында белгіленген талап қою мерзімі ішінде осы баптың 1 және 2-тармақтарында белгіленген талаптар бұзылған жағдайда әкелінетін тауарларға қосылған құн салығы тауарларды әкелу кезінде қосылған құн салығын төлеу үшін белгіленген мерзімнен бастап өсімпұл есептеле отырып, Қазақстан Республикасының салық заңнамасында айқындалған тәртіппен және мөлшерде төленуге жатады.";

      үшінші бөліктің 2) тармақшасындағы "шығару осы бапта белгіленген талаптарды бұзушылық болып табылмайды." деген сөздер "шығару;" деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 3) тармақшамен толықтырылсын:

      "3) көрсетілген тауарды қалпына келтірудің мүмкін еместігін растайтын құжат болған кезде авария, апат және (немесе) ақаулық нәтижесінде тауардың шығуы (есептен шығарылуы) осы бапта белгіленген талаптарды бұзушылық болып табылмайды.";

      162) 429-бапта:

      8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "8. Қосылған құн салығы бойынша тіркеу есебінен шығарылған салық төлеушілер бойынша қалыптасқан қосылған құн салығының асып кетуі:

      салық органының шешімін шығару күніне осы Кодекстің 424-бабы 4-тармағында көзделген шарттарды орындамаған жағдайда;

      осы Кодекстің 369-бабы 1-тармағының 3) тармақшасында көрсетілген талаптар орындалғаннан кейін есептен шығаруға жатады.

      Салық төлеушілердің дербес шоттарынан қосылған құн салығының асып кетуін есептен шығару уәкілетті орган айқындаған тәртіппен жүзеге асырылады.";

      9-тармақ алып тасталсын;

      163) 431-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "2. Егер осы Кодекстің 432, 433 және 434-баптарында өзгеше белгіленбесе, тексеру нәтижелерімен расталған қосылған құн салығының асып кету сомасын салық төлеушіге қайтару мынадай мерзімдерде жүргізіледі:

      қосылған құн салығының асып кету сомасын қайтару туралы талап қойылған салықтық кезең үшін шот-фактураларды жазып беру мен алуды электрондық нысанда ғана жүзеге асыратын, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес айқындалатын төмен тәуекел дәрежесіндегі салық төлеушілер санатына жатқызылған салық төлеушіге – отыз жұмыс күні ішінде;

      қосылған құн салығының асып кету сомасын қайтару туралы талап қойылған салықтық кезең үшін өткізу бойынша жалпы салық салынатын айналымда кемінде 70 процентті құрайтын нөлдік мөлшерлеме бойынша салық салынатын өткізу бойынша айналымдарды жүзеге асыратын салық төлеушіге – елу бес жұмыс күні ішінде;

      қалған жағдайларда – күнтізбелік бір жүз елу бес күн ішінде.

      Бұл ретте қосылған құн салығының асып кету сомасын қайтару мерзімінің өтуі осы Кодекстің 212-бабы 3-тармағының 2) және 3) тармақшаларына сәйкес ұзарту кезеңін ескере отырып, осы Кодексте қосылған құн салығы бойынша декларацияны салық органына ұсыну үшін белгіленген соңғы күн өткеннен кейін басталады.";

      164) 433-бапта:

      1-тармақтың екінші бөлігі мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:

      "төлем қате жасалған жағдайда не бенефициардың жабық банктік шотына ақша аударылған жағдайда бақылау шотынан бастамашылық жасалған төлемді қайтаруға байланысты ақшаны есепке жатқызу үшін пайдаланылатын ағымдағы шот осы Кодекстің мақсаттары үшін бақылау шоты болып табылады.";

      6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "6. Қосылған құн салығының асып кету сомасын қайтару салықтық кезеңдегі қосылған құн салығы бойынша декларацияда көрсетілген қосылған құн салығының асып кету сомасын қайтару туралы талаптың негізінде, салықтық тексеру жүргізілместен он бес жұмыс күні ішінде жүргізіледі.

      Бұл ретте қосылған құн салығының асып кету сомасын қайтару мерзімінің өтуі осы Кодекстің 212-бабы 3-тармағының 2) және 3) тармақшаларына сәйкес ұзарту кезеңін ескере отырып, қосылған құн салығы бойынша декларацияны салық органына ұсыну үшін осы Кодексте белгіленген соңғы күн өткеннен кейін басталады.";

      165) 434-бапта:

      2-тармақта:

      бірінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:

      "2. Қосылған құн салығының асып кету сомасын қайтару туралы талапты көрсете отырып, қосылған құн салығы бойынша декларацияны ұсынған:

      салықтық мониторингте кемінде қатарынан он екі ай тұрған және қосылған құн салығы бойынша декларацияны ұсынатын күнге салықтық есептілікті ұсыну бойынша орындалмаған салықтық міндеттемесі жоқ қосылған құн салығын төлеушілердің;

      меншікті өндірісінің тауарын өндірушілердің қосылған құн салығының асып кетуін қайтарудың оңайлатылған тәртібін қолдануға құқығы бар.";

      мынадай мазмұндағы үшінші және екінші бөліктермен толықтырылсын:

      "Осы баптың мақсатында салық төлеуші өндірген, шығарылған жерінің сертификаты бар өнім (тауар) меншікті өндірісінің тауары болып танылады.

      Осы тармақтың екінші бөлігінде көрсетілген салық төлеушілердің тізбесін сауда және интеграция саласындағы уәкілетті орган уәкілетті органмен және салық саясаты саласындағы уәкілетті органмен келісу бойынша бекітеді.";

      жетінші бөлік мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:

      "осы тармақтың екінші бөлігінде көрсетілген салық төлеушілер тізбесіне қосылған меншікті өндіріс тауарын өндіру бойынша қызметті жүзеге асыратын салық төлеушілер үшін – есепті салық кезеңінде қалыптасқан қосылған құн салығының асып кету сомасының 50 процентінен аспайтын мөлшерде қосылған құн салығының асып кетуі оңайлатылған тәртіппен қайтарылуға жатады.";

      3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "3. Қосылған құн салығының асып кету сомасын оңайлатылған тәртіппен қайтару қосылған құн салығының асып кету сомасын қайтару туралы талап көрсетілген салықтық кезең үшін қосылған құн салығы бойынша декларацияны салық органына ұсыну үшін осы Кодексте белгіленген соңғы күн өткеннен кейін он бес жұмыс күні ішінде жүргізіледі.

      Осы Кодекстің 212-бабының 3-тармағына сәйкес қосылған құн салығы бойынша салық есептілігін ұсыну мерзімі ұзартылған жағдайда, осы тармаққа сәйкес қосылған құн салығының асып кету сомасын қайтару ұзарту кезеңін ескере отырып жүргізіледі.";

      166) 442-баптың 2-тармағында:

      екінші бөліктің 1) тармақшасындағы "халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына және" деген сөздерден кейін "(немесе)" деген сөзбен толықтырылсын;

      жетінші бөліктегі "халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына және" деген сөздерден кейін "(немесе)" деген сөзбен толықтырылсын;

      167) 447-бапта:

      1-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "2) аумағына тауарлар импортталған Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттің салық органының белгісі бар тауарларды әкелу және жанама салықтарды төлеу туралы, жанама салықтарды төлеу және (немесе) оларды төлеуден босату және (немесе) төлеудің өзге тәсілі туралы өтініш (қағаз жеткізгіште түпнұсқада немесе көшірмелері) не электрондық нысанда;";

      2-тармақтың 5) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "5) аумағына қайта өңдеу өнімдері импортталған Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттің салық органының белгісі бар тауарларды әкелу және жанама салықтарды төлеу туралы, жанама салықтарды төлеу және (немесе) төлеуден босату және (немесе) төлеудің өзге тәсілі туралы өтініш (қағаз жеткізгіштегі түпнұсқада) немесе көшірмелері не электрондық нысанда);";

      3-тармақтың 5) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "5) тауарларға iлеспе құжаттардың көшірмелері.";

      168) 448-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "2. Экспортталатын немесе импортталатын тауарларды Еуразиялық экономикалық одақтың кеден аумағында магистральдық құбыржолдар жүйесі арқылы тасымалдау, егер тасымалдауды ресімдеу сатып алушыға не көрсетілген тауарларды Еуразиялық экономикалық одақтың кеден аумағындағы сатып алушыға дейін одан әрі жеткізуді жүзеге асыратын басқа тұлғаларға экспортталатын немесе импортталатын тауарлар берілгенін растайтын құжаттармен жүзеге асырылған болса, халықаралық тасымал деп есептеледі.";

      169) 449-баптың 2-тармағының 5) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "5) алыс-беріс шикізатын қайта өңдеу жөніндегі жұмыстардың құнынан қосылған құн салығының төленгенін растайтын тауарларды әкелу және жанама салықтарды төлеу туралы өтініш (қағаз жеткізгіште түпнұсқада немесе көшірме не электрондық нысанда).

      Алыс-беріс шикізатын қайта өңдеу өнімдерін Еуразиялық экономикалық одаққа мүше болып табылмайтын мемлекеттің аумағына әкеткен жағдайда осы тармақшада көрсетілген өтініш ұсынылмайды;";

      170) 450-баптың 3-тармағындағы "халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына және" деген сөздерден кейін "(немесе)" деген сөзбен толықтырылсын";

      171) 451-баптың 2-тармағының 4) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "4) мынадай шарттар сақталған кезде:

      көлік құралдарын өндірушілерге қатысты – индустриялық қызметті мемлекеттік қолдау саласындағы уәкілетті органмен моторлы көлік құралдарын өнеркәсіптік құрастыру туралы келісім болса;

      ауыл шаруашылығы техникасын өндірушілерге қатысты – индустриялық қызметті мемлекеттік қолдау саласындағы уәкілетті органмен ауыл шаруашылығы техникасын өнеркәсіптік құрастыру туралы келісім болса;

      компоненттерді өндірушілерге қатысты – индустриялық қызметті мемлекеттік қолдау саласындағы уәкілетті органмен компоненттерді өнеркәсіптік құрастыру туралы келісім болса, инвестициялар жөніндегі уәкілетті органмен жасалған арнайы инвестициялық келісімшарт шеңберінде заңды тұлға еркін қойма кедендік рәсімімен орналастырған көлік құралдарының және (немесе) ауыл шаруашылығы техникасының құрамындағы шикізаттың және (немесе) материалдардың, сондай-ақ олардың компоненттерінің;";

      172) 453-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "2. Қазақстан Республикасының аумағынан Еуразиялық экономикалық одаққа мүше басқа мемлекеттің аумағына тауарлардың экспорты жағдайында шот-фактура айналым жасалған күннен кейін күнтізбелік жиырма күннен кешіктірілмей жазып беріледі.";

      173) 455-бапта:

      1-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "Бұл ретте Қазақстан Республикасының аумағына импортталған тауарлар бойынша комиссионер (сенім білдірілген өкіл) төлеген қосылған құн салығының сомасы осындай тауарларды сатып алушы комиссионер (сенім білдірілген өкіл) сатып алушының атына жазып берген шот-фактураның, сондай-ақ импортталған тауарлар бойынша осы Кодекстің 456-бабының
8-тармағында көзделген, салық органының белгісі бар тауарларды әкелу және жанама салықтарды төлеу туралы өтініш көшірмесінің негізінде есепке жатқызылуға тиіс.";

      4-тармақтың төртінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "Мұндай шот-фактураға тауарларды импорттаған кезде комиссионер (сенім білдірілген өкіл) төлеген қосылған құн салығын есепке жатқызу үшін негіз болып табылатын комиссионерден (сенім білдірілген өкілден) алынған тауарларды әкелу және жанама салықтарды төлеу туралы өтініштің көшірмесі қоса беріледі.";

      174) 456-бап мынадай редакцияда жазылсын:

      "456-бап. Еуразиялық экономикалық одақта тауарлардың импорты кезінде қосылған құн салығын есептеу және төлеу тәртібі

      1. Егер осы бапта өзгеше белгіленбесе, Еуразиялық экономикалық одақта қосылған құн салығын есептеу және төлеу тәртібі осы Кодекстің 48-тарауына сәйкес айқындалады.

      2. Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердiң аумағынан Қазақстан Республикасының аумағына тауарлардың, оның ішінде алыс-беріс шикізатын қайта өңдеу өнімдері болып табылатын тауарлардың импорты кезінде салық төлеуші орналасқан (тұрғылықты) жері бойынша салық органына тауарларды әкелу және жанама салықтарды төлеу туралы, оның ішінде лизинг шарттары (келісімшарттары) бойынша өтінішті, егер осы тармақта өзгеше белгіленбесе, салықтық кезеңнен кейінгі айдың 20-күнінен кешіктірмей, қағаз жеткізгіште және электрондық нысанда не тек электрондық нысанда ұсынуға міндетті.

      Салық төлеуші салық органына тауарларды әкелу және жанама салықтарды төлеу туралы өтінішпен бір мезгілде мынадай құжаттарды ұсынады:

      1) импортталған тауарлар бойынша жанама салықтардың іс жүзінде төленгенін растайтын банктің үзінді көшірмесін және (немесе) Қазақстан Республикасының банктер және банк қызметі туралы заңнамасында көзделген, импортталған тауарлар бойынша жанама салықтарды төлеу жөніндегі салықтық міндеттеменің орындалуын растайтын өзге де төлем құжатын немесе осы Кодекстің 451-бабының талаптарын ескере отырып, қосылған құн салығынан босатылғанын растайтын құжатты.

      Бұл ретте көрсетілген құжаттар қосылған құн салығын төлеудің өзге тәртібінде, сондай-ақ салық төлеуші салық және бюджетке төленетін төлемдердің басқа түрлері бойынша аталған артық төленген сомаларды есепке жатқызуға немесе есептік шотқа қайтаруға өтініш бермеген кезде импортталған тауарлар бойынша қосылған құн салығы бойынша алдағы төлемдер есебіне жатқызылуға тиісті импортталған тауарлар бойынша қосылған құн салығы бойынша жеке шоттарда артық төленген төлемдер болған жағдайда ұсынылмайды.

      Лизинг шарттары (келісімшарттары) бойынша осы тармақшада көрсетілген құжаттар есепті салықтық кезеңге келетін лизинг шартында (келісімшартында) көзделген лизингтік төлемнің мерзімі бойынша осы тармақта белгіленген мерзімде ұсынылады;

      2) тауарлардың Еуразиялық экономикалық одаққа мүше бір мемлекеттің аумағынан Қазақстан Республикасының аумағына өткізілгенін растайтын тауарға ілеспе және (немесе) өзге де құжаттарды (егер тауарлардың жекелеген түрлерінің өткізілуі, оның ішінде тауарлардың көлік құралдарын пайдаланбай өткізілуі үшін мұндай құжаттарды ресімдеу Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделмесе, көрсетілген құжаттар ұсынылмайды);

      3) егер оларды ұсыну (жазып беру) Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттің заңнамасында көзделген жағдайда, тауарларды тиеп-жөнелту кезінде Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттің заңнамасына сәйкес ресімделген шот-фактураларды.

      Егер шот-фактураларды ұсыну (жазып беру) Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттің заңнамасында көзделмеген болса не тауарлар Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекет болып табылмайтын мемлекеттің салық төлеушісінен сатып алынса, онда шот-фактуралардың орнына сатушы ұсынған (жазып берген), импортталған тауарлардың құнын растайтын өзге құжат ұсынылады;

      4) солардың негізінде Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттің аумағынан Қазақстан Республикасының аумағына импортталған тауарлар сатып алынған шарттарды (келісімшарттарды), тауарлар лизингі (лизинг нысаналары) жағдайында – лизинг шарттарын (келісімшарттарын), заттар түрінде қарыз берілген жағдайда – қарыз шарттарын, тауарларды дайындау туралы шарттарды (келісімшарттарды), алыс-беріс шикізатын қайта өңдеуге арналған шарттарды (келісімшарттарды);

      5) Қазақстан Республикасының салық төлеушісіне Еуразиялық экономикалық одаққа мүше басқа мемлекеттің салық төлеушісі не Еуразиялық экономикалық одаққа мүше болып табылмайтын мемлекеттің салық төлеушісі ұсынған, Еуразиялық экономикалық одаққа мүше үшінші мемлекеттің аумағынан импортталған тауарларды өткізетін ұйымның басшысы (дара кәсіпкер) қол қойған және ұйымның мөрімен расталған, Еуразиялық экономикалық одаққа мүше үшінші мемлекеттің салық төлеушісі және Еуразиялық экономикалық одаққа мүше осы үшінші мемлекеттің салық төлеушісімен импортталған тауарды сатып алу туралы жасалған шарт (келісімшарт) туралы мынадай:

      тұлғаны Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттің салық төлеушісі ретінде сәйкестендіруші нөмір;

      Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттің салық төлеушісінің (ұйымның, дара кәсіпкердің) атауы;

      Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттің салық төлеушісінің орналасқан (тұрғылықты) жері;

      келісімшарттың (шарттың) нөмірі мен күні;

      ерекшелік нөмірі мен күні туралы мәліметтерді қамтыған ақпараттық хабарламаны (осы Кодекстің 454-бабының 2, 3, 4 және 5-тармақтарында көзделген жағдайларда).

      Егер одан тауар сатып алынатын Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттің салық төлеушісі өткізетін тауардың меншік иесі болмаған жағдайда (комиссионер, сенім білдірілген өкіл болып табылса), онда осы тармақшаның бірінші бөлігінің екінші – алтыншы абзацтарында көрсетілген мәліметтер өткізілетін тауардың меншік иесіне қатысты да ұсынылады.

      Ақпараттық хабарлама шет тілінде ұсынылған жағдайда қазақ және орыс тілдеріне аудармасының болуы міндетті.

      Егер осы тармақшада көзделген мәліметтер осы тармақтың екінші бөлігінің 5) тармақшасында көрсетілген шартта (келісімшартта) қамтылса, ақпараттық хабарлама ұсынылмайды;

      6) комиссия немесе тапсырма шарттарын (келісімшарттарын) (олар жасалған жағдайда);

      7) солардың негізінде комиссия немесе тапсырма шарттары бойынша Еуразиялық экономикалық одаққа мүше басқа мемлекеттің аумағынан Қазақстан Республикасының аумағына импортталған тауарлар сатып алынған шарттарды (келісімшарттарды) (қосылған құн салығын комиссионер, сенім білдірілген өкіл төлейтін жағдайларды қоспағанда, осы Кодекстің 454-бабының 2 және 3-тармақтарында көзделген жағдайларда).

      Бөлшек саудамен сатып алу-сату жағдайында осы тармақтың екінші бөлігінің 3), 4) және 5) тармақшаларында көрсетілген құжаттар болмаған кезде Қазақстан Республикасының аумағына импортталған тауарлардың алынғанын (не сатып алынғанын) растайтын құжаттар (оның ішінде бақылау-касса машинасының чектері, тауар чектері, сатып алу актілері) ұсынылады.

      Осы тармақтың екінші бөлігінің 2) – 8) тармақшаларында көрсетілген құжаттар салық төлеушінің басшысы мен бас бухгалтерінің (ол бар болған кезде) не салық төлеушінің шешімі бойынша оған уәкілеттік берілген өзге де адамдардың қолтаңбаларымен, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген негіздер бойынша салық төлеушінің мөрі болмаған жағдайларды қоспағанда, салық төлеушінің мөрімен расталған көшірмелерде ұсынылуы мүмкін.

      Бұл ретте көрсетілген құжаттардың көшірмелері соңғы парағында парақтардың жалпы саны көрсетіле отырып, тігілген, нөмірленген және соңғы парағын салық төлеушінің басшысы мен бас бухгалтерінің (ол болған кезде) не салық төлеушінің шешімі бойынша оған уәкілеттік берілген өзге де адамдардың қолтаңбаларымен, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген негіздер бойынша салық төлеушінің мөрі болмаған жағдайларды қоспағанда, салық төлеушінің мөрімен расталған кітап (кітаптар) түрінде ұсынылуы мүмкін.

      Лизинг шарттары (келісімшарттары) бойынша салық төлеуші салық органына импортталған тауарларды (лизинг нысаналарын) есепке қабылдаған айдан – салықтық кезеңнен кейінгі айдың 20-күнінен кешіктірмей тауарларды әкелу және жанама салықтарды төлеу туралы өтінішпен бір мезгілде осы тармақтың екінші бөлігінің 2)-8) тармақшаларында көзделген құжаттарды ұсынады. Кейіннен салық төлеуші салық органына лизинг шартында (келісімшартында) көзделген төлем мерзімінің айынан – салықтық кезеңнен кейінгі айдың 20-күнінен кешіктірмей тауарларды әкелу және жанама салықтарды төлеу туралы өтінішпен бір мезгілде осы тармақтың екінші бөлігінің 2) тармақшасында көзделген құжаттарды (олардың көшірмелерін) ұсынады.

      Егер лизинг шартында (келісімшартында) көзделген тауарлар (лизинг нысаналары) құнының бір бөлігін төлеу мерзімі тауарларды (лизинг нысаналарын) Қазақстан Республикасының аумағына әкелгеннен кейін басталған жағдайда, салық төлеуші салық органына импортталған тауарларды (лизинг нысаналарын) есепке қабылдаған айдан – салықтық кезеңнен кейінгі айдың 20-күнінен кешіктірмей тауарларды әкелу және жанама салықтарды төлеу туралы өтінішпен бір мезгілде осы тармақтың екінші бөлігінің 3), 4) және 5) тармақшаларында көзделген құжаттарды ұсынады. Бұл ретте салық төлеуші тауарларды әкелу және жанама салықтарды төлеу туралы өтініште қосылған құн салығы бойынша салықтық базаны көрсетпейді.

      Егер лизинг шарты (келісімшарты) бойынша тауарлар (лизинг нысаналары) құнының бір бөлігін төлеу мерзімінің күні тауарларды (лизинг нысаналарын) Қазақстан Республикасының аумағына әкелген күнге дейін белгіленген жағдайда, салық төлеуші салық органына импортталған тауарларды (лизинг нысаналарын) есепке қабылдаған айдан – салықтық кезеңнен кейінгі айдың 20-күнінен кешіктірмей тауарларды әкелу және жанама салықтарды төлеу туралы өтінішпен бір мезгілде осы тармақтың екінші бөлігінің 2) – 5) тармақшаларында көзделген құжаттарды ұсынады.

      Кейіннен салық төлеуші салық органына лизинг шартында (келісімшартында) көзделген төлем мерзімінің айынан – салықтық кезеңнен кейінгі айдың 20-күнінен кешіктірмей тауарларды әкелу және жанама салықтарды төлеу туралы өтінішпен бір мезгілде осы тармақтың екінші бөлігінің 2) тармақшасында көзделген құжаттарды (олардың көшірмелерін) ұсынады.

      Тауарларды әкелу және жанама салықтарды төлеу туралы өтінішінің нысанын, оны толтыру және ұсыну қағидаларын уәкілетті орган бекітеді.

      3. Тауарларды әкелу және жанама салықтарды төлеу туралы өтініш қағаз жеткізгіште (төрт данада) және электрондық нысанда:

      1) осы Кодекстің 451-бабының 2-тармағына сәйкес қосылған құн салығын төлеуден босатыла отырып және (немесе) осы Кодекстің 428-бабына сәйкес қосылған құн салығын есепке жатқызу әдісімен төлей отырып, тауарларды Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің аумағынан Қазақстан Республикасының аумағына импорттайтын тұлғалар;

      2) осы Кодекстің 459-бабының 2-тармағында көзделген тауарларды әкелу және жанама салықтарды төлеу туралы өтінішке өзгерістер мен толықтырулар енгізілген жағдайда салық төлеуші ұсынады.

      4. Тауарларды әкелу және жанама салықтарды төлеу туралы өтініш тек электрондық нысанда ұсынылған кезде, осы баптың 2-тармағы екінші бөлігінің 2)-8) тармақшаларында көрсетілген құжаттар ұсынылмайды.

      Осы тармақтың ережесі осы баптың 3-тармағында белгіленген жағдайларда қолданылмайды.

      5. Импортталған тауарлар бойынша қосылған құн салығы салық төлеушілердің орналасқан (тұрғылықты) жері бойынша салықтық кезеңнен кейінгі айдың 20-күнінен кешіктірілмей төленеді.

      Импортталған тауарлардың бағасы осы Кодекстің 444-бабының 8-тармағына сәйкес ұлғайту жағына өзгертілген жағдайда импортталған тауарлар бойынша қосылған құн салығы шартқа (келісімшартқа) қатысушылар импортталған тауарлардың бағасын өзгерткен айдан кейінгі айдың 20-күнінен кешіктірілмей төленеді.

      6. Тауарларды, оның ішінде алыс-беріс шикізатын қайта өңдеу өнімдері болып табылатын тауарларды, лизинг шарттары (келісімшарттары) бойынша тауарларды (лизинг нысаналарын) Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің аумағынан Қазақстан Республикасының аумағына импорттау кезінде жанама салықтарды есептеу мен төлеуге арналған салықтық кезең осындай импортталған тауарлар есепке қабылданған немесе лизинг шартында (келісімшартында) көзделген төлем мерзімі басталатын күнтізбелік ай болып табылады.

      Бұл ретте салықтық міндеттемені салықтық кезең ішінде орындауға жол беріледі.

      7. Салық органдарының тауарларды әкелу және жанама салықтарды төлеу туралы өтініште импортталған тауарлар бойынша қосылған құн салығын төлеу фактісін тиісті белгі қою арқылы растауы не растаудан уәжді бас тартуы уәкілетті орган көздеген жағдайларда және тәртіппен жүзеге асырылады.

      Қағаз жеткізгіште және электрондық нысанда ұсынылған өтініштер бойынша қосылған құн салығын төлеу фактісін растауды салық органы өтініш қағаз жеткізгіште келіп түскен күннен бастап он жұмыс күні ішінде осындай өтінішке тиісті белгі қою арқылы жүргізеді.

      Осы баптың 4-тармағына сәйкес ұсынылған өтініштер бойынша қосылған құн салығын төлеу фактісін растауды салық органы өтініш электрондық нысанда келіп түскен күннен бастап үш жұмыс күні ішінде салық төлеушіге жанама салықтарды төлеу фактісін растау туралы электрондық нысанда хабарлама жіберу арқылы жүргізеді.

      8. Қағаз жеткізгіште және электрондық нысанда ұсынылған өтініштер бойынша қосылған құн салығын төлеу фактісін растаудан бас тартуды салық органы өтініш қағаз жеткізгіште келіп түскен күннен бастап он жұмыс күні ішінде салық төлеушіге қағаз жеткізгіште уәжді бас тартуды жіберу арқылы жүргізеді.

      Осы баптың 4-тармағына сәйкес ұсынылған өтініштер бойынша қосылған құн салығын төлеу фактісін растаудан бас тартуды салық органы өтініш электрондық нысанда келіп түскен күннен бастап үш жұмыс күні ішінде салық төлеушіге электрондық нысанда уәжді бас тартуды жіберу арқылы жүргізеді.

      9. Осы баптың 9-тармағында көрсетілген жағдайларда, салық төлеуші салық органына уәжді бас тартуды алған күннен бастап күнтізбелік он бес күн ішінде бұзушылықтарды жоя отырып, тауарларды әкелу және жанама салықтарды төлеу туралы өтінішті ұсынуға міндетті.

      10. Осы Кодекстің 444-бабының 8-тармағына сәйкес импортталған тауарлардың бағасы ұлғайту жағына өзгертілген жағдайда, тауарларды әкелу және жанама салықтарды төлеу туралы өтініш қағаз жеткізгіште және электрондық нысанда шартқа (келісімшартқа) қатысушылар импортталған тауарлар бағасын өзгерткен айдан кейінгі айдың 20-күнінен кешіктірілмей ұсынылады.

      Бұл ретте тауарларды әкелу және жанама салықтарды төлеу туралы өтініште сатып алынған импортталған тауарлардың өзгертілген құны көрсетіледі.

      Бағаны өзгерту туралы шарт (келісімшарт), салық салынатын импорт және қосылған құн салығы бойынша өзгертілген мән қамтылған қосымша шот-фактура (егер шот-фактураны ұсыну (жазып беру) Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттің заңнамасында көзделсе) және (немесе) импортталған тауарлар бағасының өзгергенін растайтын өзге де құжат импортталған тауарлар бағасының ұлғайғанын растайтын құжаттар болып табылады.";

      175) 457-бапта:

      1-тармақ алып тасталсын;

      3-тармақтың бірінші бөлігінде "сексен күн ішінде электрондық нысанда келіп түспеген кезде" деген сөздерден кейін "осы Кодекстің 367-бабы 1-тармағының 1) тармақшасында көрсетілген" деген сөздермен толықтырылсын;

      176) 458-бап мынадай редакцияда жазылсын:

      "458-бап. Еуразиялық экономикалық одақта тауарлардың импорты кезінде тауарларды әкелу және жанама салықтарды төлеу туралы өтінішті кері қайтарып алу

      1. Осы баптың 2-тармағының 2), 4) және 5) тармақтарын қоспағанда, тауарларды әкелу және жанама салықтарды төлеу туралы өтініш салық төлеушінің орналасқан (тұрғылықты) жері бойынша салық органына ұсынылған салық төлеушінің салықтық есептілікті кері қайтарып алу туралы салықтық өтініші негізінде салық органдарынан кері қайтарылуға жатады.

      2. Тауарларды әкелу және жанама салықтарды төлеу туралы өтінішті кері қайтарып алу:

      1) тауарларды әкелу және жанама салықтарды төлеу туралы өтініш қате ұсынылған;

      2) осы Кодекстің 459-бабының 2-тармағында көзделген жағдайда тауарларды әкелу және жанама салықтарды төлеу туралы өтінішке өзгерістер мен толықтырулар енгізілген;

      3) осы Кодекстің 459-бабының 3-тармағында көзделген;

      4) салық органы тауар импортының болмауы фактісін анықтаған;

      5) осы Кодекстің 459-бабының 2-тармағында көзделген жағдайларды қоспағанда, тауарларды әкелу және жанама салықтарды төлеу туралы өтінішке өзгерістер мен толықтырулар енгізілген жағдайларда жүргізіледі.

      3. Тауарларды әкелу және жанама салықтарды төлеу туралы өтінішті кері қайтарып алу мынадай әдістердің бірімен:

      1) қате ұсынылған немесе тиісті сапада және (немесе) жинақта болмауы себебінен, сондай-ақ салық органы тауар импортының болмауы фактісін анықтаған кезде толық көлемде қайтарылған импортталған тауарлар бойынша ұсынылған тауарларды әкелу және жанама салықтарды төлеу туралы өтініштер бойынша қолданылатын салықтық есептілікті қабылдау және өңдеу жүйесінің орталық торабынан алып тастау әдісімен жүргізіледі.

      Осы тармақшаның мақсатында тауарларды әкелу және жанама салықтарды төлеу туралы өтініш, егер мұндай өтінішті ұсыну жөніндегі міндет осы Кодексте көзделмеген жағдайда, қате ұсынылған болып есептеледі;

      2) тауарларды әкелу және жанама салықтарды төлеу туралы өтінішке өзгерістер мен толықтырулар енгізуді салық төлеуші бір мезгілде жаңа өтінішті ұсына отырып, бұрын ұсынылған өтінішті кері қайтарып алу арқылы жүргізетін ауыстыру әдісімен жүргізіледі.

      Осы тармақтың 2) және 3) тармақшаларының мақсаттарында тауарларды әкелу және жанама салықтарды төлеу туралы өтінішті ауыстыру немесе салық төлеушінің жеке шоттарында өзгерту әдісімен кері қайтарып алу кезінде тіркеу есебіне қойылған жері бойынша салық органы мәлімделген өзгерістерді және (немесе) толықтыруларды ескере отырып, тауарларды әкелу және жанама салықтарды төлеу туралы өтініш бойынша деректерді жеке шотта кейіннен көрсетіп, тауарларды әкелу және жанама салықтарды төлеу туралы кері қайтарып алынатын өтініште көрсетілген сомаларға түзетпе жасауды жүзеге асырады.

      3) тауарларды әкелу және жанама салықтарды төлеу туралы өтінішті орналаспаған жері (тұрғылықты жерінде орналаспаған) бойынша салық органына жіберген жағдайда өзгерту әдісімен жүргізіледі.

      Тауарларды әкелу және жанама салықтарды төлеу туралы өтінішті кері қайтарып алу осы Кодекстің 210-бабының 1-тармағының 1) тармақшасына сәйкес өзгерту әдісімен жүргізіледі.

      4. Салық төлеушінің тауарларды әкелу және жанама салықтарды төлеу туралы өтінішке:

      1) тексерiлетiн салық кезеңi – қосылған құн салығы және салықтық тексеру жүргiзуге арналған нұсқамада көрсетiлген акциздер бойынша кешендi тексерулер мен тақырыптық тексерулер жүргiзу кезеңiнде;

      2) шағым жасалатын салық кезеңi – қосылған құн салығы және салық төлеушінің шағымында көрсетілген акциздер бойынша шағым берудiң қалпына келтiрiлген мерзiмiн ескере отырып, тексеру нәтижелері туралы хабарламаға шағым беру және оны қарау мерзiмi кезеңiнде өзгерістер мен толықтырулар енгізуіне жол берiлмейдi.

      5. Тауарларды әкелу және жанама салықтарды төлеу туралы өтінішті кері қайтарып алу тәртібін уәкілетті орган айқындайды.";

      177) 459-баптың 1, 2 және 3-тармақтары мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің аумағынан Қазақстан Республикасының аумағына импортталған тауарлардың тиісті сапада және (немесе) жинақта болмауы себебінен осындай тауарларды әкелінген ай өткенге дейін ішінара және (немесе) толық қайтару жүзеге асырылған жағдайда, осындай тауарлар жөніндегі мәліметтер тауарларды әкелу және жанама салықтарды төлеу туралы өтініште көрсетілмейді.

      2. Тауарлар тиісті сапада және (немесе) жинақта болмауы себебінен осындай тауарлар әкелінген ай өткеннен кейін ішінара қайтарылған кезде осындай тауарлар жөніндегі мәліметтер кері қайтарып алынған өтініштің орнына ұсынылған тауарларды әкелу және жанама салықтарды төлеу туралы өтініште көрсетілуге тиіс.

      3. Тауарлар тиісті сапада және (немесе) жинақта болмауы себебінен осындай тауарлар әкелінген ай өткеннен кейін толық қайтарылған кезде осындай тауарлар бойынша ұсынылған тауарларды әкелу және жанама салықтарды төлеу туралы өтініш осы Кодекстің 458-бабы 3-тармағының 1) тармақшасына сәйкес алып тастау әдісімен кері қайтарып алынады.";

      178) 462-бапта:

      5) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "5) бензин (авиациялық бензинді қоспағанда), дизель отыны, газохол, бензанол, нефраст, жеңіл көмірсулар қоспалары, экологиялық отын;";

      мынадай мазмұндағы 9) тармақшамен толықтырылсын:

      "9) құрамында никотині бар өнім (темекісіз никотинді снюс).";

      179) 463-бапта:

      мынадай мазмұндағы 1-2-тармақпен толықтырылсын:

      "1-2. Аралас салықтық мөлшерлемелері (қатты (ерекше) және адвалорлық (пайызбен) салықтық мөлшерлемелерінің) белгіленген акцизделетін тауарлар бойынша акциз сомасы қатты (ерекше) салықтық мөлшерлемесінің және заттай түрде өткізілген (берілген, әкелінетін) акцизделетін тауарлардың көлемінің туындысы ретінде және адвалорлық (пайызбен) салықтық мөлшерлемеге сәйкес келетін осындай тауарлардың ең жоғары бөлшек бағасының пайыздық үлесі ретінде есептелген акциз сомаларын қосу нәтижесінде алынған сома ретінде есептеледі.";

      4-тармақта:

      1) тармақшада

      кестенің 3, 12, 18, 21 және 22-жолдары мынадай редакцияда жазылсын:

      "

3.

2208-ден

Денатуратталмаған этил спирті, спирт тұнбалары және 80 көлемдік пайыздан төмен спирт концентрациясы бар өзге де спиртті ішімдіктер (алкоголь өнімін, емдік және фармацевтикалық препараттарды өндіру үшін өткізілетін немесе пайдаланылатын, белгіленген квоталар шегінде мемлекеттік медициналық мекемелерге берілетін денатуратталмаған этил спиртінен басқа)

2550 теңге/литр 100% спирт

      ";

      "

12.

220300

Сыра және сыра сусыны

90 теңге/литр

      ";

      "

18.

2403-тен

Құрамында никотині бар фармацевтикалық өнімді қоспағанда, тұтыну ыдысына қапталған және түпкілікті тұтынуға арналған түтіктік, шегетін, шайнайтын, соратын, иіскейтін, қорқорлы және өзге де темекі

10 560 теңге/
килограмм

      ";

      "

21.

2403

Қыздырылатын темекісі бар бұйымдар (қыздырылатын темекі таяқшасы, темекісі бар қыздырылатын капсула және өзгелер)

11 750 теңге/1 кг
темекі қоспасы

22.

3824

Электрондық сигареттерде пайдалануға арналған картридждердегі, резервуарлардағы және басқа да контейнерлердегі құрамында никотин бар сұйықтық

8 теңге/ сұйықтық миллилитрі

      ";

      мынадай мазмұндағы 23-жолмен толықтырылсын:

      "

23

2403-ден

Құрамында никотині бар бұйым (темекісіз никотинді снюс)

10 560 теңге/1 кг қоспасы

      ";

      мынадай мазмұндағы 3) және 4) тармақшалармен толықтырылсын:

      "3) осы тармақтың 7), 8) және 9) тармақшаларында көрсетілген акцизделетін тауар бойынша, егер олардың құны 1 литр үшін 20 АЕК-ден асатын болса, құнының 10 % мөлшерінде қосымша акциз есептеледі;

      4) осы тармақтың 14), 15), 16), 17) тармақшаларында көрсетілген акцизделетін тауар бойынша, егер олардың құны 1 дана үшін 0,5 АЕК-ден асатын болса, құнының 10 % мөлшерінде қосымша акциз есептеледі.";

      180) 464-баптың 1-тармағының 2) және 3) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:

      "2) бензинді (авиациялық бензиндi қоспағанда), дизель отынын, газохолды, бензанолды, нефрасты, жеңіл көмірсулар қоспалары және экологиялық отынды көтерме саудада өткiзу;

      3) бензинді (авиациялық бензиндi қоспағанда), дизель отынын, газохолды, бензанолды, нефрасты, жеңіл көмірсулар қоспалары және экологиялық отынды бөлшек саудада өткiзу;";

      181) 465-баптың 7-тармағындағы "халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына және" деген сөздерден кейін "(немесе)" деген сөзбен толықтырылсын;

      182) 466-бапта:

      екінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:

      "Алыс-беріс шикізатын қайта өңдеу өнімі болып табылатын бензин (авиациялық бензинді қоспағанда), дизель отыны, газохол, бензанол, нефрас, жеңіл көмірсулар қоспалары және экологиялық отын бойынша салықтық база берілген акцизделетін тауарлардың заттай түрдегі көлемі (саны) ретінде айқындалады.";

      мынадай мазмұндағы бөлікпен толықтырылсын:

      "Әртүрлі салықтық мөлшерлемелер белгіленген акцизделетін тауарларға қатысты салықтық база әрбір салықтық мөлшерлемеге қатысты айқындалады.";

      183) 470-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "470-бап. Қазақстан Республикасының аумағында жүзеге асырылатын бензинді (авиациялық бензиндi қоспағанда), дизель отынын, газохолды, бензанолды, нефрасты, жеңіл көмірсулар қоспаларын және экологиялық отынды көтерме және бөлшек саудада өткiзуге жатқызу өлшемшарттары

      1. Егер сатып алу-сату (айырбастау) шарты бойынша сатып алушы бензинді (авиациялық бензинді қоспағанда), дизель отынын, газохолды, бензанолды, нефрасты, жеңіл көмірсулар қоспаларын және экологиялық отынды қабылдауға және оларды одан әрi өткiзу үшiн, осы сатып алу-сату (айырбастау) шарты бойынша:

      1) бензинді (авиациялық бензиндi қоспағанда), дизель отынын, газохолды, бензанолды, нефрасты, жеңіл көмірсулар қоспаларын және экологиялық отынды өндiрушi;

      2) өзіне меншік құқығында тиесілі алыс-беріс шикізатын оларды одан әрі өткізу мақсатында қайта өңдеу нәтижесінде бензин (авиациялық бензиндi қоспағанда), дизель отынын, газохолды, бензанолды, нефрасты, жеңіл көмірсулар қоспаларын және (немесе) экологиялық отынды алған мұнай беруші;

      3) осы Кодекстің 88-бабына сәйкес жекелеген қызмет түрлері бойынша тіркеу есебінде тұрған және Қазақстан Республикасының аумағына меншікті бензинін (авиациялық бензиндi қоспағанда), дизель отынын, газохолды, бензанолды, нефрасты, жеңіл көмірсулар қоспаларын және (немесе) экологиялық отынды одан әрi өткiзу мақсатында әкелуді жүзеге асырған салық төлеушi өнім берушілер болып табылады деген шартпен пайдалануға міндеттенсе, аталған акцизделетiн тауарларды өткiзу көтерме саудада өткiзу саласына жатқызылады.

      Көтерме саудада өткізу саласына бензинді (авиациялық бензинді қоспағанда), дизель отынын, газохолды, бензанолды, нефрасты, жеңіл көмірсулар қоспаларын және экологиялық отынды одан әрі өткізу үшін заңды тұлғаның құрылымдық бөлімшелеріне тиеп-жөнелту де жатады.

      2. Бензинді (авиациялық бензиндi қоспағанда), дизель отынын, газохолды, бензанолды, нефрасты, жеңіл көмірсулар қоспаларын және экологиялық отынды бөлшек саудада өткiзу саласына осы баптың 1-тармағында көрсетілген өнім берушілер жүзеге асыратын мынадай операциялар жатады:

      1) мұнай өнімдерін өндірушінің алыс-беріс шикізаты мен материалдарынан дайындалған бензинді (авиациялық бензинді қоспағанда), дизель отынын, газохолды, бензанолды, нефрасты, жеңіл көмірсулар қоспаларын және экологиялық отынды тұлғаларға олардың өндiрiстiк мұқтаждары үшiн өткiзуі, сондай-ақ беруі;

      2) бензинді (авиациялық бензиндi қоспағанда), дизель отынын, газохолды, бензанолды, нефрасты, жеңіл көмірсулар қоспаларын және экологиялық отынды жеке тұлғаларға өткiзу;

      3) өндiрiлген немесе одан әрi өткiзу үшiн сатып алынған бензинді (авиациялық бензиндi қоспағанда), дизель отынын, газохолды, бензанолды, нефрасты, жеңіл көмірсулар қоспаларын және экологиялық отынды өзiнiң өндiрiстiк мұқтаждарына пайдалану.";

      184) 473-баптың 2-тармағының бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "2. Арақ, айрықша арақ және этил спиртінің көлемдік үлесі он бес пайыздан жоғары басқа да алкоголь өнімін қоспағанда, осы Кодекстің 462-бабының 2) және 3) тармақшаларында көрсетілген акцизделетін тауар бойынша салықтық базаны, егер осындай акцизделетін тауар бойынша лицензияда көрсетілген өндірістің мекенжайынан өндіруші жүзеге асырған оның орын ауыстыруына байланысты бұрын акциз төленген жағдайда, акцизделетін тауарды өндіруші экспортқа өткізілген акцизделетін тауар көлеміне түзетеді.";

      185) 475-бапта:

      4-тармақта "акциз" деген сөзден кейін "(қосымша акцизді қоспағанда)" деген сөздермен толықтырылсын;

      мынадай мазмұндағы 4-1-тармақпен толықтырылсын:

      "4-1. Қосымша акциз есепті салық кезеңінен кейінгі айдың 20-күнінен кешіктірілмей бюджетке аударылуға жатады.";

      186) 478-баптың 4-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "4. Акцизделетін тауарларды Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің аумағынан Қазақстан Республикасының аумағына импорттайтын салық төлеушілер тауарларды әкелу және жанама салықтарды төлеу туралы өтінішті орналасқан (тұрғылықты) жері бойынша салық органына осы Кодекстің 456-бабының 2-тармағында белгіленген нысан бойынша және тәртіппен, импортталған акцизделетін тауарларды есепке қабылдаған айдан кейінгі айдың 20-күнінен кешіктірілмейтін мерзімде ұсынуға міндетті. Осындай тауарларды әкелу және жанама салықтарды төлеу туралы өтінішпен бір мезгілде осы Кодекстің 456-бабының 2-тармағында көзделген құжаттар ұсынылады.";

      187) 479-бап мынадай мазмұндағы бөлікпен толықтырылсын:

      "Әртүрлі салықтық мөлшерлемелер белгіленген акцизделетін тауарларға қатысты салықтық база әрбір салықтық мөлшерлемеге қатысты айқындалады.";

      188) 480-бапта:

      1-тармақ мынадай мазмұндағы бөлікпен толықтырылсын:

      "Еуразиялық экономикалық одаққа мүше болып табылмайтын мемлекеттердің аумағынан импортталатын, таңбаланатын акцизделетін тауарларға қосымша акциз кедендік төлемдер төленген күні бюджетке аударылуға жатады.";

      3-тармақ мынадай мазмұндағы бөлікпен толықтырылсын:

      "Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің аумағынан импортталған таңбаланатын акцизделетін тауарлар бойынша қосымша акциздер импортталған акцизделетін тауарлар есепке алынған айдан кейінгі айдың 20-күнінен кешіктірілмей төленеді.";

      4-тармақта "акциздер мөлшерлемелері бойынша акциз" деген сөздерден кейін "(оның ішінде қосымша акциздер)" деген сөздермен толықтырылсын;

      189) 484-бапта:

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Төлеушілердің өздерін қоса алғанда, жұмыскерлердің саны оңайлатылған декларация негізінде арнаулы салық режимін қолданатын дара кәсіпкерлерді қоспағанда, жеке практикамен айналысатын адамдар және дара кәсіпкерлер үшін салық салу объектісі болып табылады.";

      2-тармақтың 1) тармақшасындағы "20)," деген цифрдан кейін "22)," деген цифрмен толықтырылсын;

      3-тармақтың 4) тармақшасында "1-тармағының" деген сөздер алып тасталсын;

      190) 485-баптың 3-тармағындағы "61" деген цифр "77" деген цифрмен ауыстырылсын;

      191) 486-бапта:

      1-тармақтағы "Бюджетке төлеуге жататын" деген сөздер алып тасталсын;

      5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "5. Мемлекеттік орган немесе жергілікті атқарушы орган өз шешімімен өздерінің құрылымдық бөлімшелерінің және (немесе) аумақтық органдарының мыналар:

      құрылымдық бөлімшелердің және (немесе) осындай мемлекеттік органға немесе жергілікті атқарушы органға ведомстволық бағынысты аумақтық органдардың шығыстары болып табылатын салық салу объектілері бойынша әлеуметтік салықты есептеу мен төлеу;

      құрылымдық бөлімшелердің және (немесе) осындай мемлекеттік органға немесе жергілікті атқарушы органға ведомстволық бағынысты аумақтық органдардың жұмыскерлеріне есепке жатқызылған, төленген төлем көзінен салық салуға жататын кірістер бойынша жеке табыс салығын есептеу, ұстап қалу және аудару бойынша міндеттерді бір мезгілде орындауын тануға құқылы.";

      192) 493-баптың 9-тармағындағы "1 наурызынан" деген сөздер "1 мамырынан" деген сөздермен ауыстырылсын;

      193) 494-баптың 3-тармағының бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "3. Егер осы бапта өзгеше белгіленбесе, есепті салықтық кезеңнен кейінгі жылдың 1 сәуірінен кешіктірілмейтін күн жеке тұлғалар үшін бюджетке салық төлеу мерзімі болып табылады.";

      194) 498-бапта:

      3-тармақта 4), 5), 6) тармақшалар және екінші бөлік алып тасталсын;

      4-тармақта "3) - 7)" деген сандар "3), 7)" деген цифрлармен ауыстырылсын;

      195) 499-баптың 2-тармағы алып тасталсын;

      196) 504-бап алып тасталсын;

      197) 505-бап мынадай мынадай редакцияда жазылсын:

      "505-бап. Елді мекендердің жеріне арналған базалық салықтық мөлшерлемелер

      1. Елді мекендердің жеріне арналған базалық салықтық мөлшерлемелер алаңның бір шаршы метріне есептегенде мынадай мөлшерде белгіленеді:


Р/с

Елді мекеннің санаты

Тұрғын үй қоры, оның ішінде оның жанындағы құрылыстар мен құрылысжайлар алып жатқан жерді қоспағанда, елді мекендердің жеріне арналған базалық салықтық мөлшерлемелер (теңге)

1

2

3


Қалалар:


1.

Алматы

28,95

2.

Шымкент

9,17

3.

Нұр-Сұлтан

19,30

4.

Ақтау

9,65

5.

Ақтөбе

6,75

6.

Атырау

8,20

7.

Көкшетау

5,79

8.

Қарағанды

9,65

9.

Қостанай

6,27

10.

Қызылорда

8,68

11.

Орал

5,79

12.

Өскемен

9,65

13.

Павлодар

9,65

14.

Петропавл

5,79

15.

Талдықорған

9,17

16.

Тараз

9,17

17.

Түркістан

7,79

18.

Алматы облысы:


19.

облыстық маңызы бар қалалар

6,75

20.

аудандық маңызы бар қалалар

5,79

21.

Ақмола облысы:


22.

облыстық маңызы бар қалалар

5,79

23.

аудандық маңызы бар қалалар

5,02

24.

Облыстық маңызы бар қалған қалалар

облыс орталығы үшін белгіленген мөлшерлеменің 85 пайызы

25.

Аудандық маңызы бар қалған қалалар

облыс орталығы үшін белгіленген мөлшерлеменің 75 пайызы

26.

Кенттер

0,96

27.

Ауылдар

0,48

      Бұл ретте елді мекендердің санаттары техникалық реттеу саласындағы мемлекеттік реттеуді жүзеге асыратын уәкілетті мемлекеттік орган бекіткен әкімшілік-аумақтық объектілер сыныптауышына сәйкес белгіленеді.";

      198) 509-бапта:

      4-тармақта:

      бірінші бөлігіндегі "23-26" деген цифрлар "24-27" деген цифрлармен ауыстырылсын:

      мынадай мазмұндағы үшінші бөлікпен толықтырылсын:

      "Осы тармақтың ережелері Қазақстан Республикасының Үкіметі жалғыз акционері болып табылатын екінші деңгейдегі банктердің кредиттік портфельдерінің сапасын жақсартуға маманданатын ұйымға және оның еншілес компанияларына қолданылмайды.".

      5-тармақта:

      бірінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:

      "5. Қазақстан Республикасының жер заңнамасына сәйкес пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелері бойынша осы Кодекстің 503-бабында белгіленген жер салығының базалық мөлшерлемелері жерді пайдалану мен қорғауды бақылау жөніндегі уәкілетті орган меншік иесіне немесе жер пайдаланушыға жер учаскесін мақсаты бойынша пайдалану және (немесе) Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзушылықты жою қажеттігі туралы жазбаша ескертуді табыс еткен күннен бастап он есеге ұлғайтылады.";

      мынадай мазмұндағы үшінші бөлікпен толықтырылсын:

      "Осы тармақтың ережелері Қазақстан Республикасының Үкіметі жалғыз акционері болып табылатын, екінші деңгейдегі банктердің кредиттік портфельдерінің сапасын жақсартуға маманданатын ұйымға және оның еншілес компанияларына қолданылмайды.".

      мынадай мазмұндағы 7-тармақпен толықтырылсын:

      "7. Осы Кодекстің 509-бабының 4 және 5-тармақтарында көрсетілген жер учаскелері бойынша салық төлеушіге есепке алынған жер салығының сомасы туралы хабарлама жіберу арқылы, уәкілетті органның мәліметінде көрсетілген жер учаскесінің ауданы мен бекітілген жер салығының мөлшерлемесіне сәйкес жер салығы салық органдарымен есептеледі.";

      199) 510-бапта:

      1-тармақтың бірінші абзацындағы "504, 505 және 506" деген цифрлар "505, 506" деген цифрлармен ауыстырылсын;

      4-тармақта "3-тармағы 4) және 6) тармақшаларының" деген сөздер мен цифрлар "3-тармағы 4), 6) және 7) тармақшаларының" деген сөздермен және цифрлармен ауыстырылсын;

      200) 514-бап алып тасталсын;

      201) 519-баптың 1-тармағының 1), 2) және 5) тармақшаларында "халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына және" деген сөздерден кейін "(немесе)" деген сөзбен толықтырылсын;

      202) 520-бапта:

      1-тармақтағы "осы Кодекстің 519-бабы 1-тармағының 1), 3) және 4) тармақшаларында көрсетілген" деген сөздер мен цифрлар "осы Кодекстің 519-бабы 1-тармағының 1), 3), 4) және 5) тармақшаларында көрсетілген" деген сөздермен және цифрлармен ауыстырылсын;

      2, 3 және 4-тармақтардағы "халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына және" деген сөздерден кейін "(немесе)" деген сөзбен толықтырылсын;

      203) 521-баптың 4-тармағының 2) тармақшасындағы "3-тармағында айқындалған заңды тұлғаларды қоспағанда, осы баптың 1-тармағында белгіленген салық мөлшерлемесі бойынша мүлік салығын есептейді және төлейді." деген сөздер "3-тармағында;" деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 3) тармақшамен толықтырылсын:

      "3) осы Кодекстің 293-бабы 1-тармағының 3) тармақшасында айқындалған заңды тұлғаларды қоспағанда, осы баптың 1-тармағында белгіленген салықтық мөлшерлеме бойынша мүлік салығын есептейді және төлейді.";

      204) 522-баптың 6-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "Ағымдағы төлемдердің мөлшері салықтық кезеңнің басында бухгалтерлік есеп деректері бойынша айқындалған салық салу объектілерінің баланстық құнына тиісті салықтық мөлшерлемелерді қолдану арқылы айқындалады.";

      205) 526-бапта:

      2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "2. Мыналар жеке тұлғалардың мүлiк салығын төлеушiлер болып табылмайды:

      1) Кеңес Одағының батырлары, Социалистiк Еңбек ерлерi, "Халық қаhарманы", "Қазақстанның Еңбек Ері" атақтарына ие болған, үш дәрежелi Даңқ орденiмен және "Отан" орденiмен наградталған адамдар, осы Кодекстің 528-бабының 1-тармағында көрсетілген барлық салық салу объектiсінiң жалпы құнынан республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және тиісті қаржы жылының 1 қаңтарында қолданыста болатын айлық есептік көрсеткiштің
1000 еселенген мөлшері шегiнде;

      2) Ұлы Отан соғысына қатысушылар мен мүгедектер және жеңілдіктер мен кепілдіктер бойынша оларға теңестірілген адамдар, Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы қажырлы еңбегі мен мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы КСР Одағының ордендерімен және медальдарымен наградталған адамдар, сондай-ақ 1941 жылғы 22 маусым – 1945 жылғы 9 мамыр аралығында кемінде алты ай жұмыс істеген (қызмет өткерген) және Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы қажырлы еңбегі мен мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы КСР Одағының ордендерімен және медальдарымен наградталмаған адамдар, мүгедектер:

      тұрғын үй қоры, оның ішінде оның жанындағы құрылыстар мен құрылысжайлар орналасқан жер учаскелері бойынша;

      үй жанындағы жер учаскелері бойынша;

      жеке үй (қосалқы) шаруашылығын жүргізу, бағбандық және саяжай құрылысы үшін берілген жер учаскелері бойынша;

      гараждарға орналасқан жер учаскелері бойынша;

      осы Кодекстің 528-бабының 1) тармақшасында көрсетілген барлық салық салу объектілерінің жалпы құнынан республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және тиісті қаржы жылының 1 қаңтарында қолданыста болған айлық есептік көрсеткіштің 1500 еселенген мөлшері шегінде;

      3) жетім балалар және 18 жасқа толғанға дейінгі кезеңге ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға:

      тұрғын үй қоры, оның ішінде оның жанындағы құрылыстар мен құрылысжайлар орналасқан жер учаскелері бойынша;

      үй жанындағы жер учаскелері бойынша;

      жеке үй (қосалқы) шаруашылығын жүргізу, бағбандық және саяжай құрылысы үшін берілген жер учаскелері бойынша;

      гараждарға орналасқан жер учаскелері бойынша;

      осы Кодекстің 528-бабының 1 тармағында көзделген салық салу объектiлер бойынша;

      4) бала жасынан мүгедек баланың, мүгедек баланың ата-анасының бірі:

      тұрғын үй қоры, оның ішінде оның жанындағы құрылыстар мен ғимараттар орналасқан жер учаскелері бойынша;

      үй жанындағы жер учаскелері бойынша;

      жеке үй (қосалқы) шаруашылығын жүргізу, бағбандық және саяжай құрылысы үшін берілген жер учаскелері бойынша;

      гараждарға орналасқан жер учаскелері бойынша;

      5) "Батыр ана" атағына ие болған, "Алтын алқа" алқасымен наградталған көп балалы аналар, бөлек тұратын зейнеткерлер:

      тұрғын үй қоры, оның ішінде оның жанындағы құрылыстар мен құрылысжайлар орналасқан жер учаскелері бойынша;

      үй жанындағы жер учаскелері бойынша;

      осы Кодекстің 528-бабы 1-тармағында көрсетілген меншiк құқығындағы барлық салық салу объектiсінiң жалпы құнынан республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және тиісті қаржы жылының 1 қаңтарында қолданыста болатын айлық есептік көрсеткiштің 1000 еселенген мөлшері шегiнде.

      Осы Кодекстің мақсаттары үшін бөлек тұратын зейнеткерлер деп заңды мекенжайы олардың тұрғылықты мекенжайы бойынша тек зейнеткерлер тіркелген зейнеткерлер түсініледі;

      6) салықтық база осы Кодекстің 529-бабына сәйкес айқындалатын және салықты салық органдары осы Кодекстің 532-бабына сәйкес есептейтін тұрғынжайларды және басқа да объектілерді қоспағанда, кәсiпкерлiк қызметте пайдаланылатын салық салу объектiлері бойынша дара кәсiпкерлерге:

      7) жеке тұлғалар - пәтер (бөлме) иелері, көп пәтерлі тұрғын үй орналасқан жер учаскесіндегі пәтер (бөлме) иесінің үлесі бойынша.";

      3-тармақтағы "2) - 3)" деген цифрлар "1) - 5)" деген цифрлармен ауыстырылсын;

      206) 527-бап мынадай мазмұндағы 4-тармақпен толықтырылсын:

      "4. Жер учаскесіне сәйкестендіру құжаттары болмаған жағдайда пайдаланушыны жер учаскесіне қатысты салықты төлеуші деп тану үшін:

      1) жер учаскесі мемлекеттік меншіктен берілген кезде – мемлекеттік органдардың жер учаскесін беру туралы актілері;

      2) қалған жағдайларда – азаматтық-құқықтық мәмілелер негізінде немесе Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де негіздерде осындай учаскені іс жүзінде иелену және пайдалану негіз болып табылады.";

      207) 528-бап мынадай редакцияда жазылсын:

      "528-бап. Салық салу объектісі

      Жеке тұлғаларға меншік құқығында тиесілі Қазақстан Республикасының аумағындағы:

      1) меншік құқығында тиесілі тұрғынжайлар үйлер, саяжай құрылыстары, гараждар және өзге де ғимараттар, құрылыстар, үй-жайлар;

      2) жеке тұлғаларға меншік құқығында тиесілі жер учаскелері жеке тұлғаларға мүлік салығын салу объектісі болып табылады.";

      208) 529-бапта:

      6-тармақтағы "уәкілетті органмен келісу бойынша" деген сөздер алып тасталсын;

      мынадай мазмұндағы 10-тармақпен толықтырылсын:

      "10. Осы Кодекстің 528-бабының 2) және 3) тармақшаларында көрсетілген жер учаскелері бойынша жер учаскесінің және (немесе) жер үлесінің алаңы салық базасы болып табылады.";

      209) 530-бап мынадай редакцияда жазылсын:

      "530-бап. Жекелеген жағдайларда салықты есептеу және төлеу

      Жеке тұлға, оның ішінде жеке практикамен айналысатын адам кәсіпкерлік қызметте (жеке практикаға байланысты қызметте) пайдаланылатын (пайдалануға жататын) салық салу объектілері бойынша мүлік салығын есептейді және төлейді және шағын бизнес субъектілері үшін арнаулы салық режимін қолданатын дара кәсіпкерлер үшін осы Кодекстің
64-тарауында және 62, 63 тарауларында айқындалған тәртіппен осы салық түрі бойынша салықтық есептілік ұсынады.

      Осы Кодекстің 528-бабының 1) тармағында көзделген салық салу объектілері бойынша салықтық база осы Кодекстің 520-бабының 6-тармағына сәйкес айқындалады.

      Бұл ретте осы тараудың мақсаттары үшін мұндай учаске:

      салықтық база осы Кодекстің 529-бабына сәйкес айқындалатын және салық есептеуді салық органдары жүргізетін тұрғын үй және басқа да объектілер алып жатқан;

      тұру мақсатында ғана жалға (пайдалануға) берілген және тұрғын үй қорынан шығарылмаған деген талаптар бір мезгілде сақталғанда жер учаскесі кәсіпкерлік қызметте пайдаланылатын (пайдалануға жататын) жер учаскесі деп танылмайды.";

      210) 531-бап мынадай редакцияда жазылсын:

      "531-бап. Салықтық мөлшерлемелер

      1. Салықтық база осы Кодекстiң 529-бабына сәйкес айқындалатын жеке тұлғалардың мүлiк салығы салық салу объектiлерiнiң құнына қарай, мынадай мөлшерлемелер бойынша есептеледi:


1

2

3

1.

2 000 000 теңгеге дейін қоса алғанда

салық салу объектілері құнының 0,05 пайызы

2.

2 000 000 теңгеден жоғары
4 000 000 теңгеге дейін қоса алғанда

1 000 теңге + 2 000 000 теңгеден асатын сомадан 0,08 пайыз

3.

4 000 000 теңгеден жоғары
6 000 000 теңгеге дейін қоса алғанда

2 600 теңге + 4 000 000 теңгеден асатын сомадан 0,1 пайыз

4.

6 000 000 теңгеден жоғары
8 000 000 теңгеге дейін қоса алғанда

4 600 теңге + 6 000 000 теңгеден асатын сомадан 0,15 пайыз

5.

8 000 000 теңгеден жоғары
10 000 000 теңгеге дейін қоса алғанда

7 600 теңге + 8 000 000 теңгеден асатын сомадан 0,2 пайыз

6.

10 000 000 теңгеден жоғары
12 000 000 теңгеге дейін қоса алғанда

11 600 теңге + 10 000 000 теңгеден асатын сомадан 0,25 пайыз

7.

12 000 000 теңгеден жоғары
14 000 000 теңгеге дейін қоса алғанда

16 600 теңге + 12 000 000 теңгеден асатын сомадан 0,3 пайыз

8.

14 000 000 теңгеден жоғары
16 000 000 теңгеге дейін қоса алғанда

22 600 теңге + 14 000 000 теңгеден асатын сомадан 0,35 пайыз

9.

16 000 000 теңгеден жоғары
18 000 000 теңгеге дейін қоса алғанда

29 600 теңге + 16 000 000 теңгеден асатын сомадан 0,4 пайыз

10.

18 000 000 теңгеден жоғары
20 000 000 теңгеге дейін қоса алғанда

37 600 теңге + 18 000 000 теңгеден асатын сомадан 0,45 пайыз

11.

20 000 000 теңгеден жоғары
75 000 000 теңгеге дейін қоса алғанда

46 600 теңге + 20 000 000 теңгеден асатын сомадан 0,5 пайыз

12.

75 000 000 теңгеден жоғары
100 000 000 теңгеге дейін қоса алғанда

321 600 теңге + 75 000 000 теңгеден асатын сомадан 0,6 пайыз

13.

100 000 000 теңгеден жоғары 150 000 000 теңгеге дейін қоса алғанда

471 600 теңге + 100 000 000 теңгеден асатын сомадан 0,65 пайыз

14.

150 000 000 теңгеден жоғары 350 000 000 теңгеге дейін қоса алғанда

796 600 теңге + 150 000 000 теңгеден асатын сомадан 0,7 пайыз

15.

350 000 000 теңгеден жоғары 450 000 000 теңгеге дейін қоса алғанда

2 196 600 теңге + 350 000 000 теңгеден асатын сомадан 0,75 пайыз

16.

450 000 000 теңгеден жоғары

2 946 600 теңге + 450 000 000 теңгеден асатын сомадан 2 пайыз

      2. Тұрғын үй қоры, оның ішінде оның жанындағы құрылыстар мен құрылысжайлар (үй маңындағы учаскелерді қоспағанда) орналасқан жерге салынатын базалық салықтық мөлшерлемелер ауданның бір шаршы метріне есептегенде мынадай мөлшерде белгіленеді:


Р/с

Елді мекеннің санаты

Тұрғын үй қоры, оның ішінде оның маңындағы құрылыстар мен құрылысжайлар орналасқан жерге арналған базалық салықтық мөлшерлемелер (теңге)

1

2

4


Қалалар:


1.

Алматы

0,96

2.

Шымкент

0,58

3.

Нұр-Сұлтан

0,96

4.

Ақтау

0,58

5.

Ақтөбе

0,58

6.

Атырау

0,58

7.

Көкшетау

0,58

8.

Қарағанды

0,58

9.

Қостанай

0,58

10.

Қызылорда

0,58

11.

Орал

0,58

12.

Өскемен

0,58

13.

Павлодар

0,58

14.

Петропавл

0,58

15.

Талдықорған

0,58

16.

Тараз

0,58

17.

Түркістан

0,39

18.

Алматы облысы:


19.

облыстық маңызы бар қалалар

0,39

20.

аудандық маңызы бар қалалар

0,39

21.

Ақмола облысы:


22.

облыстық маңызы бар қалалар

0,39

23.

аудандық маңызы бар қалалар

0,39

24.

Облыстық маңызы бар қалған қалалар

0,39

25.

Аудандық маңызы бар қалған қалалар

0,19

26.

Кенттер

0,13

27.

Ауылдар

0,09

      Бұл ретте елді мекендердің санаттары техникалық реттеу саласындағы мемлекеттік реттеуді жүзеге асыратын уәкілетті мемлекеттік орган бекіткен әкімшілік-аумақтық объектілер сыныптауышына сәйкес белгіленеді.

      3. Үй жанындағы жер учаскелері мынадай базалық салық мөлшерлемелері бойынша салық салынуға жатады:

      1) республикалық маңызы бар қалалар, астана және облыстық маңызы бар қалалар үшін:

      қоса алғанда 1000 шаршы метрге дейін алаңға – 1 шаршы метр үшін 0,20 теңге;

      1000 шаршы метрден асатын алаңға – 1 шаршы метр үшін 6,0 теңге.

      Жергілікті өкілетті органдардың шешімі бойынша 1000 шаршы метрден асатын жер учаскелеріне салық мөлшерлемелері 1 шаршы метр үшін 6,00 теңгеден 0,20 теңгеге дейін төмендетілуі мүмкін;

      2) қалған елді мекендер үшін:

      қоса алғанда 5000 шаршы метрге дейін алаңға – 1 шаршы метр үшін 0,20 теңге;

      5000 шаршы метрден асатын алаңға – 1 шаршы метр үшін 1,00 теңге.

      Жергілікті өкілетті органдардың шешімі бойынша 5000 шаршы метрден асатын жер учаскелеріне салық мөлшерлемелері 1 шаршы метр үшін 1,00 теңгеден 0,20 теңгеге дейін төмендетілуі мүмкін.

      4. Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерге, сондай-ақ тиісті құрылыстар салынған жерлерді қоса алғанда, жеке тұлғаларға өзіндік (қосалқы) үй шаруашылығын жүргізу, бағбандық және саяжай құрылысы үшін берілген елді мекендердің жерлеріне салынатын базалық салық мөлшерлемелері 0,01 гектар үшін 100 теңге мөлшерінде белгіленеді.

      5. Жергілікті өкілді органдардың Қазақстан Республикасының жер заңнамасына сәйкес жүргізілетін жерді аймақтарға бөлу жобалары (схемалары) негізінде тұрғын үй қоры, оның ішінде оның жанындағы құрылыстар мен ғимараттар алып жатқан жерлерге салынатын базалық салық мөлшерлемелерін жер салығының базалық мөлшерлемелерінің 50 пайызынан аспайтын мөлшерде төмендетуге немесе арттыруға құқығы бар.

      Бұл ретте жеке салық төлеушілер үшін мөлшерлемелерді жеке төмендетуге немесе жоғарылатуға тыйым салынады.

      Мөлшерлемелерді төмендету немесе жоғарылату туралы мұндай шешімді жергілікті өкілді орган, ол енгізілген жылдың алдындағы жылдың 1 желтоқсанынан кешіктірмей қабылдайды және ол қабылданған жылдан кейінгі жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізіледі.

      Жергілікті өкілді органның ставкаларды төмендету немесе жоғарылату туралы шешімі ресми жариялануға тиіс.";

      211) 532-бапта:

      мынадай мазмұндағы 1-1-тармақпен толықтырылсын:

      "1-1. Жеке тұлғалардың мүлік салығы салық кезеңі үшін осы Кодекстің 528-бабында көрсетілген әрбір салық салу объектісі үшін бөлек есептеледі және қорытынды цифрлары жинақталады.";

      5-тармақтағы "1), 2) және 3)" деген цифрлар "1) – 5" деген цифрлармен ауыстырылсын;

      мынадай мазмұндағы 9-тармақпен толықтырылсын:

      "9. Салық жылы ішінде елді мекенді қоныстың бір санатынан басқасына ауыстырған кезде осындай ауыстыру жүргізілген салықтық кезең үшін мүлік салығы осы елді мекен осындай ауыстыруға дейін жатқызылған елді мекен санаты үшін белгіленген мөлшерлемелер бойынша есептеледі.";

      212) 550-баптың 3-тармағында:

      бірінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:

      "3. Алымдар Қазақстан Республикасының заңнамасында айқындалған тәртіппен тиісті уәкілетті мемлекеттік органдар, салық органдары және азаматтық авиация саласындағы уәкілетті ұйым мынадай құжаттарды немесе олардың телнұсқаларын берген кезде алынады:";

      мынадай мазмұндағы 7) тармақшамен толықтырылсын:

      "7) Орталықтың инвестициялық резиденті болып табылатын шетелдік азаматтың немесе азаматтығы жоқ адамның резидент екендігін дәлелдейтін құжат.";

      213) 552-бап мынадай мазмұндағы 5-тармақпен толықтырылсын:

      "5. Орталықтың инвестициялық резиденті болып табылатын шетелдік азаматтың немесе азаматтығы жоқ адамның резидент екендігін дәлелдейтін құжатты бергені үшін алым Орталықтың орналасқан жері бойынша төленеді.";

      214) 554-бапта:

      4-тармақтың кестесінде:

      1.1, 1.2, 1.13, 1.14-жолдар алып тасталсын;

      1.81-жол мынадай редакцияда жазылсын:

      "

1.81

Астық қолхаттарын шығара отырып, қойма қызметі бойынша қызметтер көрсету

10

      ";

      мынадай мазмұндағы 1.81-1-жолмен толықтырылсын:

      "

1.81-1

Мақта қолхаттарын шығара отырып, қойма қызметі бойынша қызметтер көрсету

10

      ";

      мынадай мазмұндағы 4-1-тармақпен толықтырылсын:

      "4-1. Көмірсутектер саласындағы қызметтің жекелеген кіші түрлерімен айналысу құқығымен байланысты лицензия беру үшін лицензиялық алым мөлшерлемелері мыналарды құрайды:


Р/с

Лицензияланатын қызметтің кіші түрлері

Алым мөлшер-лемелері (АЕК)

1

2

3

1.

Қызметтің жекелеген кіші түрлерімен айналысу құқығы үшін лицензиялық алым мөлшерлемелері:
 


1.1

Көмірсутектерді барлау және өндіру кезіндегі кәсіпшілік зерттеулер

100

1.2

Көмірсутектерді барлау және өндіру кезіндегі сейсмикалық барлау жұмыстары

100

1.3

Көмірсутектерді барлау және өндіру кезіндегі геофизикалық жұмыстар

100

1.4

Көмірсутектерді барлау және өндіру кезіндегі ұңғымалардағы атқылау-жару жұмыстары

100

1.5

Көмірсутектерді барлау және өндіру кезінде құрлықтағы, теңіздегі және ішкі су айдындарындағы ұңғымаларды бұрғылау

100

1.6

Көмірсутектерді барлау және өндіру кезінде ұңғымаларды жерасты жөндеу, сынау, игеру, сынамалау, консервациялау, жою

100

1.7

Көмірсутектерді барлау және өндіру кезінде ұңғымаларды цементтеу

100

1.8

Көмірсутектерді барлау және өндіру кезінде мұнай қабаттарының мұнай беруін арттыру және ұңғымалардың өнімділігін ұлғайту

100

1.9

Теңіздегі көмірсутектердің кен орындарында төгілуін болғызбау және жою жөніндегі жұмыстар

100

1.10

Мұнай-газ-химия өндірістерін пайдалану

100

1.11

Көмірсутектер кен орындарына арналған базалық жобалау құжаттарын жасау және көмірсутектер кен орындарының әзірлемелерін талдау

100

1.12

Көмірсутектер кен орындарына арналған техникалық жобалау құжаттарын жасау

100

1.13

Магистральдық құбыржолдарды пайдалану

100

2

1.1-1.13-тармақтарда көрсетілген қызметтің кіші түрлеріне көрсетілген лицензияларға қайта ресімдеу мөлшерлемесі (лицензия алуға өтініш электронды түрде берілген кезде)

лицензия беру кезіндегі мөлшерлемеден 8%

3

Лицензияның телнұсқасын беру үшін алым мөлшерлемелері (лицензия алуға өтініш электронды түрде берілген кезде)

лицензия беру кезіндегі мөлшерлемеден 80%

      ";

      мынадай мазмұндағы 11-тармақпен толықтырылсын:

      "11. Орталықтың инвестициялық резиденті болып табылатын шетелдік азаматтың немесе азаматтығы жоқ адамның резидент екендігін дәлелдейтін құжатты бергені үшін алымның мөлшерлемесі 7000 АЕК құрайды.";

      215) мынадай мазмұндағы 558-1, 558-2, 558-3, 558-4-баптармен толықтырылсын:

      "558-1-бап. Жалпы ережелер

      Жыл сайынғы міндетті тіркелген төлемақы (бұдан әрі осы параграфтың мақсаттары үшін – төлемақы) "Астана" халықаралық қаржы орталығының инвестициялық резиденті салық органына осы Кодекстің 217-218-баптарында айқындалған тәртіппен салықтық өтінішті ұсынған жағдайда, "Астана" халықаралық қаржы орталығының инвестициялық салық резиденттілігінің бағдарламасына (бұдан әрі осы параграфтың мақсаттары үшін – инвестициялық салық резиденттілігінің бағдарламасы) сәйкес Қазақстан Республикасының аумағында инвестицияларды жүзеге асыру кезінде алынады.

      558-2-бап. Төлемақы төлеушілер

      Инвестициялық салық резиденттілігі бағдарламасына сәйкес Қазақстан Республикасының аумағында инвестицияларды жүзеге асырған және салық органына осы Кодекстің 217-218-баптарында айқындалған тәртіппен салықтық өтініш ұсынған "Астана" халықаралық қаржы орталығының инвестициялық резиденттері төлемақы төлеушілер болып табылады.

      558-3-бап. Төлемақы мөлшерлемелері

      Төлемақы мөлшерлемесі 7000 АЕК құрайды.

      558-4-бап. Есептеу және төлеу тәртібі

      1. Төлемақы сомасы инвестициялық салық резиденттілігі бағдарламасына сәйкес инвестициялардың жүзеге асырылғанын растайтын құжатты алған орны бойынша бюджетке төленеді.

      2. Төлемақы төлеушілер инвестициялық салық резиденттілігі бағдарламасына сәйкес Қазақстан Республикасының аумағында инвестицияларды жүзеге асырудың бірінші жылын инвестициялық салық резиденттілігі бағдарламасына сәйкес инвестицияларды жүзеге асырғанын растайтын құжатты алғаннан кейін үш ай ішінде төлемақы төлейді, кейінгі жылдары төлемақы төлеу алдыңғы төлемақы төленген күннен кейінгі 12 айдан кешіктірілмейтін мерзімде жүргізіледі.";

      216) 564-баптың 3-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "3. Уақытша өтеулі жер пайдалануға (жалға) алынған жер учаскелері бойынша төлемақы мөлшерi осы Кодекске сәйкес осындай жер учаскелерi бойынша есептелген жер салығы сомасының мөлшерінен төмен белгiленбейдi.

      Жеке тұлғалар бойынша осы Кодекстің 528-бабының 2) тармақшасында көрсетілген және уақытша өтеулі жер пайдалануға (жалға алуға) алынған жер учаскелері бойынша төлемақы мөлшері осы Кодекске сәйкес осындай жер учаскелері бойынша есептелген жеке тұлғалардың мүлкіне салынатын салық сомасының мөлшерінен төмен белгiленбейдi.";

      217) 595-баптың 2-тармағының кестесінде:

      7-жол мынадай редакцияда жазылсын:

      "

7.

Ұялы байланыс (қабылдауға енi 1 МГц/беруге 1 МГц жиiлiктер белдеуi үшiн)

облыс, республикалық маңызы бар қала және астана

285

      мынадай мазмұндағы 7.1-жолмен толықтырылсын:

7.1.

Бесінші буындағы мобильдік байланыс (қабылдауға енi 10 МГц/беруге 10 МГц радиожиiлiктер белдеуi үшiн)

облыс, республикалық маңызы бар қала және астана

0

      16-жол мынадай редакцияда жазылсын:

16.

Төртінші буындағы мобильдік байланыс (қабылдауға енi 2 МГц/беруге 2 МГц радиожиiлiктер белдеуi үшiн)

облыс, республикалық маңызы бар қала және астана

265

      ";

      218) 604-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Егер осы тармақта өзгеше белгіленбесе, сыртқы (көрнекі) жарнаманы орналастыратын тұлғалар төлемақы төлеушілер болып табылады.

      Сыртқы (көрнекі) жарнаманы орналастыру туралы хабарлама болмаған жағдайда:

      1) сыртқы (көрнекі) жарнама орналастырылған жылжымайтын мүлік объектілерінің меншік иелері;

      2) ортақ үлестік меншік немесе ортақ бірлескен меншік кезінде Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес оларды басқару органының қызметін жүзеге асыратын тұлға төлемақы төлеушілер деп танылады.";

      219) 621-баптың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1) Қазақстан Республикасының визаларын беру бойынша қабылдаушы тұлғалардың шақыруларын келіскен кезде:

      Қазақстан Республикасымен консулдық алымдарды алудан өзара бас тарту туралы халықаралық шарт жасасқан мемлекеттердің жеке және заңды тұлғалары;";

      220) 622-баптың 5) тармақшасының бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "5) жоғары сұранысқа ие мемлекеттік тіркеу нөмірі белгілерін беруді қоспағанда, автомобильге, автомобильдің тіркемесіне, мотокөлікке мемлекеттік тіркеу нөмірі белгісі берілген кезде:";

      221) 628-баптың 2) және 3) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:

      "2) Қазақстан Республикасымен консулдық алымдар алудан өзара бас тарту туралы халықаралық шарт жасасқан мемлекеттердің жеке және заңды тұлғаларынан;

      3) Қазақстан Республикасымен құқықтық көмек туралы халықаралық шарт жасасқан мемлекеттердің билік орындарымен жекелеген азаматтарының сұрау салуы бойынша отбасылық, азаматтық және қылмыстық iстер бойынша, алименттер туралы, мемлекеттiк жәрдемақылар мен зейнетақылар туралы, ұл бала (қыз бала) асырап алу туралы құжаттарды талап етіп алдырғаны үшiн;";

      222) 629-баптың 5 және 6-тармақтары мынадай редакцияда жазылсын:

      "5. Консулдық алымды төлеу аумағында консулдық іс-әрекеттер жасалатын мемлекет валютасымен немесе кез келген басқа еркін айырбасталатын валютамен жүргізіледі.

      6. Шетелде қабылданған консулдық алым сомаларын дипломатиялық өкілдік немесе консулдық мекеме олар қабылданған күннен бастап операциялық он күннен кешіктірмей дипломатиялық өкілдік немесе консулдық мекеме орналасқан мемлекеттің шетелдік банкіне шетелдік банктік шотқа есепке жатқызу үшін тапсырады.

      Қазақстан Республикасының дипломатиялық өкілдігі немесе консулдық мекемесі орналасқан мемлекеттің валютасымен шетелдік банктік шотқа түскен консулдық алымдарды шетелдік банк дипломатиялық өкілдіктің немесе консулдық мекеменің тапсырмасы бойынша АҚШ долларына, евроға, ағылшын фунт стерлингіне, швейцар франкіне, Канада долларына, жапон иеніне, Ресей рубліне, Қытай юаніне айырбастайды.";

      223) 638-баптың 2-тармағы бірінші бөлігінің алтыншы абзацында "2) – 6)" деген цифрлар "1) – 10)" деген цифрлармен ауыстырылсын;

      224) 641-бап мынадай редакцияда жазылсын:

      "641-бап. Кірістер мен мүлік туралы декларацияда есептелген салықты төлеу тәртібі мен мерзімдері

      Күнтізбелік жыл қорытындысы бойынша жеке тұлғаның салық салынатын кірісінен есептелген жеке табыс салығын төлеуді салық төлеуші кірістер мен мүлік туралы декларацияның тапсырылу тәсілдеріне қарай оны тапсыру үшін осы Кодекстің 635-бабында белгіленген мерзімнен кейін күнтізбелік он күннен кешіктірмей мынадай тәртіппен:

      1) дара кәсіпкер, жеке практикамен айналысатын адам – тұрған жері бойынша;

      2) осы тармақтың 1) тармақшасында көрсетілмеген жеке тұлға – тұрғылықты (болу) жері бойынша жүзеге асырады.

      Жеке тұлға салықтық кезеңнің қорытындысы бойынша осы Кодекстің 30-тарауына сәйкес есептелген жеке табыс салығын төлеуді осы Кодекстің 635-бабының 3-тармағында белгіленген соңғы мерзімнен кейiн күнтізбелік он күннен кешiктiрмей жүзеге асырады. Осы абзацтың ережелері жеңiлдiктi салық салынатын мемлекеттерде тіркелген бақыланатын шетелдік компаниялардың және (немесе) бақыланатын шетелдік компаниялардың тұрақты мекемелерінің жиынтық пайдасынан есептелген жеке табыс салығына қолданылмайды.";

      225) 644-баптың 2-тармағында:

      3) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "3) бейрезидент-заңды тұлғаның:

      осы Кодекстің 291-бабы 1-тармағының 1), 2) және 3) тармақшаларында айқындалған дербес білім беру ұйымдарынан;

      осы тармақшаның екінші абзацында көрсетілген тұлға құрған, осы Кодекстің 289-бабының ережелері қолданылатын коммерциялық емес ұйымдардан;

      осы Кодекстің 291-бабы 1-тармағының 4) және 5) тармақшаларында көрсетілген қызмет түрлері бойынша жұмыстарды орындағаны, қызметтер көрсеткені үшін осы Кодекстің 291-бабы 1-тармағының 4) және 5) тармақшаларында айқындалған дербес білім беру ұйымдарынан;

      "Астана" халықаралық қаржы орталығының органдарынан немесе "Астана" халықаралық қаржы орталығы органының ұйымдарынан түсетін кірісі;";

      226) 645-баптың 9-тармағында:

      4) тармақшаның үшінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "Салық төлеушінің акцияларды немесе қатысу үлестерін иеленудің осы тармақшаның бірінші бөлігінде көрсетілген мерзімі, егер мұндай акцияларды немесе қатысу үлестерін салық төлеуші бұрынғы меншік иелерінің қайта ұйымдастырылуы нәтижесінде алса немесе оларға сол бір құрылтайшылар (меншік иелері) иелік еткен жағдайда бір компания басқа компаниядан сатып алса, бұрынғы меншік иелерінің акцияларды немесе қатысу үлестерін иелену мерзімдері ескеріле отырып, жиынтық түрінде айқындалады.";

      13) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "13) борышты кешіру осы Кодекстің 232-бабының 3-тармағында белгіленген тәртіппен және шарттарда жүргізілген кредит (қарыз) және (немесе) кредите (қарызға) байланысты берешек, оның ішінде айыпақы (айыппұлдар, өсімпұлдар) бойынша, 2012 жылғы 31 желтоқсанды қоса алғанда есепке жазылған сыйақы бойынша берешекті қоса алғанда, берешек сомасы;";

      14) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "14) борышты кешіру осы Кодекстің 232-бабы 5-тармағының 11) тармақшасында айқындалған тәртіппен жүргізілген кредит (қарыз) бойынша, осындай кредиттерге сыйақы бойынша берешекті қоса алғанда, берешек сомасы.";

      227) 650-баптың 9-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "9. Салық агенті болып табылатын бейрезидент міндетті тіркелуге жатады.

      Бұл ретте салық агенті болып табылатын бейрезидент-заңды тұлға осы Кодекстің 76-бабында айқындалған тәртіппен салық органында салық төлеуші ретінде тіркелуге жатады.";

      228) 655-баптың 5-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "5. Бейрезидент-жеке тұлғаның төлем көзінен салық салуға жататын кірістерінен жеке табыс салығын салық агенті тұрған жеріндегі бюджетке аударуды салық ұстап қалуға жататын айдан кейінгі айдың 25-күнінен кешіктірмей жүргізеді.";

      229) 656-бапта:

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Осы бапта белгіленген салық салу тәртібі Қазақстан Республикасының салық төлеушісі ретінде тіркелмеген бейрезидент-заңды тұлға Қазақстан Республикасына жіберген шетелдіктердің және азаматтығы жоқ адамдардың кірістеріне, оған қоса осы Кодекстің 322-бабында айқындалған:

      жұмыс беруші болып табылатын осындай бейрезидент-заңды тұлғамен жасасқан еңбек шарты (келісімі, келісімшарты) бойынша Қазақстан Республикасындағы қызметтен;

      осындай бейрезидент-заңды тұлғамен жасасқан азаматтық-құқықтық сипаттағы шарт (келісімшарт) бойынша Қазақстан Республикасындағы қызметтен;

      жұмыс беруші болып табылмайтын тұлғадан алынған материалдық пайда түрінде Қазақстан Республикасындағы қызметтен алынған (алынуға жататын) кірістерге;

      Қазақстан Республикасында тұруға байланысты осындай
бейрезидент-заңды тұлға төлейтін үстемеақыларға қолданылады.

      Осы баптың мақсатында резидент-банктерде ағымдағы шот ашуға байланысты және (немесе) осы Кодекстің 650-бабына сәйкес міндеттемелер туындауына Қазақстан Республикасының салық төлеушісі ретінде тіркелген бейрезидент-заңды тұлғада Қазақстан Республикасының салық төлеушісі ретінде тіркелмеген бейрезидент-заңды тұлға деп танылады.

      Егер осы Кодекстің 655-бабының 7-тармағында өзгеше белгіленбесе, осы баптың ережелері, бір мезгілде мынадай талаптар орындалған кезде:

      1) шетелдік немесе азаматтығы жоқ адам Қазақстан Республикасының салық төлеушісі ретінде тіркелмеген бейрезидент заңды-тұлғаның жұмыскері және (немесе) мердігері (қосалқы мердігері) не көрсетілген бейрезидент-заңды тұлға мердігерінің (қосалқы мердігерінің) жұмыскері болып табылса;

      2) шетелдік немесе азаматтығы жоқ адам осы Кодекстің 217-бабының 2-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасында тұрақты болған деп танылса, Қазақстан Республикасына жіберген шетелдіктің немесе азаматтығы жоқ адамның осы бапта көрсетілген кірістеріне қолданылады.

      Бұл ретте егер шетелдік немесе азаматтығы жоқ адам осы Кодекстің 217-бабының 2-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасында тұрақты болады деп танылмаса, онда жұмыс беруші болып табылмайтын тұлғадан алынған материалдық пайда түрінде Қазақстан Республикасындағы қызметтен түскен кірістер, осы Кодекстін 646-бабында көрсетілген мөлшерлеме бойынша салық салуға жатады.";

      3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "3. Салық агенті жеке табыс салығын есептеуді осы тармаққа сәйкес бейрезидент ұсынған құжатта көрсетілген шетелдіктің немесе азаматтығы жоқ адамның кірісінен осы Кодекстің 320-бабында белгіленген мөлшерлеме бойынша салықтық шегерімдерді жүзеге асырмай жүргізеді. Бұл ретте бейрезидент-заңды тұлға салық агентіне:

      Қазақстан Республикасына жіберілген шетелдікпен немесе азаматтығы жоқ адаммен жасасқан еңбек шартының (келісімшартының) және (немесе) азаматтық-құқықтық сипаттағы шарттың нотариат куәландырған көшірмелерін;

      осындай бейрезидентпен жасасқан еңбек шартының және (немесе) азаматтық-құқықтық сипаттағы шарттың шеңберінде жалдау бойынша жеке тұлғаның жұмыстан алынатын кірістері туралы мәліметті қамтитын өзге құжатты ұсынуға міндетті.

      Салық агентіне осы тармақта көрсетілген құжаттар ұсынылмаған жағдайда бейрезидент-заңды тұлғаға орындалған жұмыстар, көрсетілген қызметтер үшін төленуге жататын кіріс сомасының 80 пайызы мөлшеріндегі, барлық шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарға тең үлестермен бөлінетін кіріс төлем көзінен жеке табыс салығын салуға жатады.

      Бұл ретте, осы тармақта көрсетілген кіріс:

      осы тармақта айқындалған құжаттар, құжаттарда көрсетілген кіріс сомасына, олар ұсынылған жағдайда;

      егер мұндай табыс шарттың (келісімшарттың, келісімнің) талаптарында көзделсе, жұмыс беруші болып табылмайтын тұлғадан алынған материалдық пайда түріндегі Қазақстан Республикасындағы қызметтен түскен кіріс сомасына азаюға жатады.";

      мынадай мазмұндағы 6-тармақпен толықтырылсын:

      "6. Кіріс шетел валютасымен төленген кезде төлем көзінен салық салынатын кіріс мөлшері кірісті төлеу күнінің алдындағы соңғы жұмыс күні айқындалған валюта айырбастаудың нарықтық бағамы қолданыла отырып, теңгемен қайта есептеледі.";

      230) 666-бапта:

      1-тармақтың бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Егер халықаралық шартта өзгеше белгіленбесе, осы бапта белгіленген халықаралық шарттың ережелерін қолдану тәртібі мынадай:";

      3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "3. Салық агентінің бейрезидентке кірісті төлеу кезінде немесе бейрезиденттің есептелген, бірақ төленбеген кірісін шегерімге жатқызу кезінде салық салудан босатуды дербес қолдануға құқығы бар.

      Салық агентімен өзара байланысты тарап болып табылатын бейрезидентке кіріс төлеген жағдайда, салық агенті, егер мұндай бейрезидент кірісті түпкілікті нақты (иеленуші) алушы болып табылатын жағдайда, осы баптың ережелерін қолдануға құқылы.

      Осы бөлімнің мақсатында кірістерді иелену, пайдалану, оларға билік ету құқығы бар және мұндай кіріске қатысты делдал, оның ішінде агент, номиналды ұстаушы болып табылмайтын тұлға кірістерді түпкілікті (нақты) алушы (иеленуші) деп түсінілуі керек.";

      231) 669-баптың 1-тармағының бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Егер бейрезидент кірісті түпкілікті алушы және халықаралық шарт жасасқан мемлекеттің резиденті болып табылса, халықаралық шарт ережелеріне сәйкес мұндай бейрезиденттің халықаралық тасымал бойынша қызметтер көрсетуден түсетін кірістерге салық салудан босатуды қолдануға құқығы бар.";

      232) 670-баптың 1-тармағының бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Егер бейрезидент халықаралық шарт жасасқан мемлекеттің резиденті болып табылса және осындай халықаралық шартта бейрезиденттің таза кірісіне салық салудың осы Кодекстің 652-бабында белгіленген тәртіптен өзгеше тәртібі көзделген болса, оның тұрақты мекеме арқылы Қазақстан Республикасындағы қызметтен түсетін таза кірісіне халықаралық шартта көзделген төмендетілген салықтық мөлшерлемені қолдануға құқығы бар.";

      233) 671-баптың 1-тармағының бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Егер бейрезидент-жеке тұлға кірісті түпкілікті алушы және халықаралық шарт жасасқан мемлекеттің резиденті болып табылса, бейрезидент-жеке тұлғаның халықаралық шарттың ережелеріне сәйкес салық агенттері болып табылмайтын тұлғалардан алған кірістерін салық салудан босатуды қолдануға құқығы бар.";

      234) 672-баптың 8-тармағы бірінші бөлігінің 4) тармақшасындағы "жағдайларда өтінішті қараудан бас тартады." деген сөздер "жағдайларда;" деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 5) тармақшамен толықтырылсын:

      "5) бұрын қаралған (тексерілген) кезең үшін, оның қорытындысы бойынша салық органы мынадай негіздердің бірі:

      осы Кодекстің 220-бабына сәйкес бейрезиденттің Қазақстан Республикасындағы тұрақты мекемесі (қызметін жүзеге асыратын тұрақты орны) деп тану;

      салық агентінің Қазақстан Республикасындағы көздерден алынған бейрезиденттің кірістерінен табыс салығын ұстап қалу осы Кодекстің 645-бабының 5-тармағына сәйкес өз қаражаты есебінен және бюджетке аударуы бойынша бюджеттен табыс салығын қайтарудан бас тарту туралы шешім шығарған өтініш қайта ұсынылған кезде өтінішті қараудан бас тартады.";

      235) 675-бапта

      1-тармақтың 1) және 2) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:

      "1) бейрезидент резиденті болып табылатын шет мемлекеттің құзыретті органы куәландырған түпнұсқада ұсынылған ресми құжат болып табылады. Бейрезиденттің резиденттігін растайтын құзыретті органның лауазымды адамының қолтаңбасы мен мөрі Қазақстан Республикасының заңнамасында айқындалған тәртіппен заңдастырылуға тиіс, немесе құзыретті органның лауазымды адамының қолтаңбасы мен мөрін заңдастыратын құжат:

      Заңдастыруды жүзеге асыратын мемлекеттік органның интернет-ресурсында;

      өзге мемлекеттік ұйымның немесе шетелдік мемлекеттің электронды апостилін жинау (сақтау) жасайтын қоғамдық нотариат палатасының интернет-ресурсында орналастырылған.

      2) осы тармақтың 1) тармақшасының талаптарына сәйкес келетін құжат түпнұсқасының нотариат куәландырған көшірмесі түрінде ұсынылған ресми құжат болып табылады. Шетелдік нотариустың қолтаңбасы мен мөрі Қазақстан Республикасының заңнамасында айқындалған тәртіппен заңдастырылуға тиіс, немесе құзыретті органның лауазымды адамының қолтаңбасы мен мөрін заңдастыратын құжат:

      Заңдастыруды жүзеге асыратын мемлекеттік органның интернет-ресурсында;

      өзге мемлекеттік ұйымның немесе шетелдік мемлекеттің электронды апостилін жинау (сақтау) жасайтын қоғамдық нотариат палатасының интернет-ресурсында орналастырылған.";

      3-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "3. Бейрезиденттің резиденттігін растайтын құжатта көрсетілген уақыт кезеңі ішінде, бейрезидент Қазақстан Республикасымен халықаралық шарт жасасқан мемлекеттің резиденті болып танылады. Бұл ретте, белгілі бір күнге резидентік расталған жағдайда, бейрезидент Қазақстан Республикасы резиденттігі расталған күнге дейінгі күнтізбелік жылдың басынан бастап уақыт кезеңіне халықаралық шарт жасасқан мемлекеттің резиденті болып танылады.";

      236) 687-баптың 2-1-тармағындағы "салық органдарында" деген сөздерден кейін "алғаш рет" деген сөздермен толықтырылсын;

      237) 690-баптың 3-тармағының 9), 10) және 11) тармақшаларындағы "халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына және" деген сөздерден кейін "(немесе)" деген сөзбен толықтырылсын;

      238) 691-баптың 2-тармағындағы "халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына және" деген сөздерден кейін "(немесе)" деген сөзбен толықтырылсын;

      239) 692-бапта:

      2-тармақтың 4) тармақшасындағы "сомалары шегерімге жатады" деген сөздер "сомалары" деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 5) және 6) тармақшалармен толықтырылсын:

      "5) кәсіпкерлік мақсатта пайдаланылатын байланыс, электр энергиясы, су, жылу энергиясы, газ қызметтеріне ақы төлеуге;

      6) жалға алушының кәсіпкерлік мақсатта пайдаланылатын жалға алынатын мүлікке қатысты жүргізген шығыстары шегерімге жатады.";

      5-тармақтың екінші бөлігіндегі "халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына сәйкес және" деген сөздерден кейін "(немесе)" деген сөзбен толықтырылсын;

      240) 702-баптың 1-тармағындағы "құқығында жер учаскелері бар," деген сөздерден кейін "осы Кодекстің 367-бабы 1-тармағының 1) тармақшасында көрсетілген" деген сөздермен толықтырылсын;

      241) 708-баптың 4-тармағының 4) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "4) 2009 жылғы 1 қаңтарға дейін инвестициялар жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органмен жасасқан аяқталмаған келісімшарттар
бойынша – инвестициялық салықтық преференцияларды қолданатын ұйымдар;";

      242) 712-баптың 4-тармағындағы "халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына және" деген сөздерден кейін "(немесе)" деген сөзбен толықтырылсын;

      243) 713-бап мынадай редакцияда жазылсын:

      "713-бап. Төлеушілер

      Мыналар:

      Осы Кодекстің 722-бабының 1-тармағында көрсетілген келісімшарттар шеңберінде жер қойнауын пайдаланушылар жер қойнауын пайдалануға баламалы салық төлеушілер болып табылатын, Каспий теңізінің қазақстандық секторында толық орналасқан кен орнында (кен орындарында) және (немесе) тау-кендік бөлу болмаған кезде өндіруге немесе барлауға және көмірсутектерді өндіруге арналған келісімшартта көрсетілген көмірсутектер кен жатындары жоғарғы нүктесінің тереңдігі 4500 метрден жоғары емес және тау-кендік бөлуде немесе тау-кендік бөлу болмаған кезде өндіруге немесе барлауға және көмірсутектерді өндіруге арналған келісімшартта көрсетілген көмірсутектер кен жатындары төменгі нүктесінің тереңдігі 5000 метр және одан төмен кен орындарында өндіруге немесе барлауға және көмірсутектерді өндіруге арналған келісімшарттар шеңберінде жер қойнауын пайдаланушылар өндірген, шикі мұнай мен газ конденсатының экспорты көлемдерін қоспағанда, шикі мұнайды және шикі мұнай өнімдерін экспортқа өткiзетiн жеке және заңды тұлғалар экспортқа рента салығын төлеушілер болып табылады.

      Осы бөлімнің мақсаттары үшін шикі мұнай және шикі мұнай өнімдері деп Еуразиялық экономикалық одақтың Сыртқы экономикалық қызметінің бірыңғай тауар номенклатурасының 2709 00 қосымша позициясында сыныпталатын тауарлар танылады.";

      244) 714-бапта:

      бірінші бөліктің бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "Жер қойнауын пайдаланушы салықтық міндеттемені орындау есебіне заттай нысанда берген пайдалы қазбалардың экспортқа өткізілетін және мемлекет атынан алушы немесе осындай өткізуге мемлекет атынан алушы уәкілеттік берген тұлға өткізетін көлемдерді қоспағанда, экспортқа өткізілетін шикі мұнайдың және шикі мұнай өнімдерінің көлемі экспортқа рента салығын салу объектісі болып табылады. Осы Кодекстің осы бөлімінің және 23-бөлімінің мақсаттары үшін экспорт деп:";

      екінші бөліктің екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "шикi мұнайды және шикі мұнай өнімдерін Еуразиялық экономикалық одақтың кеден аумағы шегінен тыс жерге экспортқа өткізу кезінде – кеден баждарының, алынуы кеден органдарына жүктелген өзге де төлемдердің сомаларын есептеу үшін не Еуразиялық экономикалық одақтың кеден заңнамасына және (немесе) Қазақстан Республикасының кеден заңнамасына сәйкес өзге де кедендік мақсаттарда пайдаланылатын, тауарлардың толық декларациясының 35-бағанында көрсетілген шикi мұнайдың және шикі мұнай өнімдерінің көлемі ретінде;";

      245) 715-баптың 1-тармағының үшінші бөлігі алып тасталсын;

      246) 716-баптың екінші бөлігі алып тасталсын;

      247) 720-баптың 5-тармағындағы "Қазақстан Республикасының құрлықтық қайраңында және" деген сөздер "Каспий теңізінің қазақстандық секторында толық орналасқан кен орнында (кен орындарында) және (немесе)" деген сөздермен ауыстырылсын";

      248) 723-баптың 1-тармағындағы "кен орындарының осындай тобы" деген сөздерден кейін ", кен орнының бір бөлігі бойынша" деген сөздермен толықтырылсын;

      249) мынадай мазмұндағы 723-1-баппен толықтырылсын:

      "723-1-бап. Жер қойнауын пайдалану құқығын жер қойнауын пайдаланудың лицензиялық режиміне қайта ресімдеу кезіндегі салықтық есепке алу ерекшеліктері

      1. Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы заңнамаға сәйкес жер қойнауын пайдалану құқығы жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттан жер қойнауын пайдаланудың лицензиялық режиміне қайта ресімделген жағдайда қайта ресімделген жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарт және оның орнына алынған жер қойнауын пайдалануға арналған лицензиясы жиынтығында жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшартты қайта ресімдеу орын алған салықтық кезеңде бөлек салықтық есепке алуды жүргізу мақсатында біртұтас жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарт ретінде қаралады, ал жер қойнауын пайдаланушының қайта ресімделген жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарт бойынша қызметі және аталған жер қойнауын пайдаланушының алынған жер қойнауын пайдалануға арналған лицензиясы шеңберіндегі қызметі ол бойынша бөлек бірыңғай салықтық есепке алу жүргізілетін біртұтас келісімшарттық қызмет ретінде қаралады.

      Егер жер қойнауын пайдалану құқығын қайта ресімдеу кезінде жер қойнауын пайдаланушыға жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттың орнына екі және одан көп жер қойнауын пайдалануға арналған лицензия берілсе, онда жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшартты қайта ресімдеу орын алған салықтық кезең үшін жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарт деп қайта ресімделген жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттың осы баптың 2 – 7-тармақтарына сәйкес лицензияға қайта ресімделген салық салу объектілеріне және (немесе) салық салуға байланысты объектілерге сәйкес келетін бір бөлігі мен көрсетілген жер қойнауын пайдалануға арналған лицензия жиынтығында түсініледі. Тиісінше, жер қойнауын пайдаланушының жер қойнауын пайдалануға арналған әрбір лицензия шеңберіндегі қызметі және аталған жер қойнауын пайдаланушының қайта ресімделген жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарт бойынша қызметінің соған сәйкес келетін бір бөлігі жиынтығында жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшартты қайта ресімдеу орын алған салықтық кезеңде ол бойынша бөлек бірыңғай салықтық есепке алу жүргізілетін жеке біртұтас келісімшарттық қызмет ретінде қаралады.

      2. Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы заңнамаға сәйкес жер қойнауын пайдалану құқығын жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттан жер қойнауын пайдаланудың лицензиялық режиміне қайта ресімдеген кезде қайта ресімделген келісімшарт бойынша салық салу объектілері және (немесе) салық салуға байланысты объектілер жер қойнауын пайдалану құқығын көрсетілген қайта ресімдеу жүргізілген салықтық кезеңнің басынан бастап қайта ресімделген келісімшарттың орнына алынған лицензия бойынша салық салу объектілері және (немесе) салық салуға байланысты объектілер деп танылады.

      Егер жер қойнауын пайдалану құқығын қайта ресімдеу кезінде жер қойнауын пайдаланушыға жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттың орнына екі және одан көп жер қойнауын пайдалануға арналған лицензия берілсе, онда қайта ресімделетін жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарт бойынша салықтық есепке алуда есепке алынатын салық салу объектілері және (немесе) салық салуға байланысты объектілер жер қойнауын пайдалану құқығын көрсетілген қайта ресімдеу жүргізілген салықтық кезеңнің басынан бастап осы баптың 3-тармағына сәйкес алынған лицензияларға қайта бөлуге жатады және алдағы уақытта жер қойнауын пайдалануға арналған әрбір лицензия шеңберіндегі қызмет бойынша тиісінше бөлек салықтық есепке алуды жүргізу кезінде есепке алынады.

      3. Жер қойнауын пайдаланушының кірістерін және тиісті салықтық кезеңнің басынан бастап жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшартты лицензиялық режимге қайта ресімдеу күніне дейін шеккен шығыстарын бөлу осы Кодекстің 723-бабының 8, 9, 10 және 11-тармақтарына сәйкес жүзеге асырылады.

      4. Кіші топтың (I топтың), амортизацияланатын активтер тобының қайта ресімделетін жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарт бойынша түзілген құндық балансын бөлу жер қойнауын пайдалану құқығын қайта ресімдеу жүргізілген жылдың 1 қаңтарындағы жағдай бойынша жүзеге асырылады. Бұл ретте, кіші топтың (I топтың), амортизацияланатын активтер тобының көрсетілген құндық балансына қосылған амортизацияланатын активтер осы Кодекстің 723-бабы 11-тармағының ережелері ескеріле отырып, осы Кодекстің 723-бабының 8-тармағына сәйкес тікелей, жанама және жалпы болып сыныпталуға тиіс.

      5. Жер қойнауын пайдалану құқығын қайта ресімдеу жүргізілген жылдың 1 қаңтарындағы жағдай бойынша жинақталған тарату қорының қаражаты осы Кодекстің 723-бабының 11-тармағына сәйкес лицензияларға бөлуге жатады және осындай лицензиялардың жылдық жиынтық кірісіне қосылады.

      6. Жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшартты лицензиялық режимге қайта ресімдеу жүргізілген салықтық кезеңнің басында қайта ресімделетін жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарт шеңберінде алдыңғы салықтық кезеңдерден жинақталған залалдар болған жағдайда көрсетілген залалдар мынадай тәртіппен есепке алынады:

      жер қойнауын пайдаланушы жер қойнауын пайдалануға арналған бір лицензия алған жағдайда – жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшартты қайта ресімдеу жүргізілген салықтық кезеңде есепке алынады және олар толық пайдаланылмаған жағдайда осы Кодекстің 300-бабына сәйкес айқындалатын мерзім шегінде көрсетілген лицензия шеңберіндегі қызметтен алынған салық салынатын кіріс есебінен өтеу үшін ауыстырылады;

      жер қойнауын пайдалануға арналған екі және одан көп лицензия алынған жағдайда – осы Кодекстің 723-бабы 11-тармағының ережелері және жер қойнауын пайдаланушының алынған лицензияларға салықтық есепке алу саясаты ескеріле отырып, жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшартты қайта ресімдеу жүргізілген жылдың 1 қаңтарындағы жағдай бойынша бөлінеді, көрсетілген салықтық кезеңде әрбір лицензия бойынша тиісті бөлігінде есепке алынады және осы Кодекстің 300-бабына сәйкес айқындалатын мерзім шегінде тиісті лицензия шеңберіндегі қызметтен алынған салық салынатын кіріс есебінен оларды одан әрі өтеу үшін ауыстырылады.

      7. Кіші топтардың (І топтың), топтардың осы баптың 4-тармағында көрсетілген құндық баланстарын, тарату қорынының осы баптың 5-тармағында көрсетілген жинақталған қаражатын бөлу, сондай-ақ осы баптың 6-тармағында көрсетілген залалдарды бөлу жер қойнауын пайдаланушы осы Кодекстің
723-бабы 11-тармағының 1) – 5) тармақшаларында көзделген әдістерден дербес таңдаған сол бір бөлу әдісі бойынша жүзеге асырылады.";

      250) 727-бап мынадай редакцияда жазылсын:

      "727-бап. Аукцион нәтижелері бойынша берілетін лицензияларды қоспағанда, жер қойнауын пайдалануға арналған лицензиялар бойынша қол қою бонусын есептеу ерекшеліктері

      Аукцион нәтижелері бойынша берілетін лицензияларды қоспағанда, жер қойнауын пайдалануға арналған лицензиялар бойынша қол қою бонусының сомасы республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және қол қою бонусын төлейтін күнге қолданыста болатын айлық есептік көрсеткішті білдіретін мөлшерлеме негізге алына отырып есептеледі:


Атауы

Мөлшерлеме АЕК-пен

1

2

3

1.

Барлауға арналған лицензия

100

2.

Өндіруге арналған лицензия

200

3.

Кен іздеушілікке арналған лицензия:


3.1.

берілген аумақтың алаңы 17 000 м2-ге дейін болған кезде

9

3.2.

берілген аумақтың алаңы 17 000 м2-ден 33 000 м2-ге дейін болған кезде

12

3.3.

берілген аумақтың алаңы 33 000 м2-ден 50 000 м2-ге дейін болған кезде

15

4.

Геологиялық зерделеуге арналған лицензия

50

5.

Жер қойнауы кеңістігін пайдалануға арналған лицензия

400

      ";

      251) 729-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "2. Жер қойнауын пайдалануға арналған лицензиялар бойынша қол қою бонусы салық төлеушінің тұрған жеріндегі бюджетке осындай лицензия берілген күннен бастап он жұмыс күнінен кешіктірілмей төленеді.";

      252) 734-баптың бірінші бөлігінің бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Тарихи шығындарды өтеу бойынша төлемді жер қойнауын пайдаланушы келісімшарттық аумақта (учаскеде) өндіруді бастағаннан бастап және келесі күндердің ең ерте басталатынынан төлейді:

      коммерциялық табу жарияланған;

      Қазақстан Республикасының жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы заңнамасына сәйкес өндіру кезеңіне (сатысына) ауысу;

      пайдалы қазбаларды өндіруге арналған лицензия беру;

      пайдалы қазбаларды өндіруге арналған келісімшарт жасасу.

      Тарихи шығындарды өтеу бойынша төлемді төлеу жер қойнауын пайдаланушының орналасқан жері бойынша бюджетке келесі тәртіппен жүзеге асырылады:";

      253) 741-баптың 2-тармағындағы "3-тармағында" деген сөздер "3 және 4-тармақтарында" деген сөздермен ауыстырылсын;

      254) 744-бап мынадай редакцияда жазылсын:

      "744-бап. Салық салу объектісі

      Минералды шикізаттың құрамындағы пайдалы қазбалар қорларының физикалық көлемі (айналыстан шыққан қорлардың салық салынатын көлемі) салық салу объектісі болып табылады.

      Осы бөлімнің мақсаттары үшін салықтық кезеңде Қазақстан Республикасының осы мақсаттар үшін уәкілетті мемлекеттік органы бекіткен кен орнын әзірлеудің техникалық жобасында белгіленген нормаланатын ысыраптар шегінде нақты ысыраптардың көлемі шегеріле отырып, минералды шикізат құрамындағы пайдалы қазбалардың айналыстан шыққан қорларының көлемі айналыстан шыққан қорлардың салық салынатын көлемі болып табылады.

      Бұл ретте минералды шикізатты бастапқы өңдеу процесінде пайда болған өндіріс қалдықтарының көлемі шығындарға жатпайды.

      Салық салу объектісін айқындау мақсаттары үшін жер қойнауын зерделеу және пайдалану жөніндегі уәкілетті органға ұсынылатын, минералды шикізат қорларының есептік және жиынтық баланстарында пайдаланылатын өлшем бірліктері қолданылады.";

      255) 745-бап мынадай мазмұндағы 8-тармақпен толықтырылсын:

      "8. Егер осы бапта өзгеше белгіленбесе, пайдалы қазбаларды өндіру салығын есептеу мақсаттары үшін шетел валютасында жасалған операциялар пайдалы қазбаларды өндіру салығы бойынша есепті салықтық кезең үшін валюта айырбастаудың орташа арифметикалық нарықтық бағамы қолданыла отырып, теңгемен қайта есептеледі.";

      256) 746-бапта:

      бірінші бөліктегі кестенің 9-жолы мынадай редакцияда жазылсын;

      "

9.

Жанатын, химиялық және агрономиялық минералды шикізат

Тас көмір, қоңыр көмір, жанғыш тақтатастар

2,7%

Фосфориттер

4,0%

Бораттар, оның ішінде бор ангидриті

3,5%

Калий және калий-магний тұздары

6,0%

Барит

4,5%

Тальк

2,0%

Гипс

5,6%

Күкірт

6,0%

Флюориттер

3,0%

Воластанит

3,5%

Шунгит

2,0%

Графит және басқалар

3,5%

      ";

      бірінші бөліктегі кестенің 13-жолы мынадай редакцияда жазылсын:

      "

13.

Басқалары

Кең таралған пайдалы қазбалар болып табылмайтын өзге де кендік емес минералды шикізат.

4,7%, бірақ бірлік көлеміне 0,02 АЕК-тен кем емес

      ";

      мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:

      "Бұл ретте өндірілген тас көмірге, қоңыр көмірге, жанғыш тақтатастарға пайдалы қазбаларды өндіру салығының осы бапта белгіленген мөлшерлемесіне мынадай жағдайда:

      1) табиғи монополия субъектісі болып табылатын жер қойнауын пайдаланушы осындай өндірілген тас көмірді, қоңыр көмірді, жанғыш тақтатастарды Қазақстан Республикасының табиғи монополиялар туралы заңнамасына сәйкес электр энергиясын беру, жылу энергиясын өндіру, беру, тарату және (немесе) онымен жабдықтау, сумен жабдықтау және (немесе) су бұру жөніндегі көрсетілетін қызметтерді ұсыну үшін пайдаланған;

      2) жер қойнауын пайдаланушы өндірілген тас көмірді, қоңыр көмірді, жанғыш тақтатастарды осы баптың екінші бөлігінің 1) тармақшасында көзделген қызметтерді көрсететін табиғи монополиялар субъектісіне өткізген;

      3) жер қойнауын пайдаланушы өндірілген тас көмірді, қоңыр көмірді, жанғыш тақтатастарды білім беру, денсаулық сақтау ұйымдарына өткізген;

      4) осы Кодекстің 239-бабында айқындалған әлеуметтік сала объектілерін пайдалану кезінде өндірілген тас көмір, қоңыр көмір, жанғыш тақтатастар пайдаланылған;

      5) жер қойнауын пайдаланушы өндірілген тас көмірді, қоңыр көмірді, жанғыш тақтатастарды атаулы әлеуметтік көмек алушыларға өткізген;

      6) жер қойнауын пайдаланушы өндірілген тас көмірді, қоңыр көмірді, жанғыш тақтатастарды өңдеген және (немесе) оларды өзінің өндірістік мұқтаждарына пайдаланған;

      7) энергия өндіруші ұйым болып табылатын жер қойнауын пайдаланушы өндірілген тас көмірді, қоңыр көмірді, жанғыш тақтатастарды Қазақстан Республикасының электр энергетикасы туралы заңнамасына сәйкес өз мұқтаждары үшін электр және (немесе) жылу энергиясын өндіру және (немесе) өткізу үшін пайдаланған;

      8) жер қойнауын пайдаланушы өндірілген тас көмірді, қоңыр көмірді, жанғыш тақтатастарды Қазақстан Республикасының электр энергетикасы туралы заңнамасына сәйкес өз мұқтаждары үшін электр және (немесе) жылу энергиясын өндіру және (немесе) өткізу үшін энергия өндіруші ұйымға өткізген;

      9) жер қойнауын пайдаланушы өндірілген тас көмірді, қоңыр көмірді, жанғыш тақтатастарды тауарларды өндіру кезінде оларды өңдеуді және (немесе) пайдалануды жүзеге асыратын ұйымдарға өткізген жағдайда 0, 01 коэффициенті қолданылады.";

      мынадай мазмұндағы бесінші бөлікпен толықтырылсын:

      "Егер осы бапта келтірілген кестенің 13-жолында көрсетілген кендік емес минералды шикізат бойынша қатысты осы Кодекстің 744 және 745-баптарына сәйкес есептелген пайдалы қазбаларды өндіруге салынатын салық сомасы салық кезеңі ішінде жер қойнауын пайдаланушының өндірген нақты көлемінің сомасынан және республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және тиісті қаржы жылының 1 қаңтарында қолданыста болған 0,02 айлық есептік көрсеткіштен аз болса, мұндай кендік емес минералды шикізат республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және өндірілетін осындай кендік емес минералды шикізаттың бiрлiгiне сәйкес тиісті қаржы жылының 1 қаңтарына дейін қолданыста болған 0,02 айлық есептік көрсеткiш мөлшерiнде айқындалады.";

      257) 747-баптың төртінші бөлігі мынадай мазмұндағы 1-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "1-1) көмірсутектер қосымша өндіріліп алынған және халықтың денсаулығы мен қоршаған ортаға қауіп төндіретін жерасты суларын Қазақстан Республикасының су заңнамасына сәйкес жойған кезде;";

      258) 753-баптың 2-тармағының 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "2) осы келісімшарттар пайдалы қазбалардың басқа топтарын өндіруді көздемеген жағдайда, пайдалы қатты қазбаларды, олардың ішінде кең таралған пайдалы қазбаларды, жерасты суларын және (немесе) емдік балшықты барлауға және (немесе) өндіруге;";

      259) 766-бап мынадай редакцияда жазылсын:

      "766-бап. Жалпы ережелер

      1. Жер қойнауын пайдалануға баламалы салықты Қазақстан Республикасының жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы заңнамасына сәйкес:

      1) Каспий теңізінің қазақстандық секторында толық орналасқан кен орнында (кен орындарында) көмірсутектерді өндіруге және (немесе) бірлескен барлау мен өндіруге арналған келісімшарт;

      2) тау-кендік бөлуде немесе тау-кендік бөлу болмаған кезде өндіруге немесе барлауға және көмірсутектерді өндіруге арналған келісімшартта көрсетілген көмірсутектер кен жатындары жоғарғы нүктесінің тереңдігі 4500 метрден жоғары емес және тау-кендік бөлуде немесе тау-кендік бөлу болмаған кезде өндіруге немесе барлауға және көмірсутектерді өндіруге арналған келісімшартта көрсетілген көмірсутектер кен жатындары төменгі нүктесінің тереңдігі 5000 метр және одан төмен кен орындары бойынша өндіруге және (немесе) барлауға және көмірсутектерді өндіруге арналған келісімшарт жасасқан жер қойнауын пайдаланушы заңды тұлғалар тарихи шығындарды өтеу бойынша төлемнің, пайдалы қазбаларды өндіру салығының және үстеме пайда салығының орнына қолдануға құқылы.

      Аталған құқық жер қойнауын пайдалануға арналған аталған келісімшарттар жасалған күннен бастап жер қойнауын пайдалануға арналған тиісті келісімшарттың қолданылуы аяқталған күнге дейінгі кезеңде қолданылады және өзгертуге жатпайды.

      Салық төлеуші осы құқықты қолдану туралы хабарламаны жер қойнауын пайдалануға арналған тиісті келісімшартты жасасқан күннен бастап күнтізбелік отыз күннен кешіктірмей орналасқан жері бойынша салық органына жібереді.

      2. Осы баптың 1-тармағында көрсетілген, 2018 жылғы 1 қаңтарға дейін жасалған келісімшарттар бойынша жер қойнауын пайдаланушылардың арнайы төлемдер мен салықтар жөніндегі салықтық міндеттемені орындауының баламалы тәртібін 2018 жылғы 1 қаңтардан бастап қолдану құқығы жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттың қолданылуының қалған барлық кезеңіне жүргізіледі және өзгертуге жатпайды, бұл туралы салық төлеуші тұрған жеріндегі салық органына 2018 жылғы 1 наурыздан кешіктірмей хабарлама жібереді.

      3. Осы баптың 1 және 2-тармақтарында көзделген хабарламалар белгіленген мерзімде ұсынылмаған жағдайда, тарихи шығындарды өтеу бойынша төлем, пайдалы қазбаларды өндіру салығы және үстеме пайда салығы бойынша салық міндеттемесін орындау осы Кодекстің 84, 85 және 86-тарауларында айқындалған тәртіппен жүзеге асырылады.";

      260) 774-баптың 1-тармағының 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "3) Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленген талаптарға сәйкес келген жағдайда, қызметтерді салық агенттері болып табылмайтын жеке тұлғаларға ғана көрсететін және (немесе) акцизделетін өнімдерді қоспағанда, жеке қосалқы шаруашылықтың өзі өндірген ауыл шаруашылығы өнiмiн салық агенттері болып табылмайтын жеке тұлғаларға ғана өткізетін жеке тұлғалар бірыңғай жиынтық төлемді төлеушілер деп танылады.";

      261) 775-бап мынадай мазмұндағы 5-тармақпен толықтырылсын:

      "5. Жеке тұлғалар бірыңғай жиынтық төлемді тұрғылықты жері бойынша төлейді.".

      7. 2017 жылғы 26 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасындағы кедендік реттеу туралы" Қазақстан Республикасының кодексіне (Қазақстан Республикасының Парламентінің Жаршысы, 2017 ж., № 23-I, 23-II, 110-құжат; 2018 ж., № 15, 50-құжат; № 19, 62-құжат; № 24, 93-құжат; 2019 ж., № 7, 37, 39-құжаттар; № 15-16, 67-құжат; № 19-20, 86-құжат; 2019 жылғы 29 қарашада "Егемен Қазақстан" және "Казахстанская правда" газеттерінде жарияланған "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік қызмет және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2019 жылғы 26 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңы; 2019 жылғы 30 желтоқсанда "Егемен Қазақстан" және "Казахстанская правда" газеттерінде жарияланған "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне оңалту және банкроттық рәсімдерін, бюджет, салық заңнамасын және теміржол көлігі туралы заңнаманы жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2019 жылғы 27 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңы):

      1) мазмұнында:

      168-баптың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "168-бап. Өз тауарларын сақтау қоймасы иесінің қызметін тоқтата тұру және қайта бастау";

      505-баптың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "505-бап. Уақытша сақтау қоймасы иесінің тізіліміне енгізілген тұлғалардың қызметін тоқтата тұру және қайта бастауының негіздемелері және тәртібі";

      512-баптың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "512-бап. Кеден қоймасы иесінің тізіліміне енгізілген тұлғалардың қызметін тоқтата тұру және қайта бастауының негіздемелері және тәртібі";

      519-баптың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "519-бап. Еркін қойманың иесі тізіліміне енгізілген тұлғалардың ретіндегі заңды тұлғаның қызметін тоқтата тұру және қайта бастауының негіздемелері және тәртібі";

      526-баптың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "526-бап. Бажсыз сауда дүкені иесінің тізіліміне енгізілген тұлғалардың қызметін тоқтата тұру және қайта бастауының негіздемелері және тәртібі";

      2) 19-баптың 3-тармағында:

      1) тармақшадағы "прокурор" деген сөзден кейін ", тергеу судьясы" деген сөзбен толықтырылсын;

      мынадай мазмұндағы бөлікпен толықтырылсын:

      "Бұл ретте құпия ақпаратқа жатпайтын мәліметтер тізбесін уәкілетті орган бекітеді.";

      3) 40-баптың 3-тармағының 3) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "3) осы тарауда және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де жағдайларда.";

      4) 45-бапта:

      3-тармақтың бірінші бөлігіндегі "он" деген сөз "бес" деген сөзбен ауыстырылсын;

      мынадай мазмұндағы 6-тармақпен толықтырылсын:

      "6. Электрондық құжат түрінде берілген тауарды сыныптау туралы алдын ала шешім қабылдау туралы өтінішке осы баптың 2 және 3-тармақтарында көрсетілген құжаттардың электрондық не сканерленген көшірмелері қоса беріледі.";

      5) 46-баптың 1-тармағының бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Тауарды сыныптау туралы алдын ала шешім кеден органында тауарды сыныптау туралы алдын ала шешім қабылдау туралы өтініш тіркелген күннен бастап он жұмыс күнінен кешіктірілмей қабылданады. Бұл ретте бұрын сол марканы, модельді, артикулі мен модификациясын қамтитын нақ сол атауы бар тауарды сыныптау туралы алдын ала шешімдер қабылданған тауарлар бойынша тауарды сыныптау туралы алдын ала шешім тауарды сыныптау туралы алдын ала шешім қабылдау туралы өтініш кеден органында тіркелген күннен бастап бес жұмыс күнінен кешіктірілмей қабылданады.";

      6) 49-бапта:

      1-тармақтағы "жазбаша өтініші негізінде" деген сөздер "электрондық құжат немесе қағаз жеткізгіштегі құжат түрінде өтініші негізінде" деген сөздермен ауыстырылсын;

      6-тармақтың екінші бөлігі "жазбаша хабардар" деген сөзден кейін "не электрондық нысанда хабардар" деген сөздермен толықтырылсын;

      мынадай мазмұндағы 10-тармақпен толықтырылсын:

      "10. Электрондық құжат түрінде берілген құрастырылмаған түрдегі тауарды сыныптау туралы шешімді қабылдау туралы өтінішке осы баптың 4 және 6-тармақтарында көрсетілген құжаттардың электрондық не сканерленген көшірмелері қоса беріледі.";

      7) 50-баптың 1-тармағының бірінші бөлігіндегі "отыз" деген сөз "жиырма" деген сөзбен ауыстырылсын;

      8) 51-баптың 3-тармағының 3) тармақшасындағы "жазбаша" деген сөзден кейін "немесе электрондық" деген сөздермен толықтырылсын;

      9) 54-баптың 2-тармағының бірінші абзацындағы "жазбаша өтініштерінде" деген сөздер "жазбаша өтінішінде не электрондық нысандағы өтінішінде" деген сөздермен ауыстырылсын;

      10) 92-баптың 6-тармағының сегізінші бөлігінде "1 және 3-тармақтарында" деген сөздер "1-тармағында" деген сөзбен ауыстырылсын;

      11) 96-баптың 2-тармағының 3) тармақшасы алып тасталсын;

      12) 101-баптың 8-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "8. Кеден органы кепіл ресімделген күннен бастап үш жұмыс күнінен кешіктірмей мүлік кепілі шарты кедендік баждарды, салықтарды төлеу жөніндегі міндеттің орындалуын қамтамасыз ету ретінде тіркейді.";

      13) 107-баптың 1-тармағының 1) тармақшасындағы "әділет органына – сұрау салу келіп түскен күннен бастап бес" деген сөздер "тіркеуші органға – сұрау салу келіп түскен күннен бастап үш" деген сөздермен ауыстырылсын;

      14) 110-баптың 5-тармағындағы "он" деген сөз "бес" деген сөзбен ауыстырылсын;

      15) 111-баптың 2-тармағындағы "он" деген сөз "бес" деген сөзбен ауыстырылсын;

      16) 112-баптың 2-тармағының бірінші абзацындағы "он" деген сөз "бес" деген сөзбен ауыстырылсын;

      17) 115-баптың үшінші бөлігіндегі "он" деген сөз "бес" деген сөзбен ауыстырылсын;

      18) 117-баптың 2-тармағының 4) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "4) төлеушіге осы Кодекстің 55-тарауына сәйкес жіберілген тексеру нәтижелері туралы хабарламаға және бұзушылықтарды жою туралы хабарламаға шағымды қараудың қорытындылары туралы хабарлама жіберілген күннен бастап бес жұмыс күнінен кешіктірмей төлеушіге жіберіледі.";

      19) 125-баптың 1 және 2-тармақтары мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Кеден органы төлеушінің банктік шоттары бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру туралы өкімді мынадай:

      1) кедендік төлемдер, салықтар, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждары, өсімпұлдар, пайыздар бойынша берешекті өтеу туралы хабарлама табыс етілген күннен кейінгі он жұмыс күні өткен соң төлеуші кедендік төлемдер, салықтар, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждары, өсімпұлдар, пайыздар бойынша берешекті өтемеген жағдайда;

      2) кеден органының лауазымды адамдары көшпелі кедендік тексеруді жүзеге асыруға қажетті көшпелі кедендік тексерулер объектілеріне кіруге рұқсаты, құжаттарға, мәліметтерге қолжеткізуі мүмкін болмаған, сол сияқты осы Кодекстің 422-бабының 2-тармағының 1), 3), 10) 11) тармақашаларында көзделген талаптарды орындамаған, кіруге рұқсат, қолжеткізу болмаған немесе талаптарды орындамаған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде;

      3) осы Кодекстің 417-бабының 11-тармағында және 418-бабының 27-тармағында көзделген кеден органы пошта арқылы тапсырыс хатпен хабарламамен жіберген құжаттарды пошта немесе өзге де байланыс ұйымы тексерілетін адам тұрған жері бойынша болмауына байланысты қайтарған жағдайларда шығарады.

      2. Банктік шоттар бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру мыналардан:

      1) төлеушінің кедендік төлемдер, салықтар, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждары, өсімпұлдар, пайыздар бойынша берешекті өз бетінше өтеуі бойынша операциялардан;

      2) ақшаны:

      адамның өмірі мен денсаулығына келтірілген зиянды өтеу туралы талаптарды, сондай-ақ алименттерді өндіріп алу жөніндегі талаптарды қанағаттандыруды көздейтін атқару құжаттары;

      еңбек шарты бойынша жұмыс істейтін адамдармен жұмыстан шығу жәрдемақыларын төлеу және еңбегіне ақы төлеу, авторлық шарт бойынша сыйақылар төлеу, клиенттің бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын аудару және Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорына әлеуметтік аударымдарды, әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға аударымдарды және (немесе) жарналарды төлеу жөніндегі міндеттемелері бойынша есеп айырысу үшін ақшаны алып қоюды көздейтін атқару құжаттары бойынша;

      кедендік төлемдер, салықтар, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждары, өсімпұлдар, пайыздар бойынша берешекті өтеу бойынша, сондай-ақ мемлекет кірісіне өндіріп алу туралы атқару құжаттары бойынша алып қою жағдайларынан басқа төлеушінің барлық шығыс операцияларына қолданылады.

      Банктік шоттар бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру туралы өкім Қазақстан Республикасының уәкілетті мемлекеттік органдарының немесе лауазымды адамдардың тыйым салу туралы шешімдерінің негізінде тыйым салынған ақша сомасына қолданылмайды.

      Төлеушінің банктік шоттары бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру осы баптың 1-тармағының 1) тармақшасында көзделген жағдайда кедендік төлемдер, салықтар, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждары, өсімпұлдар, пайыздар бойынша берешек сомасы шегінде жүргізіледі.";

      20) 147-бап мынадай мазмұндағы 3-тармақпен толықтырылсын:

      "3. Осы бапта көзделген тауарлардың жекелеген санаттарына қатысты кедендік операцияларды жасау ерекшеліктерін уәкілетті орган белгілейді.";

      21) 150-баптың 3-тармағының 7) тармақшасындағы "төлеген жағдайларда тартылмайды." деген сөздер "төлеген;" деген сөзбен ауыстырып мынадай мазмұндағы 8) тармақшамен толықтырылсын:

      "8) заңнамада белгіленген мерзімде және тәртіппен электрондық нысанда кедендік декларациялауға байланысты кедендік операцияларды жасау жөніндегі міндеттердің орындалмауына алып келген, кеден ісі саласындағы уәкілетті орган растаған, электрондық нысанда декларациялау жөніндегі ақпараттық жүйе жұмысында қателер туындаған кезде тартылмайды.";

      22) 154-баптың 5-тармағында:

      бірінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:

      "5. Тасымалдаушы немесе осы Кодекстің 149-бабында көрсетілген өзге де тұлғалар теміржол көлігімен тасымалданатын тауарларды қоспағанда, тауарлардың келуі туралы хабардар еткен кезден бастап кеден органының жұмыс уақытының үш сағаты ішінде:";

      мынадай мазмұндағы бөлікпен толықтырылсын:

      "Теміржол көлігімен тасымалданатын тауарларға қатысты, осы тармақтың бірінші бөлігінде көзделген кедендік операциялар станцияның технологиялық процесінде белгіленген, кедендік бақылауды жүзеге асыратын кеден органымен келісілген мерзімде олардың келген жерінде жүзеге асырылады.";

      23) 166-баптың 4-тармағы мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:

      "Кеден органдарының ақпараттық жүйесі арқылы өтінішті берген жағдайда өз тауарларын сақтау қоймалары иелерінің тізіліміне енгізу туралы шешім осындай ақпараттық жүйеде қалыптасады және өз тауарларын сақтау қоймалары иелерінің тізіліміне мәліметтер жарияланған күннен бастап күшіне енеді. Мұндай жағдайда бұйрықты ресімдеу талап етілмейді.";

      24) 168-бапта:

      2-тармақ мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:

      "Кеден органдарының ақпараттық жүйесі арқылы осындай тоқтата тұру туралы шешім қалыптасқан жағдайда, осындай тоқтата тұрудың себептері көрсетіле отырып, өз тауарларын сақтау қоймалары иелерінің тізілімінде мәліметтер жарияланған күннен бастап күшіне енеді. Мұндай жағдайда бұйрықты ресімдеу талап етілмейді.";

      4-тармақ мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:

      "Осы баптың 1-тармағының 2) тармақшасында белгіленген негіз бойынша өз тауарларын сақтау қоймасы иесінің қызметі өз тауарларын сақтау қоймалары иелерінің тізіліміне енгізілген тұлғаның қызметін тоқта тұруға әкеп соққан себептерді жою үшін қажет, бірақ күнтізбелік алпыс күннен аспайтын мерзімге тоқтатыла тұрады.";

      мынадай мазмұндағы 5-тармақпен толықтырылсын:

      "5. Өз тауарларын сақтау қоймасының иесі өзінің қызметін қайта бастау үшін заңды тұлғаны өз тауарларын сақтау қоймасы иелерінің тізіліміне енгізген кеден органына өз тауарларын сақтау қоймасы иесінің қызметін тоқтата тұруға алып келген себептердің жойылғанын растайтын құжаттарды қоса бере отырып, жазбаша немесе электрондық нысанда өтініш ұсынады.

      Өз тауарларын сақтау қоймасының иесі ретіндегі қызметті заңды тұлғаны өз тауарларын сақтау қоймасы иелерінің тізіліміне енгізген аумақтық кеден органы өз тауарларын сақтау қоймасы иесінің қызметін тоқтата тұруға алып келген себептер жойылған кезде аталған тұлғаның өтініші аумақтық кеден органында тіркелген күннен бастап бес жұмыс күні ішінде аумақтық кеден органы басшысының не оны алмастыратын адамның не аумақтық кеден органы басшысы орынбасарының бұйрығы негізінде қайта бастайды.

      Кеден органдарының ақпараттық жүйесі арқылы осындай қайта бастау туралы шешім қалыптасқан жағдайда өз тауарларын сақтау қоймасы иелерінің тiзілімінде мәліметтер жарияланған күннен бастап күшіне енеді. Мұндай жағдайда бұйрықты ресімдеу талап етілмейді.

      Осы баптың 1-тармағының 1) тармақшасында көзделген өз тауарларын сақтау қоймасы иесінің қызметі тоқтатыла тұрған жағдайда, өз тауарларын сақтау қоймасы иесінің қызметін қайта бастау үшін негіз осы баптың 3-тармағында белгіленген мерзім өткенге дейін берген қызметті қайта бастау туралы жазбаша немесе электрондық нысандағы өтініші болып табылады.";

      мынадай мазмұндағы 6-тармақпен толықтырылсын:

      "6. Өз тауарларын сақтау қоймасы иесінің қызметін қайта бастау туралы өтінішті қарау кезінде аумақтық кеден органы өз тауарларын сақтау қоймасы иесінің қызметін тоқтата тұруға алып келген себептердің жойылғанын растайтын құжаттарды тексереді, сондай-ақ осы баптың 1-тармағының 1) тармақшасына сәйкес мұндай қызметті тоқтата тұруға әкеп соққан себептердің жойылғанын растау мақсатында өтініш иесінің үй-жайлары мен аумақтарын кедендік қарап-тексеруді жүргізеді, сондай-ақ мәлімделген мәліметтерді растайды.";

      25) 169-бапта:

      2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "2. Өз тауарларын сақтау қоймалары иелерінің тізілімінен шығару туралы шешім аумақтық кеден органы басшысының не оны алмастыратын адамның не қызмет аймағында қойма құрылған аумақтық кеден органы басшысы орынбасарының бұйрығымен осындай тоқтатудың себептері көрсетіле отырып ресімделеді.

      Кеден органдарының ақпараттық жүйесі арқылы өз тауарларын сақтау қоймалары иелерінің тізілімінен шығару туралы шешім қалыптасқан жағдайда, мұндай шешім шығару себептері көрсетіле отырып, өз тауарларын сақтау қоймалары иелерінің тізілімінен шығару туралы мәліметтер жарияланған күннен бастап күшіне енеді. Бұйрықты ресімдеу бұл жағдайда талап етілмейді.

      Бұйрық қабылданған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде мұндай ақпарат кеден органдарының ақпараттық жүйесі арқылы қалыптасатын жағдайларды қоспағанда, тиісті ақпарат жазбаша нысанда иесінің назарына жеткізіледі.";

      3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "3. Тұлғаны өз тауарларын сақтау қоймалары иелерінің тізілімінен шығарған кезде, оларда сақталатын тауарлар бұйрық қабылданған күннен бастап немесе осы баптың 2-тармағында айқындалған өз тауарларын сақтау қоймалары иелерінің тізілімінде мәліметтер жарияланған күннен бастап күнтізбелік отыз күннен кешіктірілмей уақытша сақтау қоймасында орналастырылуға не осы Кодексте көзделген кедендік рәсімдерге орналастырылуға тиіс.";

      26) 202-бапта:

      3-тармақта "Шартты шығаруға жол берілмейтін" деген сөздердің алдында "осы баптың 1-тармағының 2) тармақшасына сәйкес" деген сөздермен толықтырылсын;

      9-тармақтың 1) тармақшасында "3" деген цифр "4" деген цифрмен ауыстырылсын;

      27) 253-баптың 6-тармағының бірінші бөлігінде "Еуразиялық экономикалық одақтың" деген сөздер алып тасталсын;

      28) 264-баптың 9-тармағының бірінші бөлігінде "қайта өңдеу мерзімі аяқталған" деген сөздер "кеден аумағынан тыс қайта өңдеу кедендік рәсімінің қолданыс мерзімі өткен" деген сөздермен ауыстырылсын;

      29) 277-баптың 5-тармағының бірінші бөлігінде "қайта өңдеу мерзімі аяқталған" деген сөздер "ішкі тұтыну үшін қайта өңдеу кедендік рәсімінің қолданыс мерзімі өткен" деген сөздермен ауыстырылсын;

      30) 416-бап мынадай мазмұндағы 3-1-тармақпен толықтырылсын:

      "3-1. Кедендік тексеру тәуекелдерді басқару жүйесінің нәтижелері негізінде жүргізілуі мүмкін.

      Тауарлар шығарылғаннан кейін кедендік бақылау объектісін таңдауға арналған тәуекелдерді басқару жүйесін қолдану тәртібін уәкілетті орган бекітеді.";

      31) 417-бапта:

      3-тармақ мынадай мазмұндағы 2-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "2-1) тәуекелдерді басқару жүйесінің нәтижелері;";

      6-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "Кедендік декларацияда мәлімделген мәліметтерді растайтын құжаттар болмаған кезде кедендік баждардың, салықтардың сомаларын кеден органы кедендік баждар, салықтар мөлшерлемелерінің неғұрлым жоғары шамасын, кеден органының қолда бар мәліметтері негізінде айқындалуы мүмкін тауарлардың құнын және (немесе) олардың заттай мәндегі нақты сипаттамасын (санын, массасын, көлемін немесе өзге сипаттамаларын) негізге ала отырып айқындайды.";

      32) 418-бапта:

      2-тармақ мынадай мазмұндағы 3) тармақшамен толықтырылсын:

      "3) кешенді көшпелі кедендік тексеру.";

      мынадай мазмұндағы 10-1-тармақпен толықтырылсын:

      "10-1. Кешенді көшпелі кедендік тексеру тәуекелдерді басқару жүйесі негізінде жүргізіледі.

      Кешенді көшпелі кедендік тексерулер жүргізу графигі кешенді көшпелі кедендік тексерулерді тағайындау үшін негіз болып табылады.

      Тәуекелдерді басқару жүйесі негізінде тексерілетін тұлғаға қатысты жүргізілетін кешенді көшпелі кедендік тексерулерді жүргізудің кезеңділігі бір жылда бір реттен аспауға тиіс.

      Уәкілетті орган интернет-ресурста:

      осы Кодекстің 452-бабына сәйкес құпия болып табылатын тәуекелдерді басқарудың аталған жүйесінде қамтылған ақпаратты қоспағанда, тауарлар шығарылғаннан кейін кедендік бақылау объектісін тандауға арналған тәуекелдерді басқару жүйесін қолданудың тәртібін;

      кешенді көшпелі кедендік тексерулерді жүргізудің графигі бекітілген кезден бастап он бес жұмыс күнінен кешіктірмей орналастырады.";

      33) 452-баптың 2-тармағы мынадай мазмұндағы бөлікпен толықтырылсын:

      "Құпия ақпарат болып табылмайтын өлшемшарттар бойынша кедендік операцияларды жасайтын тұлғаларды санатқа бөлу тәртібін уәкілетті орган айқындайды.";

      34) 461-бапта:

      3-тармақтың 3) тармақшасы алып тасталсын;

      мынадай мазмұндағы 3-1-тармақпен толықтырылсын:

      "3-1. Құқық иеленуші немесе құқық иеленушінің мүдделерін білдіретін өзге тұлға зияткерлік меншiк объектiлерiн зияткерлік меншiк объектiлерiнің кедендік тiзiлiміне енгізу туралы өтінішті электрондық құжат түрінде беруге құқылы.";

      4-тармақтың алтыншы абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "өтініш иесінің басқа тұлғаларға зиян келтіргені үшін жауапкершілігін сақтандыру шарты қоса беріледі.

      Өтінішті кеден органдарының ақпараттық жүйесі арқылы беру үшін осындай шарт электрондық нысанда жасалады.";

      мынадай мазмұндағы 4-1-тармақпен толықтырылсын:

      "4-1. Осы баптың 4-тармағында көзделген құжаттарда қамтылған ақпаратты мемлекеттік органдардың (ұйымдардың) ақпараттық жүйелерінен және (немесе) мәліметтер нысанынан алу мүмкін болған жағдайда, мұндай құжаттарды ұсыну талап етілмейді.";

      6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "6. Өтінішке қоса берілетін құжаттар уәкілетті органға қағаз жеткізгіште және (немесе) электрондық нысанда беріледі.";

      7-тармақта:

      төртінші бөліктегі "бұйрығымен ресiмделедi" деген сөздер "немесе уәкілетті орган басшысы орынбасарының не оны алмастыратын адамның бұйрығымен ресiмделедi және бұйрық қабылданған күнінен бастап күшіне енеді." деген сөздермен ауыстырылсын;

      мынадай мазмұндағы бесінші бөлікпен толықтырылсын:

      "Өтініш кеден органдарының ақпараттық жүйесі арқылы берілген жағдайда, зияткерлік меншiк объектiлерін кедендік тiзілімге енгізу туралы шешім осындай ақпараттық жүйеде қалыптастырылады және мәліметтер зияткерлік меншiк объектiлерінің кедендік тiзілімде жарияланған күннен бастап күшіне енеді. Мұндай жағдайда бұйрықты ресімдеу талап етілмейді.";

      35) 463-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "2. Уәкілетті органның зияткерлік меншiк объектiлерін кедендік тiзілімнен алып тастау туралы шешiмi уәкілетті орган басшысының не уәкілетті органының оны алмастыратын уәкілетті орынбасарының бұйрығымен ресімделеді және бұйрық қабылданған күннен бастап күшіне енеді.

      Зияткерлік меншiк объектiлерін кедендік тiзілімнен алып тастау туралы шешiм кеден органдарының ақпараттық жүйесі арқылы қалыптастырылған жағдайда, мұндай шешім алып тастау себептер көрсетіле отырып, зияткерлік меншік объектілерін кедендік тізілімнен алып тастау туралы мәліметтер жарияланған күннен бастап күшіне енеді. Мұндай жағдайда бұйрықты ресімдеу талап етілмейді.";

      36) 486-бапта:

      13-тармақтың бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      13. Егер кеден өкілі және (немесе) кедендік тасымалдаушы ретінде қызметті жүзеге асыратын (қызметті жүзеге асыруға үміткер) заңды тұлға бір мезгілде уәкілетті экономикалық оператор болып табылса (уәкілетті экономикалық операторлардың тізіліміне енгізуге үміткер болса), кеден ісі саласындағы қызметті жүзеге асыратын заңды тұлға міндеттерінің орындалуын қамтамасыз ету және (немесе) уәкілетті экономикалық оператор міндеттерінің орындалуын қамтамасыз ету заңды тұлға:

      4) кеден өкілдерінің тізіліміне, кедендік тасымалдаушылардың тізілімі мен уәкілетті экономикалық операторлардың тізіліміне енгізілген кезде осы Кодекстің 489-бабының 2) тармақшасына, 496-бабының 1-тармағы 2) тармақшасына және 535-бабының 10, 11, 12, 13, 14, 15, 16, 17, 18 және 19-тармақтарына сәйкес айқындалған қамтамасыз етулердің бірінің ең жоғары сомасы мөлшерінде беріледі.

      15-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "15. Кеден ісі саласындағы қызметті жүзеге асыратын тұлғалар кедендік баждарды, салықтарды, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждарын төлеу бойынша міндетті орындамаған жағдайда, кеден органы екінші деңгейдегі банкке және (немесе) кепілгерге және (немесе) сақтандыру ұйымына кедендік баждардың, салықтардың, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждарының, өсімпұлдардың, пайыздардың тиесілі сомаларын төлеу туралы талапты банк кепілдігінде және (немесе) кепілгерлік шартында және (немесе) сақтандыру шартында көзделген, кедендік баждарды, салықтарды, арнайы, демпинге қарсы, өтемақы баждарын төлеу бойынша міндетті орындау мерзімдері аяқталғаннан кейін бес жұмыс күні ішінде жібереді. Бұл ретте кедендік баждарды, салықтарды, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждарын төлеу бойынша міндетті орындау мерзімдері аяқталған күннен кейінгі күннен бастап өсімпұл есепке жазылады.

      Кеден органының кедендік баждардың, салықтардың, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждарының, өсімпұлдардың, пайыздардың тиесілі сомаларын төлеу жөніндегі талабын:

      мұндай талапты алған күннен бастап екі жұмыс күні ішінде – екінші деңгейдегі банктің;

      мұндай талапты алған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде – кепілгердің;

      мұндай талапты алған күннен бастап екі жұмыс күні ішінде – сақтандыру ұйымының бұлжытпай және міндетті орындауына жатады.

      Екінші деңгейдегі банк, сақтандыру ұйымы көрсетілген талапты орындамаған немесе орындау мерзімдерін бұзған кезде Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жауаптылықта болады.

      Кепілгер кедендік әкелу баждарын төлеуді кейінге қалдырғаны немесе бөліп төлегені үшін мұндай пайыздар есепке жазылған жағдайда, өсімпұлдар, пайыздар төлеуді қоса алғанда, төлеуші сияқты көлемде кеден органы алдында жауапты болады.

      Кепіл нысанасына өндіріп алуды қолдану Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына сәйкес жүргізіледі.";

      37) 489-бап мынадай мазмұндағы 5) тармақшамен толықтырылсын:

      "5) кеден өкілдерінің тізіліміне қосылуға үміткер заңды тұлғаның басшылары болып табылатын жеке тұлғаларын 1997 жылғы 16 шілдедегі Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 190, 192-1, 193, 209, 213, 214, 218, 233, 233-1, 250, 259, 311 және 312 - баптарына, сондай-ақ 2014 жылғы 3 шілдедегі Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 214, 216, 218, 234, 235, 236, 241, 245, 255, 256, 286, 297, 366 және 367 - баптарына сәйкес жойылмаған сотталғандығының болмауы.";

      38) 490-бапта:

      2-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "2) азаматтық-құқықтық жауапкершілікті сақтандыру шарты.

      Өтінішті кеден органдарының ақпараттық жүйесі арқылы беру үшін осындай шарт электрондық нысанда жасалады.";

      3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "3. Осы баптың 2-тармағында көзделген құжаттарда қамтылған ақпаратты мемлекеттік органдардың (ұйымдардың) ақпараттық жүйелерінен және (немесе) мәліметтер нысанынан алу мүмкін болған жағдайда, мұндай құжаттарды ұсыну талап етілмейді.";

      5-тармақ мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:

      "Өтініш кеден органдарының ақпараттық жүйесі арқылы берілген жағдайда, кеден өкілдерінің тізіліміне енгізу туралы шешім осындай ақпараттық жүйеде қалыптастырылады және мәліметтер кеден өкілдерінің тiзілімінде жарияланған күннен бастап күшіне енеді. Мұндай жағдайда бұйрықты ресімдеу талап етілмейді.";

      39) 491-бапта:

      1-тармақта:

      1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "1) кеден өкілі ретінде қызметін тоқтата тұру туралы кеден өкілінің жазбаша немесе электрондық нысанда берілген өтініші;";

      3) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "3) осы Кодекстің 494-бабы 1-тармағының 4) тармақшасында көзделген міндет осы Кодекстің 86-бабының 4-тармағына, 137-бабының 4-тармағына және 353-бабының 4-тармағына сәйкес кеден органы жіберген хабарламада көрсетілген мерзімде орындамалған не тиісінше орындалмаған кезде;";

      3-тармақ мынадай мазмұндағы үшінші бөлікпен толықтырылсын:

      "Осындай тоқтата тұру туралы шешiм кеден органдарының ақпараттық жүйесі арқылы қалыптастырылған жағдайда, шешім мұндай тоқтата тұру себебі көрсетіле отырып, кеден өкілдерінің тiзілімінде мәліметтер жарияланған күннен бастап күшіне енеді. Мұндай жағдайда бұйрықты ресімдеу талап етілмейді.";

      4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "4. Осы баптың 3-тармағында көзделген бұйрық қабылданған күннен бастап немесе мәліметтер кеден өкілдерінің тiзілімінде жарияланған күннен бастап заңды тұлғаның кеден өкілі ретінде қызметті жүзеге асыруына жол берілмейді.";

      5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "5. Кеден өкілі өзінің қызметін қайта бастау үшін уәкілетті органға кеден өкілінің қызметін тоқтата тұруға әкеп соққан себептердің жойылғанын растайтын құжаттарды қоса бере отырып, жазбаша немесе электрондық нысанда өтініш ұсынады.

      Кеден өкілі ретіндегі қызмет кеден өкілінің қызметін тоқтата тұруға әкеп соққан себептер жойылған кезде аталған тұлғаның өтініші уәкілетті органда тіркелген күннен бастап бес жұмыс күні ішінде уәкілетті орган басшысының не оны алмастыратын адамның не уәкілетті орган басшысы орынбасарының бұйрығымен қайта басталады.

      Кеден органдарының ақпараттық жүйесі арқылы осындай қайта бастау туралы шешім қалыптасқан жағдайда, осындай шешім кеден өкілдерінің тiзілімінде мәліметтер жарияланған күннен бастап күшіне енеді. Мұндай жағдайда бұйрықты ресімдеу талап етілмейді.

      Осы баптың 1-тармағының 1) тармақшасында көзделген кеден өкілінің қызметі тоқтатыла тұрған жағдайда, кеден өкілінің осы баптың 2-тармағының бірінші бөлігінде белгіленген мерзім өткенге дейін берген кеден өкілі ретінде қызметті қайта бастау туралы жазбаша немесе электрондық нысанда өтініші кеден өкілінің қызметін қайта бастау үшін негіз болып табылады.";

      40) 492-бапта:

      1-тармақтың 7) және 8) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:

      "7) кеден өкілін күнтізбелік бір жыл ішінде Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 536 және 551-баптарына сәйкес әкімшілік құқық бұзушылықтары үшін екі реттен көп әкімшілік жауаптылыққа тарту;

      8) кеден өкілі ретіндегі қызмет шеңберінде кеден өкілінің басшылары болып табылатын жеке тұлғаларды 1997 жылғы 16 шілдедегі Казақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 190, 192-1, 193, 209, 213, 214, 218, 233, 233-1, 250, 259, 311 және 312 - баптарына, сондай-ақ 2014 жылғы 3 шілдедегі Казақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 214, 216, 218, 234, 235, 236, 241, 245, 255, 256, 286, 297, 366 және 367 - баптарына сәйкес қылмыстық жауаптылыққа тарту туралы сот шешімінің заңды күшіне енуі.";

      2-тармақ мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:

      "Кеден органдарының ақпараттық жүйесі арқылы кеден өкілдерінің тізілімінен шығару туралы шешім қалыптасқан жағдайда, осындай шешім себептерін көрсетіле отырып, кеден өкілдерінің тiзілімінде мәліметтер жарияланған күннен бастап күшіне енеді. Мұндай жағдайда бұйрықты ресімдеу талап етілмейді.";

      мынадай мазмұндағы 5-тармақпен толықтырылсын:

      "5. Осы баптың 2-тармағында көзделген бұйрықты қабылдаған күннен немесе кеден өкілдерінің тiзілімінде мәліметтер жарияланған күннен бастап, заңды тұлғаға кеден өкілі ретінде қызметті жүзеге асыруға жол берілмейді.";

      41) 495-баптың 3-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "3. Аумақтық кеден органдары ақпарат кеден органдарының ақпараттық жүйесі арқылы қалыптасқан кездегі жағдайларды қоспағанда, кедендік тасымалдаушылардың тізіліміне енгізу туралы ақпаратты, сондай-ақ тиісті қызметті тоқтата тұру, қайта бастау немесе аталған тұлғаларды тізілімнен алып тастау туралы деректерді уәкілетті органға жібереді.";

      42) 496-баптың 1-тармағы мынадай мазмұндағы 9) тармақшамен толықтырылсын::

      "9) кедендік тасымалдаушылардың тізіліміне қосылуға үміткер заңды тұлғаның басшылары болып табылатын жеке тұлғаларын 1997 жылғы 16 шілдедегі Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 190, 192-1, 193, 209, 213, 214, 218, 233, 233-1, 250, 259, 311 және 312 - баптарына, сондай-ақ 2014 жылғы 3 шілдедегі Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 214, 216, 218, 234, 235, 236, 241, 245, 255, 256, 286, 297, 366 және 367-баптарына сәйкес жойылмаған сотталғандығының болмауы.";

      43) 497-бапта:

      2-тармақтың алтыншы абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "Осы тармақтың бірінші бөлігінде көзделген құжаттарды ұсыну оларда қамтылған ақпаратты мемлекеттік ақпараттық жүйеден және (немесе) мәліметтер нысанынан алуға мүмкін болған жағдайда талап етілмейді.";

      4-тармақ мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:

      "Кеден органдарының ақпараттық жүйесі арқылы өтініш берілген жағдайда кедендік тасымалдаушылардың тізіліміне енгізу туралы шешім, осындай ақпараттық жүйеде ресімделеді және кедендік тасымалдаушылардың тізілімінде мәліметтер жарияланған күннен бастап күшіне енеді. Мұндай жағдайда бұйрықты ресімдеу талап етілмейді.";

      44) 498-бапта:

      3-тармақ мынадай мазмұндағы үшінші бөлікпен толықтырылсын:

      "Кеден органдарының ақпараттық жүйе арқылы осындай тоқтата тұру туралы шешім қалыптасқан жағдайда, тоқтата тұру себептерін көрсете отырып, кедендік тасымалдаушылардың тізілімінде мәліметтер жарияланған күннен бастап күшіне енеді. Мұндай жағдайда бұйрықты ресімдеу талап етілмейді.";

      4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "4. Осы баптың 3-тармағында көзделген бұйрық қабылданған немесе кеден тасымалдаушылардың тізілімінде мәліметтер жарияланған күннен бастап заңды тұлғаның кедендік тасымалдаушы ретінде қызметті жүзеге асыруына жол берілмейді.";

      5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "5. Кедендік тасымалдаушы өзінің қызметін қайта бастау үшін заңды тұлғаны кедендік тасымалдаушылардың тізіліміне енгізген аумақтық кеден органына кедендік тасымалдаушының қызметін тоқтата тұруға алып келген себептердің жойылғанын растайтын құжаттарды қоса бере отырып, жазбаша немесе электрондық нысанда өтініш ұсынады.

      Кедендік тасымалдаушының қызметін кедендік тасымалдаушының қызметін тоқтата тұруға алып келген себептер жойылған кезде аталған тұлғаның өтініші аумақтық кеден органында тіркелген күннен бастап бес жұмыс күні ішінде, аумақтық кеден органы басшысының не оны алмастыратын адамның не аумақтық кеден органы басшысы орынбасарының бұйрығы негізінде заңды тұлғаны кедендік тасымалдаушылардың тізіліміне енгізген аумақтық кеден органы қайта бастайды.

      Кеден органдарының ақпараттық жүйсіе арқылы осындай қайта бастау туралы шешім қалыптасқан жағдайда, кедендік тасымалдаушылардың тiзілімінде мәліметтер жарияланған күннен бастап күшіне енеді. Мұндай жағдайда бұйрықты ресімдеу талап етілмейді.

      Осы баптың 1-тармағының 1) тармақшасында көзделген кедендік тасымалдаушының қызметі тоқтатыла тұрған жағдайда, кедендік тасымалдаушының осы баптың 2-тармағының бірінші бөлігінде белгіленген мерзім өткенге дейін берген кедендік тасымалдаушының қызметін қайта бастау туралы жазбаша немесе электрондық нысандағы өтініші кедендік тасымалдаушының қызметін қайта бастау үшін негіз болып табылады.";

      45) 499-бапта:

      1- тармақтың 8) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "8) кедендік тасымалдаушы ретіндегі қызмет шеңберінде кедендік тасымалдаушылардың басшылары болып табылатын жеке тұлғаларды 1997 жылғы 16 шілдедегі Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 190, 192-1, 193, 209, 213, 214, 218, 233, 233-1, 250, 259, 311 және 312 - баптарына, сондай-ақ 2014 жылғы 3 шілдедегі Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 214, 216, 218, 234, 235, 236, 241, 245, 255, 256, 286, 297, 366 және 367 - баптарына сәйкес қылмыстық жауаптылыққа тарту туралы сот шешімінің заңды күшіне енуі.";

      2-тармақ мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:

      "Кеден органдарының ақпараттық жүйелері арқылы кедендік тасымалдаушылар тізілімінен шығару туралы шешім қалыптасқан жағдайда, осындай шешім себептерін көрсете отырып, кедендік тасымалдаушылар тізілімінен шығару туралы мәліметтер жарияланған күннен бастап күшіне енеді. Мұндай жағдайда бұйрықты ресімдеу қажет етілмейді.";

      мынадай мазмұндағы 5-тармақпен толықтырылсын:

      "5. Бұйрықты қабылдаған күннен бастап немесе осы баптың
2-тармағында көзделген кедендік тасымалдаушылар тiзілімінде мәліметтер жарияланған күннен бастап, заңды тұлғаның кеден тасымалдаушы ретінде қызметін жүзеге асыруға жол берілмейді.";

      46) 503-баптың 1-тармағы мынадай мазмұндағы 6) тармақшамен толықтырылсын:

      "6) уақытша сақтау қоймасының иелерінің тізіліміне қосылуға үміткер заңды тұлғаның басшылары болып табылатын жеке тұлғаларын 1997 жылғы 16 шілдедегі Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 190, 192-1, 193, 209, 213, 214, 218, 233, 233-1, 250, 259, 311 және 312 – баптарына, сондай-ақ 2014 жылғы 3 шілдедегі Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 214, 216, 218, 234, 235, 236, 241, 245, 255, 256, 286, 297, 366 және 367 - баптарына сәйкес жойылмаған сотталғандығының болмауы.";

      47) 504-бапта:

      1-тармақта "Уақытша" деген сөз "Электрондық нысанда жасалатын, уақытша" деген сөздермен ауыстырылсын;

      4-тармақ мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:

      "Кеден органдарының ақпараттық жүйесі арқылы өтініш берілген жағдайда, уақытша сақтау қоймалары иелерінің тізіліміне енгізу туралы шешім осындай ақпараттық жүйеде қалыптастырылады және уақытша сақтау қоймалары иелерінің тізілімінде мәліметтер жарияланған күннен бастап күшіне енеді. Мұндай жағдайда бұйрықты ресімдеу қажет етілмейді.";

      48) 505-бапта:

      1-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1) уақытша сақтау қоймасы иесінің уақытша сақтау қоймасы қызметін тоқтата тұру туралы себептерін көрсеткен жазбаша немесе электрондық нысандағы өтініші бойынша";

      3-тармақ мынадай мазмұндағы үшінші бөлікпен толықтырылсын:

      "Кеден органдарының ақпараттық жүйесі арқылы мұндай тоқтата тұру туралы шешім қалыптасқан жағдайда, мұндай тоқтата тұрудың себептерін көрсете отырып, шешім уақытша сақтау қоймалары иелерінің тізілімінде мәліметтер жарияланған күннен бастап күшіне енеді. Мұндай жағдайда бұйрықты ресімдеу қажет етілмейді.";

      4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "4. Осы баптың 3-тармағында көзделген бұйрық қабылданған күннен бастап немесе уақытша сақтау қоймалары иелерінің тізіліміндегі мәліметтер жарияланған күннен бастап тауарларды уақытша сақтау қоймасына орналастыруға жол берілмейді.";

      6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "6. Уақытша сақтау қоймасының иесі өзінің қызметін қайта бастау үшін заңды тұлғаны уақытша сақтау қоймалары иелерінің тізіліміне енгізген кеден органына уақытша сақтау қоймасы иесінің қызметін тоқтата тұруға алып келген себептердің жойылғанын растайтын құжаттарды қоса бере отырып, жазбаша немесе электрондық нысанда өтініш ұсынады.

      Уақытша сақтау қоймасының иесі қызметті уақытша сақтау қоймасы иесінің қызметін тоқтата тұруға алып келген себептер жойылған кезде аталған тұлғаның өтініші аумақтық кеден органында тіркелген күннен бастап бес жұмыс күні ішінде аумақтық кеден органы басшысының не оны алмастыратын адамның не аумақтық кеден органы басшысы орынбасарының бұйрығы негізінде заңды тұлғаны уақытша сақтау қоймалары иелерінің тізіліміне енгізген аумақтық кеден органы қайта бастайды.

      Кеден органдарының ақпараттық жүйесі арқылы осындай қайта бастау туралы шешім қалыптасқан жағдайда, уақытша сақтау қоймасы иелерінің тiзілімінде мәліметтер жарияланған күннен бастап күшіне енеді. Мұндай жағдайда бұйрықты ресімдеу қажет етілмейді.

      Осы баптың 1-тармағының 1) тармақшасында көзделген уақытша сақтау қоймасы иесінің қызметі тоқтатыла тұрған жағдайда, уақытша сақтау қоймасы иесінің осы баптың 2-тармағының бірінші бөлігінде белгіленген мерзім өткенге дейін берген уақытша сақтау қоймасының иесі ретінде қызметті қайта бастау туралы жазбаша немесе электрондық нысанда өтініші уақытша сақтау қоймасы иесінің қызметін қайта бастау үшін негіз болып табылады.

      Кеден қоймасы иесінің қызметі осы Кодекстің 515-бабы 1-тармағының
6) және 7) тармақшаларында көзделген міндеттемелерді орындамау салдарынан тоқтатыла тұрған жағдайда, кеден қоймасы иесінің қызметін тоқтата тұру туралы бұйрық қабылданған күнінен бастап күнтізбелік он күннен кейін немесе кеден қоймалары иелерінің тізілімінде мәліметтер жарияланған күннен бастап кеден қоймасы иесінің қызметі қайта басталады.";

      7-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "7. Уақытша сақтау қоймасы иесінің қызметті қайта бастау туралы өтінішін қарау кезінде аумақтық кеден органы уақытша сақтау қоймасы иесінің иесінің қызметін тоқтата тұруға алып келген себептердің жойылғанын растайтын құжаттарды тексереді, сондай-ақ осы баптың 1-тармағының 1) тармақшасына сәйкес мәлімделген мәліметтерді растау мұндай қызметті тоқтата тұруға алып келген себептердің жойылғанын растау мақсатында өтініш иесінің үй-жайлары мен аумақтарын кедендік қарап-тексеруді жүргізеді.";

      49) 506-бапта:

      1- тармақтың 8) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "8) уақытша сақтау қоймасының иесі ретіндегі қызмет шеңберінде уақытша сақтау қоймасы иесінің басшылары болып табылатын жеке тұлғаларды 1997 жылғы 16 шілдедегі Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 190, 192-1, 193, 209, 213, 214, 218, 233, 233-1, 250, 259, 311 және 312-баптарына, сондай-ақ 2014 жылғы 3 шілдедегі Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 214, 216, 218, 234, 235, 236, 241, 245, 255, 256, 258, 286, 297, 366 және 367-баптарына сәйкес қылмыстық жауаптылыққа тарту туралы сот шешімінің заңды күшіне енуі.";

      506-баптың 2-тармағы мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:

      "Кеден органдарының ақпараттық жүйесі арқылы уақытша сақтау қоймалары иелерінің тізілімінен шығару туралы шешімдер қалыптасқан жағдайда, мұндай шешімнің себептерін көрсете отырып, уақытша сақтау қоймалары иелерінің тізілімінен шығару туралы мәліметтер жарияланған күннен бастап күшіне енеді. Мұндай жағдайда бұйрықты ресімдеу қажет етілмейді.";

      50) 508-баптың 4-тармағындағы "енгізу туралы" деген сөздер "енгізу туралы ақпарат кеден органдарының ақпараттық жүйелері арқылы қалыптастырылатын жағдайларды қоспағанда, осындай ақпаратты," деген сөздермен ауыстырылсын;

      51) 510-баптың 1-тармағы мынадай мазмұндағы 6) тармақшамен толықтырылсын:

      "6) кеден қоймалары иелерінің тіліміне қосылуға үміткер заңды тұлғаның басшылары болып табылатын жеке тұлғаларын 1997 жылғы 16 шілдедегі Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 190, 192-1, 193, 209, 213, 214, 218, 233, 233-1, 250, 259, 311 және 312 - баптарына, сондай-ақ 2014 жылғы 3 шілдедегі Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 214, 216, 218, 234, 235, 236, 241, 245, 255, 256, 286, 297, 366 және 367 - баптарына сәйкес жойылмаған сотталғандығының болмауы.";

      52) 511-бапта:

      1-тармақтағы "жауапкершілігін" деген сөз "жауапкершілігін электрондық нысанда жасасқан" деген сөздермен ауыстырылсын;

      4-тармақ мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:

      "Кеден органдарының ақпараттық жүйесі арқылы өтініш берілген жағдайда, кеден қоймалары иелерінің тізіліміне енгізу туралы шешім осындай ақпараттық жүйеде қалыптастырылады және кеден қоймалары иелерінің тізілімінде мәліметтер жарияланған күннен бастап күшіне енеді. Мұндай жағдайда бұйрықты ресімдеу қажет етілмейді.";

      53) 512-бапта:

      1-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1) кеден қоймасы иесінің кеден қоймасының қызметін тоқтата тұру себептерін көрсеткен жазбаша немесе электрондық нысандағы өтініші бойынша;";

      3-тармақ мынадай мазмұндағы үшінші бөлікпен толықтырылсын:

      "Кеден органдарының ақпараттық жүйесі арқылы мұндай тоқтата тұру туралы шешім қалыптасқан жағдайда, мұндай тоқтата тұрудың себебі көрсетіле отырып, кеден қоймасы иелерінің тізілімінде мәліметтер жарияланған күннен бастап шешім күшіне енеді. Мұндай жағдайда бұйрықты ресімдеу қажет етілмейді.";

      4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "4. Осы баптың 3-тармағында көзделген бұйрық қабылданған күннен бастап немесе кеден қоймалары иелеренің тізілімінде мәліметтер жарияланған күннен бастап тауарларды кеден қоймасына орналастыруға жол берілмейді.";

      6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "6. Кеден қоймасының иесі өзінің қызметін қайта бастау үшін заңды тұлғаны кеден қоймалары иелерінің тізіліміне енгізген аумақтық кеден органына кеден қоймасы иесінің қызметін тоқтата тұруға алып келген себептердің жойылғанын растайтын құжаттарды қоса бере отырып, жазбаша немесе электрондық нысанда өтініш береді.

      Кеден қоймасының иесі ретіндегі қызметті кеден қоймасы иесінің қызметін тоқтата тұруға алып келген себептер жойылған кезде аталған тұлғаның өтініші аумақтық кеден органында тіркелген күннен бастап бес жұмыс күні ішінде, аумақтық кеден органы басшысының не оны алмастыратын адамның не аумақтық кеден органы басшысы орынбасарының бұйрығы негізінде заңды тұлғаны кеден қоймалары иелерінің тізіліміне енгізген аумақтық кеден органы қайта бастайды.

      Кеден органдарының ақпараттық жүйесі арқылы осындай қайта бастау туралы шешім қалыптасқан жағдайда, кеден қоймалары иелерінің тiзілімінде мәліметттер жарияланған күннен бастап күшіне енеді. Мұндай жағдайда бұйрықты ресімдеу қажет етілмейді.

      Осы баптың 1-тармағының 1) тармақшасында көзделген кеден қоймасы иесінің қызметі тоқтатыла тұрған жағдайда, кеден қоймасы иесінің осы баптың 2-тармағының бірінші бөлігінде белгіленген мерзім өткенге дейін берген өзінің кеден қоймасының иесі ретінде қызметті қайта бастау туралы жазбаша немесе электрондық нысандағы өтініші кеден қоймасы иесінің қызметін қайта бастау үшін негіз болып табылады.

      Кеден қоймасы иесінің қызметі осы Кодекстің 514-бабы 1-тармағының 6) және 7) тармақшаларында көзделген міндеттерді орындамау салдарынан тоқтатыла тұрған жағдайда, кеден қоймасы иесінің қызметін тоқтата тұру туралы бұйрық қабылданған күннен бастап күнтізбелік он күннен кейін немесе кеден қоймалары иелерінің тізілімінде мәліметтер жарияланған күннен бастап кеден қоймасы иесінің қызметі қайта басталады.";

      7-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "7. Кеден қоймасы иесінің қызметті қайта бастау туралы өтінішін қарау кезінде аумақтық кеден органы кеден қоймасы иесінің қызметін тоқтата тұруға алып келген себептердің жойылғанын растайтын құжаттарды тексереді, сондай-ақ осы баптың 1-тармағының 1) тармақшасына сәйкес мәлімделген мәліметтерді растау, мұндай қызметті тоқтата тұруға алып келген себептердің жойылғанын растау мақсатында өтініш иесінің үй-жайлары мен аумақтарын кедендік қарап-тексеруді жүргізеді.";

      54) 513-бапта:

      1-тармақтың 8) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "8) кеден қоймасының иесі ретіндегі қызмет шеңберінде кеден қоймасы иесінің басшылары болып табылатын жеке тұлғаларды 1997 жылғы 16 шілдедегі Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 190, 192-1, 193, 209, 213, 214, 218, 233, 233-1, 250, 259, 311 және 312-баптарына, сондай-ақ 2014 жылғы 3 шілдедегі Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 214, 216, 218, 234, 235, 236, 241, 245, 255, 256, 286, 297, 366 и 367-баптарына сәйкес қылмыстық жауаптылыққа тарту туралы сот шешімінің заңды күшіне енуі.";

      513-баптың 2-тармағында "сондай-ақ" деген сөз "сондай-ақ мұндай шешім ақпараттық жүйе арқылы қабылдаған жағдайларды қоспағанда," деген сөздермен ауыстырылсын;

      55) 515-баптың 3-тармағында "деректерді" деген сөз "деректерді мұндай ақпарат кеден органдарының ақпараттық жүйесі арқылы қалыптасатын жағдайларды қоспағанда," деген сөздермен ауыстырылсын;

      56) 518-баптың 4-тармағын мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:

      "Кеден органдарының ақпараттық жүйесі арқылы өтініш берілген жағдайда еркін қоймалар иелерінің тізіліміне енгізу туралы шешім осындай ақпараттық жүйеде қалыптасады және еркін қоймалар иелерінің тізілімінде мәліметтер жарияланған күннен бастап күшіне енеді. Мұндай жағдайда бұйрықты ресімдеу қажет етілмейді.";

      57) 519-бапта:

      1-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1) еркін қойма иесінің еркін қойманың қызметін тоқтата тұру себептерін көрсеткен жазбаша немесе электрондық нысандағы өтініші бойынша;";

      3-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "Кеден органдарының ақпараттық жүйесі арқылы осындай тоқтата тұру туралы шешім қалыптасқан жағдайда, осындай тоқтата тұру себептерін көрсете отырып, еркін қойма иелерінің тізілімінде мәліметтер жарияланған күннен бастап күшіне енеді. Мұндай жағдайда бұйрықты ресімдеу қажет етілмейді.";

      4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "4. Осы баптың 3-тармағында көзделген немесе бұйрық қабылданған күннен бастап еркін қоймалар иелеренің тізілімінде мәліметтер жарияланған күннен бастап еркін қойма кедендік рәсімімен тауарларды еркін қоймаға орналастыруға жол берілмейді.";

      7-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "7. Еркін қойманың иесі өзінің қызметін қайта бастау үшін заңды тұлғаны еркін қоймалар иелерінің тізіліміне енгізген аумақтық кеден органына еркін қойма иесінің қызметін тоқтата тұруға алып келген себептердің жойылғанын растайтын құжаттарды қоса бере отырып, жазбаша немесе электрондық нысанда берілген өтініш ұсынады.

      Еркін қойманың иесі ретіндегі қызметті еркін қойма иесінің қызметін тоқтата тұруға алып келген себептер жойылған кезде аталған тұлғаның өтініші аумақтық кеден органында тіркелген күннен бастап бес жұмыс күні ішінде аумақтық кеден органы басшысының не оны алмастыратын адамның не аумақтық кеден органы басшысы орынбасарының бұйрығы негізінде заңды тұлғаны еркін қоймалар иелерінің тізіліміне енгізген аумақтық кеден органы қайта бастайды.

      Кеден органдарының ақпараттық жүйесі арқылы осындай қайта бастау туралы шешім қалыптасқан жағдайда, еркін қойма иелерінің тiзілімінде мәліметтер жарияланған күннен бастап күшіне енеді. Мұндай жағдайда бұйрықты ресімдеу қажет етілмейді.

      Осы баптың 1-тармағының 1) тармақшасында көзделген еркін қойма иесінің қызметі тоқтатыла тұрған жағдайда, еркін қойма иесінің осы баптың 2-тармағының бірінші бөлігінде белгіленген мерзім өткенге дейін берген еркін қойма иесі ретінде қызметті қайта бастау туралы жазбаша немесе электрондық нысанда берілген өтініші еркін қойма иесінің қызметін қайта бастау үшін негіз болып табылады.

      Еркін қойма иесінің қызметі осы Кодекстің 521-бабы 1-тармағының 5) және 6) тармақшаларында көзделген міндеттерді орындамау салдарынан тоқтатыла тұрған жағдайда, еркін қойма иесінің қызметін тоқтата тұру туралы бұйрық қабылданған күннен бастап күнтізбелік он күннен кейін немесе еркін қойма иесінің тізілімінде мәліметтер жарияланған кезден бастап қызметі қайта басталады.";

      8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "8. Еркін қойма иесінің қызметті қайта бастау туралы өтінішін қарау кезінде аумақтық кеден органы еркін қойма иесінің қызметін тоқтата тұруға алып келген себептердің жойылғанын растайтын құжаттарды тексереді, сондай-ақ осы баптың 1-тармағының 1) тармақшасына сәйкес мәлімделген мәліметтерді растау, мұндай қызметті тоқтата тұруға алып келген себептердің жойылғанын растау мақсатында өтініш иесінің үй-жайлары мен аумақтарына кедендік қарап-тексеру жүргізеді.";

      58) 520-бапта:

      1-тармақтың 7) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "7) еркін қойманың иесі ретіндегі қызмет шеңберінде еркін қойма иесінің басшылары болып табылатын жеке тұлғаларды 1997 жылғы 16 шілдедегі Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 190, 192-1, 193, 209, 213, 214, 218, 233, 233-1, 250, 259, 311 және 312-баптарына, сондай-ақ 2014 жылғы 3 шілдедегі Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 214, 216, 218, 234, 235, 236, 241, 245, 255, 256, 258 286, 297, 366 және 367-баптарына сәйкес қылмыстық жауаптылыққа тарту туралы сот шешімінің заңды күшіне енуі;";

      2-тармақ мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:

      "Кеден органдарының ақпараттық жүйесі арқылы еркін қоймалар иелерінің тізілімінен алып тастау туралы шешім қалыптастырылған жағдайда мұндай шешім еркін қоймалар иелерінің тізілімінен алып тастау себептері көрсетіле отырып, бұл туралы мәліметтер жарияланған күннен бастап күшіне енеді. Мұндай жағдайда бұйрықты ресімдеу талап етілмейді.";

      мынадай мазмұндағы 6-тармақпен толықтырылсын:

      "6. Бұйрық қабылданған күннен бастап немесе осы баптың 2-тармағында көзделген, еркін қоймалар иелерінің тізілімінде мәліметтер жарияланған күннен бастап заңды тұлғаның еркін қойма иесі ретінде қызметті жүзеге асыруына жол берілмейді.";

      59) 522-баптың 3-тармағындағы "Аумақтық" деген сөз "Ақпарат кеден органдарының ақпараттық жүйесі арқылы қалыптастырылған жағдайларды қоспағанда, аумақтық" деген сөздермен ауыстырылсын;

      60) 524-баптың 1-тармағы мынадай мазмұндағы 7) тармақшамен толықтырылсын:

      "7) бажсыз сауда дүкендері иелерінің тізіліміне қосылуға үміткер заңды тұлғаның басшылары болып табылатын жеке тұлғаларының 1997 жылғы 16 шілдедегі Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 190, 192-1, 193, 209, 213, 214, 218, 233, 233-1, 250, 259, 311 және 312-баптарына, сондай-ақ 2014 жылғы 3 шілдедегі Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 214, 216, 218, 234, 235, 236, 241, 245, 255, 256, 286, 297, 366 және 367-баптары бойынша өтелмеген соттығының болмауы.";

      61) 525-баптың 4-тармағы мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:

      "Кеден органдарының ақпараттық жүйесі арқылы өтініш берілген жағдайда бажсыз сауда дүкендері иелерінің тізіліміне енгізу туралы шешім осындай ақпараттық жүйеде қалыптастырылады және бажсыз сауда дүкендері иелерінің тізілімінде мәліметтер жарияланған күннен бастап күшіне енеді. Мұндай жағдайда бұйрықты ресімдеу талап етілмейді.";

      62) 526-бапта:

      1-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1) бажсыз сауда дүкені иесінің бажсыз сауда дүкенінің қызметін тоқтата тұру себептерін көрсете отырып, жазбаша немесе электрондық нысанда берілген өтініші бойынша;";

      3-тармақ мынадай мазмұндағы үшінші бөлікпен толықтырылсын:

      "Кеден органдарының ақпараттық жүйесі арқылы осындай тоқтата тұру туралы шешімдер қалыптастырылған жағдайда шешім осындай тоқтата тұру себептері көрсетіле отырып, бажсыз сауда дүкендері иелерінің тізілімінде мәліметтер жарияланған күннен бастап күшіне енеді. Мұндай жағдайда бұйрықты ресімдеу талап етілмейді.";

      4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "4. Бұйрық қабылданған күннен бастап немесе осы баптың 3-тармағында көрсетілген, бажсыз сауда дүкендері иелерінің тізілімінде мәліметтер жарияланған күннен бастап тауарларды бажсыз сауда дүкеніне орналастыруға жол берілмейді.";

      6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "6. Бажсыз сауда дүкенінің иесі өзінің қызметін қайта бастау үшін заңды тұлғаны бажсыз сауда дүкендері иелерінің тізіліміне енгізген аумақтық кеден органына бажсыз сауда дүкені иесінің қызметін тоқтата тұруға алып келген себептердің жойылғанын растайтын құжаттарды қоса бере отырып, жазбаша немесе электрондық нысанда өтініш ұсынады.

      Бажсыз сауда дүкенінің иесі ретіндегі қызметті бажсыз сауда дүкені иесінің қызметін тоқтата тұруға алып келген себептер жойылған кезде аталған тұлғаның өтініші аумақтық кеден органында тіркелген күннен бастап бес жұмыс күні ішінде, аумақтық кеден органы басшысының не оны алмастыратын адамның не аумақтық кеден органы басшысы орынбасарының бұйрығы негізінде заңды тұлғаны бажсыз сауда дүкендері иелерінің тізіліміне енгізген аумақтық кеден органы қайта бастайды.

      Кеден органдарының ақпараттық жүйесі арқылы осындай қайта бастау туралы шешім қалыптастырылған жағдайда шешім бажсыз сауда дүкендері иелерінің тiзілімінде мәліметтер жарияланған күннен бастап күшіне енеді. Мұндай жағдайда бұйрықты ресімдеу талап етілмейді.

      Осы баптың 1-тармағының 1) тармақшасында көзделген бажсыз сауда дүкені иесінің қызметі тоқтатыла тұрған жағдайда, бажсыз сауда дүкені иесінің осы баптың 2-тармағының бірінші бөлігінде белгіленген мерзім өткенге дейін берген бажсыз сауда дүкенінің иесі ретіндегі қызметті қайта бастау туралы жазбаша немесе электрондық нысандағы өтініші бажсыз сауда дүкені иесінің қызметін қайта бастау үшін негіз болып табылады.";

      63) 527-бапта:

      1-тармақтың 7) және 8) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:

      "7) Осы Кодекстің 528-бабы 1-тармағының 2) тармақшасында көзделген міндеттерді орындамаған жағдайларды қоспағанда, бажсыз сауда дүкенінің иесін күнтізбелік бір жыл ішінде Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 522, 528, 531, 532, 535, 538, 544, 551 және 555-баптарына сәйкес әкімшілік құқық бұзушылықтары үшін екі реттен көп әкімшілік жауаптылыққа тарту;

      8) бажсыз сауда дүкенінің иесі ретіндегі қызмет шеңберінде бажсыз сауда дүкені иесінің басшылары болып табылатын жеке тұлғаларды 1997 жылғы 16 шілдедегі Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 190, 192-1, 193, 209, 213, 214, 218, 233, 233-1, 250, 259, 311 және 312-баптарына, сондай-ақ 2014 жылғы 3 шілдедегі Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 214, 216, 218, 234, 235, 236, 241, 245, 255, 256, 258, 286, 297, 366 және 367-баптарына сәйкес қылмыстық жауаптылыққа тарту туралы сот шешімінің заңды күшіне енуі.";

      2-тармақ мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:

      "Кеден органдарының ақпараттық жүйесі арқылы бажсыз сауда дүкендері иелерінің тізілімінен алып тастау туралы шешім қалыптастырылған жағдайда мұнда шешім бажсыз сауда дүкендері иелерінің тізілімінен алып тастау себептері көрсетіле отырып, бұл туралы мәліметтер жарияланған күннен бастап күшіне енеді. Мұндай жағдайда бұйрықты ресімдеу талап етілмейді.";

      3-тармақта "Бажсыз" деген сөз "ақпарат кеден органдарының ақпараттық жүйесі арқылы қалыптастырылған жағдайларды қоспағанда, бажсыз" деген сөздермен ауыстырылсын;

      64) 532-бапта:

      1-тармақта:

      5) тармақшаның екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "Қазақстан Республикасы Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы кодексінің 275, 277, 280, 280-1, 522, 527, 528, 533, 534, 548, 549, 550, 551, 552, 558-баптарына сәйкес әкiмшiлiк құқық бұзушылықтары үшін;";

      6) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "уәкілетті экономикалық операторлардың тізіліміне енгізілуге үміткер заңды тұлға акцияларының он және одан көп проценті бар акционерлері, оның құрылтайшылары (қатысушылары), басшылары, бас бухгалтерлері болып табылатын, Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің жеке тұлғаларының:

      1997 жылғы 16 шілдедегі Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 190, 192-1, 193, 209, 213, 214, 218, 233, 233-1, 250, 259, 311 и 312-баптары, сондай-ақ 2014 жылғы 3 шілдедегі Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 214, 216, 218, 234, 235, 236, 241, 245, 255, 256, 286, 297, 366 және 367-баптары бойынша өтелмеген соттылығының болмауы;";

      мынадай мазмұндағы 9) тармақшамен толықтырылсын:

      "9) кедендік пломбалар және мөрлері басылған тауарларды тасымалдау үшін жарамды, меншігінде кемінде бес автокөлік құралының болуы;";

      мынадай мазмұндағы 10) тармақшамен толықтырылсын:

      "10) өтініштің уәкілетті органда тіркелу күні соңғы үш жылда салық жүктемесі коэффициентінің уәкілетті орган белгілеген шекті мәніне сәйкес болуы.";

      3-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1) осы баптың 1-тармағының 1), 3), 4), 5), 6), 7), 8) және 10) тармақшаларында көрсетілген шарттар;";

      65) 533-баптың 4-тармағы мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:

      "Кеден органдарының ақпараттық жүйесі арқылы өтініш берілген жағдайда бірінші, екінші және үшінші үлгідегі куәлік беру туралы шешім осындай ақпараттық жүйеде қалыптастырылады. Мұндай жағдайда бұйрықты ресімдеу талап етілмейді.";

      66) 534-бапта:

      1-тармақтың 11) тармақшасының бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "11) мұндай заңды тұлғалардың уәкілетті экономикалық операторлардың тізіліміне енгізілген заңды тұлғалар акцияларының он және одан көп проценті бар акционерлері, құрылтайшылары (қатысушылары), басшылары, бас бухгалтерлері болып табылатын жеке тұлғаларына қатысты Қазақстан Республикасында 1997 жылғы 16 шілдедегі Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 190, 192-1, 193, 209, 213, 214, 218, 233, 233-1, 250, 259, 311 және 312-баптарына, сондай-ақ 2014 жылғы 3 шілдедегі Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 214, 216, 218, 234, 235, 236, 241, 245, 255, 256, 286, 297, 366 және 367-баптарына сәйкес қылмыстық іс қозғау;";

      2-тармақ мынадай мазмұндағы екінші және үшінші бөліктермен толықтырылсын:

      "Уәкілетті экономикалық оператордың қызметін тоқтата тұру туралы шешім уәкілетті орган басшысының не оны алмастыратын адамның не уәкілетті орган басшысы орынбасарының бұйрығымен ресімделеді.

      Кеден органдарының ақпараттық жүйесі арқылы осындай тоқтата тұру туралы шешім қалыптастырылған жағдайда шешім уәкілетті экономикалық операторлардың тізілімінде осындай тоқтата тұру себептері көрсетіле отырып, мәліметтер жарияланған күннен бастап күшіне енеді. Мұндай жағдайда бұйрықты ресімдеу талап етілмейді.";

      мынадай мазмұндағы 3-1-тармақпен толықтырылсын:

      "3-1. Бұйрық қабылданған күннен бастап немесе осы баптың 2-тармағында көзделген уәкілетті экономикалық оператордың тізілімінде мәліметтер жарияланған күннен бастап заңды тұлғаның уәкілетті экономикалық оператор ретіндегі қызметті жүзеге асыруына жол берілмейді.";

      5-тармақ мынадай мазмұндағы үшінші бөлікпен толықтырылсын:

      "Кеден органдарының ақпараттық жүйесі арқылы осындай қайта бастау туралы шешім қалыптастырылған жағдайда шешім уәкілетті экономикалық операторлардың тiзілімінде мәліметтер жарияланған күннен бастап күшіне енеді. Мұндай жағдайда бұйрықты ресімдеу талап етілмейді.";

      7-тармақта:

      5) тармақшаның бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "5) соттың немесе өзге де уәкілетті органның (лауазымды адамның) заңды тұлғаны бір жыл ішінде Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 275, 277, 280, 280-1, 522, 527, 528, 533, 534, 543, 548, 549, 550, 551, 552, 558-баптарына сәйкес екі реттен көп әкімшілік жауаптылыққа тарту фактісін растайтын шешімінің күшіне енуі;";

      6) тармақшаның бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "6) куәлігі бар заңды тұлға акцияларының он және одан көп проценті бар акционерлері, оның құрылтайшылары (қатысушылары), басшылары, бас бухгалтерлері болып табылатын жеке тұлғаларды 1997 жылғы 16 шілдедегі Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 190, 192-1, 193, 209, 213, 214, 218, 233, 233-1, 250, 259, 311 және 312-баптарына, сондай-ақ 2014 жылғы 3 шілдедегі Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 214, 216, 218, 234, 235, 236, 241, 245, 255, 256, 286, 297, 366 және 367-баптарына сәйкес қылмыстық жауаптылыққа тарту фактісін растайтын, қылмыстық құқық бұзушылық жасағаны үшін сот үкімінің күшіне енуі;";

      8-тармақта:

      мынадай мазмұндағы екінші және үшінші бөліктермен толықтырылсын:

      "Уәкілетті экономикалық оператордың тізілімінен алып тастау туралы шешім уәкілетті орган басшысының не оны алмастыратын адамның, не уәкілетті орган басшысы орынбасарының бұйрығымен ресімделеді.

      Кеден органдарының ақпараттық жүйесі арқылы осындай алып тастау туралы шешім қалыптастырылған жағдайда шешім уәкілетті экономикалық операторлардың тізілімінде осындай алып тастау себептері көрсетіле отырып, мәліметтер жарияланған күннен бастап күшіне енеді. Мұндай жағдайда бұйрықты ресімдеу талап етілмейді.";

      мынадай мазмұндағы 11-тармақпен толықтырылсын:

      "11. Бұйрық қабылданған күннен бастап осы баптың 8-тармағында көзделген мәліметтер уәкілетті экономикалық оператордың тізілімінде жарияланған күннен бастап немесе заңды тұлғаның уәкілетті экономикалық оператор ретіндегі қызметті жүзеге асыруына жол берілмейді.";

      67) 535-баптың 4-тармағының бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "4. Уәкілетті экономикалық оператор міндетін орындау осы Кодекстің 97-бабы 1-тармағының 1), 2), 3) және 4) тармақшаларында көрсетілген тәсілдермен қамтамасыз етіледі.".

      8. 2017 жылғы 27 желтоқсандағы "Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы" Қазақстан Республикасының Кодексіне (Қазақстан Республикасының Парламентінің Жаршысы, 2017 ж., № 23-IV, 112-құжат; 2018 ж., № 10, 32-құжат; № 19, 62-құжат; 2019 ж., № 7, 37-құжат; 2019 жылғы 31 желтоқсанда "Егемен Қазақстан" және "Казахстанская правда" газеттерінде жарияланған 2019 жылғы 30 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жер қойнауын пайдалану, газ және газбен жабдықтау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасының Заңы):

      1) 12-баптың 4-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "4. Жер қойнауында немесе жер бетінде қатты күйде болатын табиғи минералдық түзілімдер, органикалық заттар мен олардың қоспалары пайдалы қатты қазбалар деп танылады.

      Пайдалы қатты қазбалар кендік және кендік емес болып бөлінеді. Саф металдар, қара, түсті, сирек, радиоактивті металдардың және сирек кездесетін жер элементтерінің кендері кендік пайдалы қатты қазбалар деп танылады. Қалған пайдалы қатты қазбалар кендік емес деп танылады.

      Құрылыс және өзге де шаруашылық мақсаттарында табиғи күйінде немесе болмашы өңделумен және тазартыла отырып пайдаланылатын және жер қойнауында кең таралған кендік емес пайдалы қатты қазбалар кең таралған болып танылады. Кең таралған пайдалы қазбаларға мыналар:

      метаморфтық жыныстар, оның ішінде мәрмәр, кварциттер, кварцты-далалық шпат жыныстары;

      магмалық тау жыныстары, оның ішінде граниттер, сиениттер, диориттер, габбро, риолиттер (липариттер), андезиттер, диабазалар, базальт, вулкандық туфтар, шлактар, пемзалар, вулкандық шынылар және шыны тектес жыныстар (перлит, обсидиан);

      шөгінді тау жыныстары, оның ішінде галечниктер мен қиыршық тас, қиыршық тас-құм (құмды-қиыршық тас) қоспалар, құмдар және құмдуықтар, саздан және саздақты жыныстар (суглинкілер, алевролиттер, аргиллиттер, балшықты тақтатастар), ас тұзы, гипстік жыныстар, мергельдер, әктастар, оның ішінде ұлутастар, бор жыныстары, доломиттер, әктасты-доломит жыныстары, кремний жыныстары (трепел, опока, диатомит), табиғи пигменттер, шымтезек;

      емдік балшықтар жатады.";

      2) 188-баптың 4-тармағының бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "4. Егер осы баптың 2 және 3-тармақтарының ережелерін қолдану нәтижесінде осы Кодекстің 19-бабы 2-тармағының талаптарына сәйкес келетін блоктар жер пайдалануға беруге жататын екі және одан да көп жеке учаскесін қалыптастырса, құзыретті орган осындай жер қойнауы учаскелерінің әрқайсысына жеке лицензиялар береді.";

      3) 233-баптың 1-тармағы мынадай мазмұндағы 1-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "1-1) кең таралған пайдалы қазбалардың түрлері;";

      4) 278-бапта:

      12-тармақта:

      сегізінші бөліктегі "құзыретті органмен келісу бойынша бюджеттік жоспарлау саласындағы" деген сөздер "мемлекеттік жоспарлау саласындағы" деген сөздермен ауыстырылсын;

      мынадай мазмұндағы тоғызыншы бөлікпен толықтырылсын:

      "Кең таралған пайдалы қазбалар бойынша экономикалық сараптама жүргізу тәртібін облыстың жергілікті атқарушы органы айқындайды.";

      25-тармақта:

      жетінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:

      "Егер Қазақстан Республикасының салық заңнамасында өзгеше белгіленбесе, жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттың қолданысы жер қойнауын пайдалануға арналған тиісті лицензия берілген күннен бастап тоқтатылады.";

      тоғызыншы бөлік мынадай редакцияда жазылсын:

      "Осы тармаққа сәйкес жер қойнауын пайдалану құқығын қайта ресімдеу келісімшарт негізінде туындаған жер қойнауын пайдалану құқығын тоқтатпайды, сондай-ақ қайта ресімдеу кезінде болатын жер қойнауын пайдалану құқығына ауыртпалықтарды, сондай-ақ Қазақстан Республикасының салық заңнамасында көзделген құқықтар мен міндеттерді тоқтатуға алып келмейді.".

      9. "Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы" 1995 жылғы 31 тамыздағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің Жаршысы, 1995 ж., № 15-16, 106-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1996 ж., № 2, 184-құжат; № 15, 281-құжат; № 19, 370-құжат; 1997 ж., № 5,58-құжат; № 13-14, 205-құжат; № 22, 333-құжат; 1998 ж., № 11-12, 176-құжат; № 17-18, 224-құжат; 1999 ж., № 20, 727-құжат; 2000 ж., № 3-4, 66-құжат; № 22, 408-құжат; 2001 ж., № 8, 52-құжат; № 9, 86-құжат; 2002 ж., № 17, 155-құжат; 2003 ж., № 5, 31-құжат; № 10, 51-құжат; № 11, 56, 67-құжаттар; № 15, 138, 139-құжаттар; 2004 ж., № 11-12, 66-құжат; № 15, 86-құжат; № 16, 91-құжат; № 23, 140-құжат; 2005 ж., № 7-8, 24-құжат; № 14, 55, 58-құжаттар; № 23, 104-құжат; 2006 ж., № 3, 22-құжат; № 4, 24-құжат; № 8, 45-құжат; № 11, 55-құжат; № 16, 99-құжат; 2007 ж., № 2, 18-құжат; № 4, 28, 33-құжаттар; 2008 ж., № 17-18, 72-құжат; № 20, 88-құжат; № 23, 114-құжат; 2009 ж., № 2-3, 16, 18, 21-құжаттар; № 17, 81-құжат; № 19, 88-құжат; № 24, 134-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 7, 28-құжат; № 17-18, 111-құжат; 2011 ж., № 3, 32-құжат; № 5, 43-құжат; № 6, 50-құжат; № 12, 111-құжат; № 13, 116-құжат; № 14, 117-құжат; № 24, 196-құжат; 2012 ж., № 2, 15-құжат; № 8, 64-құжат; № 10, 77-құжат; № 13, 91-құжат; № 20, 121-құжат; № 21-22, 124-құжат; № 23-24, 125-құжат; 2013 ж., № 10-11, 56-құжат; № 15, 76-құжат; 2014 ж., № 1, 9-құжат; № 4-5, 24-құжат; № 6, 27-құжат; № 10, 52-құжат; № 11, 61-құжат; № 12, 82-құжат; № 19-I, 19-II, 94, 96-құжаттар; № 21, 122-құжат; № 22, 131-құжат; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 8, 45-құжат; № 13, 68-құжат; № 15, 78-құжат; № 16, 79-құжат; № 20-IV, 113-құжат; № 20-VII, 115-құжат; № 21-II, 130-құжат; № 21-ІІІ, 137-құжат; № 22-I, 140, 143-құжаттар; № 22-ІІІ, 149-құжат; № 22-V, 156-құжат; № 22-VI, 159-құжат; 2016 ж., № 6, 45-құжат; № 7-II, 55-құжат; № 8-I, 65-құжат; № 12, 87-құжат; № 22, 116-құжат; № 24, 126-құжат; 2017 ж., № 4, 7-құжат; № 9, 21-құжат; № 13, 45-құжат; № 21, 98-құжат; № 22-III, 109-құжат; № 23-III, 111-құжат; № 24, 115-құжат; 2018 ж., № 10, 32-құжат; № 13, 41-құжат; № 14, 44-құжат; № 15, 47-құжат; 2019 ж., № 2, 6-құжат; № 7, 37-құжат; № 15-16, 67-құжат; 2019 жылғы 27 қарашада "Егемен Қазақстан" және "Казахстанская правда" газеттерінде жарияланған 2019 жылғы 25 қарашадағы "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасының Заңы; 2019 жылғы 27 желтоқсанда "Егемен Қазақстан" және "Казахстанская правда" газеттерінде жарияланған 2019 жылғы 26 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасының Заңы; 2019 жылғы 30 желтоқсанда "Егемен Қазақстан" және "Казахстанская правда" газеттерінде жарияланған 2019 жылғы 27 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы, мемлекеттік басқару жүйесін, бюджетаралық қатынастарды жетілдіру, кредиттеу және білім беру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасының Заңы):

      1) 5-1-баптың 2-тармағында:

      бірінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:

      "2. Екінші деңгейдегі банктердің кредиттік портфельдерінің сапасын жақсартуға маманданатын ұйым іске асыру кезінде залалдар туындауы мүмкін қызметтің мынадай түрлерін жүзеге асыруға құқылы:";

      11) тармақшадағы "өткізуге құқылы" деген сөздер "өткізуге" деген сөздермен сөзге ауыстырылып мынадай мазмұндағы 12) тармақшамен толықтырылсын:

      "12) банктерден және бұрын банктер болып табылған заңды тұлғалардан сатып алынған талап ету құқықтары бойынша берешекті қайта құрылымдауды жүргізуге, негізгі борышты және (немесе) сыйақыны толық немесе ішінара есептен шығаруға, залалдар туындауы мүмкін тұрақсыздық айыбын (айыппұлдарды, өсімпұлдарды) толық немесе ішінара жоюға.";

      2) 36-бапта:

      1-тармақта:

      бірінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Банктік қарыз шарты бойынша міндеттемелерді орындау мерзімінің өтуі болған кезде, бірақ ол басталған күннен бастап күнтізбелік отыз күннен кешіктірмей, банк (банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйым, екінші деңгейдегі банктердің кредиттік портфельдерінің сапасын жақсартуға маманданатын ұйым) банктік қарыз шартында көзделген тәсілмен және мерзімдерде қарыз алушыны:";

      екінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:

      "Банк (банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйым, екінші деңгейдегі банктердің кредиттік портфельдерінің сапасын жақсартуға маманданатын ұйым) қарыз алушыны хабардар ету үшін коллекторлық агенттікті тартуға құқылы.";

      1-1-тармақтың бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1-1. Міндеттемелерді орындау мерзімінің өтуі басталған күннен бастап күнтізбелік отыз күн ішінде қарыз алушы – жеке тұлға банкке (банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымға, екінші деңгейдегі банктердің кредиттік портфельдерінің сапасын жақсартуға маманданатын ұйымға) баруға және өзінің банктік қарыз шартының талаптарына, оның ішінде:";

      1-2-тармақтың бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1-2. Банк (банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйым, екінші деңгейдегі банктердің кредиттік портфельдерінің сапасын жақсартуға маманданатын ұйым) қарыз алушының жазбаша өтінішін алған күннен кейін күнтізбелік он бес күн ішінде банктік қарыз шартының талаптарына ұсынылған өзгерістерді қарайды және қарыз алушыға:";

      2-тармақтың бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "2. Осы баптың 1-тармағында көрсетілген хабарламадан туындайтын талаптар қанағаттандырылмаған кезде банк (банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйым, екінші деңгейдегі банктердің кредиттік портфельдерінің сапасын жақсартуға маманданатын ұйым):";

      2-1-тармақта:

      бірінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:

      "2-1. Қарыз алушы осы баптың 1-1-тармағында көзделген құқықты іске асырмаған, сондай-ақ осы баптың 1-тармағында көрсетілген хабарламадан туындайтын талаптар қанағаттандырылмаған не қарыз алушы мен банк (банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйым, екінші деңгейдегі банктердің кредиттік портфельдерінің сапасын жақсартуға маманданатын ұйым) арасында банктік қарыз шартының талаптарын өзгертуге келісім болмаған жағдайларда, банк (банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйым, екінші деңгейдегі банктердің кредиттік портфельдерінің сапасын жақсартуға маманданатын ұйым) осы баптың 2-тармағында көзделген шаралардан басқа:";

      екінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:

      "Банктік қарыз шартында қарыз алушы банктік қарыз шарты бойынша міндеттемелерді орындау мерзімінің өтуіне жол берген жағдайда банктің (банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымның, екінші деңгейдегі банктердің кредиттік портфельдерінің сапасын жақсартуға маманданатын ұйымның) коллекторлық агенттікті тартуға құқығы болған кезде, берешекті сотқа дейінгі өндіріп алу және реттеу үшін коллекторлық агенттікке беруге жол беріледі.";

      үшінші бөліктің бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "Берешек коллекторлық агенттікте сотқа дейін өндіріп алуда және реттеуде болған кезеңде банк (банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйым, екінші деңгейдегі банктердің кредиттік портфельдерінің сапасын жақсартуға маманданатын ұйым):";

      3) 50-баптың 4-тармағының екінші бөлігі мынадай мазмұндағы 1-8) тармақшамен толықтырылсын:

      "1-8) банктердің мемлекеттік кірістер органына өз қызметін жүзеге асыру орындарында төлем карточкаларын пайдалана отырып, төлемдерді қабылдауға арналған жабдықты (құрылғыны) орнатуды қамтамасыз еткен тұлғалар туралы ақпаратты салық және бюджетке төленетін төлемдердің түсуін қамтамасыз ету саласындағы уәкілетті орган Қазақстан Республикасының Ұлттық банкімен келісу бойынша белгілеген тәртіппен және мерзімде салықтық әкімшілендіру мақсатында ғана ұсынуы;".

      10. "Этил спирті мен алкоголь өнімінің өндірілуін және айналымын мемлекеттік реттеу туралы" 1999 жылғы 16 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1999 ж., № 20,720-құжат; 2004 ж., № 5, 27-құжат; № 23, 140, 142-құжаттар; 2006 ж., № 23, 141-құжат; 2007 ж., № 2, 18-құжат; № 12, 88-құжат; 2009 ж., № 17, 82-құжат; 2010 ж., № 15, 71-құжат; № 22, 128-құжат; 2011 ж., № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; 2012 ж., № 15, 97-құжат; 2013 ж., № 14, 72-құжат; 2014 ж., № 10, 52-құжат; № 11, 65-құжат; № 19-I, 19-II, 96-құжат; 2015 ж., № 19-I, 101-құжат; № 23-I, 169-құжат; 2016 ж., № 22, 116-құжат; 2017 ж., № 22-III, 109-құжат; 2018 ж., № 24, 94-құжат; 2019 ж., № 8, 45-құжат; № 19-20, 86-құжат):

      1) 1-бапта:

      7) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "7) есепке алатын бақылау аспаптары – электр энергиясының іркіліссіз қоректендіру көздерімен жарақтандырылған, уәкілетті органға және оның аумақтық бөлімшелеріне этил спирті мен алкоголь өнімінің өндірісі саласындағы есепке алатын бақылау аспаптары деректерінің операторы арқылы нақты уақыт режимінде этил спирті мен алкоголь өнімінің өндірілу көлемдері туралы, ондағы этил спиртінің (шараптан, сыра мен сыра сусындарынан басқа) шоғырлануы туралы, этил спиртінің (сыра мен сыра сусындарынан басқа) қалдықтары және есепке алу-бақылау маркаларымен таңбалануға жататын өндірілген алкоголь өнімінің есепке алу-бақылау маркаларын сәйкестендіру туралы және арақтар мен айырықша арақтарды өндіру кезінде тұтынылатын электр энергиясының көлемдері туралы деректердің автоматтандырылған берілуін қамтамасыз ететін аспаптар;";

      22) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "22) тауарларға ілеспе жүкқұжат – этил спиртінің және (немесе) алкоголь өнімінің қозғалысын бақылауға арналған құжат;

      Тауарларға ілеспе жүкқұжаттар Салық кодексінде белгіленген тәртіппен ресімделеді.";

      24) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "24) этил спирті мен алкоголь өнімінің өндірісі саласындағы есепке алатын бақылау аспаптарының деректері – этил спирті мен алкоголь өнімінің өндіріс көлемі, ондағы этил спиртінің (шараптан, сыра мен сыра сусынынан басқа) концентрациясы, этил спиртінің (сыра мен сыра сусынынан басқа) қалдықтары, есепке алу-бақылау маркаларын сәйкестендіру туралы және арақтар мен айрықша арақтарды өндіру кезінде тұтынылатын электр энергиясының көлемі туралы деректер;";

      2) 4-баптың 2-тармағының 8) тармақшасы алып тасталсын;

      3) 9-бапта:

      3-тармақтың 6) тармақшасы мынадай мазмұндағы бөлікпен толықтырылсын:

      "Осы тармақшаның ережелері қызметі ортақ пайдаланылатын телекоммуникация желісі жоқ жерлерде болатын лицензиаттарға қолданылмайды.";

      5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "5. Тауарларға ілеспе жүкқұжаттары жоқ не ережелер бұзыла отырып ресімделген этил спирті мен алкоголь өнімінің айналымына және орнын өзгертуге тыйым салынады.";

      4) 12-1-бап мынадай редакцияда жазылсын:

      "12-1-бап. Этил спирті мен алкоголь өнімін тасымалдау шарттары

      Этил спирті мен алкоголь өнімін өткізу (босату) және тасымалдау кезінде міндетті түрде тауарларға ілеспе жүкқұжаттар Салық кодексінде белгіленген тәртіппен ресімделеді.".

      11. "Сақтандыру қызметі туралы" 2000 жылғы 18 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2000 ж., № 22, 406-құжат; 2003 ж., № 11, 56-құжат; № 12, 85-құжат; № 15, 139-құжат; 2004 ж., № 11-12, 66-құжат; 2005 ж., № 14, 55, 58-құжаттар; № 23, 104-құжат; 2006 ж., № 3, 22-құжат; № 4, 25-құжат; № 8, 45-құжат; № 13, 85-құжат; № 16, 99-құжат; 2007 ж., № 2, 18-құжат; № 4, 28, 33-құжаттар; № 8, 52-құжат; № 18, 145-құжат; 2008 ж., № 17-18, 72-құжат; № 20, 88-құжат; 2009 ж., № 2-3, 18-құжат; № 17, 81-құжат; № 19, 88-құжат; № 24, 134-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 17-18, 112-құжат; 2011 ж., № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; № 24, 196-құжат; 2012 ж., № 2, 15-құжат; № 8, 64-құжат; № 13, 91-құжат; № 21-22, 124-құжат; № 23-24, 125-құжат; 2013 ж., № 10-11, 56-құжат; 2014 ж., № 4-5, 24-құжат; № 10, 52-құжат; № 11, 61-құжат; № 19-І, 19-II, 94-құжат; № 21, 122-құжат; № 22, 131-құжат; 2015 ж., № 8, 45-құжат; № 15, 78-құжат; № 20-IV, 113-құжат; № 22-І, 143-құжат; № 22-III, 149-құжат; № 22-V, 156-құжат; № 22-VI, 159-құжат; 2016 ж., № 6, 45-құжат; 2017 ж., № 4, 7-құжат; № 22-III, 109-құжат; 2018 ж., № 1, 4-құжат; № 13, 41-құжат; № 14, 44-құжат; 2019 ж., № 7, 37, 39-құжаттар; № 15-16, 67-құжат; 2019 жылғы 27 қарашада "Егемен Қазақстан" және "Казахстанская правда" газеттерінде жарияланған 2019 жылғы 25 қарашадағы "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасының Заңы; 2019 жылғы 30 желтоқсанда "Егемен Қазақстан" және "Казахстанская правда" газеттерінде жарияланған 2019 жылғы 26 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне міндетті әлеуметтік сақтандыру, әлеуметтік қамсыздандыру және денсаулық сақтау саласындағы мемлекеттік-жекешелік әріптестік мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасының Заңы):

      80-бапта:

      4-тармақ мынадай мазмұндағы 2-2) тармақшамен толықтырылсын:

      "2-2) "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы және мемлекеттік органдар мемлекеттік қызметтерді көрсету үшін қажетті мәліметтер бөлігінде;";

      5-тармақта:

      мынадай мазмұндағы 6-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "6-1) осы баптың 4-тармағының 2-2) тармақшасында көрсетілген сақтандыру есебін алушылар "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес алынған дерек қор субъектісінің (қызмет алушының) келісу негізінде мемлекеттік қызметтер көрсету үшін қажетті мәліметтер бөлігінде көрсетілетін қызметті алушылар болып табылатын дерекқор субъектілері туралы қолжетімділігі шектеулі және стандартты сақтандыру есептерін алуға құқылы.";

      екінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:

      "Осы баптың 4-тармағының 1), 2), 2-1), 2-2), 3), 6), 7) және 9) тармақшаларында көрсетілген сақтандыру есебін алушылар өздерінің функцияларын жүзеге асыру барысында алған қызметтік, коммерциялық құпияларды, сақтандыру құпиясын немесе Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес заңмен қорғалатын өзге де құпияны құрайтын мәліметтерді жария еткені үшін жауапты болады.";

      6-тармақтың үшінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "Ұйымның осы баптың 4-тармағының 1), 2), 2-1), 2-2) және 5) тармақшаларында көрсетілген алушыларға сақтандыру есебін ұсынуы олардың сұрау салуы негізінде қағаз жеткізгіште немесе электрондық цифрлық қолтаңбамен куәландырылған электрондық құжат нысанында жүзеге асырылады.";

      6-1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "Осы баптың 4-тармағының 6-1. 2), 2-1) және 2-2) тармақшаларында көрсетілген сақтандыру есебін алушылар сақтандыру есептерін "Ақпараттандыру туралы" Қазақстан Республикасының Заңының және Қазақстан Республикасының өзге де заңдарының талаптарына сәйкес тиісті бағдарламалық қамтылыммен біріктірілген ақпараттық жүйелерді пайдалана отырып, нақты уақыт режимінде тәулік бойы тегін алуға құқылы.".

      12. "Темекi өнiмдерiнiң өндiрiлуi мен айналымын мемлекеттiк реттеу туралы" 2003 жылғы 12 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2003 ж., № 12, 88-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат; 2006 ж., № 23, 141-құжат; 2007 ж., № 2, 18-құжат; 2011 ж., № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; 2014 ж., № 1, 4-құжат; № 10, 52-құжат; № 19-I, 19-II, 96-құжат; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 11, 52-құжат; № 23-I, 169-құжат; 2016 ж., № 22, 116-құжат; 2018 ж., №19, 62-құжат):

      1) 1-бапта:

      1-2) тармақша алып тасталсын;

      5-1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "5-1) тауарларға ілеспе жүкқұжат – темекі өнімдерінің орын ауыстыруын бақылауға арналған құжат;

      Тауарларға ілеспе жүкқұжаттар Салық кодексінде белгіленген тәртіппен ресімделеді.";

      2) 5-баптың 5-3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "5-3) темекі өнімдерін акциз маркаларымен таңбалау тәртібін белгілейді;";

      3) 8-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "2. Темекі өнімдерінің импортын және (немесе) оларды көтерме саудамен өткізуді жүзеге асыратын тұлғалар уәкілетті органға темекі өнімдерінің қалдықтары және (немесе) айналымы туралы декларацияны беруге міндетті.";

      4) 10-баптың 1-тармағының 5) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "5) темекi өнiмдерiн акциз маркаларымен таңбалау қағидалары бұзылған жағдайларда Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес алты айға дейінгі мерзімге тоқтата тұруы мүмкін.";

      5) 11-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "2. Темекі өнімдерінің айналымы кезінде міндетті түрде тауарларға ілеспе жүкқұжаттар ресімделеді. Тауарларға ілеспе жүкқұжаттарды ресімдеу тәртібі Салық кодексінде белгіленеді.

      Тауарларға ілеспе жүкқұжаттары жоқ не ресімдеу ережелері бұзыла отырып, темекі өнімдерінің айналымына және оларды өткізуге тыйым салынады.";

      6) 13-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "2. Шыққан жері белгісіз, Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына және санитарлық-эпидемиологиялық ережелер мен нормаларға және гигиеналық нормативтерге сәйкес келмейтін, сондай-ақ акциз маркаларынсыз өткізілетін темекі өнімдері Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен алып қойылуға және жойылуға тиіс.".

      13. "Қазақстан Республикасындағы кредиттік бюролар және кредиттік тарихты қалыптастыру туралы" 2004 жылғы 6 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2004 ж., № 15, 87-құжат; 2005 ж., № 23, 104-құжат; 2006 ж., № 3, 22-құжат; 2007 ж., № 2, 18-құжат; № 3, 20-құжат; № 18, 143-құжат; № 19, 149-құжат; 2008 ж., № 17-18, 72-құжат; 2009 ж., № 24, 134-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; 2011 ж., № 3, 32-құжат; № 6, 50-құжат; № 11, 102-құжат; № 24, 196-құжат; 2012 ж., № 2, 14-құжат; № 13, 1-құжат; № 20, 121-құжат; № 21-22, 124-құжат; 2014 ж., № 10, 52-құжат; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 8, 45-құжат; № 22-V, 156-құжат; № 22-VI, 159-құжат; 2016 ж., № 6, 45-құжат; 2017 ж., № 4, 7-құжат; № 9, 21-құжат; 2018 ж., № 10, 32-құжат; № 14,44-құжат; 2019 ж., № 15-16, 67-құжат; 2019 жылғы 27 қарашада "Егемен Қазақстан" және "Казахстанская правда" газеттерінде жарияланған "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2019 жылғы 25 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңы;):

      1) 20-баптың 1-тармағының 5) тармақшасындағы "орган кредиттік есептерді алушылар болып табылады" деген сөздер "орган;" деген сөзге ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 6) тармақшамен толықтырылсын:

      "6) "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы және мемлекеттік органдар мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті мәліметтер бөлігінде кредиттік есептерді алушылар болып табылады.";

      2) 21-баптың 3-тармағының бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "3. Осы Заңның 20-бабы 1-тармағының 1), 2), 3), 4-2) және 6 тармақшаларында көрсетiлген кредиттiк есептi алушылар:";

      3) 26-баптың 2-тармағының 4) тармақшасындағы "растау мақсатында пайдалануы мүмкін" деген сөздер "растау;" деген сөзге ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 5) тармақшамен толықтырылсын:

      "5) мемлекеттік қызметті көрсету мақсатында пайдалануы мүмкін.";

      4) 27-бапта:

      2-тармақтың 10) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "10) мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті мәліметтер бөлігінде "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясын және мемлекеттік органдарды қоспағанда, ақпарат берушінің өзінің қызметін ұйымдастыру кезінде ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдалануға және ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге қойылатын талаптарды сақтау жөніндегі міндеті;";

      3-тармақтың 8) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "8) мемлекеттік қызметтерді көрсету үшін қажетті мәліметтер бөлігінде "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы мен мемлекеттік органдарды қоспағанда, кредиттік есепті алушының өздерінің қызметін ұйымдастыру кезінде ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдалануға және ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге қойылатын талаптарды сақтау жөніндегі міндеті;";

      5) 28-бап мынадай мазмұндағы бөлікпен толықтырылсын:

      "Осы Заңның 20-бабының 1-тармағы бірінші бөлігінің 6) тармақшасында көрсетілген тұлғалар осы баптың 1) және 4) тармақшасында көзделген құжатты ұсынады.";

      6) 30-1-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "2. Борышкер тұлғаның өзі туралы және борышкер тұлғаның өтініші бойынша банк шығарған кепілдіктер немесе кепілгерліктер туралы мәліметтерді кредиттік бюроға беруге келісімді ресімдеу тәртібі, сондай-ақ аталған борышкер тұлғаның осы келісімнің мазмұнына қойылатын талаптар уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде белгіленеді.".

      14. "Сәйкестендiру нөмiрлерiнiң ұлттық тiзiлiмдерi туралы" 2007 жылғы 12 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2007 ж., № 3, 19-құжат; 2008 ж., № 23, 114-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 17-18, 101-құжат; 2011 ж., № 11, 102-құжат; 2012 ж., № 2, 14-құжат; № 21-22, 124-құжат; № 23-24, 125-құжат; 2013 ж., № 2, 13-құжат; № 10-11, 56-құжат; № 21-22, 115-құжат; 2014 ж., № 14, 84-құжат; № 19-І, 19-II, 96-құжат; № 21, 122-құжат; 2015 ж., № 15, 78-құжат; № 22-І, 143-құжат; № 22-V, 156, 158-құжаттар; 2016 ж., № 22, 116-құжат; 2017 ж., № 22-III, 109-құжат; 2018 ж., № 14, 44-құжат;  2019 ж., № 7, 37-құжат; 2019 жылғы 27 қарашада "Егемен Қазақстан" және "Казахстанская правда" газеттерінде жарияланған "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2019 жылғы 25 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңы):

      1) 3-баптың 4-тармағының 4) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "4) шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдардың ақша төлемдері мен аударымдарын жүзеге асыруын қоспағанда, ақша мен төлемі аударымдарын жүзеге асыру, оның ішінде міндетті зейнетақы жарналары мен әлеуметтік аударымдарды, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға аударымдарды және (немесе) жарналарды аудару, сондай-ақ салық міндеттемелерін орындау;".

      2) 10-баптың 1-тармағының 3) тармақшасындағы "кезде;" деген сөз "кезде алып тасталады." деген сөздермен ауыстырылып, 4), 5) және 6) тармақшалар алып тасталсын;

      3) 11-баптың 1-тармағының 3-1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "3-1) кредиттік тарих дерекқорын қалыптастыру мақсатында кредиттік бюроға;".

      15. "Трансферттік баға белгілеу туралы" 2008 жылғы 5 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2008 ж., № 15-16, 65-құжат; 2009 ж., № 18, 84-құжат; 2010 ж., № 11, 58-құжат; № 15, 71-құжат; 2011 ж., № 1, 2-құжат; № 11, 102-құжат; 2012 ж., № 11, 80-құжат; 2013 ж., № 21-22, 115-құжат; 2014 ж., № 1, 4-құжат; № 19-I, 19-II, 96-құжат; № 21, 122-құжат; 2015 ж., № 20-IV, 113-құжат; 2017 ж., № 22-III, 109-құжат; № 23-III, 111-құжат; 2019 ж., № 7, 37-құжат):

      3-баптың 4-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "4. Егер осы тармақтың екінші бөлігінде өзгеше белгіленбесе, бақылау Қазақстан Республикасының тауар биржалары туралы заңнамасына сәйкес тауар биржасында биржалық тауарлармен жасалған мәмілелер бойынша жүзеге асырылмайды.

      Трансферттік баға белгілеу кезінде бақылау жүзеге асырылатын биржалық тауарлардың тізбесін уәкілетті орган бекітеді.".

      16. "Биоотын өндірісін және айналымын мемлекеттік реттеу туралы" 2010 жылғы 15 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2010 ж., № 22, 127-құжат; 2011 ж., № 1, 2-құжат; 2012 ж., № 15, 97-құжат; № 23-24, 125-құжат; 2014 ж., № 1, 4-құжат; № 19-I, 19-II, 96-құжат; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 20-IV, 113-құжат; 2018 ж., № 10, 32-құжат; 2019 ж., № 19-20, 86-құжат):

      1) 1-баптың 15) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "15) тауарларға ілеспе жүкқұжаты – биоотынды босату мен қабылдау жөніндегі операцияларды ресімдеуге қажетті бірегейлендірілген құжат. Тауарларға ілеспе жүкқұжаттары Салық кодексінде белгіленген тәртіппен ресімделеді.";

      2) 7-баптың 7) тармақшасы алып тасталсын;

      3) 9-бапта:

      2 және 3-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "2. Биоотынды сату тауарларға ілеспе жүкқұжаттарын ресімдеумен жүзеге асырылуға тиіс.

      3. Биоотынды тасымалдауға оның бүкіл жүру жолында тауарларға ілеспе жүкқұжаттары бар болған кезде жол беріледі.";

      4) 10-бапта:

      2-тармақтың 5) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "5) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен тауарларға ілеспе жүкқұжатын ресімдеуге және биоотын айналымы саласындағы уәкілетті органға табыс етуге;";

      3-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "2) биоотын айналымы кезінде тауарларға ілеспе жүкқұжатын ресімдеуге және табыс етуге міндетті.";

      5) 11-баптың 1-тармағының 11) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "11) биоотынды тауарларға ілеспе жүкқұжаттарын ресімдемей өткізуге тыйым салынады.".

      17. "Мұнай өнiмдерiнiң жекелеген түрлерiн өндiрудi және олардың айналымын мемлекеттiк реттеу туралы" 2011 жылғы 20 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2011 ж., № 13, 113-құжат; 2012 ж., № 2, 14-құжат; № 11, 80-құжат; № 15, 97-құжат; № 21-22, 124-құжат; 2013 ж., № 4, 21-құжат; № 21-22, 115-құжат; 2014 ж., № 1, 4-құжат; № 7, 37-құжат; № 10, 52-құжат; № 16, 90-құжат; № 19-I, 19-II, 96-құжат; № 21, 122-құжат; № 22, 131-құжат; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 9, 46-құжат; № 20-IV, 113-құжат; № 23-I, 169-құжат; 2016 ж., № 8-II, 66-құжат; № 22, 116-құжат; № 24, 124-құжат; 2017 ж., № 22-III, 109-құжат; № 23-V, 113-құжат; 2018 ж., № 10, 32-құжат; № 19, 62-құжат; 2019 ж., № 7, 37, 39-құжаттар; 2019 жылғы 31 желтоқсанда "Егемен Қазақстан" және "Казахстанская правда" газеттерінде жарияланған 2019 жылғы 30 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жер қойнауын пайдалану, газ және газбен жабдықтау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасының Заңы):

      1) мазмұнында:

      20-баптың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "20-бап. Шикі мұнайды, газ конденсатын және мұнай өнімдерін құбыржолдар, темір жол, автомобиль, теңіз, ішкі су және әуе көлігімен тасымалдау шарттары";

      2) 1-бапта:

      3) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "3) дербес сәйкестендіру нөмір-коды – тауарларға ілеспе жүкқұжатында және мұнай өнімдерінің айналымы жөніндегі декларацияда мұнай өнімдерінің түрін, маркасын көрсету үшін қажетті, мұнай өнімдерін өндірушілерге, мұнай өнімдерінің импортын жүзеге асыратын көтерме сауда арқылы берушілерге және Қазақстан Республикасында өндірілетін немесе Қазақстан Республикасының аумағына әкелінетін мұнай өнімдерінің әрбір атауына берілетін тұрақты сәйкестендіру нөмірі;";

      28) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "28) тауарларға ілеспе жүкқұжаты – мұнай өнімдерінің айналымын бақылауға арналған және мұнай өнімдерін босату және қабылдап алу жөніндегі операцияларды, сондай-ақ мұнай өнімдерін мұнай берушілерге беру жөніндегі операцияларды ресімдеу үшін қажетті құжат. Тауарға ілеспе жүкқұжаттары Салық кодексінде белгіленген тәртіппен ресімделеді.";

      3) 8-баптың 6) тармақшасы алып тасталсын;

      4) 19-баптың 4) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "4. Мұнай өнімдерін көтерме және бөлшек сауда арқылы өткізгенде, сондай-ақ мұнай өнімдерінің экспорты және импорты кезінде Салық кодексінде белгіленген тәртіппен тауарларға ілеспе жүкқұжаттары ресімделеді.

      Тауарларға ілеспе жүкқұжаттарынсыз мұнай өнімдерін сатып алуға және (немесе) сақтауға тыйым салынады.";

      5) 20-бап мынадай редакцияда жазылсын:

      "20-бап. Шикі мұнайды, газ конденсатын және мұнай өнімдерін құбыржолдар, темір жол, автомобиль, теңіз, ішкі су және әуе көлігімен тасымалдау шарттары

      1. Мұнай өнімдерін өткізу және (немесе) жөнелту кезінде, сондай-ақ құбыржолдар, темір жол, автомобиль, теңіз, ішкі су және әуе көлігімен тасымалдау жөніндегі операцияларды жүзеге асыру кезінде міндетті түрде тауарларға ілеспе жүкқұжаттары ресімделеді.

      Мұнай өнімдерін Қазақстан Республикасының аумағына импорттау кезінде тауарларға ілеспе жүкқұжатын алушы ресімдейді.

      Осы тармақтың мақсаты үшін:

      1) мұнай өнімдерін сатып алушы болып табылатын заңды тұлға, ол алушы ретінде көрсеткен осы заңды тұлғаның филиалы;

      2) ішкі тасымалдау кезінде мұнай өнімдерін алушылар болып табылатын заңды тұлға, оның филиалы;

      3) мұнай өнімдерін, сондай-ақ ішкі тасымалдау кезінде мұнай өнімдерін сатып алушы болып табылатын жеке тұлға алушы болып танылады.

      Кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын бір жеке тұлға немесе заңды тұлға ішінде мұнай өнімдерін тасымалдауға байланысты тасымалдау ішкі тасымалдау болып танылады.

      Тауарларға ілеспе жүкқұжаты интернет-ресурс арқылы электронды түрде ресімделеді.

      2. Шикі мұнайды, газ конденсатын, қайта өңдеу өнімдерін және мұнай өнімдерін құбыржолдар, темір жол, автомобиль, теңіз, ішкі су және әуе көлігімен тасымалдауға байланысты құжаттар қауіпті жүктерді тасымалдау үшін көліктің әрбір түріне белгіленген талаптарға сай болуға тиіс.

      3. Құбыржолдар, темір жол, автомобиль, теңіз, ішкі су және әуе көлігімен шикі мұнайды, газ конденсатын және мұнай өнімдерін сақтау және тасымалдау құралдарының конструкциясы және пайдалану шарттары техникалық регламенттердің талаптарына сай болуға тиіс.";

      6) 22-бапта:

      1-тармақтың үшінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "Автожанармай құю станциясын иеленушіге мұнай өнімдерін бөлшек сауда арқылы өткізушінің мүдделерінде тапсырма шарты бойынша мұнай өнімдерін өткізудің (тиеп-жөнелтудің) кез келген түрін жүзеге асыруға жол беріледі. Мұндай жағдайда мұнай өнімдеріне тауарларға ілеспе жүкқұжаттарын ресімдеу, жөнелту, растау, қабылдамау, кері қайтарып алу, қайтару және күшін жою бойынша міндет сенім білдірушіге жүктеледі.";

      2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "2. Тұрғындарының саны он мың адамға дейінгі елді мекендерде контейнерлік үлгідегі автожанармай құю станцияларынан мұнай өнiмдерiн бөлшек сауда арқылы өткізуге жол беріледі.

      Жылжымалы үлгідегі автожанармай құю станцияларынан мұнай өнiмдерiн бөлшек сауда арқылы өткізуге мынадай жағдайларда ғана:

      ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерде дала жұмыстарындағы ауыл шаруашылығы техникалары жинақталған орындарда;

      теңіз, ішкі су немесе әуе көлігіне май құю кезінде жол беріледі.".

      18. "Газ және газбен жабдықтау туралы" 2012 жылғы 9 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2012 ж., № 2, 8-құжат; № 11, 80; № 14, 92-құжат; № 15, 97-құжат; 2013 ж., № 15, 82-құжат; 2014 ж., № 1, 4-құжат; № 7, 37-құжат; № 10, 52-құжат; № 19-І, 19-II, 96-құжат; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 20-IV, 113-құжат; 2016 ж., № 8-II, 72-құжат; № 24, 124-құжат; 2017 ж., № 22-III, 109-құжат; 2018 ж., № 10, 32-құжат; № 15, 49-құжат; № 19, 62-құжат; 2019 ж., № 7, 37-құжат; 2019 жылғы 27 желтоқсанда "Егемен Қазақстан" және "Казахстанская правда" газеттерінде жарияланған "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2019 жылғы 26 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңы; 2019 жылғы 31 желтоқсанда "Егемен Қазақстан" және "Казахстанская правда" газеттерінде жарияланған "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жер қойнауын пайдалану, газ және газбен жабдықтау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2019 жылғы 30 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңы):

      7-баптың 4-тармағы мынадай мазмұндағы 1-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "1-1) тауарлық газдың жылына он процент деңгейінен аспайтын бөлшек саудада өткізу бағасын келіседі.".

      19. "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2013 ж., № 5-6, 29-құжат; 2014 ж., № 19-I, 19-II, 96-құжат; 2015 ж., № 21-I, 121-құжат; № 22-II, 145-құжат; № 22-V, 154, 156-құжаттар; № 23-II, 170-құжат; 2016 ж., № 7-I, 50-құжат; 2018 ж., № 10, 32-құжат; № 11, 36-құжат; 2019 ж., № 7, 37-құжат; 2019 жылғы 27 қарашада "Егемен Қазақстан" және "Казахстанская правда" газеттерінде жарияланған "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2019 жылғы 25 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңы):

      1) 5-баптың 2-тармағының 12) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "12) егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, мемлекеттік қызметтер көрсету кезінде ақпараттық жүйелерде, оның ішінде кредиттік бюрода қамтылған, заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға көрсетілетін қызметті алушының жазбаша келісімін алуға міндетті.";

      2) 20-баптың 6-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "6. Мемлекеттік корпорацияның қызметкерлері мемлекеттік қызметтер көрсету кезінде, егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, ақпараттық жүйелерде, оның ішінде кредиттік бюрода қамтылған, заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға көрсетілетін қызметті алушының жазбаша келісімін алуға міндетті.".

      20. "Рұқсаттар және хабарламалар туралы" 2014 жылғы 16 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2014 ж., № 9, 51-құжат; № 19-I, 19-II, 96-құжат; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 2, 3-құжат; № 8, 45-құжат; № 9, 46-құжат; № 11, 57-құжат; № 16, 79-құжат; № 19-II, 103-құжат; № 20-IV, 113-құжат; № 21-I, 128-құжат; № 21-III, 135-құжат; № 22-II, 144, 145-құжаттар; № 22-V, 156, 158-құжаттар; № 22-VI, 159-құжат; № 23-I, 169-құжат; 2016 ж., № 1, 2, 4-құжаттар; № 6, 45-құжат; № 7-I, 50-құжат; № 7-II, 53-құжат; № 8-I, 62-құжат; № 8-II, 68-құжат; № 12, 87-құжат; 2017 ж., № 1-2, 3-құжат; № 4, 7-құжат; № 9, 21, 22-құжаттар; № 11, 29-құжат; № 12, 34-құжат; № 23-III, 111-құжат; № 23-V, 113-құжат; № 24, 115-құжат; 2018 ж., № 10, 32-құжат; № 13, 41-құжат; № 14, 44-құжат; № 15, 47, 49-құжаттар; № 23, 91-құжат; № 24, 94-құжат; 2019 ж., № 1, 4-құжат; № 2, 6-құжат; 2019 жылғы 19 наурызда "Егемен Қазақстан" және "Казахстанская правда" газеттерінде жарияланған "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі ақпараттандыру саласындағы ақпараттық қауіпсіздік мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2019 жылғы 18 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңы; 2019 жылғы 3 сәуірде "Егемен Қазақстан" және "Казахстанская правда" газеттерінде жарияланған "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне бизнес-ортаны дамыту және сауда қызметін реттеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы" 2019 жылғы 2 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы; 2019 жылғы 5 сәуірде "Егемен Қазақстан" және "Казахстанская правда" газеттерінде жарияланған "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне арнайы экономикалық және индустриялық аймақтар, инвестицияларды тарту, экспортты дамыту және ілгерілету, сондай-ақ әлеуметтік қамсыздандыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2019 жылғы 3 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы):

      1) 31-бапта:

      үшінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:

      "Көмірсутектер саласындағы кіші қызмет түрлерін қоспағанда, лицензияға қосымшаларды (лицензияға қосымшалардың телнұсқаларын) беру кезінде лицензиялық алым алынбайды.";

      мынадай мазмұндағы төртінші бөлікпен толықтырылсын:

      "Көмірсутектер саласындағы лицензиялық алым мөлшерлемесі жекелеген кіші қызмет түрлерімен айналысу құқығы үшін алынады.";

      2) 1-қосымшаның 8-жолы мынадай редакцияда жазылсын:

      "

8

Көмірсутектер саласындағы жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерге лицензия
 

1. Көмірсутектерді барлау және өндіру кезіндегі кәсіпшілік зерттеулер.
2. Көмірсутектерді барлау және өндіру кезіндегі сейсмикалық барлау жұмыстары.
3. Көмірсутектерді барлау және өндіру кезіндегі геофизикалық жұмыстар.
4. Ұңғымаларда көмірсутектерді барлау және өндіру кезіндегі атқылау-жару жұмыстары.
5. Көмірсутектерді барлау және өндіру кезінде құрлықта, теңізде және ішкі су айдындарында ұңғымаларды бұрғылау.
6. Көмірсутектерді барлау және өндіру кезінде ұңғымаларды жер астында жөндеу, сынау, игеру, сынамалау, консервациялау, жою.
7. Көмірсутектерді барлау және өндіру кезінде ұңғымаларды цементтеу.
8. Көмірсутектерді барлау және өндіру кезінде мұнай қабаттарының мұнай беруін арттыру және ұңғымалардың өнімділігін ұлғайту.
9. Теңiздегі және су айдындарында көмірсутектер кен орындарында төгiлудi болғызбау және жою жөнiндегi жұмыстар.
10. Мұнай-химия өндірістерін пайдалану.
11. Көмірсутектер кен орындарына арналған базалық жобалау құжаттарын жасау және көмірсутектер кен орындарын игеруді талдау.
12. Көмірсутектер кен орындарына арналған техникалық жобалау құжаттарын жасау.
13. Магистральдық құбыржолдарды пайдалану.

Иеліктен шығарылмайтын 1-сынып

      ".

      21. "Мемлекеттік-жекешелік әріптестік туралы" 2015 жылғы 31 қазандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2015 ж., № 20-VII, 116-құжат; 2016 ж., № 7-II, 55-құжат; 2017 ж., № 14, 51-құжат; № 20, 96-құжат; № 23-V, 113-құжат; № 24, 115-құжат; 2018 ж., № 15, 47-құжат; 2019 ж., № 7, 39-құжат):

      1) 1-бап мынадай мазмұндағы 22) тармақшамен толықтырылсын:

      "22) Мемлекеттік-жекешелік әріптестіктің бірыңғай деректер базасы – мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобалары туралы, мемлекеттік-жекешелік әріптестік саласындағы әлеуетті инвесторлар туралы мәліметтердің жиынтығы.";

      2) 20-баптың 9) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "9) мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларының іске асырылуын бағалау, жекеше әріптесті айқындау жөніндегі тікелей келіссөздер кезінде мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасына бизнес-жоспарға, мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасының конкурстық құжаттамасына сараптамалар жүргізу үшін, оның ішінде оларға тиісті өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізу кезінде, сондай-ақ МЖӘ бірыңғай дерекқорын жүргізу үшін Мемлекеттік-жекешелік әріптестікті дамыту орталығын тартады;";

      3) 26-баптың 2-тармағында:

      7) тармақша алып тасталсын;

      мынадай мазмұндағы 8), 9) және 10) тармақшалармен толықтырылсын:

      "8) Қазақстан Республикасының мемлекеттік-жекешелік әріптестік саласындағы заңнамасына сәйкес Мемлекеттік-жекешелік әріптестікті дамыту орталығында сараптамадан өтпейтін, мемлекеттік-жекешелік әріптестіктің жобаларын консультациялық сүйемелдеу;

      9) мемлекеттік-жекешелік әріптестік деректерінің бірыңғай базасын жүргізу;

      10) мемлекеттік-жекешелік әріптестік мәселелері бойнша әлеуетті мерзімді жарияланымдарды басып шығару.".

      22. "Мемлекеттiк сатып алу туралы" 2015 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2015 ж., № 23-II, 171-құжат; 2016 ж., № 7-II, 55-құжат; № 8-II, 72-құжат; № 24, 126-құжат; 2017 ж., № 4, 7-құжат; № 9, 18-құжат; № 14, 51-құжат; № 23-III, 111-құжат; № 24, 115-құжат; 2018 ж., № 10, 32-құжат; № 11, 37-құжат; № 13, 41-құжат; № 22, 82-құжат; 2019 ж., № 5-6, 27-құжат; № 8, 45-құжат; № 15-16, 67- құжат; № 19-20, 86-құжат):

      12-баптың 5 және 6-тармақтары мынадай редакцияда жазылсын:

      "5. Осы баптың 4-тармағы бірінші бөлігінің 3) тармақшасында көзделген мемлекеттік сатып алуға жосықсыз қатысушылардың тізілімі заңды күшіне енген сот шешімдерінің негізінде қалыптастырылады.

      Осы баптың 4-тармағы бірінші бөлігінің 1) және 2) тармақшаларында көзделген мемлекеттік сатып алуға жосықсыз қатысушылардың тізілімі уәкілетті органның әлеуетті өнім берушілерді мемлекеттік сатып алуға жосықсыз қатысушылар деп тану туралы шешімі негізінде қалыптастырылады.

      6. Осы баптың 4-тармағы бірінші бөлігінің 3) тармақшасында көзделген негіздер бойынша мемлекеттік сатып алуға жосықсыз қатысушылардың тізіліміне енгізілген өнім берушілер соттың оларды мемлекеттік сатып алуға жосықсыз қатысушылар деп тану туралы шешімі заңды күшіне енген күннен бастап жиырма төрт ай ішінде мемлекеттік сатып алуға қатысуға жіберілмейді.

      Осы баптың 4-тармағы бірінші бөлігінің 1) және 2) тармақшаларында көзделген негіз бойынша мемлекеттік сатып алуға жосықсыз қатысушылар тізіліміне енгізілген әлеуетті өнім берушілер уәкілетті орган оларды мемлекеттік сатып алуға жосықсыз қатысушылар деп тану туралы шешім қабылдаған күннен бастап жиырма төрт ай ішінде мемлекеттік сатып алуға қатысуға жіберілмейді.

      Мемлекеттік сатып алуға жосықсыз қатысушылар тізілімінде қамтылған мәліметтер осы тармақтың бірінші және екінші бөліктерінде белгіленген мерзім аяқталған күннен бастап бір жұмыс күнінен кешіктірілмей көрсетілген тізілімнен алып тасталады.".

      23. "Төлемдер және төлем жүйелері туралы" 2016 жылғы 26 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2016 ж., № 12, 86-құжат; № 23, 119-құжат; 2017 ж., № 12, 36-құжат; № 13, 45-құжат; № 14, 53-құжат; № 21, 98-құжат; № 22-III, 109-құжат; 2018 ж., № 10, 32-құжат; № 13, 41-құжат; № 14, 44-құжат; № 15, 47-құжат; 2019 ж., № 2, 6-құжат; № 7, 37-құжат; № 15-16, 67-құжат; 2019 жылғы 27 қарашада "Егемен Қазақстан" және "Казахстанская правда" газеттерінде жарияланған "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2019 жылғы 25 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңы; 2019 жылғы 27 желтоқсанда "Егемен Қазақстан" және "Казахстанская правда" газеттерінде жарияланған "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2019 жылғы 26 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңы; 2019 жылғы 30 желтоқсанда "Егемен Қазақстан" және "Казахстанская правда" газеттерінде жарияланған "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне оңалту және банкроттық рәсімдерін, бюджет, салық заңнамасын және теміржол көлігі туралы заңнаманы жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2019 жылғы 27 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңы):

      32-баптың 3 және 4-тармақтары мынадай редакцияда жазылсын:

      "3. Банктердің, ипотекалық ұйымдардың, агроөнеркәсіптік кешен саласындағы ұлттық басқарушы холдингтің еншілес ұйымдарының, екінші деңгейдегі банктердің кредиттік портфельдерінің сапасын жақсартуға маманданатын ұйымының қарыз бойынша мерзімі өткен берешекті өндіріп алу үшін төлем талабын қою жағдайларын қоспағанда, бенефициардың төлем талабын қою құқығы ақша жөнелтуші мен ақша жөнелтушінің банкі арасындағы шартта белгіленеді.

      4. Жасалған қарыз шартына, кредиттік желіні ашу туралы келісімге немесе қарыз операциясы не кепілдік беру фактісін растайтын өзге де құжатқа сәйкес қарыз бойынша мерзімі өткен берешекті өндіріп алу үшін банктердің, ипотекалық ұйымдардың, агроөнеркәсіптік кешен саласындағы ұлттық басқарушы холдингтің еншілес ұйымдарының, екінші деңгейдегі банктердің кредиттік портфельдерінің сапасын жақсартуға маманданатын ұйымының төлем талабын пайдалануына жол беріледі.

      Банктер, ипотекалық ұйымдар, агроөнеркәсіптік кешен саласындағы ұлттық басқарушы холдингтің еншілес ұйымдары, екінші деңгейдегі банктердің кредиттік портфельдерінің сапасын жақсартуға маманданатын ұйымы ақша жөнелтушінің банкіне төлем талабын ақша жөнелтушінің банктік шотынан ақшаны алып қоюға оның келісімі қамтылған құжаттың негізінде қояды.".

      24. "Коллекторлық қызмет туралы" 2017 жылғы 6 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2017 ж., № 9, 20-құжат; № 22-III, 109-құжат; 2018 ж., № 14, 44-құжат; 2019 ж., № 2, 6-құжат; № 7, 37-құжат; № 15-16, 67-құжат; 2019 жылғы 27 қарашада "Егемен Қазақстан" және "Казахстанская правда" газеттерінде жарияланған "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2019 жылғы 25 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңы):

      1-баптың 8) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "8) кредитор – берешек бойынша борышкерге талап ету құқығы бар екінші деңгейдегі банк, банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйым немесе микроқаржы ұйымы, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Үкіметі жалғыз акционері болып табылатын екінші деңгейдегі банктердің кредиттік портфельдерінің сапасын жақсартуға маманданатын, ұйым.".

      25. 2017 жылғы 25 желтоқсандағы "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының Кодексін (Салық кодексі) қолданысқа енгізу туралы" 2017 жылғы 25 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2017 ж., № 22-III, 108-құжат; 2018 ж., № 10, 32-құжат; № 14, 42, 44-құжаттар; № 22, 83-құжат; № 24, 93-құжат; 2019 ж., № 1, 4-құжат; № 7, 37-құжат; № 15-16, 67-құжат; 2019 жылғы 30 желтоқсанда "Егемен Қазақстан" және "Казахстанская правда" газеттерінде жарияланған "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне міндетті әлеуметтік сақтандыру, әлеуметтік қамсыздандыру және денсаулық сақтау саласындағы мемлекеттік-жекешелік әріптестік мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2019 жылғы 26 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңы; 2019 жылғы 30 желтоқсанда "Егемен Қазақстан" және "Казахстанская правда" газеттерінде жарияланған "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы, мемлекеттік басқару жүйесін, бюджетаралық қатынастарды жетілдіру, кредиттеу және білім беру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2019 жылғы 27 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңы; 2019 жылғы 31 желтоқсанда "Егемен Қазақстан" және "Казахстанская правда" газеттерінде жарияланған "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне теміржол көлігі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2019 жылғы 27 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңы):

      1) бүкіл мәтін бойынша "деректерді тіркеу және (немесе) беру функциясы бар бақылау-касса машинасы, деректерді тіркеу және (немесе) беру функциясы бар бақылау-касса машинасына, деректерді тіркеу және (немесе) беру функциясы бар бақылау-касса машинасымен, деректерді тіркеу және (немесе) беру функциясы бар бақылау-касса машинасын, деректерді тіркеу және (немесе) беру функциясы бар бақылау-касса машиналарымен, деректерді тіркеу және (немесе) беру функциясы бар бақылау-касса машиналарына, деректерді тіркеу және (немесе) беру функциясы бар бақылау-касса машиналарын, деректерді тіркеу және (немесе) беру функциясы бар бақылау-касса машиналары," деген сөздер "деректерді тіркеу және беру функциясы бар бақылау-касса машинасы, деректерді тіркеу және беру функциясы бар бақылау-касса машинасы, деректерді тіркеу және беру функциясы бар бақылау-касса машинасына, деректерді тіркеу және беру функциясы бар бақылау-касса машинасымен, деректерді тіркеу және беру функциясы бар бақылау-касса машинасын, деректерді тіркеу және беру функциясы бар бақылау-касса машиналарымен, деректерді тіркеу және беру функциясы бар бақылау-касса машиналарына, деректерді тіркеу және беру функциясы бар бақылау-касса машиналарын, деректерді тіркеу және беру функциясы бар бақылау-касса машиналары," деген сөздермен ауыстырылсын;

      2) 2-бапта:

      2) және 3) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:

      "2) Салық кодексінің мазмұнындағы 9-тараудың 4-параграфының, 539 және 540-баптардың, 17-бөлімнің тақырыптары 2020 жылғы 1 қаңтардан бастап алып тасталып, Салық кодексінің 24-бабының бірінші бөлігі 13) тармақшасының екінші бөлігі, 74-бабының 3-тармағы 2) тармақшасының төртінші абзацы, 9-тарауының 4-параграфы, 189-бабының 1-тармағы 1) тармақшасының он үшінші абзацы, 222-бабының 3-тармағы, 228-бабының 9-тармағы, 229-бабының 5-тармағы, 232-бабының 5-тармағы 11) тармақшасы, 233-бабының 1-тармағы үшінші және төртінші бөліктері, 293-бабының 1-тармағы 3) тармақшасы мен 4-тармағы, 307-бабы 2-тармағының 8) тармақшасы, 372-бабының 5-тармағы 32) және 33) тармақшалары, 510-бабының 2-тармағы 4) тармақшасы, 539 және 540-баптары, 17-бөлімі, 645-бабының 9-тармағы 14) тармақшасы, 654-бабының 11) тармақшасы 2020 жылғы 1 қаңтарға дейін қолданылады;

      3) Салық кодексінің мазмұнындағы 17-бөлімнің тақырыптары 2021 жылғы 1 қаңтардан бастап алып тасталып, Салық кодексінің 26-бабы 12-тармағы, 88-бабының 1-тармағы 7) және 9) тармақшалары, 189-бабының 1-тармағы 1) тармақшасының отызыншы абзацы, 341-бабының 1-тармағы 14) тармақшасы, 372-бабының 5-тармағы 28) тармақшасы, 521-бабы 3-тармағының 11) тармақшасы және 4-тармағының 3) тармақшасы, 17-бөлімі 2021 жылғы 1 қаңтарға дейін қолданылады;";

      6) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "6) Салық кодексінің мазмұнындағы 292-баптың тақырыбы 2027 жылғы 1 қаңтардан бастап алып тасталып, Салық кодексінің 225-бабы 2-тармағының 25), 27) тармақшалары, 232-бабының 2, 3 және 4-тармақшалары, 241-бабы 1-тармағының екінші, үшінші және төртінші бөліктері,
250-бабының 1-тармағының төртінші бөлігі, 2 және 4-тармақтары, 264-бабы 20) тармақшасы, 288-бабы 2-тармағының 10) тармақшасы, 292-бабы, 300-бабының 11-тармағы, 307-бабының 2-тармағының 15) және 16) тармақшалары, 319-бабының 2-тармағының 19), 20) және
42) тармақшалары, 394-бабының 41) тармақшасы, 407-бабы 2-тармағының 2) және 3) тармақшалары, 616-бабының 29) тармақшасы, 645-бабы 9-тармағының 13) тармақшасы, 654-бабының 12) тармақшасы 2027 жылғы 1 қаңтарға дейін қолданылады деп белгіленсін.";

      3) 4-бап мынадай редакцияда жазылсын:

      "4-бап. Салық кодексінің 3-бабының қолданысы 2020 жылғы 1-қаңтарға дейін тотатыла тұрсын, тоқтатыла тұру кезінде осы бап мынадай редакцияда қолданылады деп белгіленсін:

      "3-бап. Қазақстан Республикасының салық заңнамасының қолданылуы

      1. Қазақстан Республикасының салық заңнамасы Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында қолданылады және жеке тұлғаларға, заңды тұлғаларға және олардың құрылымдық бөлімшелеріне қолданылады.

      2. Салықтық әкімшілендіру, салықтық есептілікті белгілеу ерекшеліктері, салық төлеушілердің (салық агенттерінің) жағдайын жақсарту бойынша өзгерістер мен толықтыруларды қоспағанда, сондай-ақ Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы өзгерген кезде осы Кодекске өзгерістер мен толықтырулар енгізетін Қазақстан Республикасының заңнамалық актілері ағымдағы жылғы 1 желтоқсаннан кешіктірілмей қабылдануы және олар қабылданған жылдан кейінгі жылдың 1 қаңтарынан кейін қолданысқа енгізілуі мүмкін.".".

      4) 7-бапта:

      он бірінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:

      "4. Қызметін жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшартқа сәйкес жүзеге асыратын салық төлеушілер бойынша салық органы жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттың қолданыс кезеңі және жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттың қолданыс мерзімі аяқталғаннан кейін бес жыл ішінде:

      үстеме пайда салығының;

      өнімді бөлу бойынша Қазақстан Республикасы үлесінің;

      салықтарды және бюджетке төленетін төлемдердің, есептеу әдістемесінде мынадай көрсеткіштердің бірі: рентабельділіктің ішкі нормасы (РІН) немесе пайданың ішкі нормасы немесе R-фактор (табыстылық көрсеткіші) пайдаланылатын салықтардың, бюджетке төленетін төлемдердің есепке жазылған немесе есептелген сомасын, есепке жазуға немесе қайта қарауға құқылы.";

      жиырма екінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:

      "- салық төлеушінің (салық агентінің) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен тексеру нәтижелері туралы хабарламаға, деңгейлес мониторинг нәтижелері бойынша хабарламаға, сондай-ақ салық органдары лауазымды адамдарының шағым жасалған бөлігінде әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасау кезеңінде;";

      жиырма сегізінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:

      "6) деңгейлес мониторингтің нәтижелері бойынша ұсынымдар табыс етілген күннен бастап деңгейлес мониторингтің нәтижелері бойынша шешім орындалғанға дейін;";

      5) 27-баптың бірінші абзацында "2020 жылғы 1 қаңтарға дейін" деген сөздер "2021 жылғы 1 қаңтарға дейін" деген сөздермен ауыстырылсын;

      6) мынадай мазмұндағы 31-1-баппен толықтырылысын:

      "31-1-бап. Салық төлеушінің Салық кодексінің 7-бөлімінде көзделген тәртіппен амортизациялық аударымдарды есептеу арқылы шегерімдерге, ұзақ мерзімді актив ретінде бухгалтерлік есепте танылған лизинг шартынан басқа, 2018 жылғы 1 қаңтарға дейін халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына және Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы заңнамасының талаптарына сәйкес айқындалған амортизациялық аударымдар шегерімге жатқызылған 2018 жылғы 1 қаңтарға дейін мүліктік жалдау (жалға беру) шарты бойынша алынған мүлікке қатысты шеккен шығыстарында жатқызуға құқығы бар деп белгіленсін.";

      7) 33-бапта:

      бірінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:

      "33-бап. 2021 жылғы 1 қаңтарға дейін қолданысы тоқтатыла тұрсын:";

      2) тармақшада:

      бесінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:

      "2. Тіркелген салықты төлеушілер осы Кодекстің 544-бабында көрсетілген қызмет түрлерін жүзеге асырудан түсетін кірістер бойынша жеке табыс салығын төлеушілер болып табылмайды.";

      жиырма бесінші – жиырма сегізінші абзацтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "2) егер осы бапта өзгеше белгіленбесе, салықтөлеушінің директорлар кеңесінің немесе жоғары басқару органы болып табылмайтын, өзге басқару органының мүшесінің және өзге өздеріне жүктелген басқарушылық міндеттерін орындауға байланысты (бұдан әрі – салық төлеушінің басқару органы мүшесінің сапары), қызметтiк іссапарларға және (немесе) сапарлары оның ішінде Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жұмыскерді оқыту, біліктілігін арттыру немесе қайта даярлау мақсатындағы сапарлары кезiнде шеккен:

      осы Кодекстің 244-бабы 1-тармағының 1), 2) және 4) тармақшаларында және 3-тармағының 1), 2) және 4) тармақшаларында белгіленген өтемақылар;

      Қазақстан Республикасының шегіндегі іссапар және (немесе) салық төлеушінің басқару органы мүшесінің сапары тәуліктік өтемақылар және іссапарда және (немесе) салық төлеушінің басқару органы мүшесінің сапарда болған бойынша болған күнтізбелік қырық күннен аспайтын кезең ішінде іссапарда және (немесе) салықтөлеушінің басқару органы мүшесінің болған әрбір күнтізбелік күн үшін республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және тиісті қаржы жылының 1 қаңтарына қолданыста болатын айлық есептік көрсеткіштің 6 еселенген мөлшерінен аспайтын салықтөлеушінің басқару органының мүшесіне сапарда болған уақытында төленетін ақша сомасы;

      Қазақстан Республикасының шегінен тыс жердегі іссапар және (немесе) салық төлеушінің басқару органы мүшесінің сапары бойынша – тәуліктік өтемақылар және іссапарда және (немесе) салық төлеушінің басқару органы мүшесінің сапарда болған күнтізбелік қырық күннен аспайтын кезең ішінде іссапарда және (немесе) салықтөлеушінің басқару органы мүшесінің сапарда болғанәрбір күнтізбелік күн үшін республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және тиісті қаржы жылының 1 қаңтарына қолданыста болатын айлық есептік көрсеткіштің 8 еселенген мөлшерінен аспайтын салықтөлеушінің басқару органының мүшесіне сапарда болған уақытында төленетін ақша сомасы;";

      отыз жетінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:

      "9) жұмыс берушінің жұмыскерлерді Қазақстан Республикасында тұрғылықты (болатын) жерінен жұмыс орнына дейін жеткізуге және кері қайтуға байланысты шығыстары;";

      жүз қырық екінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:

      "47) резидент – жеке тұлғаның кірістерінен оларды ұстап қалмай өз қаражаты есебінен осы Кодекстің ережелеріне сәйкес салық агенті есептеген және төлеген жеке табыс салығы, "Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес агент есептеген және төлеген міндетті зейнетақы жарналары сомалары;"

      мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:

      "50) бұрын жүзеге асырылған сатып алулар немесе сатып алынған жұмыстар, көрсетілетін қызметтер үшін есептелген сома есебінен тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алу кезінде олардың құнын үнемдеуден түсетін материалдық пайда.";

      мынадай мазмұндағы жүз жетпіс сегізінші абзацпен толықтырылсын:

      "Салық салынатын кіріс болып, салық төлеушінің директорлар кеңесінің немесе жоғары басқару органы болып табылмайтын, өзге басқару органының мүшесі алған (алынатын) кірістер да танылады.";

      жүз жетпіс тоғыз – жүз сексен бесінші абзацтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "3. Жұмыскердің салық салуға жататын кірісіне мынадай кірістер жатпайды:

      1) жеке тұлғаның азаматтық-құқықтық сипаттағы шарттар бойынша салық агентінен алатын кірісі;

      2) зейнетақы төлемдерi түріндегі кіріс;

      3) дивидендтер, сыйақылар, ұтыстар түрiндегi кіріс;

      4) стипендиялар;

      5) жинақтаушы сақтандыру шарттары бойынша кіріс;

      6) мүліктік кіріс;

      7) резидент-еңбекші көшіп келушінің кірісі;

      8) жеке практикамен айналысатын адамның кірісі;

      9) дара кәсіпкердің кірісі.";

      жүз сексен сегізінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:

      "1) тауарлардың, бағалы қағаздардың, қатысу үлесінің және еңбек қатынастарының болуына байланысты жұмыскердің меншігіне, сондай-ақ салықтөлеушінің директорлар кеңесінің мүшесіне немесе жоғары басқарушы орган болып табылмайтын өзге басқару органының, өздерінің мүшесінің меншігінде жүктелген басқарушылық міндеттерді орындауға байланысты жұмыс беруші беруге жататын өзге де мүліктің (ақшадан басқа) құны. Мұндай мүліктің құны қосылған құн салығы мен акциздердің тиісті сомасы ескеріле отырып, мынадай мөлшерде айқындалады:";

      жүз тоқсан бірінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:

      "2) еңбек қатынастарының болуына байланысты жұмыс берушінің жұмыскер пайдасына, сондай-ақ салық төлеушінің директорлар кеңесінің немесе жоғары басқарушы орган болып табылмайтын өзге де басқарушы органының мүшесінің пайдасына, өздеріне жүктелген басқарушылық міндеттерді орындауға байланысты жұмыстарды орындауы, қызметтерді көрсетуі. Орындалған жұмыстардың, көрсетілген қызметтердің құны қосылған құн салығы мен акциздердің тиісті сомасы ескеріле отырып, жұмыс берушінің осындай жұмыстарды орындауға, қызметтерді көрсетуге байланысты шеккен шығыстары мөлшерінде айқындалады;";

      жүз тоқсан алтыншы абзац мынадай редакцияда жазылсын:

      "1) жұмыскерге тауарларды өткізу кезінде – жұмыскерге өткізілген тауарлардың құны мен олардың баланстық құны немесе оларды сатып алу бағасы арасындағы терiс айырма;

      жұмыскерге жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді өткізу кезінде – жұмыскерге өткізілген жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің құны мен қосылған құн салығы мен акциздердің тиісті сомасын ескеріле отырып, жұмыс берушінің осындай жұмыстарды орындауға, қызметтер көрсетуге байланысты шеккен шығыстарының жалпы сомасы арасындағы теріс айырма.

      Осы тармақшаны қолдану мақсатында сатып алу бағасын Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы заңнамасына сәйкес бухгалтерлік есеп жүргізуді жүзеге асырмайтын салық төлеушілер пайдаланады;";

      екі жүз бірінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:

      "Өтеусіз алынған мүлік түріндегі кіріс қосылған құн салығы мен акциздердің тиісті сомасы ескеріле отырып, мынадай мөлшерде айқындалады:";

      мынадай мазмұндағы екі жүз төртінші абзацпен толықтырылсын:

      "Өтеусіз алынған жұмыстар және (немесе) көрсетілетін қызметтер түріндегі кіріс қосылған құн салығы мен акциздердің тиісті сомасы ескеріле отырып, осындай жұмыстарды орындауға, қызметтер көрсетуге байланысты шеккен салық агентінің шығыстары мөлшерінде орындалған жұмыстардың, көрсетілген қызметтердің құны түрінде айқындалады.";

      екі жүз отыз сегізінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:

      "4) дара кәсіпкер және (немесе) бірыңғай жинақталған төлемді төлеуші болып табылмайтын жеке тұлға мүлікті салық агенттері болып табылмайтын тұлғаларға мүліктік жалдауға (жалға) беруден алған кіріс;";

      үш жүз елу алтыншы абзац мынадай редакцияда жазылсын:

      "2. Егер осы Кодекстің 20-бөлімінде өзгеше тәртіп белгіленбесе, арнаулы салық режимін қолданатын дара кәсіпкердің кірісі осы бапқа сәйкес айқындалады.";

      үш жүз елу тоғызыншы – үш жүз жетпісінші абзацтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "339-бап. Бақыланатын шетелдік компания жөніндегі жалпы ережелер

      Бақыланатын шетелдік компанияның қаржылық пайдасына немесе бақыланатын шетелдік компанияның тұрақты мекемесінің қаржылық пайдасына екі рет салық салынбауға тиіс.

      Қосарланған салық салу мына ережелерді қолдану арқылы жойылады:

      1) осы Кодекстің 340-бабының 2-тармағына сәйкес салық салудан босату;

      2) осы Кодекстің 297-бабының 3-тармағының 1), 2) тармақшаларында көрсетілген шарттарға сәйкес келген кезде, бақыланатын шетелдік компанияның салық салынғанға дейінгі қаржылық пайдасын түзету;

      3) осы Кодекстің 340-бабының 3-тармағына сәйкес бақыланатын шетелдік компанияның салық салынғанға дейінгі қаржылық пайдасын азайту;

      4) осы Кодекстің 358-бабының 6-тармағының 1) және 2) тармақшаларына сәйкес резиденттің жеке табыс салығынан шегеру арқылы немесе осы Кодекстің 359-бабының 2-тармағында айқындалған тәртіппен Қазақстан Республикасындағы жеке табыс салығын төлеу есебіне жатқызу арқылы.";

      үш жүз жетпіс тоғызыншы абзацтағы "салынса, Қазақстан Республикасында салық салудан босатылады." деген сөздер "салынса;" деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы үш жүз сексенінші абзацпен толықтырылсын:

      "6) жеңiлдiктi салық салынатын мемлекеттерде тіркелгендерін қоспағанда, бақыланатын шетелдік компанияның немесе бақыланатын шетелдік компанияның тұрақты мекемесінің пассив кірістерінің үлесі 20 пайыздан аз болса, Қазақстан Республикасында салық салудан босатылады.";

      үш жүз сексен бірінші – төрт жүз он үшінші абзацтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "3. Резидент жеке тұлға бақыланатын шетелдік компанияның салық салынғанға дейінгі қаржылық пайдасын немесе бақыланатын шетелдік компанияның тұрақты мекемесінің салық салынғанға дейінгі қаржылық пайдасын мынадай сомаларға азайтуға құқығы бар:

      1) мына формула бойынша айқындалатын азайту сомасы:

      А = ҚП × (К(1)/ЖКС), мұнда:

      А – азайту сомасы;

      ҚП – бақыланатын шетелдік компанияның салық салынғанға дейінгі қаржылық пайдасының оң шамасы;

      К(1) – егер бақыланатын шетелдік компанияның салық салынғанға дейінгі қаржылық пайдасында осы тармақшада көрсетілген салық салынатын кірісті есепке алған жағдайда, бақыланатын шетелдік компанияның филиал, өкілдік, тұрақты мекеме арқылы Қазақстан Республикасындағы кәсіпкерлік қызметінен түскен, Қазақстан Республикасында 20 проценттік мөлшерлеме бойынша корпоративтік табыс салығы салынаған, салық салынатын (салық салынуға тиіс) кірісі;

      ЖКС – осы Кодекстің 294-бабы 4-тармағының 17) тармақшасына сәйкес айқындалған кірістердің жиынтық сомасы;

      2) мына формула бойынша айқындалатын азайту сомасы:

      А = ҚП × (К(2)/ЖКС), мұндағы:

      А – азайту сомасы;

      ҚП – бақыланатын шетелдік компанияның салық салынғанға дейінгі қаржылық пайдасының оң шамасы;

      К(2) – егер салық салынғанға дейінгі қаржылық пайда осы тармақшада көрсетілген кірісті есепке ала отырып айқындалған жағдайда, Қазақстан Республикасында тұрақты мекеме құрмай қызметтер көрсетуден (жұмыстар атқарудан) түскен, бақыланатын шетелдік компания Қазақстан Республикасындағы көздерден алған, бұдан бұрын Қазақстан Республикасында төлем көзінен 20 проценттік мөлшерлеме бойынша корпоративтік табыс салығы салынған, кіріс;

      ЖКС – осы Кодекстің 294-бабы 4-тармағының 17) тармақшасына сәйкес айқындалған кірістердің жиынтық сомасы;

      3) егер бақыланатын шетелдік компанияның салық салынғанға дейінгі қаржылық пайдасы осындай кірісті қамтылған жағдайда, осы Кодекстің
645-бабы 9-тармағының 3), 4), 5) тармақшаларына сай төлем көзінен алынатын корпоративтік табыс салығы салынбайтын, бақыланатын шетелдік компанияның Қазақстан Республикасындағы көздерден алған дивидендтері;

      4) келесі формула бойынша айқындалатын азайту сомасы:

      А = ҚП × (К(4)/ЖКС), мұндағы:

      А – азайту сомасы;

      ҚП – бақыланатын шетелдік компанияның салық салынғанға дейінгі қаржылық пайдасының оң шамасы;

      К(4) – егер бақыланатын шетелдік компанияның салық салынғанға дейінгі қаржылық пайдасы осы тармақшада көрсетілген кірісті есепке ала отырып айқындалған жағдайда, бақыланатын шетелдік компанияның Қазақстан Республикасындағы көздерден алған, бұдан бұрын 20 Қазақстан Республикасында төлем көзінен проценттік мөлшерлеме бойынша корпоративтік табыс салығы салынған, осы тармақтың 1)-3) және 6) тармақшаларында көзделмеген басқа да кірістері;

      ЖКС – осы Кодекстің 294-бабының 4-тармағының 17) тармақшасына сәйкес айқындалған кірістердің жиынтық сомасы;

      5) шоғырландырылған топтың бірыңғай ұйымдық құрылымына кіретін бір бақыланатын шетелдік компанияның басқа бақыланатын шетелдік компаниядан алған дивидендтерінің сомасы. Бұл ретте бір бақыланатын шетелдік компанияның қаржылық пайдасы бұдан бұрын Қазақстан Республикасында басқа бақыланатын шетелдік компанияның қаржылық пайдасынан корпоративтік табыс салығы салынған (салынуға тиіс) осындай дивидендтер қамтуы тиіс және (немесе) осы баптың 4-тармағының 3), 6), 10) тармақшаларына немесе осы тармақшаға сай осындай басқа бақыланатын шетелдік компанияның қаржылық пайдасы азайтылуға тиіс және (немесе) осындай дивидендтер осы баптың 4-тармағының 7), 8), 9) тармақшаларына сай осындай басқа бақыланатын шетелдік компания алған құн өсімінен түскен кірістің есебінен құралған болуы тиіс;

      6) шет мемлекетте тіркелген немесе инкорпорацияланған немесе басқа да жолмен құрылған, бақыланатын шетелдік компания болып табылмайтын, шоғырландырылған топтың бірыңғай ұйымдық құрылымына кіретін бейрезидент-заңды тұлғадан немесе заңды тұлға құрмай кәсіпкерлік қызметін жүзеге асыратын басқа да ұйым нысанынан бақыланатын шетелдік компанияның алған дивидендтерінің сомасы. Бұл ретте бақыланатын шетелдік компанияның қаржылық пайдасына төменде аталғандар кіруі тиіс:

      Қазақстан Республикасындағы көздерден тікелей алынған не шет мемлекетте тіркелген немесе инкорпорацияланған немесе басқа да жолмен құрылған, бақыланатын шетелдік компаниялар болып табылмайтын, өзге бейрезидент заңды тұлғалар немесе заңды тұлға құрмай кәсіпкерлік қызметін жүзеге асыратын басқа да нысанды ұйымдар арқылы алынған, осы Кодекстің 645-бабының 9-тармағының 3), 4), 5) тармақшаларына сай бұрынырақ төлем көзінен алынатын корпоративтік табыс салығы салынған не салынбауы тиіс дивидендтер;

      және (немесе) осындай дивидендтер шоғырландырылған топтың бірыңғай ұйымдық құрылымына кіретін, бұрынырақ Қазақстан Республикасында корпоративтік табыс салығы салынған (салынуы тиіс) басқа бақыланатын шетелдік компанияның қаржылық пайдасынан төленуі (төленген болуы) тиіс;

      және (немесе) осындай дивидендтер осы баптың 4-тармағының 7), 8), 9) тармақшаларына сай осындай басқа бақыланатын шетелдік компания алған құн өсімінен түскен кірістің есебінен құралған болуы тиіс;

      7) келесі формула бойынша айқындалатын азайту сомасы:

      А = ҚП × (К(7)/ЖКС), мұндағы:

      А – азайту сомасы;

      ҚП – бақыланатын шетелдік компанияның салық салынғанға дейінгі қаржылық пайдасының оң шамасы;

      К(7) – бақыланатын шетелдік компанияның салық салынғанға дейінгі қаржылық пайдасына осындай кірістер кіретін болса, бұрынырақ Қазақстан Республикасында төлем көзінен алынатын корпоративтік табыс салығы салынған Қазақстан Республикасындағы көздерден бақыланатын шетелдік компанияның сыйақылар түрінде және (немесе) құн өсімінен және (немесе) роялти түрінде алған кірістері;

      ЖКС – осы Кодекстің 294-бабының 4-тармағының 17) тармақшасына сәйкес айқындалған кірістердің жиынтық сомасы;

      8) келесі формула бойынша айқындалатын азайту сомасы:

      А = ҚП × (К(8)/ЖКС), мұндағы:

      А – азайту сомасы;

      ҚП – бақыланатын шетелдік компанияның салық салынғанға дейінгі қаржылық пайдасының оң шамасы;

      К(8) – егер бір бақыланатын шетелдік компанияның қаржылық пайдасы осындай кірісті қамтыған жағдайда, бір бақыланатын шетелдік компанияның осы Кодекстің 645-бабының 9-тармағының 7) немесе 8) тармақшасының шарттарына сәйкес келетін Қазақстан Республикасы резидентінің құрылтайшысы болып табылатын басқа бақыланатын шетелдік компанияны сатудан алған, құн өсімінен түскен кіріс;

      ЖКС – осы Кодекстің 294-бабының 4-тармағының 17) тармақшасына сәйкес айқындалған кірістердің жиынтық сомасы;

      9) бақыланатын шетелдік компанияның салық салынғанға дейінгі қаржылық пайдасына осындай кіріс кіретін болса, бақыланатын шетелдік компанияның Қазақстан Республикасындағы көздерден сыйақылар түрінде және (немесе) құн өсімінен және (немесе) роялти түрінде алған, осы Кодекстің 645-бабының 9-тармағының 6), 7), 8), 9) тармақшаларына сай төлем көзінен алынатын корпоративтік табыс салығы салынбайтын кірістері;

      10) салық салынғанға дейінгі қаржылық пайдаға осындай дивидендтер кіретін болса, бұрынырақ Қазақстан Республикасында төлем көзінен алынатын корпоративтік табыс салығы салынған Қазақстан Республикасындағы көздерден бақыланатын шетелдік компанияның алған дивидендтері.

      Осы тармақтың ережелері жеңілдікті салық салынатын мемлекеттерде тіркелген бақыланатын шетелдік компанияға және (немесе) бақыланатын шетелдік компанияның тұрақты мекемесіне қатысты қолданылмайды.";

      төрт жүз сексенінші абзац алып тасталсын;

      бес жүз отызыншы абзац мынадай редакцияда жазылсын:

      "37) жинақтаушы сақтандыру шарттары бойынша:";

      мынадай мазмұндағы бес жүз отыз бесінші абзацпен толықтырылсын:

      "39-1) осы Кодекстің 340-бабына сәйкес қаржылық пайдаға бұрынырақ Қазақстан Республикасында жеке табыс салығы салынған дивидендтер кіретін болса, бұрынырақ осы Кодекстің 340-бабының 3-тармағының 5) тармақшасына сәйкес азайтылған бақыланатын шетелдік компаниядан алынған және қаржылық пайдадан немесе оның бөлігінен бөлінген, дивидендтер;";

      бес жүз қырық бесінші және бес жүз қырық алтыншы абзацтар алып тасталсын:

      мынадай мазмұндағы бес жүз қырық сегізінші абзацпен толықтырылсын:

      "51) мұндай ұйыммен еңбек қатынастарында тұрмайтын және (немесе) қызметтерді көрсету, жұмыстарды орындау туралы шарт шеңберінде емес, жеке тұлғаның жол жүру, тұру және тамақтануына жарғылық мақсаттар мен міндеттерді іске асыру шеңберінде осы Кодекстің 289-бабының 1-тармағында айқындалған жеке тұлғаның коммерциялық емес ұйымның шығыстары түрінде алынған кірістері.";

      мынадай мазмұндағы бес жүз елу үшінші абзацпен толықтырылсын:

      "1-1) міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға арналған жарналар бойынша – Қазақстан Республикасының міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы заңнамасында белгіленген мөлшерде салық шегерімі;";

      бес жүз алпыс сегізінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Міндетті зейнетақы жарналары түріндегі, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға арналған жарналар бойынша және осы Кодекстің 345-бабының 1-тармағында көрсетілген зейнетақы төлемдері бойынша салық шегерімдерін қоспағанда, салықтық шегерімдер, салық агенті төлем көзінен:";

      бес жүз жетпіс үшінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:

      "3. Жеке тұлға міндетті зейнетақы жарналары және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға арналған жарналар түріндегі салықтық шегерімдідерді қоспағанда, салықтық кезеңде салықтық шегерімнің белгілі бір түрін бір салық агентінде ғана қолдануға құқылы.";

      алты жүз он бірінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:

      "Бұл ретте медицинаға арналған салықтық шегерімнің және осы Кодекстің 341-бабы 1-тармағының 18) тармақшасына сәйкес жеке тұлғаның медициналық көрсетілетін жұмыскерге (косметологиялықтан басқа) шығыстарын және (немесе) жұмыс берушінің ерікті сақтандыру шарттары бойынша қызметкерге сақтандыру сыйлықақыларын төлеуге жұмсаған шығыстарын жабу үшін кірісті түзетудің жалпы сомасы күнтiзбелiк бiр жылдағы жиынтығында күнтізбелік жыл үшін айлық есептік көрсеткіштің 94 еселенген мөлшерінен аспауға тиіс.";

      алты жүз елу тоғызыншы абзац мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Мемлекеттік органның шешімі бойынша құрылымдық бөлімшелері және (немесе) аумақтық органдары оған (оларға) ведомстволық бағынысты мемлекеттік мекемелер жұмыскерлерінің кірістері бойынша салық агенттері ретінде қарастырылуы мүмкін.";

      мынадай мазмұндағы алты жүз жетпіс бірінші абзацпен толықтырылсын:

      "1-1. Егер қызметкердің есептелген табысы республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және тиісті қаржы жылының 1 қаңтарындағы жағдай бойынша қолданыстағы 25 еселенген айлық есептік көрсеткіштен аспаған жағдайда, жұмыскердің салық салынатын табысы 90 пайызға азайтылады.";

      алты жүз жетпіс бірінші – алты жүз жетпіс алтыншы абзацтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "2. Мүліктік кірістен басқа, азаматтық-құқықтық сипаттағы шарттар бойынша тауарларды өткізуден, жұмыстарды орындаудан, қызметтерді көрсетуден түсетін, жеке кәсіпкер, жеке практикамен айналысатын адам болып табылмайтын жеке тұлға алған, салық салынатын кіріс мөлшері мынадай тәртіппен айқындалады:

      мүліктік кірістен басқа, тауарларды өткізуден, жұмыстарды орындаудан, қызметтерді көрсетуден жеке кәсіпкер, жеке практикамен айналысатын адам болып табылмайтын жеке тұлға ағымдағы салықтық кезеңде алған, төлем көзінен салық салуға жататын кірістердің сомасы.

      алу

      осы Кодекстің 341-бабының 1-тармағында көзделген, ағымдағы салықтық кезеңде кірісті түзету сомасы, алу

      осы Кодекстің 346-бабы 1-тармағының 2) және (немесе) 3) тармақшаларында көрсетілген міндетті зейнетақы жарналары, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға арналған жарналары түріндегі салық шегерімдер және стандартты шегерімдер сомасы.";

      алты жүз сексен сегізінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:

      "осы Кодекстің 341-бабының 1-тармағында көзделген түзету сомасы, алу";

      жеті жүз алпыс алтыншы абзацтағы "2) – 6)" деген цифрлар "1) – 10)" деген цифрлармен ауыстырылсын;

      мынадай мазмұндағы жеті жүз тоқсан тоғызыншы және сегіз жүзінші абзацтармен толықтырылсын:

      "3. Жеке тұлға салықтық кезеңнің қорытындылары бойынша осы Кодекстің 30-тарауына сәйкес есептелген жеке табыс салығын осы Кодекстің 364-бабының 3-тармағында белгіленген соңғы мерзімнен кейiнгі он күнтізбелік күннен кешiктiрмей төлеуді жүргізеді.

      Осы тармақтың ережелері жеңілдікті салық салынатын мемлекеттерде тіркелген бақыланатын шетелдік компаниялардың және (немесе) бақыланатын шетелдік компаниялардың тұрақты мекемелерінің жиынтық пайдасынан есептелген жеке табыс салығына қатысты қолданылмайды.";

      мынадай мазмұндағы сегіз жүз он алтыншы абзацпен толықтырылсын:

      "13) осы баптың 1) – 10) тармақшаларда көрсетілмеген, жеке тұлға дербес салық салынуға жататын кірістерді алған жеке тұлғаларға, төлем көзінен жеке табыс салығы ұсталмайды.

      Осы тармақшаның ережелері "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Қазақстан Республикасының Конституциялық Заңына, Қазақстан Республикасының Қылмыстық-атқару кодексіне және "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жеке табыс салығы бойынша декларация тапсыру жөнінде міндеттеме жүктелген тұлғаларды қоспағанда, бірыңғай жиынтық төлемді төлеушілерге қолданылмайды.";

      8) 35-1-бап мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:

      "Осы тармақтың 3) және 4) тармақшаларында көзделген салық салынатын айналым бойынша қосылған құн салығын төлеуші осы Кодекстің 215-бабына сәйкес салық тіркелімі жасалады.";

      9) 43-бап мынадай редакцияда жазылсын:

      "43-бап. Салық кодексінің 463-бабы 4-тармағы 1) тармақшасы кестесінің 7, 12, 14, 15, 18, 21 және 22-жолдарының қолданысы 2023 жылғы 1 қаңтарға дейін тоқтатыла тұрсын, тоқтатыла тұру кезеңінде осы жолдар мынадай редакцияда қолданылады деп белгiленсін:

      1) 2018 жылғы 1 қаңтардан бастап 2019 жылғы 1 қаңтарға дейін:

      "

7.

2208

Алкоголь өнімі (коньяктан, брендиден, шараптан, шарап материалынан, сырадан және сыра сусынынан басқа)
 

2 275 теңге/литр
100 % спирт

      ";

      "

12.

220300

Сыра және сыра сусыны
 

48 теңге/литр

      ";

      "

14.

2402-ден

Фильтрлі сигареттер
 
 

7 500 теңге/
1 000 дана

15.

2402-ден

Фильтрсіз сигареттер, папиростар
 
 

7 500 теңге/
1 000 дана

      ";

      "

21.

2403

Қыздырылатын темекісі бар бұйымдар (қыздырылатын темекі таяқшасы, темекісі бар қыздырылатын капсула және өзгелер)
 

0 теңге/1 кг
темекі қоспасы

22.

3824

Электрондық сигареттерде пайдалануға арналған картридждердегі, резервуарлардағы және басқа да контейнерлердегі құрамында никотин бар сұйықтық
 

0 теңге/ сұйықтық миллилитрі

      ";

      2) 2019 жылғы 1 қаңтардан бастап 2020 жылғы 1 қаңтарға дейін:

      "

7.

2208

Алкоголь өнімі (коньяктан, брендиден, шараптан, шарап материалынан, сырадан және сыра сусынынан басқа)
 

2 550 теңге/литр 100 % спирт

      ";

      "

12.

220300

Сыра және сыра сусыны
 

57 теңге/литр

      ";

      "

14.

2402-ден

Фильтрлі сигареттер
 
 

8 700 теңге/
1 000 дана

15.

2402-ден

Фильтрсіз сигареттер, папиростар
 
 

8 700 теңге/
1 000 дана

      ";

      "

21.

2403

Қыздырылатын темекісі бар бұйымдар (қыздырылатын темекі таяқшасы, темекісі бар қыздырылатын капсула және өзгелер)
 

0 теңге/1 кг
темекі қоспасы

22.

3824

Электрондық сигареттерде пайдалануға арналған картридждердегі, резервуарлардағы және басқа да контейнерлердегі құрамында никотин бар сұйықтық
 

0 теңге/ сұйықтық миллилитрі

      ";

      3) 2020 жылғы 1 қаңтардан бастап 2021 жылғы 1 қаңтарға дейін:

      "

7.

2208

Алкоголь өнімі (коньяктан, брендиден, шараптан, шарап материалынан, сырадан және сыра сусынынан басқа)
 

2 550 теңге/литр
100 % спирт

      ";

      "

12.

220300

Сыра және сыра сусыны
 

57 теңге/литр

      ";


14.

2402-ден

Фильтрлі сигареттер
 
 

9 900 теңге/
1 000 дана

15.

2402-ден

Фильтрсіз сигареттер, папиростар
 
 

9 900 теңге/
1 000 дана

      ";

      "

21.

2403

Қыздырылатын темекісі бар бұйымдар (қыздырылатын темекі таяқшасы, темекісі бар қыздырылатын капсула және өзгелер)
 

7 345 теңге/1 кг
темекі қоспасы

22.

3824

Электрондық сигареттерде пайдалануға арналған картридждердегі, резервуарлардағы және басқа да контейнерлердегі құрамында никотин бар сұйықтық
 

5 теңге/ сұйықтық миллилитрі

23.

2403-ден

Құрамында никотині бар өнім (никотинді темекісіз снюс)
 

7345 теңге/1 кг қоспасы

      ";

      4) 2021 жылғы 1 қаңтардан бастап 2022 жылғы 1 қаңтарға дейін:

      "

12.

220300

Сыра және сыра сусыны
 

68 теңге/литр

      ";

      "

14.

2402-ден

Фильтрлі сигареттер
 
 

11 100 теңге/
1 000 дана

15.

2402-ден

Фильтрсіз сигареттер, папиростар
 
 

11 100 теңге/
1 000 дана

      ";

      "

18.

2403-тен

Құрамында никотині бар фармацевтикалық өнімді қоспағанда, тұтыну ыдысына қапталған және түпкілікті тұтынуға арналған түтіктік, шегетін, шайнайтын, соратын, иіскейтін, қорқорлы және өзге де темекі

9 520 теңге/
килограмм

      ";

      "

21.

2403

Қыздырылатын темекісі бар бұйымдар (қыздырылатын темекі таяқшасы, темекісі бар қыздырылатын капсула және өзгелер)

10 300 теңге/
1 кг темекі қоспасы

22.

3824

Электрондық сигареттерде пайдалануға арналған картридждердегі, резервуарлардағы және басқа да контейнерлердегі құрамында никотин бар сұйықтық
 

7 теңге/ сұйықтық миллилитрі

23.

2403-ден

Құрамында никотині бар өнімі (никотинді темекісіз снюс)
 

10 300 теңге/
1 кг қоспасы

      ";

      5) 2022 жылғы 1 қаңтардан бастап 2023 жылғы 1 қаңтарға дейін:

      "

12.

220300

Сыра және сыра сусыны
 

79 теңге/литр

      ";

      "

14.

2402-ден

Фильтрлі сигареттер
 
 

12 300 теңге/
1 000 дана

15.

2402-ден

Фильтрсіз сигареттер, папиростар
 
 

12 300 теңге/
1 000 дана

      ";

      "

18.

2403-тен

Құрамында никотині бар фармацевтикалық өнімді қоспағанда, тұтыну ыдысына қапталған және түпкілікті тұтынуға арналған түтіктік, шегетін, шайнайтын, соратын, иіскейтін, қорқорлы және өзге де темекі
 

10 560 теңге/ килограмм

      ";

      "

21.

2403

Қыздырылатын темекісі бар бұйымдар (қыздырылатын темекі таяқшасы, темекісі бар қыздырылатын капсула және өзгелер)

11 750 теңге/
1 кгтемекі қоспас

22.

3824

Электрондық сигареттерде пайдалануға арналған картридждердегі, резервуарлардағы және басқа да контейнерлердегі құрамында никотин бар сұйықтық

8 теңге/ сұйықтық миллилитрі

23.

2403-ден

Құрамында никотині бар өнімі (темекісіз никотинді снюс)

11 750 теңге/
1 кг қоспасы

      ".

      10) 48-1-бап мынадай редакцияда жазылсын:

      "48-1-бап. Салық кодексінің 686-бабы 2019 жылғы 1 қаңтардан 2020 жылғы 1 қаңтарға дейінгі кезеңде мынадай мазмұндағы 2-1-тармақпен толықтырылсын:

      "2-1. Осы баптың 2-тармағына сәйкес есептелген жеке табыс салығының сомасы деректерді тіркеу және беру функциясы бар бір бақылау-касса машинасын не үш құрамбөлікті интеграцияланған жүйені сатып алуға 60 000 теңге сомасына, бірақ есептелген салық сомасының 50 пайызынан асырмай азайту жағына түзетілуге жатады.

      Осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген салықты азайту деректерді тіркеу және беру функциясы бар осындай бақылау-касса машинасы салық органдарында алғаш рет есепке қойылған немесе үш құрамбөлікті интеграцияланған жүйе орнатылған салықтық кезең үшін патент құнының соңғы есеп-қисабында жеке табыс салығының сомасын есептеу кезінде бір мезгілде бүкіл салықтық кезең үшін тұтас жүргізіледі.";

      11) 48-2-бап мынадай редакцияда жазылсын:

      "48-2-бап. Салық кодексінің 687-бабы 2019 жылғы 1 қаңтардан 2020 жылғы 1 қаңтарға дейінгі кезеңде мынадай мазмұндағы 2-1-тармақпен толықтырылсын:

      "2-1. Салық төлеуші деректерді тіркеу және беру функциясы бар бақылау-касса машинасын немесе үш құрамбөлікті интеграцияланған жүйені салық органдарында есепке қойған күнтізбелік жылдың екінші жартыжылдығы үшін оңайлатылған декларацияда есептелген жеке табыс салығының сомасы осы салық төлеушінің 60 000 теңге сомасына, бірақ осындай күнтізбелік жылдың екі жартыжылдығы үшін есептелген салық сомасының 50 пайызынан асырмай азайту жағына түзетуіне жатады.";

      12) 49-баптың бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "49-бап. Салық кодексінің 697-бабы 6-тармағының қолданысы 2023 жылғы 1 қаңтарға дейін тоқтатыла тұрсын, тоқтатыла тұру кезеңінде осы тармақ мынадай редакцияда қолданылады деп белгiленсін:";

      13) мынадай мазмұндағы 50-1-баппен толықтырылсын:

      "50-1-бап. 2020 жылдың 1 қаңтарына дейін туындаған салықтық міндеттемелер мен талаптар бойынша талап қою мерзімі 5 жылды құрайды деп белгіленсін.";

      14) мынадай мазмұндағы 57-2-баппен толықтырылсын:

      "57-2-бап. Жер қойнауын пайдаланушылар Салық кодексінің 766-бабының 1-тармағында көзделген және 2018 жылғы 1 қаңтардан бастап осы бап қолданысқа енгізілгенге дейінгі кезеңде жасалған көмірсутектерді бірлесіп барлауға және өндіруге арналған келісімшарттар бойынша осы қолданысқа енгізілгеннен күннен бастап күнтізбелік 90 күннен кешіктірмей жер қойнауын пайдаланушылардың арнайы төлемдері мен салықтары бойынша салықтық міндеттемесін орындаудың баламалы тәртібін қолдану туралы хабарлама жіберуге құқылы деп белгіленсін.".

      26. "Валюталық реттеу және валюталық бақылау туралы" 2018 жылғы 2 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2018 ж., № 14, 43-құжат; 2019 ж., № 7, 39-құжат; № 15-16, 67-құжат):

      1-баптың 1-тармағының 8) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "8) уәкілетті банктер – валюталық операцияларды, оның ішінде клиенттердің тапсырмалары бойынша валюталық операцияларды жүргізетін, Қазақстан Республикасында құрылған банктер және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар (уәкілетті ұйымдарды қоспағанда), екінші деңгейдегі банктердің кредиттік портфельдерінің сапасын жақсартуға маманданатын, Қазақстан Республикасының Үкіметі жалғыз акционері болып табылатын ұйым, сондай-ақ шетелдік банктердің Қазақстан Республикасында қызметін жүзеге асыратын филиалдары;".

      27. "Табиғи монополиялар туралы" 2018 жылғы 27 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңы (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2018 ж., № 23, 87-құжат; 2019 жылғы 30 желтоқсанда "Егемен Қазақстан" және "Казахстанская правда" газеттерінде жарияланған "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы, мемлекеттік басқару жүйесін, бюджетаралық қатынастарды жетілдіру, кредиттеу және білім беру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2019 жылғы 27 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңы; 2019 жылғы 31 желтоқсанда "Егемен Қазақстан" және "Казахстанская правда" газеттерінде жарияланған "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне теміржол көлігі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2019 жылғы 27 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңы):

      1) 4-бапта:

      16) тармақшаның үшінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "электр энергиясын беру, сумен жабдықтау және (немесе) су бұру салаларындағы табиғи монополиялар субъектілері үшін – электр қуатының ысыраптарды өтеу үшін жүктеме көтеруге әзірлігін қамтамасыз ету жөніндегі көрсетілетін қызметтер ескеріле отырып электр энергиясы;";

      мынадай мазмұндағы 34) тармақшамен толықтырылсын:

      "34) өңірлік сараптамалық кеңес – құрамына тәуелсіз сарапшылар кіретін, табиғи монополиялар субъектілері тарифтерінің (бағаларының, алымдар мөлшерлемелерінің) және тарифтік сметаларының жобаларына талдау және сараптама жүргізу мақсатында құрылатын консультативтік-кеңесші орган;";

      2) 8-бапта:

      33) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "33) халықаралық қаржы ұйымдарымен және табиғи монополиялар субъектілерімен кредиттік шарт (кредиттік келісім) жасасқан, тарифтері тарифтік реттеудің ынталандыру әдісі қолданыла отырып бекітілетін табиғи монополиялар субъектілерінің тізбесін бекітеді;";

      мынадай мазмұндағы 36-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "36-1) өңірлік сараптамалық кеңес құрады және ол туралы үлгілік ережені
бекітеді;";

      3) 12-баптың 1-тармағының 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "2) ынталандырушы:

      халықаралық қаржы ұйымдарымен кредиттік шарт (кредиттік келісім) жасасқан субъектілер тізбесі үшін.

      тарифтер тарифтік реттеудің ынталандырушы әдісі қолданыла отырып бекітілетін, табиғи монополиялар субъектілерінің тізбесі үшін;";

      4) 15-баптың 7-тармағының 16) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "16) уәкілетті және құзыретті органдармен бірлесіп бекітілген беру жоспарына сәйкес электр энергиясын беру желілері мен газ тарату жүйелерін ұстауға және пайдалануға жоспарлы шығындарды қоспағанда, өтінім ұсынудың алдындағы төрт тоқсан үшін және алдыңғы күнтізбелік жыл үшін реттеліп көрсетілетін қызметтердің шығындары туралы және көлемдері туралы нақты деректерді растайтын құжаттар.";

      5) 22-бапта:

      1-тармақтың 11) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "11) уәкілетті және құзыретті органмен бірлесіп бекітілген беру жоспарына сәйкес жергілікті атқарушы органдардан сенімгерлік басқаруға, сондай-ақ әлеуметтік-экономикалық дамудың тиісті жылға ұсынылатын болжамының инфляциясы деңгейінен аспайтын, электр энергиясын беру желілері және газ тарату жүйелері теңгеріміне алуға.";

      3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "3. Тарифті өзгерту уәкілетті органның бастамасы бойынша жылына екі реттен жиілетпей, ал табиғи монополия субъектісінің бастамасы бойынша жылына бір реттен жиілетпей жүзеге асырылады.";

      6) 28-баптың 5-тармағының 7) және 8) тармақшалары алып тасталсын.

      28. "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне бизнес-ортаны дамыту және сауда қызметін реттеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2019 жылғы 2 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2019 ж., № 7 (2782), 37-құжат):

      1-баптың 9-тармағының 3) тармақшасының тоғызыншы абзацындағы "санаттары" деген сөз "санаттарын" деген сөзбен алмастырылып, "мен тізімін" деген сөздер алып тасталсын.

      2-бап.

      1. Осы Заң:

      1) 2018 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін осы Заңның 1-бабы 6-тармағының 1) тармақшасының қырық екінші және қырық үшінші абзацтарын, 3) тармақшасының он төртінші абзацын, 14) тармақшасының төртінші абзацын, 44) тармақшасының екінші абзацын, 46) тармақшасының төртінші абзацын, 61), 62), 63), 73) тармақшаларын, 76) тармақшасының төртінші абзацын, 77), 78) тармақшаларын, 79) тармақшасының үшінші және сегізінші абзацтарын, 81) тармақшасын, 82) тармақшасының он алтыншы абзацын, 83) тармақшасын, 84) тармақшасының екінші абзацын, 86) тармақшасының алтыншы абзацын, 87) тармақшасының екінші, үшінші, тоғызыншы және оныншы абзацтарын, 89) тармақшасын, 91), 92), 93), 94), 98), 99), 100), 102) тармақшаларын, 103) тармақшасының төртінші абзацын, 104) және 105) тармақшаларын, 107) тармақшасының екінші және үшінші абзацтарын, 110) тармақшасының он алтыншы, он жетінші және он сегізінші абзацтарын, 115) тармақшасының төртінші абзацын, 139) тармақшасының оныншы абзацын, 141) тармақшасының екінші абзацын, 142) тармақшасын, 146) тармақшасының екінші және үшінші абзацтарын, 147) тармақшасын, 150) тармақшасының екінші және үшінші абзацтарын, 155) тармақшасын, 156) тармақшасының алтыншы – он бірінші абзацтарын, 166), 170), 181), 189), 190) тармақшаларын, 191) тармақшасының екінші абзацын, 198) тармақшасының төртінші және бесінші абзацтарын, 201), 202), 204) тармақшаларын, 229) тармақшасының екінші – жиырмасыншы абзацтарын, 230), 237), 238) тармақшаларын, 239) тармақшасының бесінші абзацын, 242), 257) тармақшаларын, 25-тармағының 6) тармақшасын, 7) тармақшасының бесінші – тоқсан жетінші, тоқсан тоғызыншы – жүз екінші, жүз он екінші, жүз он үшінші, жүз жиырма бесінші, жүз жиырма алтыншы, жүз отыз бірінші, жүз отыз екінші және жүз отыз үшінші абзацтарын;

      2) осы Заңның 2018 жылғы 29 маусымнан бастап қолданысқа енгізілетін 1-бабының 6-тармағы 76) тармақшасының бесінші абзацын;

      3) 2019 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін осы Заңның 1-бабының 2-тармағының 1) тармақшасының төртінші – тоғызыншы абзацтарын, 6-тармағының 9) тармақшасының екінші – алтыншы абзацтарын, 85) тармақшасының тоғызыншы және оныншы абзацтарын, 131) тармақшасының бесінші абзацын, 145), 169), 175) тармақшаларын, 198) тармақшасының үшінші абзацын, 225) тармақшасын, 226) тармақшасының екінші және үшінші абзацтарын, 235) тармақшасының екінші – сегізінші абзацтарын, 25-тармғының 3) тармақшасын, 7) тармақшасының тоқсан сегізінші абзацын;

      4) осы Заңның 2019 жылғы 1 қазаннан бастап қолданысқа енгізілетін 1-бабы 6-тармағының 176) тармақшасын;

      5) осы Заңның 2020 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін 1-бабы 4-тармағының 17) тармақшасының төртінші және бесінші абзацтарын, 6-тармағының 1) тармақшасының отыз екініші – қырық бірінші абзацтарын, 3) тармақшасының сегізінші, тоғызыншы және оныншы абзацтарын, 4) тармақшасын, 35) тармақшасының бесінші – тоғызыншы абзацтарын, 45) тармақшасын, 76) тармақшасының екінші және үшінші абзацтарын, 80) тармақшасын, 82) тармақшасының он екінші, он үшінші, он бесінші, он жетінші және он сегізінші абзацтарын, 85) тармақшасының жетінші және сегізінші абзацтарын, 87) тармақшасының төртінші – сегізінші абзацтарын, 90), 96) тармақшаларын, 106) тармақшасының екінші және үшінші абзацтарын, 108) тармақшасын, 115) тармақшасының екінші және үшінші абзацтарын, 118) тармақшасының бесінші – он үшінші абзацтарын, 144) тармақшасын, 146) тармақшасының төртінші – жиырма бірінші абзацтарын, 149), 171) тармақшаларын, 184), 192), 193), 194), 196), 197), 199), 200), 205), 206), 207), 208), 210), 211), 215), 216) тармақшаларын, 217) тармақшасының төртінші және бесінші абзацтарын, 254), 255) тармақшаларын, 10-тармағының 3) тармақшасының екінші және үшінші абзацтарын, 12-тармағының 1) тармақшасының екінші абзацын, 2), 3), 4), 6) тармақшаларын, 25-тармағының 4) тармақшасын, 13) тармақшасын;

      6) осы Заңның 2020 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілетін 1-бабы 6-тармағының 25) тармақшасының екінші – бесінші, жиырмасыншы, жиырма бірінші, жиырма жетінші және жиырма сегізінші абзацтарын;

      7) осы Заңның 2021 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін 1-бабы 6-тармағының 121), 122), 123), 124), 125), 126) тармақшаларын, 127) тармақшасының екінші және үшінші абзацтарын, 128), 129), 130) тармақшаларын, 131) тармақшасының екінші, үшінші, төртінші, алтыншы – он үшінші абзацтарын, 132), 133), 134), 135), 136), 137), 138), 140) тармақшаларын, 141) тармақшасының үшінші және төртінші абзацтарын, 159), 179), 243), 244), 245), 246), 256) тармақшаларын, 25-тармағының 9) тармақшасын қоспағанда, алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      2. Осы Заңның 1-бабы 6-тармағының 82) тармақшасының он тоғызыншы және жиырмасыншы абзацтары, 203) тармақшасы, 226) тармақшасының алтыншы және жетінші абзацтары 2020 жылғы 1 қаңтардан бастап 2021 жылғы 1 қаңтарға дейін қолданыста болады.

      3. Осы Заңның 1-бабы 6-тармағының 118) тармақшасының үшінші және төртінші абзацтары, 153) тармақшасы 2020 жылғы 1 қаңтардан бастап 2023 жылғы 1 қаңтарға дейін қолданыста болады.

      4. Осы Заңның 1-бабы 6-тармағының 127) тармақшасының төртінші және бесінші абзацтары 2021 жылғы 1 қаңтардан бастап 2024 жылғы 1 қаңтарға дейін қолданыста болады.

      5. Осы Заңның 1-бабы 6-тармағының 217) тармақшасының екінші, үшінші, алтыншы және жетінші абзацтары 2020 жылғы 1 қаңтардан бастап 2025 жылғы 1 қаңтарға дейін қолданыста болады.

      6. Осы Заңның 1-бабы 6-тармағының 76) тармақшасының алтыншы және жетінші абзацтары, 82) тармақшасының екінші – оныншы абзацтары, 226) тармақшасының төртінші және бесінші абзацтары, 25-тармағының 2) тармақшасы 2020 жылғы 1 қаңтардан бастап 2027 жылғы 1 қаңтарға дейін қолданылады.

      Қазақстан Республикасының
Президенті

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады