Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2021 жылғы 27 наурыздағы № 67-ө өкімі.
1. Қоса беріліп отырған 2021 жылғы 2 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Экологиялық кодексін, Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне экология мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" және "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының Кодексіне (Салық кодексі) және "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының Кодексін (Салық кодексі) қолданысқа енгізу туралы" Қазақстан Республикасының Заңына экология мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2021 жылғы 2 қаңтардағы заңдарын іске асыру мақсатында қабылдануы қажет құқықтық актілердің тізбесі (бұдан әрі – тізбе) бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдары:
1) тізбеге сәйкес құқықтық актілердің жобаларын әзірлесін және белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасының Үкіметіне бекітуге енгізсін;
2) тізбеге сәйкес тиісті ведомстволық актілерді қабылдасын және келесі айдың 10-күнінен кешіктірмей қабылданған шаралар туралы Қазақстан Республикасының Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігін хабардар етсін.
3. Қазақстан Республикасының Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі тоқсан қорытындылары бойынша ұсынылған ақпаратты жинақтасын және құқықтық актілер қабылданған күннен бастап келесі тоқсандағы айдың
20-күнінен кешіктірмей қабылданған шаралар туралы Қазақстан Республикасының Үкіметін хабардар етсін.
Премьер-Министр | А. Мамин |
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2021 жылғы 27 наурыздағы № 67-ө өкімімен бекітілген |
2021 жылғы 2 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Экологиялық кодексін, Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне экология мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" және "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының Кодексіне (Салық кодексі) және "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының Кодексін (Салық кодексі) қолданысқа енгізу туралы" Қазақстан Республикасының Заңына экология мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2021 жылғы 2 қаңтардағы заңдарын іске асыру мақсатында қабылдануы қажет құқықтық актілердің тізбесі
Р/с № | Құқықтық актінің атауы | Актінің нысаны | Орындалуына жауапты мемлекеттік орган | Орындалу мерзімі | Құқықтық актілерді сапалы және уақтылы әзірлеу мен енгізуге жауапты тұлға |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 |
1. | "Қазақстан Республикасының мемлекеттік басқару жүйесін одан әрі жетілдіру жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2019 жылғы 17 маусымдағы №17 Жарлығын іске асыру жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 5 шілдедегі № 479 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы | Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы | ЭГТРМ | 2021 жылғы мамыр | А.Ә.Пірімқұлов |
2. | Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы | Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы | ЭГТРМ | 2021 жылғы мамыр | А.Ә.Пірімқұлов |
3. | 2021 жылғы 1 қаңтарға қоршаған ортаға ластаушы заттардың жиынтық шығарындылары бойынша неғұрлым ірі I санаттағы елу объектінің тізбесін бекіту туралы | Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы | ЭГТРМ | 2021 жылғы қазан | А.Ә.Пірімқұлов |
4. | Ең озық қолжетімді техникалар бойынша анықтамалықтарды әзірлеу, қолдану, мониторингтеу және қайта қарау қағидаларын бекіту туралы | Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы |
ЭГТРМ, | 2021 жылғы мамыр | А.Ә.Пірімқұлов |
5. | Ең үздік қолжетімді техникалар бойынша анықтамалықтарды бекіту туралы | Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы | ЭГТРМ |
2023 жылғы | А.Ә.Пірімқұлов |
6. | Ең озық қолжетімді техникалар бойынша қорытындыларды бекіту туралы | Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы | ЭГТРМ |
2023 жылғы | А.Ә.Пірімқұлов |
7. | Технологияларды "жасыл" технологиялар ретінде тану қағидаларын бекіту туралы | Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы |
ЭГТРМ, | 2021 жылғы мамыр | А.Ә.Пірімқұлов |
8. | "Жасыл" облигациялар және "жасыл" кредиттер арқылы қаржыландыруға жататын "жасыл" жобалардың сыныптамасын (таксономиясын) бекіту туралы | Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы |
ЭГТРМ, | 2021 жылғы мамыр | А.Ә.Пірімқұлов |
9. | "Бизнестің жол картасы-2025" бизнесті қолдау мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 24 желтоқсандағы № 968 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы | Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы | ҰЭМ | 2021 жылғы мамыр | Т.М. Жақсылықов |
10. | "Жеке кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдаудың кейбір шаралары туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 31 желтоқсандағы № 1060 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы | Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы | ҰЭМ | 2021 жылғы мамыр | Т.М. Жақсылықов |
11. | Қоршаған орта мен табиғи ресурстар мониторингінің бірыңғай мемлекеттік жүйесін ұйымдастыру және оның жұмыс істеу қағидаларын бекіту туралы | Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы | ЭГТРМ | 2021 жылғы мамыр | А.Ә.Пірімқұлов |
12. | Өндірушілердің (импорттаушылардың) кеңейтілген міндеттемелерін іске асыру қағидаларын бекіту туралы | Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы | ЭГТРМ | 2021 жылғы мамыр | А.Ә.Пірімқұлов |
13. | Өндірушілердің (импорттаушылардың) кеңейтілген міндеттемелері операторын айқындау туралы | Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы | ЭГТРМ | 2021 жылғы мамыр | А.Ә.Пірімқұлов |
14. | Қоршаған ортаны жақсартуға бағытталған өңдеу саласындағы жобаларды одан әрі қаржыландыру үшін дауыс беретін акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) елу және одан да көп пайызы тікелей немесе жанама мемлекетке және/немесе ұлттық басқарушы холдингке тиесілі ұйымды қаржыландыру қағидалары мен шарттарын бекіту туралы | Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы | ЭГТРМ | 2021 жылғы мамыр | А.Ә.Пірімқұлов |
15. | Қалдықтарды энергетикалық кәдеге жарату және аукциондық бағаларды индекстеу жолымен өндірілген электр энергиясына шекті аукциондық бағаларды айқындау қағидаларын бекіту туралы | Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы | ЭГТРМ | 2021 жылғы мамыр | А.Ә.Пірімқұлов |
16. | Қалдықтарды энергетикалық кәдеге жарату жөніндегі объектілердің құрылысын қайтарымдылық шарттарында қаржыландыру не қоса қаржыландыру қағидалары мен шарттарын бекіту туралы | Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы | ЭГТРМ | 2021 жылғы мамыр | А.Ә.Пірімқұлов |
17. | Қауіпті және басқа да қалдықтарды Қазақстан Республикасының аумағына әкелу, Қазақстан Республикасының аумағынан әкету және Қазақстан Республикасының аумағы бойынша транзиттеу қағидаларын бекіту туралы | Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы | ЭГТРМ | 2021 жылғы мамыр | А.Ә.Пірімқұлов |
18. | "Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің мәселелері" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 19 қыркүйектегі № 994 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы | Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы | ЭМ | 2021 жылғы мамыр | Ж.Ғ. Қарағаев |
19. | "Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің кейбір мәселелері және Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 29 желтоқсандағы № 936 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы | Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы | ИИДМ | 2021 жылғы мамыр | Р.Н. Баймішев |
20. | Каспий теңізінің солтүстік бөлігіндегі мемлекеттік қорық аймағының шекарасын белгілеу туралы | Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы | ЭГТРМ | 2021 жылғы мамыр | Е.Н. Нысанбаев |
21. | Парниктік газдар шығарындылары мен сіңірулері саласындағы мемлекеттік реттеу қағидаларын бекіту туралы | Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің бұйрығы | ЭГТРМ | 2021 жылғы мамыр | А.Ә.Пірімқұлов |
22. | 2021 – 2025 жылдарға арналған көміртегі бюджетін бекіту туралы | Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің бұйрығы | ЭГТРМ |
2021 жылғы | А.Ә.Пірімқұлов |
23. | Озонды бұзатын заттарды және құрамында солар бар өнімдерді Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттерден Қазақстан Республикасының аумағына әкелуге және Қазақстан Республикасының аумағынан осы мемлекеттерге әкетуге рұқсаттар беру қағидаларын бекіту туралы | Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің бұйрығы | ЭГТРМ | 2021 жылғы мамыр | А.Ә.Пірімқұлов |
24. | Көміртегі квоталарының 2022 – 2025 жылдарға арналған ұлттық жоспарын бекіту туралы | Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің бұйрығы | ЭГТРМ | 2021 жылғы қазан | А.Ә.Пірімқұлов |
25. | Экономиканың реттелетін секторларындағы бенчмарктердің тізбесін бекіту туралы | Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің бұйрығы | ЭГТРМ | 2021 жылғы мамыр | А.Ә.Пірімқұлов |
26. 2 | Көміртегі бірліктерінің мемлекеттік тізілімін жүргізу қағидаларын бекіту туралы | Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің бұйрығы | ЭГТРМ | 2021 жылғы мамыр | А.Ә.Пірімқұлов |
27. | Мемлекеттік көміртегі кадастрын жүргізу қағидаларын бекіту туралы | Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің бұйрығы | ЭГТРМ | 2021 жылғы мамыр | А.Ә.Пірімқұлов |
28. | Көміртегі бірліктерін сату қағидаларын бекіту туралы | Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің бұйрығы | ЭГТРМ | 2021 жылғы мамыр | А.Ә.Пірімқұлов |
29. | Көміртегі офсетін мақұлдау және офсеттік бірліктерді беру қағидаларын бекіту туралы | Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің бұйрығы | ЭГТРМ | 2021 жылғы мамыр | А.Ә.Пірімқұлов |
30. | Парниктік газдар шығарындылары мен сіңірулерін мемлекеттік түгендеудің толықтығына, ашықтығына және дұрыстығына бақылау жүргізу қағидаларын бекіту туралы | Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің бұйрығы | ЭГТРМ | 2021 жылғы мамыр | А.Ә.Пірімқұлов |
31. | Валидация және верификация жүргізу қағидаларын бекіту туралы | Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің бұйрығы | ЭГТРМ | 2021 жылғы мамыр | А.Ә.Пірімқұлов |
32. | Парниктік газдар шығарындылары мен сіңірулерін есептеу жөніндегі әдістемелерді бекіту туралы | Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің бұйрығы | ЭГТРМ | 2021 жылғы мамыр | А.Ә.Пірімқұлов |
33. | Климаттың өзгеруіне бейімделу процесін ұйымдастыру және іске асыру қағидаларын бекіту туралы | Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің бұйрығы | ЭГТРМ | 2021 жылғы мамыр | А.Ә.Пірімқұлов |
34. | Озонды бұзатын заттарды түгендеу қағидаларын бекіту туралы | Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің бұйрығы | ЭГТРМ | 2021 жылғы мамыр | А.Ә.Пірімқұлов |
35. | Озонды бұзатын заттарды пайдалана отырып жұмыстар жүргізуге, құрамында озонды бұзатын заттар бар жабдықтарды жөндеуге, монтаждауға, оларға қызмет көрсетуге, озонды бұзатын заттарды тасымалдауға, сақтауға, рекуперациялауға, қалпына келтіруге, кәдеге жаратуға рұқсат беру қағидаларын бекіту туралы | Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің бұйрығы | ЭГТРМ | 2021 жылғы мамыр | А.Ә.Пірімқұлов |
36. | Озонды бұзатын заттармен жұмыс істеу қағидаларын бекіту туралы |
Қазақстан Республикасы | ЭГТРМ | 2021 жылғы мамыр | А.Ә.Пірімқұлов |
37. | Озонды бұзатын заттардың мемлекеттік кадастрын жүргізу қағидаларын бекіту туралы |
Қазақстан Республикасы | ЭГТРМ | 2021 жылғы мамыр | А.Ә.Пірімқұлов |
38. | "Жер қойнауын пайдалануға және жер қойнауы учаскесін өзгертуге лицензиялар беруге (қайта ресімдеуге, ұзартуға) өтініштердің нысандарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2018 жылғы 24 мамырдағы № 384 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы | Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің бұйрығы |
ИИДМ |
2021 жылғы | Р.Н Баймішев |
39. | Жер қойнауы ресурстарына залалды экономикалық бағалау әдістемесін бекіту туралы | Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі мен Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің бірлескен бұйрығы |
ИИДМ, | 2021 жылғы мамыр |
Р.Н. Баймішев |
40. | Зерттеу нәтижелерін қабылдау және жер қойнауын пайдалану жөніндегі операциялардың салдарын жою жөніндегі жұмыстар қағидаларын бекіту туралы | Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі мен Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің бірлескен бұйрығы |
ИИДМ, | 2021 жылғы сәуір |
Р.Н. Баймішев |
41. | Мемлекеттік орган қабылдаған жер қойнауын пайдалану жөніндегі операциялардың салдарын жою жөніндегі міндеттемелердің орындалуын қамтамасыз етуді ұсыну және есепке алу қағидаларын бекіту туралы | Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің бұйрығы | ИИДМ | 2021 жылғы наурыз | Р.Н. Баймішев |
42. | Банктік салым кепілі шартын жасасу қағидаларын және банктік салым кепілі шартының үлгі нысанын бекіту туралы | Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің бұйрығы | ИИДМ | 2021 жылғы наурыз | Р.Н. Баймішев |
43. | Жер қойнауын пайдалану жөніндегі операциялардың салдарын жою жөніндегі міндеттемелердің орындалуын қамтамасыз ету мақсатында сақтандыру шартының үлгі нысанын бекіту туралы | Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің бұйрығы | ИИДМ | 2021 жылғы наурыз | Р.Н. Баймішев |
44. | "Жер қойнауын пайдаланушының жер қойнауын пайдалану салдарын жою жөніндегі міндеттемесін орындағаны үшін кепілдіктің үлгілік нысанын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2018 жылғы 24 мамырдағы № 387 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы | Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің бұйрығы | ИИДМ | 2021 жылғы наурыз | Р.Н. Баймішев |
45. | "Жер қойнауын геологиялық зерттеу жөніндегі жобалау құжаттарын жасау жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2018 жылғы 28 мамырдағы № 396 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы |
Қазақстан Республикасы | ЭГТРМ | 2021 жылғы мамыр | С.А. Брекешев |
46. | "Қазақстан Республикасының теңізінде, ішкі су айдындарында және сақтық аймағында мұнайдың төгілуін жоюға әзірлікті қамтамасыз етудің және іс-қимылдардың Ұлттық жоспарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасының Энергетика министрінің 2018 жылғы 15 мамырдағы № 182, Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрінің 2018 жылғы 24 мамырдағы № 376 және Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрінің 2018 жылғы 19 мамырдағы № 374 бірлескен бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы | Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің, Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің және Төтенше жағдайлар министрінің бірлескен бұйрығы |
ЭМ, | 2021 жылғы мамыр |
А.М. Мағауов |
47. | "Қатты пайдалы қазбаларды барлауға лицензиялар беруге өтініштер беру және оларды қарау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2018 жылғы 23 мамырдағы № 365 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы | Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің бұйрығы | ИИДМ | 2021 жылғы сәуір | Р.Н. Баймішев |
48. | "Жер қойнауын пайдаланушылардың жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарт (лицензия) бойынша міндеттемелерді орындауын мониторингтеу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2018 жылғы 18 мамырдағы № 346 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы | Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің бұйрығы | ИИДМ | 2021 жылғы сәуір | Р.Н. Баймішев |
49. | "Қатты пайдалы қазбаларды өндіруге лицензиялар беруге өтініштер беру және оларды қарау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2018 жылғы 23 мамырдағы № 366 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы | Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің бұйрығы | ИИДМ | 2021 жылғы сәуір | Р.Н. Баймішев |
50. | "Жер қойнауын пайдаланушылардың қатты пайдалы қазбаларды барлау және өндіру, кең таралған пайдалы қазбаларды өндіру жөніндегі операцияларды жүргізу кезінде есептер беру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2018 жылғы 24 мамырдағы № 374 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы | Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің бұйрығы | ИИДМ | 2021 жылғы сәуір | Р.Н. Баймішев |
51. | "Жою жоспарын жасау жөніндегі нұсқаулықты және пайдалы қатты қазбаларды өндіру жөніндегі операциялардың салдарын жоюдың болжамды құнын есептеу әдістемесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2018 жылғы 24 мамырдағы № 386 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы | Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің бұйрығы | ИИДМ | 2021 жылғы мамыр |
Р.Н. Баймішев |
52. | "Кен іздеушілікке лицензиялар беруге өтініштер беру және оларды қарау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2018 жылғы 17 мамырдағы № 339 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы | Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің бұйрығы | ИИДМ | 2021 жылғы сәуір | Р.Н. Баймішев |
53. | Жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттар бойынша қатты (кең таралған) пайдалы қазбалардың минералдануын (пайда болуын) растау қағидаларын бекіту туралы |
Қазақстан Республикасы | ЭГТРМ | 2021 жылғы мамыр | С.А. Брекешев |
54. | Геологиялық және тау-кендік бөлуді беру және қайта ресімдеу қағидаларын бекіту туралы |
Қазақстан Республикасы | ЭГТРМ | 2021 жылғы мамыр | С.А. Брекешев |
55. | Сапаның экологиялық нормативтерін бекіту туралы |
Қазақстан Республикасы | ЭГТРМ |
2023 жылғы | А.Ә.Пірімқұлов |
56. | Сапаның экологиялық нормативтерін әзірлеу және қайта қарау қағидаларын бекіту туралы |
Қазақстан Республикасы | ЭГТРМ | 2021 жылғы мамыр | А.Ә.Пірімқұлов |
57. | Қоршаған орта сапасының нысаналы көрсеткіштерін, оның ішінде қоршаған орта сапасының нысаналы көрсеткіштері белгіленетін индикаторлардың ең аз тізбесін әзірлеу қағидаларын бекіту туралы |
Қазақстан Республикасы | ЭГТРМ | 2021 жылғы мамыр | А.Ә.Пірімқұлов |
58. | Қоршаған ортаның жай-күйі туралы және Қазақстан Республикасының табиғи ресурстарын пайдалану туралы Ұлттық баяндаманы әзірлеу, сондай-ақ қоршаған ортаның жай-күйі туралы және Қазақстан Республикасының табиғи ресурстарын пайдалану туралы интерактивті баяндаманы әзірлеу және жүргізу қағидаларын бекіту туралы |
Қазақстан Республикасы | ЭГТРМ | 2021 жылғы мамыр | А.Ә.Пірімқұлов |
59. | Мемлекеттік экологиялық ақпарат қорын жүргізу қағидаларын бекіту туралы |
Қазақстан Республикасы | ЭГТРМ | 2021 жылғы мамыр | А.Ә.Пірімқұлов |
60. | Ластауыштардың шығарындылары мен тасымалдарының тіркелімін жүргізу қағидаларын бекіту туралы |
Қазақстан Республикасы | ЭГТРМ | 2021 жылғы мамыр | А.Ә.Пірімқұлов |
61. | Ауыр металдар эмиссиясын есептеу әдістемесін бекіту туралы |
Қазақстан Республикасы | ЭГТРМ |
2024 жылғы | А.Ә.Пірімқұлов |
62. | Орнықты органикалық ластаушы заттардың эмиссияларын есептеу әдістемесін бекіту туралы |
Қазақстан Республикасы | ЭГТРМ | 2024 жылғы маусым | А.Ә.Пірімқұлов |
63. | Қазақстан Республикасы табиғи ресурстарының мемлекеттік кадастрларының бірыңғай жүйесін жүргізу қағидаларын бекіту туралы |
Қазақстан Республикасы | ЭГТРМ | 2021 жылғы мамыр | А.Ә.Пірімқұлов |
64. | Қоғамдық тыңдаулар өткізу қағидаларын бекіту туралы |
Қазақстан Республикасы | ЭГТРМ | 2021 жылғы мамыр | А.Ә.Пірімқұлов |
65. | Экологиялық бағалауды ұйымдастыру және өткізу жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы |
Қазақстан Республикасы | ЭГТРМ | 2021 жылғы мамыр | А.Ә.Пірімқұлов |
66. | Жобадан кейінгі талдау жүргізу қағидаларын және жобадан кейінгі талдау нәтижелері бойынша қорытынды нысанын бекіту туралы |
Қазақстан Республикасы | ЭГТРМ | 2021 жылғы мамыр | А.Ә.Пірімқұлов |
67. | Қоршаған ортаны қорғау жөніндегі іс-шаралар жоспарын әзірлеу қағидаларын бекіту туралы |
Қазақстан Республикасы | ЭГТРМ | 2021 жылғы мамыр | А.Ә.Пірімқұлов |
68. | Ұлттық гидрометеорологиялық қызметке ақпарат беру қағидаларын бекіту туралы |
Қазақстан Республикасы | ЭГТРМ | 2021 жылғы мамыр | А.Ә.Пірімқұлов |
69. | Метеорологиялық ақпаратты өндірушілердің мемлекеттік тізілімін жүргізу қағидаларын бекіту туралы |
Қазақстан Республикасы | ЭГТРМ | 2021 жылғы мамыр | А.Ә.Пірімқұлов |
70. | Мемлекеттік климаттық кадастрды жүргізу қағидаларын, сондай-ақ мемлекеттік климаттық кадастр деректерінің құрамын және мемлекеттік органдарға, өзге де ұйымдар мен жеке тұлғаларға оның деректерін беру тәртібін бекіту туралы |
Қазақстан Республикасы | ЭГТРМ | 2021 жылғы мамыр | А.Ә.Пірімқұлов |
71. | Мемлекеттік гидрометеорологиялық қорды жүргізу қағидаларын бекіту туралы |
Қазақстан Республикасы | ЭГТРМ | 2021 жылғы мамыр | А.Ә.Пірімқұлов |
72. | Ұлттық гидрометеорологиялық қызметтің ақпарат беру қағидаларын бекіту туралы |
Қазақстан Республикасы | ЭГТРМ | 2021 жылғы мамыр | А.Ә.Пірімқұлов |
73. | Стационарлық бақылау пункттері және мемлекеттік бақылау желісі атмосферасының ластану жай-күйін бақылау пункттері туралы ережені бекіту туралы |
Қазақстан Республикасы | ЭГТРМ | 2021 жылғы мамыр | А.Ә.Пірімқұлов |
74. | Жерді неғұрлым құнды жерден құндылығы төменіне ауыстыру, консервациялау қажеттілігін айқындау, сондай-ақ экологиялық зілзала аймағына немесе төтенше экологиялық жағдай аймағына жатқызу мақсатында жерді бағалаудың экологиялық өлшемшарттарын бекіту туралы |
Қазақстан Республикасы | ЭГТРМ | 2021 жылғы мамыр | А.Ә.Пірімқұлов |
75. | Эмиссиялары экологиялық нормалауға жататын ластаушы заттардың тізбесін бекіту туралы |
Қазақстан Республикасы | ЭГТРМ | 2021 жылғы мамыр | А.Ә.Пірімқұлов |
76. | Мемлекеттік экологиялық сараптама жүргізу қағидаларын бекіту туралы |
Қазақстан Республикасы | ЭГТРМ | 2021 жылғы мамыр | А.Ә.Пірімқұлов |
77. | "Қаржыландыру көздеріне қарамастан, жаңа ғимараттар мен құрылыстарды, олардың кешендерін, инженерлік және көлік коммуникацияларын салуға, сондай-ақ бұрыннан барын өзгертуге (реконструкциялауға, кеңейтуге, техникалық қайта жарақтандыруға, жаңғыртуға және күрделі жөндеуге) арналған техникалық-экономикалық негіздемелерге және жобалау-сметалық құжаттамаға ведомстводан тыс кешенді сараптама жүргізу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 1 сәуірдегі № 299 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы | Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің бұйрығы | ИИДМ | 2021 жылғы мамыр | Қ.А Өскенбаев. |
78. | Өндірістік экологиялық бақылау жүргізу кезінде қоршаған ортаға эмиссиялар мониторингінің автоматтандырылған жүйесін жүргізу қағидаларын бекіту туралы |
Қазақстан Республикасы | ЭГТРМ | 2021 жылғы мамыр | А.Ә.Пірімқұлов |
79. | Эмиссиялар нормативтерін айқындау әдістемесін бекіту туралы |
Қазақстан Республикасы | ЭГТРМ | 2021 жылғы мамыр | А.Ә.Пірімқұлов |
80. | Қалдықтардың жинақталу лимиттерін және қалдықтарды көму лимиттерін есептеу әдістемесін бекіту туралы |
Қазақстан Республикасы | ЭГТРМ | 2021 жылғы мамыр | А.Ә.Пірімқұлов |
81. | Атмосфералық ауаға жол берілетін антропогендік әсер ету нормативтерін айқындау қағидаларын бекіту туралы |
Қазақстан Республикасы | ЭГТРМ | 2021 жылғы мамыр | А.Ә.Пірімқұлов |
82. | Су объектілеріне жол берілетін антропогендік әсер ету нормативтерін айқындау қағидаларын бекіту туралы |
Қазақстан Республикасы | ЭГТРМ | 2021 жылғы мамыр | А.Ә.Пірімқұлов |
83. | Күкіртті карталарда ашық түрде орналастыру нормативтерінің жобасын әзірлеу әдістемесін бекіту туралы |
Қазақстан Республикасы | ЭГТРМ | 2021 жылғы мамыр | А.Ә.Пірімқұлов |
84. | Рұқсат етілген жиынтық антропогендік жүктеме нормативтерін әзірлеу қағидаларын бекіту туралы |
Қазақстан Республикасы | ЭГТРМ | 2021 жылғы мамыр | А.Ә.Пірімқұлов |
85. | Қоршаған ортаға жағымсыз әсер ететін объектінің санатын айқындау жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы |
Қазақстан Республикасы | ЭГТРМ | 2021 жылғы мамыр | А.Ә.Пірімқұлов |
86. | Стационарлық шығарындылар көздеріне түгендеу жүргізу, оның деректерін түзету, осындай түгендеу және түзету жүргізу нәтижесінде алынған деректерді құжаттау және сақтау қағидаларын бекіту туралы |
Қазақстан Республикасы | ЭГТРМ | 2021 жылғы мамыр | А.Ә.Пірімқұлов |
87. | I және II санаттағы объектілерді өндірістік экологиялық бақылау бағдарламасын әзірлеу, ішкі есепке алуды жүргізу, өндірістік экологиялық бақылау нәтижелері бойынша мерзімді есептерді қалыптастыру және ұсыну қағидаларын бекіту туралы |
Қазақстан Республикасы | ЭГТРМ | 2021 жылғы мамыр | А.Ә.Пірімқұлов |
88. | Экологиялық рұқсаттар беру, қоршаған ортаға әсер ету туралы декларацияны ұсыну қағидаларын, әсер етуге экологиялық рұқсат бланкілерінің нысанын және оларды толтыру тәртібін бекіту туралы |
Қазақстан Республикасы | ЭГТРМ | 2021 жылғы мамыр | А.Ә.Пірімқұлов |
89. | Қоршаған ортаға әсер ету туралы қабылданған декларациялар бойынша жиынтық деректер нысанын бекіту туралы |
Қазақстан Республикасы | ЭГТРМ | 2021 жылғы мамыр | А.Ә.Пірімқұлов |
90. | Биоәртүрліліктің жоғалуын өтеу қағидаларын бекіту туралы |
Қазақстан Республикасы | ЭГТРМ | 2021 жылғы мамыр | А.Ә.Пірімқұлов |
91. | Қоршаған ортаны қорғау саласындағы лицензияланатын қызмет түріне қойылатын біліктілік талаптарын бекіту туралы |
Қазақстан Республикасы | ЭГТРМ | 2021 жылғы мамыр | А.Ә.Пірімқұлов |
92. | Қабылданған қаржылық қамтамасыз етуді есепке алу қағидаларын бекіту туралы |
Қазақстан Республикасы | ЭГТРМ | 2021 жылғы мамыр | А.Ә.Пірімқұлов |
93. | I санаттағы объектіні пайдалану салдарын жою жөніндегі міндеттемелердің орындалуын қаржылық қамтамасыз ету мөлшерін айқындау әдістемесін бекіту туралы |
Қазақстан Республикасы | ЭГТРМ | 2021 жылғы мамыр | А.Ә.Пірімқұлов |
94. | Кепілдік беру, банктік салым кепілі, мүлік кепілі және сақтандыру туралы өтініштердің нысандарын бекіту туралы |
Қазақстан Республикасы | ЭГТРМ | 2021 жылғы мамыр | А.Ә.Пірімқұлов |
95. | I санаттағы объектіні пайдалану салдарын жою жөніндегі міндеттемелердің орындалуын қаржылық қамтамасыз ету ретінде ұсынылатын кепілдіктің үлгі нысанын бекіту туралы |
Қазақстан Республикасы | ЭГТРМ | 2021 жылғы мамыр | А.Ә.Пірімқұлов |
96. | I санаттағы объектіні пайдалану салдарын жою жөніндегі міндеттемелердің орындалуын қаржылық қамтамасыз ету ретінде банктік салым кепілінің үлгілік шартын бекіту туралы |
Қазақстан Республикасы | ЭГТРМ | 2021 жылғы мамыр | А.Ә.Пірімқұлов |
97. | І санаттағы объектіні пайдалану салдарларын жою жөніндегі міндеттемелердің орындалуын қаржылық қамтамасыз ету ретінде мүлік кепілінің үлгілік шартын бекіту туралы |
Қазақстан Республикасы | ЭГТРМ | 2021 жылғы мамыр | А.Ә.Пірімқұлов |
98. | І санаттағы объектіні пайдалану салдарларын жою жөніндегі міндеттемелердің орындалуын қаржылық қамтамасыз ету ретіндегі үлгілік сақтандыру шартын бекіту туралы |
Қазақстан Республикасы | ЭГТРМ | 2021 жылғы мамыр | А.Ә.Пірімқұлов |
99. | Сыртқы тәуелсіз сарапшыларды тарту қағидаларын, оның ішінде оларға қойылатын біліктілік өлшемшарттарын бекіту туралы |
Қазақстан Республикасы | ЭГТРМ | 2021 жылғы мамыр | А.Ә.Пірімқұлов |
100. | Шаруашылық және өзге де қызметтің экологиялық қауіпті түрлерінің тізбесін бекіту туралы |
Қазақстан Республикасы | ЭГТРМ | 2021 жылғы мамыр | А.Ә.Пірімқұлов |
101. | Қазақстан Республикасының теңізінде, ішкі су айдындарында және сақтық аймағында жиынтық экологиялық пайданы талдау негізінде мұнайдың төгілуін жоюдың оңтайлы әдістерін айқындау, келісу және оларды таңдау туралы шешім қабылдау қағидаларын бекіту туралы |
Қазақстан Республикасы | ЭГТРМ | 2021 жылғы мамыр | А.Ә.Пірімқұлов |
102. | Жиынтық экологиялық пайдаға талдау жүргізу әдістемесін бекіту туралы |
Қазақстан Республикасы | ЭГТРМ | 2021 жылғы мамыр | А.Ә.Пірімқұлов |
103. | Теңізде мұнайдың төгілуін жоюдың жиынтық экологиялық пайдасы мен әдістерін талдау мәселелері бойынша ұсынылатын ең үздік халықаралық практикалардың тізбесін бекіту туралы |
Қазақстан Республикасы | ЭГТРМ | 2021 жылғы мамыр | А.Ә.Пірімқұлов |
104. | Мұнайдың Қазақстан Республикасының теңізінде, ішкі су айдындарында және сақтық аймағында авариялық төгілуін жоюға арналған диспергенттер мен хердерлер тізбесіне диспергенттер мен хердерлерді енгізу қағидаларын бекіту туралы |
Қазақстан Республикасы | ЭГТРМ | 2021 жылғы мамыр | А.Ә.Пірімқұлов |
105. | Мұнайдың Қазақстан Республикасының теңізінде, ішкі су айдындарында және сақтық аймағында авариялық төгілуін жоюға арналған диспергенттер мен хердер тізбесін бекіту туралы |
Қазақстан Республикасы | ЭГТРМ | 2021 жылғы мамыр | А.Ә.Пірімқұлов |
106. | Мұнайдың Қазақстан Республикасының теңізінде, ішкі су айдындарында және сақтық аймағында авариялық төгілуін жоюға арналған диспергенттер тізбесіне енгізу үшін диспергенттерді айқындау жөніндегі әдістемені бекіту туралы |
Қазақстан Республикасы | ЭГТРМ | 2021 жылғы мамыр | А.Ә.Пірімқұлов |
107. | Қазақстан Республикасының теңізінде, ішкі су айдындарында және сақтық аймағында мұнайдың авариялық төгілуін жоюға арналған диспергенттер мен хердер тізбесіне енгізу үшін хердерлерді айқындау әдістемесін бекіту туралы |
Қазақстан Республикасы | ЭГТРМ | 2021 жылғы мамыр | А.Ә.Пірімқұлов |
108. | Қазақстан Республикасының теңізінде, ішкі су айдындарында және сақтық аймағында мұнайдың төгілуін жою үшін экологиялық сезімталдық картасын әзірлеу және сезімталдық индексін айқындау жөнінде шешім қабылдау қағидаларын бекіту туралы |
Қазақстан Республикасы | ЭГТРМ | 2021 жылғы мамыр | А.Ә.Пірімқұлов |
109. | Қазақстан Республикасының теңізінде, ішкі су айдындарында және сақтық аймағында мұнайдың төгілуін жою үшін экологиялық сезімталдық картасын әзірлеу әдіснамасын бекіту туралы |
Қазақстан Республикасы | ЭГТРМ | 2021 жылғы мамыр | А.Ә.Пірімқұлов |
110. | Техникалық газ күкіртімен жұмыс істеу қағидаларын бекіту туралы |
Қазақстан Республикасы | ЭГТРМ | 2021 жылғы мамыр | А.Ә.Пірімқұлов |
111. | Қазақстан Республикасы экологиялық заңнамасының талаптарын бұзу нәтижесінде алынған экономикалық пайда сомасын айқындау әдістемесін бекіту туралы |
Қазақстан Республикасы | ЭГТРМ | 2021 жылғы мамыр | А.Ә.Пірімқұлов |
112. | Мемлекеттік экологиялық бақылауды ұйымдастыруға және жүргізуге қатысты құжаттардың нысандарын бекіту туралы |
Қазақстан Республикасы | ЭГТРМ | 2021 жылғы мамыр | А.Ә.Пірімқұлов |
113. | Тарихи ластану объектілерін анықтау, бағалау және есепке алу, оның ішінде тарихи ластану объектілерінің мемлекеттік тізілімін жүргізу қағидаларын бекіту туралы |
Қазақстан Республикасы | ЭГТРМ | 2021 жылғы мамыр | А.Ә.Пірімқұлов |
114. | Тарихи ластануды жою қағидаларын бекіту туралы |
Қазақстан Республикасы | ЭГТРМ | 2021 жылғы мамыр | А.Ә.Пірімқұлов |
115. | Жойылуы қиын органикалық ластағыштармен және оларды қамтитын қалдықтармен жұмыс істеу қағидаларын бекіту туралы |
Қазақстан Республикасы | ЭГТРМ | 2021 жылғы мамыр | А.Ә.Пірімқұлов |
116. | Өндірушілердің (импорттаушылардың) кеңейтілген міндеттемелері қолданылатын өнімнің (тауарлардың) жекелеген түрлерінің тізбесін бекіту туралы |
Қазақстан Республикасы | ЭГТРМ | 2021 жылғы мамыр | А.Ә.Пірімқұлов |
117. | Кәдеге жарату төлемін есептеу әдістемесін бекіту туралы |
Қазақстан Республикасы | ЭГТРМ | 2021 жылғы мамыр | А.Ә.Пірімқұлов |
118. | Қазақстан Республикасында экологиялық таза автомобиль көлік құралдарын (Еуразиялық экономикалық одақтың техникалық регламентінде белгіленген экологиялық сыныпқа сәйкес келетін, электр қозғалтқыштары бар) және олардың компоненттерін, сондай-ақ техникалық регламенттерде айқындалған экологиялық талаптарға сәйкес келетін өздігінен жүретін ауыл шаруашылығы техникасын өндіруді ынталандыру қағидаларын бекіту туралы | Қазақстан Республикасының Экология, геология және табиғи ресурстар министрі мен Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің бірлескен бұйрығы |
ЭГТРМ, | 2021 жылғы мамыр |
А.Ә.Пірімқұлов |
119. | Экологиялық қауіпсіз (жанбайтын және (немесе) өрт қауіптілігі төмен және түтін мен газды аз бөлетін), қалдықтары Қазақстан Республикасының аумағында қайта өңделетін кәбілді-өткізгіш өнім өндірісін Қазақстан Республикасында ынталандыру қағидаларын бекіту туралы | Қазақстан Республикасының Экология, геология және табиғи ресурстар министрі мен Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің бірлескен бұйрығы |
ЭГТРМ, | 2021 жылғы мамыр |
А.Ә.Пірімқұлов |
120. | Қалдықтарды басқару бағдарламасын әзірлеу қағидаларын бекіту туралы |
Қазақстан Республикасы | ЭГТРМ | 2021 жылғы мамыр | А.Ә.Пірімқұлов |
121. | Қалдықтар сыныптауышын бекіту туралы |
Қазақстан Республикасы | ЭГТРМ | 2021 жылғы мамыр | А.Ә.Пірімқұлов |
122. | Полигон операторының тарату қорын қалыптастыру қағидаларын бекіту туралы |
Қазақстан Республикасы | ЭГТРМ | 2021 жылғы мамыр | А.Ә.Пірімқұлов |
123. | Қатты тұрмыстық қалдықтар полигонының әрбір секциясы үшін газ мониторингін жүргізу әдістемесін бекіту туралы |
Қазақстан Республикасы | ЭГТРМ | 2021 жылғы мамыр | А.Ә.Пірімқұлов |
124. | Қазақстан Республикасының аумағы бойынша қауіпті қалдықтарды трансшекаралық тасымалдауға қорытынды шығару қағидаларын және қорытынды нысанын бекіту туралы |
Қазақстан Республикасы | ЭГТРМ | 2021 жылғы мамыр | А.Ә.Пірімқұлов |
125. | Қалдықтарды басқару саласындағы кәсіпкерлік субъектілерінің тізілімін жүргізу қағидаларын бекіту туралы |
Қазақстан Республикасы | ЭГТРМ | 2021 жылғы мамыр | А.Ә.Пірімқұлов |
126. | Қауіпті қалдықтарды көлік құралдарында тасымалдау қағидаларын, тиеу-түсіру жұмыстарын орындауға қойылатын талаптарды және экологиялық және санитариялық-эпидемиологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі басқа да талаптарды бекіту туралы | Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің бұйрығы |
ИИДМ, | 2021 жылғы мамыр | Б.С. Қамалиев |
127. | Тау-кен өндіру өнеркәсібінің қалдықтарын басқару кезінде ірі экологиялық оқиғаларды болдырмау бағдарламасын, сондай-ақ осындай оқиғаларға ден қоюдың ішкі жоспарын әзірлеу қағидаларын бекіту туралы |
Экология, геология және табиғи ресурстар министрі және Төтенше жағдайлар министрі |
ЭГТРМ, | 2021 жылғы мамыр |
А.Ә.Пірімқұлов |
128. | Қалдықтарды энергетикалық кәдеге жаратуды пайдаланатын энергия өндіруші ұйымдардың тізбесін қалыптастыру қағидаларын бекіту туралы |
Қазақстан Республикасы | ЭГТРМ | 2021 жылғы мамыр | А.Ә.Пірімқұлов |
129. | Энергетикалық кәдеге жаратуға жатпайтын қалдықтардың тізбесін бекіту туралы |
Қазақстан Республикасы | ЭГТРМ | 2021 жылғы мамыр | А.Ә.Пірімқұлов |
130. | Қалдықтарды энергетикалық кәдеге жарату жөніндегі объектілерді пайдалануға қойылатын экологиялық талаптарды бекіту туралы |
Қазақстан Республикасы | ЭГТРМ | 2021 жылғы мамыр | А.Ә.Пірімқұлов |
131. | Қалдықтарды энергетикалық кәдеге жарату арқылы өндірілген электр энергиясына шекті аукциондық бағаларды бекіту туралы |
Қазақстан Республикасы | ЭГТРМ | 2021 жылғы мамыр | А.Ә.Пірімқұлов |
132. | Қалдықтарды энергетикалық кәдеге жаратуды пайдаланатын энергия өндіруші ұйымдардың тізбесін бекіту туралы |
Қазақстан Республикасы | ЭГТРМ | 2021 жылғы мамыр | А.Ә.Пірімқұлов |
133. | Қалдықтардың жекелеген түрлерін басқару саласындағы ұлттық стандарттардың тізбесін бекіту туралы |
Қазақстан Республикасы | ЭГТРМ | 2021 жылғы мамыр | А.Ә.Пірімқұлов |
134. | Әртүрлі сыныптағы полигондарда көму үшін қалдықтар түрлерінің тізбесін бекіту туралы |
Қазақстан Республикасы | ЭГТРМ | 2021 жылғы мамыр | А.Ә.Пірімқұлов |
135. | Қалдықтарды бөлек жинауға, оның ішінде техникалық, экономикалық және экологиялық орындылығы ескеріле отырып, міндетті бөлек жинауға жататын қалдықтардың түрлеріне немесе топтарына (түрлерінің жиынтығына) қойылатын талаптарды бекіту туралы |
Қазақстан Республикасы | ЭГТРМ | 2021 жылғы мамыр | А.Ә.Пірімқұлов |
136. | Иесіз қауіпті қалдықтарды басқару қағидаларын бекіту туралы |
Қазақстан Республикасы | ЭГТРМ | 2021 жылғы мамыр | А.Ә.Пірімқұлов |
137. | Жойылуы қиын органикалық ластауыштары бар қалдықтарды жинауды, тасымалдауды, қайта пайдалануға дайындауды, сұрыптауды, өңдеуді, қайта өңдеуді, залалсыздандыруды, кәдеге жаратуды, жоюды ұйымдастыру қағидалары мен шарттарын бекіту туралы |
Қазақстан Республикасы | ЭГТРМ | 2021 жылғы мамыр | А.Ә.Пірімқұлов |
138. | Тұрмыстық қатты қалдықтарды жинауға, тасымалдауға, сұрыптауға және көмуге арналған тарифтерді есептеу әдістемесін бекіту туралы |
Қазақстан Республикасы | ЭГТРМ | 2021 жылғы мамыр | А.Ә.Пірімқұлов |
139. | Өндіруші немесе импорттаушы қолданатын қалдықтарды жинаудың, тасымалдаудың, қайта пайдалануға дайындаудың, сұрыптаудың, өңдеудің, қайта өңдеудің, залалсыздандырудың және (немесе) кәдеге жаратудың меншікті жүйесіне қойылатын талаптарды бекіту туралы |
Қазақстан Республикасы | ЭГТРМ | 2021 жылғы мамыр | А.Ә.Пірімқұлов |
140. | Өндірушілердің (импорттаушылардың) қалдықтарды жинаудың, тасымалдаудың, қайта пайдалануға дайындаудың, сұрыптаудың, өңдеудің, қайта өңдеудің, залалсыздандырудың және (немесе) кәдеге жаратудың өзіндік жүйесі бар өндірушілердің (импорттаушылардың) құжаттардың өндірушілердің (импорттаушылардың) кеңейтілген міндеттемелері бойынша міндеттемелердің орындалуын растау ретінде ұсыну қағидаларын бекіту туралы |
Қазақстан Республикасы | ЭГТРМ | 2021 жылғы мамыр | А.Ә.Пірімқұлов |
141. | Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларын өндірушілерге әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларын буып-түю үшін қолданылатын полимер, шыны, қағаз, картон және (немесе) металл орамаларды, аралас материалдардан жасалған орамаларды өндірушілердің (импорттаушылардың) кәдеге жарату төлемін енгізуіне байланысты шығыстарды өтеу қағидаларын бекіту туралы |
Қазақстан Республикасы | ЭГТРМ | 2021 жылғы мамыр | А.Ә.Пірімқұлов |
142. | Қауіпті қалдықтар паспортының, қалдықтарды түгендеу жөніндегі есептің, қалдықтарды орналастыру объектісі жөніндегі кадастрлық істің нысандарын және оларды толтыру жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы |
Қазақстан Республикасы | ЭГТРМ | 2021 жылғы мамыр | А.Ә.Пірімқұлов |
143. | Коммуналдық қалдықтарды басқару қағидаларын бекіту туралы |
Қазақстан Республикасы | ЭГТРМ | 2021 жылғы мамыр | А.Ә.Пірімқұлов |
144. | Қатты тұрмыстық қалдықтарды басқару жөніндегі мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларын іске асыру қағидалары мен шарттарын бекіту туралы |
Қазақстан Республикасы | ЭГТРМ | 2021 жылғы мамыр | А.Ә.Пірімқұлов |
145. | Коммуналдық қалдықтардың түзілу және жинақталу нормаларын есептеудің үлгілік қағидаларын бекіту туралы |
Қазақстан Республикасы | ЭГТРМ | 2021 жылғы мамыр | А.Ә.Пірімқұлов |
146. | Қалдықтарды жинақтау лимиттерін және қалдықтарды көму лимиттерін әзірлеу және бекіту, қалдықтарды басқару туралы есептілікті ұсыну және бақылау қағидаларын бекіту туралы |
Қазақстан Республикасы | ЭГТРМ | 2021 жылғы мамыр | А.Ә.Пірімқұлов |
147. | Жабайы жануарлардың тіршілік ету өнімдерін алу мақсатында оларды пайдалану қағидаларын бекіту туралы |
Қазақстан Республикасы | ЭГТРМ | 2021 жылғы мамыр | А.Ә.Пірімқұлов |
148. | Сирек кездесетін және Құрып кету қаупі төнген түрлерге жатқызылған жануарлардың қырылу жағдайларын тергеп-тексеру қағидаларын бекіту туралы |
Қазақстан Республикасы | ЭГТРМ | 2021 жылғы мамыр | А.Ә.Пірімқұлов |
149. | Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің және Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрінің кейбір бұйрықтарының күші жойылды деп тану туралы |
Қазақстан Республикасы | ЭГТРМ | 2021 жылғы мамыр | А.Ә.Пірімқұлов |
150. | Аумақтардың экологиялық ахуалын бағалау өлшемшарттарын бекіту туралы |
Қазақстан Республикасы | ЭГТРМ | 2021 жылғы мамыр | А.Ә.Пірімқұлов |
151. | Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар туралы ақпарат беру қағидаларын, осындай ақпараттың құрамы мен мазмұнына қойылатын талаптарды, оны жариялау және мүдделі тұлғаларға беру тәртібін бекіту туралы |
Қазақстан Республикасы | ЭГТРМ | 2021 жылғы мамыр | А.Ә.Пірімқұлов |
152. | Радиоактивті қалдықтардың нормативтерін белгілеу туралы | Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің бұйрығы | ЭМ | 2021 жылғы мамыр | Қ.Б. Рахимов |
153. | Жасыл белдеулерде орналасқан ормандарды пайдалану, күзету, қорғау, молықтыру ерекшеліктерін белгілеу туралы | Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің бұйрығы | ЭГТРМ | 2021 жылғы мамыр | Е.Н. Нысанбаев |
154. | Газ тазарту қондырғыларын пайдалану қағидаларын бекіту туралы | Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің бұйрығы | ЭГТРМ | 2021 жылғы мамыр | А.Ә.Пірімқұлов |
155. | Көмірсутектер және уран өндіру саласындағы мемлекеттік орган қабылдаған жер қойнауын пайдалану жөніндегі операциялардың салдарын жою бойынша міндеттемелерді орындауды қамтамасыз етулерді ұсыну және есепке алу қағидаларын бекіту туралы | Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің бұйрығы | ЭМ | 2021 жылғы мамыр | Ж.Ғ. Қарағаев |
156. | Көмірсутектер және уран өндіру саласындағы банктік салымның кепіл шартын жасасу қағидаларын және банктік салымның кепіл шартының үлгілік нысанын бекіту туралы | Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің бұйрығы | ЭМ | 2021 жылғы мамыр | Ж.Ғ. Қарағаев |
Ескертпе: аббревиатуралардың толық жазылуы:
АШМ – Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі
БҒМ – Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі
ДСМ – Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі
ИИДМ – Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі
ТЖМ – Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрлігі
ҰЭМ – Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігі
ЭГТРМ – Қазақстан Республикасының Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі
ЭМ – Қазақстан Республикасының Энергетика министрлігі