Бірыңғай жер салығының мөлшерлемесін арттыру туралы

Жаңа

Қостанай облысы Федоров ауданы мәслихатының 2018 жылғы 15 наурыздағы № 229 шешімі. Қостанай облысының Әділет департаментінде 2018 жылғы 30 наурызда № 7636 болып тіркелді

      "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" (Салық кодексі) 2017 жылғы 25 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Кодексі 704-бабының 3-тармағына және "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының Кодексін (Салық кодексі) қолданысқа енгізу туралы" 2017 жылғы 25 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының 50-бабына сәйкес, Федоров аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Қазақстан Республикасының жер заңнамасына сәйкес пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерге бірыңғай жер салығының мөлшерлемесі он есеге арттырылсын.

      2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және 2020 жылдың 1 қаңтарына дейін қолданылады.

      Сессия төрағасы, аудандық
мәслихаттың хатшысы
Б. Исенғазин

      КЕЛІСІЛДІ

      Қазақстан Республикасы Қаржы

      Министрлігі "Мемлекеттік кірістер

      комитетінің Қостанай облысы бойынша

      Мемлекеттік кірістер Департаменті

      Федоров ауданы бойынша мемлекеттік

      кірістер басқармасы" Республикалық

      мемлекеттік мекемесінің басшысы

      ________________________ А. Кожуков

      КЕЛІСІЛДІ

      "Федоров ауданының жер

      қатынастары бөлімі" мемлекеттік

      мекемесінің басшысы

      ___________________ А. Шматко

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады