Түзеу мекемелері мен тергеу изоляторларын Қазақстан Республикасы; Әділет министрлігінің қарамағына беру процесінің аяқталуына байланысты және ведомстволық нормативтік құқықтық актілерді Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкестендіру мақсатында БҰЙЫРАМЫН:
1. Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрі бұйрықтарының күші жойылды деп танылсын:
құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу реестрінде 1997 жылғы 14 2 қарашада № 420 болып тіркелген «Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің тергеу изоляторларында күзетте ұсталатын және сотталған адамдарға, ақылы тұрмыстық, медициналық, сауықтыру және өзге де қызметтер көрсету түрлерін көрсету шарттары мен тәртібі туралы» 1997 жылғы 24 қазандағы Уақытша ереже;
құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу реестрінде 1998 жылғы 4 қыркүйекте № 601 болып тіркелген «Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі түзеу мекемесінің комиссиясы туралы» 1998 жылы № 10 ережені бекіту және қолданысқа енгізу туралы;
құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу реестрінде 1999 жылғы 4 тамызда № 863 болып тіркелген «Ішкі істер органдарының қылмыстық-атқару инспекциясы туралы ережені» «және жазалауды түзеу жұмыстары, белгілі бір лауазымды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан айыру түрінде орындаудың, сондай-ақ шартты түрде сотталғандардың жазасын өтеуді кейінге қалдыру түрінде сотталған мінез-құлқына бақылауды жүзеге асыру тәртібі туралы нұсқаулықты бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 1999 жылғы 18 ақпанда № 89;
құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу реестрінде 2000 жылғы № 1026 14 желтоқсанда болып тіркелген «Қазақстан Республикасының Ішкі Істер министрлігі тергеу изоляторларының ішкі тәртібі ережелерін бекіту туралы», Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 1999 жылғы 14 қаңтардағы № 630;
құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу реестрінде 2000 жылғы 13 шілдеде № 1194 болып тіркелген «Қоғамдық жұмыстарға тарту түріндегі жазаны атқару тәртібі туралы нұсқаулықты бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2000 жылғы 25 мамырда № 304;
құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу реестрінде 2000 жылғы 5 қазанда № 1250 болып тіркелген «Түзеу мекемелерінің ішкі тәртібі ережелерін» бекіту және қолданысқа енгізу туралы 2000 жылғы 6 қыркүйектегі № 476;
құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу реестрінде 2000 жылғы 6 қыркүйекте №1252 болып тіркелген «Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің түзеу мекемелерінде ұсталатын адамдарды, қадағалау мен күзетуді ұйымдастырудың тәртібін бекіту және қолданысқа енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2000 жылғы 9 қазандағы № 477;
құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу реестрінде 2000 жылғы 15 желтоқсанда № 1326 болып тіркелген «Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің түзеу мекемелері арнайы есепке алу бөлімінің (топтарының) жұмысын ұйымдастыру жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2000 жылғы 12 қыркүйектегі № 488;
құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу реестрінде 2001 жылғы 12 қаңтарда № 1358 болып тіркелген «Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің тәрбие колонияларында жазасын өтеп жатқан сотталғандармен тәрбие жұмысын ұйымдастыру жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2000 жылғы 30 қарашадағы № 651;
құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу реестрінде 2001 жылғы 12 қаңтарда № 1359 болып тіркелген «Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің түзеу мекемелерінде жазасын өтеп жатқан сотталғандармен тәрбие жұмысын ұйымдастыру жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2000 жылғы 30 қарашадағы № 650;
құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу реестрінде 2001 жылғы 5 наурыздағы №1418 болып тіркелген «Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерінде медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларын ұйымдастырудың ережелерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2001 жылғы 30 қаңтардағы № 85;
2. Осы бұйрық Қазақстан Республикасы ішкі істер органдарының басшы құрамына жариялансын.
Министр Тұрысбеков