Қазақстан Республикасының Iшкi iстер Министрлiгiнiң қамауға алынған және тергеу изоляторларындағы сотталған адамдарға ақылы тұрмыстық, медициналық, сауықтыру және тағы басқа қызмет көрсету түрлерiнiң шарттары және тәртiбi туралы УАҚЫТША ЕРЕЖЕ

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлiгi 1997 жылғы 24 қазан. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 1997 жылғы 14 қарашада тіркелді. Тіркеу N 420. Күші жойылды - ҚР Iшкi iстер министрiнiң 2004 жылғы 15 шілдедегі бұйрығымен.

      Ескерту. Бұйрықтың күші жойылды - ҚР Ішкі істер министрінің 15.07.2004 № 417 бұйрығымен.

"БЕКIТЕМIН"     
Қазақстан Республикасы
Iшкi iстер министрi 
Iшкi әскерлер Қолбасшысы
генерал-лейтенант   
24.Х.1997 ж.    

      Аталған ереже Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң "Қазақстан Республикасы қылмыстық атқару жүйесi мекемелерiнiң және алдын ала қамау орындарының қызметiн тұрақтандыру бойынша шаралар туралы" 1996 1 қазандағы N 1199  P961199_ Қаулысымен мақұлданған "Қазақстан Республикасы Iшкi iстер Министрлiгiнiң қылмыстық-атқару жүйесiн және Мемлекеттiк тергеу комитетiнiң алдын ала қамауға алу орындарын 2000 жылғы кезеңге дейiн материалдық-техникалық және әлеуметтiк-құқықтық қамтамасыз ету бойынша Қазақстан Республикасының Үкiметтiк Бағдарламасына" сәйкес қабылданды. 

1. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР 

      Ақылы, тұрмыстық, медициналық, сауықтыру және тағы басқа қызмет көрсету түрлерi қамауға алынған және тергеу изоляторларындағы сотталған адамдарға берiлетiн мiндеттi қызмет көрсетуге қосымша болып табылады. 
      Ақылы қызмет көрсету Қазақстан Республикасының қолданылып жүрген заңдарына сәйкес жүргiзiледi.
     Тергеу изоляторларында жатқан адамдарға қосымша ақылы қызмет көрсету бекiтiлген тiзiмге сәйкес, мекеме бастығының рұқсатымен берiледi. Аталған адамдарға қосымша ақылы қызметтi тергеу изоляторының қызметкерлерi мен осы мақсатқа тартылған тиiстi дайындығы және лицензиясы бар мамандар да көрсете алады.

2. Көрсетiлген қызмет үшiн ақы төлеудiң
тәртiптерi мен шарттары

     Көрсетiлген қызмет үшiн ақы Қазақстан Республикасы Iшкi iстер 
Министрлiгiнiң 1993 жылғы 29 наурыздағы N 126 бұйрығымен тергеу 
изоляторларындағы адамдардың бет есебiнен төленедi.
     Қызмет көрсетудiң бағасын облыстардың iшкi iстер басқармасының
қылмыстық-атқару жүйесi басқармасының (бөлiмiнiң) бастығы бекiтедi.

3. Тергеу изоляторларындағы адамдарға көрсетiлетiн
қосымша ақылы қызмет көрсету түрлерiнiң тiзiмi

     Тергеу изоляторларындағы адамдарға қосымша ақылы мынадай тұрмыстық, медициналық, сауықтыру және тағы басқа қызмет көрсету түрлерi жасалады:
     - жекелеген емдеудiң түрлерi;
     - денсаулық сақтау органдарының дәрiгер-мамандарының кеңесi;
     - киiмдердi және iш киiмдердi жуу, жөндеу;
     - аяқ киiмдердi жөндеу;
     - үлгiмен шаш алдыру, шашты әдемiлеу, қыру;
     - тергеу изоляторының жеке құрамына асханадан тамақтар жеткiзу;
     - электрсытқыштар, электрбритвалар, электрвентиляторлар,
       тоңазытқыштар, радиоқабылдағыштар және теледидарларды уақытша
       пайдалануға беру;
     - заң кеңестерi;
     - мекемедегi адамның жеке iсiндегi құжаттардың көшiрмесiн түсiру;
     - азық-түлiк және өнеркәсiп тауарларын тапсыруға ресiмдеу үшiн
       азаматтарға бланктер сату;
     - тұрмыстық жағдайы жақсартылған камералар беру.
     Ақылы қызмет көрсетудiң жекелеген түрлерiнiң тәртiбi, режим талабына сәйкес болуы тиiс.
     Бухгалтерлiк және басқа да есеп берудiң түрлерi Қазақстан 
Республикасының қолданылып жүрген бухгалтерлiк есеп және есеп беру туралы Ережесiне сәйкес жүргiзiледi.

     Қазақстан Республикасы
     Iшкi iстер Министрлiгi жанындағы
     Қылмыстық-атқару жүйесi
     Департаментiнiң бастығы
     iшкi қызмет полковнигi

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады