"Қазақстан Республикасы Ішкі ісминінің түзеу мекемелері комиссиясы туралы Ереженің бекітілуі және күшіне енуі туралы"

Күшін жойған

БҰЙРЫҚ Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі 15 қаңтар 1998 жылғы N 10. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 1998 жылғы 4 қыркүйек N 601 тіркелді. Күші жойылды - ҚР Iшкi iстер министрiнiң 2004 жылғы 15 шілдедегі бұйрығымен.

      Ескерту. Бұйрықтың күші жойылды - ҚР Ішкі істер министрінің 15.07.2004 № 417 бұйрығымен.

      Қазақстан Республикасы Қылмыстық Атқару Кодексінің 82 баптың 4 тармағын орындау мақсатында БҰЙЫРАМЫН: 
      1. "Қазақстан Республикасы түзеу мекемелерінің комиссиясы туралы Ережесін" бекіту және күшіне енгізу (қоса тіркеледі). 
      2. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің жанындағы Қылмыстық-атқару жүйесі департаментіне, қылмыстық-атқару жүйесінің басқарма және бөлімдерінің, облыстардың ішкі істер бас басқармаларының (басқармаларының), түзеу мекемелерінің бастықтары "Қазақстан Республикасы түзеу мекемелерінің комиссиясы туралы Ережесін" орындалуын қамтамасыз етсін.
      3. "Түзеу мекемелерінің комиссиясы туралы Ережеге" сәйкес, Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің барлық түзеу мекемелерінде комиссиялар құрылсын.
      4. Осы бұйрықты орындалуын бақылау Ішкі істер министрінің орынбасары ішкі қызмет полковнигі Н.А.Власовқа жүктелсін.     

     Қазақстан Республикасының
     ішкі істер министрі -
     ішкі әскерлер қолбасшысы 
     генерал-лейтенант 

Қазақстан Республикасы Ішкіісминінің еңбекпен түзету
мекемесінің комиссиясы жөніндегі
Ереже

      Қазақстан Республикасы қылмыстық атқару Кодексінің 116, 118, 120, 123, 126, 128 баптарында көрсетілген негіздер бойынша, бірден басқа да шартты жағдайларда, түзету мекемелерінде жазасын өтеп жатқан сотталғандарды бір жағдайдан басқа жағдайға ауыстыру тәртібін қамтамасыз ету мақсатында комиссия құрылады. 
      1. Түзету мекемесінде жазасын өтеп жүрген сотталғандарды бір жағдайдан басқа жағдайға ауыстыру комиссиясы мына құрамда болады: 
      - Түзету мекемесінің бастығы (төраға); 
      - мекеме бастығының орынбасары; 
      - тәртіп және оперативтік бөлімдердің бастықтары; 
      - арнайы бөлімнің бастығы (хатшысы). 
      Жергілікті орындаушы органдардың өкілдері комиссия отырысына қатыса алады. 
      2. Отряд бастығы қылмыстық-атқару Кодексінің 116, 118, 120, 123, 126, 128 белгіленген баптары бойынша сотталып жаза мерзімінің жартысын өтеп жүргендердің әрбір сотталғанға: мінездеме дайындайды, онда оның тәртібі, жұмысқа, оқуға, қоғамдық жұмысқа қатысуы, марапатталуы және жазалануы туралы, сондай-ақ басқа жағдайға мерзімін өтеу мүмкіндігіне пікір айтылады. Мінездеме және мекеме бастығының тәрбие жұмыстары жөніндегі орынбасарымен келісіліп, мекеме бастығымен бекітіледі. 
      Сотталғанға алынған мінездеме мен басқа да құжаттарды Комиссия отырысында Отряд бастығы баяндайды. 
      3. Комиссия отырыстары Түзету мекемесіндегі адамдар тұратын әкімшілік бөлмесінде, ал түрмеде - тәртіп зонасында өтеді. 
      4. Комиссия отырыстары сотталғандарға құжаттардың түсуіне байланысты кемінде айына бір мәрте жүргізіледі. Егерде комиссия құрамының кем дегенде жартысынан көбі қатысқан, отырыстар заңды болып саналады. 
      5. Жазасын өтеу үшін сотталғанды бір жағдайдан басқа жағдайға ауыстыру мүмкіншілігі жөнінде пікір пайда болса, оны қатыстырмай ашық дауысқа салу жолымен де Комиссия отырысы қарай алады. Егер де комиссия мүшелерінің жартысынан көбі ол үшін дауыс берсе, Шешім қабылданды деп саналады. Содан кейін сотталғанға Шешім хабарланады. 
      6. Комиссия отырыстары хаттамамен ресімделіп, комиссия төрағасы мен хатшысы қол қояды. Сотталғанның тегі, есімі, әкесінің аты, Қазақстан Республикасы қылмыстық Кодексінің қай баптары бойынша сотталғаны, жаза мерзімі және оның санала басталуы, бұрынғы сотталғандығы, шындығында жаза өтеу уақытының қанша бөлігі өтелгені және бостандықтан айыру орындарындағы тәртібі туралы қысқаша мәліметтер және Шешім хаттамада көрсетілуі тиіс. 
      7. Сотталғанды бір жағдайдан басқа жағдайда ұстау үшін ауыстыруға қабылданған шешімнен бас тартқан жағдайда, оның себептері және қабылданған Шешіммен танысу жөніндегі сотталғанның қолхаты бар хаттама көшірмесі, оның іс қағазына арнайы бөлімге тіркеледі.
     Қазақстан Республикасы қылмыстық-атқару Кодексінің 116, 118, 120, 123, 126, 128 баптарында қарастырылғандай сотталғанды бір жағдайдан басқа жағдайда ұстауға ауыстыру мүмкіндігі Комиссия отырыстарында мерзімін өтеу жөніндегі уақыттан ерте қаралуы мүмкін. 

     Қазақстан Республикасы 
     Ішкі істер министрлігінің
     жанындағы Қылмысты-атқару
     жүйесі Департаменті

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады