Ескерту. Бұйрықтың күші жойылды - ҚР Ішкі істер министрінің 15.07.2004 № 417 бұйрығымен.
Пайдаланушылардың назарына!
Түзеу мекемелерінің Ережелерін бекіту туралы ҚР Әділет министрінің
2001 жылғы 11 желтоқсандағы N 148 бұйрығын қараңыз. V011720_ _______________________________________________
Қазақстан Республикасы Қылмыстық-атқару кодексiнің Z970208_ 77-бабындағы 3-тармақты iске асыру мақсатында
БҰЙЫРАМЫН:
1. "Түзеу мекемелерiнiң iшкi тәртiп ережелерi" бекiтiлсiн және қолданысқа енгiзiлсiн. (қоса берiлiп отыр).
2. Қазақстан Республикасының Iшкiiсминi Қылмыстық-атқару жүйесi комитетi, облыстардағы iшкi iстер бас басқармаларының (басқармаларының), қылмыстық-атқару жүйесi басқармалары мен бөлiмдерiнiң, түзеу мекемелерiнің бастықтары, Iшкi iстер министрлiгi iшкi әскерлерiнiң түзеу мекемелерiн күзету және айдап алып жүру жөнiндегi құрамалары мен бөлiмдерiнiң командирлерi:
1) Қылмыстық жазаны атқару жөнiндегi жұмыстарға қатысы бар Iшкiiсмин, IIББ, IIБ, түзеу мекемелерi мен әскери бөлiмдері жеке құрамының "Түзеу мекемелерiнің iшкi тәртіп ережелерiн" оқып-үйренуiн және оларды iс жүзiнде қатаң басшылыққа алуын қамтамасыз етсiн;
2) "Түзеу мекемелерiнiң iшкi тәртiп ережелерiне" қосымшаларда
қарастырылған құжаттардың бланкiлерiн қажеттi мөлшерде шығаруды қамтамасыз
етсiн.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау iшкi iстер Вице-министрi iшкi
қызмет генерал-майоры Н.А. Власовқа жүктелсiн.
4. Осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде
мемлекеттiк тiркеуден өткен күнiнен бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасының
Iшкi iстер министрі -
Ішкі әскерлер қолбасшысы
генерал-лейтенант
"Келісілген" "Келісілген"
Қазақстан Республикасының Қазақстан Республикасының
Бас прокуратурасы Денсаулық сақтау ісі
жөніндегі агенттігі
2000 ж. 24.08. 2000 ж. 23. 08.
Түзу мекемелерінің
ішкі тәртібінің
Ережелері
Қазақстан Республикасының
Iшкi iстер министрлiгiнiң
2000 жылғы 6 қыркүйек
N 476 бұйрығына қосымша
Түзеу мекемелерiнiң iшкi тәртiп
ЕРЕЖЕЛЕРI
1-ТАРАУ. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР
1. Түзеу мекемелерiндегi iшкi тәртiп
Ережелерiнiң мiндеттерi
1. Түзеу мекемелерiндегi iшкi тәртiптiң осы Ережелерi (бұдан әрi - Ереже) Қазақстан Республикасы Қылмыстық-атқару кодексiнiң негiзiнде бас бостандығынан айыру түрiндегi жазаны атқару және өтеудiң заңмен қарастырылған тәртiптерi мен шарттарын iске асыру үшiн, сотталғандардың заңды мүдделерiн, құқықтарын қорғау үшiн неғұрлым қолайлы жағдай тудыру мақсатында мекемелер қызметiнiң тиiстi мәселелерiн реттейдi және нақтылайды.
2. Ережелер түзеу мекемелерiнiң (бұдан әрi - ТМ) қызметшiлерi, онда ұсталынушы сотталғандар, сондай-ақ осы мекемеге келетiн басқа да адамдар үшiн мiндеттi. Ереженi бұзған адам белгiленген тәртiппен жауапқа тартылады.
2-ТАРАУ. СОТТАЛҒАНДАРДЫ ТYЗЕУ МЕКЕМЕЛЕРIНЕ
ҚАБЫЛДАУ ТӘРТIБI
1. Сотталғандарды түзеу мекемелерiне қабылдау
3. Сотталғандарды ТМ-не қабылдауды колония бастығының кезекшi көмекшiсi (түрмеде-түрме бастығының кезекшi көмекшiсi, мекеменiң арнайы бөлiм қызметкерi және медициналық бөлiм қызметкерi жүзеге асырады. Жұмыс уақытынан тыс уақытта келген сотталғандардың шағын тобын колония бастығының кезекшi көмекшiсi, түрме және тәрбие колониясы бастықтарының кезекшi көмекшiлерi жүзеге асырады.
4. Сотталғандарды ТМ-не қабылдау кезiнде мекеме қызметкерлерi жеке iстерiнiң түгелдiгiн тексередi және олардың келген сотталғандардiкi екенiн анықтайды, жеке iстердегi қажеттi құжаттардың түгелдiгiн тексередi, медициналық қызметкер сотталғандарда дене жарақатының бар-жоғын анықтау мақсатында олардың денесiн сырттай қарап шығады.
5. ТМ-не келген сотталғандардың мәлiметтерi нақтыланған соң, олар толық тiнтуден, оларға тиiстi заттар қараудан өтедi. Бас бостандығынан айыру жазасына сотталғандардың пайдалануына және оларға сатуға тыйым салынған, сондай-ақ сотталғандарға өздерiмен алып жүруге, посылкамен, сәлемдемемен алуға және ТМ-нiң дүкенiнен алуға рұқсат етiлген заттар мен бұйымдар Тiзiмiнде қарастырылмаған заттар, бұйымдар, құжаттар және тамақ өнiмдерi (1-қосымша)/1 белгiленген тәртiппен алып қойылады, сақтау үшiн тапсырылады немесе сот шешiмi бойынша жойылады.
6. Сотталғандар бiр тәулiк iшiнде медициналық куәландырудан және медициналық көрсеткiштерi бойынша толық санитарлық тазартудан өтедi және карантин бөлiмшесiне орналастырылады, онда оларға 15 тәулiкке дейiн медициналық бақылау белгiленедi. Осы мерзiм iшiнде жұқпалы ауру анықталған жағдайда, олар дереу оқшауландырылады және мекемеде эпидемияға қарсы кешендi шаралар жүргiзiледi.
7. Карантиндiк үй-жайда жатқан кезде сотталғандар Қазақстан Республикасының заңдарында және осы Ережеде белгiленген жаза өтеу тәртiптерiмен және шарттарымен, өздерiнiң құқықтарымен және мiндеттерiмен танысып, жаза өтеу режимiн бұзғаны үшiн қолданылатын жауапкершiлiк туралы ескертiледi. Оларға ТМ-де қадағалау және бақылау (оқшаулау) техникалық құралдары, ал қажет болған жағдайда заңдарда қарастырылған күш, арнаулы құралдар, қару және арнаулы бөлiмшелер қолданылатыны түсiндiрiледi.
8. Сотталғандарды отрядтарға, бөлiмшелерге, камераларға бөлу туралы шешiмдi олардың жеке бастарының ерекшелiктерiн, еңбекке тартылуын, жалпы және кәсiптiк бiлiм беру жүйесiнде оқытуды ескере отырып, ТМ бастығы жетекшiлiк ететiн түзеу мекемесiнiң комиссиясы қабылдайды. Комиссия құрамына түзеу мекемесi бастығының орынбасарлары, күзет, жедел, режимдi, тәрбие, арнайы, медициналық, психологиялық, өндiрiстiк және басқа да қызметтердiң өкiлдерi енедi. Тәрбие колонияларында комиссия құрамына бұдан басқа жалпы бiлiм беретiн мектептердiң, өндiрiстiк-техникалық училищелердiң қызметкерлерi кiредi. Комиссия шешiмi мекеме бастығының бұйрығымен ресiмделедi.
9. Сотталғандар түзеу мекемесiне келген соң 10 тәулiктен кешiктiрмей,
өзiнiң қалауы бойынша туысқандарының бiрiне мекеменiң пошталық мекен-жайы,
сотталғандардың посылкалар, сәлемдемелер және бандерольдер арқылы алуына
рұқсат етiлетiн тамақ өнiмдерi мен бiрiншi кезекте қажеттi заттардың
тiзбесi, хат жазысу, ақша алу мен жiберу, сыртқа шығу, кездесу
тәртiптерiнiң негiзгi талаптары, сотталғанның телефонмен сөйлесу құқығы
көрсетiлген хабарлама жiберiледi.
3-ТАРАУ. ТҮЗЕУ МЕКЕМЕЛЕРIНДЕ ЖАЗАСЫН ӨТЕУШI
СОТТАЛҒАНДАРДЫҢ ҚҰҚЫҚТЫҚ ЖАҒДАЙЛАРЫ
1. Сотталғандардың түзеу мекемелерiндегi
жүрiс-тұрыстарының негiзгi ережелерi
10. Сотталғандар:
1) белгiленген жүрiс-тұрыс тәртiбiн бұзбай, күн тәртiбiнде
қарастырылған жеке уақытын пайдалануға;
2) өздерiнiң құқықтары мен мiндеттерi туралы, сот тағайындаған жаза түрiн өтеудiң шарттары мен тәртiптерi туралы түзеу мекемелерiнiң әкiмшiлiгiнен ақпарат алуға;
3) мекеменiң немесе жазалауды орындаушы органның әкiмшiлiгiне, жазалауды орындаушы органдар мен мекемелерден жоғары тұрған басқару органдарына, сотқа, прокуратура органдарына, өзге де мемлекеттiк органдарға, қоғамдық бiрлестiктерге, сондай-ақ адам құқығы мен бостандығын қорғау жөнiндегi халықаралық ұйымдарға ауызша және жазбаша ұсыныстар, өтiнiштер беруге және шағым жасауға;
4) өз ана тiлiнде немесе өзi бiлетiн кез-келген басқа тiлде түсiнiк беруге және хат-хабар алысуға, қажет болған жағдайда аудармашының қызметiн пайдалануға. Сотталғандарға жауап өтiнiш жасаған тiлiнде қайтарылады. Өтiнiш жасаған тiлде жауап қайтаруға мүмкiндiк болмаған жағдайда жауап Қазақстан Республикасының мемлекеттiк тiлiнде немесе ресми түрде қолданылатын орыс тiлiнде берiледi;
5) қорғаушылардың, сондай-ақ осындай көмек көрсетуге уәкiлеттi басқа
адамдардың заң көмегiн пайдалануға;
6) Тiзбеде (2-қосымша) көрсетiлген тамақ өнiмдерiн, заттар мен
бұйымдарды алу және сақтауға;
7) мәдени-бұқаралық және спорттық шараларға қатысу, кiтапхана стол
ойындарын, музыкалық аспаптарды пайдалануға;
8) сотталғандардың өз күшiмен жұмыс iстейтiн ұйымдарына және қоғамдық
қорларына өз еркiмен кiруге;
9) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес әлеуметтiк
қамсыздандырылуға, зейнетақы алуға;
10) денсаулығын сақтау үшiн қажеттi материалдық-тұрмыстық және
медициналық-санитарлық қамсыздандырылуға;
11) мекеме қызметкерлерi тарапынан сыпайы қарым-қатынасқа ие болуға
құқылы;
12) қамауға алу, бас бостандығын шектеу және бас бостандығынан айыру жазаларына сотталған шетелдiктер өз мемлекеттерiнiң дипломатиялық өкiлдiктерiмен және консулдық мекемелерiмен, ал Қазақстан Республикасында дипломатиялық және консулдық мекемелерi жоқ елдiң азаматтары олардың мүддесiн қорғауды өзiне алған мемлекеттiң дипломатиялық өкiлдiгiмен немесе оларды қорғаумен айналысатын халықаралық ұйымдармен байланыс құқығы бар;
13) сотталғандарға ар-ождан бостандығы мен дiни наным бостандығына кепiлдiк берiледi. Дiни салттарды орындау ерiктi болып табылады. Ол iшкi тәртiптi бұзбауы, сондай-ақ жаза өтеп жүрген басқа адамдардың құқығына қысым жасамауы керек.
11. Сотталғандар:
1) ТМ-да орнатылған күн тәртiбi мен жүрiс-тұрыс ережелерiн қатаң сақтауға;
2) түзеу мекемесiнiң мүлкiне және мүлiктердiң басқа түрiне ұқыпты қарауға;
3) еңбекке және оқуға адал ниетпен қарауға;
4) өзара және ТМ қызметкерлерiмен, өзге адамдармен қарым-қатынаста сыпайы болуға, олардың заңды талаптарын мүлтiксiз орындауға;
5) тұратын жерiн және қызметтiк үй-жайды, жұмыс орнын, киiмiн таза ұстауға, төсек-орнын белгiленген үлгi бойынша жинауға, жеке бас гигиенасы ережелерiн сақтауға, шашын қысқа алдыруға, тамақ өнiмдерiн және жеке пайдаланатын заттарды арнайы жабдықталған орындар мен үй-жайларда сақтауға;
6) түзеу мекемесiнiң аймағында тек саппен қозғалуға;
7) түзеу мекемесiн және оның аумағына жататын жерлердi көрiктендiру жөнiндегi, сондай-ақ сотталғандардың мәдени-тұрмыстық жағдайларын жақсарту жөнiндегі жұмыстарды орындауға;
8) колония-қоныстарда және тәрбие колонияларында ұсталушылардан басқалары, сондай-ақ жаза өтеудiң әбден жеңiлдетiлген жағдайына ауыстырылған сотталғандардан басқалары киiмге белгiленген үлгiдегi төс және қол белгiлерiн (3-қосымша) тағып жүруге;
9) түрмелерде, камералық үлгiдегi үй-жайларда серуенге шығу және серуен кезiнде белгiленген мiнез-құлық ережелерiн сақтауға, камерада кезек бойынша кезекшiлiк атқаруға;
10) түзеу мекемелерiнiң қызметкерлерiмен және түзеу мекемелерiне келетiн басқа лауазымды қызметкерлермен кездескен кезде, орнынан тұруға және олармен сәлемдесуге мiндеттi;
11) сотталғандардың меншiгiндегi музыкалық аспаптар сақтау үшiн қоймаға тапсырылады немесе клубқа берiледi. Оларды пайдалануға күн тәртiбiнде белгiленген уақытта арнайы бөлiнген үй-жайларда рұқсат етiледi.
12. Сотталғандардың:
1) күзет объектiсiнiң желiсiн немесе түзеу мекемесiнiң шекарасын бұзуына;
2) әкiмшiлiктiң рұқсатынсыз тұрғын және өндiрiстiк аймақтың оқшауланған учаскесiнiң шегiнен шығуына;
3) әкiмшiлiктiң рұқсатынсыз өздерi тұрмайтын жатақханаларда немесе өздерi жұмыс iстемейтiн өндiрiстiк объектiлерде болуына;
4) тiзбеде (1-қосымша) көрсетiлген заттарды, бұйымдарды алуына, дайындауына, пайдалануына және сақтауына;
5) арнайы бөлiнбеген орындарда темекi шегуiне;
6) жеке пайдалануындағы тамақ өнiмдерiн, заттарды, бұйымдар мен нәрселердi басқа сотталғандардың пайдасына сатуына немесе өзге де әдiспен шеттетуiне;
7) материалдық және өзге де пайда табу мақсатымен карта және басқа да ойындар ойнауына;
8) өзiне немесе басқа адамдарға татуировка салуына;
9) балағат сөздер айтуына, тiлдеуiне немесе жаргон сөздердi пайдалануына, лақап ат беруiне және иемденуiне;
10) осы Ережелермен бекiтiлген тәртiпке қарамастан хат-хабар жiберуiне және алуына;
11) әкiмшiлiктiң рұқсатынсыз жануарлар мен құстарды ұстауына, бау-бақшамен айналысуына, декоративтi балықтарды, бөлме өсiмдiктерiн өсiруiне (тәрбие колонияларында тiрi табиғат бұрыштары ұйымдастырылуы мүмкiн);
12) қабырғаларға, тумбаларға және кереуеттерге фотографиялар, репродукциялар, құттықтау хаттар, газет және журнал қиындыларын iлуiне;
13) әкiмшiлiктiң рұқсатынсыз ұйықтайтын орнын бүркемелеуiне және ауыстыруына, сондай-ақ өндiрiстiк, коммуналдық-тұрмыстық және басқа да қызметтiк және қосалқы үй-жайларда ұйықтайтын орын жабдықтауына;
14) түзеу мекемесiнiң өндiрiс және басқа да объектiлерiнде өз бетiмен әртүрлi құрылыстар салуына, шкафтар, сейфтер және т.б. орналастыруына;
15) әкiмшiлiктiң рұқсатынсыз қайрау құралдарын, аспаптарын, электроэнергиясын, өндiрiс қажеттiлiгiне арналмаған механизмдер мен материалдарды пайдалануына;
16) қарастырылмаған орындарда тамақ әзiрлеуiне және тамақтануына;
17) күн тәртiбiн бұзуына, дене мүшелерiне зақым келтiруiне, сондай-ақ басқаларды осындай iс-әрекеттерге итермелеуiне және басқалардың оны орындауға көмектесуiне;
18) алкогольдi, сондай-ақ есiрткi және елiртетiн заттарды пайдалануына;
19) ғимараттардың, цехтардың, құрылыстардың төбесiне шығуына, iшкi тыйым салынған аймақтағы қоршауға жақындауына;
20) әкiмшiлiктiң рұқсатынсыз жұмыс орнын, жатақхананы және бұқаралық iс-шаралар өткiзiлiп жатқан үй-жайларды тастап кетуiне тыйым салынады.
2. Сотталғандардың түзеу колония-қоныстардағы және
колониядан тыс тұратын сотталған әйелдердiң
жүрiс-тұрыс ережелерiнiң ерекшелiктерi
13. Колония-қоныстарда бас бостандығынан айыруға сотталғандар күзетсiз ұсталады, бiрақ колония-қоныс әкiмшiлiгiнiң қадағалауында болады.
14. Сотталғандар:
1) мекеменiң iшкi еңбек тәртiбiнiң ережелерiне сәйкес ұйқыға бөлiнген уақыттан басқа кезде колония-қоныстың шегiнде еркiн қозғала алады;
2) колония-қоныс әкiмшiлiгiнiң рұқсатымен колония-қоныстан тыс, бiрақ тиiстi әкiмшiлiк-аумақтық құрылым шегiнде, егер олардың атқаратын жұмыстарының сипатына қарай немесе оқуына байланысты қажет болса қадағалаусыз жүрiп-тұра алады;
3) азаматтық киiм киiп жүре алады;
4) өзiмен бiрге ақша және бағалы заттар алып жүредi;
5) ақша пайдалана алады, посылка, сәлемдеме және бандерольдер алады;
6) санына шек қойылмайтын кездесулер ала алады;
7) отбасы бар болса әкiмшiлiктiң рұқсатымен колония-қоныс аумағында немесе одан тыс жерде жалға алған немесе өзiнiң тұрғын алаңында тұра алады;
8) тиiстi әкiмшiлiк-аумақтық құрылымға сай келетiн аумақтың шегiнде орналасқан жоғары және орта кәсiптiк бiлiм беру мекемелерiнде сырттай оқи алады;
15. Сотталғандардың:
1) колония-қоныс аумағынан өз бетiнше кетуге, колониядан тыс жерде тұруға;
2) колония әкiмшiлiгi анықтаған аумақ шекарасын бұзуға;
3) кез-келген отты және суық қарулар алуға, сондай-ақ транспорт құралдарын алуға, сақтауға және оларды пайдалануға құқығы жоқ.
16. Сотталғандар:
1) Сотталғандар күн сайын, ал отбасымен бiрге тұратын сотталғандар айына төрт ретке дейiн, күн тәртiбiнде белгiленген уақытта тiркелу үшiн колония-қоныс бастығының кезекшi көмекшiсiне келуге;
2) отряд бастығының талабы бойынша сотталғандармен жеке тәрбиелiк шаралар өткiзу үшiн келуге;
3) отбасы жоқ болса колония-қоныстың жатақханасында тұруға мiндеттi.
3. Сотталғандар мен түзеу мекемелерi
қызметкерлерiнiң өзара қарым-қатынасы
17. Түзеу мекемелерiнiң қызметкерлерi мен сотталғандардың өзара қарым-қатынасы сотталғандарды түзеу және тәрбиелеу мақсаттарымен анықталады және заңдылықтың қатаң сақталуына негiзделедi.
18. Сотталғандар ТМ қызметкерлерiмен кездескен кезде оларды "Сiз" деп
атай отырып, "азамат", "азаматша" және одан әрi шенi немесе лауазымына
қарай атауға, ал, тәрбие колонияларында сонымен бiрге аты және әкесiнiң
атымен атауға мiндеттi.
19. Мекеме қызметкерлерi сотталғандарды "Сiз" деп, "сотталған",
"азамат", "азаматша" деп және тегiмен атайды. Тәрбие колонияларында
қызметкерлер сотталғандарға "сен", "тәрбиеленушi" дейдi, сондай-ақ атымен
атай алады.
20. Қызметкерлерге сотталғандармен және олардың туысқандарымен қызмет
мүддесiне байланысы жоқ қандай да бiр қарым-қатынас жасауға және олардың
қызметiн пайдалануға тыйым салынады.
4-ТАРАУ. ТҮЗЕУ МЕКЕМЕЛЕРIНДЕГI КҮН ТӘРТIБI
1. Күн тәртiбi ұғымы
21. Әрбiр түзеу мекемесінде сотталғандардың әртүрлi құрамына қарай
жұмыс ерекшелiктерi, жыл маусымы, жергiлiктi жердiң жағдайы және басқа да
нақты жағдайлар ескерiле отырып, қатаң реттелген күн тәртiбi белгiленедi.
22. Күн тәртiбiне түру, тексеру, жату, жуыну, дене шынықтыру, тамақ
iшу, жұмысқа бөлу, өндiрiсте, оқуда, тәрбие және спорттық-бұқаралық
шараларда және т.б. болу уақыттары кiредi. Сотталғандардың үзiлiссiз сегiз
сағаттық ұйқысы және оларға жеке уақыт беру қарастырылады.
23. Үлгi ретiнде алынған күн тәртiбiн (4-қосымша) түзеу мекемесiнiң
бастығы бекiтедi және ол қызметкерлерге және сотталғандарға жеткiзiледi.
2. Сотталғандарды жұмысқа бөлу
24. Сотталғандар күн тәртiбiмен белгiленген уақытта отряд, бригада
бойынша жұмысқа бөлу үшiн бөлiнген жерде сапқа тұрғызылады, бұл ретте
олардың сырт пiшiнi тексерiледi.
25. Түзеу мекемелерiнiң бастықтары еңбек жағдайын ескере отырып сотталғандардың өндiрiс объектiлерiндегi жүрiс-тұрыс тәртiбiн белгiлейдi, онда сотталғандардың объектiге саппен келулерi, цех (учаске) бастықтарының немесе шеберлердiң нұсқаулама өткiзулерi, жұмыс қорытындысын шығару, жұмыс орнын тапсыру тәртiбi және т.б. қарастырылады.
3. Тамақтандыру тәртiбi
26. Сотталғандар күн тәртiбiнде белгiленген сағатта, отряд, бөлiмше,
бригада бойынша асханада немесе жұмыс объектiсiндегi тамақ тарататын
үй-жайда тамақтанады. Егер асхана тұрғын және өндiрiстiк аймақ ортасында
болса, ауысыммен жұмыс iстейтiндердi тамақтандыру асханада, тұрғын
аймақтағы адамдарды өндiрiсте жұмыс iстеп жүрген сотталғандардан оқшау
ұйымдастырылады.
27. Тәрбие колонияларында таңертеңгi, түскi және кешкi тамақ асханада
ұйымдастырылады.
28. Коммуналды-тұрмыстық объектiлердiң (монша, шаштараз, кiр жуу және
т.б.) үздiксiз жұмысын қамтамасыз ету мақсатында түзеу мекемелерiнiң
бастықтары осы объектiлерде жұмыс iстеп жүрген сотталғандарға тиiстi
отрядтардың, бөлiмшелердiң, бригадалардың құрамында тамақтануға рұқсат
берулерi мүмкiн.
29. Күзет қамауынан немесе түзеу мекемелерi әкiмшiлiктерiнiң
қадағалауынан босатылған сотталғандар, сондай-ақ ерiп жүрусiз немесе
айдауылсыз жүрiп-тұруға құқығы барлар және колониядан тыс жерде тұратындар
тұратын жерiнде немесе жұмыс объектiсiнде тамақтана алады.
30. Камерада ұсталушы сотталғандар камерада немесе өндiрiсте
тамақтанады.
31. Тамақтану кезiнде сотталғандардың тиiстi тәртiптi сақтауларын
қолдау үшiн асханада түзеу мекемелерi әкiмшiлiктерiнiң өкiлдерi және
бақылау құрамы болады.
4. Сотталғандарды жеке қабылдау
32. Түзеу мекемелерiнiң басшылары, сондай-ақ бөлiм және қызмет бастықтары сотталғандарды жеке қабылдауды график бойынша жүзеге асырады. Сотталғандардың көтерген мәселелерi және оларды қарау нәтижелерi көрсетiлген, қабылдауда болған сотталғандардың есебi мекеменiң кеңсесiнде сақталатын журналда жүргiзiледi.
33. Қылмыстық-атқару жүйесiнiң жоғары тұрған органдарының қызметкерлерi түзеу мекемелерiне келген кезде өздерiнiң құзырына жататын мәселелер бойынша сотталғандарды қабылдайды. Бұл қызметкерлер қабылдаған сотталғандардың есебi аталған журналдың екiншi бөлiмiнде жүргiзiледi.
34. Түзеу мекемелерiнiң бастықтары немесе олардың уәкiлеттiлiгi берiлген адамдар айында кемiнде бiр рет қабылдау кезiнде қабылданған шешiмдердiң орындалуын тексередi.
5. Сотталғандардың бар-жоғын тексеру
35. Түзеу мекемелерiндегi сотталғандардың бар-жоғын тексеру күн сайын таңертең және кешке күн тәртiбiнде белгiленген сағатта жүзеге асырылады. Қажет болған жағдайда тәулiктiң кез-келген уақытында тексеру жүргiзiледi. Осы кезде сотталғандардың сыртқы келбетi қоса тексерiледi.
36. Тексеру белгiленген орында жалпы сапта отряд бойынша әр адамды жеке-жеке санау және топ тiзiмi бойынша тегiмен атау жолымен жүргiзiледi. Сапқа тұрудан жұмыстан соң демалып жатқандар, ауруы бойынша (төсек тартып жатқандар) босатылғандар, сондай-ақ жұмыстан босату мүмкiн емес жұмыстағы адамдар босатылады. Оларды тексеру келген орындары бойынша жүргiзiледi.
37. Жауын-шашынды ауа-райы және төменгi температура кезiнде Жылдың суық мезгiлiндегi ашық ауада жұмыс iстеу туралы ережелерге сәйкес үй-жайлардан тыс жерлердегi жұмыстарға жол берiлмейдi, тексерулер үй-жайда өткiзiледi.
38. Таңертеңгi және кешкi тексерулер 40 минуттан аспауы керек. Тексерулерге түзеу мекемелерiнiң бастықтары, олардың орынбасарлары және қызмет бастықтары қатысады.
39. Колониялардың айыптық және тәртiптiк изоляторларындағы, камералық үлгiдегi үй-жайларындағы, түрмелердегi сотталғандардың бар-жоғын тексеру камера бойынша, ал жазасын қатаң жағдайда өтеушiлердiң, қауiпсiз орындарда ұсталушылардың, айдауылсыз және ерiп жүрусiз жүрiп-түру құқығын пайдаланушылардың және түзеу мекемелерi әкiмшiлiктерiнiң қадағалауына күзет қамауынан және күзеттен босатылғандардың бар-жоғын тексеру тұрғылықты жерiнде жүргiзiледi.
40. Қоныс-колонияларында отбасымен бiрге тұратын сотталғандардың бар-жоғын тексерудi күн тәртiбiнде белгiленген уақытта колония бастығының кезекшi көмекшiсi және бақылау құрамы жүргiзедi.
6. Сотталғандардың колония шегiнде жүрiп-түру тәртiбi
41. Сотталғандар тобының колониялар (колония-қоныстардан басқа)
аумағында жүрiс-тұрысы әкiмшiлiк өкiлiнiң iлесуiмен сотталғандардың
iшiндегi басшы адамның басқаруы арқылы сап бойынша жүзеге асырылады.
42. Жеке уақыттарында сотталғандар оқшауланған учаскелер шегiнде, ал
түзеу мекемесi аймағының басқа бөлiгiнде - әкiмшiлiк өкiлiнiң рұқсатымен
жүрiп-тұра алады. Жатар уақыттан таңертеңгi тұратын уақытқа дейiн
сотталғандардың тұрғын үй-жай шегiнен тыс жерде жүрiп-тұруына жол
берiлмейдi.
43. Жазасын қатаң шарттарда өтеушi сотталғандардың құлыпқа жабылатын
үй-жайлардан тыс жерлерде жүрiп тұруы тек қана әкiмшiлiк өкiлдерiнiң ерiп
жүруi арқылы жүзеге асырылады.
5-ТАРАУ. СОТТАЛҒАНДАРДЫҢ ТАМАҚ ӨНIМДЕРIН,
БIРIНШI КЕЗЕКТЕ ҚАЖЕТ ЗАТТАРДЫ САТЫП АЛУЫ,
ОЛАРДЫ ПОСЫЛКАЛАР, СӘЛЕМДЕМЕЛЕР, БАНДЕРОЛЬДЕР
АЛУЫ ЖӘНЕ ҚОСЫМША ҚЫЗМЕТТЕР КӨРСЕТУ
1. Сотталғандардың тамақ өнiмдерiн, бiрiншi
кезекте қажет заттарды сатып алу және қосымша
қызметтер көрсету тәртiбi
44. Түзеу мекемелерiнде сотталғандарға тамақ өнiмдерiн, бiрiншi кезекте қажет заттарды сату үшiн демалыс және мереке күндерiн қоспағанда күн сайын жұмыс iстейтiн дүкендер ұйымдастырылады. Сотталғандар бұл дүкендерде күн тәртiбiмен бөлiнген уақытта, кезекке тұруды (топ және бригада бойынша) ескере отырып қолма-қол төлемсiз сауда жасай алады.
45. Камералық үлгiдегi үй-жайларда және жалғыз адамдық камераларда, қауiпсiз орындарда және тәрбие колонияларының оқшауланған тұрғын үй-жайларында ұсталушы сотталғандар, күзет қамауынан түзеу мекемесi әкiмшiлiгiнiң қадағалауына босатылғандар, сондай-ақ айдаусыз, ерiп жүрусiз жүрiп-тұру құқығын пайдаланатын және ТМ-нiң шегiнен тыс жерде тұратын сотталғандардың өтiнiшi бойынша тамақ өнiмдерiн, бiрiншi кезекте қажет заттарды түзеу мекемесiнiң қызметкерi (топ бастығы немесе оның орнындағы адам) сатып ала алады. Мұндай мақсатпен тамақ өнiмдерiн, бiрiншi кезекте қажет заттарды сатып алуға құқығы бар әрбiр сотталған адамға өтiнiш бланкасы берiледi, ол толтырылған соң әкiмшiлiкке тапсырылады. Сауда жасаушы қызметкер алдын ала қаржы бөлiмiнен не болмаса бухгалтериядан сотталғанның жеке есеп шотында ақшасының бар-жоғын тексерiп алады. Сатып алынған товарды өтiнiшке қол қойғызып, сотталғанға бередi.
46. Камералық үлгiдегi үй-жайда және жалғыз адамдық камерада ұсталынушылар үшiн тамақ өнiмдерiн, бiрiншi кезекте қажет заттарды сатып алу жеке шоттарда ақшалай қаражат болған жағдайда ай сайын жүргiзiледi.
47. Жазаларын түзеу және тәрбие колонияларының жеңiлдетiлген жағдайында өтеп жатқан сотталғандар және осы мекеменiң шегiнен тыс жерде күзетсiз, бiрақ әкiмшiлiктiң қадағалауында тұрып жатқандар тамақ өнiмдерiн, бiрiншi кезекте қажет заттарды қолма-қол ақыға өз бетiнше де және сондай-ақ, оларды түзеу мекемелерiнiң дүкендерiнен қолма қол төлемсiз де сатып ала алады.
48. Сотталғандар бұдан басқа өздерiнiң қалаулары бойынша өз қаражаттарына түзеу мекемесiнiң қоныс аударған ауданына орналасқан коммуналды-тұрмыстық қызмет кәсiпорындарының қызметiн пайдалана алады.
49. Мұндай қызметтерге: азаматтық үлгiдегi киiмдер және аяқ киiмдер тiгу, оларды жөндеу, киiм тазалау, сотталғандарда бар тұрмыстық техникаларды жөндеу, фото-бейне түсiру (әкiмшiлiктiң бақылауымен жүргiзiледi), шаштараз қызметi, сот құжаттарын, сотталғандардың жеке iстерiндегi өзге де құжаттардың көшiрмесiн жасау, нотариальдық қызмет, аудармашы қызметi жатады. Сотталғандар сырттай оқуға ақша төлей алады.
50. Түзеу мекемелерi әкiмшiлiгiнiң келiсiмiмен осы параграфта қарастырылмаған басқа да қызметтердi пайдалануға мүмкiндiк берiлуi мүмкiн.
51. Сотталғандардың өз меншiгiндегi ақшасы төленген қосымша қызметтер олар түзеу мекемесi бастығының атына жазған өтiнiштерi бойынша көрсетiледi.
52. Қызмет көрсету үшiн әкiмшiлiк тиiстi маманды (қызметкердi) колонияға шақырады.
53. Қосымша қызмет көрсету сотталғанның жеке есепшотынан оларға қызмет көрсететiн тиiстi кәсiпорындардың, мекемелердiң, ұйымдардың немесе маманның (қызметкердiң) атына сотталғанның өтiнiшiнде көрсетiлген сомада поштамен (телеграфпен) ақша аудару жолымен жүзеге асырылады.
2. Посылкаларды, сәлемдемелердi, бандерольдарды
қабылдау және сотталғандардың оларды алу тәртiбi
54. Сотталғандарға ҚР ҚАК-нiң 117, 119, 121, 123 және 129-баптары белгiлеген посылкаларды, сәлемдемелердi және бандерольдердi (10-қосымша) сотталғандардың алуына рұқсат етiледi.
55. Заңмен қарастырылғандармен бiрге кезектегiлердiң есебiне мыналар:
1) сотталғанның босатылғанға дейiн бiр ай бұрын алған, қоймада сақтаулы жатқан және босатылған күнi берiлетiн, киiмдерi мен аяқ киiмдерi бар посылка немесе сәлемдеме;
2) сотталғанның тапсырыс бойынша кiтап сауда жүйесiнен алдырған бандерольдерi кiрмейдi.
56. Сотталғандар посылкаларды, сәлемдемелердi және бандерольдердi түзеу мекемесiне бiрден келген уақытта ала бередi. Оған құқығы жоқ адамдардың, сондай-ақ босатылған немесе өлген адамның атына посылкалар, сәлемдемелер және бандерольдер келiп түскен кезде, олар керi қайтару себебi көрсетiлiп, төлем төлеген жөнелтушiге жiберiледi. Басқа түзеу мекемелерiне ауыстырылған сотталғандардың атына келген посылкалар және сәлемдемелер түзеу мекемелерiнiң есебiнен олардың жаңа мекен-жайына жiберiледi.
57. Посылкаларды, сәлемдемелердi және бандерольдердi ашуды және оның iшiндегiлердi ашып қарауды адресаттардың қатысуымен түзеу мекемелерiнiң қызметкерлерi жүргiзедi. Табылған ақшалар, бағалы заттар, рұқсат етiлмеген салымдар алынып қойылады және олар бойынша осы Ереженiң 14 параграфына сәйкес шешiм қабылданады. Сәлемдемелерден табылған рұқсат етiлмеген салымдар керi қайтару себебi көрсетiлiп, оларды жiберген адамдарға қайтарылады.
58. Посылкалардан, сәлемдемелерден және бандерольдерден сотталғандардың қылмыстық мақсатқа пайдаланулары мүмкiн бұйымдар мен заттардың табылуы туралы фактiлер бойынша белгiленген тәртiппен тексеру жүргiзiледi.
59. Посылкалар, сәлемдемелер және бандерольдер салымдарының тiзбесi мен салмағы арнаулы журналға тiркеледi, бұдан соң сотталғанға қолы қойылып берiледi.
60. Сотталғандардың түзеу мекемесiне келген туысқандары немесе өзге адамдарға әкiмшiлiк тиiстi посылкалар, сәлемдемелер және бандерольдердiң орнына олардың сотталғандарға беру мақсатымен түзеу мекемесiнiң дүкенi арқылы тамақ өнiмдерiн және бiрiншi кезекте қажет заттарды сатып алу мүмкiндiгi бар екенiн түсiндiредi. Мұндай жағдайда аталған адамдар сотталған адамға беру үшiн тамақ өнiмдерi және бiрiншi кезекте қажет заттардың саны және салмағы тiзбеленген екi данада өтiнiш бередi және олардың құнын төлейдi. Сотталғандар мұндай сәлемдемелердi алған соң өтiнiштiң бiрiншi данасы осы сәлемдемелердiң құнын төлеген адамға берiледi, екiншi данасы жеке iске тiгiледi.
61. Айыптылық және тәртiптiк изоляторларында ұсталушы сотталғандарға посылкалар, сәлемдемелер және бандерольдер жазалау шараларын өтеген соң тапсырылады. Түзеу мекемелерiнiң әкiмшiлiгi посылкалар, сәлемдемелер және бандерольдердегi салымдардың түгелдiгiн қамтамасыз етедi, алайда бұл салымдардың ұзақ уақыт сақтаудың салдарынан табиғи бұзылуына жауап бермейдi.
62. Соңғы және оның алдында алынған посылкалар, сәлемдемелер және бандерольдердiң аралығы сотталғандарға жылына берiлуге тиiс посылкалардың жалпы санына 12 айды бөлгеннен жеке тең бөлiнген мерзiм сақталады.
63. Сотталғандар өз өтiнiштерi бойынша туысқандарына және өзге де адамдарға өз меншiгiндегi қаражат есебiнен, түзеу мекемесiнiң дүкенiнен сатып алынған тамақ өнiмдерiн және бiрiншi кезекте қажет заттарды, сондай-ақ өзiнiң жеке пайдалануындағы, қоймада сақтаудағы заттар мен бұйымдарды посылкамен және сәлемдемемен, бандерольмен жiбере алады. Мұндай жiберiлiмдердi әкiмшiлiк өкiлi сотталғанды қатыстыра отырып тексеруден өткiзедi.
3. Сотталғандардан түзеу мекемелерiнде пайдалануға
тыйым салынған заттарды алып қою тәртiбi
64. Сотталғандардан түзеу мекемелерiнде пайдалануға тыйым салынған заттарды алып қою құқығын мекеме әкiмшiлiгiнiң өкiлдерi иеленедi.
65. Тыйым салынған заттар сотталғандардан табылған сәтте алынып қойылады, бұл туралы рапорт немесе акт жазылады және тексеру өткiзiледi.
66. Сотталғандардан алынған ақша олардың жеке шоттарына аударылады. Бағалы қағаздар және өзге де құндылықтар ТМ-нiң бухгалтериясында немесе қоймасында сақталады, оның иесiне квитанция берiледi.
67. Алынған ақшалар мен бағалы заттарды, оларды алған лауазымды адамның актiсi немесе рапорты бойынша мекеме бастығының кезекшi көмекшiсi бiр тәулiк мерзiмнен (демалыс және мерекелiк күндердi қоспағандағы) кешiктiрмей қаржы бөлiмiне немесе бухгалтерияға тапсырады. Алынып қойылған заттар журналға тiркеледi.
68. Сотталғандардан алынып қойылған бағалы заттарға жатпайтын, тыйым салынған заттар сақтау үшiн қоймаға тапсырылады не болмаса соттың шешiмiмен жойылады, онымен сотталған адам қолхат арқылы таныстырылады. Мұндай шешiмдер белгiленбеген тәртiппен алынған тамақ өнiмдерiне қатысты да шығарылады.
69. Сотталғандардың белгiленгеннен тыс ассортименттегi және мөлшердегi заттары алынып қойылады және сақтау үшiн қоймаға тапсырылады. Егер қоймадағы сақтаулы заттар сотталғандарға қажет болса және ассортимент пен мөлшерден артық болмаса, олар иелерiне берiлуi мүмкiн.
70. Түзеу мекемесiнiң аумағынан табылған ақшалардың, сондай-ақ комиссиялық сауда дүкенi арқылы өзге де бағалы құндылықтар мен заттарды сатудан соң алынған ақшалардың иелерiн анықтау мүмкiн болмаса, ол түзеу мекемесi бастығының қаулысы бойынша мекеме есебiне аударылады және сотталғандарды ұстауға жұмсалады.
6-ТАРАУ. СОТТАЛҒАНДАРДЫҢ ХАТ-ХАБАР АЛМАСУ,
АҚША АУДАРЫЛЫМДАРЫН ЖӨНЕЛТУ, СОТТАЛҒАНДАРДЫҢ
ТУЫСҚАНДАРЫМЕН ЖӘНЕ ӨЗГЕ АДАМДАРМЕН КЕЗДЕСУ,
ТЕЛЕФОНМЕН СӨЙЛЕСУ, ҚОРҒАУШЫМЕН КЕЗДЕСУ ТӘРТIБI
1. Сотталғандардың хат-хабар алмасу, ақша аударылымдарын
алу және жөнелту тәртiбi
71. Сотталғандардың өз қаржысы есебiнен шектеусiз хат және жеделхаттар алуы және жiберуi тек түзеу мекемесiнiң әкiмшiлiгi арқылы жүргiзiледi. Мұндай мақсатпен колонияның әрбiр оқшауландырылған учаскесiнде, ал тәрбие колониясында әкiмшiлiк белгiлеген орында пошта жәшiктерi iлiнiп, лауазымды адамдардың өкiлдерi олардан демалыс және мереке күндерiнен басқа күндерi күн сайын алып, жiберiп отырады. Түрмелерде, колониялардың камералық үлгiдегi үй-жайларында сотталғандар хаттарын жiберу үшiн әкiмшiлiк өкiлдерiне бередi.
72. Хат пошта жәшiктерiне салынады және әкiмшiлiк өкiлiне желiмделмеген күйiнде берiледi.
73. Түзеу мекемесiнен кетiп қалған сотталғандардың атына келген хат 3 тәулiктен кешiктiрiлмей оның жаңа тұрғылықты жерiне жiберiледi.
74. Жеделхаттар жөнелту сотталған адамның түзеу мекемесiнiң әкiмшiлiгiнен алынатын белгiленген нысандағы бланкiлердi толтыруы жолымен жүзеге асырылады. Егер қалыптасқан жағдай (түзеу мекемесi байланыс бөлiмшесiнен қашық жағдайда көлiк сынып қалса немесе жоқ болса, демалыс немесе мереке күндерi және басқа) кедергi болмаса жеделхаттар келесi күннен кешiктiрiлмей жiберiледi. Жеделхаттарды жiберу үшiн ақша төленгенi туралы квитанция сотталған адамның жеке iсiне ол оған қол қойған соң тiгiледi.
75. Сотталғандардың жазбалары цензураға жатады. Сотталғандардың өзге шарттылықтарды немесе жаргондарды қолданып, құпия жазулармен жазылған, сондай-ақ мемлекеттiк органдардың, қоғамдық бiрлестiктердiң және жекелеген азаматтардың заңмен қорғалатын құқықтарына зиян келтiруге бағытталған арсыз сипаттағы немесе мемлекеттiк, қызметтiк құпияларды құрайтын мәлiметтерi бар хаттары және олардың атына келген хаттар адресатқа жiберiлмейдi және сотталғанға берiлмейдi. Бұл туралы сотталғанға қол қойылып хабарланады, бұдан соң мұндай корреспонденциялар жойылады. Осы тәртiп ұқсас мазмұндағы жеделхаттарға да қолданылады.
76. Сотталғандарға келiп түскен ақша аударылымдары олардың жеке шоттарына аударылады. Жақын туыстарына және өзге де адамдарға ақша жiберу үшiн сотталған өзiнiң жеке есеп шотындағы қаржы есебiнен нақты соманы аудару туралы белгiленген нысандағы бланкiнi және өтiнiштi толтырады. Толтырылған бланкiлер мен арыздарды қабылдауды оған өкiлеттi лауазымды адам жүзеге асырады. Ақша аударылымының жөнелтiлгенi туралы квитанцияға сотталғанның қолы қойылып хабарланады, ол оның жеке iсiне тiгiледi.
77. Өзге адамға ақша аударылымын жiбергенде сотталған, сонымен қатар өз өтiнiшiнде ақша аударғысы келетiн себебiн хабарлайды. Аталған өтiнiш бойынша әкiмшілiк шешiмi әдеттегiдей өтiнiш берiлгеннен бастап 5 күннен кешiктiрiлмей қабылданады. Қабылданған шешiм туралы сотталғанға хабарланады.
2. Сотталғандардың ұсыныстары, арыздары мен шағымдары
78. Әрбiр сотталушы ауызша не болмаса жазбаша ұсыныс, арыз немесе шағым айта алады.
79. Сотталғандар - Қазақстан Республикасының азаматтары (бұдан әрi - ҚР) ҚР-ның мемлекеттiк тiлiнде немесе ресми қолданылатын орыс тiлiнде, не болмаса олардың өтiнiштерi бойынша өз ана тiлдерiнде хат жазыса алады, ұсыныстар мен арыздар, шағымдар жасай алады. Сотталған - шетел азаматтары және азаматтығы жоқ адамдар мұны өз ана тiлiнде немесе өзi бiлетiн кез-келген басқа тiлде жазуға, қажет болған жағдайда аудармашының қызметiн пайдалануға құқылы. Сотталғандарға жауап өтiнiш жасаған тiлiнде қайтарылады, ал бұған мүмкiндiк болмаған жағдайда жауап Қазақстан Республикасының мемлекеттiк тiлiнде немесе ресми түрде қолданылатын орыс тiлiнде берiледi, жаза атқарушы орган немесе мекеме берiлген жауапты сотталғанның өтiнiш жасаған тiлiне аударуды қамтамасыз етедi.
80. Сотталғандар - шетел азаматтарының және азаматтығы жоқ адамдар өз мемлекеттерiнiң ҚР-дағы дипломатиялық өкiлдiктерiмен және консулдық мекемелерiмен, ал Қазақстан Республикасында дипломатиялық өкiлдiктерi және консулдық мекемелерi жоқ елдiң азаматтары олардың мүддесiн қорғауды өз мiндетiне алған мемлекеттiң дипломатиялық өкiлдiгiмен немесе оларды қорғаумен айналысатын халықаралық ұйымдармен байланыс орнатуға құқылы.
81. Сотталғандар ұсыныстарын, арыздары мен шағымдарын тек өз атынан ғана беруге құқылы, жөнелту жөнiндегi шығындарды төлеу сотталғанның жеке есеп шотындағы қаржы есебiнен жүзеге асырылады.
82. Жазбаша ұсыныстар, арыздар және шағымдар мекен-жай бойынша түзеу мекемесiнiң әкiмшiлiгi арқылы жөнелтiледi. Олар түрменiң арнайы есепке алу бөлiмiнде немесе колония хатшысында (iс жүргiзушiде) тiркеледi және үш тәулiктен кешiктiрiлмей адресатқа жөнелтiледi.
83. Жаза атқарушы мекемелер мен органдардың қызметiн бақылауды және қадағалауды жүзеге асыратын органдарға жiберiлетiн ұсыныстар, өтiнiштер және шағымдар тексеруге және цензураға жатпайды және бiр тәулiк iшiнде жөнелтiледi.
84. Сәлемдемелер, посылкалар алу, кездесулерге рұқсат алу, ақша жұмсау, еңбекақы аудару, еңбектi пайдалану, медициналық көмек көрсету, заттай мүлiктермен қамтамасыз ету, сондай-ақ жергiлiктi жерде түзеу мекемесiнiң әкiмшiлiгi шеше алатын осындай сипаттағы өзге де мәселелер жөнiндегi ұсыныстар, арыздар мен шағымдарға оларды органдардың немесе жiберiлген адамның қарауын күтпей-ақ рұқсат берiледi.
85. Мемлекеттiк органдарға және қоғамдық бiрлестiктерге, сондай-ақ лауазымды адамдарға жiберiлетiн ұсыныстар, өтiнiштер және шағымдарды түзеу мекемесiнiң әкiмшiлiгi баяндалған жәйт жөнiнде өзiнiң пiкiрiн қысқаша көрсеткен iлеспе хатпен бiрге жiбередi. Сот органдарына және прокуратура органдарына жаза шараларын кемiту туралы алғаш рет жазылған арыздар мен шағымдарға, сондай-ақ басқа түзеу мекемелерiне ауыстыру туралы шағымдарға анықтама-қолдаухат тiгiледi.
86. Ұсыныстар, арыздар мен шағымдарды қарау нәтижесi бойынша келген жауаптар келiсiмен, бiрақ үш күн мерзiмнен кешiктiрiлмей қолхат арқылы сотталғанға хабарланады, және олардың жеке iсiне тiгiледi.
87. Жазбаша түрде баяндалған ұсыныстарға, арыздарға және шағымдарға осы Ереженiң 15-параграфындағы 75-тармақтың күшi толық түрде таралады.
3. Сотталғандарға кездесулер беру тәртiбi
88. ҚР ҚАК-нiң 84-бабында белгiленген тәртiппен, сотталғандарға туысқандарымен немесе өзге адамдармен қысқа мерзiмдi кездесу түзеу мекемесi өкiлiнiң қатысуымен берiледi. Жұбайымен, ата-аналарымен, асырап алушылармен, асырап алған балаларымен, бiрге туған ағаларымен және әпкелерiмен, аталарымен, әжелерiмен, немерелерiмен, ал ерекше жағдайларда түзеу мекемесi бастығының - өзге адамдармен бiрге тұру құқығымен ұзақ мерзiмдi кездесу берiледi.
89. Кездесуге рұқсатты сотталғанның не болмаса онымен кездесуге келген адамның өтiнiшi бойынша түзеу мекемесiнiң бастығы немесе оның орнындағы адам бередi. Кездесу беруден бас тартылған кезде сотталғанмен кездесуге өтiнiш бiлдiрушiнiң өтiнiшiне бас тартудың себебi туралы белгi қойылады. Кездесуге келген адамның жеке басын, сондай-ақ олардың туыстық байланыстарын куәландыратын құжаттар болып табылатындар: паспорт, әскери билет, жеке бас куәлiгi, туу туралы куәлiк, неке туралы куәлiк, қамқоршы органдардың құжаттары.
90. Кездесуге келген адамды түзеу мекемесiнiң бастығы немесе оның орынбасары, не болмаса отряд бастығы немесе түзеу мекемесi бастығының кезекшi көмекшiсi қабылдайды. Оларға сотталғанның жүрiс-тұрысы туралы хабарланады және кездесу кезiндегi мiнез-құлқы жөнiнде, жасырын сәлемдемелер беруге болмайтындығы туралы және егер белгiленген тәртiптiң бұзылғандығы байқалса, кездесудiң дереу тоқтатылатындығы туралы ескерту жасалады.
91. Сотталғандар әдетте, ұзақ мерзiмдi кездесулер кезеңiнде жұмыстан алдын ала немесе соңынан өтейтiн болып босатылады.
92. Сотталғанға бiрiншi кездесу күзет қамауында ұсталған жерде бұрын кездесу алғанына қарамастан, түзеу мекемесiне келiсiмен берiлуi мүмкiн. Қысқа мерзiмдi және ұзақ мерзiмдi кездесу құқығы болған кезде қайсысын бiрiншi алуды сотталған анықтайды. Одан кейiнгi кездесу он екi айды сотталғанға бiр жылда тиесiлi аталған түрдегi кездесу санына бөлгендегi бөлiкке тең кезеңнiң өтуi бойынша берiледi.
93. Түзеу мекемелерiнiң қалыпты қызметiне кедергi келтiретiн эпидемияға қарсы шаралар өткiзу, табиғи зiлзалар және басқа да төтенше жағдайлар кезiнде кездесулер уақытша тоқтатылуы мүмкiн.
94. Түзеу мекемелерiнiң қалыпты қызметiне кедергi келтiретiн карантинге, табиғи зiлзалаға немесе төтенше оқиғаларға байланысты сотталғандарға кездесу үшiн берiлмеген уақыт мерзiмге қоса есептеледi, ол мерзiм өткеннен кейiн сотталғанға кездесу берiлуi мүмкiн.
95. Әкiмшiлiк кездесуге келген адамның талабы бойынша кездесудiң мерзiмiн қысқартуы мүмкiн. Кездесулердi бiрiктiруге немесе бiр кездесудi бiрнешеге бөлуге жол берiлмейдi.
96. Сотталғандар кездесуге ұқыпты түрмен келуi қажет. Ұзақ мерзiмдi кездесулер кезеңiнде олар туысқандары әкелген киiмдердi, iш киiмдердi және аяқ киiмдердi пайдалана алады. Сотталғандар кездесуге дейiн және одан кейiн толық тiнтуден өтедi.
97. Сотталғанға бiр мезгiлде жанында сотталғанның кәмелеттiк жасқа толмаған аға-iнiлерi, әпке-қарындастары, балалары, немерелерi бола алатын екi ересек адаммен ұзақ мерзiмдi кездесуге рұқсат етiледi.
98. Өзге адамдармен ұзақ мерзiмдi кездесу әкiмшiлiктiң пiкiрi бойынша, егер мұндай кездесу сотталғанға керi әсер етпейтiн жағдайда ғана берiледi.
99. Сотталғанмен кездесуге келген адам, оған түзеу мекемесiнiң әкiмшiлiгi кездесу тәртiбiн түсiндiрген соң, ақшаларын, сондай-ақ түзеу мекемесiнде пайдалануға рұқсат етiлмейтiн заттар мен бағалы заттарын қолхат бойынша кездесу өткiзу жөнiндегi кiшi инспекторға сақтауға тапсырады.
100. Кездесуге келген адам сотталғанға түзеу мекемелерiнде сақтауға рұқсат етiлмеген құралдарды, бұйымдарды және заттарды беруге ниетi бар деп ойлауға жеткiлiктi негiз табылса, түзеу мекемесiнiң бастығы мұндай адамға ол өзiне тиесiлi заттар мен киiмдердi қарауға келiскен кезде ғана кездесу берiлетiнiн хабарлайды. Қараудан жасырған рұқсат етiлмеген құралдар, бұйымдар және заттар табылған жағдайда түзеу мекемесiнiң әкiмшiлiгi ҚР ҚАК 77-бабының және осы Ереженiң талаптарына сәйкес шара қолданады.
101. Егер кездесуге келген адам заттары мен киiмдерiн қараудан бас тартса оған сотталғанмен ұзақ уақыт кездесуге рұқсат етiлмейдi, бiрақ та қысқа мерзiмдi кездесу берiлуi мүмкiн.
102. Келушi кездесу өткiзудiң белгiленген тәртiбiн бұзған кезде ол дереу тоқтатылады.
103. Сотталғанмен кездесуге келген адамның қысқа мерзiмдi кездесу өткiзiлетiн бөлмеге қандайда бiр тамақ өнiмдерiн немесе заттарды алып кiруiне жол берiлмейдi, ал тәрбие колонияларында - әкiмшiлiктiң қарауы бойынша. Ұзақ мерзiмдi кездесу кезiнде тамақ өнiмдерiн (арақ-шарап өнiмдерi мен сырадан басқа) алып кiруге рұқсат етiледi.
104. Түзеу мекемесiнiң шегiнен тыс ұзақ мерзiмдi кездесуге рұқсат етiлген соң сотталғанға айдауылсыз жүрiп-түру құқығын пайдаланатын адамдарға арналған рұқсат қағазына ұқсас, ал тәрбие колониясында сотталғанға көтермелеу ретiнде колониядан тысқары шығу құқығын алған сотталғанға берiлетiн рұқсат қағазына ұқсас рұқсат қағазы берiледi. Кездесудi өткiзу орны мен тәртiбiн сотталғанның мiнез-құлқын қадағалауды ескере отырып, түзеу мекемесiнiң бастығы белгiлейдi. Сотталғанға түзеу мекемесiнiң шегiнен тыс кездесу орнын өз еркiмен тастап кетуге тыйым салынады.
105. Сотталғанмен кездесуге келушiлердiң ұзақ мерзiмдi кездесу бөлмесiнде тұруын өздерi немесе сотталған адамдардың жеке қаражаты есебiнен, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен анықталған тариф және ставка бойынша төлейдi.
106. Кездесу түрлерiн және кездесулердi телефонмен сөйлесулерге алмастыру сотталғанның жазбаша өтiнiшi бойынша жүргiзiледi.
107. Сотталғандардың заңгерлiк көмек алулары үшiн олардың өтiнiштерi бойынша қорғаушылармен немесе заңгерлiк көмек көрсетуге құқығы бар өзге де адамдармен кездесу берiледi. Сотталғанның тiлегi бойынша кездесу оңаша берiлуi мүмкiн.
108. Мұндай кездесулер заңмен белгiленген кездесулер санына есептелмейдi, олардың саны мен ұзақтығына шек қойылмайды, алайда кездесу сотталғандардың жұмыстан тыс уақытында және тек таңертең тұрғаннан кешкi жатарға дейiнгi сағаттарда өткiзiледi.
4. Сотталғандарға телефонмен сөйлесуге
рұқсат беру тәртiбi
109. Телефон сөйлесулерiне рұқсат сотталғандардың жазбаша өтiнiшi бойынша берiледi, онда мекен-жайы, абоненттiң телефон номерi және сөйлесу ұзақтығы көрсетiледi, бiрақ ол 15 минуттан аспауы керек. Қалааралық телефон сөйлесулерiнiң төлемi сотталғандардың жеке есеп шотынан қолданылып жүрген тариф бойынша жүзеге асырылады. Телефон сөйлесулерi әкiмшiлiктiң бақылауымен өткiзiледi.
110. Түзеу мекемесiне келiсiммен, сондай-ақ ерекше жеке жағдайлар
кезiнде сотталғанның өтiнiшi бойынша оған телефонмен қосымша сөйлесуге
рұқсат берiлуi мүмкiн.
111. Түзеу мекемелерiнде ұсталушы сотталғандар арасында телефон
сөйлесулерiне тыйым салынады.
112. Қатаң жағдайда ұсталушы сотталғандарға, сондай-ақ айыптылық,
тәртiптiк изоляторларында, камералық үлгiдегi үй-жайларда және жалғыз
адамдық камераларда айып шараларын өтеушiлерге телефон сөйлесулерiне тек
ерекше жеке жағдайларда ғана рұқсат етiлуi мүмкiн.
7-ТАРАУ. СОТТАЛҒАНДАРҒА ТҮЗЕУ МЕКЕМЕЛЕРIНДЕ
ШЕГIНЕН ТЫС ШЫҒУҒА РҰҚСАТ БЕРУ ТӘРТIБI
ТҮЗЕУ МЕКЕМЕСIНІҢ ШЕГIНЕН ТЫС ЖЕРДЕ АЙДАУЫЛСЫЗ
НЕМЕСЕ ЕРIП ЖYРУСIЗ ЖYРIП-ТҰРУ ҚҰҚЫҒЫН ПАЙДАЛАНУШЫ
СОТТАЛҒАНДАРДЫҢ, СОНДАЙ-АҚ ҚР ҚАК-НIҢ 117 ЖӘНЕ 129
БАПТАРЫНЫҢ ТӘРТIБIМЕН КҮЗЕТ ҚАМАУЫНАН, КYЗЕТТЕН
ТҮЗЕУ МЕКЕМЕСI ӘКIМШIЛIГIНIҢ ҚАДАҒАЛАУЫНА БОСАҒАНДАРДЫҢ
ЖҮРIС-ТҰРЫС ЕРЕЖЕЛЕРI
1. Сотталғандарға түзеу мекемелерiнiң шегiнен
тыс шығуға рұқсат беру тәртiбi
113. Түзеу мекемелерiнiң шегiнен тыс шығуға рұқсатты сотталғанның
жазбаша өтiнiшi негiзiнде мекеме бастығы бередi.
114. Қысқа мерзiмдi шығуға рұқсат беру туралы өтiнiшке ерекше жеке бас жағдайын растайтын құжаттар (денсаулық сақтау органдарының, жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарының және берiлген жерiндегi iшкi iстер органдары куәландырылған басқа да ресми құжаттар, сотталғанның босатылған соң еңбекке және тұрмысқа орналастыру мәселелерiн алдын ала шешу үшiн берген өтiнiшi және еңбекке және тұрмысқа орналастыру жөнiндегi аға инспектордың дәлелдi қолдаухаты) қоса берiледi.
115. Жыл сайынғы ақы төленетiн демалыс кезiндегi ұзақ мерзiмдi шығулар сотталғанның өтiнiшi бойынша графикке сәйкес берiледi. Жұмыспен қамтамасыз етiлмеген, бiрақ оның себебi оларға байланысты емес сотталғандардың шығу кезегi бөлек график бойынша белгiленедi. Шығуға рұқсат ҚР ҚАК 93-бабының талаптарын сақтай отырып берiледi және түзеу мекемесi бастығының бұйрығымен ресiмделедi.
116. Ұзақ мерзiмге немесе қысқа мерзiмге шығуға рұқсат алған сотталғандарға бекiтiлген нысандағы куәлiк берiледi, шығу тәртiбi түсiндiрiледi, оған бас бостандығынан айыру жазасын өтеуден жалтарудың қылмыстық жауапкершiлiгi туралы ескертiледi, ол туралы қолхат бередi. Шығуға байланысты шығындарды төлеуге ақшаны сотталғанның жазбаша өтiнiшi бойынша түзеу мекемесiнiң бухгалтериясы бередi.
117. Жолақы билетiн сотталған өз бетiнше сатып алады. Қажет болған жағдайда мекеме әкiмшiлiгi оған көмек көрсетедi.
118. Шығу кезеңiнде сотталғанның өзiне тиесiлi азаматтық киiмдерi мен аяқ киiмдерiн алуына құқығы бар.
119. Сотталған белгiленген жерге келген соң бiр тәулiк iшiнде iшкi iстер органдарының кезекшi бөлiмiне, ал ауылдық жерлерде - полицияның учаскелiк инспекторына келуге және куәлiгiне келгенi туралы белгi жасатуға, келу мақсатын, болатын жерi мен мерзiмiн, кететiн датасын хабарлауға мiндеттi. Шығу уақыты аяқталуы бойынша сотталған сол iшкi iстер органында мекемеге кеткенi туралы куәлiгiне белгi қойдырады. Түзеу мекемесiне түнгi уақытта немесе таңертең ерте қайтатын кезде белгi қайтатын күннiң алдындағы күнi қойылады. Келген және кеткен датасы туралы белгi iшкi iстер органының мөрiмен куәландырылады.
120. Сотталған мекемеге оралған соң куәлiгiн, жолақы билеттерiн көрсетедi. Сотталғанның белгiленген мерзiмде шығуын қиындататын ойда болмаған жағдай туындаған жағдайда, сотталғанның келген жерiндегi iшкi iстер органы бастығының қаулысы бойынша түзеу мекемесiне қайту мерзiмi 5 тәулiкке дейiн созылуы мүмкiн, бұл туралы түзеу мекемесiнiң әкiмшiлiгiне мiндеттi түрде жедел хабарланады.
121. Сыртқа шыққан уақытында ауырған және сотталғанды госпитализациялау қажеттiгi кезiнде оның ата-анасы немесе олардың орнындағы адамдар ол туралы сотталғанның жаза өтеп жүрген түзеу мекемесiнiң әкiмшiлiгiне және келген жерiндегi iшкi iстер органына дереу хабарлайды. Мұндай жағдайда ол қылмыстық-атқару жүйесiнiң жақын жердегi емдеу мекемесiне немесе денсаулық сақтау органының емдеу мекемесiне жiберiлуi мүмкiн. Емдеу аяқталған соң және шыққан соң сотталған осы параграфпен бекiтiлген тәртiппен жаза өтеу орнына келедi.
122. Жауап беру қабiлеттiлiгiн жоққа шығармайтын психикалық бұзулардан зардап шегушi сотталғандарға, I және II топтағы мүгедек болып табылатын және денсаулық жағдайына байланысты тұрақты күтiмдi қажет ететiн сотталғандарға, сондай-ақ кәмелеттiк жасқа толмаған сотталғандарға түзеу мекемесiнiң шегiнен тыс шығуға туысқандарының немесе өзге де адамдардың iлесуiмен рұқсат етiледi.
2. Түзеу мекемесiнiң шегiнен тыс жерде айдауылсыз
немесе ерiп жүрусiз жүрiп-түру құқығын пайдаланушы
сотталғандардың, сондай-ақ ҚР ҚАК-нiң 117 және 129
баптарының тәртiбiмен күзет қамауынан, күзеттен
түзеу мекемесi әкiмшiлiгiнiң қадағалауына
босатылғандардың жүрiс-тұрыс ережелерi
123. Айдауылсыз немесе ерiп жүрусiз жүрiп-түру құқығын пайдаланушы, сондай-ақ күзет қамауынан, күзеттен түзеу мекемесi әкiмшiлiгiнiң қадағалауына босатылған сотталғандар бекiтiлген үлгiдегi рұқсат қағазы негiзiнде түзеу мекемесiнiң шегiнен тыс жерде жүрiп-түру құқығын пайдаланады.
124. Бұл сотталғандар жұмыстан бос уақыттарында оларға мекеме әкiмшiлiгi анықтап берген тұратын жатақхананың (объектiнiң) шегiнде болуға және сотталғандардың түзеу мекемесiндегi жүрiс-тұрыс ережесiн сақтауы керек.
125. Сотталғандар тұрғын аймақтан немесе жатақханадан (тұрғын объектiсi) тыс жерде жүрген кезде:
1) жүрiп-тұру бағытын және уақытын, қоғамдық тәртiп ережелерiн сақтауға;
2) жұмыстан соң тұрғын зонаға немесе жатақханаға (объектiге) дер кезiнде оралуға және келгенi туралы әкiмшiлiк өкiлiне хабарлауға;
3) түзеу мекемесi қызметкерлерiнiң және полиция қызметкерлерiнiң алғашқы талабы бойынша рұқсат қағазын көрсетуге. Тұрғын зонаға келген кезде оны сақшыға, бақылау-өткiзу пунктiнiң кезекшiсiне, ал жатақханада (тұрғын объектiде) қадағалауды жүзеге асырушы әкiмшiлiк өкiлiне тапсыруға мiндеттi.
126. Сотталғандарға:
1) күн тәртiбiнде белгiленбеген уақытта тұрғын зонадан және жатақханадан (объектiден) шығуға;
2) жұмыс уақытында жұмыс объектiсiн тастап кетуге;
3) жөнелту үшiн сотталғандардың және өзге адамдардың тапсырған хаттарын қабылдауға және өзге тапсырмаларын орындауға;
4) рұқсат қағазын басқа адамдарға беруге тыйым салынады.
127. Күзет қамауынан, күзеттен түзеу мекемесiнiң қадағалауына босатылған сотталғандар мекеме бастығының рұқсатымен таныстық орнатуына және жеке адамдардың пәтерлерiне баруға, босатылған соң тұрмысқа және еңбекке орналастыру мәселелерiн шешу үшiн мекемелерге, кәсiпорындар мен ұйымдарға бара алады, тәрбие колонияларында жазасын өтеушi осы санаттағы сотталғандар бұдан басқа, тәрбие колониясы бастығының рұқсатымен сауда
және коммуналдық-тұрмыстық, мәдени-ағарту және спорттық мақсаттағы
кәсiпорындарға бара алады.
128. Аталған жүрiс-тұрыс ережесi сотталғанға қолхатпен хабарланады,
және айдауылсыз немесе ерiп жүрусiз жүрiп-тұру құқығы берiлгенi туралы,
сондай-ақ күзет қамауынан, күзеттен түзеу мекемесi әкiмшiлiгiнiң
қадағалауына босатылғаны туралы қаулымен бiрге оның жеке iсiне тiгiледi.
3. Тәрбие колонияларында ұсталынушы сотталғандарға
көтермелеу ретiнде мекеменiң шегiнен тыс жерге
шығуға рұқсат беру тәртiбi
129. Сотталғандардың осы колония қызметкерлерiнiң, сондай-ақ
ата-аналарының, олардың орнындағы адамдардың немесе басқа жақын
туыстарының iлесуiмен көтермелеу ретiнде тәрбие колониясының шегiнен тыс
жерге шығуы тәрбие колониясы бастығының көтермелеу туралы бұйрығының
негiзiнде жүзеге асырылады.
130. Сотталғанға бекiтiлген үлгiдегi рұқсат қағазы берiледi, ол
олардың жеке iсiнде сақталады.
8-ТАРАУ. БАС БОСТАНДЫҒЫНАН АЙЫРУҒА СОТТАЛҒАНДАРДЫ
МЕДИЦИНАЛЫҚ-САНИТАРЛЫҚ ҚЫЗМЕТПЕН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ
1. Сотталғандарға емдеу-профилактикалық және
санитарлық-профилактикалық көмек көрсету және ұйымдастыру
131. Бас бостандығынан айыруға сотталғандарға емдеу-профилактикалық және санитарлық-профилактикалық көмек ҚР заңнамалары мен осы Ережеге сәйкес ұйымдастырылады және көрсетiледi, сотталғандарға медициналық көмек көрсетудiң тәртiбi, мемлекеттiк санитарлық-эпидемиологиялық қадағалауды жүзеге асыру заңнамамен, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау iсi жөнiндегi агенттiгiнiң және Iшкiiсминiнiң нормативтiк-құқықтық кесiмдерiмен белгiленедi.
132. Түзеу мекемелерiнде: сотталғандардың ауруларының алдын алу мақсатында медициналық тексеру және бақылау, диспансерлiк есепке алу, Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау iсi жөнiндегi агенттiгi ұсынған тәсiлдермен және құралдармен қадағалау және емдеу, сондай-ақ олардың еңбекке қабiлетiн анықтау жүзеге асырылады.
133. Емдеу-профилактикалық және емдеу түзеу мекемесiнде қажеттi медициналық көмек көрсетуге мүмкiндiк болмаған жағдайда, сотталғандар, әдетте, денсаулық сақтау органдарының аумақтық емдеу-профилактикалық ұйымдарына жөнелтiледi.
134. Түзеу мекемелерiнде санитарлық-гигиеналық және эпидемияға қарсы ережелер мен нормаларды қатаң орындау қамтамасыз етiледi. Түзеу мекемесiне келген барлық сотталғандар алғашқы медициналық қараудан және жуынудан, киiмдердi дезинфекциялайтын камерада тазартудан, шашты қысқа алдырудан тұратын кешендi санитарлық тазартудан өтедi. Медициналық көрсеткiштерге сәйкес шашты толық алдыруы мүмкiн. Карантин бөлiмшесiндегi сотталғандар маман дәрiгерлердiң қарауынан, рентгено-флюорографиялық және лабораториялық зерттеулерден тұратын мiндеттi медициналық тексеруден өтедi. Тексеру нәтижелерi сотталғандардың медициналық амбулаторлық картасына тiркеледi.
135. Түзеу мекемелерiнiң медициналық бөлiмшесiнде сотталғандарды қабылдау түзеу мекемесi медициналық бөлiмшесiнiң жұмыс режимiне сәйкес алдын ала жазба бойынша және медициналық қызметкерлердiң тағайындаулары бойынша жүргiзiледi.
136. Сотталғанның туысқандарынан алынған медициналық дәрi-дәрмектердi қабылдауы қатаң медициналық көрсеткiштер бойынша және тек түзеу мекемесi медицина қызметкерлерiнiң қатаң бақылауымен жүзеге асырылады.
137. Сотталғандар өздерiнiң тiлектерi бойынша жеке қаражаты есебiнен емдеу-профилактикалық мекемелерi және қылмыстық-атқару жүйесi емдеу түзеу мекемелерi жағдайында денсаулық сақтау органдарының мамандары көрсететiн кез-келген ақылы, қосымша емдеу-профилактикалық көмектердi ала алады. Бұл үшiн сотталғандар түзеу мекемесiнiң бастығына өзiнiң алғысы келген қосымша емдеу-профилактикалық көмектiң түрiн, медицина маманының тегiн, атын, әкесiнiң атын көрсетiп тиiстi өтiнiш жазады. Аталған мәселенi шешу кезiнде түзеу мекемесi медицина қызметкерлерiнiң пiкiрлерi ескерiледi. Өтiнiш үш күннiң iшiнде қаралады және медицина маманының келетiн уақыты анықталады. Маман келген соң оның медициналық қызметпен айналысу құқығы анықталады.
138. Қосымша емдеу-профилактикалық көмектiң түрi және оның көлемi сотталғанның медициналық картасына белгiленедi.
139. Қосымша емдеу-профилактикалық көмектiң төлемi сотталғанның жеке есеп шотындағы ақшадан сотталғанның өтiнiшiнде көрсетiлген сома медициналық мекеменiң не болмаса медицина қызметкерiнiң мекен-жайына пошта (телеграф) арқылы аудару жолымен жүзеге асырылады.
2. Сотталғандарды емдеу-профилактикалық мекемелерiне
орналастыру және ұстау шарттарының ерекшелiктерi
140. Емдеу-профилактикалық мекемелерiнде тек қылмыстың аса қауiптi рецидивi бойынша сотталған, өмiр бойы бас бостандығынан айыруға сотталған, сондай-ақ өлiм жазасы кешiрiм жасау тәртiбiмен бас бостандығынан белгiлi бiр мерзiмге немесе өмiр бойы бас бостандығынан айыруға алмастырылған, бас бостандығынан айыру жазасын түрмеде өтеуге сотталған ер адамдар басқа санаттағы сотталғандардан оқшау ұсталады. Мұндай сотталғандар түрме типiнде арнайы бөлiнген және жабдықталған палаталарда ұсталады. Сондай-ақ кәмелеттiк жасқа толмағандар басқа сотталғандардан, ал әйелдер - еркектерден бөлек ұсталады. Әртүрлi жұқпалы аурулармен ауыратын сотталғандар инфекция түрлерiне қарай бөлек-бөлек және соматикалық науқастардан бөлек ұсталады.
141. Өз құрылымында психиатриялық (жұқпалы аурулар) бөлiмшелерi (палатасы) бар емдеу мекемелерiнде ауруларды оқшаулауды қамтамасыз ететiн режим, сондай-ақ барлық санаттағы сотталғандардың мiнез-құлқына күшейтiлген қадағалау белгiленедi.
142. Емдеу-профилактикалық мекемелерiндегi сотталғандарға әдетте ұзақ мерзiмдi кездесу берiлмейдi.
143. Қысқа мерзiмдi кездесулердi түзеу мекемелерiнiң тиiстi түрлерi үшiн белгiленген норма бойынша емдеу-профилактикалық мекемелерiнiң бастықтары бередi.
144. Сотталғанның өмiрiне қауiп төндiретiн ауыр сырқат жағдайында мекеме бастығы сотталғанның жақын туыстарына кiрiп шығуға мүмкiндiк бередi. Мұндай келулер кезектi кездесу есебiне есептелмейдi.
145. Егер сотталған айыптылық және тәртiптiк изоляторларынан, не болмаса жалпы, қатаң режимдегi колониялардың камералық үлгiдегi үй-жайынан ерекше режимдегi колонияның жалғыз адамдық камерасынан, не болмаса түрмедегi қатаң режимнен дене мүшесiн зақымдап немесе ауруын сылтауратып емдеу-профилактикалық мекемесiне ауыстырылса, олардың емдеу-профилактикалық мекемесiнде болған уақыты жаза шарасын өтеу мерзiмiне есептелмейдi.
146. Осы мекемелерде белгiленген режимдi бұзған сотталғандар мыналарды: олар айыптық, тәртiптiк изоляторларына, камералық үлгiдегi үй-жайларға және жалғыз адамдық камераларға ауыстыруды қоспағанда толық көлемде жауапты болады.
147. Жаза өтеудiң белгiленген тәртiбiн қасақана бұзған сотталғандар тек медициналық көрсеткiштерi мүмкiн болған жағдайда ғана емдеу-профилактикалық мекемесiнен шығарылады және бұрынғы орнына қайта оралады.
3. Мәжбүрлеп емдеудi жүзеге асырушы түзеу
мекемелерiндегi сотталғандарды ұстау
шарттарының ерекшелiктерi
148. Мәжбүрлеп емдеудi жүзеге асырушы түзеу мекемелерiнiң күн тәртiбiне емдеу шаралары да кiредi. Сотталғандардың бар жоғын тексеру тәулiгiне кем дегенде екi рет оқшауланған учаскелерде не болмаса палаталарда сандық есеп алу және тегi бойынша түгендеу жолымен жүргiзiледi.
149. Ұзақ мерзiмдi кездесу түзеу мекемесiнiң режим түрiне сәйкес белгiленген норма бойынша, сотталғанда медициналық қарсы көрсеткiштер жоқ болса ғана берiледi.
150. Сотталғандардың еңбегi медициналық көрсеткiштерге, еңбек қабiлеттiлiгiнiң дәрежесiне және мәжбүрлеп емдеудi жүзеге асырушы түзеу мекемесiнiң жағдайында еңбекке пайдалану мүмкiндiгiне сәйкес ұйымдастырылады.
151. Мәжбүрлеп емдеудi жүзеге асырушы түзеу мекемелерiнде ұсталушы сотталғандар белгiленген жаза өтеу тәртiбiн қасақана бұзса айыптылық, тәртiптiк изоляторларына орналастырылады, камералық үлгiдегi үй-жайға, жалғыз адамдық камераларға ауыстырылады, онда олар сондай-ақ медициналық көрсеткiштерiне сәйкес емдеумен, тамақпен қамтамасыз етiледi, және оларға күн сайын 2 сағат ұзақтықта серуендеуге рұқсат берiледi. Осы Ережелердiң қалған бөлiмдерi емдеу-профилактикалық мекемелерiнде қалай қолданылса, көрсетiлген санаттағы сотталғандарға да солай қолданылады.
152. ВИЧ инфекциясын жұқтырған науқастар онкологиялық аурулардың
нормасы бойынша тамақтанады. Олар денеге күш түсiретiн ауыр жұмыстарға
және кәсiби зиянды еңбекке тартылмайды. ВИЧ инфекциясын жұқтырған
сотталғандарда екiншi бiр ауру қабынса және терминальды кезеңде басқа ВИЧ
инфекциясын жұқтырған науқастардан бөлек ұсталады. ВИЧ инфекциясын
жұқтырған сотталғандарға екiншi ауруының ремиссиясы кезеңiнде олардың
медициналық көрсеткiштерiн ескере отырып серуендеуге және еңбек етуге
рұқсат етiлуi мүмкiн.
9-ТАРАУ. ТҮЗЕУ МЕКЕМЕЛЕРIНДЕ СОТТАЛҒАНДАРДЫҢ
ЖАЗА ӨТЕУ ЕРЕКШЕЛIКТЕРI
1. Сотталғандарды жаза өтеудiң қатаң жағдайында
ұстау ерекшелiктерi
153. Жазаларын қатаң жағдайда өтеушi сотталғандар тұратын үй-жайлар онда ұсталушыларды жазаларын басқа жағдайда өтеушi сотталғандардан оқшаулауды қамтамасыз ете отырып, коммуналдық-тұрмыстық объектiлердiң толық кешенiмен жабдықталады.
154. Жалпы бiлiм беретiн мектептерде, кәсiби-техникалық училищелерде және кәсiби-техникалық даярлық курстарында оқитын адамдар, түзеу колонияларында қатаң жағдайда жаза өтеу кезеңiнде сабаққа шығарылмайды. Оларға өз бетiнше оқу және оқытушылармен кеңесу мүмкiндiгi берiледi.
155. Сотталғандармен мәдени-бұқаралық шаралар өткiзу олар тұратын үй-жайлардың шегiнде жүзеге асырылады. Кiтапхана және дүкен қызметiн пайдалану басқа сотталғандардан оқшаулау жағдайында қамтамасыз етiледi.
156. Сотталғандарды еңбекке пайдалану, тамақтандыру, медициналық тексеру, санитарлық тазартудан өткiзу, амбулаторлық емдеу жұмыстары жазаларын ұстаудың басқа жағдайында өтеушi сотталғандардан бөлек ұйымдастырылады.
157. Тәрбие колонияларында жаза өтеудiң қатаң жағдайында жаза өтеушi адамдар үшiн оқу және жұмыс оқшауландырылған үй-жайда ұйымдастырылады.
2. Сотталғандарды айыптылық және тәртiптiк изоляторларында,
камералық үлгiдегi үй-жайларда, жалғыз адамдық камераларда
ұстау жағдайларының ерекшелiктерi
158. Сотталғандарға айыптылық және тәртiптiк изоляторларына сүлгi, сабын, тiс тазалайтын ұнтақ пен паста, тiс щеткасынан басқа өздерiнде бар тамақ өнiмдерiн және жеке заттарын өздерiмен бiрге алуға тыйым салынады. Оларға кiтаптарды, газеттердi, журналдарды және өзге де әдебиеттердi пайдалануға рұқсат берiлмейдi. Тәрбие колонияларының тәртiптiк изоляторында сотталғандарға оқулықтарды және оқу әдебиеттерiн пайдалануға рұқсат етiледi.
159. Тамақ өнiмдерi қоймаға тапсырылады және сотталғандарға олар айып жазасын өтеген соң берiледi. Әкiмшiлiк олардың сақталуы үшiн шара қабылдайды, алайда тамақ өнiмдерi ұзақ сақтау салдарынан табиғи түрде бұзылса, бұл туралы комиссия акт жасайды және олар жойылады.
160. Айыптылық және тәртiптiк изоляторларына орналыстырылған сотталғандарға темекi шегуге тыйым салынады (өрт қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету және санитарлық-гигиеналық талаптарды сақтау үшiн).
161. Сотталғандарды айыптылық және тәртiптiк изоляторларына, қабылдау кезiнде олар толық тiнтуден өткiзiледi, содан соң мүмкiндiгiнше осы үй-жайларға бекiтiлген киiмдердi киедi.
162. Колония-қоныстардың айыптылық изоляторларында ұсталушы сотталғандардан оларға бекiтiлген норма бойынша берiлген тамақтың толық құны өндiрiлiп алынады.
163. Жазаға тарту тәртiбiмен камералық үлгiдегi үй-жайларға немесе жалғыз адамдық камераларға ауыстырылған сотталғандарға өздерiмен бiрге тамақ өнiмдерiнен, сүлгi, сабын, тiс тазалайтын ұнтақ пен пастасынан, тiс щеткасы, темекi өнiмдерi мен сiрiңкеден басқа жеке заттарын алуға рұқсат етiлмейдi.
164. Камералық үлгiдегi үй-жайларда, жалғыз адамдық камераларда ұсталушы сотталғандарға өздерiмен бiрге оқулықтар, жай қарандаш, автоқалам, стержень, дәптер, пошта маркаларын, құттықтаухат, конверт алуға, кiтапхана қызметiн пайдалануға, кiтаптар, газет-журналдар жаздырып алуға рұқсат етiледi.
165. Жалпы бiлiм беретiн мектептерде, кәсiптiк-техникалық училищелерде және кәсiби-техникалық дайындық курсында оқитын адамдар айыптылық изоляторларында, камералық үлгiдегi үй-жайларда, жалғыз адамдық камераларда болған кезеңiнде сабаққа шығарылмайды. Оларға өз бетiнше оқу және оқытушылардан кеңес алу мүмкiндiгi берiледi. Тәртiптiк изоляторларында ұсталушы сотталғандар тәртiп изоляторының үй-жайында орналасқан оқу сыныптарына сабаққа апарылады.
166. Сотталғандарды камералық үлгiдегi үй-жайлардан не болмаса жалғыз адамдық камералардан камералық үлгiдегi үй-жайларда және жалғыз адамдық камераларда жасаған терiс қылықтары үшiн айыптылық изоляторына ауыстырған кезде оларды айыптылық изоляторында ұстау мерзiмi камералық үлгiдегi үй-жайларда және жалғыз адамдық камераларда ұстау мерзiмiне есептелмейдi. Бас бостандығынан айыру жазасын айыптылық изоляторында өтеудiң белгiленген тәртiбiн қасақана бұзған сотталғанды камералық үлгiдегi үй-жайларға ауыстырған жағдайда камералық үлгiдегi үй-жайларда ұстау мерзiмi айыптылық изоляторындағы жазасын өтеген соң есептеледi.
167. Сотталғандар камерада, жұмыс уақытында өндiрiс объектiсiнде тамақтанады.
168. Айыптылық изоляторында, камералық үлгiдегi үй-жайларда және жалғыз адамдық камераларда ұсталушы сотталғандарды медициналық қарау және амбулаторлық емдеу арнайы жабдықталған үй-жайда жүзеге асырылады. Санитарлық тазарту басқа сотталғандардан бөлек өткiзiледi. Науқас сотталғандар медициналық көрсеткiштерi бойынша жеке камераларға орналастырылады.
169. Айыптылық, тәртiптiк изоляторларына орналастырылған, камералық үлгiдегi үй-жайларға, жалғыз адамдық камераларға ауыстырылған сотталғандарға төсек-орын жабдықтары тек ұйқы уақытында ғана берiледi. Yй-жайдың шегiнен тыс жерге шығарылған кезде оларға маусым бойынша киiмдер берiледi.
170. Айыптылық және тәртiптiк изоляторының камералық үлгiдегi үй-жайлардағы кезекшiлiк кезек бойынша әрбiр сотталғанға жүктеледi. Кезекшiнiң мiндеттерiн түзеу мекемесiнiң әкiмшiлiгi белгiлейдi. Жалғыз адамдық камераны тазалауды онда ұсталушы адам жүзеге асырады.
171. Сотталғандарды дене мүшесiн зақымдаумен және ауруын сылтауратумен байланысты емес себептер бойынша айыптылық және тәртiптiк изоляторларынан, камералық үлгiдегi үй-жайлардан, жалғыз адамдық камералардан емдеу-профилактикалық мекемесiне ауыстырылған жағдайда олардың қылмыстық-атқару жүйесiнiң емдеу-профилактикалық мекемесiнде болу мерзiмi жаза өткеру мерзiмiне есептеледi.
172. Сотталғандарды айыптылық изоляторларынан, камералық үлгiдегi үй-жайлардан және жеке адамға арналған камералардан, бұл медициналық көрсеткiштер бойынша немесе прокурордың талабы бойынша жүргiзiлген жағдайдан басқа кезде мерзiмiнен бұрын босатуға жол берiлмейдi. Тәртiптiк изоляторларда ұсталушы сотталғандар бұдан басқа көтермелеу түрiнде мерзiмiнен бұрын босатылуы мүмкiн.
173. Сотталғандарды айыптылық изоляторларына қамағанда шаштарын "тақырлап" алып тастауы мiндеттi емес.
174. Айыптылық изоляторлардың үй-жайлары радионүктесi және бақылаушы шақыратын белгiмен жабдықтануға тиiстi.
175. Айыптылық изоляторларының терезелерi 60х20 см. көлемiнде болады, темiр тормен күшейтiлiп, жалюздер орнатылмайды, еденi ағаш болады, оған үстел мен орындықтар нақты бекiтiледi.
176. Түзеу мекемесiнiң бастығы жоқ кездегi төтенше жағдайларда, егер жасалған қылмыстың немесе режимдi қасақана бұзудың жолын өзге шаралармен кесу мүмкiн болмаса, сотталғандар колония бастығының кезекшi көмекшiсiнiң, тәрбие колонияларының және түрмелердiң бастықтарының кезекшi көмекшiлерiнiң қаулылары бойынша түзеу колониясының бастығы келгенше, бiрақ 24 сағаттан артық емес уақытқа қатаң режимдегi түзеу мекемесiнiң айыптылық және тәртiптiк изоляторларына, жеке адамға арналған камераларға орналастырылуы мүмкiн. Мұндай оқшаулау тәртiптiк жаза болып табылмайды.
3. Сотталғандарды қауiпсiз орынға ауыстыру
177. Басқа сотталғандардың немесе өзге адамдардың тарапынан сотталғанның жеке басының қауiпсiздiгiне қатер төнген жағдайда, ол аталған мәселе бойынша өтiнiш жасаған сотталғанның жеке басының қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету бойынша шұғыл шаралар қабылдауға мiндеттi түзеу мекемесiнiң кез келген лауазымды адамына ауызша немесе жазбаша өтiнiш жасауға құқылы.
178. Түзеу мекемесiнiң бастығы мұндай өтiнiштер бойынша не болмаса өзiнiң жеке бастамасы бойынша қауiпсiз орынға ауыстыру туралы шешiм қабылдайды немесе сотталғанның жеке басының қауiпсiздiгiне төнген қауiптi жою үшiн өзге де шаралар қолданады.
179. Өзге үй-жайлардан басқа мұндай мақсатқа айыптылық, тәртiптiк изоляторларының камералары, камералық үлгiдегi үй-жайлар пайдалануы мүмкiн.
180. Мұндай адамды түзеу мекемесi бастығының қаулысы бойынша 30 тәулiктен артық емес мерзiмге, шұғыл жағдайда - колония бастығының кезекшi көмекшiсi бастық келгенше, бiрақ 24 сағаттан аспайтын мерзiмге қауiпсiз орынға ауыстырады.
181. Қажет болған жағдайда аталған түзеу мекемесiнде заңның сақталуын қадағалауды жүзеге асырушы прокурордың келiсiмiмен қауiпсiз орында ұстау мерзiмi 30 тәулiкке дейiн ұзартылуы мүмкiн. Сотталғанды қауiпсiз орынға, оның iшiнде айыптылық, тәртiптiк изоляторларына, камералық үлгiдегi
үй-жайларға ауыстыру көрсетiлген негiз бойынша жаза болып табылмайды.
182. Осы Ереженiң 26-параграфында қарастырылған шектеулер мұндай
жағдайда аталған сотталғандарға қолданылмайды.
183. Сотталғанның жеке басының қауiпсiздiгiн қамтамасыз етуде
жоғарыда тiзбеленген шаралар нәтижесiз болса, түзеу мекемесiнiң бастығы
оны белгiленген тәртiп бойынша басқа түзеу мекемесiне ауыстыру
(сотталғанның жеке басына қауiп төндiрушi адамды ауыстыру) туралы шешiм
қабылдайды.
Ережеге N 1 қосымша
Бас бостандығынан айыруға сотталғандардың
сатуларына және пайдалануларына тыйым салынған заттардың,
бұйымдардың, нәрселердiң, құжаттардың және тамақ өнiмдерiнiң
ТIЗБЕСI
Азаматтық айналымнан алып қойылған заттар, бұйымдар мен нәрселер:
Атыс және суық қарулардың барлық түрлерi.
Көлiк құралдары.
Жарылғыш, уландырғыш және өртке қауiптi заттар.
Ақша, бағалы заттар, бағалы қағаздар.
Оптикалық құралдар.
Тәрбие колониялары мен түрмелерде қол және қалта сағаттары.
Жылытуды қажет ететiн тамақ өнiмдерi (коФе мен шайдан басқа),
ашытқы, қант.
Алкогольды iшiмдiктердiң барлық түрлерi, сыра.
Әтiр, иiс су және спирттiк негiздегi өзге де бұйымдар.
Есiрткiлiк және дәрiлiк заттар, медициналық мақсаттағы бұйымдар.
Жазу машинкалары, көбейту аппараттары.
Пышақтар, басқа да өткiр кескiш және қадалатын заттар, оттықтар.
Балталар, балғалар және басқа құралдар.
Ойын карталары.
Фотоаппараттар, фотоматериалдар, химикаттар, бейне-кинокамералар,
бейне магнитофондар.
Кез-келген құжаттар (соттың үкiмi мен ұйғарымы, ақшасын,
заттарын, бағалы бұйымдарын сақтауға тапсырғаны туралы квитанцияларынан
басқа).
Топографиялық карталар, компастар.
Өзiне тиесiлi әскери және басқа нысанды киiмдер, сондай-ақ
белгiленбеген үлгiдегi сырт киiм, бас киiмдер және аяқ киiм (шәркейден
басқа).
Түрлi-түстi қарындаштар, бояулар, көшiру қағаздары.
Ескертпе: Айрықша режимдегі колониялардың камералық үлгідегі
үй-жайларында, жалғыз адамдық камераларында ұсталушы сотталғандарға,
сондай-ақ түрмелердегі қатаң режимге ауыстырылғандарға шай сатып алуға
және сақтауға рұқсат етілмейді.
Ережеге N 2 қосымша
Сотталғандарға өздерiмен бiрге ұстауға, посылкалармен,
сәлемдемелермен, бандерольдермен алуға, ТМ дүкендерiнен
сатып алуға рұқсат етiлетiн заттар мен бұйымдардың
ТIЗБЕСI
Темекi өнiмдерi, сiрiңкелер.
Сотталғандар үшiн белгiленген үлгiдегi киiм, бас киiмдер, аяқ киiм
және төсек-орын жабдықтары.
Iш киiмдер (жылы және жай).
Бет орамал, белдiк, шұлық-ұйық бұйымдары, колготка, бес саусақты қолғап, қолғап, бөлме iшiнде киетiн тапочка, спорттық аяқ киiм, жiп, мойын орағыш, сүлгi.
Туалет жабдықтары (иiс, шаруашылық сабындары, тiс щеткасы, тiс ұнтағы, тiс пастасы, кремдер, тарақ).
Yш бұрышты орамал, рейтуз, белдiк, бюстгальтер, дәке, гигиеналық
пакет, шаш қыстырғыш, вазелин, мақта, су сабын, косметикалық бұйымдар
(әйелдердiң бетiне арналған).
Айна, электрлiк не болмаса механикалық ұстара, қауiпсiз ұстара (бiр
рет қолданылатын).
Етiк щеткасы және киiмге арналған щетка, аяқ киiм кремi.
Ыдыс-аяқтар, көзәйнек қабы, сабын және пластмассадан жасалған тiс
щеткасы, кружка, қасық.
Картадан басқа стол ойындары.
Оқулық, оқушы дәптерi, пошталық конверт, құттықтау хат, марка, жай
қарандаш, автоқалам, сия мен қара, көк және сия түстi стерженьдер.
Әдебиет.
Фотокарточкалар, фотоальбомдар.
Спорттық костюмдер.
Заводта жасалған тұрмыстық электроқайнатқыштар.
Бағалы емес металлдардан жасалған денеге тағатын крестиктер және
табынатын заттар.
Балдақ, ағаш қолтаяқ, протездер, мүгедектерге арналған арбалар
(дәрiгердiң рұқсаты бойынша).
Бағалы емес металдан жасалған қол немесе қалта сағат (ТК және
түрмелерден басқа).
Теледидарлық қабылдағыштар мен радиоқабылдағыштар
Ескертпе:
1. Көрсетілген тізбе ТМ дүкендерінде қамтамасыз етіледі.
2. Сотталғандарды басқа мекемеге ауыстыру кезінде өзімен бірге тек жеке заттарын, тамақ өнімдерін және олардың белгіленген тәртіппен сатып алған бірінші кезекте қажет заттарын алуға ғана рұқсат етіледі.
3. Сотталғанның өзімен бірге алуына болатын тамақ өнімдерінің, бірінші кезекте қажет заттардың, аяқ киімдердің, киімдердің және басқа өндірістік товарлардың мөлшерін жергілікті жағдайлар мен мүмкіндіктерге қарай мекеме бастығы анықтайды. Сотталғанға тиісті тамақ өнімдерінің, бірінші кезекте қажет заттардың, аяқ киімдердің, киімдердің және басқа өндірістік товарлардың жалпы салмағы қоймадағыны қоса есептегенде 50 килограмнан аспауы тиіс.
4. Теледидарлық қабылдағыштар мен радиоқабылдағыштар тек ұжымдық
пайдалану үшін сатып алынады және әкімшілік белгіленген орынға ғана
орналастырылады.
5. Сотталғандардың осы тізбеде көрсетілмеген бірінші кезекте қажетті
заттарды, өндірістік товарларды және өзге де заттар мен құралдарды
сақтауларына жол берілмейді.
Ережеге N 3 қосымша
Сотталғандар үшін омырауға және қолға тағатын
айыру белгілерінің
Үлгісі
Омырау белгісі Қолға тағатын белгі
____________________________ ________________________
| | | |
| А.А.Ахатов | | |
| 4 отряд |40 мм | Бригадир |20мм
| | | |
| | | |
|___________________________| |_______________________|
90 мм 80 мм
Омырау белгісі қолда бар кез келген түсті (қызылдан басқа) матадан
90х40 мм көлемімен тікбұрышты түрде дайындалады.
Белгінің ортасында алюминий немесе баспахана бояуымен сотталғанның
тегі, аты, әкесінің аты және отряд номері(бөлімшесі) көрсетіледі, ал
шеті-шеті 5 мм жалпақтықпен әдіптеледі.
Сотталғандардың қатарындағы бригадирлер және шеберлер 20х80 мм
көлемдегі, тікбұрышты нысанда "Бригадир", "Шебер" деген тиісті жазулары
бар лента тағып жүреді.
Омырау белгілері және қолға тағатын белгілер киімге кеуденің оң
жағына және сол қолдың жеңіне тігіледі.
Ережеге N 4 қосымша
Сотталғандардың үлгiлiк
КҮН ТӘРТIБI
Тұрғызу - таңертеңгi сағат 5-6-дан кеш емес.
Денешынықтыру (ұзақтығы) - 15 минутқа дейiн.
Туалет, төсек жинау - 10 минутқа дейiн.
Таңертеңгiлiк қарау, таңертеңгiлiк және кешкiлiк тексеру
40-минутқа дейiн.
Таңертеңгiлiк ас - 30 минутқа дейiн.
Жұмысқа бөлу - 40 минутқа дейiн.
Жұмыс уақыты - еңбек заңдарына сәйкес.
Түскi үзiлiс - 1 сағатқа дейiн.
Жұмыстан қайту, кешкi туалет - 25 минутқа дейiн.
Кешкiлiк ас - 30 минутқа дейiн.
Жеке уақыты - 1 сағатқа дейiн.
Тәрбиелiк шаралар - 1 сағатқа дейiн.
Мәдени-бұқаралық жұмыстар, мектептегi, КТУ-дегi оқу - жеке график
бойынша.
Ұйқыға дайындалу - 10 минутқа дейiн.
Ұйқы (үзiлiссiз) - 8 сағат.
Ескертпе:
1. Күн тәртiбi әрбiр түзеу мекемесiнде жергiлiктi жағдайларға, күннiң
ұзақтығына, жыл маусымына қарай жасалады.
2. Егер сотталғандар өндiрiсте бiрнеше ауысыммен жұмыс iстеген
жағдайда күн тәртiбi әрбiр ауысым үшiн жасалады.
3. Карантин бөлiмшесiнде, жаза өтеудiң қатаң жағдайында, камералық
үлгiдегi үй-жайларда, айрықша режимдегi жалғыз адамдық камераларда,
айыптық, тәртіптік изоляторларында ұсталушы сотталғандар үшiн күн тәртібi
жеке белгiленедi.
Ережеге N 5 қосымша
Сотталғандарды жеке мәселелер бойынша қабылдау
Журналы
______________________________________________________________
(қабылдауды жүзеге асырушы лауазымды адамның қызметі, шені және тегі)
______________________________________________________________
Басталды___________________
Аяқталды___________________
_____________________________________________________________
|р/с|Қабылдау|Қабылдауға |Қойылған |Қабылданған |Орындалуы|
|N |(өтініш |келген адам.|сұрақтар. |шешімдер |туралы |
| |берген) |ның тегі, |дың | |белгі |
| |датасы |аты-жөні |мазмұны | | |
|___|________|____________|__________|____________|_________|
| 1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 |
|___|________|____________|__________|____________|_________|
|___|________|____________|__________|____________|_________|
|___|________|____________|__________|____________|_________|
Ескертпе: Журнал екі бөлімнен тұрады, номерленген, бау өткізілген,
мөрленген және түзеу мекемесі кеңсе қызметкерінің қол
қоюымен расталған болуы тиіс.
Ережеге N 6 қосымша
Жеке есеп шотта______ теңге Квит. N______
оның ішінде ТМ-де тапқан табысы______ теңге
Бухгалтер__________________ Сотталған___________________
__________________200___ жыл.
Өтініш
Маған төмендегідей товарларды сатып алуға рұқсат етуіңізді сұраймын:
__________________________________________________
|р/с|Товардың| Саны | Босатылған сома |
|N |атауы | |_______________________|
| | | | Саны | Сомасы |
|___|________|____________|__________|____________|
| 1 | 2 | 3 | 4 | 5 |
|___|________|____________|__________|____________|
|___|________|____________|__________|____________|
|___|________|____________|__________|____________|
Жиыны___________________
___________________
(сотталғанның қолы)
Қолхат
______________________________ сомаға товар алдым.
(жазумен)
Осы соманы менің жеке есеп шотымнан шығаруды сұраймын.
___________________
(сотталғанның қолы)
200 жылғы _______________________
Ережеге N 7 қосымша
N______КУӘЛIК
19___жылы,______________________________ туған, ҚР ҚК-ның __________
бабы бойынша сотталған_____________________________________ берілді.
(сотталғанның тегі, аты, әкесінің аты)
Мерзімнің басталуы_______, мерзімнің аяқталуы _______,
___________________________________________________________________
(ҚР ҚАК 93 бабына сәйкес шығу негізін көрсету керек)
байланысты_______ тәулікке, оның _______ тәулігі жолға, оған түзеу
мекемесінен (тергеу изоляторынан) ұзақ мерзімге, қысқа мерзімге
(керегінің асты сызылсын)
___________________________________________________________________
(сотталғанның келетін жері)
шығуға рұқсат етілуіне орай берілді.
Ол 200___жылғы _________________________________________________
___________________ мекен-жайдағы жазасын өтеп жүрген түзеу
мекемесіне (тергеу изоляторына)___________________ қайтуға міндетті.
(атауы)
телефон, телефакс _______________________
Фотосуретке Мекеме бастығы_____________
арналған (тегі)
орын ___________________
(қолы)
200___жылғы __________________
Ішкі істер органы бастығының
сотталғанның келуі және кетуі
жөніндегі белгісі
(ТМ-нің елтаңбалы
мөріне арналған орын) Келді_________________________
(датасы, қолы, елтаңбалы мөр)
Кетті_________________________
(датасы, қолы, елтаңбалы мөр)
___________________
(сотталған қол
қоятын орын)
N ________КУӘЛIКТIҢ ТYБIРШЕГI
Түзеу мекемесi (тергеу изоляторы) бастығының 200____ жылғы____
N____бұйрығының негiзiнде
сотталғанға___________________________________________________
(тегi, аты, әкесiнiң аты, туған жылы, ҚР ҚК-нің бабы,
_______________________________________________________________
мерзiмi, мерзiмiнiң басталуы және аяқталуы)
_______________________________________________________________
(ҚР ҚАК 93 бабына сәйкес шығу негiзiн көрсету керек)
байланысты ұзақтығы ____ тәулiк, оның ____ тәулiгi жолға, түзеу
мекемесiнен (тергеу изоляторынан) ұзақ мерзiмге, қысқа мерзiмге
(керегiнiң асты сызылсын)
_______________________________________________________________
(сотталғанның келетін жері)
шығуға рұқсат берiлдi.
Куәлiк 200_____ жылғы _______________ берiлдi.
_______________________________
(сотталғанның қолы)
200_____ жылғы__________________келдi.
200_____ жылғы__________________кеттi.
Арнайы есепке алу бөлiмiнiң бастығы____________________________
(тегi)
____________________________
(қолы)
Ережеге N 8 қосымша
Мен, төменде қол қоюшы сотталған_____________________________________
(тегi, аты, әкесiнiң аты)
осы қолхатты қысқа (ұзақ) мерзiмге түзеу мекемесiнiң (ТИ-ның)
шегiнен тыс жерге шығудың тәртiбi маған түсiндiрiлгендiгi жөнiнде
беремiн.
Маған бас бостандығынан айыру түрiндегi жазаны өтеуден жалтарғаным
үшiн ҚР ҚК-нiң 359 бабы бойынша жауапқа тартылатыным ескертiлдi.
200_____ жылғы__________________
___________________
(сотталғанның қолы)
Қолхатты қайтарып алдым ___________________
(лауазымы, шенi, тегi)
___________________
(қолы)
Ережеге N 9 қосымша
Сотталғандарды пайдалануға тыйым салынатын
жұмыстар мен лауазымдардың
Тізбесі
Қылмыстық-атқару жүйесiнiң аумақтық органдарының басқармаларындағы, бөлімдеріндегi (қызметіндегі) барлық жұмыстар мен лауазымдарға; ҚР ішкi істер министрлiгi мен басқармаларының басқа құрылымдық бөлiмшелерiне; штабтардың және басқа да құрылымдық бөлімшелердің (қызметтердiң) мекемені күзетудi жүзеге асырушы жеке құрам орналасқан, қарулар, қызметтiк құжаттар, арнаулы техникалық құралдар бар (сақтаулы) үй-жайларындағы барлық жұмыстар мен лауазымдарға.
Сотталғандардың бұдан басқа:
- техникалық күзет құралдарын, сондай-ақ ішкі тыйым салынған аймақта
орналасқан инженерлiк күзет құралдарына қызмет көрсету және жөндеу
жөнiндегi жұмыстарға;
- көбейту, радиотелеграф, телефон, телефакс техникаларымен;
- дәрі-дәрмектердi, жарылғыш, уландырғыш және улы заттарды есепке
алумен, сақтаумен және берумен байланысты жұмыстарға;
- оларға ерiкті жалданушы қызметкерлердi бағындырумен байланысты
жұмыстар;
- жедел машина жүргізушілері ретiнде;
- сатушы, бухгалтер-операционист, кассир, азық-түлік, зат, сондай-ақ
күрделi және қымбат жабдықтары бар қойманың меңгерушісi ретiнде жұмыс
істеуге жол берiлмейдi.
Ережеге N 10 қосымша
Сотталғандарға кездесулер, телефонмен сөйлесулер,
посылкалар, бандерольдер беру тәртібі және ұсталу жағдайы
бойынша дүкеннен товар алудың тиістілік нормасы жөніндегі
Кесте
_____________________________________________________________________
|Қазақстан | айына | жылына | жылына | жылына | жылына
|Республикасы |_______|___________|_________________________________
|Қылмыстық- | Дүкен |кездесулер |телефонмен|посылкалар| бандероль.
|атқару кодексі| |___________|сөйлесулер| | дер
| | |ұзақ |қысқа| | |
| | |мер. |мер. | | |
| | |зімді|зімді| | |
_____________________________________________________________________
дағдылы 4 айлық 4 4 4 6 6
е/көрс.
______________________________________________________________
Жалпы жеңілде. 8 айлық 6 6 4 12 12
тілген е/көрс.
______________________________________________________________
әбден жеңілдетілген шектеусіз
______________________________________________________________
қатаң б/б а/о 2 2 ерекше 3 3
т/т-на жағд.
_____________________________________________________________________
дағдылы 3 айлық 3 3 4 4 4
е/көрс.
______________________________________________________________
Қатаң жеңілде. 7 айлық 4 4 4 6 6
тілген е/көрс.
______________________________________________________________
әбден жеңілдетілген шектеусіз
______________________________________________________________
қатаң б/б а/о 1 2 ерекше 2 2
т/т-на жағд.
_____________________________________________________________________
дағдылы 2 айлық 2 2 4 3 3
е/көрс.
______________________________________________________________
Айрықша жеңілде. 5 айлық 3 3 4 4 4
тілген е/көрс.
______________________________________________________________
қатаң б/б а/о - 2 ерекше 1 1
т/т-на жағд.
_____________________________________________________________________
жалпы 3 айлық 2 2 4 2 2
е/көрс.
______________________________________________________________
Түрме қатаң 1 айлық - 2 ерекше 1 1
е/көрс. жағд.
_____________________________________________________________________
дағдылы 5 айлық 2 6 4 8 8
е/көрс.
______________________________________________________________
Тәрбие жеңілде. 10 айлық 4 12 4 12 12
коло. тілген е/көрс.
ниясы ______________________________________________________________
әбден жеңілдетілген шектеусіз
______________________________________________________________
қатаң 2 айлық - 4 ерекше 4 4
е/көрс. жағд.
_____________________________________________________________________
Ескертпе: Хаттар шектеусіз жіберіледі, сотталғанның өтініші бойынша
оларға түзеу мекемесіне келуі бойынша қосымша телефон сөйлесулеріне рұқсат
берілуі мүмкін.
Айлық есептік көрсеткіш - е/көрс.
бас бостандығынан айыру орындарына тапқан табысы - б/б а/о т/т
ерекше жағдайларда - ерекше жағд.
Мамандар:
Омарбекова А.Т.
Багарова Ж.А.