Қазақстан Республикасы Ішкіісминінің қылмыстық атқару жүйесі мекемелерінде медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларын ұйымдастырудың ережелерін бекіту туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2001 жылғы 30 қаңтардағы N 85 бұйрығы Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2001 жылғы 5 наурызда тіркелді. Тіркеу N 1418. Күші жойылды - Ішкі істер министрінің 2004 жылғы 15 шілдедегі N 417 бұйрығымен

      Ескерту. Бұйрықтың күші жойылды - ҚР Ішкі істер министрінің 15.07.2004 № 417 бұйрығымен.

      "Туберкулездің жұқпалы түрімен ауыратын азаматтарды мәжбүрлеп емдеу туралы" Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 10 желтоқсандағы N 496-1  Заңына , Қазақстан Республикасы  Қылмыстық Кодексінің 90-бабына, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау ісі жөніндегі агенттігінің нормативтік құқықтық кесімдеріне сәйкес 
                               БҰЙЫРАМЫН: 

      1. Қазақстан Республикасы Ішкіісминінің Қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерінде медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларын ұйымдастырудың ережелері бекітілсін.
      2. Қазақстан Республикасы Ішкіісминінің Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің төрағасы, Медициналық басқармасының бастығы алкоголизмнен, нашақорлықтан және туберкулездің жұқпалы түрінен мәжбүрлеп емделетін адамдарды қажетті емдеумен қамтамасыз етсін.
      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ішкі істер вице-министрі ішкі қызмет генерал-майоры Н.А. Власовқа жүктелсін.

       Қазақстан Республикасының 
      Ішкі істер министрі -
      Ішкі әскерлер қолбасшысы
      генерал-майор

                                                   Қазақстан Республикасы 
                                        Ішкіісминінің 2001 жылғы
                                        "30" қаңтардағы N 85
                                        бұйрығымен бекітілген

            "КЕЛІСІЛДІ" "КЕЛІСІЛДІ"

       Қазақстан Республикасы           Қазақстан Республикасының
       Бас Прокурорының                 Жоғарғы Соты
       орынбасары 3 дәрежелі            сот алқасының төрағасы
       мемлекеттік әділет кеңесшісі          
       2001 жылғы 24 қаңтар             2001 жылғы 25 қаңтар         

           "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының 
      Денсаулық сақтау ісі жөніндегі агенттігі 
      төрағасының бірінші орынбасары 
          2001 жылғы 25 қаңтар

        Қазақстан Республикасы Ішкіісминінің Қылмыстық-атқару
              жүйесі мекемелерінде медициналық сипаттағы
                  мәжбүрлеу шараларын ұйымдастырудың
                             ЕРЕЖЕЛЕРІ

                              І бөлім
                   Сотталғандарды алкогольден және
             нашақорлықтан мәжбүрлеп емдеуді ұйымдастыру

      1. Алкоголизммен және нашақорлықпен ауыратын сотталғандарды мәжбүрлеп емдеу сот үкімінің негізінде режим түрлері бойынша арнайы түзеу мекемелерінде жүргізіледі. Айрықша режимдегі түзеу колониялары мен түрмеде отырған сотталғандарды емдеу ұсталу орны бойынша жүзеге асырылады. 
      Арнайы түзеу мекемелерінің әкімшілігі сотталғандардың мекемеде болу кезінде мәжбүрлеп емдеуді жүргізу үшін жағдайлармен қамтамасыз етеді. 
      2. Алкоголизмнен және нашақорлықтан мәжбүрлеп емдеуге жататын сотталғандар мекемеге келіп түскен сәттен алғашқы үш күн ішінде есепке алынуға тиіс. 
      3. Нашақорлықпен ауыратын сотталғандар арнайы түзеу мекемелеріне келісімен, әдетте, медициналық бөлімнің стационарына жіберіледі, онда оларға лабораториялық және клиникалық зерттеу және нашақорлыққа қарсы емдеу жүргізіледі. Бұрын нашақорлықтан, сондай-ақ айқын абстиненттік симптомы бар аурулардан емделмеген стационарлық зерттеу мен емдеудің ұзақтығы кемінде жиырма төрт күннен кем болмауы керек. 
      Ауруды стационарлық емдеуге жіберу және оның ұзақтығы туралы мәселені психиатр-нарколог дәрігер аурудың жағдайына қарап дербес шешеді. 
      Нашақорлықпен ауыратындарға стационарлық емдеу жүргізгеннен кейін қосымша амбулаториялық емдеу жүргізіледі. 
      4. Алгоколизмнен және нашақорлықтан мәжбүрлеп емдеуге тиісті ауруларға қажетті медициналық құжат (амбулаториялық нашақор аурудың медициналық картасы және психикалық ауруларды диспансерлік қадағалаудың бақылау картасы) толтырылады. Лабораториялық зерттеулерден қанның клиникалық-биохимиялық анализі, Зәрдің клиникалық анализі жүргізіледі. Рентгенографияны (рентгеноскопияны) немесе флюрографияны, электрокардиограмманы жүргізу міндетті. 
      5. Нақты емдеу әдістерін таңдауды психиатр-нарколог дәрігер аурудың денсаулық жағдайына, жеке ерекшеліктеріне қарай, Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау ісі жөніндегі агенттігі мен Ішкіісминнің қолданыстағы нормативтік құқықтық кесімдеріне сәйкес жүзеге асырады. 
      Дезинтоксикациондық терапияны ауру көріністерінің жоқ кезінде, түзеу мекемелерінің жағдайларында өткізбеуге болады. Метаболикалық процестерге әсер ететін медикаменттерді қолдана отырып міндетті түрде жалпы нығайту терапиясы тағайындалады. Оған міндетті түрде психотерапиялық әсер ету, медикаментоздық және симпоматикалық терапия кіру керек**. 
      6. Алкоголизммен ауыратындарды мәжбүрлеп емдеу, әдетте амбулаторлық жолмен жүргізіледі. Жекелеген жағдайларда (ауыр ілеспе аурудың болуы, алкогольге қарсы ерекше медикаменттерді қабылдау кезіндегі айқын реакция беруі, алкоголизм және басқа да "емдеудің бұзылуын" шектеудің қажеттілігі) сотталғандар жұмыстан босатылуы мүмкін, ал қажет болған кезде стационарлық емдеуге жіберіледі. 
      7. Мәжбүрлеп емделуден өтіп жүрген сотталғандарда оны өткізуге қайшылықтар табылған кезде құрамында медициналық бөлімнің бастығы, психиатр-нарколог дәрігер, терапевт-дәрігер бар дәрігерлік консультативтік комиссия (бұдан әрі - ДКК) оны тоқтату қажеттілігі туралы шешім шығарады. Шешім ауруды мұқият тексергеннен кейін қабылданады. 
      8. Шұғыл арнайы емдеуді қажет ететін ілеспе сырқаттары анықталған алкоголизммен (нашақорлықпен) ауыратындарды, мәжбүрлеп емдеу сол сырқаттардан жазылғаннан кейін жалғастырылады. 
      9. Алкоголизммен ауыратындарды мәжбүрлеп емдеу туралы соттың анықтамасы бар активті туберкулезбен ауыратын сотталғандарды туберкулезден емдеу басымды болып табылады, ол Ішкіісминнің қылмыстық-атқару жүйесінің туберкулезге қарсы мекемелерінде (ауруханаларда, колонияларда) психиатр-дәрігер мен психиатр-наркологпен (психиатрдың) қадағалауымен жүргізілуі керек. Бұл үшін туберкулезге қарсы мекемелерде жеке палаталар бөлінеді. Туберкулездік процесті клиникалық емдеуден кейін олар ұстау және мәжбүрлеп емдеуді жалғастыру үшін арнаулы түзеу мекемелеріне жіберіледі. 
      10. Нашақорлықтан және алкогольден мәжбүрлеп емдеудің ұзақтығы Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 93-бабына сәйкес анықталады. Сырқаттың қайталануы мен емделу курсын бұзушылық болмаған кезде медициналық комиссия мәжбүрлеп емдеуді тоқтату үшін материалдар әзірлейді. Материалдар сотқа ұсыну үшін мекеменің арнайы бөліміне беріледі. 
      11. Мәжбүрлеп емдеу аяқталған кезде де, сондай-ақ оны ұзарту кезінде де медициналық қорытындының нәтижесі, яғни: қол жеткізген жетістігі, психикалық және соматикалық жағдайында болған өзгерістер, алкогольді, есірткі және басқа да естен тандыратын заттарды қолданудан бас тартуға берілген бағыт-бағдардың сипаты жазылады. Бұл қорытындылар амбулаторлық наркологиялық аурудың медициналық картасына енгізіледі. 
      12. Мәжбүрлеп емдеуге жатпайтын сотталғаннан алкоголизм немесе нашақорлық айқындалған кезде оған ерікті түрде нашақорлыққа қарсы немесе алкоголизмге қарсы терапия курсынан өту ұсынылады. Өз еркімен емдеуді жаза өтеу орны бойынша (арнайы емес түзеу мекемелерінде медициналық бөлімнің психиатр-дәрігері) жүргізеді. Сотталған өз еркімен емделуден бас тартқан кезде түзеу мекемесінің әкімшілігі белгіленген тәртіпте соттың алдына мәжбүрлеп емдеуді қолдану туралы ұсыныс жасайды. Сот мәселені оң шешкен жағдайда сотталғандар ұстау мен мәжбүрлеп емдеуді жүргізу үшін арнайы түзеу колонияларына ауыстырылады. 
      13. Алкоголизммен және нашақорлықпен ауыратындарды диспансерлік есепке алу және динамикалық қадағалау Қазақстан Республикасының қолданыстағы нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес жүргізіледі. 
      14. Сот мәжбүрлеп емдеуді алып тастағаннан кейін созылмалы алкоголизммен ауыратын адамдар психиатр-нарколог (психиатр) дәрігерлердің динамикалық қадағалауында үш жыл, ал нашақорлықпен ауыратындар бес жыл болады. 
      15. Алкоголизмнен немесе нашақорлықтан зардап шегетін сотталғандарды арнайы түзеу колонияларынан әдеттегі колонияларға ауыстыру туралы мәселе сот мәжбүрлеп емдеуді тоқтатқаннан кейін шешіледі. 
      16. Оларға қатысты үкім заңды күшіне енген алкоголизммен және нашақорлықпен бірге ВИЧ СПИД-тен зардап шегетін адамдар тергеу изоляторларынан ұстау режимінің түріне қарамастан ВИЧ СПИД-тен ауыратындарға арналған арнайы түзеу мекемелеріне жіберіледі және емдеумен қамтамасыз етіледі. 
      17. Оларға қатысты үкім заңды күшіне енген алкоголизммен және нашақорлықпен бірге туберкулезден зардап шегетін, адамдар тергеу изоляторларынан туберкулезге қарсы арнайы түзеу мекемелеріне бекітілуі бойынша жіберіледі және емдеумен қамтамасыз етіледі. 

                             ІІ бөлім
        Туберкулездің жұқпалы түрімен ауыратын сотталғандарды 
             туберкулезден мәжбүрлеп емдеуді ұйымдастыру 

      18. Туберкулездің жұқпалы түрімен ауыратын (бұдан әрі - ТЖТА) тергеу-тұтқыны немесе сотталған дәрігер белгілеген емдеуден бас тартқан кезде тергеу изоляторларының немесе жазаны атқарушы басқа да органның медициналық бөлімінің ДКК-сы ТЖТА адамды мәжбүрлеп емдеу туралы мәселені шешу үшін материал әзірлейді және сотқа жібереді. 
      Мәжбүрлеп емдеу туралы материалдарды сот олардың түскен күнінен бастап бес күн мерзім ішінде қарайды. 
      19. Сот мәжбүрлеу шараларының қажеттілігі туралы шешкен жағдайда сырқатқа кідіріссіз ерекше терапия белгіленеді. ТЖТА мәжбүрлеп емдеу және ұстау туберкулезбен ауыратындардың қалған тобынан бөлек: тергеу тұтқындағыларды тергеу изоляторларында, ал сотталғандарды - туберкулезге қарсы түзеу мекемелерінде режим түрлері бойынша жүргізіледі. Айрықша режимдегі түзеу колониялары мен түрмелерде ұсталынатын сотталғандарды емдеу ұстау орны бойынша туберкулезбен ауыратындардың қалған тобынан бөлек жүзеге асырылады. 
      Тергеу изоляторларының немесе жаза атқарушы басқа да органның әкімшілігі ТЖТА-ның мекемеде болатын мерзімінде мәжбүрлеп емдеуді жүргізу үшін жағдайды қамтамасыз етеді. 
      20. Туберкулезден мәжбүрлеп емдеу туралы сот ұйғарымы бар сотталғандарға туберкулезге қарсы түзеу мекемелеріне келісілгеннен кейін лабораториялық және клиникалық тексеру жүргізіледі. 
      Сотталғандарға қажетті диагностикалық манипуляцияларды жүргізгеннен кейін Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау ісі жөніндегі агенттігінің нормативтік құқықтық  кесімдеріне сәйкес тиісті туберкулезге қарсы емдеу белгіленеді. ТЖТА-ны мәжбүрлеп емдеудің ұзақтығын ДКК-сы түкіріктің бактериоскопия деректерін ескере отырып анықтайды. 
      21. Туберкулезден мәжбүрлеп емделетін науқастарға қажетті медициналық құжат толтырылады. Лабораториялық зерттеулерден қанның клиникалық-биохимиялық анализі, зәрдің клиникалық анализі жасалады. Түкірік бактероскопиясын, рентгенографияны (рентгеноскопияны) немесе флюрографияны жүргізу міндетті. 
      22. ТЖТА-ны мәжбүрлеп емдеуді тоқтату үшін: науқастың туберкулез микробактериясын бөлуін тоқтатуы туралы клиникалық, рентгенологиялық және лабораториялық тексерулердің нәтижелері бойынша, медициналық көрсетулер бойынша мәжбүрлеп емдеуді жалғастырудың мүмкін еместігі туралы ДКК-ның қорытындысы негіздеме болып табылады.
      23. Мәжбүрлеп емдеуді аяқтаған адамдарды бұдан әрі қадағалау және емдеу туберкулезбен ауыратындарға арналған белгіленген тәртіпте жүзеге асырылады.

      Қазақстан Республикасы
      Ішкіісминінің Медициналық басқармасы

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады