Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің кейбір бұйрықтарының күші жойылғанын тану туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2007 жылғы 19 сәуірдегі № 90-ө Бұйрығы

      Қазақстан Республикасының «Нормативтік құқықтық актілер туралы» Заңының 27 бабына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
      1.Осы бұйрыққа қоса беріліп отырған қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің кейбір бұйрықтарының күші жойылған деп танылсын.
      2. Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Зейнетақы және әлеуметтік қамсыздандыру департаменті бір апта ішінде осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінің назарына жеткізілуін қамтамасыз етсін және баспасөз басылымына ресми түрде жариялануға жолдансын.
      3. Осы бұйрық қол қойған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Министр                                    Г. Қарақұсова

Қазақстан Республикасы Еңбек
және халықты әлеуметтік қорғау
министрінің 2007 жылғы   
19 сәуірдегі № 90-ө бұйрығы

Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау
министрінің күші жойылған кейбір шешімдерінің тізімі

      1. «Әскери қызметшілерге, Ішкі істер органдары, Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің, қаржы полициясы және мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдарының қызметкерлеріне Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталықтан еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы, мемлекеттік базалық зейнетақы және мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы төлеуді жүзеге асыру жөніндегі Нұсқаулықты бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 1999 жылғы 19 наурыздағы № 44-п бұйрығы (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізімінде № 741 тіркелген).
      2. «Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің «Әскери қызметшілерге, Ішкі істер органдары, Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің, қаржы полициясы және мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдарының қызметкерлеріне Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталықтан еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы, мемлекеттік базалық зейнетақы және мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы төлеуді жүзеге асыру жөніндегі Нұсқаулықты бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 1999 жылғы 19 наурыздағы № 44-п бұйрығына өзгеріс және толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2005 жылғы 18 қаңтардағы № 10-п бұйрығы (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізімінде № 3473 тіркелген).
      3. «Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің «Әскери қызметшілерге, Ішкі істер органдары, Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің, қаржы полициясы және мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдарының қызметкерлеріне Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталықтан еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы, мемлекеттік базалық зейнетақы және мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы төлеуді жүзеге асыру жөніндегі Нұсқаулықты бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 1999 жылғы 19 наурыздағы № 44-п бұйрығына өзгеріс және толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2005 жылғы 7 шілдедегі № 177-п бұйрығы (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізімінде № 3803 тіркелген).

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады