Білікті жұмысшыларды қоспағанда, Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері мекемелерінің азаматтық қызметшілері үшін мамандығы бойынша жұмыс өтілін есептеу ережелерін бекіту туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2009 жылғы 19 тамыздағы N 293 Бұйрығы

      Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2009 жылғы 19 тамыздағы N 293 Бұйрығынан үзінді.

      «Азаматтық қызметшілерге, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдардың қызметкерлеріне, қазыналық кәсіпорындардың қызметкерлеріне еңбекақы төлеу жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 29 желтоқсандағы № 1400 қаулысына сәйкес, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің қызметкерлеріне еңбекақы төлеуді реттеу үшін БҰЙЫРАМЫН:
      1. Білікті жұмысшыларды қоспағанда, Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері мекемелерінің азаматтық қызметшілері үшін мамандығы бойынша жұмыс өтілін есептеу ережелері бекітілсін.
      2. «Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері әскери бөлімдерінің, мекемелерінің мемлекеттік қызметші емес қызметкерлерінің мамандықтары бойынша жұмыс стажын есептеудің тәртібі туралы ережелерді қолданысқа енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2002 жылғы 23 сәуірдегі № 178 бұйрығының (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 1893 болып тіркелген) күші жойылды деп танылсын.
      3. Бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің экономика және қаржы жөніндегі орынбасарына жүктелсін.
      4. Бұйрық жекелеген әскери бөлімдерге дейін жеткізілсін.

                                                 Ә. Жақсыбеков


      РҚАО-ның ескертпесі. Бұйрыққа ережелердің мәтіні қоса берілмеген.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады