Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар ауданы әкімінің 2024 жылғы 08 сәуірдегі № 04 "Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар ауданы аумағында жергілікті масштабтағы табиғи сипаттағы төтенше жағдайды жариялау туралы" шешіміне өзгеріс енгізу туралы

Жаңа

Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар ауданы әкімінің 2024 жылғы 25 сәуірдегі № 7 шешімі

      ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар ауданы әкімінің "Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар ауданы аумағында жергілікті масштабтағы табиғи сипаттағы төтенше жағдайды жариялау туралы" 2024 жылғы 08 сәуірдегі № 04 шешіміне келесі өзгеріс енгізілсін:

      көрсетілген шешімнің 2 тармағы келесі редакцияда жазылсын:

      "2. Жергілікті ауқымдағы табиғи сипаттағы төтенше жағдайды жоюға басшы болып Қызылжар ауданы әкімінің орынбасары Асхат Сарғабекұлы Бәкеев тағайындалсын және осы шешімнен туындайтын тиісті іс-шараларды жүргізу тапсырылсын.".

      2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және 2025 жылғы 24 сәуірден бастап туындаған құқықтық қатынастарға қолданылады.

      Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар
ауданының әкімі
С. Сәдуақасов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады