Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау жөніндегі агенттігі төрағасының кейбір бұйрықтарының күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігі төрағасының 2009 жылғы 30 қарашадағы № 377-НҚ бұйрығы

      «Нормативтік құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 40-бабы 2-тармағының 4) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
      1. Мыналардың:
      1) «Телекоммуникациялардың реттеліп көрсетілетін қызметтерінің тарифтеріне уақытша төмендету коэффициенттерін бекіту ережесі туралы» Қазақстан Республикасының Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау жөніндегі агенттігі төрағасының 2004 жылғы 24 маусымдағы № 282-НҚ бұйрығының (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2004 жылғы 3 тамызда № 2983 нөмірімен тіркелген, «Ресми газет» газетінде 2004 жылғы 18 қыркүйектегі № 38 (195) нөмірінде жарияланған);
      2) «Табиғи монополия саласына жатқызылатын телекоммуникациялар қызметтерінің тарифтеріне уақытша төмендету коэффициенттерін белгілеу және алып тастау ережесін бекіту туралы» Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау жөніндегі агенттігі төрағасының міндетін атқарушының 2004 жылғы 24 маусымдағы № 282-НҚ бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2005 жылғы 25 наурыздағы № 3524 нөмірімен тіркелген, «Заң газеті» газетінде 2006 жылғы 20 қаңтардағы № 8-9 (988-989) нөмірінде жарияланған) Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау жөніндегі агенттігі төрағасының міндетін атқарушының 2005 жылғы 11 наурыздағы № 76-НҚ бұйрығының күші жойылды деп танылсын.
      2. Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің Әкімшілік жұмысы департаменті (Е.О. Есіркепов):
      1) оны Заңнамада белгіленген тәртіппен бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялауды қамтамасыз етсін;
      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің құрылымдық бөлімшелері мен аумақтық органдарының,  «Қазақтелеком» акционерлік қоғамының назарына Қазақстан Республикасы Ақпарат және байланыс агенттігімен келісілгеннен кейін жеткізсін.
      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігі төрағасының орынбасары Қ.М. Смағұлов жүктелсін.
      4. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

      Төраға                                     Н. Алдабергенов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады