"Нормативтік құқықтық актілер туралы" 1998 жылғы 24 наурыздағы Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабының 1-1-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қазақстан Республикасы Энергетика және табиғи ресурстар министрінің "Энергияны және жылу энергиясын пайдалану тәртібіне өзгертулер енгізу туралы" 1997 жылғы 13 маусымдағы N 48 бұйрығының (Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 46 болып тіркелген) күші жойылды деп танылсын.
2. Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық ресурстар министрлігінің Электр энергетикасын және көмір өнеркәсібін дамыту департаменті (Н. Бертісбаев) осы бұйрықтың көшірмесін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігіне бір апталық мерзімде жіберсін.
3. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Министр С. Мыңбаев