Энергияны және жылу энергиясын пайдалану тәртiбiне өзгертулер енгiзу туралы

Күшін жойған

Энергетика және табиғи ресурстар министрлiгi 1997 жылғы 13 маусымдағы N 48 БҰЙРЫҚ Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 1997 жылғы 18 маусымда тіркелді. Тіркеу N 46. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық ресурстар министрінің 2009 жылғы 22 сәуірдегі N 111 бұйрығымен

      Күші жойылды - ҚР Энергетика және минералдық ресурстар министрінің 2009.04.22 N 111 бұйрығымен.

      Қосымша
 
 
      Электр энергиясын пайдалану Ережелерi мен жылу энергиясымен пайдалану Ережелерiнде қолданылатын Негiзгi терминдер бөлiмiне қосымша:
      Тұрғын үй ұйымы - тұрғын үй (пәтер) иелерiнiң кооперативi, тұрғын үй кооперативi, кондоминиумның басқару органы және осындай ұйымдардың Қазақстан Республикасы заңдарына қайшы келмейтiн басқа да түрлерi.
      Жылу энергиясымен пайдалану Ережелерiнiң 8.7 бабына енгiзiлген өзгерту:
 
      8.7. Тұтынушы шарттық тұтынудан асуға жол берсе немесе жылумен тұтынудың оған белгiленген режимдерiн сақтамаса, егер шартта басқадай көзделмесе, тұтынушы энергиямен жабдықтаушы ұйымның уақытша пайдаланудағы жылу тораптарына немесе жылу көзiне қосылған жағдайда, төмен параметрлi жылу энергиясы берiлгенi немесе жылу толық көлемде берiлмегенi үшiн материалдық жауапкершiлiк жылу энергиясын пайдалану шартының қосымша келiсiмiмен белгiленедi.
 

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады