Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Қазақстан Республикасында қолма-қол шетел валютасымен белшек сауданы жүзеге асыруды және қызмет көрсетуді лицензиялау ережесін бекіту туралы" 2005 жылғы 15 қыркүйектегі № 115 қаулысының күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының 2009 жылғы 24 шілдедегі № 68 қаулысы.

      "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне валюталық реттеу және валюталық бақылау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2009 жылғы 4 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Мыналардың күші жойылды деп танылсын:
      1) Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Қазақстан Республикасында қолма-қол шетел валютасымен бөлшек сауданы жүзеге асыруды және қызмет көрсетуді лицензиялау ережесін бекіту туралы" 2005 жылғы 15 қыркүйектегі № 115 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3902 тіркелген, 2006 жылғы 11 мамырда "Заң газетінде" № 83(889) жарияланған);
      2) Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Қазақстан Республикасында қолма-қол шетел валютасымен бөлшек сауданы жүзеге асыруды және қызмет көрсетуді лицензиялау ережесін бекіту туралы" 2005 жылғы 15 қыркүйектегі № 115 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2008 жылғы 28 наурыздағы № 19 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5203 тіркелген, 2008 жылғы 20 мамырда "Заң газетінде" № 74(1300) жарияланған).
      2. Осы қаулы 2009 жылғы 11 тамыздан бастап қолданысқа енгізіледі.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады