«Нормативтік құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. «Мемлекеттік қызмет көрсету стандартын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2008 жылғы 15 ақпандағы № 61 бұйрығының (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2008 жылғы 27 ақпандағы № 5152 болып тіркелген және Қазақстан Республикасының орталық атқарушы және өзге де орталық мемлекеттік органдарының актілер жинағында 2008 жылғы 17 шілдедегі № 7 болып жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
2. Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі Әкімшілік департаментінің бастығы бір апта мерзімде белгіленген тәртіппен осы бұйрықтың көшірмелерін және бұрын бұйрық жарияланған ресми баспа басылымын Қазақстан Республикасының Әділет министрлігіне жолдасын.
3. Бұйрық лауазымды адамдарға, оларға қатысты бөлігінде жеткізілсін.
Ә. Жаксыбеков