"Алдын ала ойластырылған және жалған банкроттық фактілерді ескерту, анықтау және жолын кесу жөніндегі мемлекеттік органдардың өзара іс-қимылы ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы полициясы агенттігі Төрағасының 2002 жылғы 20 желтоқсандағы № 159, Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2002 жылғы 21 желтоқсандағы № 625, Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2002 жылғы 3 желтоқсандағы № 186 бірлескен бұйрығының күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2010 жылғы 21 шілдедегі № 361, Қазақстан Республикасы Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігі Төрағасының 2010 жылғы 13 тамыздағы № 143, Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2010 жылғы 14 қыркүйектегі № 263 бірлескен бұйрығы

      «Нормативтік-құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 43-1-бабының 1-тармағын іске асыру мақсатында, БҰЙЫРАМЫЗ:
      1. «Алдын ала ойластырылған және жалған банкроттық фактілерді ескерту, анықтау және жолын кесу жөніндегі мемлекеттік органдардың өзара іс-қимылының ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы полициясы агенттігі Төрағасының 2002 жылғы 20 желтоқсандағы № 159, Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2002 жылғы 21 желтоқсандағы № 625, Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2002 жылғы 3 желтоқсандағы № 186 бірлескен бұйрығының күші жойылды деп танылсын (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2107 тіркелген, Қазақстан Республикасы орталық атқарушы және өзге де мемлекеттік органдарының нормативтік құқықтық актілерінің 2003 жылғы № 14 бюллетенінде, 830-құжат жарияланған).
      2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Дәрменсіз борышкерлермен жұмыс комитеті (Үсенова Н.Д.) осы бұйрыққа мемлекеттік органдар басшыларының бірі ең соңғы болып қол қойған күннен бастап бір апта мерзімде Қазақстан Республикасы Әділет министрлігіне осы бұйрықтың көшірмесін жолдасын.
      3. Осы бұйрық қол қойған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасы                  Қазақстан Республикасының
Экономикалық қылмысқа және              Қаржы министрі
сыбайлас жемқорлыққа қарсы              ______________ Б. Жәмішев
күрес агенттігінің (қаржы
полициясының) Төрағасы
___________ Қ. Қожамжаров

Қазақстан Республикасының
Әділет министрі
___________ Р. Түсіпбеков

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады