"Техникалық инспекция саласындағы мемлекеттік қызмет көрсету стандарттарын бекіту жөнінде" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2007 жылғы 30 қарашадағы № 732 бұйрығының күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2010 жылғы 6 қыркүйектегі № 573 Бұйрығы

      «Нормативтік құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы Заңының 27-бабына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
      1. «Техникалық инспекция саласындағы мемлекеттік қызмет көрсету стандарттарын бекіту жөнінде» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2007 жылғы 30 қарашадағы № 732 (Қазақстан Республикасының Нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5075 нөмірмен тіркелген, «Заң газетінде» 2008 жылғы 1 ақпандағы № 16 (1416) жарияланған) бұйрығының күші жойылды деп танылсын.
      2. Егіншілік және фитосанитариялық қауіпсіздік департаменті осы бұйрықтың көшірмесін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігіне бір апталық мерзімде мәлімет үшін жіберсін.
      3. Осы бұйрық қол қойған күнінен бастап күшіне енеді.

      Министрдің м.а.                                    Е. Аман

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады