"Мемлекеттік қызмет көрсету стандарттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің міндетін атқарушының 2007 жылғы 27 қарашадағы № 251 бұйрығының күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің 2010 жылғы 26 қаңтардағы № 32 Бұйрығы

      «Нормативтік құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 27-бабына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
      1. «Мемлекеттік қызмет көрсету стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің міндетін атқарушының 2007 жылғы 27 қарашадағы № 251 (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2007 жылғы 13 желтоқсандағы № 5034 нөмірмен тіркелген, «Заң газетінің» 2008 жылғы 11 қаңтардағы, № 4 (1404) жарияланған) бұйрығының күші жойылды деп танылсын.
      2. Заң департаменті (Б.Е.Қазбековке) осы бұйрықтың көшірмесін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігіне бір апталық мерзімде мәлімет үшін жіберсін.
      3. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

      Министр                                    Ә. Құсайынов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады