Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрінің кейбір бұйрықтарының күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрінің м.а. 2010 жылғы 9 тамыздағы № 209 Бұйрығы

      «Нормативтік құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 43-1-бабы 1-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
      1. Мынадай бұйрықтардың:
      1) «Ақпараттық технологиялар паркі» арнайы экономикалық аймағының аумағында қызметті ұйымдастыру ережесін және «Ақпараттық технологиялар паркі» арнайы экономикалық аймағының қатысушылары ретінде заңды тұлғаларды тіркеу ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрінің 2006 жылғы 24 ақпандағы№ 68 бұйрығының (Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4127 болып тіркелген, «Заң газетінде» 2006 жылы 21 сәуірде № 71-72 (1051-1052) жарияланған);
      2) «Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрінің 2007 жылғы 5 қарашадағы № 329 бұйрығының (Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5031 болып тіркелген, Қазақстан Республикасының Орталық атқарушы және өзге де орталық мемлекеттік органдарының актілер жинағында № 1, 2008 жылғы 27 наурызда жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
      2. Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің Өнеркәсіп комитеті (А.С. Таспихов) осы бұйрықтың көшірмесін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігіне бір апта мерзімінде жіберсін және бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
      3. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

      Министрдің
      міндетін атқарушы                                 А. Рау

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады