Қазақстан Республикасы Әділет министрінің м.а. 2011 жылғы 24 мамырдағы № 193 бұйрығынан үзінді.
"Қазақстан Республикасындағы сот-сараптама қызметі туралы" Қазақстан Республикасы Заңы мен "Әділет органдары туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Сот сараптамасы орталығында сот сараптамаларын жүргізуді ұйымдастыру жөніндегі Нұсқаулық бекітілсін.
2. "Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Сот сараптама орталығында өндірістік соттық сараптама және мамандандырылған зерттеулер жүргізу жөнінде Нұсқаулықты бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2002 жылғы 24 қазандағы № 158 бұйрығының (Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2002 жылғы 31 қазанда тіркелді. Тіркеу № 2029) күші жойылды деп танылсын.
3. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Министрдің м.а. Д. Құсдәулетов