«Білім туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі Заңын іске асыру мақсатында БҰЙЫРАМЫН:
1. Мыналардың
1) «Білім беру ұйымдарында мемлекеттік аралық бақылауды өткізу ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің міндетін атқарушының 2007 жылғы 20 қарашадағы № 561 (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2007 жылғы 12 желтоқсанда № 5033 тіркелген. 2008 жылдың 11 қаңтарында «Заң газетінде» № 4 (1230) жарияланған);
2) «Білім беру ұйымдарында мемлекеттік аралық бақылауды өткізу ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің міндетін атқарушының 2007 жылғы 20 қарашадағы № 561 бұйрығына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2008 жылғы 30 қарашадағы № 553 (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2009 жылғы 20 желтоқсанда № 5972 тіркелген. 2010 жылдың 13 қаңтарында «Заң газетінде» № 4 (1626) жарияланған) бұйрықтарының күші жойылды деп танылсын.
2. Мыналардың:
1) «Қазақстан Республикасының орта білім беру ұйымдарында мемлекеттік аралық бақылауды өткізу технологиясын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2008 жылғы 28 қаңтардағы № 36 (Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігінің Стандарттау, метрологиялық және сертификаттау комитетінде тіркелген);
2) «Ұлттық бірыңғай тестілеуді өткізу технологиясын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2008 жылғы 9 сәуірдегі № 179 (Білім жүйесін стандарттау бойынша 47 Техникалық комитетте тіркелген) бұйрықтарының күші жойылсын.
3. Білім және ғылым саласындағы бақылау комитеті (С. Ырсалиев) бір апталық мерзімде осы бұйрықты:
1) Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің;
2) Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің Техникалық реттеу және метрология комитетінің назарына жеткізсін.
4. Мектепке дейінгі және орта білім департаменті (М. Қайырбаева) және Ұлттық тестілеу орталығы (Қ. Әбдиев) осы бұйрықты облыстардың, Астана және Алматы қалаларының білім басқармаларының назарларына жеткізсін.
5. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Білім және ғылым саласындағы бақылау комитетінің төрағасы С. Ырсалиевке жүктелсін.
6. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Министр Б. Жұмағұлов