Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамаға сәйкес келтіру мақсатында, "Нормативтік құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабын басшылыққа ала отырып, БҰЙЫРАМЫН:
1. "Экономика салаларын дамытудың, өндірістік күштерді орнықтыру сұлбаларының мемлекеттік, салалық және аймақтық бағдарламаларын әзірлеген кезде жосықталған әрекеттердің қоршаған ортаға әсер етуін бағалаудың Ережелерін бекіту жайында" (Нормативтік-құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2376 болып тіркелген) Қазақстан Республикасының Қоршаған ортаны қорғау министрінің 2003 жылғы 9 маусымдағы № 129-п бұйрығының күші жойылды деп танылсын.
2. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Министр Н. Әшімов