Экономика салаларын дамытудың, өндірістік күштерді орнықтыру сұлбаларының мемлекеттік, салалық және аймақтық бағдарламаларын әзірлеген кезде жосықталған әрекеттердің қоршаған ортаға әсер етуін бағалаудың Ережелерін бекіту жайында

Күшін жойған

Қазақстан Республикасының Қоршаған ортаны қорғау министрінің 2003 жылғы 9 маусымдағы N 129-п бұйрығы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2003 жылғы 24 маусымда тіркелді. Тіркеу N 2376. Күші жойылды - Қазақстан Республикасының Қоршаған ортаны қорғау министрінің 2011 жылғы 24 қаңтардағы № 18-Ө Бұйрығымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Қоршаған ортаны қорғау министрінің 2011.01.24 № 18-Ө Бұйрығымен.

      Мемлекеттік, салалық және аймақтық бағдарламаларды әзірлеген кезде экологиялық талаптарды және өндірістік күштерді орнықтыру сұлбаларын тәртіпке келтіру мақсатында, әрекеттердің қоршаған ортаға және Қазақстан Республикасының халқының денсаулығына жағымсыз әсер етуін болдырмау үшін, бұйырамын:
      1. Экономика салаларын дамытудың, өндірістік күштерді орнықтыру сұлбаларының мемлекеттік, салалық және аймақтық бағдарламаларын әзірлеген кезде жосықталған әрекеттердің қоршаған ортаға әсер етуін бағалаудың Ережелері бекітілсін.
      2. Заңгерлік Департаменті осы бұйрықтың бекітілген заңнамалар тәртібінде мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін.
      3. Осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінен мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап іске қосылады.
      4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы қоршаған ортаны қорғау Вице-Министрі Н.А. Ысқақовқа жүктелсін.

      Министр ________________________________________________________________
Іске, департаменттерге, облыстық (қалалық) ҚОҚАБ-на  жіберілсін.

Қазақстан Республикасы      
Қоршаған ортаны қорғау Министрінің
2003 жылғы 9 маусымдағы N 129-п 
бұйрығымен бекітілген      

Экономика салаларын, өндірістік күштерді орнықтыру
сұлбаларын дамытудың мемлекеттік, салалық және аймақтық бағдарламаларын әзірлеген кезде жосықталған әрекеттердің қоршаған ортаға әсер етуін бағалаудың Ережелері

      1. Осы Ережелер Қазақстан Республикасының "Қоршаған ортаны қорғау" және "Экологиялық сараптама жайындағы" заңдарының талаптары негізінде реттелген және басқа да жобаланған, Қазақстан Республикасы аумағында әрекет етіп тұрған мөлшерлік-құқықтық актілер және нұсқаулы-әдістемелік құжаттарға толықтыру ретінде әзірленген.

      2. Нақты осы Ережелер:
      1) мемлекеттік, салалық және аймақтық бағдарламаларды әзірлеушілер мен тапсырыс берушілерге;
      2) шаруашылық әрекеттерді бастаушыларға;
      3) қоршаған ортаны қорғау мен ұтымды табиғатпайдалану саласындағы мемлекеттік бақылау органдары және мемлекеттік экологиялық сараптама органдары;
      4) экологиялық сараптау органдарына;
үшін арналған.

      3. Бағдарламалардың қоршаған ортаға әсер етуін бағалауды (бұдан былай ҚОӘБ) ұйымдастыру келесі қағидаларда жүзеге асырылады:
      1) Бағдарламалардың ҚОӘБ-ғы шешімдерді құру құралы ретінде пайдалану;
      2) Бағдарламада жосықталған әрекеттер төңірегінде табиғатқорғаулық, экономикалық және басқа да жобалық шешімдерді, қоршаған орта жағдайларының көрсеткіштерін өзара байланыста қарау;
      3) Бағдарламамен жосықталған әрекеттердің міндетті түрде шешімдердің балама варианттарын қарау, бас тартуға дейін - "нөлдік вариант";
      4) ақпараттардың жұртшылық үшін ашық болуы;
      5) Бағдарламамен жосықталған шаруашылық әрекеттерді жүзеге асырудың салдарына тапсырыс берушілердің (бастаушыларының) жауапкершілігі.

      4. Бағдарламалардың ҚОӘБ-ын өткізудің мақсаты болып келесілер табылады:
      1) денсаулықты қоса экологиялық мәністерді әзірленіп жатқан бағдарламаларға енгізуді қамтамасыз ету;
      2) денсаулықты қоса экологиялық талаптарды қарауға қол-ұшын беруді бағдарламалардың әзірлемесіне енгізу;
      3) ҚОӘБ-ды жүргізгенде анық, ашық және тиімді рәсімдер белгіленсін;
      4) Бағдарламаларды жүзеге асыру жөніндегі шешімдерін қабылдауға жұртшылықтың қатысуын қамтамасыз ету;
      5) денсаулықты қоса тұрақты дамуға қол-ұшын беруге арналған экологиялық талаптарды интеграциялау.

      5. Бағдарламалардың ҚОӘБ-ын ширатудың толықтығы, пайдаланылатын материалдардың көлемі, ғылыми-зерттеулік және жобалауды-іздестіру жұмыстарының деңгейі мен толықтығы Бағдарламамен жосықталатын шаруашылық әрекеттердің қоршаған ортаға және адамның денсаулығына әсерінің жиілігіне байланысты болады.

      6. ҚОӘБ-дың процедурасы белгілі аумақтың табиғи жағдайларын ескере отырып, қоршаған ортаға бағдарламаны жүзеге асырудан келуі мүмкін барлық әсерлерді қарастырады, нақты айтқанда: ҚОӘБ-ды өткізу шекаралары, әсер ету объектілері, қоршаған ортаның және оның компоненттерінің (су, ауа, топырақ, жануарлар мен өсімдіктер әлемі, жер қойнауы) болжанатын өзгерістері.
      Бұл үшін:
      1) бағдарламалық ұсыныстардың технологиялық талдауы;
      2) бағдарламаларды жүзеге асырудың мақсаттарын, қаржылары мен мерзімдерін және жайсыз экологиялық салдар мен әлеуметтік тұрғыда болуы мүмкін өзгерістерді есепке ала отыра, оларды қолдану орындарын негіздеу;
      3) мәліметтерді жинақтау мен бағалау, бұл үшін келесі ақпараттар қажет: бағдарламаларды жүзеге асыруға жосықталған аумақтағы қоршаған ортаның нақты жағдайы туралы, бағдарламаны жүзеге асыру кезінде көздерден және әсер ету объектілерінен (үлкендігі, кеңістіктегі формалары мен орналасуы) сандық және сапалық көрсеткіштердің (масштаб, жиілік, тереңдік, мерзім арасы, ұзақтық) сипаттамасы, түрі мен әсер ету деңгейі туралы ақпараттар жинау жүргізіледі.
      Бағдарламалардың ҚОӘБ үлгілік құрамы 1-ші Қосымшада келтірілген.

      7. ҚОӘБ жөніндегі құжаттамаларды әзірлеу және табыс етуді қамтамасыз ету, Бағдарламаға тапсырыс берушіге (бастамашыға) жүктеледі.

      8. Бағдарламаға тапсырыс беруші ҚОӘБ-ды қаржыландыруды, солармен байланысты ізденістер мен зерттеулер жүргізуді қамтамасыз етеді.

      9. Жүргізілетін зерттеулер мен ізденістердің көлемі мемлекеттік экологиялық сараптама органдарымен келісілген ҚОӘБ-ды орындауға арналған техникалық тапсырмамен анықталады.

      10. Қоғамдық көзқарасты ескеру келесi мақсаттарда жүргiзiледi:
      1) мүдделі тараптарды (халықты, қоғамдық экологиялық ұйымдарды) жосықталған әрекеттер;
      2) болуы мүмкін жайсыз экологиялық және солармен байланысты бағдарламаны жүзеге асыру кезіндегі салдарды анықтау мен ескеру;
      3) қажет болған жағдайда құжаттамаларды қоғамдық тыңдаулардың шешімдері негізінде жөнделуін хабардар ету.

      11. Қоғамдық көзқарасты ескеру, келесі енгізілген сұлбада орындалуы керек:
      1) алдын-ала хабарлау;
      2) Бағдарламалардың жобаларында қоғамдық көзқарасты ескеру;
      3) қайталанған хабарды, соның ішінде қоғамдық тыңдаулар арқылы.

      12. Қабылданған шешімдердің нәтижесі жұртшылыққа бұқаралық ақпарат құралдар және халықпен кездесу (қоғамдық тыңдаулар) арқылы жеткізіледі.

      13. Қоғамдық тыңдаулардың нәтижесі төраға мен хатшының қолы қойылған хаттамамен бекітіледі. Хаттамада:
      1) қоғамдық тыңдаулардың орны мен мерзімі;
      2) қатысушылардың саны, олардың жастық және кәсіптік құрамы;
      3) тараптарды тыңдаған кездегі барлық қатысушылардың қаралып жатқан мәселелерге деген көзқарастары;
      4) резюме көрсетілуі керек.

      14. Егер 30 күннің ішінде (немесе ақпараттағы ұсыныстарды жинауға белгіленген мерзім ішінде), БАҚ-на және ақпараттарды жинау пункттеріне қосымша қайтарып алулар мен ұсыныстар түспесе, процесс аяқталған болып есептеледі және деректер мемлекеттік экологиялық сараптамаға тапсырылады.

      15. Қоғамдық көзқарастарды есепке алу жөніндегі әрекеттердің нәтижелері жеке тарауда немесе Бағдарлама деректеріне қосымшада жинақталады. Қоғамдық көзқарастарды есепке алудың нәтижелері бойынша, Бағдарламамен жосықталған шаруашылық әрекеттердің, қоршаған ортаның компоненттеріне және халықтың өмір сүруінің әлеуметтік-экономикалық жағдайларына теріс әсерінің деңгейін азайтуға бағытталған түзетулер енгізіледі.

      16. Бағдарламалардың ҚОӘБ-ын қарау процедурасына жұртшылықтың қатысуының бір формасы, Қазақстан Республикасының "Қоршаған ортаны қорғау" заңының 65-бабы және Қазақстан Республикасының "Экологиялық сараптама жайындағы" заңының 29-32-баптарының ережелеріне сәйкес жүргізілетін, қоғамдық экологиялық сараптама болып табылады.

      17. Егер де Бағдарламада жосықталатын құжаттар, ашықтығы шектелген ақпараттарға жататын болса, тапсырыс беруші деректерді ақпараттардың ашық қағидасына сәйкес дайындайды.

      18. Қоршаған ортаға әсер етуді бақылауды жүргізетін ұйым, тапсырыс берушілердің алдында ҚОӘБ-ды өткізудің нәтижесінде алынған ақпараттардың шындығына, толықтығына және сапасына жауапкершілікте болады.

      19. ҚОӘБ-дың процедураларын, Бағдарламалық шешімдердің дұрыстығын және талаптарды жүзеге асыруды орындау кезіндегі заңнама талаптарының сақталуына бақылауды Қазақстан Республикасының қоршаған ортаны қорғау саласындағы орталық атқарушы органы мен оның аумақтық бөлімшелері жүргізеді.

      20. Бағдарламалардың ҚОӘБ-ын өткізудің мөлшерлік базасы әрекет етіп тұрған мөлшерлер мен ережелермен анықталады және Қазақстан Республикасының қоршаған ортаны қорғау саласындағы орталық атқарушы органымен келісілген ведомстволық мөлшерлік құжаттармен толықтырылады.

      21. Осы ережелерді барлық ұйымдар, меншік формасы мен ведомстволық қарауына және ұйымдық-құқықтық формаларына қарамастан, міндетті түрде орындауға тиісті.

Қазақстан Республикасы Қоршаған  
ортаны қорғау Министрінің 2003 жылғы
9 маусымдағы N 129-п бұйрығымен  
бекітілген экономика салаларын, 
өндірістік күштерді орнықтыру  
сұлбаларын дамытудың мемлекеттік,
салалық және аймақтық бағдарламаларын
әзірлеген кезде жосықталған    
әрекеттердің қоршаған ортаға   
әсер етуін бағалауына қосымша  

Экономика салаларын, өндірістік күштерді орнықтыру
сұлбаларын дамытудың мемлекеттік, салалық және
аймақтық бағдарламаларын әзірлеген кезде
ҚОӘБ-дың үлгілік құрамы

      1. Бағдарламаның мазмұны мен негізгі мақсаттары, осы бағдарламаның басқа бағдарламалармен байланысы туралы мәліметтер.

      2. Қоршаған ортаның қазіргі жағдайы және оның егер бағдарлама жүргізілмейтін болғандағы осы жағдайдың мүмкін болар өзгерісі.

      3. Бағдарлама тарайтын аудандағы қоршаған орта жағдайының сипаттамалары.

      4. Құрамына осы бағдарламаға қатысы бар экологиялық мәселелер.

      5. Қоршаған орта саласындағы мақсаттар, бағдарламаға қатысы бар халықаралық, ұлттық және басқа деңгейлердегі бекітілгендері және олардың осы бағдарламаға қатысы, сонымен қатар осы мақсаттарды есепке алудың тәсілдері.

      6. Мүмкін болар экологиялық зардаптар (қысқа- орта- ұзақмерзімдік; тұрақты және уақытша; оң және теріс; қосымша кумулятивтік; синергетикалық).

      7. Құрамына бағдарламаны жүргізудің нәтижелері болып табылуы мүмкін, қоршаған ортаға кез-келген мәнді зиянды салдарды болдырмау, азайту немесе жеңілдету жөніндегі шаралар.

      8. Қарастырылған балама варианттарды таңдау үшін себептерді қысқаша мазмұндау және техниканың істен шығуы немесе білімдегі ақтаңдақтардың болуы сияқты қиындықтарды енгізілетін ақпараттарда келтіре отыра, өткізілетін бағалаудың жүрісінің жазбасы.

      9. Құрамына бағдарламаны жүргізумен байланысты салдар енгізілген экологиялық моноторинг үшін қарастырылған шаралар.

      10. Құрамына байланысы болуы мүмкін мәнді трансшекаралық экологиялық салдар.

      11. Тапсырылған ақпараттың ауқымды аудиторияға есептелген резюмесі.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады