Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер мен толықтырулар мен енгізу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрінің 2007 жылғы 28 маусымдағы N 1-2/112 Бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2007 жылғы 11 шілдеде Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне N 4797 болып енгізілді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрінің 2011 жылғы 30 желтоқсандағы № 02-02-18/255 бұйрығымен

      Ескерту. Бұйрықтың күші жойылды - ҚР Туризм және спорт министрінің 2011.12.30 № 02-02-18/255 (қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

       Қолданушылардың назарына!!!
      Қаулының қолданысқа енгізілу тәртібін 6-тармақтан қараңыз.

      "Ойын бизнесі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабы 1-тармағы 4) тармақшасына сәйкес және "Сәйкестендіру нөмірлерінің ұлттық тізілімдері туралы" және "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне сәйкестендіру нөмірлерінің ұлттық тізілімдері мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы"
Қазақстан Республикасының Заңдарын іске асыру жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2007 жылғы 14 наурыздағы N 56-ө өкімін іске асыру мақсатында БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігінің "Ойын бизнесі саласындағы қызметпен айналысу құқығына берілетін лицензиялардың тізілімін жүргізу ережесін бекіту туралы" 2007 жылғы 28 ақпандағы N 1-2/35 бұйрығына (Мемлекеттік сатып алу бюллетенінде 31.03.2007ж., N 61 жарияланған, Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тізілімінде N 4576 тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      осы бұйрықпен бекітілген Ойын бизнесі саласындағы  қызметпен айналысу құқығына берілетін лицензиялардың тізілімін жүргізу ережесінде (бұдан әрі - Ереже):
      5-тармақтың 12-абзацында "салық төлеушінің тіркеу нөмірі" деген сөздер "жеке сәйкестендіру нөмірі (ЖСН) немесе бизнес-сәйкестендіру нөмірі (БСН)" деген сөздермен ауыстырылсын;

      көрсетілген Ережеге қосымшада:
      11-бағанның атауындағы "Салық төлеушінің тіркеу нөмірі" деген сөздер "Жеке сәйкестендіру нөмірі (ЖСН) немесе бизнес-сәйкестендіру нөмірі (БСН)" деген сөздермен ауыстырылсын.

      2. Күші жойылды - ҚР Туризм және спорт министрінің 2009.12.14 № 01-01-07/217 (қолданысқа енгізілу тәртібін 6-т. қараңыз) Бұйрығымен.

      3. Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігінің Туризм индустриясы комитеті (Қ.А. Өскенбаев) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігіне мемлекеттік тіркеуден өткізуге жіберсін.

      4. Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігінің Әкімшілік-құқықтық жұмыс департаменті (Ә.Х. Пірметов) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін, оның бұқаралық ақпарат құралдарында ресми
жариялануын қамтамасыз етсін.

      5. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының туризм және спорт вице-министрі Х.Н. Мусинге жүктелсін.

      6. Осы бұйрық мемлекеттік тіркелген сәттен бастап күшіне енеді және осы бұйрықтың 2010 жылғы 13 тамыздан бастап қолданысқа енгізілетін 1-тармағын қоспағанда, 2007 жылғы 9 тамыздан бастап қолданысқа енгізіледі. 

       Министр

Қазақстан Республикасы     
Туризм және спорт министрлігінің
2007 жылғы 28 маусымдағы   
N 1-2/112 бұйрығына қосымша 

Қазақстан Республикасы     
Туризм және спорт министрлігінің
2007 жылғы 28 ақпандағы N 1-2/36 
бұйрығына 1-қосымша      

Ойын бизнесін ұйымдастырушының біліктілік талаптарына
сәйкестігін растайтын құжаттардың тізбесі

      Ескерту. Тізбенің күші жойылды - ҚР Туризм және спорт министрінің 2009.12.14 № 01-01-07/217 (қолданысқа енгізілу тәртібін 6-т. қараңыз) Бұйрығымен.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады