"Әуеайлақтарды сертификаттау, тіркеу пайдалануға жарамдылығы сертификатын және мемлекеттік авиацияның әуеайлақтары үшін тіркеу куәліктерін беру ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2005 жылғы 25 қаңтардағы № 25 бұйрығының күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2012 жылғы 15 ақпандағы № 62 бұйрығы

      "Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы" Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 15 шілдедегі Заңына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
      1. "Әуеайлақтарды сертификаттау, тіркеу, пайдалануға жарамдылығы сертификатын және мемлекеттік авиацияның әуеайлақтары үшін тіркеу куәліктерін беру ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2005 жылғы 25 қаңтардағы № 25 бұйрығының күші жойылды деп танылсын (Қазақстан Республикасының нормативтік-құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2005 жылғы 17 ақпанда № 3444 болып тіркелген).
      2 Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Әуе қорғанысы күштерінің бас қолбасшысы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігіне осы бұйрықтың көшірмесін бір апта мерзімінде белгіленген тәртіппен жолдасын.
      3. Бұйрық лауазымды адамдарға, оларға қатысты бөлігінде жеткізілсін.

                                                      Ә. Жақсыбеков

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады