Қазақстан Республикасы Әділет министрінің кейбір бұйрықтарының күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2012 жылғы 24 ақпандағы № 94 бұйрығы

      "Нормативтік құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 43-1-бабының 1-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
      1. 1) «Қазақстан Республикасында жасалған құпия өнеркәсіптік меншік объектілерімен жұмыс істеу жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2007 жылғы 14 қыркүйектегі № 260 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4976 болып тіркелген, 2007 жылғы 16 қарашадағы № 176 (1205) «Заң газеті» газетінде жарияланған);
      2) "Қазақстан Республикасында жасалған құпия өнеркәсіптік меншік объектілерін пайдалану ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2007 жылғы 14 қыркүйектегі № 260 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Әділет министрінің м.а. 2010 жылғы 23 сәуірдегі № 142а бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6233 болып тіркелген, 2010 жылғы № 15 Қазақстан Республикасының орталық атқарушы және өзге де орталық мемлекеттік органдарының актілер жинағында жарияланған (Тиражға шыққан уақыты 25.11.2010 ж.) күші жойылды деп танылсын.
      2. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Министр                                   Б. Имашев


      "КЕЛІСІЛГЕН"
      Қазақстан Республикасының
      Ауыл шаруашылығы министрі
      А. Мамытбеков
      2012 жылғы

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады