Қазақстан Республикасында жасалған құпия өнеркәсіптік меншік объектілерімен жұмыс істеу жөніндегі нұсқаулығын бекіту туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2007 жылғы 14 қыркүйектегі N 260 Бұйрығы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2007 жылғы 30 қазанда Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне N 4976 болып енгізілді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2012 жылғы 24 ақпандағы N 94 бұйрығымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Әділет министрiнiң 24.02.2012 N 94 бұйрығымен.
      Ескерту. Бұйрықтың тақырыбына өзгерту енгізілді - ҚР Әділет министрiнiң м.а. 2010.04.23 N 142а Бұйрығымен.

      Құпия өнеркәсіптік меншік объектілерін пайдалану саласындағы заңнаманы дамыту және жетілдіру мақсатында БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасында жасалған құпия өнеркәсіптік меншік объектілерімен жұмыс істеу жөніндегі нұсқаулығы бекітілсін.
      Ескерту. 1-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Әділет министрiнiң м.а. 2010.04.23 N 142а Бұйрығымен.

      2. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Зияткерлік меншік құқығы комитеті (М.О. Әйкенов) заңнамада белгіленген тәртіппен осы бұйрықты мемлекеттік тіркеуге ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Әділет вице-министрі М.Б. Бекетаевқа жүктелсін.

      4. Осы бұйрық оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Министр

      Келісілген
      Қазақстан Республикасының
      Ауыл шаруашылығы министрі
      2007 жылғы 26 қыркүйек

      Келісілген
      Қазақстан Республикасының
      Білім және ғылым министрі
      2007 жылғы 20 қыркүйек

      Келісілген
      Қазақстан Республикасының
      Денсаулық сақтау министрі
      2007 жылғы 27 қыркүйек

      Келісілген
      Қазақстан Республикасының
      Индустрия және сауда министрі
      2007 жылғы 21 қыркүйек

      Келісілген
      Қазақстан Республикасының
      Көлік және коммуникация министрі
      2007 жылғы 24 қыркүйек

      Келісілген
      Қазақстан Республикасының
      Қаржы министрі
      2007 жылғы

      Келісілген
      Қазақстан Республикасының
      Қорғаныс министрі
      2007 жылғы

      Келісілген
      Қазақстан Республикасының
      Қоршаған ортаны қорғау министрі
      2007 жылғы 26 қыркүйек

      Келісілген
      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі Кеңсесінің жетекшісі
      2007 жылғы

      Келісілген
      Қазақстан Республикасының
      Төтенше жағдайлар жөніндегі министрі
      2007 жылғы

      Келісілген
      Қазақстан Республикасы
      Ұлттық ғарыш агенттігінің төрағасы
      2007 жылғы

      Келісілген
      Қазақстан Республикасы
      Ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы
      2007 жылғы 1 қазан

      Келісілген
      Қазақстан Республикасының
      Ішкі істер министрі
      2007 жылғы 19 қыркүйек

      Келісілген
      Қазақстан Республикасының
      Экономика және бюджеттік
      жоспарлау министрі
      2007 жылғы 3 қазан

      Келісілген
      Қазақстан Республикасының
      Энергетика және минералдық
      ресурстар министрі
      2007 жылғы 17 қыркүйек

      Келісілген
      Қазақстан Республикасының
      Ұлттық ғарыш агенттігі төрағасының м.а.
      2007 жылғы 18 қыркүйек

      Келісілген
      Қазақстан Республикасы
      Төтенше жағдайлар жөніндегі министрінің м.а.
      2007 жылғы 24 қыркүйек

Қазақстан Республикасы Әділет 
министрінің 2007 жылғы    
14 қыркүйектегі N 260 бұйрығымен
бекітілген         

      Ескерту. Ереженің тақырыбы және бүкіл мәтін бойынша «объектілерін пайдалану ережесі», «бұдан әрі - Ереже», «айқындайды», «Ережеде», «Ережелерге», «Ереженің» деген сөздер тиісінше «объектілерімен жұмыс істеу жөніндегі нұсқаулығы», «бұдан әрі - Нұсқаулық», «нақтылайды», «Нұсқаулықта», «Нұсқаулыққа», «Нұсқаулықтың» деген сөздермен ауыстырылды - ҚР Әділет министрiнiң м.а. 2010.04.23 N 142а Бұйрығымен.

Қазақстан Республикасында жасалған құпия өнеркәсіптік
меншік объектілерімен жұмыс істеу жөніндегі нұсқаулығы

1 тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Қазақстан Республикасында жасалған Құпия өнеркәсіптік меншік объектілерімен жұмыс істеу жөніндегі нұсқаулығы (бұдан әрі - Нұсқаулық) Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 15 наурыздағы "Мемлекеттік құпиялар туралы" Заңы (бұдан әрі - Мемлекеттік құпиялар туралы заң) мен Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 16 шілдедегі "Патент заңы" Заңына (бұдан әрі - Патент заңы) сәйкес әзірленген және құпия өнеркәсіптік меншік объектілеріне өтінім берудің, оны қараудың және оларға қорғау құжаттарын берудің, құпия өнеркәсіптік меншік объектілерінің құпиялық дәрежесін және құпиясыздандыруды өзгертудің, құпия өнеркәсіптік меншік объектілерін пайдаланудың, сондай-ақ мемлекеттің ұлттық қауіпсіздік мүддесінде өнімдер әзірлеу мен өндіру (бұдан әрі - арнаулы өнім) кезінде құпия өнеркәсіптік меншік объектілерін пайдалану мәселелерінің тәртібі мен шарттарын нақтылайды.

      2. Құпия өнеркәсіптік меншік объектілері Қазақстан Республикасы Президентінің 2000 жылғы 13 сәуірдегі N 371 Жарлығымен бекітілген Мемлекеттік органдардың мәліметтерді Қазақстан Республикасының мемлекеттік құпияларына жатқызу жөніндегі өкілеттік берілген лауазымды тұлғаларының тізбесіне сәйкес мемлекеттік органдармен әзірленіп, қабылданған мемлекеттік орган басшыларымен құпияланатын ведомстволық мәліметтер Тізбесі негізінде Мемлекеттік құпиялар туралы заңына сәйкес құпияландырылады.
      Осы Нұсқаулықта мемлекетпен құпия деп танылған өнеркәсіптік меншік объектілері (өнертабыстар, пайдалы модельдер және өнеркәсіп үлгілері) құпия өнеркәсіптік меншік объектісі болып есептеледі.
      Құпия өнеркәсіптік меншік объектілерін мемлекеттік құпияны сақтаумен байланысты емес коммерциялық құпияны немесе басқа да пиғылмен сақтау мақсатында құпияландыруға жол берілмейді.

2 тарау. Құпия өнеркәсіптік меншік объектілеріне
қорғау құжаттарын беруге өтінімді беру және қарау

      3. Шамаланған құпия өнеркәсіптік меншік объектісіне өтінім тиісті мемлекеттік органдарына немесе өнертабыстарды, пайдалы модельдерді және өнеркәсіп үлгілерін қорғау саласындағы уәкілетті мемлекеттік органның сараптама жасау ұйымына беріледі және Патент заңы мен аталмыш Нұсқаулықтарға сәйкес қаралады.

      4. "Аса маңызды", "өте құпия" немесе "құпия" құпиялық дәрежесі белгіленген, сондай-ақ Қазақстан Республикасының мемлекеттік құпияларына жататын әскери саладағы, экономика, ғылым және техника саласындағы, сыртқы саясат және сыртқы экономика салаларындағы, барлау, қарсы барлау, жедел-іздестіру және өзге де қызметтер саласындағы мәліметтерге жататын құпия өнеркәсіптік меншік объектісіне қорғау құжатын беруге өтінім олардың салалық тиесілілігіне байланысты тиісті мемлекеттік органдарға қарауға беріледі.

      5. Құпия өнеркәсіптік меншік объектілеріне қорғау құжаттарын беруге сараптама ұйымына түскен өтінім, мемлекеттік органдар бекіткен Мемлекеттік құпияны құрайтын ведомстволық мәліметтер тізіміне сәйкес мемлекеттік құпияға жатқызылуы мүмкін мәліметтердің бар болуына қарастырылады. Егер өтінімде мемлекеттік құпия болуы мүмкін мәліметтер бар екендігі белгіленсе, онда құпия өнеркәсіптік меншік объектісіне қорғау құжатын беруге өтінім Мемлекеттік құпиялар туралы заңында белгіленген тәртіппен тиісті мемлекеттік органға түпкілікті құпиялық дәрежесін анықтау үшін жіберіледі.

      6. Сараптама жасау ұйымына түскен өнеркәсіптік меншік объектілеріне өтінім бірнеше мемлекеттік органдардың қызмет ету аясына жататын болса, оны құпияландырудың негіздемесін қарау мен олардың құпиялық дәрежесін белгілеу үшін осы органдар құпия өнеркәсіптік меншік объектілері бойынша ведомствоаралық комиссия құрады. Комиссия өтінім түскен күннен бастап 30 (отыз) күннің ішінде, осы өнеркәсіптік меншік объектісін құпияландырудың негіздемесін қарауды жүргізетін және қарайтын мемлекеттік органды анықтайды. Бұл жағдайда қарау мерзімі ведомствоаралық комиссияның жұмысы уақытына қарай созылады.
      Өтінімді құпияландыру туралы шешім қабылданған жағдайда, өтініш берушіге тиісті хабарлама жіберіледі.
      Шетел азаматтары немесе шетелдік заңды тұлғалар берген құпия өнеркәсіптік меншік объектісіне қорғау құжатын беруге өтінім қаралмайды.

      7. Құпия өнеркәсіптік меншік объектісіне қорғау құжатын беруге өтінімді автор, жұмыс беруші немесе олардың заңды мұрагерлері (бұдан әрі - өтініш беруші) береді. Өтініш беруші мен өтініш беруші болып табылмайтын автор арасындағы өзара қарым-қатынас өздерінің келісімдерімен анықталады. Жұмыс беруші мен жұмыс берушіден нақты тапсырма алған немесе қызметтік міндеттерін орындау кезінде жасалған құпия өнеркәсіптік меншік объектілерінің авторы арасындағы қарым-қатынас Патент заңымен, Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1994 жылғы 11 тамыздағы N 896 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасында жасалған қызметтік өнертабыстар, пайдалы модельдер мен өнеркәсіп үлгілері жөніндегі ережемен және Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасында құпиялық режимін қамтамасыз ету бойынша нұсқаулықпен реттеледі.
      Құпиялық дәрежесі белгіленген арнаулы өнімді әзірлеу мен өндіруге келісімдерді орындаушы жеке және заңды тұлғалар, осындай өнімге қорғау құжатын беруге, құпиялық дәрежесі белгіленген өнертабыстардың негіздемесімен және оларды қайта қарау мерзімдерімен қоса берілген өтінімді, өтініш берушінің мемлекеттік құпияларды қорғау бөлімшелері арқылы береді.
      Арнаулы өнімді әзірлеу мен өндіруге келісімдерді орындаумен байланысты емес жеке және заңды тұлғалар, егер оны ашық жариялағанда ұлттық қауіпсіздікке нұқсан келтіретін мәліметтердің бар болуы мүмкін болса, осындай мәліметтер бар құпия өнеркәсіптік меншік объектілеріне өтінімді жұмыс немесе қызмет орны бойынша мемлекеттік құпияларды қорғау бөлімшелері арқылы құпия поштамен, ал мұндай мүмкіндік жоқ болған жағдайда - тұрғылықты жері немесе орналасқан жері бойынша жергілікті мемлекеттік органдар арқылы жібереді. Бұл жағдайда өтінім сараптама жасау ұйымына беріледі және өтініш берушінің құпия өнеркәсіптік меншік объектісін құпияландыру жөніндегі өтініші де қоса беріледі.

      8. Құпия өнеркәсіптік меншік объектісіне қорғау құжатын алу құқығы осы Нұсқаулықтың 7-тармағына сәйкес өтінімді беруге құқығы бар тұлғаға тиесілі.

      9. Шамаланған құпия өнеркәсіптік меншік объектісі өтініміне қатысты, аталмыш құпия өнеркәсіптік меншік объектісі қызмет аясына кіретін мемлекеттік органға келіп түссе, оны құпияландыру негіздемесіне қарау жүргізіледі және құпиялық дәрежесі белгіленеді, ол өтінім түскен күннен үш ай ішінде бітуі тиіс.

      10. Егер ұсынылған өнеркәсіптік меншік объектісін құпияландыруға негіздің жеткіліксіз екендігі белгіленсе, өтініш берушіге құпиялық дәрежесінің төмендегендігі туралы, құпиясыздандыру немесе ұсынылған шешімнің мәніне жатпайтын өтінім материалдарынан құпия мәліметтерді алып тастау туралы дәлелді қорытынды жіберіледі. Егер өтініш беруші осындай қорытындыны алған күннен екі ай ішінде құпиялық дәрежесін төмендетпесе, құпиясыздандырмаса, ұсынылған объектінің мәніне жатпайтын өтінім материалдарынан құпия мәліметтерді алып тастамаса немесе көрсетілген мерзімді ұзарту туралы дәлелді өтініш жасамаса, онда өтініш берушіге дәлелді түрде өтінімнің қабылданбағандығы жөнінде хабарлама жіберіледі.

      11. Құпияландыру қажеттігі расталған құпия өнеркәсіптік меншік объектісіне қорғау құжатын беруге келіп түскен өтінім бойынша сараптама Патент заңына сәйкес белгіленген тәртіппен құпиялық дәрежесін растаған мемлекеттік орган жүргізеді. Бұл ретте өтінім берілген күнді және басымдылықты, қорғау қабілеттілігі өлшемдерінің шарттарын, сараптама жасау тәртібін анықтауға қатысты құпия емес өнеркәсіптік меншік объектілеріне өтінімге жасалатын сараптама жүргізу бойынша нормативтік құқықтық актілердің талаптары қолданылады.

      12. Құпия өнеркәсіптік меншік объектісіне қорғау құжатын беруден бас тарту туралы сараптама шешіміне қарсылық сараптама жүргізілген жерде қаралады. Аталған қарсылықтар бойынша қабылданған соңғы шешімдер Патент заңының нормаларына сәйкес шағымдануы мүмкін
      Ескерту. 12-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Әділет министрiнiң м.а. 2010.04.23 N 142а Бұйрығымен.

3 тарау. Құпия өнеркәсіптік меншік объектісіне
патент беру

      13. Құпия өнеркәсіптік меншік объектісіне қорғау құжатын беру жөнінде шешім қабылдаған мемлекеттік орган, өнертабыстарды, пайдалы модельдерді және өнеркәсіп үлгілерін қорғау саласындағы уәкілетті органға осындай шешім қабылдағаны туралы хабарлама жібереді.

      14. Құпия өнеркәсіптік меншік объектісіне қорғау құжатын беруді өнертабыстарды, пайдалы модельдерді және өнеркәсіп үлгілерін қорғау саласындағы уәкілетті орган жүзеге асырады.

      Құпия өнеркәсіптік меншік объектісіне берілген қорғау құжаттары туралы мәліметтер жарияланбайды. Құпия өнеркәсіптік меншік объектісіне берілген қорғау құжаттары туралы мәліметтерді беру Мемлекеттік құпиялар туралы заңына сәйкес жүзеге асырылады.

      15. Құпия өнеркәсіптік меншік объектісіне берілген қорғау құжаты өнертабысқа авторлықты, басымдықты және оларды пайдалану құқығын куәландырады.
      Қорғау құжаты құпия өнеркәсіптік меншік объектісін құпияландыру мерзімі ішінде, бірақ құпия емес өнеркәсіптік меншік объектісін қорғау құжатының қолданыстағы белгіленген мерзімінен аспайтын уақытқа қолданылады.

      16. Құпия өнеркәсіптік меншік объектісіне берілген қорғау құжатын өнеркәсіптік меншік объектісін құпияландыру туралы шешім қабылдаған мемлекеттік орган ғана жарамсыз деп тани алады.
      Өнеркәсіптік меншік объектісін құпияландыру жөніндегі заңсыз әрекеттер туралы даулар сот тәртібімен қаралады.

4 тарау. Өнеркәсіптік меншік объектісінің құпиялық
дәрежесін өзгерту және құпиясыздандыру

      17. Өнеркәсіптік меншік объектісінің құпиялық дәрежесін өзгерту және құпиясыздандыру, сондай-ақ құпия өнеркәсіптік меншік объектісіне берілген қорғау құжаттарының өтінім құжаттарынан құпиялық белгісін алып тастау немесе оларды өзгерту, Мемлекеттік құпиялар туралы заңында белгіленген тәртіппен жүзеге асырылады. Құпияландыру қажеттігін растаған мемлекеттік органның өнеркәсіптік меншік объектісінің белгіленген құпиялылық дәрежесінің сақталуы қажеттігін қарау бес жылда кемінде бір рет жүргізіледі. Мұндай қарау өтінім берушінің немесе патент иесінің бастамашылығы бойынша да жүргізілуі мүмкін.

      18. Құпиясыздандыру туралы шешімді қажет болғанда өтініш беруші немесе патент иесінің қатысуымен мемлекеттік орган қабылдайды. Арнайы өнімді әзірлеу мен өндіруге арналған келісімдерді орындау кезінде жасалған құпия өнеркәсіптік меншік объектілері бойынша құпиясыздандыру туралы шешім осы өнімге тапсырыс берушімен келісіледі.
      Өнеркәсіптік меншік объектісін құпиясыздандыру кезінде құпия өнеркәсіптік меншік объектісіне қорғау құжатын беру туралы шешім қабылдаған мемлекеттік орган өзінде бар құпиясызданған құпия өнеркәсіптік меншік объектісінің өтінім материалдарын өнертабыстарды, пайдалы модельдерді және өнеркәсіп үлгілерін қорғау саласындағы уәкілетті органға тапсырады. Құпиясыздандыру кезінде іс жүргізуді өнертабыстарды, пайдалы модельдерді және өнеркәсіп үлгілерін қорғау саласындағы уәкілетті орган аяқтамаған өтінімді әрі қарай қарауды сараптама жасау ұйымы жүзеге асырады.
      Құпиясыздандыру туралы шешім өтінім берушіге немесе патент иесіне хабарланып, сараптама жасау ұйымының ресми бюллетенінде жарияланады.

      19. Құпиясызданған өнеркәсіптік меншік объектісіне өтінім беруші немесе патент иесі құпиясызданған күннен бастап бір жыл ішінде сараптама жасау ұйымына оның қолданылуының қалған мерзімінде белгіленген көлемде қарау бойынша әрекеттерді төлеп, құпия емес өнеркәсіптік меншік объектілері үшін заңда көзделген қорғау құжатын беру туралы өтініш жасай алады.
      Өтінішті беру мерзімі өтінім берушінің немесе патент иесінің дәлелді өтініші бойынша пайдалы модельдерді және өнеркәсіп үлгілерін қорғау саласындағы уәкілетті органмен ұзартылуы мүмкін, бірақ бұл екі айдан аспайды. Белгіленген мерзімді бұзып келіп түскен өтініш қаралуға қабылданбайды.
      Сараптама жасау ұйымы құпиясынданған өнеркәсіптік меншік объектісінің өтінім материалдарын, олар бойынша бұдан бұрын мемлекеттік орган жүргізген сараптамаларды ескере отырып қарайды.

      20. Құпиясызданған өнеркәсіптік меншік объектісіне қорғау құжатын беру құпия өнеркәсіптік меншік объектісіне қорғау құжатын беруге бастапқы берілген өтінім бойынша белгіленген басымдығы сақталына отырып, Патент заңына сәйкес жүргізіледі.
      Құпиясызданған өнеркәсіптік меншік объектісіне арналған қорғау құжатының қолданылу мерзімі құпия өнеркәсіптік меншік объектісіне қорғау құжатын беруге бастапқы өтінімнің берілген күнінен бастап есептеледі.
      Құпиясызданған өнеркәсіптік меншік объектісіне берілген қорғау құжаты Патент заңының 5-бабының 3-тармағына сәйкес қолданыста болады.

5 тарау. Құпия өнеркәсіптік меншік объектісін
пайдалануға құқық беру және пайдалану

      21. Құпия өнеркәсіптік меншік объектісін пайдалану құқығы патент иесіне, сондай-ақ бұл құқық өздеріне заңды негізде көшкен адамдарға тиесілі.
      Арнаулы өнімді әзірлеу мен өндіруге арналған келісімдерді орындау кезінде жасалған құпия өнеркәсіптік меншік объектілерін пайдалану құқығы, егер келісімдерде өзгеше көзделмесе, патент иесіне тиесілі.

      22. Басқа адамдарға құпия өнеркәсіптік меншік объектісіне қорғау құжатын беру және құпия өнеркәсіптік меншік объектісін пайдалану құқығын ұсыну Мемлекеттік құпиялар туралы заңын сақтай отырып, келісім негізінде жүзеге асырылады.

      23. Құпия өнеркәсіптік меншік объектісін пайдалануға лицензиялық келісім және құпия өнеркәсіптік меншік объектісіне қорғау құжатын беру келісімі жазбаша түрде жасалады және өнертабыстарды, пайдалы модельдері мен өнеркәсіп үлгілерін қорғау саласындағы уәкілетті органында тіркеуге жатады. Жазбаша түрде жасалмаған немесе тіркеу туралы талапты сақтамаған келісім заңсыз болып табылады.

      24. Патент иесі өзінің арнайы өніммен байланысты емес өндірісінде пайдалану және оларға үшінші тұлғаларға арнайы өнімді өндіру мен әзірлеу келісімін орындау кезінде жасалған құпия өнеркәсіптік меншік объектілерін пайдалану құқығын беру, егер келісімде басқа қарастырылмаса, осы өнімді өндіру мен әзірлеуге тапсырыс берушінің рұқсатымен жүргізіледі.

      25. Егер патент иесімен құпия өнеркәсіптік меншік объектісіне қорғау құжатын пайдалану туралы келісімге қол жеткізе алмаса, Қазақстан Республикасының Үкіметі ұлттық қауіпсіздік мүддесі үшін патент иесінің рұқсатынсыз басқа тұлғаға құпия өнеркәсіптік меншік объектісін пайдалануға рұқсат беруі мүмкін.

      26. Құпия өнеркәсіптік меншік объектісіне өтінімді беру мен қарауға байланысты заңды маңызы бар әрекеттер үшін мемлекеттік баж және Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес тиісті ақы алынады.
      Қорғау құжатын беруге және оны күшінде ұстау үшін ақы және мемлекеттік баж алынбайды.
      Ескерту. 26-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Әділет министрiнiң м.а. 2010.04.23 N 142а Бұйрығымен

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады