Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің кейбір күші жойылған бұйрықтарынын тізілімі

Жаңа

Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2012 жылғы 9 қаңтардағы № 6 бұйрығы.

      «Нормативтік құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы Заңының 21-1-бабына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
      1. Осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің кейбір бұйрықтарының күші жойылды деп танылсын.
      2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Салық комитеті (Д.Е. Ерғожин) осы бұйрық күшіне енген күнінен бастап бір апталық мерзімде бұйрықтың қөшірмесін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігіне және ресми баспа басылымдарына жіберсін.
      3. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

      Министр                                    Б. Жәмішев

Қазақстан Республикасы
Қаржы министрінің
2012 жылғы 9 қаңтардағы
№ 6 бұйрығына  
қосымша     

Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің кейбір күші
жойылған бұйрықтарының тізілімі

      1. «Мәмілелер мониторингін жүзеге асыру ережелерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің 2009 жылғы 12 ақпандағы № 62 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5589 тіркелді; «Заң газеті» газетінің 2009 жылғы 10 сәуірінде № 53 (1476) жарияланды);
      2. «Мәмілелер мониторингін жүзеге асыру ережелерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2009 жылғы 12 ақпандағы № 62 бұйрығына толықтырулар және өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2011 жылғы 9 маусымдағы № 299 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7057 тіркелді; «Заң газеті» газетінің 2011 жылғы 4 тамызында № 111 (1927) жарияланды);
      3. «Трансферттік баға белгілеуді қолдану бойынша Келісім жасасу Ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2009 жылғы 12 ақпандағы № 63 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5584 тіркелді; «Заң газеті» газетінің 2009 жылғы 3 сәуірдегі № 49 (1472) жарияланды);
      4. «Трансферттік баға белгілеуді қолдану бойынша Келісім жасасу Ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2009 жылғы 12 ақпандағы № 63 бұйрығына өзгерістер және толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің м.а. 2010 жылғы 24 желтоқсандағы № 649 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6749 тіркелді; «Егемен Қазақстан» газетінің 2011 жылғы 10 наурызында № 72-75 (26477) жарияланды).

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады