Мәмілелер мониторингін жүзеге асыру ережелерін бекіту туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің 2009 жылғы 12 ақпандағы N 62 Бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2009 жылғы 12 наурызда Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне N 5589 болып енгізілді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2012 жылғы 9 қаңтардағы № 6 бұйрығымен

      Ескерту. Бұйрықтың күші жойылды - ҚР Қаржы министрінің 2012.01.09 № 6 (қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді) бұйрығымен.

      "Трансферттік баға белгілеу туралы" 2008 жылғы 5 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабы 4-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
      1. Қоса беріліп отырған Мәмілелер мониторингін жүзеге асыру ережелері бекітілсін.
      2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Салық комитеті (Д.Е. Ерғожин) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді және оны кейіннен бұқаралық ақпарат құралдарында жариялауды қамтамасыз етсін.
      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Салық комитеті Төрағасына (Д.Е. Ерғожин) және Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Кедендік бақылау комитеті Төрағасына (Қ-К.Ж. Кәрбозов) жүктелсін.
      4. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күннен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Министр                                      Б. Жәмішев

Қазақстан Республикасы 
Қаржы министрінің   
2009 жылғы 12 ақпандағы 
N 62 бұйрығымен бекітілген

Мәмілелер мониторингін жүзеге асыру ережелері 1. Жалпы ережелер

       1. Осы Мәмілелер мониторингін жүзеге асыру ережелері ( бұдан әрі - Ереже) «Трансферттік баға белгілеу туралы» 2008 жылғы 5 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі - Заң) 6 және 7-баптарына сәйкес әзірленген және мәмілеге қатысушының мәміле мониторингі бойынша есептілік нысандарын толтыруы және оларды уәкілетті органдарға тапсыру тәртібін, сондай-ақ мәмілеге қатысушылардың, оның ішінде мәміле мониторингіне жатпайтын тауарлармен мәмілені жүзеге асыратындардың мәміле мониторингі бойынша құжаттама жүргізуі тәртібін айқындайды.
      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Қаржы министрінің 2011.06.09 № 299 (алғаш ресми жарияланған күннен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Бұйрығымен.
      2. Мәмілелер мониторингі уәкілетті органдармен мәмілеге қатысушылар қолданатын бағаларға бақылау жүргізу жолымен және Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Кодексінің (Салық кодексі) 623-бабына сәйкес мониторингке жататын салық төлеушілерден Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 12 наурыздағы № 293 қаулысымен бекітілген халықаралық іскерлік операциялары мәмілелер мониторингіне жататын тауарлар (жұмыстар, қызметтер) тізбесіне сәйкес.
      Ескерту. 2-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Қаржы министрінің 2011.06.09 № 299 (алғаш ресми жарияланған күннен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Бұйрығымен.      
      3. «Тауарлар (жұмыстар, қызмет көрсетулер) эксперты» және «Тауарлар (жұмыстар, қызмет көрсетулер) импорты» мәмілелер мониторингі бойынша толтырылған есептілік нысандары Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Салық комитетіне (бұдан әрі - Салық комитеті) осы Ереженің 13-тармағында көрсетілген мерзімге сәйкес қағаз тасығышта растай отырып, электронды түрде Excel пішінінде тапсырылады.
      Мәмілеге қатысушылар қағаз тасығышта тапсыратын «Тауарлар (жұмыстар, қызмет көрсетулер) экспорты» және «Тауарлар (жұмыстар, қызмет көрсетулер) импорты» мәмілелер мониторингі бойынша есептілікке басшы және бас бухгалтер қол қояды, сондай-ақ мөрмен куәландырылады.
      Ескерту. 3-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Қаржы министрінің 2011.06.09 № 299 (алғаш ресми жарияланған күннен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Бұйрығымен.
      4. Мәмілелер мониторингі бойынша есептілік тиісті бағдарламалық қамтамасыз ету енгізілгеннен кейін мәмілеге қатысушы деректерді беру жүйесі арқылы ұсынылады.
      Ескерту. 4-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Қаржы министрінің 2011.06.09 № 299 (алғаш ресми жарияланған күннен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Бұйрығымен.
      5. Салық комитеті бағдарламалық қамтамасыз етуді енгізу сәтінен бастап бес күнтізбелік күн ішінде мәмілеге қатысушыларды мәмілелер мониторингі бойынша есептілікті тапсыруға қажетті бағдарламалық қамтамасыз етуді енгізу туралы тиісті ақпаратты www.salyk.kz порталында жариялайды.
      Ескерту. 5-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Қаржы министрінің 2011.06.09 № 299 (алғаш ресми жарияланған күннен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Бұйрығымен.
      6. Деректер қоры осы Ережеге 1 және 2-қосымшаларға сәйкес «Тауарлар (жұмыстар, қызмет көрсетулер) экспорты» және «Тауарлар (жұмыстар, қызмет көрсетулер) импорты» мәмілелер мониторингі бойынша есептілік нысандары бойынша жасалатын мәмілелер мониторингі бойынша есептіліктің негізінде қалыптастырылады.
      Ескерту. 6-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Қаржы министрінің 2011.06.09 № 299 (алғаш ресми жарияланған күннен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Бұйрығымен.
      7. Мәмілелер мониторингі бойынша бағдарламалық қамтамасыз ету есептілігінің нысандарын толтыру мәмілеге қатысушылардың есептілігінің толтырылған нысандарын бір тұтас стандартта жазылған, бір тектес файлдарға келтіру қызметін орындайды.
      Ескерту. 7-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Қаржы министрінің 2011.06.09 № 299 (алғаш ресми жарияланған күннен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Бұйрығымен.
      8. Деректерді берудің электрондық жүйесі, деректер қорына дейін белгіленген стандарттағы файлдар түрінде мәмілелер мониторингі бойынша есептіліктің толтырылған нысандарын жеткізу әдісін білдіреді.
      Ескерту. 8-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Қаржы министрінің 2011.06.09 № 299 (алғаш ресми жарияланған күннен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Бұйрығымен.
      9. Мәмілелер мониторингі бойынша есептілікті нысандары мен оларды толтыру бойынша бағдарламалық қамтамасыз ету Салық комитетінің www.salyk.kz порталында орналастырылады.
      Ескерту. 9-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Қаржы министрінің 2011.06.09 № 299 (алғаш ресми жарияланған күннен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Бұйрығымен.
      10. Егер мәмілелер мониторингі бойынша есептіліктің нысандарын тапсыру мерзімінің соңғы күні жұмыс емес күнге келіп түссе, тапсыру мерзімі келесі жұмыс күні болып табылады.
      11. Осы Ереженің 2-тармағында айқындалған мәмілеге қатысушыларда есепті кезеңде халықаралық іскерлік операциялары болмаған кезде «Тауарлар (жұмыстар, қызмет көрсетулер) экспорты» және «Тауарлар (жұмыстар, қызмет көрсетулер) импорты» мәмілелер мониторингі бойынша мұндай мәмілеге қатысушылар есептілік нысандарын тиісті бағандары толтырмай Салық комитетіне тапсырады.
      Ескерту. 11-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Қаржы министрінің 2011.06.09 № 299 (алғаш ресми жарияланған күннен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Бұйрығымен.

2. Уәкілетті органдардың мәмілелер мониторингін
жүзеге асыру тәртібі

      12. Салық қызметінің органдары Заңның 6-бабына сәйкес тауарлар (жұмыстар, қызмет көрсетулер) бойынша халықаралық іскерлік операциялардың мәмілелер мониторингін жүзеге асырады.
      13. Халықаралық іскерлік операциялары мәмілелер мониторингіне жататын тауарлар (жұмыстар, қызмет көрсетулер) бойынша мәмілеге қатысушылар мәмілелер мониторингі бойынша есептілікті Салық комитетіне есептіден кейінгі жылдың 15 мамырынан кешіктірмей осы Ереженің 3-тарауында айқындалған тәртіп пен нысандарға сәйкес тапсырады. Есепті кезең күнтізбелік жыл болып табылады.
      Корпоративтік табыс салығы бойынша салық есептілігін тапсыру мерзімі ұзартылған жағдайда мәміле мониторингі бойынша есептілікті тапсыру мерзімі аталған корпоративтік табыс салығы бойынша салық есептілігін тапсыру мерзіміне дейін созылады.
      Ескерту. 13-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Қаржы министрінің 2011.06.09 № 299 (алғаш ресми жарияланған күннен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Бұйрығымен.
      14. Салық комитеті қажет болған жағдайда мәмілеге қатысушыдан мәмілелер мониторингі бойынша тапсырылған есептілік нысандары бойынша шифрын шешуге (куәландыратын құжаттарға) сауал салады.
      15. Мәмілеге қатысушы Салық комитетіне шифрын шешуді (растайтын құжаттарды) сұрау салуды алған сәттен бастап отыз күнтізбелік күн ішінде тапсырады.
      Ескерту. 15-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Қаржы министрінің 2011.06.09 № 299 (алғаш ресми жарияланған күннен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Бұйрығымен.
      16. <*>
      Ескерту. 16-тармақ алынып тасталды - ҚР Қаржы министрінің 2011.06.09 № 299 (алғаш ресми жарияланған күннен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Бұйрығымен.
      17. Мәмілелер мониторингі нәтижесінде мәміле бағасының нарық бағасынан ауытқуы анықталған жағдайда уәкілетті органдар мәмілеге қатысушыға қолданылатын бағаны растайтын ақпарат тапсыру үшін мәміле бағасының нарық бағасынан ауытқуының бары туралы және (немесе) салық салу объектілеріне, сондай-ақ салық салуға байланысты объектілерге өзі дербес түзету жасауы туралы хат жібереді.
      Ескерту. 17-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Қаржы министрінің 2011.06.09 № 299 (алғаш ресми жарияланған күннен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Бұйрығымен.
      18. Мәмілеге қатысушылар мәмілелер мониторингі бойынша тапсырған есептілікке түзетулерді мәмілелер мониторингі бойынша есептілікті тапсырудың белгілеген мерзімі күнінен алты ай ішінде енгізуге құқы бар.

3. Мәмілелер мониторингі бойынша есептілік нысандарын толтырудың тәртібі.

      Ескерту. 3-тараудың атауы жаңа редакцияда - ҚР Қаржы министрінің 2011.06.09 № 299 (алғаш ресми жарияланған күннен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Бұйрығымен.

      19. «Тауарлар (жұмыстар, қызмет көрсетулер) экспорты мәмілелер мониторингі бойынша есептілік» нысаны төлеу уақытына қарамастан, экспортқа өткізумен байланысты тауарды тиелуіне, жұмыстарды орындалуына, қызметтерді көрсетілуіне қарай толтырылады.
      «N» 1-бағанда рет бойынша нөмірі көрсетіледі. Одан кейінгі ақпарат рет бойынша нөмірлеуді үзбеуі тиіс.
      «СТН» 2-бағанда жөнелтуші салық төлеушінің тіркеу нөмірі көрсетіледі. Баған есептілік 2012 жылдың 1 қаңтарына дейін тапсырылған кезде міндетті түрде толтыруға жатады.
      «ЖСН (БСН)» 2-1-бағанда жөнелтуші салық төлеушінің жеке сәйкестендіру (бизнес сәйкестендіру) нөмірі көрсетіледі. Баған есептілік 2012 жылдың 1 қаңтарынан бастап тапсырылған кезде міндетті түрде толтыруға жатады.
      «Жіберушінің (экспорттаушының) атауы» 3-бағанда заңды тұлғаның (жөнелтушінің) толық атауы оны ұйымдастырушылық-құқықтық нысанын нұсқаумен көрсетіледі.
      «Салық кезеңі» 4-бағанда мәмілелер мониторингі бойынша есептілік тапсырылатын кезеңде көрсетіледі.
      «Тауарларға декларацияның (Өтініштің) күні» және «Тауарларға декларацияның (Өтініштің) № 5 және 6-бағандарында тауарларға декларацияның күні мен нөмірі немесе Тауарларды әкелу және жанама салықтарды төлеу туралы өтініштің (бұдан әрі - Өтініш) күні мен нөмірі көрсетіледі. Бұл ретте Өтініштің күні мен нөмірі кеден одағына мүше мемлекеттермен сыртқы экономикалық қызмет жасасқан жағдайда көрсетіледі.
      «КО СЭҚ ТН коды» 7-бағанда кеден одағының Сыртқы экономикалық қызметінің тауарлық номенклатурасының коды көрсетіледі.
      «Тауардың (жұмыстың, қызмет көрсетудің) атауы» 8-бағанда экспортталатын тауарлардың (жұмыстардың, қызметтер көрсетулердің) атауы көрсетіледі.
      «Тауардың (жұмыстың, қызмет көрсетудің) сапалық сипаттары» 9-бағанда осындай шарттардың бар болған жағдайында тауардың (жұмыстың, қызмет көрсетудің) сапасы көрсетіледі.
      Тауардың (жұмыстың, қызмет көрсетудің) сапасы тауардың (жұмыстың, қызмет көрсетудің) сапа сертификатында көрсетілген қасиеттерінің, сипаттамасының жиынтығы және олардың мақсаттылығына сәйкес нақтылы қажеттіктерді қанағаттандыруға оларды жарамдылығына негізделгенін білдіреді. Қасиеті - тауарды (жұмысты, қызмет көрсетуді) құру, бағалау, сақтау және тұтыну (пайдалану) кезінде көрсетілетін объективті ерекшелігі. Сапа көрсеткіші - тауар (жұмыс, қызмет көрсету) қасиеттерінің сандық және сапалық көрсетілімі. Сапа көрсеткіші физикалық немесе физикалық емес шамалар болып табылады. Физикалық шамалар (ұзындық, салмақ, тығыздық және тағы басқалар) санмен және сапамен өлшене алады. Көрсеткіштің атауы тауарының сапалық сипаттамасын көрсете алады (мысалы, шырындағы қантты салмақтық үлесі, мақта жібінің ұзындығы). Жеке көрсеткіштер - тауардың қарапайым қасиеттерін білдіруге арналған көрсеткіштер. Оларға түсі, қалпы, тұтастығы, қышқылдығы және тағы басқалар жатады. «Тауарлардың (жұмыстардың, қызметтердің) нарығындағы беделі» 10-бағанда іскер әлеміндегі ұйымның беделі мен кемшіліктері туралы тұрақты көзқарастан тұратын нарықтағы беделі туралы ақпарат көрсетіледі. Тауарлардың (жұмыстардың, қызметтердің) нарығындағы бедел туралы ақпарат тауар (жұмыс, қызмет) сапасы, қаржы жағдайының тұрақтылығы, нарық үлесі, компания туралы ақпаратқа қол жетімділігі, оның ашықтығы және танымалдығы секілді көрсеткіштерден және тағы басқалардан қалыптасады.
      «Тауарды жіберген елі» 11-бағанда тауар экспортталатын, жұмыстар орындалатын, қызметтер көрсетілетін ел көрсетіледі.
      «Тасымалдау түрі» 12-бағанда тауар экспорттау үшін пайдаланылатын көлік түрлері (теміржол, әуе және басқа) көрсетіледі.
      «Тауарды (жұмысты, қызмет көрсетуді) шығарушы ел» 13-бағанда ондай деректер болған жағдайда, тауар (жұмыс, қызмет) өндірілген ел көрсетіледі.
      «Тауарды (жұмысты, қызмет көрсетуді) өндіруші» 14-бағанда ондай деректер болған жағдайда, тауарды (жұмысты, қызметті) өндіруші көрсетіледі.
      «Тауарлық таңбасының (сауда маркасының, брендінің) бар болуы» 15-бағанда ондай деректер болған жағдайда, тауарлық таңбасы (сауда маркасы, бренді) көрсетіледі.
      «Тауарды (жұмысты, қызмет көрсетуді) жеткізу шарттары» 16-бағанда Инкотермс 2000 сәйкес тауарды (жұмыстарды, қызмет көрсетулерді) жеткізу шарттары көрсетіледі.
      «Тауарды (жұмысты, қызмет көрсетуді) тиеп жөнелту күні мен орны» 17 және 18-бағандарда тауарды (жұмысты, қызмет көрсетуді) тиеу күні мен орны көрсетіледі.
      «Тауар (жұмыс, қызмет көрсету) бағытталған ел» 19-бағанда тауар (жұмыс, қызмет көрсету) қабылдалған ел көрсетіледі.
      «Тауарды (жұмысты, қызмет көрсетуді) жеткізу орны» 20-бағанда тауарды (жұмысты, қызмет көрсетуді) жеткізу орны көрсетіледі.
      «Сатып алушының атауы» және «Сатып алушының заңды мекен-жайы» 21 және 22-бағандарда тауарды (жұмысты, қызмет көрсетуді) алушы жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты немесе заңды тұлғаның атауы және сатып алушының заңды мекен-жайы көрсетіледі.
      «Сатып алушының тіркелген елі» 23-бағанда сатып алушының тіркелген елі көрсетіледі.
      «Сауда жасаушы ел» 24-бағанда Кеден одағы Комиссиясының 2010 жылғы 20 қыркүйектегі № 378 «Кеден декларацияларын толтыру үшін қолданылатын классификаторлар туралы» шешімімен бекітілген Әлем елдерінің сыныптаушысына сәйкес тауарды (жұмысты, қызметті) сатушы елдің сандық коды қойылады.
      Сауда жасаушы ел деп сол елде тіркелген немесе тұрақты жасайтын тұлғамен мәмілеге қатысушы келісім-шарт (шарт) жасаған, оған сәйкес Қазақстан Республикасының кеден шекарасы арқылы тауарлар өткізілетін ел ұғылады.
      «Тараптардың (сатушы мен сатып алушының) өзара байланыстары туралы ақпарат» 25-бағанда ондай деректер болған жағдайда Тараптардың (сатушы мен сатып алушыны) өзара байланыстары туралы ақпарат көрсетіледі.
      «Келісім-шарттың (шарттың) күні және N» 26 және 27-бағандарда келісім-шарттың (шарттың) күні және нөмірі көрсетіледі.
      «Шот-фактураның күні және N» 28-бағанда шот-фактураның күні және нөмірі көрсетіледі.
      «Тауардың өлшем бірлігі» 29-бағанда тауардың өлшем бірлігі (дана, килограмм, тонна, метр, текшеметр, литр, кВТ және баска да Қазақстан Республикасында қолданылатын өлшем бірліктер) көрсетіледі»;
      «Тауарды өткізу көлемі» 30-бағанда 29-бағанда көрсетілген өлшем бірліктерде нақты жүргізілген тауар экспортының көлемі көрсетіледі.
      «Құн (келісім-шарттың валютасында)» 31-бағанда келісім-шарттың валютасында құны көрсетіледі.
      «Мәміле бағасы (келісім-шарттың валютасында)» 32-бағанда келісім-шарттың валютасында мәміле бағасы көрсетіледі.
      «Келісім-шарт валютасы» 33-бағанда келісім-шарт бойынша экспортталатын тауар (жұмыс, қызмет көрсету) төлемі жүзеге асырылған валютасы көрсетіледі.
      «Теңге бағамы» 34-бағанда кедендік ресімдеуге Тауарға декларацияны қабылдау күніне келісім-шарт валютасына теңгенің нарықтық бағамы көрсетіледі.
      «Трансферттік баға белгілеу әдістемесі» 35-бағанда осы бағаның қарқынының деңгейін дәлелдейтін мәміле бағаларын айқындау кағидаттарының жиынтығы көрсетіледі.
      «Мәмілені бағасын анықтауға ықпал ететін факторлар» 36-бағанда мәміленің бағасын анықтауға ықпал ететін факторлар көрсетіледі.
      «Нарықтық бағаны айқындау үшін қолданылатын әдіс» 37-бағанда Заңның 12-бабымен айқындалған және нарықтық бағасын айқындау үшін мәмілеге қатысушы қолданатын әдістердің бірі көрсетіледі.
      «Нарықтық бағаны айқындау үшін қолданылатын ақпарат көзі» 38-бағанда тауардың (жұмыстың, қызметтің) нарықтық бағасын айқындау үшін қолданылатын ақпарат көзі көрсетіледі.
      «Дифференциал» 39-бағанда құжатты түрде немесе Заңның 18-бабымен көзделген ақпарат көздерімен расталған мәліметтер көрсетіледі.
      «Тауардың (жұмыстың, қызметтің) нарықтық бағасы» 40-бағанда тауардың (жұмыстың, қызметтің) нарықтық бағасы көрсетіледі.
      «Мәмілеге қатысушының (экспорттаушының) кәсіпкерлік қызметінің сипаттамасы, қызметінің саласы және нарықтың шарттары» 41-бағанда тауарларды өндіру және (немесе) өткізу, жұмыстарды орындау немесе қызмет көрсету, оның ішінде коммерциялық делдалдық, сауда-саттық, инновациялық, консультациялық қызмет бойынша мәмілеге қатысушының қызметінің сипаттамасы көрсетіледі.
      «Бизнестің стратегиясы» 42-бағанда өнімді өндіру, жұмыстарды орындау, қызмет көрсетуге бар әлеуетін пайдалануының процестерінен тұратын, мәмілеге қатысушы бизнесінің стратегиясына жататын мәліметтер көрсетіледі; ол фирманың мақсаттары, саясаты мен алға қойылған мақсаттарын іске асырудың жоспарларын қамтиды, экономикалық және сыртқы экономикалық жетістігінің табиғатын, сондай-ақ компанияның негізгі қызметіне жұмылдырған бизнестің саласын айқындайды.
      «Тауардың (жұмыстың, қызмет көрсетудің) мәміле бағасының дұрыс қолданылуын негіздейтін басқа ақпарат» 43-бағанда мәмілеге қатысушының пікірінше қолданылатын бағалар бойынша дәлел келтіру мақсатында көрсетуге қажет ақпарат көрсетіледі.
      «Тауардың (жұмыстың, қызмет көрсетудің) мәміле бағасының нарықтық бағадан ауытқу шамасына ықпал ететін басқа ақпарат» 44-бағанда мәмілеге қатысушының пікірінше нарық бағасынан тауардың (жұмыстың, қызметтің) мәміле бағасының ауытқуына ықпал ететін ақпарат көрсетіледі.
      «Экспорттық нарықтардағы тауарларға (жұмыстарға, қызмет көрсетулерге) бағалар болжамы» бағанда 45-бағанда мәмілеге қатысушы экспорттайтын тауарлар (жұмыстар, қызмет көрсетулер) бағасының болжамы көрсетіледі.
      «Іскерлік операцияларды жүргізудің стратегиясы» 46-бағанда іскерлік операцияларды жүргізудің стратегиясына жататын мәліметтер көрсетіледі.
      «Бухгалтерлік есептің халықаралық стандарттар бойынша есептері, оның ішінде қаржылық есептілік» 47-бағанда ұйымның қаржы жағдайы, оның қызметінің қаржы нәтижелері және оның қаржы жағдайының өзгерістері туралы бірегей дерек жүйесінен тұратын ақпарат көрсетіледі.
      «Функционалдық талдау, тәуекелдерді, материалдық және материалдық емес активтерді талдау» 48-бағанда компанияның қызмет саласы, операцияға қатысатын компаниялар арасында міндеттер, тәуекелдер мен активтер қалай таратылғанын айқындау үшін оның міндеттері, тәуекелдері мен міндеттері туралы мәліметтер көрсетіледі.
      «Маржа, сауда брокерінің, трейдердің немесе агенттің комиссиялық (агенттік) сыйақысы не олардың сауда-делдалдық функцияларды орындағаны үшін өтемақы» нысанының 49-бағанында маржа, сауда брокерінің, трейдердің немесе агенттің комиссиялық (агенттік) сыйақысы не олардың сауда-делдалдық функцияларды орындағаны үшін өтемақысы көрсетіледі. 9, 10, 13-15, 35, 36, 41-49-бағандарында көрсетілген ақпарат осындай шарттар мен деректер болған жағдайда «Тауарлар (жұмыстар, қызмет көрсетулер) экспорты» нысанына қосымша түрінде қағаз тасығышта растала отырып, электронды түрде тапсырылады.
      Мәмілеге қатысушы қағаз тасығышта табыс ететін ақпаратқа басшы және бас бухгалтер қол қояды, сондай-ақ мөрмен куәландырады.
      Ескерту. 19-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Қаржы министрінің 2011.06.09 № 299 (алғаш ресми жарияланған күннен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Бұйрығымен.
      20. «Тауарлар (жұмыстар, қызмет көрсетулер) импорты» мәмілелер мониторингі бойынша есептілік» нысаны төлеу уақытына қарамастан, импортқа байланысты тауарды алуына, жұмыстарды орындалуына, қызметтерді көрсетілуіне қарай толтырылады.
      «N» 1-бағанда рет бойынша нөмірі көрсетіледі. Одан кейінгі ақпарат рет бойынша нөмірлеуді үзбеуі тиіс.
      «СТН» 2-бағанда алушы салық төлеушінің тіркеу нөмірі көрсетіледі. Баған есептілік 2012 жылдың 1 қаңтарына дейін тапсырылған кезде міндетті түрде толтыруға жатады.
      «ЖСН (БСН)» 2-1-бағанда алушы салық төлеушінің жеке сәйкестендіру (бизнес сәйкестендіру) нөмірі көрсетіледі. Баған есептілік 2012 жылдың 1 қаңтарынан бастап тапсырылған кезде міндетті түрде толтыруға жатады.
      «Сатып алушының (импорттаушының) атауы» 3-бағанда заңды тұлғаның (импорттаушының) толық атауы оны ұйымдастырушылық-құқықтық нысанын нұсқаумен көрсетіледі.
      «Салық кезеңі» 4-бағанда мәмілелер мониторингі бойынша есептілік тапсырылатын кезде көрсетіледі.
      «Тауарларға декларацияның (Өтініштің) күні» және «Тауарларға декларацияның (Өтініштің) № 5 және 6-бағандарында тауарларға декларацияның күні мен нөмірі немесе Тауарларды әкелу және жанама салықтарды төлеу туралы өтініштің (бұдан әрі - Өтініш) күні мен нөмірі көрсетіледі. Бұл ретте Өтініштің күні мен нөмірі кеден одағына мүше мемлекеттермен сыртқы экономикалық қызмет жасасқан жағдайда көрсетіледі.
      «КО СЭҚ ТН коды» 7-бағанда кеден одағының Сыртқы экономикалық қызметінің тауарлық номенклатурасының коды көрсетіледі.
      «Тауардың (жұмыстың, қызмет көрсетудің) атауы» 8-бағанда импортталатын тауарлардың (жұмыстардың, қызметтер көрсетулердің) атауы көрсетіледі.
      «Тауардың (жұмыстың, қызмет көрсетудің) сапалық сипаттары» 9-бағанда осындай шарттардың бар болған жағдайында тауардың (жұмыстың, қызмет көрсетудің) сапасы көрсетіледі.
      Тауардың (жұмыстың, қызмет көрсетудің) сапасы тауардың (жұмыстың, қызмет көрсетудің) сапа сертификатында көрсетілген қасиеттерінің, сипаттамасының жиынтығы және олардың мақсаттылығына сәйкес нақтылы қажеттіктерді қанағаттандыруға оларды жарамдылығына негізделгенін білдіреді. Қасиеті - тауарды (жұмысты, қызмет көрсетуді) құру, бағалау, сақтау және тұтыну (пайдалану) кезінде көрсетілетін объективті ерекшелігі. Сапа көрсеткіші - тауар (жұмыс, қызмет көрсету) қасиеттерінің сандық және сапалық көрсетілімі. Сапа көрсеткіші физикалық немесе физикалық емес шамалар болып табылады. Физикалық шамалар (ұзындық, салмақ, тығыздық және тағы басқалар) санмен және сапамен өлшене алады. Көрсеткіштің атауы тауарының сапалық сипаттамасын көрсете алады (мысалы, шырындағы қантты салмақтық үлесі, мақта жібінің ұзындығы). Жеке көрсеткіштер - тауардың қарапайым қасиеттерін білдіруге арналған көрсеткіштер. Оларға түсі, қалпы, тұтастығы, қышқылдығы және тағы басқалар жатады.
      «Тауарлардың (жұмыстардың, қызметтердің) нарығындағы беделі» 10-бағанда іскер әлеміндегі ұйымның беделі мен кемшіліктері туралы тұрақты көзқарастан тұратын нарықтағы беделі туралы ақпарат көрсетіледі. Тауарлардың (жұмыстар, қызметтер) нарығындағы бедел туралы ақпарат тауар (жұмыс, қызмет) сапасы, қаржы жағдайының тұрақтылығы, нарық үлесі, компания туралы ақпаратқа қол жетімділігі, оның ашықтығы және танымалдығы секілді көрсеткіштерден және тағы басқалардан қалыптасады.
      «Тауарды жіберген елі» 11-бағанда тауар импортталатын, жұмыстар орындалатын, қызметтер көрсетілетін ел көрсетіледі.
      «Тасымалдау түрі» 12-бағанда тауар импорттау үшін пайдаланылатын көлік түрлері (теміржол, әуе және басқа) көрсетіледі.
      «Тауарды (жұмысты, қызмет көрсетуді) шығарушы ел» 13-бағанда ондай деректер болған жағдайда, тауар (жұмыс, қызмет) өндірілген ел көрсетіледі.
      «Тауарды (жұмысты, қызмет көрсетуді) өндіруші» 14-бағанда ондай деректер болған жағдайда, тауарды (жұмысты, қызметті) өндіруші көрсетіледі.
      «Тауарлық таңбасының (сауда маркасының, брендінің) бар болуы» 15-бағанда ондай деректер болған жағдайда, тауарлық таңбасы (сауда маркасы, бренді) көрсетіледі.
      «Тауарды (жұмысты, қызмет көрсетуді) жеткізу шарттары» 16-бағанда Инкотермс 2000 сәйкес тауарды (жұмыстарды, қызмет көрсетулерді) жеткізу шарттары көрсетіледі.
      «Тауарды (жұмысты, қызмет көрсетуді) тиеп жөнелту күні мен орны» 17 және 18-бағандарда тауарды (жұмысты, қызмет көрсетуді) тиеу күні мен орны көрсетіледі.
      «Тауар (жұмыс, қызмет көрсету) жөнелткен ел» 19-бағанда тауар (жұмыс, қызмет көрсету) жөнелткен ел көрсетіледі.
      «Тауарды (жұмысты, қызмет көрсетуді) жеткізу орны» 20-бағанда тауарды (жұмысты, қызмет көрсетуді) жеткізу орны көрсетіледі.
      «Жіберушінің атауы» және «Жіберушінің заңды мекен-жайы» 21 және 22-бағандарда тауарды (жұмысты, қызмет көрсетуді) жіберуші жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты немесе заңды тұлғаның атауы және жіберушінің заңды мекен-жайы көрсетіледі.
      «Жіберушінің тіркелген елі» 23-бағанда жіберушінің тіркелген елі көрсетіледі.
      «Сауда жасаушы ел» 24-бағанда Кеден одағы Комиссиясының 2010 жылғы 20 қыркүйектегі № 378 «Кеден декларацияларын толтыру үшін қолданылатын классификаторлар туралы» шешімімен бекітілген Әлем елдерінің сыныптаушысына сәйкес тауарды (жұмысты, қызметті) сатушы елдің сандық коды қойылады.
      Сауда жасаушы ел деп сол елде тіркелген немесе тұрақты жасайтын тұлғамен мәмілеге қатысушы келісім-шарт (шарт) жасаған, оған сәйкес Қазақстан Республикасының кеден шекарасы арқылы тауарлар өткізілетін ел ұғылады.
      «Тараптардың (сатушы мен сатып алушының) өзара байланыстары туралы ақпарат» 25-бағанда ондай деректер болған жағдайда Тараптардың (сатушы мен сатып алушыны) өзара байланыстары туралы ақпарат көрсетіледі.
      «Келісім-шарттың (шарттың) күні және N 26 және 27-бағандарда келісім-шарттың (шарттың) күні және нөмірі көрсетіледі.
      «Шот-фактураның күні және N 28-бағанда шот-фактураның күні және нөмірі көрсетіледі.
      «Тауардың өлшем бірлігі» 29-бағанда тауардың өлшем бірлігі (дана, килограмм, тонна, метр, текшеметр, литр, кВТ және баска да Қазақстан Республикасында қолданылатын өлшем бірліктер) көрсетіледі»;
      «Тауарды өткізу көлемі» 30-бағанда 29-бағанда көрсетілген өлшем бірліктерде нақты жүргізілген тауар импортының көлемі көрсетіледі.
      «Құн (келісім-шарттың валютасында)» 31-бағанда келісім-шарттың валютасында күны көрсетіледі.
      «Мәміле бағасы (сатып алу) (келісім-шарттың валютасында)» 32-бағанда келісім-шарттың валютасында мәміле бағасы көрсетіледі.
      «Келісім-шарт валютасы» 33-бағанда келісім-шарт бойынша импортталатын тауар (жұмыс, қызмет көрсету) төлемі жүзеге асырылған валютасы көрсетіледі.
      «Теңге бағамы» 34-бағанда кедендік ресімдеуге Тауарға декларацияны қабылдау күніне келісім-шарт валютасына теңгенің нарықтық бағамы көрсетіледі.
      «Трансферттік баға белгілеу әдістемесі» 35-бағанда осы бағаның қарқынының деңгейін дәлелдейтін мәміле бағаларын айқындау қағидаттарының жиынтығы көрсетіледі.
      «Мәмілені бағасын анықтауға ықпал ететін факторлар» 36-бағанда мәміленің бағасын анықтауға ықпал ететін факторлар көрсетіледі.
      «Нарықтық бағаны айқындау үшін қолданылатын әдіс» 37-бағанда Заңның 12-бабымен айқындалған және нарықтық бағасын айқындау үшін мәмілеге қатысушы қолданатын әдістердің бірі көрсетіледі.
      «Нарықтық бағаны айқындау үшін қолданылатын ақпарат көзі» 38-бағанда тауардың (жұмыстың, қызметтің) нарықтық бағасын айқындау үшін колданылатын ақпарат көзі көрсетіледі.
      «Дифференциал» 39-бағанда құжатты түрде немесе Заңның 18-бабымен көзделген ақпарат көздерімен расталған мәліметтер көрсетіледі.
      «Тауардың (жұмыстың, қызметтің) нарықтық бағасы» 40-бағанда тауардың (жұмыстың, қызметтің) нарықтық бағасы көрсетіледі.
      «Мәмілеге қатысушының (импорттаушының) кәсіпкерлік қызметінің сипаттамасы, қызметінің саласы және нарықтың шарттары» 41-бағанда тауарларды өндіру және (немесе) өткізу, жұмыстарды орындау немесе қызмет көрсету, оның ішінде коммерциялық делдалдық, сауда-саттық, инновациялық, консультациялық қызмет бойынша мәмілеге қатысушының қызметінің сипаттамасы көрсетіледі.
      «Бизнестің стратегиясы» 42-бағанда өнімді өндіру, жұмыстарды орындау, қызмет көрсетуге бар әлеуетін пайдалануының процестерінен тұратын, мәмілеге қатысушы бизнесінің стратегиясына жататын мәліметтер көрсетіледі; ол фирманың мақсаттары, саясаты мен алға қойылған мақсаттарын іске асырудың жоспарларын қамтиды, экономикалық және сыртқы экономикалық жетістігінің табиғатын, сондай-ақ компанияның негізгі қызметіне жұмылдырған бизнестің саласын айқындайды.
      «Тауардың (жұмыстың, қызмет көрсетудің) мәміле бағасының дұрыс қолданылуын негіздейтін басқа ақпарат» 43-бағанда мәмілеге қатысушының пікірінше қолданылатын бағалар бойынша дәлел келтіру мақсатында көрсетуге қажет ақпарат көрсетіледі.
      «Тауардың (жұмыстың, қызметтің) мәміле бағасының нарықтық бағадан ауытқу шамасына ықпал ететін басқа ақпарат» 44-бағанда мәмілеге қатысушының пікірінше нарық бағасынан тауардың (жұмыстың, қызметтің) мәміле бағасының ауытқуына ықпал ететін ақпарат көрсетіледі.
      «Тауарға (жұмысқа, қызмет көрсетуге) баға болжамы» бағанда 45-бағанда мәмілеге қатысушы импорттайтын тауарлар (жұмыстар, қызмет көрсетулер) бағасының болжамы көрсетіледі.
      «Іскерлік операцияларды жүргізудің стратегиясы» 46-бағанда іскерлік операцияларды жүргізудің стратегиясына жататын мәліметтер көрсетіледі.
      «Бухгалтерлік есептің халықаралық стандарттар бойынша есептері, оның ішінде қаржылық есептілік» 47-бағанда ұйымның қаржы жағдайы, оның қызметінің қаржы нәтижелері және оның қаржы жағдайының өзгерістері туралы бірегей дерек жүйесінен тұратын ақпарат көрсетіледі.
      «Функционалдық талдау, тәуекелдерді, материалдық және материалдық емес активтерді талдау» 48-бағанда компанияның қызмет саласы, операцияға қатысатын компаниялар арасында міндеттер, тәуекелдер мен активтер қалай таратылғанын айқындау үшін оның міндеттері, тәуекелдері мен міндеттері туралы мәліметтер көрсетіледі.
      «Маржа, сауда брокерінің, трейдердің немесе агенттің комиссиялық (агенттік) сыйақысы не олардың сауда-делдалдық функцияларды орындағаны үшін өтемақы» нысанының 49-бағанында маржа, сауда брокерінің, трейдердің немесе агенттің комиссиялық (агенттік) сыйақысы не олардың сауда-делдалдық функцияларды орындағаны үшін өтемақысы көрсетіледі. 9, 10, 13-15, 35, 36, 41-49-бағандарында көрсетілген ақпарат осындай шарттар мен деректер болған жағдайда «Тауарлар (жұмыстар, қызмет көрсетулер) экспорты» нысанына қосымша түрінде қағаз тасығышта растала отырып, электронды түрде тапсырылады.
      Мәмілеге қатысушы қағаз тасығышта табыс ететін ақпаратқа басшы және бас бухгалтер қол қояды, сондай-ақ мөрмен куәландырады.
      Ескерту. 20-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Қаржы министрінің 2011.06.09 № 299 (алғаш ресми жарияланған күннен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Бұйрығымен.

4. Мәмілелер мониторингіне жататын тауарлармен мәміле жүргізетін мәмілеге қатысушылардың және мәмілелер мониторингіне жатпайтын тауарлармен мәміле жүргізетін мәмілеге қатысушылардың мәмілелер мониторингі бойынша құжаттама жүргізу тәртібі.

      Ескерту. 4-тараумен толықтырылды - ҚР Қаржы министрінің 2011.06.09 № 299 (алғаш ресми жарияланған күннен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Бұйрығымен.

       21. Мәмілеге қатысушылар, оның ішінде Заңға сәйкес мәмілелер мониторингіне жатпайтын тауарлармен мәміле жүргізетін мәмілеге қатысушылар қолданылатын бағаның негізділігін растайтын құжаттама жүргізеді және уәкілетті органдардың сұрау салуы бойынша оны уәкілетті органдарға тапсырады.
      22. Халықаралық іскерлік операцияларда қолданылатын бағалардың негіздемесінде мәмілеге қатысушылар мынадай құжаттама жүргізеді, бірақ төменде көрсетілген құжаттамамен шектелмейді:
      тауарларды өткізу бойынша келісімшарттар (шарттар) (толықтырулармен және өзгерістермен);
      Қазақстан Республикасының және шетел компанияларындағы инвестициялар (үлестер, акциялар) туралы мәліметтер;
      корпоративтік табыс салығы бойынша декларациялар (қосымшаларымен);
      шот-фактуралар (инвойстар), тауарларды қабылдау-беру актілері;
      тауарлар экспортынан түсімдер бойынша банктен көшірме жазбалар;
      тауарларға декларациялар (айналым тараптарымен);
      мәмілелер паспорты;
      тауарлардың сапа сертификаты;
      тауарлардың шығу сертификаты;
      нарықтық бағаны айқындау үшін пайдаланылатын ақпарат көздері;
      нарықтық бағаны айқындау үшін қолданылатын әдіс туралы ақпарат;
      бағалардың дұрыс қолданылуын негіздейтін және тауарларды өткізу бойынша шығыстарды (тауарды тасымалдау, сақтандыру, делдал қызметін төлеуге, порттардағы ауыстырып тиеу бойынша шығыстар, кеден төлемдері мен салықтарды растайтын кеме фрахты, теміржол және басқа да көлік жүкқұжаттары, сапа үшін жеңілдіктер мен үстемеақыларды растайтын теңіз коносаменттері, және басқа да шығыстар) растайтын басқа да құжаттар.

                                         Мәмілелер мониторингін
                                         жүзеге асыру ережесіне
                                               1-қосымша

      Ескерту. 1-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Қаржы министрінің 2011.06.09 № 299 (алғаш ресми жарияланған күннен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Бұйрығымен.

Нысан       

"Тауарлар (жұмыстар, қызмет көрсетулер) эксперты"
мәмілелер мониторингі бойынша есептілік

СТН

ЖСН/БСН

Жіберушінің (экспорттаушыны

Салық кезеңі

Тауарларға декларацияның (Өтініштің) күні

Тауарларға декларацияның (Өтініштің) №

КО СЭҚ ТН коды

Тауардың (жұмыстың, қызмет көрсетудің) атауы

Тауардың (жұмыстың, қызмет көрсетудің) сапалық сипаттамалары

Тауарлардың (жұмыстардың, қызметтердің) нарығындағы беделі

Тауарды (жұмысты, қызмет көрсетуді) жіберген ел

Тасымалдау түрі

Тауарды (жұмысты, қызмет көрсетуді) шығарушы ел

Тауарды (жұмысты, қызмет көрсетуді) өндіруші

1

2

2-1

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

13

14































Тауарлық таңбасының (caуда маркасының, брендінің) бар болуы

ИНКОТЕРМ С-ке сәйкес тауарды (жұмысты, қызмет көрсетуді) жеткізу шарты

Тауарды (жұмысты, қызмет көрсетуді) тиеп-жөнелту күні

Тауарды (жұмысты, қызмет көрсетуді) тиеп-жөнелту орны

Тауар (жұмыс, қызмет көрсету) бағытталған ел

Тауарды (жұмысты, қызмет көрсетуді) жеткізу орны

Сатып алушының атауы

Сатып алушының заңды мекен- жайы

Сатып алушының тіркелген елі

Сауда жасаушы ел

Тараптардың (сатушы мен сатып алушының) өзара байланыстары туралы ақпарат

Келісім- шарттың (шарттың) күні

Келісім- шарттың (шарттың) №

Шот- фактураның күні және N

Тауардың өлшем бірлігі

15

16

17

18

19

20

21

22

23

24

25

26

27

28

29































Тауарды өткізу көлемі

Құн (келісім- шарттың валютасында)

Мәміле бағасы (келісім-шарттың валютасында)

Келісім-шарт (шарт) валютасы

Теңге бағамы

Трансферттік баға белгілеу әдістемесі

Мәміле бағасын белгілеуге ықпал ететін факторлар

Нарықтық бағаны айқындау үшін қолданылатын әдіс

Ақпарат көзі

Дифференциал

Тауардың (жұмыстың , қызмет көрсетудің) нарықтық бағасы

Мәмілеге қатысушының (экспорттаушының) кәсіпкерлік қызметінің сипаттамасы, қызметінің саласы және нарықтың шарттары

Бизнестік стратегиясы

30

31

32

33

34

35

36

37

38

39

40

41

42



























Тауардың, (жұмыстың, қызмет көрсетудің) мәміле бағасының дұрыс қолданылуын негіздейтін басқа ақпарат

Тауардың (жұмыстың, қызмет көрсетудің) мәміле бағасының нарықтық бағадан ауытқу шамасына ықпал ететін басқа ақпарат

Экспорттық нарықтардағы тауарларға (жұмыстарға, қызмет көрсетулерге) бағалар болжамы

Іскерлік операцияларды жүргізудің стратегиясы

Бухгалтерлік есептің халықаралық стандарттар бойынша есептері, оның ішінде қаржылық есептілік

Функционалдық талдау, тәуекелдерді, материалдық және материалдық емес активтерді талдау

Маржа, сауда брокерінің, трейдердің немесе агенттің комиссиялық (агенттік) сыйақысы не олардың сауда- делдалдық функцияларды орындағаны үшін өтемақы

43

44

45

46

47

48

49















                                            Қазақстан Республикасы
                                               Қаржы министрінің
                                            2009 жылғы 12 ақпандағы
                                             бұйрығымен бекітілген
                                             Мәмілелер мониторингін
                                             жүзеге асыру ережесіне
                                                   2-қосымша

      Ескерту. 2-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Қаржы министрінің 2011.06.09 № 299 (алғаш ресми жарияланған күннен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Бұйрығымен.

Нысан

"Тауарлар (жұмыстар, қызмет көрсетулер) импорты"
мәмілелер мониторингі бойынша есептілік

СТН

ЖСН/БСН

Сатып алушыны (импорттаушыны атауы)

Салық кезеңі

Тауарларға декларацияның (Өтініштің күні)

Тауарларға декларацияның (Өтініштің) №

КО СЭҚ ТН коды

Тауардың (жұмыстың, қызмет көрсетудің) атауы

Тауардың (жұмыстың, қызмет көрсетудің) сапалық сипаттамалары

Тауарлардың (жұмыстардың, қызметтердің) нарығындағы беделі

Тауарды жіберген ел

Тасымалдау түрі

Тауарды (жұмысты, қызмет көрсетуді) шығарушы ел

Тауарды (жұмысты, қызмет көрсетуді) өндіруші

1

2

2-1

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

13

14































Тауарлық таңбасының (caуда маркасының, брендінің) бар болуы

ИНКОТЕРМ С-ке сәйкес тауарды жеткізу шарты

Тауарды (жұмысты, қызмет көрсетуді) тиеп-жөнелту күні мен орны

Тауарды (жұмысты, қызмет көрсетуді) тиеп-жөнелту күні мен орны

Тауар (жұмыс, қызмет көрсету)  жөнелткен ел

Тауарды (жұмысты, қызмет көрсетуді) жеткізу орны

Жіберушінің атауы

Жіберушінің заңды мекен- жайы

Жіберушінің тіркелген елі

Сауда жасаушы ел

Тараптардың (сатушы мен сатып алушының) өзара байланыстары туралы ақпарат

Келісім- шарттың (шарттың) күні

Келісім- шарттың (шарттың) №

Шот- фактураның күні және N

Тауардың өлшем бірлігі

15

16

17

18

19

20

21

22

23

24

25

26

27

28

29































Тауарды өткізу көлемі

Құн (келісім- шарттың валютасында)

Мәміле бағасы (келісім-шарттың валютасында)

Келісім-шарт (шарт) валютасы

Теңге бағамы

Трансферттік баға белгілеу әдістемесі

Мәміле бағасын белгілеуге ықпал ететін факторлар

Нарықтық бағаны айқындау үшін қолданылатын әдіс

Нарықтық бағаны айқындау үшін қолданылатын ақпарат көзі

Дифференциал

Тауардың (жұмыстың , қызмет көрсетудің) нарықтық бағасы

Мәмілеге қатысушының (экспорттаушының) кәсіпкерлік қызметінің сипаттамасы, қызметінің саласы және нарықтың шарттары сипаты

Бизнестің стратегиясы

Тауардың (жұмыстың , қызмет көрсетудің) мәміле бағасының дұрыс қолданылуын негіздейтін басқа ақпарат

30

31

32

33

34

35

36

37

38

39

40

41

42

43





























Тауардың (жұмыстың, қызмет көрсетудің) мәміле бағасының нарықтық бағадан ауытқу шамасына ықпал ететін басқа ақпарат

Экспорттық нарықтардағы тауарларға (жұмыстарға, қызмет көрсетулерге) бағалар болжамы

Іскерлік операцияларды жүргізудің стратегиясы

Бухгалтерлік есептің халықаралық стандарттар бойынша есептері, оның ішінде қаржылық есептілік

Функционалдық талдау, тәуекелдерді, материалдық және материалдық емес активтерді талдау

Маржа, сауда брокерінің, трейдердің немесе агенттің комиссиялық (агенттік) сыйақысы не олардың сауда- делдалдық функцияларды орындағаны үшін өтемақы

44

45

46

47

48

49













Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады