"Техникалық және кәсіптік білімнің білім беру бағдарламалары бойынша кадрларды даярлауды жүзеге асыратын білім беру ұйымдарына құжаттарды қабылдау және білім алушы қатарына қабылдау" атты мемлекеттік қызмет көрсетудің регламентін әзірлеу бойынша әдістемелік ұсынымдарды бекіту туралы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің міндетін атқарушының 2012 жылғы 30 мамырдағы № 246 бұйрығының күшін жою туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің м.а. 2012 жылғы 1 қазандағы № 455 Бұйрығы

      Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Заңның бұзылуын жою туралы 2012 жылғы 6 қыркүйектегі № 4-1-18/И-3450 ұсынысына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
      1. «Техникалық және кәсіптік білімнің білім беру бағдарламалары бойынша кадрларды даярлауды жүзеге асыратын білім беру ұйымдарына құжаттарды қабылдау және білім алушы қатарына қабылдау» атты мемлекеттік қызмет көрсетудің регламентін әзірлеу бойынша әдістемелік ұсынымдарды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің міндетін атқарушының 2012 жылғы 30 мамырдағы № 246 бұйрығының күші жойылсын.
      2. Техникалық және кәсіптік білім департаменті (Қ.Қ. Бөрібеков) осы бұйрықтың көшірмесін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігіне жіберсін.
      3. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

      Министрдің
      міндетін атқарушы                                 М.Орынханов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады