«Облыстар, Алматы және Астана қалалары халыққа қызмет көрсету орталықтарының азаматтық қызметшілерін аттестациядан өткізу шарттарын және ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Байланыс және ақпарат министрінің 2011 жылғы 10 қарашадағы № 341 бұйрығының күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің 2012 жылғы 26 ақпандағы № 81 бұйрығы

      «Нормативтік құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы Заңының 40-бабына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
      1. «Облыстар, Алматы және Астана қалалары халыққа қызмет көрсету орталықтарының азаматтық қызметшілерін аттестациядан өткізу шарттарын және ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Байланыс және ақпарат министрінің 2011 жылғы 10 қарашадағы № 341 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2011 жылғы 8 желтоқсандағы № 7332 тіркелген, 2012 жылғы 24 қаңтардағы № 27-32 (27104) «Егемен Қазақстан» және 2012 жылғы 24 қаңтардағы № 27 «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
      2. Мемлекеттік қызметтерді автоматтандыруды бақылау және халыққа қызмет көрсету орталықтарының қызметін үйлестіру комитеті (Б.Ш. Әбішев):
      1) осы бұйрықтың көшірмесін белгіленген тәртіппен Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінен алу үшін Қазақстан Республикасының Әділет министрлігіне жолдасын;
      2) осы бұйрықтың ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
      3. Осы бұйрық қол қойылған күннен бастап күшіне енеді.

      Министр                                 А. Жұмағалиев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады