"Темір жол көлігін техникалық пайдалану қағидасын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің міндетін атқарушының 2011 жылғы 10 мамырдағы № 261 бұйрығының күшін жою туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің 2012 жылғы 29 қыркүйектегі № 654 Бұйрығы

      «Нормативтік құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасы заңы 40-бабының 2-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
      1. Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің 2011 жылғы 10 мамырдағы № 261 бұйрығының (Қазақстан Республикасының Нормативтік-құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7028 тіркелген, "Заң газеті" 2011 жылғы 29 қыркүйек N 141) күші жойылды деп танылсын.
      2. Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі Көліктік бақылау комитеті (Б.Ш. Әбішев):
      1) осы бұйрықтың көшірмесін бір апталық мерзімде белгіленген
тәртіппен Қазақстан Республикасы Әділет министрлігіне жіберсін;
      2) бұқаралық ақпарат құралдарында және Қазақстан Республикасы
Көлік және коммуникация министрлігінің интернет-ресурсында осы
бұйрықтың ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Көлік және коммуникация вице-министрі Қ.Б. Әбсаттаровқа жүктелсін.
      4. Осы бұйрық "Темір жол көлігін техникалық пайдалану қағидасын бекіту туралы» Қазакстан Республикасы Үкіметінің қаулысы қолданысқа енген күннен бастап күшіне енеді.

      Министр                                    А. Жұмағалиев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады