«Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің шетелдік мекемелеріндегі бухгалтерлік есеп жүргізу жөніндегі нұсқаулығын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің 1999 жылғы 20 шілдедегі № 27 бұйрығының күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің 2012 жылғы 27 сәуірдегі № 08-1-1-/146 бұйрығы.

      «Нормативтік құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы Заңы 21-1-бабының 2-тармағына және Қазақстан Республикасының Үкіметінің 2011 жылғы 25 тамыздағы № 964 қаулысымен бекітілген Нормативтік құқықтық актілердің құқықтық мониторингін жүргізу қағидасының 4-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
      1. «Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің шет
елдердегі мекемелеріндегі бухгалтерлік есеп жүргізу жөніндегі нұсқаулығын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің 1999 жылғы 20 шілдедегі № 27 бұйрығының (Қазақстан Республикасының Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 868 тіркелді) күші жойылды деп танылсын.
      2. Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Валюта -
қаржы департаменті осы бұйрықты Нормативтік құқықтық актілерді
мемлекеттік тіркеу тізілімінен алу үшін Қазақстан Республикасының Әділет министрлігіне жіберсін.
      3. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Министр                                    Ә. Қазыханов 

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады