БҰЙЫРАМЫН:
1. Қазақстан Республикасының Сыртқы iстер министрлігiнің 1997 жылғы 4 маусымдағы «Қазақстан Республикасы Сыртқы iстер министрлігiнің дипкурьерлік байланыс бөлімі туралы Ереже» бұйрығының (Қазақстан Республикасының Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 375 тіркелген) күші жойылды деп танылсын.
2. Қазақстан Республикасының Сыртқы iстер министрлігiнің Әкімшілік және бақылау департаменті осы бұйрықты Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінен алу үшін Қазақстан Республикасының Әділет министрлігiне жіберсін.
3. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Министр Е. Қазыханов