«Нормативтік құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 43-1 бабының 1-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. «Спорттық жарыстарды өткізу кезінде Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздерін қолдану қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Спорт және дене шынықтыру істері агенттігі төрағасының 2012 жылғы 6 сәуірдегі № 50 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7580 тіркелді, «Егемен Қазақстан» газетінде 2012 жылғы 21 шілдеде № 405-409 (27483) жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
2. Стратегиялық даму департаменті (Д.Ү. Қамзебаева) осы бұйрықтың көшірмесін бір апта мерзімінде белгіленген тәртіпте Қазақстан Республикасы Әділет министрлігіне ұсынсын.
3. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Төрағаның міндетін атқарушы М. Омаров
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Мәдениет және ақпарат министрі
29 тамыз 2012 жыл