Қазақстан Республикасының кейбір нормативтік құқықтық актілерінің күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2012 жылғы 24 ақпандағы № 93 қаулысы

      «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне банк қызметін және қаржы ұйымдарын тәуекелдерді азайту тұрғысынан реттеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2011 жылғы 28 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес Қазақстан Республикасының кейбір нормативтік құқықтық актілерінің күші жойылды деп танылсын.
      2. Осы қаулы қабылданған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасы 
Ұлттық Банкі Басқармасының
2012 жылғы 24 ақпандағы
№ 93 қаулысына қосымша

Қазақстан Республикасының күші жойылды деп танылатын нормативтік құқықтық актілерінің тізбесі

      1. Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі басқармасының «Жинақтаушы зейнетақы қорына еншілес ұйым құруға немесе сатып алуға, заңды тұлғалардың жарғылық капиталына қомақты қатысуға рұқсат беру, сондай-ақ еншілес ұйымды құруға немесе сатып алуға, заңды тұлғалардың жарғылық капиталына қомақты қатысуға берілген рұқсатты кері қайтарып алу туралы ережені бекіту туралы» 2006 жылғы 25 ақпандағы № 64 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4145 тіркелген).
      2. Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі басқармасының «Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігінде құжаттарды ұсыну мәселелері бойынша кейбір нормативтік құқықтық кесімдерге толықтырулар мен өзгерістер енгізу туралы» 2007 жылғы 30 наурыздағы № 76 қаулысының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4670 тіркелген) 15-тармағы.
      3. Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және Қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі басқармасының «Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі басқармасының «Жинақтаушы зейнетақы қорына еншілес ұйым құруға немесе сатып алуға, сондай-ақ заңды тұлғалардың жарғы капиталына қомақты түрде қатысуға рұқсат беру туралы Ережесін бекіту туралы» 2006 жылғы 25 ақпандағы № 64 қаулысына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы» 2007 жылғы 30 сәуірдегі № 113 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4739 тіркелген).
      4. Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі басқармасының «Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігінің кейбір нормативтік құқықтық актілеріне толықтырулар енгізу туралы» 2008 жылғы 25 қаңтардағы № 5 қаулысының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5141 тіркелген) 3-тармағы.
      5. Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының «Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі басқармасының «Жинақтаушы зейнетақы қорына еншілес ұйым құруға немесе сатып алуға, сондай-ақ заңды тұлғалардың жарғы капиталына қомақты түрде қатысуға рұқсат беру туралы Ережесін бекіту туралы» 2006 жылғы 25 ақпандағы № 64 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2008 жылғы 28 қарашадағы № 194 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5449 тіркелген).

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады