"Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері, басқа да әскерлері мен әскери құралымдары әскери қызметшілерінің әскери киім нысанын кию және айырым белгілерін тағу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2007 жылғы 10 қаңтардағы № 9 бұйрығының күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2013 жылғы 28 қаңтардағы № 35 бұйрығы

      «Нормативтік құқықтық актілер туралы» 1998 жылғы 24 мамырдағы және «Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы» 2012 жылғы 16 ақпандағы Қазақстан Республикасының Заңдарына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
      1. «Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері, басқа да әскерлері мен әскери құралымдары әскери қызметшілерінің әскери киім нысанын кию және айырым белгілерін тағу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2007 жылғы 10 қаңтардағы № 9 бұйрығының күші жойылды деп танылсын.
      2. Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Тылының бастығы белгіленген тәртіппен осы бұйрықтың көшірмесін Қазақстан Республикасының Әділет министрлігіне жолдасын.
      3. Бұйрық лауазымды адамдарға, оларға қатысты бөлігінде жеткізілсін.

                                                      Ә. Жақсыбеков

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады