«Нормативтік құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы Заңының 21-1-бабына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің кейбір бұйрықтарының күші жойылды деп танылсын.
2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Салық комитеті (Ә. Жұмаділдаев) бір апталық мерзімде белгіленген тәртіпте осы бұйрықтың көшірмесін Қазақстан Республикасының Әділет министрлігіне жіберсін.
3. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Министр Б.Жәмішев
Қазақстан Республикасы
Қаржы министрінің
2013 жылғы 25 шілдедегі
№ 365 бұйрығына
қосымша
Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің күші жойылған кейбір бұйрықтарының тізімі
1. «Банктер мен банк операцияларының жеке түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың салық қызметі органдарымен өзара қарым-қатынасының кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2008 жылғы 23 желтоқсандағы № 598 бұйрығы (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2008 жылғы 29 желтоқсанда № 5439 болып тіркелген, 2009 жылғы 28 қаңтардағы № 13 (1610) «Заң газеті» газетінде жарияланған);
2. «Салықтың және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің, әрекетсіз салық төлеушінің салықтық берешегін өтеу есебіне өсімпұлдардың артық төленген сомаларын есепке алудың, салық органдарының сотқа жүгінуінің және салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің, өсімақының артық төленген салық сомасын, есепке жатқызылған қосылған құн салығының есептелген салық сомасынан асып кетуін, әрекетсіз салық төлеушінің дербес шотынан есептен шығару ережелерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы Министрінің 2008 жылғы 29 желтоқсандағы № 623 бұйрығы (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2008 жылғы 31 желтоқсанда № 5458 болып тіркелген, 2009 жылғы 4 ақпандағы № 17 (1614) «Заң газеті» газетінде жарияланған);
3. «2009 жылғы 1 қаңтарға дейін есепке жазылған және 2010 жылғы 1 мамырдағы жағдай бойынша төленбеген өсімпұлдар сомасын есептен шығару ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2010 жылғы 11 қазандағы № 504 бұйрығы (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2010 жылғы 15 қазанда № 6572 болып тіркелген, 2010 жылғы 30 қазандағы № 288-289 (26349-26350) «Егемен Қазақстан» газетінде жарияланған);
4. «2010 жылғы 1 мамырдағы жағдай бойынша төленбеген салықтық құқық бұзушылықтар, салық салу саласындағы құқық бұзушылықтар, Қазақстан Республикасының зейнетақымен қамсыздандыру туралы және (немесе) міндетті әлеуметтік сақтандыру туралы заңнамасын бұзушылықтар үшін айыппұл сомаларын есептен шығару ережелерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2010 жылғы 11 қазандағы № 505 бұйрығы (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2010 жылғы 18 қазанда № 6574 болып тіркелген, 2010 жылғы 30 қазандағы № 288-289 (26349-26350) «Егемен Қазақстан» газетінде жарияланған);
5. «Атқарушылық іс жүргізу органдары және салық қызмет органдарының өзара іс-әрекет жасау Ережелерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2008 жылғы 30 желтоқсандағы № 631, Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты жанындағы Соттық әкімшілендіру комитеті төрағасының 2008 жылғы 30 желтоқсандағы № 823 бірлескен бұйрығы (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2008 жылғы 30 желтоқсандағы № 5447 болып тіркелген 2009 жылғы 20 наурыздағы № 42 (1639) «Заң газеті» газетінде жарияланған);
6. «Банктер мен және банк операцияларының жеке түрлерін жүзеге
асыратын ұйымдардың салық қызметі органдарымен өзара қарым-қатынасының кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2008 жылғы 23 желтоқсандағы № 598 бұйрығына толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2011 жылғы 13 қаңтардағы № 16 бұйрығы (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2011 жылғы 2 ақпанда № 6765 болып тіркелген, 2011 жылғы 30 наурыздағы № 107-108 (26528-26529) «Егемен Қазақстан» газетінде жарияланған);
7. «Банктер мен банк операцияларының жеке түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың салық қызметі органдарымен өзара қарым-қатынасының кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2008 жылғы 23 желтоқсандағы № 598 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2011 жылғы 25 сәуірдегі № 209 бұйрығы (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2011 жылғы 18 мамырдағы № 6964 болып тіркелген, 2011 жылғы 8 маусымдағы № 79 (2069) «Заң газеті» газетінде жарияланған);
8. «2009 жылғы 1 қаңтарға дейін есепке жазылған және 2010 жылғы 1 мамырдағы жағдай бойынша төленбеген өсімпұлдар сомасын есептен шығару ережелерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2010 жылғы 11 қазандағы № 504 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2011 жылғы 24 мамырдағы № 267 бұйрығы (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2011 жылғы 6 маусымдағы № 6994 болып тіркелген 2011 жылғы 22 маусымдағы № 87 (2077) «Заң газеті» газетінде жарияланған);
9. «2010 жылғы 1 мамырдағы жағдай бойынша төленбеген салықтық құқық бұзушылықтар, салық салу саласындағы құқық бұзушылықтар, Қазақстан Республикасының зейнетақымен қамсыздандыру туралы және (немесе) міндетті әлеуметтік сақтандыру туралы заңнамасын бұзушылықтар үшін айыппұл сомаларын есептен шығару ережелерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2010 жылғы 11 қазандағы № 505 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2011 жылғы 24 мамырдағы № 268 бұйрығы (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2011 жылғы 6 маусымдағы № 6995 болып тіркелген, 2011 жылғы 22 маусымдағы № 87 (2077) «Заң газеті» газетінде жарияланған).