Ескерту. Күші жойылды - ҚР Қаржы министрінің 25.07.2013 № 365 бұйрығымен.
Ескерту. Барлық мәтін бойынша «сыйақы ретінде танылуын», «тануды» деген сөздерден кейін «мұндай сыйақыны есептеуді тоқтата тұру жолымен» деген сөздермен толықтырылды - ҚР Қаржы министрінің 2011.01.13 № 16 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
"Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 216-бабы 4-тармағына, 218-баптың 4-тармағына және 581-баптың 5), 11) тармақшаларына сәйкес Б Ұ ЙЫРАМЫН:
1. Мына нысандар бекітілсін:
1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес 101.09 нысаны бойынша есепті тоқсан ішінде шартты банк салымдарындағы ақша қозғалысы туралы есеп;
2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес 101.10 нысаны бойынша банк сыйақыларының есебіне жазылған сомалары туралы мәліметтер;
3) осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес заңды тұлғаға немесе жеке кәсіпкерге берілеген несие (займ) бойынша кірістердің сыйақы ретінде танылуын мұндай сыйақыны есептеуді тоқтата тұру жолымен тоқтату туралы хабарлама.
2. Қазақстан Республикасы Қаржы Министрлігінің Салық комитеті (Д.Е Ерғожин) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрық ресми жариялануға жатады және 2009 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілінеді.
Министр Б. Жәмішев
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Ұлттық Банк Төрағасы
___________Сәйденов Ә. Ғ.
2008 жыл
Қазақстан Республикасы
Қаржы Министрінің
2008 жылғы 23 жетоқсандағы
N 598 бұйрығына
1-қосымша
Ескерту. 1-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Қаржы министрінің 2011.04.25 № 209 (қолданысқа енгізілу тәртібін 3-тармақтан қараңыз) бұйрығымен.
ЕСЕПТІ ТОҚСАН ІШІНДЕ ШАРТТЫ БАНК
САЛЫМДАРЫНДАҒЫ АҚША ҚОЗҒАЛЫСЫ ТУРАЛЫ ЕСЕП
(қағаз мәтінінен қараңыз)
ЕСЕПТІ ТОҚСАН ІШІНДЕ ШАРТТЫ БАНК
САЛЫМДАРЫНДАҒЫ АҚША ҚОЗҒАЛЫСЫ ТУРАЛЫ ЕСЕПКЕ ҚОСЫМША
(А, B, C, D, E, F, G, H парақтарын қағаз мәтінінен қараңыз)
Қазақстан Республикасы
Қаржы Министрінің
2008 жылғы 23 жетоқсандағы
N 598 бұйрығына
2-қосымша
Ескерту. 2-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Қаржы министрінің 2011.04.25 № 209 (қолданысқа енгізілу тәртібін 3-тармақтан қараңыз) бұйрығымен.
БАНК СЫЙАҚЫЛАРЫНЫҢ ЕСЕБІНЕ ЖАЗЫЛҒАН
СОМАЛАР ТУРАЛЫ МӘЛІМЕТТЕР
(қағаз мәтінінен қараңыз)
Қазақстан Республикасы
Қаржы Министрінің
2008 жылғы 23 желтоқсандағы
N 598 бұйрығына 3-қосымша
Заңды тұлғаға немесе жеке кәсіпкерге берілген кредит
(қарыз) бойынша сыйақы түріндегі кірістерін тануды мұндай сыйақыны есептеуді тоқтата тұру жолымен тоқтату
туралы хабарлама
N |
СТН |
БСН/ДСН (олар бар болғанда) |
Салық төлеушінің атауы |
Келісім-шарттың нөмірі, күні |
Берілген кредит (қарыз) бойынша сыйақы түріндегі кірістерін тануды мұндай сыйақыны есептеуді тоқтата тұру жолымен тоқтату |
|
күні |
тоқтатылған күнгі сыйақы есебіне жазылған сомасы |
|||||
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
6 |
7 |