Ескерту. Күші жойылды - ҚР Қаржы министрінің 25.07.2013 № 365 бұйрығымен.
«Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасы Кодексін (Салық кодексі) қолданысқа енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 32-бабына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса берілген 2010 жылғы 1 мамырдағы жағдай бойынша төленбеген 2002 жылдың 1 қаңтарына дейін қолданыста болған Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес салынған салықтық құқық бұзушылықтар, салық органдарымен 2009 жылдың 1 қаңтарына дейін Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы кодексіне сәйкес салған салық салу саласындағы құқық бұзушылықтар үшін, Қазақстан Республикасының зейнетақымен қамсыздандыру туралы және (немесе) міндетті әлеуметтік сақтандыру туралы заңнамасын бұзушылықтар үшін айыппұл сомаларын есептен шығару ережелері бекітілсін.
2. «Салық салу саласындағы құқықтарды бұзғаны үшін әкімшілік жаза белгілеу туралы қаулы бойынша мерзімінің өсуіне байланысты орындалуы мүмкін емес айыппұлдар сомасын салық төлеушінің дербес шотынан есептен шығару ережелерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2008 жылғы 29 желтоқсандағы № 621 бұйрығының (нормативтік құқықтық актілердің 2008 жылғы 29 желтоқсандағы Мемлекеттік тіркеу тізілімге № 5459 санымен тіркелген, 2009 жылғы 29 қаңтардағы «Юридическая газета» газетінде № 14 (1611) нөмірімен жарияланған, Қазақстан Республикасының орталық атқарушы мемлекеттік органдарының актілер жинағында) күшi жойылған деп танылсын.
3. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Салық комитеті (Ерғожин Д.Е.) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді қамтамасыз етсін және осы бұйрықты облыстар, Астана және Алматы қалалары бойынша салық департаменттерінің назарына жеткізсін.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Салық комитетінің Төрағасы Д.Е. Ерғожинге жүктелсін.
5. Осы бұйрық алғаш оның ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Министр Б. Жәмішев
Қазақстан Республикасы
Қаржы министрінің 2010 жылғы
11 қазандағы № 505
бұйрығымен бекітілген
2010 жылғы 1 мамырдағы жағдай бойынша төленбеген салықтық құқық бұзушылықтар, салық салу саласындағы құқық бұзушылықтар, Қазақстан Республикасының зейнетақымен қамсыздандыру туралы және (немесе) міндетті әлеуметтік сақтандыру туралы заңнамасын бұзушылықтар үшін айыппұл сомаларын есептен шығару ережелері
1. Осы 2010 жылғы 1 мамырдағы жағдай бойынша төленбеген салықтық құқық бұзушылықтар, салық салу саласындағы құқық бұзушылықтар, Қазақстан Республикасының зейнетақымен қамсыздандыру туралы және (немесе) міндетті әлеуметтік сақтандыру туралы заңнамасын бұзушылықтар үшін айыппұл сомаларын есептен шығару ережелері (бұдан әрі – Ережелер) «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасы Кодексін (Салық кодексі) қолданысқа енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 32-бабына сәйкес әзірленген және 2010 жылғы 1 мамырдағы жағдай бойынша салық төлеушілер төлемеген 2002 жылдың 1 қаңтарына дейін қолданыста болған Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес салынған салықтық құқық бұзушылықтар, сондай-ақ салық органдары 2009 жылдың 1 қаңтарына дейін Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы кодексіне сәйкес салған салық салу саласындағы құқық бұзушылықтар үшін, Қазақстан Республикасының зейнетақымен қамсыздандыру туралы және (немесе) міндетті әлеуметтік сақтандыру туралы заңнамасын бұзушылықтар үшін айыппұл сомаларын есептен шығару тәртібін белгілейді.
Бұл Ереженің қағидалары:
2010 жылдың 1 маусымына дейін заңды күшіне енген сот үкімінің не қаулысының негізінде жалған кәсіпорындар деп танылған;
Заңның 48-1-бабының шарттарына сәйкес келетін;
«Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 623-бабының шарттарына сәйкес келетін салық төлеушілерге;
мынадай қызмет түрлерінің бірін немесе бірнешеуін жүзеге асыратын салық төлеушілерге қолданылмайды:
акцизделетін тауарлар өндіру;
акцизделетін тауарларды сақтау және көтерме саудада өткізу;
бензинді, дизель отынын және мазутты өткізу;
жер қойнауын пайдалану;
түстi және қара металл сынықтары мен қалдықтарын жинау (дайындау), сақтау, қайта өңдеу және өткiзу;
құрылыс (тиісті лицензиясы болған кезде);
қаржы немесе сақтандыру қызметі.
2. Осы Ережелер қолданысқа енгізілген күннен бастап екі жұмыс күні ішінде салық органдарында 2010 жылғы 1 мамырдағы жағдай бойынша төленбеген салықтық құқық бұзушылықтар, салық салу саласындағы құқық бұзушылықтар, Қазақстан Республикасының зейнетақымен қамсыздандыру туралы және (немесе) міндетті әлеуметтік сақтандыру туралы заңнамасын бұзушылықтар үшін айыппұл сомаларын есептен шығару бойынша комиссия (бұдан әрі – Комиссия) құрылады.
Комиссия құрамына:
1) әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарау құқығы бар;
2) заң қызметінің;
3) салықтық тіркеу үшін жауапты;
4) салық төлеушілердің есебін және дербес шоттарын жүргізуге жауапты;
5) салық аудиті үшін жауапты;
6) мәжбүрлеп өндіріп алу үшін жауапты лауазымды тұлғалар кіреді.
Комиссияны салық органының басшысы болып табылатын төраға басқарады.
3. Комиссия құрылған күннен бастап салық органы 2010 жылғы 1 мамырдағы жағдай бойынша төленбеген 2002 жылдың 1 қаңтарына дейін қолданыста болған Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес салынған салықтық құқық бұзушылықтар, сондай-ақ салық органдары 2009 жылдың 1 қаңтарына дейін Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы кодексіне сәйкес салған салық салу саласындағы құқық бұзушылықтар үшін, Қазақстан Республикасының зейнетақымен қамсыздандыру туралы және (немесе) міндетті әлеуметтік сақтандыру туралы заңнамасын бұзушылықтар үшін айыппұл сомалары есепке алынған салық төлеушілерге іріктеу жүргізеді.
4. Дербес шоттарында әкімшілік айыппұл салу туралы қаулы бойынша төленбеген айыппұл сомалары есепке алынған салық төлеушілер бойынша тиісті лауазымды тұлғалар қаулының орындалуын тоқтатады және тиісті қаулы шығару жолымен салық төлеушілерді Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 702-бабына сәйкес әкімшілік жазадан босатады.
5. Олар бойынша әкімшілік айыппұл салу туралы қаулының орындалуы тоқтатылған салық төлеушілер тізімі осы Ережелерге 1-қосымшаға сәйкес нысанда жасалады және салық төлеушілердің дербес шоттарында айыппұлдар бойынша берешек сомаларын есептен шығару үшін салық төлеушілердің есебі мен дербес шоттарын жүргізуге жауапты салық органының құрылымдық бөлімшесіне беріледі.
Cалық төлеушінің дербес шотының «Айыппұлдар бойынша есептер» - «Есептелді (азайтылды)» бағандарында көрсету жолымен есептен шығаруға жататын өсімпұлдар сомасын, дербес шоттың «Операцияның мазмұны және оның негізінде жазба (енгізу) жүргізілетін құжат» бағанында минус белгісімен көрсетумен есептен шығару:
«Әкімшілік айыппұл салу туралы қаулының орындалуын тоқтату туралы» 2010 жылғы «___» _____________» жазбамен жүргізіледі.
6. Осы Ережелердің 4-тармағында көрсетілген шарттарға жауап бермейтін салық төлеушілер бойынша осы Ережелерге 2-қосымшаға сәйкес нысанда айыппұл сомасын есептен шығару туралы шешімдер (бұдан әрі – шешімдер) шығарылады.
Шешімдерге комиссия мүшелерінің барлығы қол қояды, комиссия төрағасы бекітеді және айыппұл сомаларын есептен шығару бойынша тиісті жұмыстарды жүргізу үшін салық төлеушілердің есебі мен дербес шоттарын жүргізуге, сондай-ақ салық аудитіне жауапты салық органының құрылымдық бөлімшелеріне беріледі.
Салық төлеушілердің есебі мен дербес шоттарын жүргізуге лауазымды тұлғалар салық төлеушінің дербес шотының «Айыппұлдар бойынша есептер» - «Есептелді (азайтылды)» бағандарында көрсету жолымен есептен шығаруға жататын өсімпұлдар сомасын, дербес шоттың «Операцияның мазмұны және оның негізінде жазба (енгізу) жүргізілетін құжат» бағанында минус белгісімен көрсетумен есептен шығаруды:
«Комиссияның салық төлеушінің дербес шотынан айыппұл сомаларын есептен шығару туралы» 2010 жылғы «___» _____________ № ______ шешім» жазбамен жүргізеді.
7. Облыстар, Астана және Алматы қалалары бойынша Салық департаменттері 2011 жылдың 1 шілдеден кешіктірмейтін мерзімде Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Салық комитетіне осы Ережелерге 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша салық төлеушілердің дербес шоттарынан айыппұл сомаларын есептен шығару туралы есеп тапсырады.
Ескерту. 7-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Қаржы министрінің 2011.05.24 N 268 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) Бұйрығымен.
2010 жылғы 1 мамырдағы жағдай бойынша төленбеген
салықтық құқық бұзушылықтар, салық салу
саласындағы құқық бұзушылықтар, Қазақстан
Республикасының зейнетақымен қамсыздандыру туралы
және (немесе) міндетті әлеуметтік сақтандыру
туралы заңнамасын бұзушылықтар үшін айыппұл
сомаларын есептен шығару ережелеріне
1-қосымша
Нысан
Олар бойынша әкімшілік айыппұл салу туралы қаулының орындалуы тоқтатылған және 20___ жылғы «____»__________-дан бастап 20___ жылғы «____»__________-ға дейінгі аралық кезең үшін Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 702-бабына сәйкес әкімшілік жазадан босатылған салық төлеушілер тізімі
№ р/с |
Салық органының коды |
Салық төлеушінің СТН |
Салық төлеушінің атауы |
Қызмет түрі * |
Әкімшілік айыппұл салу туралы қаулы |
БЖК |
Төленбеген айыппұл сомасы (теңге) |
Қаулының орындалуын тоқтату туралы қаулы |
||
күні |
нөмірі |
күні |
нөмірі |
|||||||
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
6 |
7 |
8 |
9 |
10 |
11 |
Жиыны: |
Лауазымдары мен аты-жөндері көрсетіле отырып, комиссия мүшелерінің қолдары:
* Экономикалық қызмет түрлерінің жалпы жіктеуішіне (ЭҚЖЖ) сәйкес сандармен көрсетіледі
2010 жылғы 1 мамырдағы жағдай бойынша төленбеген
салықтық құқық бұзушылықтар, салық салу
саласындағы құқық бұзушылықтар, Қазақстан
Республикасының зейнетақымен қамсыздандыру туралы
және (немесе) міндетті әлеуметтік сақтандыру
туралы заңнамасын бұзушылықтар үшін айыппұл
сомаларын есептен шығару ережелеріне
2-қосымша
Нысан
Бекітемін:
Салық органының басшысы:
____________________________
М.О.
_______________________________ 20___ж. «___» ___________
(салық органының атауы)
Айыппұл сомасын есептен шығару туралы № ________ шешім
«Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасы Кодексін (Салық кодексі) қолданысқа енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 32-бабына сәйкес мына салық төлеушілерге 2010 жылғы 1 мамырдағы жағдай бойынша төленбеген салықтық құқық бұзушылықтар, салық салу саласындағы құқық бұзушылықтар, Қазақстан Республикасының зейнетақымен қамсыздандыру туралы және (немесе) міндетті әлеуметтік сақтандыру туралы заңнамасын бұзушылықтар үшін айыппұл сомалары есептен шығарылсын:
№ р/с |
Салық органының коды |
Салық төлеушінің СТН |
Салық төлеушінің атауы |
Қызмет түрі * |
БЖК |
Айыппұл сомасы (теңге) |
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
6 |
7 |
Жиыны: |
Лауазымдары мен аты-жөндері көрсетіле отырып, комиссия мүшелерінің қолдары:
* Экономикалық қызмет түрлерінің жалпы жіктеуішіне (ЭҚЖЖ) сәйкес сандармен көрсетіледі
2010 жылғы 1 мамырдағы жағдай бойынша төленбеген
салықтық құқық бұзушылықтар, салық салу
саласындағы құқық бұзушылықтар, Қазақстан
Республикасының зейнетақымен қамсыздандыру туралы
және (немесе) міндетті әлеуметтік сақтандыру
туралы заңнамасын бұзушылықтар үшін айыппұл
сомаларын есептен шығару ережелеріне
3-қосымша
Нысан
Әкімшілік айыппұл салу туралы қаулының орындалуын тоқтату туралы қаулының және айыппұл сомаларын есептен шығару туралы шешімнің негізінде айыппұл сомаларын есептен шығару туралы есеп
20__ ж. «__»_________
________________________________________________________
(салық басқармасының, департаментінің атауы)
№ |
Салық органының коды |
Салық төлеушінің СТН |
Салық төлеушінің атауы |
Қызмет түрі * |
БЖК |
Дербес шотта айыппұл сомасы есептен шығарылды |
Есептен шығару бойынша орындаушының аты-жөні |
Есептен шығару бойынша орындаушының лауазымы |
||
орындалуын тоқтату туралы қаулының/ есептен шығару туралы шешімнің нөмірі, күні | күні |
Сомасы (теңге) |
||||||||
---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
6 |
7 |
8 |
9 |
10 |
11 |
Лауазымдары мен аты-жөндері көрсетіле отырып, комиссия мүшелерінің қолдары:
* Экономикалық қызмет түрлерінің жалпы жіктеуішіне (ЭҚЖЖ) сәйкес сандармен көрсетіледі